Есімдіктер туралы



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
I.Кіріспе бөлім
II.Негізгі бөлім
а) Есімдікке жалпы сипаттама
б) Есімдіктің мағыналық топтары
II. Қорытынды
Пайдаланылғын әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Есімдіктер - сөз таптарының бірі. Белгілі бір заттың атын, сынын, санын атап көрсетпейтіндіктен, осы сөз табына енетін сөздердің нақтылы мағыналары, көбінесе, контексте яғни өздерініен бұрын не соң айтылған сөздермен айқындалады: Ол, Оразбай, қалаға кетісімен Әзімбайға кісі алған.
Есімдіктердің бір қатары сөйлемнен тыс жеке,дара тұрғанда, олардың нақтылы мағынасы айқындалмай екі ұшты болып тұрады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері өзінен бұрын айтылған есім сөздерінің орынбасары болып саналады.Сондай-ақ есімдіктер диалогты сөйлемдер де келсе, дәл сол сөйлемдерден бұрын айтылған сөйлемдерде ғана есімдіктердің дәл, тура мағыналарын білуге болады. Егер есімдіктер монолог түрінде айтылған сөйлемдерде кездессе, онда оның нақтылы мағыналары сол сөйлемнен, не сөзден бұрын сөйлемдермен байланысты анықталады.
Жұрнақтар жалғану арқылы басқа сөз таптарынаан есімдіктер жасалмай, бір-бірімен не бірігу не бір-біріне жұрнақтар қосылу арқылы өз ішінде лексика-грамматикалық мағыналары сараланып жатады.Есімдіктер әдетте негізгі сөздік қормен байланысты келеді де, бұл топқа енетін сөздерде кірме сөздер аз болады. Сондай-ақ есімдіктерде зат есім, сан есім, етістік, үстеулерде кездесетін күрделі түрлері де аз.
Есімдіктер - зат есім сияқты септелетін, тәуелденетін, көптелетін грамматикалық категориялардың бірі.
Есімдік құрамы және семантикалық топтары. Есімдіктер тұлғалық құрамына қарай төртке бөлінеді:негізгі түбір тұлғалы: мен, сен, ол, өз, біз, сіз, қай т.б. Туынды түбір тұлғалы: қандай, қанша,неше, нешеу т.б. Біріккен түбір тұлғалы: ешқашан, әркім, бірнеше. Осы сияқты не сөзімен ықшамдалған көсемшелі етістік бірігіп жасалатын неғып сөзі бар.
Сонымен, морфологиялық жағынан түрленетін сөздердің тобына жаттын есімдіктер септік, көптік, және тағы басқа жалғаулы зат есім сияқты бір ізбен түрленеді. Олардың лексикалық мағынасы морфологиялық ерекшеліктері, синтаксистік қызметі әр алуан.
Есімдіктердің мағыналары тым жалпы болғанымен, ол мағыналар түптеп келгенде зат және заттық белгі деген ұғымдармен ұштасып, жалпы зат не заттық белгі деген ұғымдарды білдіріп, сол ұғымдардың жалпы түрдегі атауы болып келеді. Сондықтан да олардың осы заттық және заттық белгісі деген ұғымдарды жалпыла ма болса да,бойына сақтау қасиетіне байланысты, есімдіктер атауыш сөздер қатарына жатқызылады.
А.Байтұрсынов Тіл тағылымы

Есімдер тобына жататын сөз табының бірі - есімдіктер. Есімдіктер заттың атын,санын, сынын я олардың аттарын білдірмейді, бірақ олардың орнына жұмсалады.Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреде.Есімдіктердің мағыналары жалпы болғанымен, олар қандай сөздердің орнына қолданылуына қарай, ол сөздердің негізгі мағыналарына сәйкес зат немесе заттық белгімен байланысты ұғымдарға ұштасып жатады.
Қазақ тілінде есімдік дербес сөз табы ретінде қарастырылып жүр. Ал орыс тілінде бұл мәселеде екі түрлі көзқарас болды. Ғалымдардың біразы есімдіктң есім сөздермен бірге қарау керек десе, кейбір ғалымдар есімдік өз алдына жек сөз табы болу керек деп санайды. Есімдіктерді есім сөз таптарымен бірлікте қарау керек дейтін пікір ұстанушы ғалымдардан А.А.Шахматов, А.М.Пешковский, А.Н.Гвоздевті атауға болады. Ал есімдікті жеке сөз табы деген көзқарасты дәлелдеушілер: В.В.Виноградов, Е.Н.Сидоренко т.б.
Қазақ тілі білімінде есімдіктер мәселесі А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, А.Ибатов, А.Төлеуов еңбектерінен орын алған. Аталған ғалымдардың қай-қайсы да есімдіктерді орынбасар сөздер ретінде қарастырды. Мәселен, А.Байтұрсыноа есімдікке былайща анықтама берді:
Есімдік дегеніміз - есімдердің, яғни зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына жүретін сөздер . Ғалым есімдікке осылайша анқтама бере отырып, есімдікті мағыналық жағынан бес топқа бөледі. Олар: 1) жіктеу есімдігі, 2) сілтеу есімдігі, 3) сұрау есімдігі, 4) жіктеу есімдігі, 5) танықтық есімдігі. Көріп отырғанымыздай, есімдіктердің саны да, атауы да қазіргіден басқаша. Сондай-ақ ғалым жіктеу есімдігі деген атауды екі рет қолданып, біріншісіне қазіргі мен, сен, сіз, ол деген жіктеу есімдіктерін жатқызса, екіншісіне бәрі, барша деген қазір жалпылау есімдіктері аталып жүрген есімдіктер тобын кіргізеді.
Профессор Қ.Жұбанов есімдікке: Орынбасар есім (есімдік) деп түбірдің де, қосалқы шылаулардың да орындарында жүре беретін түбірлерді айтамыз- деген анықтама береді. Қ.Жұбанов есімдікке мынадай сөздерді жатқызады: мен,сен,ол (зат есім орнына), бұл,сол,ол (зат пен сын орнына), мұндай,сондай (сын есім орнына), сонша, мұнша,бұ да, олай, бұлай, өйтіп,сөйтеді (етістік орына), өйткені, онда (жалғауыш орнына), т.т. Ғалым есімдік деп таныған сөздердің ішінде есімдіктер де, есімдіктен басқа сөз таптарына қатысты сөздер де араласып жүр.
А.Ысқақов есімдіктер деп: Заттың белгісін білдіретін сөздердің орын басарлары- деп сиппаттайды.
Ғалым Ә.Төлеуов: Жіктеу, сілтеу, сұрау есмідіктері өзінен бұрын айтылған есім сөздердің орынбасары болып саналады.-деп, орынбасарлық қызметті есімдіктің белгілі бір топтарына ғана жатқызады.
Есімдіктерді арнайы зерттеген- ғалым А.Ибатов. Ғалым А.Ибатов есмідіктердің сөз табы ретіндегі тұлғасын, олардың мағыналық топтарын жеке-жеке сөз етеді. Ғалым: Қазақ тіліндегі есімдіктер өзге де сөз таптары сияқты сөздерді таптастырудың белгілі жүйеге түсіп қалыптасқан негізгі үш принципіне сай лексика-семантикалық мағынасына, морфологиялық белгілеріне және синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы болып бөлінеді- деп, ... оларға 1) мағыналары тым жалпы, 2) контексте қолданылу мақсатына қарай әр қилы нақтылы мағыналарға ие болып отыратын сөз табы, 3) әрқашан субъективті қатынаста қолданылатын- деген түсінік береді.
Есімдіктердің өзіндік тарихи дамуы бар, өйткені есімдіктер көне сөздер сапынан орын алады. Бұл туралы А.Ибатов: Есімдіктердің өте ерте заманда пайда болуы, ең алдымен, олардың мағыналарының тым жалпылама түрде келуінен көрінсе, олардың түбір сөздері мен қосымшаларында кездесетін өте көне формалардың сақталып қалуынан да айқын көрінеді- дейді.
Сұрау есімдіктерін зерттеген Б.Омарова. Ол сұрау есімдіктерін арнайы зерттеу нысаны етіп, жалпы сұрау қоюдың заңдылықтары мен ерекшеліктерін, сұрау есімдіктерінің граматикалық сипатын анықтаған. Б.Омарова есімдіктердің нақты мағынасы болмайтыны туралы қағиданы шартты деп түсіну керектігін айта келіп, былай дейді: Олай дейтін себебіміз есімдіктердің семантикалық тұлғасын контекске ғана қатысты деп кесіп айтудың қисыны жоқ. Өйткені есімдіктер тілімізде жеке дара сөз табы болғандықтан, ол жеке дара тұлғада да өзіне тән мағыналық бөлшектерді танытады деп білеміз. Мысалы, мен,ол,кім,не,әлдекіме есімдіктері заттық ұғымды көрсетсе, қандай,әлдеқандай,әрқашан есімдіктерінде сапалық мән бой көрсетеді. Шынында, есімдіктердің жалпылама, абстракт мағынасы контекст ыңғайында нақтылана түседі, алайда сөз табы ретіндегі жеке дара тұлғада да өзіне тән мағыналық бөлшектерді білдіретіндігі де шындыққа жақын.
Есімдіктер зерттелген сөз таптарының қатарына жатады. Дегенмен, есімдіктердің әр мағыналық тобының жеке зерттеуді қажет ететін тұстары баршылық.
Есімдік - басқа сөз таптарынан ерекшелігі мол сөз табы. Есімдіктің басты ерекшелігінің бірі - оның өте жалпы мағынасы.Дәл есімдіктей жалпы лексикалық мағыналы бір де бір сөз табын көрсету мүмкін емес. Сондықтан есімдіктің жалпы мағынасы оның негізгі ерекшелігі болып саналады.
Есімдіктің жалпылық мәні өлшеусіз кең, тиянақсыз жалпылық түрде келетін есмідіктерге ғана тән қасиет есімдіктің негізігі беглісі болып саналды. Бірақ есімдіктің бұл мағыналық жалпылығы сөйлем мазмұнын түсінуге кедергі келтірмейді, өйткені сөйлемде, не бұрынғы сөйлемде орнына есімдік қолданылған сөз айтылып, сол арқылы есімдіктің қандай ма,ынада қолданылып тұрғаны айқындалып тұрады. Сөйтіп, есімдік-әр қилы заттар мен құбылыстар, белгілердің қайсысын болса да, таңдамай көрсете беру дәрежесіндегі өте кең көлемдегі жалпылық дәрежедегі сөздер. Бұл жалпылық мағына- барлық есімдіктерге тән қасиет.
Есімдіктің мағынасы сөйлеу әрекетімен, яғни ол сөйлемде не туралы айтылғанымен, сөйлеуге қатысушылармен тікелей байланысты. Мысалы, мен-сөйлеуші, сен-тыңдаушы, мына сөйлеушіге жақын зат т.б. Мұны ғылымда есімдіктің дейктикалық қызметі дейді, ол сөйлеу әрекетіне қатысушыларды білдідері. Сөйлеу әрекетіне қатысушылар сөйлеуші мен тыңдаушы болуына байланысты есімдіктер көбіне субъектімен байланысты болады. Есімдік сөзлер әрқашан сөйлеуші не басқа да құбылыстарға, олардың сапалары, қасиеттеріне қатыснасын көрсетуші сөздер болып саналады.

Сөйлемде есімдіктің қандай мағынада қолданылғанын білдіретін сөздер болады. Ол ғылымда анафора деп аталады. Есімдіктің анафоралық қызметі есімдіктің қай сөздің орнына қолданылғанын білдіреді.
Есімдік сөйлемде әр түрлі заттармен, бейнелермен байланысты қоланылады, олар сөйлеушілер мен тыңдаушыға белгісіз де бола береді.
Есімдіктің қолданыста қандай типтегі заттарға, белгілерге қатысына, белгісіне келгенде, кім? қандай? Қанша? Сұрақтарына сөйлеуші тыңдаушыдан жауап күтеді.
Сөйлеушіге де, тыңдаушыға да белгісіз зат пен белгі болғанда, әркім, әрбір, әлдекім, әлдене, әлдеқашан, әлдеқалай сияқты есімдіктер қолданылады.
Заттарға қатысты белгілер туралы сөз болғанда, барлық, күллі,түгел, бәрі сияқты есімдіктер қолданылады.
Айтылып отырған зат пен белгінің қатысы жоқ зат пен белгі туралы сөз болғанда, ешкім,ештеме,ешқандай,ешқашан сияқты есмідіктер қоладыналды.
Сөздерді таптастыру ұстанымы тұрғысынан алғанда, сөздерді таптастырудың бір- ұстанымына яғни семантикалық ұстанымға есімдіктің жалпылық мағынасы жауап береді, өйткені жалпылық мағына- бүкіл есімдік сөдерге ортақ мағына.
Сөздерді таптастырудың екі- ұстанымға морфологиялық көрсеткіштер тұрғысынан алғанда , есімдіктің өзіне тән граматикалық катигориясы, өзіне ғана қатысты сөз түрлендіру парадигмасы жоқ. Бірақ есімдіктер түрленбейтін сөздердің тобына жатпайды. Есімдіктер өзінің табиғатында түрлі сөздердің орнына қолданылатын сөздлер болғандықтан, олар қай сөз табының орнына қолданылса сол сөз табының түрлеру жүйесімен түрленеді. Әсіресе, есімдіктер зат есімнің орнына көп қолданылатын болғандыұтан, зат есім парадигмаларымен жиі қолданылады, ол жіктеу есімдіктеріне қатысты.
Сөздерді таптасырудың үш ұстанымы- тұрғысынан алғанда, есімдіктің синтаксистік қызметі оның табиғатымен тікелей байланысты. Есімдік белгілі бір синтаксистік қызметке байлаулы емес, ол қай сөз табының орнына қолданылса, сол сөз табының синтаксисьтік қызметін атқара береді.
Сөздерді таптастырудың белгілі жүйеге түсіп қалыптасқан негізгі үш принципіне сай , қазақ тіліндегі есімдіктер де лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық ерекшеліктері және синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы болып бөлінеді.
А.Ибатов Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихы

Жеке тілдерге тән есімдіктер жүйесі мен ондағы есімдіктердің жеке топтарын сөз етуге арналған зерттеулер қатарында: Н.К. Дмитриевтің Указательные местоймениях в османском языке, Об указательных местоймениях в башкирском языке; Н. Сауранбаевтың Есімдіктер; Ш.Сарыбаевтың К вопросу о местоймении казахском языке; А.Төлеуовтың Қазақ тіліндегі есімдіктер; А.Ибатовтың Қазақ тіліндегі есімдіктер; А.Боржаковтың Түрікмен тіліндегі есімдіктер сияқты еңбектерін атауға болады.
Бұл келтірілген еңбектердің бәрінде де жеке авторлардың есімдіктер тарихы және олардың құрамы мен қалыптасу жүйесі т.б. мәселелер жайында айтқан пікірлері көп-ақ. Ондай ойлар жұмыс ішінде есімдіктердің әрбір жеке топтарын және жеке сөздерін талдау кезінде арнайы түрде аталып отырады.
Есімдіктердің қай кезде, қай замандарда пайда болғанын дәлдеп айту қиын.Бірақ ғалімдар арасына кең тараған пікірлер бойынша, есімдіктер өте көне заманда пайда болған сөздер қатарына жатқызылады.
Есімдіктердің өте ерте заманда пайда болуы, ең алдымен, олардың мағыналарының жоғары дәрежеде абстракциялануынан, яғни мағыналарының тым жалпылама түрде келуінен көрінсе, екіншіден, олардың түбір сөздері мен қосымшаларында кездесетін өте көне формалардың сақталып қалуынан да айқын көрінеді.Сонымен қатар есімдік сөздердің әр тілдің өзіндік ерекшелігіне қарай аздаған өзгешеліктері болмаса, барлықтүрік тілдерінде біріңғай сөздер болып келуінен де білінеді.Мысалы, қазақ тіліндегі мен, сен есімдіктері өзге түрік тілдерінде, айталық, түрікмен, құмық қарачай, қарақалпақ, өзбек,ойрот, шор, қырғыз, алтай тілдерінде мен, сен; гагауз, карайм, ноғай тілдерінде бән, сән; азербайжан, ұйғыр, тува тілдерінде мән, сән;түрік тілдерінде бен, сен; татар, хакасс тілдерінде мин, син; башқыр тілінде мин, һин боп қолданылады.Бұл сөздер жеке тілдердің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты, кейбір фонетикалық өзгешеліктерімен ғана ажыраасатыны болмаса, барлық түрік туыстас тілдерде бір түбірге тән сөздер екені өте анық байқалады.Сол сияқты, көптеген есімдік сөздер белгілі бір грамматикалық көрсеткіштер арқылы немесе қолдану мақсаттарына қарай өзге сөз таптарына және грамматикалық кқрсеткіштер қатарына да айналып кеткені байқалады. Есімдіктердің бір кездерде өзге категорияларға, яғни қосымшалар мен грамматикалық көрсеткіштерге ауысу қабілеті өтк күшті болғаны ерекше көзге түседі. Бұл жағдай негізінде жіктеу есімдіктерінде кездеседі.Мысалы : мен, сен, ол жіктеу есімдіктерінен - мын, -мін, -сың, -сің сияқты жіктік жалғаулары және - м, -ң, -ы сияқты тәуелдік жалғаулары; біз, сіз жіктеу есімдіктерінен - мыз, -міз, -сыз, -сіз сияқты көптік, сыпайылық мәндегі жіктік жалғаулары және тәуелдік жалғаулары жасалған.
Есімдіктердің шығу тегі дегенде, ең алдымен, көзге түсетін және ерте кезден бастап-ақ зерттеушілердің көңілін аударған мәселе - жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерінің генегикалық байланысы.Сілтеу есімдіктері мен жіктеу есімдіктерінің арасындағы генетикалық байланыс туралы пікір алғаш рет О.Бэтлингктен басталады. Кейіннен В.Радлов бан, сан сөздерінің ба және са сияқты таза түбрлерін бөліп алып қарауынан бастап, бұл мәселе біраз зерттеушілердің негізгі зерттеу объектілерінің біріне айналады.
Сілтеу есімдіктері мен жіктеу есімдіктерінің генетикалық байланыстары жөнінде арнайы жазылған екі мақала бар. Олардың бірі - А.П.Поцелуевскийдің Жіктеу және сілтеу есімдіктерінің тегі деген мақаласы да, бірі - Н.А.Баскаковтың Түрік тіліндегі жіктеу және сілтеу есімдіктерінің мағыналық байланыстары жөнінде деген мақаласы.
Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.Есімдіктер белгілі бір ойды я түсінікті жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді.
Есімдіктер шығу төркіні жағынан екі топқа бөлінеді: оның бір тобына өте ерте заманнан келе жатқан байырғы (көне) түбір есімдіктер енеді де, екінші тобына тіліміздің даму, жетілу процестерімен байланысты, кейінгі замандарда пайдаболған, демек, соңғы кездерде туып қалыптасқан есімдіктер жатады.
Алғашқы топқа жататын есімдіктер әрқашан негізгі түбір сөздер сипатында болады. Бұған мен, сен, ол, біз, сіз, міне, бұл, осы, сол т.б. сияқты қазіргікезде бөлшектеп талдап жатуды қажет етпейтін түбір тұлғалы сөздер жатады.
Есімдіктердің екінші, кейінгі (жаңа) тобына мынадай үш түрлі есімдік сөздер жатады.
Біріншіден, бұған белгілі бір категорияға тән сөздердің мағыналары өзгере келе есімдіктер дәрежесіне ауысуы арқылы , демек, лексикалық жолмен жасалған: бір, бар, біреу, бүкіл, түгел т.б. сияқты есімдіктер, әр, күллі, пәлен сияқты басқа (араб,парсы) тілдерден ауысып енген сөздер жатады.
Екіншіден, морфологиялық тәсіл арқылы жасалынған сөздерге сұрау және сілтеу сияқты негізгі түбір есімдіктеріне, мысалы, -у элементінің (нұсқау, сілтеу мәнін білдіретін форма) қосылуы арқылы жасалынған анау, мынау, сонау тәрізді есімдіктер жатса, сонымен бірге, оларға әр қилы формалар арқылы жасалған: барлық, барша, қанша,неше, қандай, нешінші тәрізді есімдіктерде жатады.
Үшіншіден, синтаксистік тәсіл арқылы жасалынған есімідіктер тобына бірдеңе, әлдеқайда, бірнеше, кейбіреу, әрбір, ешкім, ешқайсы, әлдеқашан сияқты жеке сөздерден құралу арқылы жасалынған күрделі есімдіктер және кімде-кім, қай-қайсы, бірде-бір сияқты қосарланып қолданылатын күрделі есімдіктер жатады.
Синтаксистік жағынан есімдіктер, әр түрінің ерекшеліктеріне қарай, демек, қай сөз табының орнына жүретініне қарай, бастауыш та, толықтауыш та, анықтауыш та, баяндауышта болып қызмет атқара береді.Дегенмен, мағыналық ерекшеліктеріне қарай , әрбір есімдік белгілі бір синтаксистік қызметтерге бейім болып отырады.
Қазақ тілінде есімдіктер сан жағынан көп емес,не бәрі 60-70 сөз.Бірақ олардың атқаратын қызметі орасан зор.
Жұртқа белгілі, сөз таптары тарихи категориялар қатарына жатады. Тарихи категория болғандықтан, олар сан және сапа жағынан үнемі өзгерістерге түсіп отырады. Есімдіктер табиғатынан да біз осы заңдылықты көреміз.
Тіл мамандарының айтуына қарағанда, тілдің даму тарихының алғашқы кезеңінде сөздер қазіргі күндегідей болып таптастырылып, жіктері ажыратылмаған. Сөз таптарының танылып жүрген қазіргі түрлері - тілдің даму процесінің бергі дәуірлерінде пайда болған категориялар. Міне, сол категориялардың бірі - есімдіктер категориясы.
Есімдіктер - адам баласының көптеген ұ,ымдарды тез және қысқа түрде жеткізу әрекетінде, сөздерді орынсыз қайталай бермеуге және өз сөздерін ықшамдап жеткізуге әрекеттену негізінде келіп пайда болған сөздер.
Есімдіктер қазақ тілінің сөздік құрамында сонау көне заманнан бері қолданылып келе жатқан, демек, оның негізгі сөздік қорының құрамынан тиянақьы орын алған байырғы сөздердің қатарына жатады.Есімдіктердің көне замандағы тұлғалық және мағыналық та түрлері мен қазіргі қолданылу дағдысындағы нормалық шегін бірдей деп айтуға келмейді.Тілдің даму тарихының алғашқы кезеңінде қай сөздің болса да түр-тұрпаты дәл қазіргідей болмаған сияқты, есімдіктердің де түр-тұрпаты тіпті басқаша, сан жағынан да шағын сөздер.Бертін келе ол сөздер форма жағынан көптеген өзгерістерге еніп, мағыналық неше алуан құбылыстарға көшу және көптеген жаңа сөздердің пайда болуы негізінде сан жағынан да, сапа жағанан да өрістеген.
Есімдер сөз тобына жататын сөз табының бірі - есімдіктер.Есімдіктер заттыі атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейді, бірақ солардың (зат есім, сан есім, сан есімдердің) орнына жұмсалады.Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді.Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.Есімдіктердің мағыналары қаншама жалпы болғанымен, олар есімдіктер қандай сөздердің орнына қолданылуына қарай, сол сөздердің негізгі мағыналарына сәйкес заттық, сындық, сандық т.б. зат немесе заттық белгімен байланысты ұғымдарға ұштасып жатады.Есімдіктердің бәріне де тән, бәріне де ортақ деп есептерліктей я танырлықтай белгілі бір жүйелі формалары немесе өзгеру тәсілдері жоқ. Бұл ерекшелік негізінде есімдіктердің іштей субстантивтік және атрибутивтік болып мағыналық екі жікке бөлінуімен байланысты.
А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

Лексика-семантикалық сипаты
Есімдіктерді сөз табы деп тануда негізінен лексика-семантикалық принцип басшылыққа алынады. Өйткені есімдіктердің мағыналары өзге сөз таптарының мағыналарына қарағанда көптеген өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланып, айрықша көзге түсіп тұратын мағыналар болып келеді. Бірақ есімдіктерді жеке сөз табы деп танудың негізгі принципі олардың лексика-семантикалық белгісі дегенде, есімдіктердің өзіндік кейбір грамматикалық ерекшеліктерін сырт қалдыруға болмайды.
Есімдіктер - мағынасы тым жалпы сөздер.Есімдік сөздер сөйлемнен тыс жеке-дара тұрғанда немесе сөйлесе ішінде қолданылғанымен өзіне қатысты басқа сөздер және оқиғалардан бөлек алынғанда, мағыналары қашан да дәл нақтылы болып келмей, өте жалпылама қалыпта кездесіп отырады.Есімдіктердің жалпылама мағыналары белгілі бір сөйлемдер де, контексте қолдану ретіне қарай және сөз тіркестері мен сөйлемдерде берілген ойдың жүйесіне қарай әр қилы нақтылы мағыналарға ие болып отырады.
Есімдік сөздердің мағыналық ерекшелігінің келесі бір өзіндік белгісі - олардың әрқашан субъектімен байланысты болуы.Есімдік сөздер әрқашан сөйлеуші немесе сөйлемдегі субъектінің субстанцияларға, құбылыстарға және олардың сапалары мен қаситеріне қатынасын көрсетуші сөздер болып табылады.Бұл қатынастар есімдіктердің өз ішінде тікелей нұсқау, аралық қатынас, белгісіздік т.б. сияқты болып келе береді.Қатынастардың осылайша әрқилы болып келуі ешқашан субстанциялар мен құбылыстардың қасиеттері мен сапаларына байланысты тумайды, қайта керісінше ,оларға арналған субъектілік қатынастың негізінде, қатынастың субъектімен тығыз байланыста болуы негізінен барып пайда болады. Мәселен, жіктеу және өздік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есімдіктің граматикалық ерекшелігі мен мағыналық тобы
Жіктеу есімдіктер
ЕСІМДІК. ЕСІМДІКТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Ағылшын тіліндегі есімдік және олардың атқаратын қызметтері
Қазақ тіліндегі есімдіктердің зерттелу тарихы
Есімдіктер - мағынасы тым жалпы сөздер
Есімдікті тіркестер
Есімдік сөз табы
Есімдік туралы
Есімдік және оның мағыналық түрлері. Есімдіктің лингвистикалық қызметтері
Пәндер