Сан есімге сипаттама


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Кіріспе

II Негізгі бөлім

а) Сан есімге сипаттама

б) Сан есімнің мағыналық түрлері

в) Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

III Қорытынды

Кіріспе

Сан есім - есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Өзіңін мағынасы мен жағынан сан есім өзге сөз таптарына қарағанда, сын есімге біршама жақын. Бірақ сын есім заттың сапасын, сипатын, қасиетін, түр-түсін т. б. сыр-сипаттарын білдіретін сөз табы болса, сан есім-заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы. Мысалы; ақ орамал, жақсы көйлек, жуан ағаш тіркестердегі ақ, жақсы, жуан деген деген сын есімдер мен екі, бес, жиырма деген сан есімдерді бір дәрежеде қарауға болмайды.

Қазіргі қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынада қолданылатын бір алуан сөздер бар. Олар құрамына қарай жеке-дара сөздер түрінде де, сөз тіркестері түрінде де бола береді.

Сан есімдер контекске байланысты субстантивтеніп қолданылғанда, сөйлемнің барлық мүшесінің де қызметін атқара алады.

Сан есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып бөлінеді.

Сан есімдердің сөйлем ішінде атқаратын негізгі қызметі - [пысықтауыш] болу. Өйткені сан есімдер сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш болады да, анықтайтын сөзінің алдында (бұрын) қолданылады. Сан есімдердің өзге сөздермен байланысудағы бұл тәртібіне тек жинақтық сандары ғана бағынбайды.

Заттың санын, ретін, мөлшерін, бөлшегін білдіретін сездердің қанша? неше? нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін тобын сан есім дейді. Мысалы, бір, екі, жиырма бес, қырық, бір мың тоғыз жүз тоқсан, біреу, жетеу, бірінші, бес-алты, жиырма шақты т. б.
Сан есім тұлғасына қарай дара және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді. Дара сан есімдер бір сөзден тұрады. Олар: бес, он, елу, бесінші, екеу, жүз, мың, миллион т. б.

Күрделі сан есімдер екі не одан да көп сан есімдерден құралады. Олар: он бес, тоқсан тоғыз, жүз бес, қырық-елу, екі мың төртінші, отыз қаралы, үштен бірі т. б.
Сан есімнің өзге соз таптарынан ерекшелігі: ол басқа сөз таптарынан жасалмайды.
Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді.

Негізгі сан есімдер

Негізгі сан есімдер қатарына тек қана есептік сандар жатады. Мысалы: бір, екі, үш т. б.

Туынды сан есімдер

Туынды сан есімдер негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: бір - бірінші, он - оныншы; екі - екеу, алты - алтау; бір - бірер, қырық - қырықтай, елу - елудей т. б.

Сан есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып бөлінеді.

Сан есімдердің сөйлем ішінде атқаратын негізгі қызметі - [пысықтауыш] болу. Өйткені сан есімдер сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш болады да, анықтайтын сөзінің алдында (бұрын) қолданылады. Сан есімдердің өзге сөздермен байланысудағы бұл тәртібіне тек жинақтық сандары ғана бағынбайды.

САН ЕСІМНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ
Сан есім барлық сөйлем мүшесінің қызметін атқара береді. Ең алдымен
заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп анықтауыш болады. Біздің
факультетте бір мың студент оқиды деген сөйлемде бір мың сан есімі қанша?
деген сұрауға жауап беріп, анықтауыш тұр.
Сан есімдер көбінесе етістіктің алдында келіп, қашан? қалай?
дегеп сұрақтарға жауап беріп, пысықтауыш болады. Партаға екі-екіден
жайғастық деген сөйлемдегі екі-екіден топтау сан есім алдында қалай?
жайғастық деген сұрауға жауап беріп пысықтауыш қызметінде жұмсалған.
Сан есім заттық мағанада қолданылып көптік, септік, тәуелдік, жіктік
жалғауда келсе сөйлемде бастауыш та, баяндауыш та, толықтауыш та бола
береді. Мысалы, Үшеуі ақылдасып шешті. Білікті бірді білімді мыңды жеңеді
(мақал) . Арман жиырма бірде, мен елу алтыдамын деген сөйлемдердегі үшеуі -
атау тұлғада, кім? деген сұраққа жауап беріп кімді? бастауыш, бірді, мыңды
- табыс септігіңде кімді? деген сұраққа жауап беріп толықтауыш, жиырма
бірде, елу алтыдамын деген жіктік жалғаулы сан есім қаншадамын? деген
сұрауға жауап беріп баяндауыш болып тұр.

САН ЕСІМНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

Мағыналық ерекшелігіне қарай сан есім алты топқа бөлінеді: есептік,
реттік, жинақтық, болжалдық, топтау, бөлшектік сан есімдер

Есептік сан есімдер

Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған сындық белгінің немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-ұрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Олар семантикалық мағынасы мен морфологиялық ерекшелігі жағынан да және синтаксистік қызметі жағынан да сын есімдерге бір табан жақын сөздер сияқтанып келеді.

Есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады (бір, екі, үш т. б. ) .

Есептік сандар тікелей тиісті мөлшерді білдіру үшін қолданылғанда, ешқандай морфологиялық өзгерістерге түспейді. Мысалы: жеті жүз сиыр, мың төрт жүз қой-ешкі. Олар сөз түрлендіретін аффикстерді субстантивтенген жағдайда ғана қабылдайды. Есептік сан есімдер белгілі бір заттық ұғымды бойына сіңіре отырып, әрі сан, әрі зат ұғымын бірдей қабаттастыра білдіргенде ғана және белгілі бір санның сандық атауы есебінде жұмсалғанда ғана субстабтивтенеді. Мысалы: Қаңтардың бірінен бесіне дейін; екіні үшке қосса, - бес болады.

Реттік сан есімдер

Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар (С. Мұқанов)

Реттік сан есімдер де дәл өз мағынасында, ешқандай өзгеріске енбейді, субстантивтенген жағдайда ғана оларға көптік, тәуелдік, септік жалғаулары қосылады. Реттік сан есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі болып келеді де, күрделі сан есімдерде -ыншы (-інші) қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанады. Мысалы: Солардың ішіндегі ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен (М. Әуезов)

Реттік сан есімдердің ерекшеліктері

  1. Реттік сан есімдер сөйлемде цифрмен де беріледі.
  2. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -ншіжұрнақтары орнына дефис (-) қойылады:20-бет, 5-тарау, 6-бөлімт. б.
  3. Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, ешқандай тыныс белгісі қойылмайды:ХХ ғасыр, V тарау, VІ бөлім т. б.
  4. Реттік сан есім жыл, ай аттарын көрсетсе, сан есімдерден кейін тыныс белгісі қойылмайды:1970 жыл, 18 қыркүйект. б.

Жинақтық сан есімдер

Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау (-еу) жұрнақтарын қосылуы арқылы жасалады. Бұндай сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіргендіктен, олар үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады. Мысалы: Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқыр бесеу (І. Жансүгіров)

Жинақтық сан есімдер ешқашан да күрделі түрде қолданылмайды.

Жинақтық сан есімдер субстантивтеніп қолданылатындықтан, оларға сөз түрлендіретін грамматикалық формалардың бәрі де қосыла береді.

Тәуелдік жалғаулары жинақтық сан есімдерге жапатармағай қосыла бермейді, тек семантикалық ерекшеліктеріне қарай ғана жалғанады. Септік жалғаулары жинақтық сан есімдердің жай түріне де, тәуелді түріне де жалғана береді.

Топтық сан есімдер

Топтық сан есімдер есептік, жинақтық, болжамдық сан есімдерге, қазіргі кезде шығыс септікке тән грамматикалық мағынадан біржола қол үзген -дан (-ден, -тан, -тен) аффиксін қосу арқылы жасалады да, біркелкі заттар мен құбылыстардың сан мөлшердің топтап көрсетеді. Мысалы: Бір түн отырып ел адамдарын төрттен, бестен жиып алып, барлығына бір түрлі іс тапсырған (М. Әуезов) . Топтық сан есімдерге сөз түрлендіретін формала да, сөз тудыратын формалаларда қосылмайды.

Топтау сан есімдердің ерекшеліктері

  1. Топтау сан есімдер дара сан есімдерге-даң -ден, -таң -тенқосымшаларының жалғануы арқылы жасалады:үштен, төрттен, екіден, алтыдант. б.
  2. Қосарланған сан есімдерге-даң -дең -таң -тең -наң -ненқосымшалары қосылады:бір-бірден, он-оннан, жүз-жүзден, отыз-отыздант. б.

Топтау сан есімдерге сөз түрлендіретін де, сөз тудыратын да қосымшалар қосылмайды.

Болжалдық сан есімдер

Болжалдық сан есімдер - белгілі бір заттар мен құбылыстың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен атайтын сөздер. Мысалы: Салтанатты басқосуға үш жүздей мейман келеді деп күтілуде; Базаралының қасында бес-алты кісі қалған (М. Әуезов) .

Болжалдық сан есімдер морфологиялық тәсіл арқылы да, синтаксистік тәсіл арқылы да жасалады. Олар, біріншіден, есептік сан есімдерге әр түрлі қосымшалар жалғану арқылы жасалса, екіншіденғ не есептік сан есімдердің өзара қосарлануы арқылы, не есептік сан есімдер мен жинақтық сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады.

Болжалдық сан есімдердің морфологиялық жолмен жасалуына мынадай жұрнақтар қатысады:

  1. -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары бірінщіден, есептік сан есімдерге тікелей жалғанады.
  2. -ер жұрнағы өте көне форма, қазіргі қазақ тілінде тек бірер деген бір сөзде ғана сақталып қалған.

Бөлшектік сан есімдер

Бөлшектік сан есімдер - негізінде таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді. Мысалы: Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша жаңа заңға халықтың үштен екісі қарсы Бөлшектік сан есімнің құрамы

  1. Сөздердің бірінші сыңары ілік септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауда тұрады:үштің екісі, жүздің жиырмасы, тоқсанның отызыт. б.
  2. Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауда болады:екіден бірі, оннан бесі, сегаден алтысы, мыңнан біріт. б.
  3. Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары атау септікте болып келеді:оннан төрт, жиырмадан бес, жүзден он, мыңнан бірт. б.
  4. Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары тәуелдік тіркесуімен жасалады:жүзден он бөлігі, мыңнан бір бөлігі т. б.
  5. Белгілі бір заттың тиісті бөлшегін атау үшін есептік сан есімдергежарым, ширек, жартысөздері тіркеседі. үшжарым мың, жиырманың жартысы, алты жарым, төрт ширек, үш ширект. б.
  6. Таза математикалық бөлшектік сандабүтінсөзі қолданылады:он бүтін алтыдан екі, жиырма бес бүтін оннан сегіз, тоқсан сегіз бүтін алпыс екі ден қырық төртт. б.

САН ЕСІМНІҢ ЕМЛЕСІ
1. Кұрделі тіркескен сан есімдер сөзбен жазылғанда әр сыңары бөлек-
бөлек жазылады. Мысалы, екі мың төртінші жыл, жиырма бес, отыз тоғыз, алпыс
үш т. б.
2. Күрделі қосарланған сан есімдер сөзбен жазылса да, цифрмен (санмен)
жазылса да (-) дефис арқылы жазылады: еш-екіден, отыз-қырық, алпыс-
жетпістей, 2-2-ден, 30-40-тан, 60-70-тей.
3. Цифрмен таңбаланатын дара, күрделі сан есімдерге жалғанатын
қосымшалар (-) арқылы жазылады. Мысалы, Менің жасым 60-қа жақындады. Сағат
6-да келемін.
4. Рим цифрымен таңбаланған реттік сан есімге -ыншы жұрнағының орнына
дефис (-) қойылмайды. Мысалы, I курс, ІV том І. Есенберлиннің ІІ томын
оқыдым.
5. Араб цифрымен таңбаланған реттік сан есімге -ыншы жұрнағының орнына
(-) дефис қойылады. Мысалы, Абайдың 1-томын оқыдым, 4-курс т. б. Ал сөзбен
жазылғанда -ыншы жұрнағы қосылып жазылады: бірінші том, төртінші курс.
6. Реттік сан есім араб цифрымен жазылып, күн, жыл аттарымен тіркесіп
келгенде (-) дефис жазылмайды. Мысалы, 2004 жылдың 8 наурызы, 1986 жыл, 16
желтоқсан т. б.
7. Есептік сан есім мен зат есім тіркескенде бөлек-бөлек жазылады.
2 жігіт - екі жігіт, 10 бала - он бала т. б.
8. Цифрмен жазылған болжалды сан есімге қосымша (-) дефис арқылы
жазылады. Мысалы, Сағат кешкі 7-лерде келдім. Базарға 100-деген мал
айдалды.
9. Жарым, жарты сөздерімен жасалған бөлшектік сан есім сөзбен жазылса
да, цифрмен жазылса да бөлек жазылады. Мысалы, Сабақ сегіз жарымда
басталады.
Сан есімдердің ішінде дара, күрделі есептік және реттік, жинақтық сан
есімдер зат есімдер сияқты септеледі: бестің, беске, бестен, беспен;
бесіншінің, бесіншіге, бесіншіні, бесіншіде, бесіншіден, бесіншімен;
бесеудің, бесеуге, бесеуді, бесеуде, бесеуден, бесеумен т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз табы ретінде еліктеу сөз тілде кейіннен танылған сөздердің тобы
Сан есiмдердiң даму эволюциясы
Сын есім шырайлары
Жұмыстың нысаны - қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі сан есімдер
СЫН ЕСІМНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
Қазіргі қазақ тілінің көмекші есімдерінің түрлері мен қызметі
Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің түрлері
Ескерткіштер тіліндегі сапалық сын есімдер
Сын есімді оқытуда тіл дамыту жұмыстарының тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz