Логистиканың теориялық концепциялары мен функциялары



Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Логистиканың теориялық концепциялары мен функциялары ... ... ... ... 5
1.1Логистика пәні және объектісі, дамуының кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ..5
1.2Логистиканың мақсаты, міндеттері, қызметтері, факторлары ... ... ... ... 5
1.3Логистиканың дамуының деңгейлері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...5
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...14

КІРІСПЕ

Логистика - материалдық және ақпараттық ағымдардың бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға дейінгі кеңістіктегі және уақыттағы қозғалысын жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, бақылау және реттеу жөніндегі ғылым.
Соңғы жылдарда бір қатар елдердің тауарлық айналымының саласында маңызөды өзгерістер пайда болды. Шаруашылық практикада тауарларды жеткізудің жаңа әдістері мен технологиялары қолданыла бастады.
Логистика гректің logistike сөзінен шыққан. Ол есептеу, дұрыс ойлау деген мағынаны білдіреді. Практикалық логистиканың пайда болуы мен дамуының тарихының тамырлары терең. Гамбург университетінің профессоры Г. Павеллек Рим империясының дәуірінде тамақ өнімдерін таратумен айналысатын логист немесе логистик атағына ие болған қызметкерлердің болғанын атап айтады. Біздің жыл санауымыздың бірінші мыңжылдығында бір қатар елдердің әскери сөздігінде логистикамен қарулы күштердің материалдық ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекетін байланыстыратын.
Логистика гректің logistike сөзінен шыққан. Ол есептеу, дұрыс ойлау деген мағынаны білдіреді. . Бір қатар батыс ғалымдарының пікірі бойынша, логистика әскери істің арқасында ғылымға айналған. Логистика жөніндегі бірінші ғылыми еңбектердің авторы деп ХІХ ғ. бсындағы француз әскери маманы Джоминиді санау қалыптасқан. Ол логистиканы әскерлерді қолайлы орын алу мақсатын көздеп орын ауыстыруджың (маневрлеудің) практикалық шеберлігі деп анықтаған.
Логистиканың кейбір ережелерін Наполеон әскері де қолданған деп саналады. Бірақ әскери ғылым ретінде логистика тек ХІХ ғ. отасында қалыптасты.
Белсенді түрде логистика екінші әлем соғысының кезінде, ең алдымен АҚШ әскерін материалдық-техникалық жабдықтауда қлданыла бастады. әскери өнеркәсіптің, тылдағы және майдандағы жабдықтау базалары мен көліктің дәл өзөара әрекеттесуі американдық әскерді қару-жарақпен, жанар-жағар маймен және азық-түлікпен қажетті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Осы себептен көптеген батыс елдерінде логистиканы экономикадағы материалдық ағымдарды басқару тиімділігінің қызметіне қойған. Қолданбалы математиканың басқа да әдістері сияқты логистика біртіндеп әскери саладан шаруашылық практика саласына ауыса бастады. Бастапқыда ол айналым саласындағы, содан соң өндіріс саласындағы тауарлық-материалдық ресурстардың қозғалысын басқаруды іске асыру теориясының жаңа түрі ретінде қалыптасты.
Сонымен,нарықтық экономикасы бар елдерде 30- жылдардың кезінде пайда болған материалдармен және шикізатпен қамтамасыз ету, өнім өндіру, оны сақтау және тарату қызметтерін байланастыратын жабдықтау - өндіру - тарату жүелерін үйлестіру ойлары ғылыми зерттеулердің жеке бағыттары мен шаруашылық практика формасына, яғни логистикаға ауыстырылды.
Кәсіпкерлік іс-әрекетте, экономикалық және ғылыми әдебиеттерде шетелдік мамандар логистиканы анықтауда екі ережелі бағытты бөледі:
1. тауар қозғалысының функционалдық тәсілі, яғни тауарларды жабдықтаушыдан тұтынушыға жеткізу кезінде орындалуы тиісті барлық физикалық операцияларды басқару;
2. тауар қозғаласының операцияларын басқарудан тыс жабдықтаушы мен тұтынушылар нарықтарын талдауды, нарықтағы сұраныс пен ұсынысты реттеуді қамтып, тауар қозғалысына қатысушылардың мүдделерін үйлестіруді іске асырады.
Осы бағыттарға байланысты логистиканың көптегени анықтамалары бар. Оларды қорытындылай отырып, логистиканы тауар қозғалысымен және оған жататын ақпарат ағымымен байланысты минималды шығындармен материалдық ағымдарды бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға дейін басқару ғылымы деп анықтауға болады.

1. Логистиканың теориялық концепциялары мен функциялары

1.1Логистика пәні және объектісі, дамуының кезеңдері.

Материалдық ағындарды басқару жөнінде негізделген шешімдерді қабылдау үшін белгілі білімдер қажет. Осы білімдерді өңдеу жөніндегі іс-әрекетті логистикаға жатқызады. Осыған сәйкес логистиканың екі түрлі анықтамасы бар:
1. Ғылым ретінде логистика - материалдық ағындардың тиімділігін арттырудың жаңа мүмкіндіктерін іздеумен байланысты пәнаралық ғылыми бағыт.
2. Шаруашылық іс-әрекет ретінде логистика - өндіріс және айналым салаларындағы материалдық ағындарды басқаруды қамтитын шаруашылық іс-әрекет бағыты.
Логистиканың негізгі объектісі - бастапқы шикізат көзінен бастап ақырғы тұтынушыға дейінгі алмаспайтын (тура) материалдық поток.
Логистикалық процесс барысында материалдық поток кәсіпорынға жеткізіледі, содан соң қоймалық және өндірістік учаскілер жүйесі арқылы оның тиімді қозғалысы ұйымдастырылады, содан кейін дайын өнім тұтынушыға оның тапсырысы бойынша жеткізіледі.
Түрлі сапалы материалдық ағындарды басқару жөніндегі іс-әрекеттің аталған түрлері логистиканың мазмұнын құрайды.
Логистиканың дамуының келесі себептері бар:
1. сатушы нарығының сатып алушы нарығына өтумен байланысты бәсекенің дамуы;
2. 70-жылдардағы энергетикалық кризис;
3. ҒТП және басқаруды компъютерлендіру.
Логистиканың дамуының бірнеше кезеңдері бар:
1-кезең, ол айналым саласындағы материалдық ағындарды басқару үшін логистикалық тәсілді қолданумен сипатталады. Осы кезеңде екі басты ережені түсіну пайда бола бастады:
А) өндірісте, сақтауда, тасымалдаудағы материалдардың жеке ағындары басқарудың бірыңғай жүйесі арқылы өзара байланыстырылуы мүмкін;
Б) материалдарды физикалық таратудың жеке функцияларының интеграциясы маңызды экономикалық үнемдеу бере алады.
2-кезең (80-жж). Осы мерзімде логистиканың интеграциялық негізі кеңейіп, өндірістік процесті қамти бастады, яғни мұнда қоймалау мен тасымалдаудың өзара әрекеттесуіне өндірісті жоспарлау қосылабастайды. Бұл қорларды қысқартуға, сатып алушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, құрал-жабдықтың пайдаланылуын жақсартуға мүмкіндік береді.
3-кезең қазіргі уақытқа жатады және бүкіл әлемдік экономикадағы нарықтық процестерді ұйымдастыру жәнеи басқарудағы өзгерістермен сипатталады. Яғни қазіргі коммуникациялық технологиялар өнім қозғалысының барлық фазаларының мониторингін іске асыруға көмектеседі, логистика саласында қызмет көрсетумен айналысатын салалар дамуда, материал өткізуші субъектілерінің жинағы тұтас сипатты бола бастайды.
1-кезең - дайын өнім қоймасы транспорт
2-кезең - өндірістік цех дайын өнім қоймасы транспорт
3-кезең - шикізат қоймасы цех дайын өнім қоймасы транспорт.
2-сұрақ. Логистиканы зерттеу және қолдану логистикалық тәсілдің негізгі идеясын түсінуге негізделеді.
Шаруашылық іс-әрекетті материалдық ағындардың басқарылуын тиімді ету арқылы жетілдіруге көзқарастар жүйесі логистиканың концепциясы болып табылады. Оның келесі негізгі ережелері бар:
1.жүйелік тәсіл принципін іске асыру. Экономикадағы материалдық ағындар көптеген қатысушылардың әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасады. Егер қатысушылар өз іс-әрекетін басқарудың бірлескен объектісін, яғни материалдық ағынды тиімді ету мақсатында келістіре алса, олар барлығы бірге маңызды экономикалық ұтысв алады. Максималды үнемдеуді жалпы материалдық ағынды немесе оның жеке маңызды учаскекелерін тиімді ету арқылы алуға болады. Мұнда материал өткізуші жүйенің барлық бөліктері бірыңғай жөнге салынған механизм сияқты жұмыс істеуі қажет.
2. бүкіл логистикалық жүйе бойында логистикалық шығындарды есепке алу. Логистиканың негізгі міндетерінің бірі - материалдық ағынды шикізаттың бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға дейін жеткізу жөніндегі шығындарды басқару. Бірақ шығындарды тек өлшей алған кезде басқаруға болады. Сондықтан логистикалық процестерге қатысушылардың өндіріс және айналым шығындарын ескеру жүйелері логистика функцияларын іске асыру процесінде пайда болатын шығындарды бөлу, ең маңызды шығындар туралы ақпарат құруы қажет. Осы шартты орындау нәтижесінде логистикалық жүйнің оптималді вариантының критерийін - бүкіл логистикалық жүйе бойындағы жалпы шығындар минимумын пайдалану мүмкіндігі пайда болады.
3. технологиялық процестер гуманизациясы, еңбектің қазіргі заманға сай жағдайларын жасау. Логистикалық жүйенің маңызды элементі - кадрлар, яғни өз қызметңн жауапкершілікпен орындауға қабілетті арнайы оқытылған персонал. Бірақ, материалдық ағындарды басқару саласындағы жұмыс беделді емес, сондықтан онда әрдайым кадрлар мәселесі бар. Логистикалық тәсіл материалдық ағындарды басқару саласындағы іс-әрекеттің қоғамдық маңыздылығын күшейте отырып, салаға неғұрлым жоғары еңбектік потенциалы бар кадрларды қатыстыру үшін алғы шарттар жасайды. Осыған сәйкес еңбек жағдайлары да жетілдірілуі қажет.
4. логистикалық сервисті дамыту. Нарықта өз орныңды келесілер арқылы табуға болады:
* Тауар сапасын арттыру;
* Жаңа тауар шығару;
* Логистикалық сервис деңгейін арттыру.
Бірінші екі стратегияны қолдану үлкен күрделі салымдардың қажеттілігімен шектеледі. Үшінші жол айтарлықтай арзан.сондықтан кәсіпкерлердің көпшілігі логистикалық сервисті бәсекелік қабілетті арттыру құралы ретінде қолданады.
5. қоршаған ортаның белгізісдігінің жағдайында логистикалық жүйелердің бейімделу қабілеті. әртүрлі тауарлар мен қызмет көрсетулердің пайда болуы логистикалық жүйелер арқылы өтетін материалдық ағындардың сапалық және сандық сипаттамаларының өзгерулерін ұйғарады. Осы жағдайда логистикалық жүйелердің бейімделі қабілеті нарықта тұрақты орын алудың маңызды факторы болып табылады.

3-сұрақ. Материалдық ағындар әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдар іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады, олар:
- ортақ пайдаланудағы транспорттық кәсіпорындар;
- көтерме сауда кәсіпорындары;
- коммерциялық-делдалдық ұйымдар;
- өндіруші-кәсіпорындар, олардың дайын өнім қоймалары әртүрлі логистикалық операцияларды орындайды.
Осы кәсіпорындар мен ұйымдар күшімен материалдық ағындар құрастырылады, тауар қозғалысының процесі іске асырылады және бақыланады. Аталған логистикалық процеске қатысушылардың әр қайсысы логистикалық функциялардың белгілі біртобын орындауға маманданады. Логистикалық функция - бұл логистикалық жүйенің мақсаттарын орындауға бағытталған логистикалық операциялардың іріленген тобы. Кестеде негізгі логистикалық функциялардың тізімі және олардың логистикалық процесс мүшелері арасындағы бөлінуі көрсетілген.
Логистикалық процеске қатысушы

Логистикалық функцияның аталуы
Ортақ пайдалану транспорты
Көтерме сауда кәсіп-орындары
Коммерциялық-
Делдалдық
Ұйым-дар
өнді-руші кәсіпорын-
дар-дың дайын өнім қойма-лары
* Тауар жеткізіп беру немесе қызмет көрсету жөніндегі шаруашылық байланыстарды құру, дамыту, түзету, тиімді ету.
* Материалдық ағындардың көлемдері мен бағыттарын анықтау
* Тасымалдау қажеттілігін болжаулық бағалау
* Қоймалау орындары арқылы тауарлардың өту тәртібін анықтау
* Қойма шаруашылығын дамыту, орналастыру және ұйымдастыру
* Айналым саласында қорларды басқару
* Тасымалдауды іске асыру
* Тауар тасымалдауға дейінгі және кейінгі операцияларды орындау
* Қоймалық операцияларды басқару

Х

Х

Х

Х
Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х
Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х
Логистиканың функционалдық салалары

Логистиканың функционалдық салаларының сипаттамасы

1-сұрақ. Жоғарыда айтылғандай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Логистиканың функционалдық салалары
Отандық кәсiпорындардың дамуында көліктік логистикалық әдiстердi қолдану қажеттiлiгiн теориялық және практикалық негiздеу
Ауылшаруашылығында логистика инфрақұрылымын қалыптастыр
Маркетинг қызметінің саласы
Логистикалық жүйелер
Өндірістік логистика
Логистиканың теориялық негіздері
Кәсіпорынның логистикалық тұжырымдамаларының мәні
Өткізудегі қорларды басқару
Дистрибуциядағы қорларды басқару
Пәндер