Конькишіге қажетті дене шынықтыру сапасын дамытудың әдістемелік негізі



Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 Конькишіге қажетті дене шынықтыру сапасын дамытудың
теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Дене тәрбиесіндегі коньки спорты туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Коньки спортының адамзат үшін маңызы және пайдасы ... ... ... ... ... ... 7
2 Конькишіге қажетті дене шынықтыру сапасын дамытудың
әдістемелік негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
2.1 Дене тәрбиесінде коньки спортын үйретуде қауіпсіздік
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2 Конькишіге қажетті дене шынықтыру сапасын дамыту және оның
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарынан орын алу Қазақстан Республикасының стратегиялық басты мақсаттарының бірі болып саналады. Республиканың экономикалық мақсаттарымен қатар халықтың әл ауқатын арттыру, денсаулығын нығайту, адамдардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау арқылы денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары қойылған.
Қазақстан 1996 жылдан бастап Олимпиадалық, Әлемдік және халықаралық жарыстарға жеке спорттық команда ретінде қатысуда. Шеберлігі жоғары спортшы дайындау ұзақ уақытқа созылатын педагогикалық жұмыс екендігін ескере келіп, болашақ сапалы спортшы ізбасарларды дайындау қазіргі кездегі Республикадағы барлық спорт мектептерінің алдына қойылған негізгі мінденттердің бірі болып саналады.
Коньки спорты тарихы терең спорт түрлерінің бірі. Оны адамзат баласының игеруі, онымен жүйелі шұғылдануы адамның дене шынықтыру сапаларының дамуына елеулі әсер етеді. Сол себептен коньки спортын дамыту, онымен шұғылданушылардың санын арттыруда біршама жақсы бастамалармен байланысты болар еді. Коньки спортын дене тәрбиесінің бір саласы ретінде қарап, оны оқыту өте маңызды. Оның өзі кезең-кезеңді қамтитын жұмыстардан тұрады. Коньки спортын мектептерде оқытып, соған жағдай жасау, оны оқыту әдістемесінқұрастыру өзекті мәселелердің бірі бып отыр.
Дене жаттығуларының үйрету әдістемесінде дидактиканың мазмңұның ерекшелігіне мәлім қағидалары толығымен қолданылады. Бұл қағидалар жұмыс мазмұнының ерекшелігіне, тәсілдеріне және ұйымдастыру түрлеріне байланысты іске асырылады. Педагогикалық жұмыста өзінің үйрету заңдылықтарына байланысты қағидалар екі түрге бөлінеді. Біріншісі қимыл -қозғалысқа үйрету қағидасы, ал екіншісі дененің сапалық қасиеттерін тәрбиелеуде қолданылатын спорттық жаттығулар қағидасы. Педагогикалық қағидаларды жаттығу жұмысында қимыл әдістерін меңгеруде қолданғандықтан дидактикалық немесе жалпы әдістемелік оқыту қағидалары деп те атайды.
Зерттеу пәні: коньки спорты және оны оқыту
Зерттеу жұмысының мақсаты - арнайы спорт мектептерінде немесе коньки спортын меңгеруге жағдай жасалған мектептерде коньки спортын дұрыс ұйымдастыру арқылы конькишіге қажетті дене шынықтыру сапасын дамыту және оның әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: арнайы спорт мектептеріндегі оқу үрдісі
Зерттеу жұмысының мақсаты мен нысанын негізге ала отырып, мынадай міндеттер қойылды:
- Жалпы коньки спорты туралы теориялық тұрғыдан зерттеп, мәнін ашып алу;
- Коньки спортының азамзат үшін мәні мен маңызын ғылыми-теориялық тұрғыдан айқындау;
- Дене тәрбиесінде коньки спортын үйретуде қауіпсіздік шараларымен танысу;
- Конькишіге қажетті дене шынықтыру сапасын дамытудың жолдарын ұсыну және оның әдістемесін жасау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы. Егер, арнайы мектептерде коньки спортының маңыздылығын оқушыларға түсіндіре отырып, конькишіге қажетті сапаларды дамытсақонда оқушылардың өз-өзіне деген сенімділігі,коньки спортына деген қызығушылығы, спортқа деген ынта-ықыласы артады, өйткені коньки спорты әдемілік пен сенімділіктің бір көрінісі іспеттес.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: арнайы спорт мектептерінде немесе коньки спортын меңгеруге лайықталған мектептерде конькишіге қажеттідене шынықтыру сапасын дамыту әдістемесін жасап, ұсыну.
Курстық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: бұл курстық жұмысты арнайы спорт мектептерініңбағдарламасында және факультативтік үйірмелерде қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Конькишіге қажетті дене шынықтыру сапасын дамытудың теориялық негіздері
1.1 Дене тәрбиесіндегі коньки спорты туралы жалпы түсінік

Коньки спорты - конькимен мұз үстінде шапшаң жүгіру және мұз айдынында мәнерлеп сырғанау.
1892 жылы конькимен жүгірушілердің Халықаралық одағы ұйымдастырылды. Қазір оған 40-қа жуық ел мүше. Қазақстанда Коньки спортының дамуына Медеу мұз айдынының салынуы үлкен ықпал еткен екен.
Кез келген сала немесе спорт түрінің өзінің шығу тарихы бар. Осы орайда, коньк спортының шығу тарихына тоқталатын бослақ.
Мұзы қатқан көл, өзендер бетінде сырғанақ заттар көмегімен жүгіруді адамдар ежелден-ақ білген. Конькимен мұз үстінде жүгірудің тарихы өте ежелде жатыр. ХХІ ғасырда алғаш рет голландықтар мұз үстінде сырғанауды ойлап тапқан. ХVI ғасырда конькимен жүгіру скандинавия елдерінде жарыс түрінде қалыптасты. 1676 жылы ең алғашқы конькимен жүгіру жарысы өткізілді. Спорттың бір түрі ретінде конькимен жүгіру спорты XIX ғасырдың екінші жартысында қабылданып, дами бастады.
Христиания скейте-клуб ұйымдастыруымен Норвегияда алғаш рет 1867 жылы конькимен жүгіруден ресми жарыс өткізілді. Бұл спорт түрі Еуропаның бір талай елдерінде кең өріс жайды және ХІХ ғасырдың 70 жылдарында халықаралық жарыстар ұйымдастырылды. 1889 жылы Амстердам мен Нидерландияда тұңғыш рет дүниежүзілік конькимен жүгірушілердің чемпионаты өтті. 1892 жылы Дүниежүзілік конькимен жүгірушілер ұйымы-ИСУ құрылды. Сол кездің чемпионаттарынан бастап төрт түрлі дистанцияда 500, 1500, 5000 және 10 000 метрге жүгіру дистанциялары болды.
Конки спорты дамып келе жатқан уақыттарда осы спорт түрі бойынша жеңіске жетіп, тарих сахнасында қалған небір тарландар болған. Соларға тоқталатын болсақ:
- ХХ ғасырдың бірінші-екінші мың жылдығында осы спорт түрінен ең мықты дегені норвеждік Оскар Матисен болды. Ол әлем чемпионатын бес рет жеңіп алды, 1908,1909, 1912, 1913, 1914 жылдар аралығында жеңіске жетті.
- Ресейлік конькимен жүгіруші Николай Струнников екі рет: 1910 және 1911 жылдары әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1922 жылы конькимен жүгіруден норвегиялық Харальд Стрем әлем чемпионы болды.
- 1923 жылы әлем чемпионы финдік конькимен жүгіруші Клас Тунберг болды, 1924 жылы норвегиялық Руальд Ларсен әлем чемпионы болды.
1926 жылға дейін Еуропада және Әлем чемпионатында жеңімпаздар әртүрлі арақашықтықтар бойынша алынған орын санымен анықталды. Ал 1926 жылдан кейін чемпиондарды және басқа да орын алушыларды төрт арақашықтықты орындауы бойынша бағалау жүйесі қабылданды.
1936 жылы конькимен жүгіру жарысы ерлердің арасында ғана емес әйелдердің де арасында өткізіле бастады. Әйелдер арасындағы конькимен жүгіру жарысынын алғашқы чемпионы АҚШ-тық Китти Клейн болды, содан кейін әлем чемпионы норвегиялық Лайла Шоу-Нильсен болды. 1937 мен 1938 жылдары финдік спортшы Верне Леше әлем чемпионы атанды.
Әлем чемпиондарының арасында Кеңес Одағының да спортшылары бар. Олар:
- Мария Искакова 1948-1950 жылдараралығында.
- Лидия Селихова 1952-1954 жылдараралығындажәнеХалидаШеголеева 1953 жылы.
- Рима Жукова 1955 жылы,
- Софья Кондакова 1956 жылы,
- Инга Артомова 1957,1958, 1962, 1965 жылдары.
- Тамара Рылова 1959 жылыәлемчемпиондарыатанды.
Халықаралық конькимен жүгірушілер ұйымының шешімімен конькимен жүгіру жарысынан басқа әйелдер мен ерлер арасында спринтерлік жарыс өткізілетін болды. Ерлерге де, әйелдерге де төртдистанциядан: 500, 1000 метр біріншікүні, ал содан кейінтағы да 500, 1000 метр екінші күні жарыс өтетін болды.
Конькимен жүгіру спорты - бұл физикалық қозғалыстын бір түрі, яғни адам мұздың үстіңде арнайы аяқ киәімге бекітілген конькимен сырғанайды. Конькимен мұз үстінде жай екпінмен жүгіру бұл белсенд ітынығу болып табылады.
Конькимен сырғанау арқылы шапшаң жүгіруге, мәнерлеп сырғанауға, спорттық мұз үстінде билеуге, хоккей ойнауға болады. Конькимен жүгіру жарыстары мен жаттығулары қатырылған мұздың үстінде ұзындығы 400 және 333,33 метр жолдарда өткізіледі.
Конькимен жүгірушілерді дайындау үш этаптан тұрады. Олар:
Бірінші этап - отбасында және мектепке дейінгі мекемелерде жалпы физикалық тәрбие беру. Бұл этаптын мақсаты балалардың денсаулығын мықты ету және олардың дұрыс жетілуіне ықпал ету. Бірінші этапта балалар дене мәдениеті мен танысады, спорттың әртүрлерін біліп, оларды үйренуге деген ынтасы оянады. Балалар алғаш реет конькиді киіп, онымен қалай жүруді үйренеді. Бұл кезде балаларға мұғалімдер мен ата-аналар көмектеседі.
Екінші этап - балаларды жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесіне тәрбиелеу. Бұл уақытта балалардың дене қуаты да, психологиясы да, қозғалыс сапасы да дамып, жетіледі. Жалпы білім беретін мектептерде балалар коньки спортымен белсене айналысады. Қабілетті де, дарындылары әртүрлі ДСО-лар мен ДЮСШ-ларға үйірмелерге жазылады.
ДЮСШ-лардың жаттықтырушылары екі тапсырманы шешуі керек: олар конькимен жүгіру спортынан әртүрлі тапсырмалар беру және осы арқылы барлық оқушыларды осы спорт түріне тарту; ынтасы, ықыласы бар оқушыларды іріктеп алу. ДЮСШ-ларда жастар мен жасөспірімдер екі фазалық спорттық жаттығулар түрлерінен өтеді: бастапқы жалпы жаттығулар және базалық мамандандырлыған жаттығулар.
Бірінші фаза - балалар ДЮСШ-ға келмей тұрып яғни 7-8 жас аралығында басталады және 4-5 жыл жалғасады. Жаттығулар бастауыш сынып мұғалімдерінің жетекшілігімен өткізіледі. Бұл уақытта оқушылардың жалпы физикалық қимылы, денсаулығы тексеріледі, мұзда сырғанаудың әдіс-тәсілдері үйретіледі. Бұл этапта жас конькишілер жасөспірімдер разрядын алуға сынақтар тапсырады, соларға дайындалады.
Екінші фаза - базалық мамандандырылған жаттығулар ДЮСШ-да оқу-жаттығуы біткенше пайдаланылады. Оның мақсаты- жас конькишіге арнайы физикалық, моралдық, техникалық дайындығының арқасында спорт шебері етіп дайындау.
Үшінші этап - мектептерде, жоғары оқу орындарында, әскери бөлімдерде, аудан-ауылдарда жалпы дене тәрбиесін қалыптастыру және конькимен жүгіру жаттығуларын ұйымдастыру. Осы арқылы жас конькишілер ауылдық, аудандық, қалалық құрама командалардың мүшесі болады. Осы командалар болашақта біздің еліміздің намысын қорғайтын, ел үшін жанын беретін ер-жүрек азаматтар болып шығады.

0.2 Коньки спортының адамзат үшін маңызы және пайдасы
Егер де табиғи жағдайлар үйлесім тапқан, арнайы орындармен, құрал-жыбдықтармен қамтылған болса коньки спорымен кез келген адам айналыса алады. Ол үшін көптеген спорт кешені, спортық ойын-сауық орталықтары жұмыс жасайды. Коньки спортының шығу тарихының тереңдігене назар аударатын болсақ және оның әлі күнге дейін ұмыт қалмай, жалғасып келе жатқанын негізге алсақ, бұл спорт түрінің адамзат үшін маңызы зор болған деуге болады. Сонымен коньки спортының адам өміріндегі маңызы мен пайдалы жақтарына тоқталып өтейік.
Коньки тебу - қысқы демалыстың ең әдемі әрі ең қиын түрлерінің бірі. Сондай-ақ, пайдалы спорт түрі деуге болады.
Коньки тебудің пайдасы жай адамдар үшін де орасан зор. Мұз айдынында небәрі бір сағат коньки тебу бірнеше сағат бойы жүгіргенде кететін калорияны кетіреді. Бұл қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі деуге болады. Конькимен сырғанау кезінде тізе көп жарақаттанбайды. Коньки тебу аяқ пен сан және жамбастағы бұлшық еттерді дамытады. Сонымен қатар, коньки тебу кезінде арқадағы және іштегі бұлшық еттер ширығады. Конькимен жүйелі түрде сырғанау ағзаның төзімді болуына әкеледі. Ал таза ауада коньки тепкен кезде ағза қатая түседі. Одан бөлек, физикалық белсенділік жағымды көңіл-күй сыйлайды. Көп қобалжитын адамдарға дәрігерлер конькиді жүйелі түрде теуіп тұруға кеңес береді екен. Бұл көңіл-күйді көтеріп, өз-өздеріне сенімділігін арттыруға көмектеседі.

Сурет 1 - Коньки спорты

Ағзасы енді дамып жатқан балалар үшін коньки тебудің пайдасы үлкен. Пайдадан бөлек, көңіл көтерудің де керемет әдісі. Айтпақшы, көптеген танымал фигуристтер бала кезінде өте әлсіз болғандықтан, денсаулықтарын нығайту үшін мәнерлеп сырғанаумен айналысқан. Коньки тебу баланың денесін тік ұстап, бұлшық ет жүйесін қалыптастыруға, вестибулярлы аппарат пен тыныс алу жүйесін реттеуге көмектеседі. Әсіресе, өтпелі кезеңдерде жүйелі түрле коньки тебу баланың өзіне деген сенімін күшейтеді.

2 Конькишіге қажетті дене шынықтыру сапасын дамытудың әдістемелік негізі
2.1 Дене тәрбиесінде коньки спортын үйретуде қауіпсіздік шаралары

Дене тәрбиесі мен адам психологиясы өзара тығыз байланысты. Балалар өміріндегі оның ой әрекетінен тыс ешбір процесс болмайды. Адамның жан дүниесіндегі әрбір түйсік, қозғалыс түрінде білінетіндігі және керісінше, әрбір қимыл-қозғалыс көңілге тікелей байланысты екендігі ғылыми түрде дәлелденген. Сөйтіп ақыл- ойға қозғау салмайтын бірде-бір қимыл жоқ, ой қызметі қимыл түрінде көрініс табады. Ойынға баланың дене мүшелері түгел қатысады, ойын оның барлық рухани әрекетіне қозғау салады, сөйтіп қандайда болмасын спорт түрі дене тәрбиесінің барлық даму түрлеріне әсер етіп, орасан мол міндеттерді атқарады. Осылайша алғанда адамзаттың күнделікті тіршілігіндегі қозғалыс белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын дене шынықтыру - сауықтыру жұмыстары дұрыс жүйелі түрде жолға қойылғанда ғана біздер дені сау ұрпақты тәрбиелей аламыз.
Әрбір баланың немесе жаттығушының бас амандығы мен денсаулығы жаттығу уақытында мұғалімдердің жауапкершілігінде. Сондықтан дене тәрбиесінде коньки спортын үйретуде барлық оқушылардың қауіпсіздігін қадағалау керек. Жалпы, дене шынықтыру сабағында әртүрлі қауіпсіздік шаралары жүргізіліп, басты назарда болады.
Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Сонымен қатар, сабақ алдында барлық жағдайларда бірдей назарға алынатын төмендегідей маңызды ережелер бар:
- сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;
- сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек;
- спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек;
- спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;
- спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;
- гранат, кіші доп т. б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті алаңға, сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жаттығуды тоқтату керек.
Дене тәрбиесінде ең алдымен адамның денесін қыздырып, жаттуғыға бейімдеу мақсатында жеңіл атлетикалық жаттығулар орындалатыны мәлім. Осындай жаттығуларды орындау барысында да белгілі бір қауіпсіздік ережелерін ұстанған дұрыс.
Жеңіл атлетика кезінде назарға алынатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конькимен жүгіру техникасы
Коньки спортын үйретудегі қауіпсіздік
Коньки Спорты - конькимен мұз үстінде шапшаң жүгіру және мұз айдынында мәнерлеп сырғанау
Оқушыларды коньки спортына тәрбиелеу жолдары
Қазақсатан Республикасы, спорт және дене тәрбиесі
Дене тәрбиесінің сабақ жоспары
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс-қимыл жаттығулары арқылы ұйымдастыру ерекшеліктері
Орта мектеп жасындағы дене дамуының ерекшеліктері
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі мен оның қажеттілігін, маңыздылығын көрсету
Пәндер