Алаш зиялыларының ұлт тарихы мен руханиятқа қосқан үлесі



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Алаш зиялыларының ұлт тарихы мен руханиятқа қосқан үлесі

Қазақ халқының Ресейдің отарлық саясатына қарсы үздіксіз жүргізген ұлт - азаттық күресінің құрамдас бөлігінің бірі - Алаш қозғалысы. Үстіміздегі жылы Алашорда үкіметінің 100 жылдық мерейтойы да келіп жетті және ол республика жұртшылығы арасында кеңінен атап өтілді. Бұл қозғалыс құбылыс ретінде және өзінің ішкі сипаты мен мазмұнының күрделілігіне байланысты Отан тарихы ғылымындағы аса өзекті мәселелердің қатарына жататыны белгілі. Сонымен бірге, зер сала қарағанда Алаш қозғалысының тарихы мен еліміздің бүгінгі тарихи шындығы арасында өзара байланыс пен сабақтастық бар екенін аңғаруға болады. Бұл сабақтастықтың өзегі - ұлт тарихы және ұлттық руханияттың негізгі мәселелері болып отыр.
Қазіргі тарихи кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағылымынан сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алуға тиіспіз. Бұл бағытта бірқатар елеулі істер тындырылғаны да белгілі. Мәселен, алаштану мәселесі ғылыми тұрғыда шығармашылық мұралары насихатталуда. Олардың қатарында Алаш зиялыларының еңбектеріндегі ұлттары қатысты ойлары да болып отыр.
Қазақ елінің тарихы мен саяси санасында ең басты нәрсе мемлекеттілік, тіл тазалығы, жер мәселесі ерекше назарда болғандығы рас. Осы орайда Алаш зиялылары еңбектерінен де осындай ұлт тарихы, тілі мен рухани мұрасынана қатысты мәселелерді топтап, негіздеп шығуға болады.
Алаш зиялылары XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі мәселесін көтере отырып, ұлттың рухани-мәдени өрлеуіндегі, саяси ұйысуындағы асыл қазынаның бірегей бағыты тіл екендігін байыптады. Сөйтіп, олар тілді сақтау, дамыту, қолданыс аясын кеңейту міндеттерін көтере келе, қазақ тілінің саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәртебесіне ерекше мән берді. Ресей отаршылдығының саяси, әскери қысымын ғана емес, рухани өктемдігін сезінген, көре білген Алаш зиялылары тілді ұлтты сақтап қалудың басты қуатты құралы деп қарады және соған сай әрекет жасауға тырысты. Хандық мемлекет тұсында тіл билік пен шешендіктің, көсемдіктің, өне бойы отаршылдықта өткен XIX ғасырда қарсылық пен сынның құралы болып келсе, Алаш қозғалысы тұсында тілге ең алғаш рет ұлтты біріктірушіліктің қызметі жүктелді. А.Байтұрсынұлы Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл1-деп ұлттық рухтың, болмыстың негізі де, арқауы да, тіл екендігін алғаш аңғартты. А. Байтұрсынұлының түйінді сөзіне орайлас пікірлерді Алаш зиялыларыны да көпшілік бөлігі білдірді. Мәселен, Ғұмар Қараш: Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тиіс. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз 2, Мұстафа Шоқай: Ұлттық рухтың негізі - ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді. Ол кезде біздің ұлттық басылымдар шығару құқығымыз жоқ болатын 3, Халел Досмұхамедұлы: Ана тілін жақсы біліп тұрып бөтенше жақсы сөйлесең, бұл - сүйініш; ана тілін білмей тұрып бөтенше сөйлесең, бұл - күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беруі зор қате. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек 4, Мағжан Жұмабаев: Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт - тілі болу 5 деген сынды пікірлер қалдырды және олар ұлт тарихы үшін өнеге, өзекті пікірлер болды. Яғни, Мәңгілік ел идеясын назарда ұстаған қазіргі қалыптасқан Қазақстан мемлекеті үшін бұл тұғырлы тарихи ойлардың берері мол және осы Алаш зиялыларының өсиетін ескерсек ана тіліміздің өз тұғырына толық қонартыны сөзсіз.
Халқымыздың ұлттық тарихындағы келесі бір маңызды нәрсе жер мәселесі болды. Бұл турасында да Алаше зиялылары толғамды тарихи ой толғап, объективті, ғылыми негізде зерттелуіне елеулі үлес қосты. Бұл турасында Мұхамеджан Тынышбаев бастаған бағытқа С. Асфендияров, Т. Шонанов, Қ. Кемеңгеров, Х. Досмұхамедов т.б. тарихшылар үн қосты. Олар қазақ жерінде жаңа туа бастаған кеңестік шындықтың жарқын жақтарын пайдаланып, ұлттық тарихты жазуға кірісті 6,- деп зерттеуші-ғалым Б.Т. Берлібаев өз зерттеуінде ерекеше атап өтеді. Шындығында да Алаш зиялылары ел мен жер тарихы, ұлт тарихы мәселелері турасында өзіндік пікірлер қалдырды . Оларды басты алаңдатқан нәрсе ұлт тарихындағы - жер мәселесі еді.
Алаш зиялыларының қатарында жер мәселесін көтерген Телжан Шонанұлы болды. Бірнеше ғылым саласына қатысты қалам тарқан Т. Шонанұлының ғылыми мұраларының бір тобын құрайтын тарихи сипаттағы зерттеулері болып табылады. Ғалымның бұл саладағы негізгі мақсаты, міндеті - оған тән туған еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктен, ұлттық мақтаныш сезіммен патриоттық ықыластан бастау алады. Оның тарих ғылымына қатысты өзіндік тұжырымдары да осы көзқарастардан туындайды.
Т. Шонанұлының тарихи тұрғыда жазылған негізгі еңбектерінің бірі 1926 жылы Ташкент қаласында жарық көрген "Қазақ жері мәселесі" атты көлемді монографиясы болды 7. Жер мәселесінің қашан да қазақ ұлтының тағдырында ерекше болғанын Алаш зиялы қауымының қатарындағы Т. Шонанұлы да ұғына білді, сол себепті өзінің зерттеу еңбегінде мәселеге үлкен мән берді. "Мәселенің мән-жайын, шама-шарқымызша толығырақ түсінеміз десек, тарихымыздың ең болмағанда, мұнан екі жүз жыл бұрынғы дәуірінен бастап, бері қарай жолаушыламасақ болмайды. Мәселенің мәні зор және қашаннан қазақтың көкейін кесіп келе жатқан әңгіме"7, - 7 б. , - деп сөз бастаған Т. Шонанұлы зерттеуінде қазақ жерінің әріден келе жатқан тарихына шолу жасай отырып, қазақтың жерге деген көзқарасын, қарым-қатынасын сипаттайды.
Туған елінің тарихын жақсы білген Т. Шонанұлы "Жерден айырыларда қазақтың қабырғасы қайысып, омыртқасы майысады. Жалғызынан айырылғандай жермен қоштасады. Ботадай боздап өлең айтады" - деп 7, - 9 б., ұлтының жерге деген қатынасын суреттей отырып, Патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлаудағы өрескел әдістері мен оның қазақ халқының тағдырындағы қасіретті салдарын нақты деректер негізінде ашып көрсетеді.
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы қазақтың билеуші тобының Ресеймен жақындасуына түрткі болғаны да тарихи тұрғыдан сипаттап жазады. Қазақ жерінің Ресей құрамына кіруінің негізгі себебін осы жағдаймен түсіндіре отырып, қазақ еліне сол тұстағы қалың қалмақ пен башқұрттардың дүркін-дүркін шабуылы, батысынан түркіменнің, оңтүстікте қарақалпақтың, Қытай жақ қабырғасынан жоңғардың қысымшылық жасауын баяндай келіп, Әбілқайыр ханның еріксіз орыс патшасына қол созып, аяғында қазақ жерінің Ресейге тегін сыйлық болғанын да жасырмайды.
Зерттеуші Ресейдің қазақ жерін иелену барысындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қазіргі заман тарихы туралы
Алаш қозғалысының ұлттық идеясы
Жүсіпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ – ӘДЕБИЕТ СЫНШЫСЫ
Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас
М. Қ. Қозыбаевтың өмір жолы мен ғылыми шығармашылық мұрасы (1985-2002жж.)
Түркі жазуларының зерттеу барысы
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Отандық тарихты зерттеу мен насихаттау
Алаш қозғалысының зерттелуі
Пәндер