Аристотель - ғұлама ойшыл жайлы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Аристотель - ғұлама ойшыл
  2. Таным теориясы туралы ілім
  3. Аристотельдің «Жан» туралы түсінігі
  4. Аристотельдің «Адам тәрбиесі» туралы мәселесі

ІІІ. Қорытыңды

Мақсат және міндеттері

Аристотель еңбектері көзі тірісінде реттеліп жинақталмаған. Сондықтан оның шығармалары туралы ғылымда талас әлі тоқтаған жоқ. Неміс ғалымы В. Иегер Аристотель шығармаларын ғалымның дүниетаным эволюциясы негізінде жүйелеп шыққан.

Аристотель алғашқы кезеңде, яғни Платон дүниеден қайтқанға дейін оның шәкірті, ізін қуушы бола тұрып ұстазына қарсы шығады, оның идеялар туралы іліміне сын айтады. Осы тұжырымды негізге алып, Философия институтының ұжымы «Философиялық мұра» топтамасымен Аристотельдің төрт томдық шығармаларын жарыққа шығарды. 1-томға Аристотельдің екі еңбегі енген: «Метафизика» және «Жан туралы». Құрылымы жағынан «Метафизика» дербес он төрт кітаптан тұрады.

Кеңес дәуірінде метафизиканы түсінуде теріс көзқарастар орын алды. Философия тарихында метафизика - философияның бір түрі әрі философиялық тәсіл. Аристотель метафизиканы «алғашқы философия» деп те, «құдайлар туралы ілім» деп те, жай ғана «ақыл кітабы» деп те атаған. Қазір метафизика онтология (болмыс туралы ілім) деп аталады.

«Метафизикасында» Аристотель Платонның негізгі ілімі - идеялар туралы тұжырымын сынға алады. Платон осы тұжырымында болмыс пен ілім-білім үшін түсініктің мәні мен атқаратын рөлін анықтамақ болған. Бұл мәселеде ол Сократ ілімінің танымдық мәніне сүйенеді. Аристотель де дәл осы тақырыпты өз философиясының негізгі мәселесі етіп алған. Оның Платонмен келіспеушілігі, В. Асмустың көрсетуінше, мынадай төрт мәселеге қатысты: 1. Платон «идеялар болмыстан тыс субстанция» дейді, ал Аристотель бұған қарсы. 2. Платон идеялары сезу арқылы қабылданатын нәрселерге қатыссыз. Аристотель бұған да қарсы пікір білдірген. 3. Платонның идеясына орай сезу арқылы қабылданатын нәрселер туралы Аристотель өзінше пікір айтқан, олардың байланысын көрсеткен. 4. Аристотельдің айтуынша, Платон идеялары сезу арқылы қабылданатын нәрселердің пайда болуы мен жойылуына түсінік бермейді.

Аристотель субстакция элементтері«материя» және «форма» дейді. Материалдық әлемнің төрт бастауын атайды. Олар: материя, форма, козғалыс және оның себебі, өзгерістің жаратылыстық мәні мен мақсаты және оның жойылуы. Аристотель өзгеріс себебі қозғалыс деп танығанымен, бұл мәселенің мәнін толық аша алмаған. Тек «алғашқы қозғаушы», яғни санадан тыс кұдіретті күш бар деген түсінікте болған. Ол-құдай. Сана - бақылаушы ғана.

Бірінші томға енген екінші жұмыс - «Жан туралы». Бұл - психология ғылымының бастауы болған тұңғыш еңбек. Аристотельдің айтуынша, жан - тәннің өмір сүру себебі жөне негізі. Оның жан туралы айтқан көптеген пікірлері күні бүгінге дейін өз құндылығьн жойған жоқ.

Екінші томға Аристотельдің «Ұғымдар, «Герменевтика», бірінші және екінші «Аналитика», «Топика» және «Софизмдік (грек, ойдан шығарылған деген ұғымды білдіреді) терістеулер туралы» еңбектері енген. Бұл еңбектерде Аристотель жана білім сласы логиканың негізін салған.

Үшінші том «Физика», «Аспан туралы», «Пайда болу және жойылу», «Метеорология» деген еңбектерінен тұрады. Бұл еңбектер жаратылыстың басталуын зерттеуге, яғни қазіргі физика, астрономия, химия, метеорология және геология ғылымдарына негіз болып қаланды.

Төртінші томға «Никомахтың этикасы», «Үлкен этика», «Саясат», «Поэтика» деген еңбектері енген. Алғашқы екі шығармада мораль мәселелері қарастырылады. Никомах - Аристотельдің не әкесі, не баласы. Екеуінің де есімдері Никомах болған. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, Никомах (баласы) Аристотель дүниеден өткен соң, оның мұрасын жинап кітап етеді. Содан ол кітап «Никомахтың этикасы» деп аталып кеткен. Жалпы этика Аристотельдің білімдер жіктеу жүйесінде көрнекті орын алған. Ол ғылымдарды үлкен үш топқа бөлді: теориялық, практикалық және шығармашылық ғылым. Біріншісіне философия, математика және физиканы, екіншісіне этика мен саясатты, ал үшіншісіне өнер, қолөнер және тұрмысқа тікелей қатысты ғылым түрлерін жатқызды. Этикаға байланысты әділеттілік пен әділетсіздік туралы құнды пікірлер айтқан. Ол әділеттілікті «табиғи» және «заңмен бекітілген» деп екіге бөледі. «Саясат» деген еңбегінде мемлекет мәселелеріне тоқталған. Платонның «Мемлекет» пен «Заңдарында» айтылған ойлар Аристотельдің «Саясатындв» да кездеседі. Бірақ мұнда утопиялық сарын жоқ. Ол мемлекеттік кұрылымның алты түрін атап, оларды екі топқа бөледі. Алғашқы үшеуін дұрыс, ал кейінгі үшеуін қате құрылым ретінде көрсетеді. Аристотельдің айтуынша, дұрыс кұрылымдар: патшалық билік, аристократия, полития, теріс кұрылымдар: - тирания, олигархия, демократия. Патшалық билік бір адамның билігі болғанымен халыктық мүддеге қызмет етеді; тирания да бір адамның билігі, бірақ мұнда жеке ада мүддесі ғана есепке алынады. Аристократия - аз адамдар билігі, әйтсе де бұлар бүкіл қауым қамын ойлайтын ізгі жандар; олигархия да - адамдар билігі, бірақ ол ел мүддесі үшін емес, ат төбеліндей ауқаттылар мүддесі үшін кұрылған топ.

Таным теориясы

Аристотельдің онтологиясында үш мәселе жатыр: 1) бар-лықты категориялық талдау немесе бір нәрселердің болмысы туралы ілім; 2) субстанцияларды каузальдік талдау; 3) мүмкіндік пен шындық туралы ілім немесе әлі болмыс еместің теориясы. Категорияларды 10 мағыналық топқабөледі: мән, сапа, сан, орын, уақыт, иелену, әрекет, азап шегу. . "Материя", Аристотельдің ойынша, "субстрат" (латын тілінде "негіз", "астар" деген мағынаны білдіреді) .

Материя деген ұғым, Аристотельдің түсінігі бойынша, бір жағынан субстрат, яғни негіз, бірдеңенің ішкі астары. Бұл шын мәніндегі таза мүмкіңдік қана деуге болады. Екінші жағынан материя мүмкшдік қана емес, ол іске асқан шыңдық. Айталық, егер біз"мраморды" алсақ, ол өз алдына жатқан "материя", яғни сезімдік зат. Оның осы күйінде химиялық, физикалық, биологиялық ерекшеліктері, қасиеттері бар. Оларды ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл, Аристотельдің тілмен айтқанда, "соңғы материя" болады.

Аристотельдің таным теориясындағы бір ерекшелік ол Платонның философиясындағы тар өрістілігін сынай отырып, материя мен форманың басын біріктірмекші болды. Өйткені Аристотель жаңа дәуірде, әсіресе, көне грек мәдениетінің құлдырау кезеңінде мазмұн мен форманы, материя мен, форманы біріктіре өзара тығыз байланыстыра қарамайьшша дүниенің (табигат пен қоғамның) негізін аша алмаған болар еді.

Аристотель қозғалыстың түрлері мен таным негізін зерттеу ісіне де көп мән береді. Аристотельдің пікірінше, мүмкіншіліктің шындыққа айналуын жете түсіну үшін осы айналудың формасыболып табылатын қозғалыстың жалпы белгілері мен оның нақты түрлеріне талдау жасау керек. Аристотель “Метафизикада”, “Аналитикада” т. б. еңбектерінде таным туралы ілімді дамытады. Ол обьективтік шындықты танып білуге болатындығана күмән келтірмейді. Аристотельде барлық жерде обьективтік логика субьективтікпен араласып жатады және сонымен қатар, қай жерде болса да обективтік логика көрініп тұрады.

Танымның обьективтілігінде күмән жоқ. Ақыл ойдың күшіне, танымның күшіне, қуатына, обьективтік ақиқаттылығына аңғырт сену”.

Аристотель сезімдік танымның сатылары (түйсік, қабылдау, бақылау) мен ойлау, формаларына да (ұғым, пікір, ой тиянағы) терең талдау жасайды. Ол қарапайым эмпирик қана емес, терең ойшыл эмпирик деп бағалаймыз. Аристотельдің энциклопедиялық ілімінде оның қоғамдық-саяси көзқараста елеулі орын алады. Бұл арада ақымыстының “Политика”, “Никомаха этикасы” т. б. шығармаларын атап көрсеткен жөн. Көне дәуірдегі барлық философтар сияқты Аристотель де қоғамның дамуын негізінен идеялистік тұрғыдан түсінді. Ол өзінің әлеуметтік-саяси көзқарасында құл иеленушілертабының өкілі болып, құл иеленушілікті табиғи деп таныды. Алайда оның қоғамдық-тарихи зерттеулерінің маңызы көзге дейін жайылған жоқ. өйткені Аристотель грек т. б. шығыс мемлекеттерінің өмірін суреттейтін көптеген материалдарды жинап, бір жүйеге келтірді. Аристотель “Политикада мемлекеттің, семьяның шығуын тереңірек зерттейді. Оның пікірінше, мемлекеттің пайда болуына, ең алдымен, адамдардың бірігіп жұмыс құрып, өзара қатынас жасауға ұмтылуы себеп болды. Яғни Аристотель мемлекеттің шығуын табиғи дамудың нәтижесі деп түсінеді. Ол адамдардың басқа хайуанаттардан айырмашылығы - ой еңбегімен шұғылдануында деп тұжырымдайда. Саяси іс-әрекетке ерекше мән беріп, саясаттан тысқары қалған адамдар адамшылығынан айырылып, тағы айуандарға ұқсап кетеді, -дейді.

Адамға берген анықтамасы

Аристотельдің адамға берген анықтамасы

Аристотель адамды саяси жануар деп қарауы оның адам мемлекет, қоғам жөніндегі мәселерді шешудегі ұстанымы болды. Бірақ Аристотель мемлекеттің шығу себептерін қоғамдық өмірден, ондағы даму қайшылықтарынан іздемей, адамның өз табиғаты мен мүдделерінен іздейді. Аристотель құл әртүрлі формаларына (монархия, демократия, олигархия) терең талдау жасап, олардың ішінен мемлекеттің алғашқы формасы боолып табылатын монархияны алдыңғы қатарға қояды. Мемлекет билігін қолына алған “кемеңгер адам” қоғамның материалдық және моральдық жағынан өркендеуіне зор ықпал етеді деп ойлайды. Аристотельдің этикалық көзқарасы оның адам жөніндегі ұғымына негізделген. Этикалық идеялар тек қоғамда ғана іске асырылып отырады. Платонның адамды сезімнен тыс о дүниеге тәуелді деп санауына қарсы шығып, Аристотель адамға белсенділіктің тән екендігін атап көрсетеді. Стагирктің пікірінше, мемлекеттің азаматы реелды сезімдері басылып, жаншылған жағдайда емес, қайта жер бетіндегі қасиеттіліктер мен “сыртқы игіліктерді” игеруіне сонымен бірге адамгершілік пен ғылымға деген анта жігерінің дамуына сай қалыптасады. Аристотель өз ілімінде адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипаттымасы деп таниды.

Адам -табиғилықтан және қоғамдықтың бірлігі. Бұл орайда олардың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтынын атап көрсету қажет. Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде өзінің кіші бауырларының, яғни жан-жануарлар мен хайуанаттардың тағдырын бөліседі. :туады, ауырады, ішіп-жеуге қажеттілікті басынан өткізеді, соңынан ұрпақ қалдырады, өледі. Адам бойындағы биологиялық жағдай оны хайуан бабаларымен жақындастырып, туыстырып қана қоймайтынымен бірге оның жана, жетілген биологиялық жағдайының сол жан-жануарлардан айырмашылығын да білдіретіне назар аудару қажет. Адамның қоғамдық өміріне ықпал ететін оның төмендегі тұқымдық организмі ерекшеліктерін көрсете кетуге болады:анатомиялық ерекшклігі ретінде және қоршаған орта жағдайларын жақсы көруіне қолайлы тік жүруі, икемді саусақтары бар ебдейлі қолдары, үш өлшемді көріп, кеңістікте бағытты дұрыс ұстауға жәрдемдесетін және екі жаққа емес, қарсы алдына тура біткен қырағы көзжанары, психикалық жағынан алғырлыққа бастайтын үлкен миы мен күрделі жүйке-жүйесі, дауыс ырғақтарының алуан механизмі, тілді дамытуа жасайтын көмейі мен ернінің орналасуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фараби Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ
Ғалымдар энциколопедиясы
Әл Фараби тарихи мұралары
Қазақ даласының жұлдыздары
Этика терминінің мәні мен мазмұны
Этика термині туралы
Данышпан, философ, энциколопедист, әдебиетші, ақын Әл-Фараби
Фарабидің астрономия мен астрология жөніндегі еңбектері
Əбу Насыр əл-Фараби: өмірі, шығармалары, жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz