Тілдік қатынасқа жалпы анықтама



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I.Тілдік қатынасқа жалпы анықтама
II.Тілдік қатынасты зерттеген ғалымдар
III.Тілдік қатынастың зерттелу тарихы

Кіріспе
Қарым-қатынастың түрлері көп. Тілдік қатынасы - тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен карым-қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу, яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі тілдік қатынас дегенді білдіреді.
Тілдік қатынас жүзеге асу үшін, айтылған не жазылған хабардың қабылданып, оған жауап қайтарылуы, яғни істің ортақ атқарылуы -- басты шарт. Сөйлесім - осы басты шартты және ортақ тілдік әрекетті аңғартатын сөз.
Тілдік қатынас - сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді.Өмірде адамдар тек тілмен сөйлесу арқылы ғана бір-бірімен түсініспейді, кейде әр түрлі жағдайларға байланысты олар бір-бірін тілсіз-ақ ұғып, соған қарай іс-әрекет жасайды. Мәселен, көшеде келе жатқанда, адамдар түрлі жарық көздеріне, естілген дыбыстарға назар аударып, соған өздерінше жауап қатады, соған сай әрекет жасайды. Сол сияқты жол белгілерінің әр түрлі үлгілері немесе таңбалары адамға белгілі бір жайдан хабар береді де, адам оны қабылдап, түсініп, осыған байланысты қозғалады.

Тілдік қатынас күрделі қоғамдық-әлеуметтік құбылыс бола келіп, көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Бұл саланың басқа ғылымдар негізінде қалыптасып, тіл білімінде жетекші орын ала бастауы - кейінгі жылдардың жемісі. Сондықтан тілдік қатынас мәселесінің түпкі тамырларын белгілей отырып, оның ғылымдағы орнын және онымен тікелей байланысты ілімдермен ара қатысын айқындаған жөн.Тілдік қатынас - адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту. пікірлесу т.б әрекеттеріне тікелей қатысты құбылыс. Сондықтан тілдік қатынасқа тікелей байланысты құбылыстардың теориялық негіздерін анықтау; айтылған, берілген, жазылған хабарды қабылдаудың әдіс-тәсілдерін айқындау; сол сияқты қарым-қатынас құралдары мен тұлғаларын, олардың қолданылу жолдарын белгілеу қазір өзекті мәселелер қатарына жатады. Осы мәселелерді жан-жақты оқыту мен үйрету олардың ғылымда өзіндік анықтамасын беруді, тілдік қатынас құбылыс теориялық және әдістемелік жақтан арнайы зерттеуді қажет етеді.
Тілдік коммуникацияның лингвистикалық негізі қарым-қатынас құралы тілге байланысты екені анық. Лингвистика тіл туралы ілім болса, тілдік қатынас сол тілдің қарым-қатынасқа қатысты ерекшеліктерін қамтиды.
Тілдік қатынас ТҚ қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады. Оның қоғамда алатын орны тілдің атқаратын қызметінен көрінеді. Қатысымдық тұлғалар тіл ғылымының салалары -- лексикология, семасиология, грамматиканың зерттеу объектілерімен қатар қолданылады. Қатысымдық тұлғалар мен тілдік тұлғалардың өзіндік ара қатысы, байланысы бар.Қазақ тілін оқыту мәселесінің көрнекті тілші - ғалымдардыңи зерттеу еңбектері мен оқу құралдарында өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап сөз болғандығы. А.Байтұрсыновтың Оқу құралы , Баяншы, Әліппе еңбектеріндегі тілдің қатысымдық табиғатының қарапайым түсіндірілуі. Ғалымның айтуы бойынша тілдік қарумен қарым-қатынастың екі түрге бөлінуі: жазумен сөйлесу және ауызбен сөйлесу процестері.
Тілдік қатынас мәселесін зерттеуші ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, тілдік қарым-қатынасты қамтамасыз ететін сөйлесім әрекеті төрт түрге бөлінеді: айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым.Бұл ұғымдарға қазақ тілінде берілген нақтылы анықтама жоқтың қасы. Тіптен орыс тілі мен шет тілін оқыту мәселелеріне байланысты зерттеу еңбектерінің өзінде де сөйлеу, оқу, жазу, тыңдауға қатысты жазылғанмағлұмат аз.
Лингвистикадағы тілдік қатынас мәселесін жан-жақты қарастырып, белгілі бір тұжырымға келген автордың бірі - Э.П.Шубин. шет тілдерін оқытудың қағидалары мен әдістемелерін сөз ете отырып, жалпы тілдік қатынастың құрамын, олардың атқаратын қызметін, оқытудың мақсаты мен мазмұнын, тілдік құралдары анықтауға тырысады. Оның бұл проблемаға қатысты өзіндік пікірлері бар. Ол көзқарастардың ұғымды жақтары да, субъективтік жақтары да кездеседі.
Э.П.Шубин тілдік қатынасы хабармен алмасудың тұтас жиынтығы дей келіп, негізінен, тілдің дыбыстық жүйесі мен таңбалық ерекшелігіне көңіл аударады:Тілдік қатынастың осындай ерекшеліктерін атап өте келіп, Э.П.Шубин оның тілдік қатынастан тілсіз қатынастың екі түрлі айырмашылығы бар деп есептейді.Э.П.Шубин айтып отырған тілдік қатынас бүкіл хабардың тұтас жиынтығы деген анықтамамен келісуге болады. Бірақ мәселенің негізі мынада: тілдік қатынас жалпы хабардың, ақпараттың тұтас жиынтығынан тұратын болса, онда хабардың тұтас комплексті жиынтығы неден құралады, оның басты құрамы қандай деген сауалды шешуге тура келеді.
Тілді зерттеуші ғалымдар тілдік қатынас құбылысына байланысты үш кезеңді атап өтеді, олар мыналар:
1. Хабардың дұрыс айтылуы, шығуы. Мұнда синтаксистік
заңдылықтар, яғни грамматикалық единицалардың айтылуы,
дыбысталуы ерекше көзге түседі.

2. Айтылуға тиісті мағынаның дұрыс жеткізілуі, айтылар
ой мен айтылған тілдік құралдың тепе-теңдігі. Мұнда
семантикалық заңдылықтар басым роль атқарады.

3. Әңгімелесуші - екінші адамның хабарды дұрыс
қабылдауы. Е.И.Пассов осы үш кезеңді баяндай келіп, тілдік
қатынастың толық жүзеге асуы үшін ең бастысы - үшінші
кезең, алдыңғы екі кезең қарым-қатынасты іске асырмайды,
бірақ өкінішке орай тілдік қатынаста біз осы үшінші кезеңге
жете бермейміз, яғни қарым-қатынаста бірінші және екінші
кезеңдерде тоқтап қалып қоямыз деп көрсетеді.
Тілдік қатынас құбылыстарына тілдердің конвергенциясы тұрғысынан қарастыру 20-30 жылдардағы Ресей ғалымдарының еңбектерінен де кездестіруге болады. Бұл ең алдымен Л.В. Щербаның еңбектері. Тілдерді конвергенттік тұрғыдан сипатталуына айрықша үлес қосқан Прага лингвистикалық үйірмесінің Н.С. Трубецкой, Р.О. Якобсон, Б. Гавранек секілді ғалымдарын да атап өту қажет. Тілдік қатынас терминін 50-ші жылдардың басында алғаш рет ұсынған француз ғалымы Андре Мартине болатын. Ал бұл терминді кең қолданысқа түсіріп, ары қарай дамыта түскен танымал ғалым Уриэль Вайнрайх. Уриэль Вайнрайхтың 1953 жылы жарық көрген Тілдік қатынас атты атақты еңбегі (Languages in Contact) осы бағыттағы іргелі зерттеулерге негіз болды. Тілдік қатынас мәселесіне қатысты тұжырымдамалардың терең әрі жан-жақты қарастырылып, дамуы ең алдымен мынадай шетелдік және отандық ғалымдардың есімімен тығыз байланысты: И.А. Бодуэн де Куртенэ, Л.В. Щерба, Н.С. Трубецкой, Э. Сепир, А. Мартине, У. Вайнрайх, Г. Шухардт, Э. Хауген, В.Ю. Розенцвейг, Г. Пауль, Т.П. Ильяшенко, В.В. Климов, Б.А. Серебринников, Н.Б. Мечковская т.б. Ал отандық ғалымдардан А.Е. Карлинский, Б.Х. Хасанов, Э.Д. Сүлейменова, К.М. Әбішева, З.Қ. Ахметжанова және т.б. Тілдік қатынас - тілдердің құрылымына, сөздік қорына ықпал ететін екі немесе одан да көп тілдердің бір немесе іргелес тілдік кеңістікте қатар өмір сүруі және өзара байланысы.Тілдік, тілсіз қатынас та адамдардың өзара түсінісуіне жол ашады. Ұғынысу тікелей жолмен емес, сырттай болуы да мүмкін, бәрібір адамның белгілі бір хабарды үғып, соған қатысты іс-әрекет жасауына мүмкіндік болады. Алайда тілдік қатынас адамдардың бір бірімен ұғынысуын, ойын еркін, толық жеткізуінде ерекше қызмет атқарады. Оның осы ерекшелігіне ғалымдар баса көңіл аударады. Мәселен, Г.В.Колшанский: Языковая коммуникация -- это прежде всего общение с помощью языка в целях установления взаимопонимания, - деп, тілдік қатынасты өзара түсінісудің тіл арқылы жүзеге асуы деп бағаласа, И.М.Кобозева оны ойдың тіл арқылы берілу тәсілі дей отырып, бұл процесті сөйлеуге қатысты қарым-қатынаспен байланыстырады: ...это способ передачи мысли посредством языка, объективируемый в форме речевого акта -- этого элементарного звена речевого общения
1922-1931 жылдардың көлемінде қазақ тілін оқыту, үйрету әдістемесіне байланысты көптеген пікірлер мен көзқарастар сол кезеңдегі Айқап, Қазақ, Қазақ тілі, Мұғалім, Шора, Шолпан, Сана, Жаңа мектеп сияқты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдік қатынас негіздері
Ұжымдық қарым - қатынастың психолингвистикалық аспектілері
Болашақ педагогты мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға даярлаудың теориялық негіздері
Сөйлем және пайымдау
Ағылшын тілі лексикасының сөздік қорының сипаттамасы
Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы
Маркетинг және тілдің прагматикалық аспектілері
Тіл біліміндегі жүйе және құрылым терминдерінің түсіндірілуі
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері
Тілдік сәйкестіліктің орнығуындағы ана тілінің маңызы
Пәндер