Қазақтардың құқықтық мәдениетінің рухани бастаулары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақтардың құқықтық мәдениетінің рухани бастаулары

Қазіргі тарихи кезеңде еліміз, ата - бабаларымыздан мыңдаған жылдар бойы қордаланған тарихи қойнауындағы құндылықтар жүйесінің негізінде - демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет орнату жолында.

Заманауи Қазақстанда демократиялық үдерістің дамуын ауқымында, құқықтық жүйенің негізгі институттары қалыптасту үстінде. Негізінен құқықтың жалпы әлеуметтік мәні - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін қоғам қатынастарының жан - жақты дамуын реттейтін ережелердің жиынтығы болып табылады.

Қазіргі нарықтық заманда Республикамыздағы азаматтық, қылмыстық істерді моральдік ұстанымдардың, адамгершіліктің, кәсібилік және әділдік пен адалдықтың ең жоғарғы деңгейде қарау маңыздылығын талап етеді.

Әр елдің Конституциясы демократиялық дамуының негізі болып табылады. Құқықтық жүйемізде Ата - Заңымыздың түп-тамырына көз жүгіртсек, онда олардың қайнар көзі «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы», яғни, «Дала құқығынан» бастау алады.

Табиғаттың өзі көшпеліліердің танымдық сезімін, ой-өрісін ерекше етіп жетілдірді. Қоршаған орта, кең дала ой-сезімдерінің шарықтап өсуіне қатты әсер етіп, адам мен табиғат, қоғам мен адам және олардың арасындағы қарым-қатынас, адам өмірі мен мәні, адам құндылығы, өмірдің мәңгілік емес екендігі, адам адаммен ғана адам екендігі жайлы ойлануға мәжбүр етті. Осыдан келіп, әлемді жаратушы бар, ол Тәңірі деген иланымнан сенім қалыптасты. Мұндай сенім будда, зәрдем, яхудий, ислам діндері шықпай тұрып тұрақтануы көшпелілерге үлкен рух берді.

Адам өмірге келгеннен соң адами құндылықтарға: ар-ұятқа, намысқа, абыройға ие болуы тиіс. Ал, олардан арылу, жоғалту, адамдық болмыстан айырады дегендіктен, олар «малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы» деп абырой намысты бірінші орынға қойды. Әрине абырой- намысты сақтайтын күш - әділдік, адамгершілік, имандылық. Бұл категорияларды бұлжытпай сақтау үшін тәртіп, қағида-заңдар қажет болды. Осыдан келіп, құқықтық сана қалыптасты.

Қазақтардың әдет-ғұрып құқық мәдениеті құқықтық еркіндікте көрініс тапты, атап айтқанда, ең алдымен тұлғаға құрметпен қарауынан және билікке деген жағымпаздана табынудың болмауынан, қатал талаптарға бағынбаудан, аса адалдықпен, адамгершілікпен, салыстырмалы еркіндік пен әйелдер теңдігінен, еркіндік сүйгіш тұрмыстық дәстүрінен, дамыған ауызекі халық шығармашылығынан, қазақтардың барлық рухани мәдениетінен көрінеді [1] .

Дәстүрлі ұғым бойынша әдет-ғұрып құқығы дегеніміз биліктен тыс өмір сүріп келе жатқан ғасырлық тәжірибесі бар қоғамдық нормалар жиынтығы, ал құқықтық азаматтық нормалар дегеніміз - мемлекет, оның білікті органдары белгілеген мінез-құлық, жүріп-тұру нормалары. Мұндай жағдайда классикалық қазақ қоғамында құқықтық қызмет етті, позитивті деңгейге жетті деп айтуға бола ма?

Қазақ хандығы кезеңіндегі заңдар өз заманында құқық нормаларының қызметін атқарған жүйелі заң жинақтарында қылмыстың түсінігі берілмеген. Қылмыс жасағандарды «жын соққан», «пері соққан», «жаман іс істеуші», «құдай атқан» деген аттармен айтқан. Сол жинақтар бойынша, ауыр қылмыстардың негізінен мынадай түрлері көрсетілген: кісі өлтіру, ұрлық, тонаушылық, бүлік шығару, зинақорлық, адамның денемүшелеріне зиян келтіру, біреудің от басына бүлік салу, діннен безу, әйел зорлау, ата - анасын ұру т. б. [2] . қылмыс субъектісіне он бес жасқа толған, есі дұрыс, әрекет қабілеттілігі бар адамдар жатқызылған. Құлдар, есі дұрыс емес адамдар, мылқаулар қылмыс субъектісіне жатпаған. Билер соты ауыр қылмыстарды шешу кезінде әртүрлі мынадай принциптерді басшылыққа алған, оларға: «қанға қан, жанға жан», «құлаққа құлақ, тұяққа тұяқ». Қылмыс пен жазаны - бөліп қарауға болмайды, өйткені олар қатар жүретін құбылыстар әдеп - ғұрып заңдарында жазаның ауыр, жеңіліне байланысты екі түрлі болған. Басымен тартатын жаза, малымен тартатын жаза. Әдет - ғұрып заңдарында билер соты өз билігінің жариялы болуына байланысты айқын көрініс табады.

Билер соты үш сатыдан құрылған:

Төменгі сатысына - ауыл ақсақаларының жеке билігі;

Екінші сатысына - жүгініс, яғни мұндай билікке би, не сегіз адамға дейін ақсақалдар қатысқан;

Үшінші, сатысы ретінде - «Билер кеңесі», онда, 6 - дан 24-ке дейін билер қатынасқан [3] .

«Билер кеңесі» рулар, тайпалар арасындағы шиеленесіп кеткен даулар бойынша жүргізілген. Билер соты ашық жүргізілген, яғни соттағы екі қарсылас жақтың адамдары мен қатар, тұрғындар да сот процессінің, билер шешімінің қатынасушылары болған. Билер сотында қазақ билері өз руларының атынан ақтаушы не айыптаушы ретінде қатынаса алған. Ал қылмыстық істер бойынша алдын - ала тергеу билердің өз шешімдерімен ұйымдастырылған. Билік шешімдер, үстем таптың мүдделеріне сәйкес көпшіліктің келісіміне сай болған, сондықтан үкімнің орындалуына кепілдік ретінде саналған.

Қазақтың әдет - ғұрып нормаларының артықшылығы - қолданылатын жазалардың ізгі екендігінен айқын көрінеді. Сондықтан да болар, қазақ даласында түрме, бас бостандығынан айыру деген жазалау шаралары болмаған. Оның есесіне Тәуке хан тұсындағы «қанға қан» ұстанымының орнына билердің ықпалымен құн төлеу институты кеңінен қолданылған. Құн төлеу негізінде кісі өлтіргені үшін немесе адамның дене мүшесіне жарақат түсіргені үшін белгілі бір мөлшерде моральдық - материалдық төлем ақы төлеу ұстанымы жатыр.

«Жеті жарғының» талаптары бойынша әйел мен қыздарды зорлағаны үшін қылмыскер өлім жазасына кесіледі. Егер зорланған әйелдің күйеуі жақ болып, қылмыскерге әке - шешесі кешірім жасаса, ол әйелдің құнын төлеу арқылы өлім жазасынан босатылады. Егер мұндай қылмыс қызға жасалса, еркек тек сол қызға үйленіп және оның әке - шешесіне қалың мал төлеп өлім жазасынан құтылады.

Билер үкімімен ақ некені бұзғандарда қатаң жазаланған. Мысалы: Бөтен біреудің әйелін күш қолдану арқылы еріксіз алып кетсе, ондай қылмыскер өлім жазасына кесілген. Күйеуі тарапынан рахымшылық болса, құн төлеп өлім жазасынан құтыла алады. Керісінше болса, яғни әйел өз еркімен күйеуінен қашып кетсе, сол қашып барған адамның қолында қалатын болған. Бірақ, істеген әрекеті үшін жаңа күйеуі алғашқы күйеуге қалың малын төлеп, оған қоса қалың малсыз бір қыз беруге міндетті. Ерінің көзіне шөп салғаны үшін куйеуі әйелін өлтіруге құқылы болған.

Жетіатадан аспаған ру ішілік неке қию да өлім жазасын қолдануға себеп болған. Бұл сау да салауатты ұрпақ жалғастыру үшін аса қажетті шарт: сол үшін қазақтар басқа жүзбен немесе жеті буыннан асқан ру - тайпалармен құдаласқан. Қызды алысқа ұзатып, алыстан қыз алысып, дәстүр салтын ғана байытпай, құда жегжаттық, нағашы жиендік қарым - қатынастар арқылы халықтың ынтымағы артты. Күйеуге шыққан қыз барған жеріне «тастай батып, судай сіңіп» кетуі үшін барлық жағдайлар жасалған. Алда жалда куйеуі өлсе, жесір қалған әйел күйеуінің бауырына, болмаса оның жақын ағайндарының біріуне күйеуге шығуын қарастыратын әмеңгерлік заңы болды. Бұл жесір қалған әйелді жатқа жібермей, жетім қалған баланы өгейсітпей, күйеуінің туыстары арасында өсіп - өнуіне қолайлы психологиялық жағдай туғызады. Мұның барлығынан отбасы институтытының қазақтар үшін қымбат құндылық болғанын байқаймыз. Адамның әлеуметтену отбасынан басталып, жалпы қоғам мен рулық қауымдастық тарапынан қатты қадағалады. Тегінде «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөздің мағынасы терең . . .

Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ел болған соң, мал болуға байланысты әртүрлі даулы жағдайлар болады. Малға қатысты қылмыстық құрамы бір әрекет - барымта. Бұл даулы мәселе де билер тарапынан әділ шешімін тауып отырған, барымта кезінде соққы бата тимесе, қате тиіп мертіккен, немесе құрбан болғандарға тиісті құн төленген, айыпты жақ ат- тон айыбын тартқан.

Қазақ билерінің қоғамдағы әділеттілікті сақтаудағы қызметтерін ары қарай қарастыратын болсақ, С. Созақбаевтің «Тәуке хан. Жеті жарғы» атты еңбегінде қазақ қоғамында даулы істің қаралуы екі сатыға бөлінгенін көрсетеді. Біріншісі, екі дауласқан жас билердің істі қаруына дейін, өзара келісім дауды шешуге қимыл - әрекет жасайды. Әдеттік құқықта оны «Бітім», «Береке», «салауат» деп атайды.

«Береке» - айырбас, не сатып алу туралы сөз түрінде шарт жасау, өзіндік мүдделерін қанағаттандыру. Жалпы қазақтың әдеттік құқығында «береке» институты брлық келісім шарттардың негізі болған.

«Бітім» - екі жақтың өзара келісімі арқылы, сөз жүзінде даудың аяқталуы. Бітімнен кейінгі билерге істі қарауға құқық берілмейді. Себебі бітімді, өзара келісімді өзара келісімді бір жақты бұзу сөзде, сертте тұрмаудың, жалпы ар-ожданның жоқтығын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ұлттық рухани мәдениетінің бастаулары
ИСЛАМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Қазіргі Қазақстандағы Ислам дінінің жағдайы
Әдет-ғұрып заңдары
Ислам және қазақтардың әдет - ғұрыптары
Академик Ә. Нысанбаевтың отандык философияның дамуына қосқан үлесі
Қазақстандағы ислам туралы ақпарат
Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері
Әлемдік өркениеттегі қазақ мәдениетінің орны
Қазақтың әдет - ғұрып құқығының бастаулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz