Оқушыға педагогикалық- психикалық мінездеме



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Іс-тәжірибе бойынша есеп

Химия факультетінің ХО-21 тобының
студенті Талгат Айсулу
Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің "№66 мектеп - лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Өту кезеңі : 11.11.2017ж-09.12.2017 ж.
Іс-тәжірибе барысында ең алдымен біз мектеппен таныстық.Мектеп 1976 жылы салынды.Мектепте қазіргі уақытта 1427 оқушы оқиды.Мектепте оқытылу тілі: қазақша, орысша . Мектеп 2 ауысыммен оқиды. Бұндағы педагогтардың жалпы саны 110 олардың ішінде біліктілігін арттырудың деңгейлік курсын аяқтағандар саны бірінші яғни ілгері -6,үшінші базалық -11 . 2013-2014 жылдары Ең үздік білім ұйымы деген Құрмет грамотасымен марапатталды.Және сол мәтіндегі грамоталармен 2011-2012 жылдары марапатталды. Мектепте біліктілігі жоғары санаттағы мұғалімдер жұмыс істейді .Мұғалім оқушылар орындай алатын тапсырмаларды тауып ,пікір айтқысы келетіндердің барлығын тыңдап жаңа тақырып өтеді. Оқушы өз білімін ортаға салып ,басқалардың жауап пен пікірлерін тыңдап ,оларды өз білгенімен салыстырып қорытынды ой түйеді.
Топтық жұмыстарда ,мұғалім тақырыптарды бөліп береді, әр топ өз тақырыбын өзара талдап келесі топтарға жалпылама түсіндіреді, мұғалім барлығын тыңдап олардың түсінгендігін бағалайды. Сыныптағы әрбір оқушы сабаққа белсенді қатысты .
Мұғалім әрбір баланың жұмысын ,әсіресе сабаққа ынтасы төмен балаларды бақылайды, керек болса көмек, ақыл-кеңес береді және де жеке жұмыстар жүргізеді, әр оқушының деңгейіне жас және дербес ерекшеліктеріне орай тапсырма береді.
Үздіксіз тәжірибенің практикасының ерекшелігі- біз жас практиканттар өз мамандығымыз бойынша тәжірибе жинап, мектептің деңгейімен, оқушыларымен сабақтың өту барысымен таныстық. Тәжірибесі мол білікті педагогтермен ой алмасып,ақыл -кеңес алдық .
Практика туралы қорытынды ,бұл тәжірибеден мектеп оқытушыларының қызметтік міндеттері мен құқықтарымен таныстық, мектептің ішкі ереженің құжаттарын оқу үрдісін меңгердік;
Сабақ даярлаудағы оқу жоспары мен бағдарламаларды меңгердік, оларды құрудағы принциптерімен таныстық.
Педагогикалық процеске қатысып, мұғалімдердің электронды журналымен таныстық,мұғалім бізге бағалау кретерийлерін түсіндірді. Бұл іс- тәжірибе біздің болашақта білікті ,коммуникативті ,креативті мұғалім болуымызға үлкен көмек береді. Мектептің тыныс тіршілігімен таныстық, кей кездерде өзіміздің оқушы шағымызды еске түсіріп отырды. Негізгі тірек - ол мектеп шағында алған білімдер екенін түсіндік.Сондықтан әлі толық мұғалім атын алғанға дейін оқып, тәжірибе жинаймыз. Болашақта білімді ,адамгершілігі мол, бәсекелестікке қабілетті, шығармашылық ойлауға дағдыланған, жаңащыл ,үнемі іздену үстіндегі жас ұрпақты тәрбиелеуге атсалысатын боламыз. Ал қазір өз-өзімізді дамытып ,"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деген мақалға сүйеніп, жұмыс жасаймыз.
Ұсыныс ретінде, практиканы ұйымдастыруда жас практиканттар, яғни өзіміз сабақты түсіндіріп, дайындалып оқушылармен жұмыс жасасақ, өзімізге көп мәлімет аламыз және болашақ мамандығымыздың дәмін тататын боламыз.

Оқушыға педагогикалық- психикалық мінездеме
Жолдыбаева Жансая Сағатқызы 22.08.2003жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазіргі таңда Қарағанды облысы М.Жұмабаев атындағы №39 мектеп - гимназиясында 9 сынып оқушысы.
Сырт келбеті өте тартымды , орта бойлы салмағы 40 .Отбасы толық . Әкесі мектепте мұғалім болып жұмыс жасайды, ал анасы дәрігер.Отбасында үш перзент. Аружан үйінде ортаңғы бала , бір ағасы , бір сіңлісі бар. Мінезіне келсек ашық , ақжарқын , ақкөңіл, адамдармен тез тіл табысады, бірақ іске деген қызығушылығы аз. Бос уақытында кино , фильмдерді қарағанды ұнатады, әлеуметтік желіде , интернетте көбірек отырады. Ата анасын , үлкендерді сыйлайды, айтқандарын тыңдайды. Сезімтал келген соның салдарынан жүрегі жараланғыш тез ренжіп қалатыны бар , бірақ тез ұмытып ашуы тез таралады, кек сақтамайды. Көбіне үйреншікті ортаға үйренген , жаңа ортада тез кірісе қоймайды , тұйықтау болып көрінеді , дегенмен жай жай үйренісіп ашылып қарым қатынасқа түсіп кетеді. Сабақ үлгерімі орташа деңгейде гуманитарлық бағыттырда да , жаратылыстану бағыттарында да қызығушылығы бар . Қабылдау деңгейі нашарлау болғандықтан , сабақты тез түсініп тапсырмаларды толықтай орындай бермейді. Өз қызығушылығы бар алған істерін нәтижелі орындап , табандылық таныта алады.Ойға жүйрік келеді , бірақ оны іске асыруға сылбырлау. Адамдарға көмектесуге құштарлығы бар , сынып ұжымы ішінде беделі бар , достарымен жақсы қарым қатынаста. Темпераменті бойынша сангвиникпен мелонхоликке сай келеді . Өзіне сүйіспеншілігі жоғары . Тәртібі жақсы. Мектепішілік қоғамдық жұмыстарға қатысқан , жетістіктері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе міндеттері
Қазіргі заман жағдайында әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуінің әлеуметтік тарих контексті
Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру
Тәжірибенің мақсаты
Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс ұйымдастырылатын жұмысы
Әлеуметтік педагог
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс -әрекетін және жаңа технология негіздерінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Есту қабілеті нашар балаларды арнайы мектептерде оқыту және тәрбиелеудің маңызы
Қиын балаларға психологиялық көмек
Пәндер