ЕУРОПА ДЕРЖАВАЛАРЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ ЖӘНЕ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3: КІРІСПЕ . . . 3
:
КІРІСПЕ . . . 3:

1 ШЫҒЫС МӘСЕЛЕСІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ МҮДДЕЛЕРІ . . . 6
1. 1 «Шығыс мәселесінің» алғышарттары және орыс-түрік соғыстары . . . 6

1. 2 Грек мәселесінің туындауы . . . 10

:
КІРІСПЕ . . . 3:

2 ЕУРОПА ДЕРЖАВАЛАРЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ ЖӘНЕ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР . . . 15

2. 1 Египет дағдарысы . . . 15

2. 2 1853-1856 жж. Қырым соғысы . . . 18

2. 3 Славян халықтарының ұлт-азаттық көтерілістері . . . 21

:
КІРІСПЕ . . . 3:

ҚОРЫТЫНДЫ . . . …. . …26

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31

:
КІРІСПЕ . . . 3:
:

КІРІСПЕ

Шығыс мәселесі XVIII-XX ғасыр аралығындағы балқан халықтарының түрік қанауына қарсы күресі мен ұлы державалардың (Ресей, Австрия, Ұлыбритания, Франция, кейіннен Италия мен Германия) әлсіреген Осман империясын бөлудегі бақталастығын қамтитын халықаралық қатынастардағы қақтығыстардың күрделі кешені болып табылады. Сондықтан Шығыс мәселесінің халықаралық қатынастарда пайда болуы, алатын орны мен мәнін зерттеу курстық жұмыстың өзектілігі болып табылады.

Қурстық жұмыстың мақсаты:

Халықаралық қатынастардағы «Шығыс мәселесінің» пайда болуы мен мәнін зерттеу және оған сараптама жасау болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

-Шығыс мәселесін тереңірек зерттей отырып, оның халықаралық қатынастардағы алатын орнын, маңызын анықтау

-XVIII-XX ғасыр аралығындағы Еуропадағы территориялық, саяси өзгерістерге сараптама жасау

-Осман империясының, Балқан елдерінің және Еуропа державаларының «Шығыс мәселесіндегі»мүдделеріне сараптама жасау

-XVIII-XX ғасыр аралығындағы мемлекеттердің дипломатиясына назар аудара отырып артықшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау.

Шығыс мәселесінің хронологиялық шеңберін анықтау тарих зерттеушілерінің арасындағы даулы мәселеге айналды. Шығыс мәселесін дәуірлеудегі басты қиындық оның бірнеше белгілернің болуымен сипатталады. Сол белгілердің ішінен бастысын анықтап, оған қатысты кезеңдерді дәйектеу үлкен қиыншылық тудырып отыр. Мәселен аталмыш мәселені Осман империясының дағдарысы мен құлдырауына қарасты, немесе ондағы қанауға ұшыраған халықтың ұлт-азаттық көтерілісінің жетістігіне, әйтпесе сыртқы саяси күштерінің ықпалына байланысты қарастыруға болады. Осындай факторларға сүйене отырып жалпы мағынада Шығыс мәселесінің келесідей дәуірлерін анықтайды.

Бірінші кезең. XVII ғасырдың 60-жылдары мен Қырым соғысының аралығын қамтиды. Бұл кезеңде Осман Портасың дағдарысы, орыс түрік соғыстары, Франциядағы революция мен Напалеон соғыстарының Шығыс мәселесіне әсері, Египеттегі сеператистік әрекеттер және соған қатысты Египет-Түркия, Англия-Франция мемлекеттерінің қатынастарының шиеленісуі, славян халықтарының алғашқы көтерілісі (сербтер), гректердің түріктерге қарсы қозғалысы. Балқан түбегіндегі Ресей мен Батыс Еуропа мемлекеттерінің арасындағы бақталастықтың үдеуі тән.

Екінші кезең. ХІХ ғасырдың 50-90 жылдары аралығында өтті. Аталмыш кезең аралығы орыс-түрік соғыстарының жалғасын, ұлт-азаттық көтерілістерді, Балқан түбегіндегі жаңа мемлекеттердің (Сербия, Румыния, Болгария, Черногория) пайда болуын және осы аймақтағы бақталас мемлекеттер құрамына Германияның қосылуын қамтиды.

Үшінші кезең. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарын қамтиды. Шығыс мәселесінің соңғы дәуірі оның халықаралық-құқықтық номалармен реттелуімен әрі Осман империясының тарих сахнасынан кетуімен сипатталады. Мемлекеттердің күйреуіне ішкі (орталыққа бағынбау саясаты, кіші түріктер революциясы) және сыртқы факторлар (Италиян-түрік соғысы, Балқан соғыстары, Бірінші дүниежүзілік соғыс) себеп болды. Сонымен қатар бұл кезең Германияның Шығыс мәселесіне деген аса үлкен құлшынысымен ерекшеленді.

XVII ғ. басындағы Осман империясы ұзаққа созылған дағдарысқа ұшырайды. Еуропа, Африка, Азия құрлықтарын қамтыған Осман империясының құрамындағы алуан түрлі халықтар мен тайпалар тұрып жатты. Қара теңіз империяның ішкі теңізі болды. Империяның құрамына кірген халықтар экономикалық, саяси және мәдени дамудың әр түрлі деңгейлерінде болды. Олар түріктердің билігіне қарсы болғанымен феодалдық бытыраңқылық империя халықтарының азаттық үшін күресіне кедергі келтірді.

XVIII ғ. аяғына таман Осман империясының ыдырау үрдісінің басталуы Еуропаның алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің арасында түрік иеліктерін бөліске салу мәселесін тудырған болатын. Еуропалық мемлекеттердің әрқайсысы Осман империясында экономикалық және саяси үстемдікке қол жеткізіп, басқа мемлекеттерді түрік мұрасынан ығыстырып тастауға тырысты. Түркияның еуропалық иеліктері ерекше қызу күрес тудырды. Патшалық Ресей Константинополь мен бұғаздарды басып алып, Қара теңізден шығатын жолдарды өз бақылауларында ұстағысы келді. Англия мен Франция Ресейдің басты қарсыластары болды. Ресей мен батыс еуропалық мемлекеттердің мүдделері Түркияның Балқан түбегіндегі иеліктерінің мәселесі бойынша да қарама-қайшы болды. XVIII ғасырдың ортасынан бастап Осман империясы феодалдық артта қалушылық пен қол астындағы халықтарды қанаудың зардабына ұшырай бастады. Азия мен Балқан түбегіндегі көтерілістер күшейген сайын түрік үкіметі Ресеймен соғысуға сылтау іздеумен болды. Түркияның пікірі бойынша, Балқан түбегі мен Кавказдағы көтерлістерге Ресей демеуші болды. «Жеті жылдық соғыстан» кейін еуропалық мемлекеттер Түркияның Ресейге деген өшпенділігін барынша күшейтуге тырысқан болатын. Осындай жағдайда Қара теңіз жағалауына ұмтылған Ресей мен Түркияның арасында қарулы қақтығысты тудыру қиынға соқпас еді. XVIII ғасырдың аяғындағы Ресейдің билеуші таптарының алдында Оттоман Портасының мәселесі тұрды. Орыс дипломатиясы Осман империясының ыдырауын тездететін бағыт-бағдарлары қарастыра білді. Оның ішіндегі ең тез, әрі ең тиімді жол күш қолдану әрекетімен сипатталады. Ресей мен Түркия арасындағы 1786-1806жж., 1833-1844жж., бейбіт келісімдер сәйкесінше 1768-1806жж., 1787-1791жж., 1806-1812жж., 1828-1829жж., 1853-1856жж. орыс-түрік соғыстарымен алмастырылды. Бұл тарихи қайшылықтар Еуропа және Әлем тарихы үшін елеулі рөлге ие болды. Өйткені Еуропадағы екі ірі империяның қақтығысына өзге державалар, айталық, Франция, Англия, Австро-Венгрия мүдделері араласты және бір империяның екінші империя үстінен билік орнатуына қарсы шықты. Орыс-түрік соғыстарының ортақ ерекшелігі Еуропа мен Азияның шекарасында орналасқан даулы территориялық иеліктерді бағындыру болып табылады.

Ресей славян және грек халықтарының халық-азаттық күресінде қолдау көрсетіп отырды. Англия мен Франция, керісінше, түрік үкіметіне көмек беріп отырды. Мұндай саясат, бір жағынан, Ресейге қарсы бағытталған болса, екінші жағынан, экономикалық және саяси мақсаттарды көздеп отырды. Балқан түбегінде осман билігінің сақталуы Англия мен Франция үшін жергілікті халықты қанауға жағдай жасап отырды: осы мемлекеттердің Түркиямен жасасқан келісімшарттарында бекітілген капитуляциялық режим мен төмен баж салығы еуропалық капитал үшін ыңғайлы болды, Балқан түбегіндегі Ресей билігінің орнауы немесе жергілікті халықтардың тәуелсіздікке қол жеткізуі мұндай артықшылықтардың жойылуына алып келер еді. Осы себепті Англия мен Франция «Осман империясының біртұтастығы мен қол сұқпастығы» ұранын ұстанған болатын. Патшалық Ресей де басқыншылық саясат жүргізіп отырды. Балқан түбегі халықтарының азаттық үшін күресін Ресей өз мүдделеріне пайдалануға тырысты. Түркия мен оның Балқан түбегіндегі иеліктерінің тағдыры Еуропалық мемлекеттердің қолында болды. Осылай «шығыс мәселесі» пайда болады. «Шығыс мәселесі»−Осман империясының ыдырауы, Балқан түбегі халықтарының азаттық үшін күресімен байланысты XVIII ғ. соңы мен ХІХ ғ. басында орын алған халықаралық қайшылықтардың тарих пен дипломатияда қабылданған шартты атауы.

1 «ШЫҒЫС МӘСЕЛЕСІНІҢ» ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ

1. 1 «Шығыс мәселесінің» алғышарттары және орыс-түрік соғыстары.

XVIII ғасырдың ортасынан бастап Осман империясы феодалдық артта қалушылық пен қол астындағы халықтарды қанаудың зардабына ұшырай бастады. Азия мен Балқан түбегіндегі көтерілістер күшейген сайын түрік үкіметі Ресеймен соғысуға сылтау іздеумен болды. Түркияның пікірі бойынша, Балқан түбегі мен Кавказдағы көтерлістерге Ресей демеуші болды. «Жеті жылдық соғыстан» кейін еуропалық мемлекеттер Түркияның Ресейге деген өшпенділігін барынша күшейтуге тырысқан болатын. Осындай жағдайда Қара теңіз жағалауына ұмтылған Ресей мен Түркияның арасында қарулы қақтығысты тудыру қиынға соқпас еді. XVIII ғасырдың аяғындағы Ресейдің билеуші таптарының алдында Оттоман Портасының мәселесі тұрды. Орыс дипломатиясы Осман империясының ыдырауын тездететін бағыт-бағдарлары қарастыра білді. Оның ішіндегі ең тез, әрі ең тиімді жол күш қолдану әрекетімен сипатталады. Ресей мен Түркия арасындағы 1786-1806жж., 1833-1844жж., бейбіт келісімдер сәйкесінше 1768-1806жж., 1787-1791жж., 1806-1812жж., 1828-1829жж., 1853-1856жж. орыс-түрік соғыстарымен алмастырылды.

Бұл тарихи қайшылықтар Еуропа және Әлем тарихы үшін елеулі рөлге ие болды. Өйткені Еуропадағы екі ірі империяның қақтығысына өзге державалар, айталық, Франция, Англия, Австро-Венгрия мүдделері араласты және бір империяның екінші империя үстінен билік орнатуына қарсы шықты. Орыс-түрік соғыстарының ортақ ерекшелігі Еуропа мен Азияның шекарасында орналасқан даулы территориялық иеліктерді бағындыру болып табылады.

1768-1774жж. болған орыс-түрік соғысы Түркия әлсіздігінің кезекті дәлелі болды. Бұл соғыс Қара және Жерорта теңізіне шығу мақсатында өтті. Орыстың дамушы көпестері Қара теңіздің порттарына шығуға талпынды және Еуропа мен Азия елдерінің тауар айналымын көкседі. Алайда Екатерина ІІ билігі бұл мәселені әскери сипатта шешуді қаламады. Ал түрік сұлтаны Ресейдің бұл әрекетін оның осалдығы, әлсіздігі деп бағалады. Сонымен 1768-1774 жж. орыс-түрік соғысына түріктердің Балта жеріндегі православты халыққа жасаған шапқыншылығы түрткі болып, қақтығыс орыстардың қорғаушы мемлекет ретінде арашаға түсуімен басталды. Түріктердің өз қауқарын нақтылай алмауынан 1768-1769жж. кампания олар үшін ауыр соққы болып тиді, әйтсе де бұл кезең Ресей тарапынан ешқандай жетістік әкелмеді. 1770 жылы соғыс шарықтау шегіне жетіп, орыс әскері жеңіске бір қадам жақындады. Өз жолында түріктерді талқандай отырып орыс әскері Ларга, Кагул, кейін Эгей теңіздеріндегі Чесмен айлағы маңында жеңіске жетті. 1771 жылы Дарданел бұғазы қоршауға түсіп түрік саудасы қиыншылыққа тап болды. Екі тарап та соғыс шығындарын есептей келе 1772 жылы бейбіт келіссөздер жүргізуге келісті. Оның үстіне Екатерина ІІ Австрия мен Швеция тарапынан көрсетілген қарсылықтардан үрейленді. Дегенмен түріктердің қойған талаптары орыс дипломатиясын қанағаттандырмады, сондықтан 1773 жылы соғыс әрекеттері жаңартылды. Сол жылы Суворов бастаған отряд Осман империясының Дунай өзенінің оңтүстік жағалауындағы Туртукай жерін басып алса, ал 1774 жылы Козлуджа маңын жаулап алды. Ақыры жеңіс туын желбіреткен орыс тарапы бейбіт келіссөздерді тездетіп, 1774 жылы 10 шілдеде Кучук-Кайнарджи келісіміне қол қойылды. Аталған келісім шарттың басты талаптары: Қырым мен оның маңайындағы татар аймақтарын еркін және тәуелсіз деп тану, Днепр және Буг өзендері аралығында жатқан жерлер мен Азов, Керчь, Еникале мен Кинбурн Ресейге қосылады, Қара теңіз бен бұғаздар Ресейдің сауда кемелері үшін ашылады, сауда, баж салығы, капитуляциялық режим және консулдық мәселелерде Ресейге барынша мүмкін жеңілдіктер беріледі, Молдавия мен Валахия Ресейдің қамқорлығына өтеді, Ресей Константинопольде православтық шіркеу салуға құқық алады, Порта христиан дінін қорғауға міндеттеледі, Порта Ресейге 7, 5 млн. пиастр (4, 5 млн. рубль) контрибуция төлеуі тиіс. Басқа баптарда әскери қылмыстар бойынша кешірім жариялау, қылмыскерлер мен қашқындарды беру, бұрын жасалған келісімшарттардың күшін жою, Ресейдің әйел патшасының «падишах» аталуын мойындау, Портадағы Ресейдің дипломатиялық өкілдерінің мәртебесін анықтау және тағы да басқа мәселелер реттеледі. Кючук-Кайнарджи келісім шарты 1856жылғы Париж трактаты қабылданған кезге дейін 80 жылдан астам уақыт бойы Ресейдің Түркияға ықпал етуінің басты құралы болды [1] .

1768-1774жж. орыс-түрік соғысы келісім негізінде аяқталғанымен, аталмыш империялардың қақтығысы дипломатиялық тұрғыда жалғасын тапты. Орыс дипломатиясың жетістігі 1783 жылы Қырым ханы Шагин-Гирей тақтан бас тартып, Қырымның толығымен Ресей иелігіне айналуынан көрінеді. Бұл жағдай түріктердің арасында орасан зор наразылыққа тап болды.

1783 жылы Қырым мен Кубань Ресейге қосылды. Түркия Кючук-Кайнарджи келісімшартын уақытша шара ретінде қарастырып, батыс еуропалық державалардың сілтемесі бойынша Түркия жаңа соғысқа дайындығын бастап кетті. Австрия императоры Қырымның Ресейге қосылуымен келіседі. 1781 ж. ІІ Екатерина мен ІІ Иосиф арасында Ресей-Австрия келісімшартына қол қойылды. Австрия Ресей мен Түркия соғыс жариялап, соғысқа Ресей қосқан әскер санына тең әскер қосуға міндеттелді. Келісімшарт жеті жылға жасалды. Ресей-Австрия келісім шарты 1787 ж. орыс-түрік соғысында екі мемлекет бірлесіп әрекет етуіне алып келді.

Англия мен Пруссияның көмегіне үміт артқан Түркия 1787 жылы 16 маусымда Ресейден Қырымды қайтаруды талап етті. Ресей елшісі Булгаков бұл талапты қабылдамағаннан кейін Түркия Ресейге соғыс жариялайды, Австрия, бір жағынан, Ресей одақтасы ретінде алған міндеттерін орындай отырып, екінші жағынан, Ресей жеңіс нәтижелерін жеке пайдаланып қояды деп үрейленіп 1788ж. соғысқа қатысады. Бұл компания австриялықтар үшін сәтсіз болғанымен, орыс әскерлерінің, әсіресе Суворовтың жеңістері Австрияға соғысты жалғастырып, Түркияның Бухарест, Белград, Крайова аймақтарын басып алуға мүмкіндік берді. Бірақ бұл соғыс Австрия үшін қажет болмады, себебі ол еуропалық монархиялардың барлық күштерін Франциядағы революцияға қарсы жұмылдыруды қажет санаған болатын. Оның үстіне Англия Австрия мен Ресейге белсенді қарсылық көрсетіп жатты. Англияның пікірі бойынша, Австрия мен Ресейдің саясаты ағылшындардың Таяу Шығыс пен Үндістандағы мүдделеріне қауіп төндіріп отырды.

Англиядан қаржылай көмек алып отырған Швецария королі ІІІ Густав 1788жылы маусым айында Ресейге соғыс жариялайды. Ағылшын үкіметі мұнымен шектелмей, Ресейге қарсы бағытталған Голландия, Пруссия қатысқан үштік одақ құрады. Аннглияның Еуропадағы саясатының жүргізушісі болған Пруссия Австриядан Түркиямен бейбіт келісімшартқа отыруды талап етеді. Рейхенбахта өткен Англия, Австрия мен Пруссия арасындағы конференцияда Австрия Түркиямен сепартты келісімшарт жасасуға және Ресейге жәрдем беруді доғаруға келіседі [1, б. 125] .

1790 жылы Австрия Түркияға қарсы әскери қимылдарды тоқтатып, Англия мен Пруссияның қысымымен 1791 жылы Түркиямен Систов келісімшартына қол қояды. Келісім шарт status quo ante bellum (соғысқа дейінгі жағдай) принципіне негізделді. Австрия Түркияға Хотин қамалынан басқа барлық басып алған жерлерді қайтарып береді. Хотин қамалы орыс-түрік келісімшартына қол қойылғаннан бастап қайтарылуы тиіс болды. Келісімшартқа қосымша конвенция қабылданады. Бұл конвенция бойынша, Австрияға Көне Орсова мен Унна өзенінің жоғарғы ағысындағы шағын аймақ өтеді, бірақ Австрия бұл аймақтарда бекіністер салмауға міндеттенеді.

Ресей соғысты жалғыз өзі жалғастырып, 1791 жылы жеңіске жетеді. Түркия мен Ресей арасында Яссы келісімшарты жасалады. Бұл келісімшарт 1774 жылы Кючук-Кайнарджи келісімін, 1783 жылы Қырым мен Кубаньды қосып алу туралы акт пен басқа да бұрын жасалған келісімдерді бекітеді. Орыс-түрік шекарасы Днестр өзенінің бойымен өтетін болды. Түрік үкіметі Грузияға деген талаптарынан бас тартып, грузин жерлеріне қарсы әрекет етпеуге келіседі. Яссы бейбіт келісімшарты, Днестр мен Қырымды қосқанда, Кубаньға дейінгі Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы Ресейдің билігін бекітіп, оның Кавказ бен Балқан түбегіндегі ықпалын күшейтеді.

Орыс-түрік қарым-қатынастарының кейінгі дамуына напалеондық Францияның отырлық саясаты әсерін тигізді. 1797 жылы Кампоформио келісімшартынан кейін Италияны иемденген француздар Балқан түбегіне жақындап, Иония аралдары мен Мореяның грек халқының ұлт-азаттық қозғалысына қолдау көрсете бастағанынан кейін Түркия, Англия және Ресей арасында жақындасу басталады. 1798 жылы шілде айында Напалеон әскерлерінің Египетке басып кіруі Түркия, Англия және Ресей арасындағы одақтың пайда болуына тікелей түрткі болды.

Түркия Ресей ұсынған көмекті қабыл алады. 1798 жылы сәуірдің 9 күні Түркия үкіметі Францияға соғыс жариялайды. Сол айда біріккен орыс-түрік флоты Ион аралдарын француздардан тазартуға бағытталған әскери қимылдарды бастайды. Осылайша, Түркия одақтық келісімшарт жасалмастан бұрын Ресейдің одақтасына айналады. 1799 жылы орыс-түрік одақтық келісімшарты сол жылдың 5 қаңтарында жасалған ағылшын-түрік келісімшартымен Түркияның екінші анти-француздық одаққа қосылуын бекітті. 1804 жылдың соңында Франция агрессиясынан үрейленген Түркия 1799 жылғы келісімшартты жаңа құжатпен бекіту туралы Ресейге өтініш жасайды. Жаңа орыс-түрік келісімшарты екі мемлекет арасында бейбітшілік, достық пен өзара түсіністікті жария етті, Ресей мен Түркия өз иеліктерінің біртұтастығына өзара кепілдік беріп, бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерінде бірлесіп әркет етуге келіседі. Бір тарапқа шабуыл жасалған жағдайда екінші тарап одақтасына әскери көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайда қаржылай жәрдем жасау қажет болды. Келісуші тараптарға Яссы келісімшарты, 1800 жылғы Жеті Иония аралдары туралы келісімшарт пен басқа да бұрынғы келісімшарттар күшінде қалатындығы туралы жария етілді [2] .

Бірақ орыс-түрік одағы ұзаққа созылмады. Напалеонның Аустерлиц түбіндегі жеңісінен кейін Түркия Франциямен одақ құрудың пайдасы көбірек болмақ деп ұйғарды. 1806 жылы Константинопольға келген француз елшісі генерал Себастиани Портаны Франция жағына шығаруға көндіріп, Ресей мен Түркия арасында қарулы қақтығыс тудырады. Бұл соғыс қайтадан Түркияның әлсіздігін көрсетеді. 1807 жылы көктем және жаз айларында орыс әскерлері Балқан түбегі мен Кавказда түрік әскерлерін ауыр жеңіліске ұшыратады. Соғысушы тараптар арасындағы бітім ұзаққа созылмай, 1809 жылдың көктемінде соғыс жалғасады. 1811 жылы М. И. Кутузовтың шешуші жеңісі түріктерді бітім сұрауға мәжбүр етеді. Екі мемлекет арасындағы келіссөз 1812 жылы Бухарест келісімшартының қабылдануымен аяқталады. Келісім бойынша, Ресейге Прут пен Днестр өзендерінің аралығы (Бессарабия), Хотин, Бендеры, Аккермен, Килия және Измаил қамалдары өтеді. Орыс-түрік шекарасы Прут өзенінің бойымен Дунайға дейін, әрі қарай Дунайдың Килия арнасымен Қара теңізге құятын жеріне дейін созылды. Ресей Азияда басып алған барлық жерлер мен камалдарды қайтаруға тиіс болды. Ресей Закавказьенің Арпачай, Аджар таулары мен Қара теңізге дейінгі жерлерін «еркін қосылған» аймақтар санатында өз қол астында қалдыруға құқық алды. Түркия өзне тек Анапаны қайтарып алды. Ресей Дунайдың бүкіл ағысы бойында сауда кемелерін, ал әскери кемелерін Прут өзенінің бойымен өткізуге құқылы болды. Молдава мен Валахия Түркияның қол астына қайтарылады. Келісімшарт Дунай князьдықтарының 1791 жылғы Яссы келісімшарты бойынша берілген құқықтарын бекітеді [1, б. 130] .

1. 2 Грек мәселесінің туындауы

Патша үкіметінің Түркияға қатысты жүргізген саясаты екі жақты болып келді. Бір жағынан, Түркияға Қасиетті Одақтың монархияны революциядан қорғау доктринасы таратылған болатын. Екінші жағынан, Осман империясындағы ұлт-азаттық қозғалыстарды қолдау Ресейдің мүддесінде болды. Себебі, осы қозғалыстарды қолдау арқылы Ресей Балқан түбегіндегі өз ықпалын нығайтып, еуропалық мемлекеттердің, әсіресе Австрия ықпалының өсуіне тосқауыл қоя алатын еді.

1821 жылы грек көтерілісі басталды. Морея мен Эгей теңізінің аралдарына жайылған тәуелсіздік үшін күреске айналды. Бұл көтерілістің қозғаушы күші шаруалар мен қалалық сауда буржуазиясы болды. 1822 жылы грек ұлттық үкіметі құрылады. Грек халқының ұлт-азаттық күресі Балқан түбегі, Таяу Шығыс пен Жерорта теңізі аймағындағы халықаралық қайшылықтардың шиеленісуіне алып келді. Еуропадан Солтүстік Африкаға, Таяу және Орта Шығысқа алып баратын сауда жолдарының тоғысында орналасқан Грецияда белгілі бір саяси тәртіп орнату мәселесі еуропалық дипломатияның басты мәселелерінің біріне айналып, кем дегенде он жыл бойы өзектілігін сақтап отырды.

Осы аймақта өз ықпалын нығайтуға мүдделі Ресей Түркияның езгісінде болған Балқан түбегі және Ресей гректер жағына шығып, оларға материалдық және дипломатиялық қолдау жасап, ол жеткіліксіз болып шыққаннан кейін қарулы көмек көрсетті [3] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«шығыс мәселесі»
Цинь империясының сыртқы саясатының кезеңдері
Жаңа заман халықаралық қатынастар тарихындағы Шығыс мәселесі
Қазіргі кездегі Күрд мәселесін жүйелі және кешенді түрде зерттеу мәселелері
Революция және Жастүріктердің билік басына келуі
Қасиетті Одақтың қызметі
XVII ғасырдағы Осман империясының жүргізген соғыстары
Ұлы державалардың Қиыр Шығысқа шабуылдары
Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатикалық дайындық
Осман империясы. III Сәлімнің реформалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz