Мектепте дене шынықтыру сабағында гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастыру әдістемесі



Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Мектепте дене шынықтыру сабағында гимнастикалық
жаттығуларды ұйымдастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Мектепте дене шынықтыру сабағында гимнастикалық жаттығуларды
ұйымдастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Мектептерде дене шынықтыру сабағындағы гимнастикалық
жаттығулардың маңызы және қауіпсіздік ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2 Мектепте дене шынықтыру сабағында гимнастикалық
жаттығуларды ұйымдастыру әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1 Мектептердегі дене шынықтыру сабағында гимнастикалық
жаттығуларды ұйымдастыру жолдары және әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... 17
2.2 8-сыныптар бойынша дене шынықтыру сабағында қолданылатын
гимнастикалық жаттығулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасында дене тәрбиелеудің әдістері ментәсілдерінің бірыңғай жүйесі құрылған. Бұл жүйе ішінде гимнастика еңкөпшілік тәсілдердің бірі болып, өзінің көрнекті орнына ие болады.Гимнастика жаттығуларын қолдана отырып балалық шағынан бастапфизикалық мықты жас ұрпақтарды тәрбиелеуде, үлкендердің жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтауға және қария адамдардың денсаулығын
нығайтуға болады.
Гимнастика бұл гармониялық дене тәрбиелеу, денсаулық нығайту және дене қабілеттерін жетілдіру үшін арнаулы таңдап алынған жаттығулар мен
әдістемелік тәсілдердің жүйесі.
Көпғасырлық тәжірибе және қазіргі ғылыми жетістіктердің негізінде
құрылған гимнастика дене тәрбиелеуде кең пайдаланады. Гимнастиканың
балалар мен жасөспірімдердің дене қалыптасу кезінде маңызы өте зор.
Гимнастиканың әр түрлі әдістер мен амалдарын пайдалана отыра, ең
табысты алғашқы дене тәрбиелеу мақсаттарын шешуге, дене қабілеттерін
дамытуына негізін даярлауға, олардың функционалдық және бейімдендіру
мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге болады.
Мектептегі дене тәрбие жұмысы әр түрлі тәсілдер арқылы іске
асырылады, олардың арасында негізгі гимнастика өте маңыздылардың бірі
болып табылады. Негізгі гимнастиканың сипатты ерекшеліктеріне байланысты, гимнастикалық жаттығулар балалардың барлық жас топтарына дене тәрбиесінің қолайлы және тиімді тәсілі болып келеді.
Гимнастикалық жаттығуларын оқытудың тиімділігі оқыту үрдісіне
қойылатын негізгі талаптарды сақтауына байланысты.Талаптардың арасындағы ең маңыздылары:
- Педагогикалық үрдісінің жалпы мақсатын және оқытудың бөлек
кезеңдерінің негізгі міндеттерін дұрыс түсіну;
- Оқыту процесін оқушылардың жас мүмкіншіліктеріне айқын
сәйкестіріп ұйымдастыру;
- Шұғылданушыларға барынша жекеленген бабын бөлу;
- Оқытудың негізгі принциптерін сақтау;
Зерттеу пәні: мектептердегі дене шынықтыру пәнін оқытуды ұйымдастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты - мектептерде дене шынықтыру пәнін оқытуда гимнастикалық жаттығулардың дұрыс, жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылуын қамтамасыз ете отырып, оқушыларды гимнастикалық жаттығулардың маңызын түсінуге, сол арқылы спортпен айналысуғадағдыландыру.
Зерттеу нысаны: мектептердегі оқу үрдісі
Зерттеу жұмысының мақсаты мен нысанын негізге ала отырып, мынадай міндеттер қойылды:
- Жалпы гимнастикалық жаттығулар туралы теориялық тұрғыдан зерттеп, мәнін ашып алу;
- Мектептегі дене шынықтыру пәні кезінде қолданылатын гимнастикалық жаттығулардың мәні мен маңызын айқындау;
- Мектептердегі дене шынықтыру сабағында гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастыру жолдары және әдістемесін жасау;
- Мектептегі 8 сыныптар бойынша дене шынықтыру сабағында қолданылатын гимнастикалық жаттығулардың тізімін жасау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы. Егер, мектептердегі дене шынықтыру сабағында гимнастикалық жаттығуларды дұрыс ұйымдастырсақ, онда оқушылардың белсенділігі, дене шынықтыру сабағына деген қызығушылығы, спортқа деген ынта-ықыласы артады, өйткені гимнастикалық жаттығулар бойды сергітіп, денені қыздыруға бағытталады.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: мектеперде дене шынықтыру сабағынада гимнастикалықжаттығулар және қозғалыс ойындарының 8 сынып оқушыларының жас ерекшелігіне арналған әдістемелік көрсеткіштің жасалуы.
Курстық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: бұл курстық жұмысты мектеп бағдарламасындағы денешынықтыру сабағы мен факультативтік үйірмелерде қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Мектепте дене шынықтыру сабағында гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Мектептегі дене шынықтыру пәні және гимнастикалық жаттығу түсінігі

Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық - адамның еңбек пен қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуның маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғам барынша мүдделі және сол бағытта барынша пайдалы іс-әрекеттер мен шаралар жүргізуде. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Жас адамдардың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. Осы орайда, мектептердегі дене тәрбиесінің орны ерекше. Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Сол себептен, гимнастикалық жаттығуларға кіріспес бұрын мектептегі дене тәрбиесіне тоқтала кетейік.
Мектептерде дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
- шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау;
- оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулық нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп -- жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдермен байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдық меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- әдеттерді қалыптастыру және жаттығулармен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
Дене шынықтыру сабағы оқушылардың денсаулығын нығайтуға, өмірде шыңдалып, шымыр болуына әсер етеді. Дене шынықтыру сабағы белгілі-бір бөлім негізінде жүргізіледі [Сурет 1].

Сурет 1 - Дене шынықтыру пәнінің бөлімдері
Дене шынықтыру сабағы

Әзірлік бөлімі - оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шығылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.

Негізгі бөлім - оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Бұл олардың белсенділіктерін туғызады. Оқушы денесі осы кезде шынығады.

Қортынды бөлім - оқушылардағы көтеріңкі ілікті басып, келесі сабақтарға даярлау осы, қорытынды бөлімнің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумен, қорытынды жасап, бағалаумен аяқталады.

Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі. Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шұғылдануына ынта-ықыласын дарыту. Мектептердегі дене шынықтыру сабағы жаттығулардың және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған дұрыс:
- оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу;
- шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру;
- спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту;
- негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына:
- дене жаттығулары;
- гимнастика;
- ойын;
- туризм;
- спорт;
- табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - саналы түрде орындалған қимылдар мен қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерінің жұмысын дамытады.
Ойын оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Ойын барысынада оқушылар белсенді, тапқыр, ұйымшыл болуға дағдыланады.
Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы.
Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі табиғи факторлар. Оларға күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау жатады. Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді.
Гимнастика - арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Гимнастиканың бізге дейін жеткен бірнеше түрлері бар [Кесте 1].

Кесте 1 - Гимнастиканың түрлері


Гимнастиканың түрлері
Сипаттамасы
1
Негізгі гимнастика
Дененің жан-жақты дамуы мен шұғылданушылардың денсаулығын, адамның барлық мүшелері және жүйелерінің біркелкі дамуы, сол сияқты жылдамдық, күш, иілгіштік, ептілік және шыдамдылық сияқты дене қасиеттерінің жетілуі үшін пайдаланатын дене жаттығуларының жүйесі.
2
Ертеңгілік гигиеналық гимнастика
Таңертең ұйқыдан кейін организмнің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруді тездететін дене жаттығулары.
3
Спорттық гимнастика
Спорттың негізгі түрлерінің бірі; еркін жаттығулар, таянып секіру және снарядтардағы жаттығуларды қамтиды. Қазақстанда спорттық гимнастика 1920 жылдардың аяғында дами бастады.
4
Акробатика
Күш жұмсай орындалатын дене шынықтыру жаттығуларының бір түрі. Қазақстанда спорттық акробатика
1933 жылдан тарай бастады және одан тұңғыш чемпионат 1949 жылы өткізілді.
5
Көркемдік гимнастика
Музыка сазымен арнаулы затпен (лента, доп, шеңбер, т.б.) немесе затсыз гимнастикалық жаттығулар комбинациялары орындалатын қыздар арасындағы жаттығу түрі.
6
Өндірістік гимнастика
Еңбекшілердің денсаулығын жақсарту, іскерлігін және жұмыс уақытында жүргізілетін дене шынықтыру шаралары.
7
Емдік гимнастика
Емдеу гимнастикасының жаттығулары сүйек бұлшық еттер және тыныс алу жүйесі үшін жасалады.

Гимнастикалық жаттығуларға кіріспе жасап, олардың қазіргі кездегі түрлеріне талдау жасадық. Гимнастикалық жаттығулардың тарихына үңіліп қарасақ біршама қызықтарға толы. Ендеше, гимнастикалық жаттығулардың мәнін түсіну үшін тарихқа талдау жасап көрейік.
Гимнастика дене тәрбиесі құралы ретінде ұзақ жылдар бойына дамыды. Оның құрылуы қоғамдық құрылыстың өзгерісіне, адам ғылымының дамуына, сонымен қатар соғысты жүргізу тәсілдернің өзгеруіне байланысты болды. ХVІІ-ХІХ ғасырларда гимнастика жүйесіне енген бөлек жаттығулар Ежелгі Римнің әскери дайындықтарында қолданыла бастаған екен. Оларға ағаш атта, баспаларда орындалатын жаттығулар жатады.
Қайта өрлеу дәуірінде гуманистер жастардың жан-жақты дамуына мән бере бастады. Гимнастикамен айналысу арқылы денсаулықты нығайтуға және адамның күшін көбейтуге болатынын білді. Тіптен сол кездердің өзінде дене тәрбиесі туралы шығармалар шыға бастаған. Оның ішінде И.Меркуриалистің еңбегі бар, ол гимнастиканы үш түрге бөлген екен:
- әскери;
- дәрігерлік;
- атлетикалық.
Жаңа заман дәуірінде Я.А.Коменский, Жан Жак Руссо, Песталоцци секілді классик педагогтардың еңбектері гимнастиканың дамуына серпін берді. Олардың дене тәрбиесі бойынша жазған еңбектері гимнастиканың шынайы түрде дамуына жол ашты. Жан Жак Руссоның ойынша дене жаттығулары денені нығайтып, шынықтырады, күш пен қозғалыстың дамуына қажетті жағдай жасайды, өмірге дайындайды, ақыл-ойдың, денсаулықтың дамуына әсер етеді.
Песталоцци дене тәрбиесінің басты мақсатын баланың бойына жаттығулар арқылы дарыған күш пен қабілеттің дамуынан деп қарастырды. Ол баланың қабілетін дамыту өте маңызды деп санады. Ол үшін ең жақсы жаттығулар болып бұлшық еттерді қозғау болды. Бұлшық ет жаттығуларына қосымша ретінде қозғалмалы ойындар мен қол еңбегі қосылады, бірақ олардың өздері құрастырған аналитикалық әдіс сол уақыттағы гимнастикада кеңінен қолданылды. Песталоцци гимнастиканың теориясы мен әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі, ал буын қозғалыстары - заманауи ерікті жаттығулардың негізгі үлгісі.
ХVІІІ ғасырдың 70 жылдарында кей қалаларда филантропиндер деп аталатын жаңа мектептер ашыла бастады, мұнда немістің ұлттық гимнастикасы оқытыла бастады. Мұнда Фит пен Гутс-Мутс жетекшілік етті.
Фиттің үш томдық еңбегінде гимнастика туралы теориялық және практикалық мәліметтер келтірілген. Жаттығудың мақсатын ол денсаулықты нығайту, күшті және қозғалыс жылдамдығын дамыту, әдемі сымбатқа ие болу, ақыл-ойдың дамуына және психикалық қызметке әсер ету деп есептеген.
Гутс-Мутс көптеген гимнастикалық жаттығулардың техникасын құрастырды, соның ішінде снарядтағы жаттығулар. Оның Жасөспірімдерге арналған гимнастика атты кітабы көптеген елдерде, соның ішінде Ресейде көп таралған және ол гимнастиканың дамуына әсер етті. Сабақтарды өткізу кезінде оқушылар арасында жарыстар, ынталандырылып, қозғалысты нақты орындау бойынша талаптар жазылған.
ХVІІІ ғасырдың аяғына қарай жаңа заман гимнастикасының теориялық негізі пайда бола бастады. Оларға мыналар жатады:
1. Организмге жан-жақты әсер ету. Тіреу-қозғалыс аппараттың барлық бөлігіне, организмдердің түрлі жүйелерінің функционалды жағдайына және организмдердің толықтай өмір сүру қызметіне әсер ететін жаттығуларды таңдап алу. Қозғалыс дағыдылары мен функциолналды дайындық алу, сонымен қатар дене сапалары - күш, шапшаңдық, төзімділік, икемділік, иілгіштікті жетілдіру процестерін біріктіру міндеттері шешіледі.
2. Жаттығулар түрлері - гимнастика құралдары. Гимнастиканың бірегейлігі - оның құралдарының жаттығу түрлерінің шектеусіздігінде. Дене тәрбиесі және спорттық жетілдіру процесінде туындайтын кез-келген міндеттерді сауықтыру, қолданбалы, спорттық сипаттағы тиісті гимнастикалық жаттығулар көмегімен, оларды түрлі қарқындылық дәрежесімен пайдалана отырып шешуге болады. Мысалы, ең қарапайым алға еңкеюді бастапқы жағдайлармен түрлендіруге (қысылған аяқпен, не аяқтарды ашып, не отырып), иіле, денені айналдыра қолдардың қосымша қозғалыстарымен, жұптың көмегімен орындауға болады. Гимнастиканың көптеген түрлерінде бөлек-бөлек жаттығулар емес, олардың кешені орындалады. Гимнастиканың спорттық түрі спортшылар дайындаумен ерекшеленеді.
3. Жаттығулардың таңдаулы әдістері. Белгілі бір сапалар дамыту, кейбір бұлшық еттер тобын, буындарды бекіту, организмдердің қандайда бір функциясын қалпына келтіру бойынша жиі туындайтын міндеттерді гимнастикалық жаттығуларды, оларды пайдалану әдістемесін таңдау арқылы шешуге болады. Жаттығуларды кеңістік уақыт және күш сипаттамаларына байланысты қатаң белгілеу дененің кез келген бөлігі мен оларға әсер етуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндіктер, көбіне емдік дене тәрбиесінеде, арнайы дене дайындығында, спорттың басқа түрлерінде пайдаланылады.
4. Сабақты регламенттеу және жүктемені нақты реттеу. Гимнастикалық әдістеме қозғалыс бағдарламасының қатаң регламенттеуімен ғана емес, сонымен қатар сабақты ұйымдастырудағы жаттығуларды мөлшерлеудегі және жүктемені реттеудегі салыстырмалы түрдегі шектеулермен сипатталды.
5. Жаттығуларды күрделендіру және араластыру, бір жаттығуды түрлі мақсатта қолдану мүмкіндігі. Гимнастикада сабақтардың қарқындылығын арттырудың қарапайым тәсілі болып неғұрылым күрделі қозғалыстарды меңгеру, жаттығулардың өзін күрделендіру (олардың орындалу жағдайларын, бастапқы және соңғы жағдайларды, орындау жылдамдығын өзгерту ғана емес, сонымен қатар олардың бір-бірімен жаңаша бірігуін, дәреесі бойынша түрлі қиындықтардағы шығармаларға біріктіру арқылы жүзеге асырылады). Жаңа элементтер құру, бірегей жаттығулар жасау оқушылардың да, оқытушулардың да шығармашылық қабілеттерін ашады.
Сонымен, гимнастиканың шығу мен даму тарихына шолу жасап өттік. Қазіргі таңда, мектептерде дене шынықтыру сабақтары қозғалыс актілерін орындаумен ғана емес, сондай-ақ тұлғаның моральдық және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеумен, оқытуда ұжымдық әрекеттермен бірлестікте дараландырумен байланысты педагогикалық міндеттер шешіледі. Ол гимнастика сабақтарын ұйымдастырудың дәстүрлі түрлері, соның ішінде сабақ түрі арқылы шешіледі. Сабақ үстінде оқушылардан тәртіп сақтауды, өз әрекетін жолдастарының әрекетімен келістіруді, әсіресе, топтық жаттығуларда және көмек пен сақтандыру кезіндегі тәртіпті сақтауды талап етеміз.
Қысқаша қорытынды жасайтын болсақ, гимнастикалық жаттығуларды дене тәрбиесінде қолдану кеше, бүгін пайда болған дүние емес. Ол сонау ерте ғасырлардан бері қалыптасып, адамды ойландырып, дене тәрбиесінде жаңа бір жаңалықтар ашуға ықпал еткені белгілі болды. Жалпы, гимнастикалық жаттығулар арнайы талаптарды, қауіпсіздік шараларын қажет ететін, белгілі бір жаттығулар жиынынан тұратын дене тәрбиесінің бір құралы деп тұжырым жасауымызға болады.

1.2 Мектептерде дене шынықтыру сабағындағы гимнастикалық жаттығулардың маңызы және қауіпсіздік ережесі
Мектептегі жалпы дене шынықтыру, сауықтыру жұмыстарының басқа пәндермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар спорт залға, алаңға арнайы спорттық киіммен ғана шығуы тиіс десек, бұл - оларға қойылатын алғашқы талап. Оқушыларға дене шынықтыру пәні бойынша теориялық білім мен практикалық дағдылар меңгеріледі. Сауықтыру шаралары ағзадағы физиологиялық өзгерістерді жақсартумен денені шынықтыруды көздейді. Бұған таң ертеңгі бой жазу жаттығулары, сабақ үстінде өткізілетін сергіту сәттері, үзіліс күні жасалатын жаттығулар мен ойналатын ойындар, сабақтан тыс уақыттағы ойындар мен жаттығулар жатады.
Таңepтeңгi бой жазу жаттығуларын оқушылар дене шынықтыру сабығында орындап, үйреніп, оларды үйде өз беттерімен қайталап жаттығады. Бұған оқулықтағы жалпы дамыту жаттығуларымен мұғалімнің өз қалауы бойынша ipiктeп алынған жаттығуларды пайдаланады. Бой жазу жаттығулары музыка ырғағымен неше түрлі спорт құралдарын қолданып өткізсе оның құндылығы арта түседі. Қазір мектептердің көбінде үзіліс кезінде таза ауаға шығып, бой жазып cepгyінe мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан оқушылар үзілісте аз да болса ойнап, жаттығулар орындау арқылы, өздеріне керекті қимыл қозғалыстар жасау мақсаты үшін оқулықтарда шағын ғана орынды қажет ететін ойындар көрсетілген.
Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-
қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет
қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс
қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады.
Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке
қалыптасуға дайындауы болып табылады.
Гимнастикалық жаттығуларды қолдану жан-жақтылық қана емес, ағзаға сапалы да ықпал етуі (дененің жеке бөліктеріне, бұлшық етерге және
буындарға) гимнастиканы метеп оқу орнында дене тәрбиесінің маңызды
бір құралы етеді.Гимнастикамен айналысу ағзаның арнайы морфологиялық және функционалдық өзгеруін тудырады.Гимнастикалық жаттығулар
кезіндегі қауырт түсірілген күш бұлшық еттердің негізгі топтарыныңдамуына ықпал етеді. Гимнастикалық жаттығуларды орындау кезіндегі жылдамдық-күштік жұмысты шапшаң өзгеретін қозғалыстар бағытымен үйлестіру жүйке үрдісінің қозғалысын және қозғалыс аппаратының жұмылдырылуын көтереді. Гимнастикамен айналысу үдерісінде бұлшық еттердің жұмысы сезім мүшелерінің қызметі жетілетіндіктен, жұмсалатын уақыт және күш мөлшері бойынша ұйғарымдырақ және қатаң мөлшерленген болып келеді.
Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене жағынан даму npoцecтepi баса ескерілуі қажет. Сабақтың мақсатына қарай арнайы іріктеліп алынған жаттығулар мен ойындарды, оқушылар орындай алатындай болуы керек. Баланың өз құрбыларының арасында жүргенде көпшіл бола білу мінез-құлқын қалыптастыратын бipден-бip құрал ойын екені даусыз. Әрбір баланың мінез-кұлқы ойын үстінде қалыптасады. Яғни бipeyi әділ ойнайды, біpeyi алдайды, үшіншісінің жаттығуды орындауға шамасы келмейді, енді біреуі жігерсіздік танытады. Сондықтан сынып мұғалімдері ойынды тәрбиенің негізгі құралы ретінде пайдалануы тиіс. Адамның жеке басының касиеттері дененің қалыптасуымен байланысты. Денені жүйелі түрде шынықтыру мен денсаулықты нығайту, адамның ойын өсіріп, шығармашылық кабілетін арттырады. Дене қасиеттерінің шамасы келетін дұрыс ұйымдастырылған жұмысты орындағанда ғана жас дене жан жақты жетіледі.
Гимнастикалық жаттығуларды оқушыларға үйретіп, меңгертудің мақсаты - баланың бұлшық еттерін, күш - қайратын өз уақытында жетілдіруге дайындау, иіліп - бүгілгіштігін дамытуға жан жақты жағдай жасау жөн. Сондай-ақ оқушы өз қимыл қозғалысын, соған сәйкес музыкаырғағымен үйлестіруге үйренеді. Көркем гимнастика мен акробатикалық жаттығулардың элементтерін орындауға дағдыланады .
Гимнастиканың өте үлкен сауықтыру-гигиеналық мәні бар. Плутарх айтқандай Гимнастика - медицинаныңшипалыбөлімі. Көптеген ғалымдар мен педагогтар дене шынықтыру жаттығуларына, соның ішінде гимнастикалық жаттығуларына, үлкен маңыз беретін және оларды адамдардың тіршілік әрекет пен жұмыс қабілеттілігін арттыружәне де сауықтыру мен белсенді демалыстың ең жақсы құралы деп қарастырған.
Негізігимнастиканыңқолданбалымаңыз ы бар, өткені айналысу барысында қажетті жүру, жүгіру, тепе-теңдік, лақтыру, өрмелеу, кедергілерден өту және т.б. дағдылары қалыптасады, шыңдалады. Оған қоса, гимнастика қозғалтқыш тәжірибені байытады. Құрылымы бойынша түрлі жаттығуларды меңгергеннен кейін оқушылар жаңа қимылдарды табысты игеріп, кеңістік бойынша және уақыт параметрлері, бұлшық еттерге түсетін күш дәрежесі бойыншаүлкен дәлдікпен орындайтын болады.
Гимнастикамен шұғылдану дұрыс мүсіннің, саптық жинақылықтың қалыптасуына ықпал етеді. Гимнастиканың мазмұны саналуанды: ол жүріс, жүгіріс, секіру, эстафеталар, сонымен қатар гимнастикалық снарядтарда жаттығу (маңдайша, қырлы бөренелер, ат, шығыршықтар және т.б.). жаттығулардың көп әртүрлілігі, жүктемені қатаң реттеу мүмкіндігі гимнастиканың қолжетімділігін анықтайды.
Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.
Гимнастикалық жаттығулардың маңызы мен мәнін ұғынуда оның әдістемелік ерекшеліктеріне назар аудару керек. Гимнастикада жаттығуларды қатал регламеттау әдісі және шұғылданушылардың әрекетшілігін қолданады. Гимнастиканың келесі әдістемелік ерекшеліктері бар:
1. Адам ағзасына жан-жақты әсер етеді. Гимнастика көмегімен адам органдарының қызметтерін әбден жетілдіруге болады. Гимнастика дененің жалпы дамыту және дене қабілеттерін жан-жақты жетілдіру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
2. Әр түрлі жаттығуларды қолдана отырып ағзаның функционалдық және морфологиялық жүйелерінің және дене қасиеттерінің жан-жақты және үйлесімді дамуы іске асырылады.
3. Адам ағзасына таңдалған әсер ету. Лайықты жаттығуларды, өзіне керек бастау қалыптарды және нақты жасау тәсілдерін таңдап алып, керек бұлшық еттерге, буындарға жергілікті әсерін тигізеді.
5. Жаттығуларды толассыз күрделендіру мен қиыстыру және бір жаттығуларды әртүрлі мақсатпен қолдануға мүмкіншілік. Сол немесе басқа жаттығуларды меңгеру барысында, әдетте оның тым күрделі нұсқаларын үйретуге көшеді, басқа элементтерімен қоса орындайды т.б. Осы жағдайда, үйретілетін оқу материал жаңа сапалық(және сандық) мәніне ие болады, ағзаға басқаша әсер етеді.
Осылай дене дамуының кемшілігін өзгертуге болады. Оқу процесінің қатал тәртібін белгілеу және жүктемені дәл мөлшерлеу. Оқ упроцесін ұйымдастырғандажеке әртүрлі әдістемелік тәсілдерді қолданаотырып, сабақтың жеке міндеттерін жүйелі принциппен шешу мүмкін. Жаттығулардың қарқындығын және амплитудасын өзгертіп, қайталау санын көбейтіп немесе азайтып, бастау қалыптарын немесе жаттығулардың орындалу жүйесін өзгертіп жүктемені мөлшерлеу керек. Гимнастиканың әдістемелік ерекшеліктері өзара тығыз байланысты. Оларды дұрыс есепке алу негізінде оқытудың мақсаттары жақсырақ шешіледі.
Гимнастикалық жаттығуларды оқыту барысында келесі негізгі мақсаттар шешіледі:
-шұғылданушылардың жалпы қозғалыс және спорттық дайындығы үшін маңызды қозғалыс дағдыларды қалыптастыру;
- төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік, икемділік деген дене сапаларын тәрбиелеу;
- педагогикалық дағдыларды қалыптастыру;
Күнделікті таңғы жаттығулар түрінде өткізілетін гигиеналық гимнастика айналысушылардың сауығуына үлкен ықпал етеді. Ондай сабақтар ағзатініндегі қан айналымын күшейтеді, жүрек-тамыр жүйесі және зат алмасуды,жүйке-бұлшық ет аппаратының жұмысын жақсартады, адамның психикасына жағымды әсер етеді. Таңғы күнделікті гимнастика ұйқыдан кейінгі ағзаныңбейтарап ахуалынан болашақ әрекетке қажетті белсенділікке көшуге ықпалетеді.
Дене тәрбиесі мен адам психологиясы өзара тығыз байланысты. Балалар өміріндегі оның ой әрекетінен тыс ешбір процесс болмайды. Адамның жан дүниесіндегі әрбір түйсік, қозғалыс түрінде білінетіндігі және керісінше, әрбір қимыл-қозғалыс көңілге тікелей байланысты екендігі ғылыми түрде дәлелденген. Сөйтіп ақыл- ойға қозғау салмайтын бірде-бір қимыл жоқ, ой қызметі қимыл түрінде көрініс табады. Ойынға баланың дене мүшелері түгел қатысады, ойын оның барлық рухани әрекетіне қозғау салады, сөйтіп жеңіл атлетика мен гимнастиканың жаттығулары да дене тәрбиесінің барлық даму түрлеріне әсер етіп, орасан мол міндеттерді атқарады. Осылайша алғанда мектеп оқушыларының күнделікті тіршілігіндегі қозғалыс белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын дене шынықтыру - сауықтыру жұмыстары дұрыс жүйелі түрде жолға қойылғанда ғана біздер дені сау ұрпақты тәрбиелей аламыз.
Мектеп оқушыларның бас амандығы мен денсаулығы сабақ уақытында мұғалімдердің жауапкершілігінде. Сондықтан дене шынықтыру сабағында барлық оқушылардың қауіпсіздігін қадағалау керек.
Сонымен, дене шынықтыру сабағында гимнастикалық жаттығылуарды орындағандай қандай қауіпсіздік ережесін ұстанамыз:
- гимнастика сабақтарында белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;
- спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс сабақ түрлерін ұйымдастыру түрлері
Мектеп оқушыларының спортқа деген тұрақты қызығушылығы жәнеқабілеттерін дамыту
Дене қасиеттерін қалыптастырып, дамытуда ең маңызды құрал ретінде спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын пайдалану
Дене шынықтыру сабақтарындағы дене тәрбиесінің принциптері
Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі
Дене шынықтыруының мақсаты мен міндеттері
Дене мәдениеті теориясы мен әдістемеснің жалпы негідері
Дене шынықтыру құралдары
Аяққа арналған жаттығулар
Дене тәрбиесінің сабақ жоспары
Пәндер