Тұлға психологиясы. Тұлға ұғымы
МАЗМҰНЫ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1Тұлға психологиясы. Тұлға ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Тұлға психологиясының объектісі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. З.Фрейд бойына тұлға құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
3 К. Юнг бойынша тұлға құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
4 Тұлға түсінігі және оның А. Маслоу концепцияларында дамуы ... ... ... ... ... ...9
5 Тұлғаның әлеуметтік психологиялық теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 10
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..14
КІРІСПЕ
Ерте кезден бастап-ақ тұлға түсінігі қалыптаса бастаған. Тұлға түсінігі алғашында бетперде (маска) дегенді білдірген, ол бойынша оны көне театрдың актёрі киіп, рөл ойнаған. Кейінірек тұлға термині қоғамдық өмірдегі адамның шынайы рөлі деп түсіндірілді. Тұлға түсінігі көпжақты. Кон И.С., бір жағынан алғанда жеке тұлға нақты бір индивидті, индивидуалды қасиеттері және оның қоғамдық рөлдерімен қоса сипатталатын әрекет субъектісі ретінде, екінші жағынан, тұлғаны еңбек ету, түсіну және қарым-қатынас жасау субъектісі болатын, басқа адамдармен тікелей және жанама араласу процесінде түзілетін, индивидтің интеграцияланған әлеуметтік мәнді сипаттар жиыны түрінде, әлеуметтік қасиеттер ретінде қарастырады .
Тұлға психологияда ең күрделі категория болып саналады. Бүгінгі таңда тұлға түсінігінің қаншалықты анықтамасы болса (200), соншалықты психологтар осы мәселені зерттеумен айналысады.
Леонтьев А.Н. ойынша, тұлға - бұл адамның қоғамдағы өмірінен туындаған ерекше типтің психологиялық құрылымы. Әртүрлі әрекеттердің бағыныштылығы тұлғаның қалыптасуының негізін қалайды, ол өмірлік онтогенезде құрылады. Ол осының бәрі адамның индивидтік қасиеттерін құрайды деп есептеді. Индивидтің қасиеттері жеке тұлғаның қасиеттеріне өте алмайды. Өзгеруіне қарамастан, олар индивидтік қасиеттер болып қала береді, қалыптасатын тұлғаны анықтай алмайды, бірақ оның қалыптасуы үшін жағдай жасайды. Тұлға, индивид сияқты субъекттердің өмірлік қарым-қатынасын жүзеге асыратын интеграциялық процестің өнімі.
Петровский А.В. тұлға түсінігіне келесі анықтама береді: Тұлға ретінде психологияда индивидтің заттық әрекетінде және қарым-қатынасында қол жеткізетін және қоғамдық қарым-қатынастарда өзін ұстаудың деңгейі мен сапасын сипаттайтын жүйелік әлеуметтік қасиет түсіндіріледі .
1Тұлға психологиясы. Тұлға ұғымы
Тұлға - бұл ерекше қасиет, ол индивидтің қоғамдағы ерекше жоғарғысезімді қасиеті болып табылады. Жоғарғысезімді, яғни іштей бөлшектенген, күрделі қасиет. Индивидтің сезініп қабылдайтын қасиеттерiнен айырмашылығы: дене бітімі, мiнез-құлық, сөз, ымның жеке ерекшелiктерi, жалпы, өз тәртібімен, келбетімен және т.б. бейнеленедi. Тұлға ол әлеуметтiк байланыстар жүйесінен ажырамайды. Тұлғаның әртүрлі қасиеттерінің қалыптасуын жетік түсіну үшін, оның қоғамдағы өмірін, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі қозғалысын зерттеу қажет. Қоғамдық қатынастар - индивидтің әлеуметтiк қасиетi ретінде тұлғаның бөлiгі, бір жағы, аспектiсi. Кез-келген қоғамға индивидтің қосылуы, орындалатын әрекеттердің мазмұны мен сипатын, басқа адамдармен қарым-қатынас тәсiлдерi мен шеңберін, яғни оның өмір сүру, әлеуметтік тұрмыс ерекшеліктерін анықтайды. Бiрақ қайсыбір адамдар қоғамының, сонымен қатар жалпы қоғамның жеке индивидтерінің өмiр сүруі, тарихи дамып келе жатқан қоғамдық қатынастар жүйесімен анықталады. Сонымен бiрге, әр түрлi қоғамдық қатынастарға нақты тұлғаларды қосудың тәсiлдерi әртүрлі. Сәйкесінше әр тұлғаның өмiрінде оны жүзеге асыру дәрежесі әр түрлi, сондықтан әртүрлі қызмет пен қарым-қатынастың өзара байланысуы әртүрлі жүреді.
1.1 Тұлға психологиясының объектісі ретінде.
Тұлғаның әлеуметтiк-психологиялық талдауын жасау үшiн, индивид, тұлға, даралық деген ұғымдардың шекарасын анықтап алу керек.
Айта кету керек, адам деген ұғым жалпылама ұғым болып табылады, яғни, айқын сөйлейтін, саналы, (абстрактiлi - логикалық ойлаумен, логикалық есте сақтаумен) жоғарғы психикалық функциялары бар, құралдарды құру, оны еңбектiң процесiнде пайдалану қабiлетi бар биоәлеуметтік тірі ағза.
Индивид - бұл биологиялық түрдiң ортақ генотипиялық тұқым қуалаған қасиеттерiн тасымалдаушы биологиялық ағза. Бұл Homo sapiens түрінiң өкiлi. Леонтьев А.Н. ойынша бiрiншiден, индивид ұғымы осы биологиялық түрдiң жеке түрлерінiң бүтiндiгін және бөлiнбейтiндiгiн, екiншiден, осы түрдiң басқа өкiлдерінен ерекшеленетін нақты өкiлiнiң артықшылықтарын бiлдiредi. Генотипиялық шартталған даралық қасиеттер, адамның өмiр сүру барысында сантүрлі өзгеруі мүмкін, дегенмен бұдан тұлғалық болмайды. Тұлға, индивидтің алдыңғы тәжiрибесімен байытылған түрі емес. Индивидтің қасиеттерi тұлғаның қасиеттерiне өтпейдi. Өзгеріске ұшырағанымен индивидті қасиеттер болып қалады, яғни қалыптасатын тұлғаны анықтамайды, оның құрылуының алғышарттары мен жағдайын жасайды [5].
Бiз тұлға болып қоғамдағы өмiрдің ықпалымен қалыптасамыз, оларға тәрбие, оқу, қарым-қатынас, өзара қарым-қатынас жатады. Тұлға - бұл әлеуметтiк ұғым, адамдағы табиғи, тарихи қасиеттерді бiлдiредi. Тұлға туа пайда болмайды, мәдени және әлеуметтiк даму нәтижесінде туындайды.
Тұлға түсінігін, нақты мазмұнымен, құндылықтарымен, әрбір қатысушының мағыналы біріккен әрекеттерімен жанамаланған, тұлғааралық тұрақты қатынастар жүйесінде ғана түсінуге болады. Осы тұлға аралық байланыстар топқа, ұжымға кiретін адамдардың нақты дара қасиеттерінде және амалдарында көрінедi.
Әр адам тұлғасына басқа адамдардан оның өзiндiк ерекшелiгiн, оның айырмашылығын құрайтын адамдардың психологиялық ерекшелiктерiнiң үйлесімін - оның даралығын қалыптастыратын ерекшелiктерi мен қасиеттері ғана тән. Кон И.С. ойынша, даралық бұл әр жеке адамның қайталанбауы ретінде биология айғақ. Биологтар мүмкiн болатын мутациялар мен олардың адами гендерінiң комбинациялану саны әлемдегі атомдар санынан артық емес дейді. Әр адамның ағзасы тиiстi фенотипті (қандай да бір белгінің сыртқы көрінісі) шарттайтын өз тегінде жалғыз генотип (ағзаның генетикалық конституциясы) тасымалдаушысы болып табылады [2]. Ол сонымен қатар, адам өте иілгіш болып келеді деп есептеді. Бірақ, оның даралығында, барлық зигзагтар мен өзара қарама-қайшылықтары бар оның дамуының барлық сатылары диалектикалық түрде сақталған. Адамның даралық ерекшелiктерi оның әлеуметтiк рөлдерiн таңдауына және оларды жүзеге асыруына айтарлықтай әсер етедi.
Даралық танымдық процестердiң қасиеттерiнде, қабiлеттiлiктерінде, дара қызмет ету стилінде, мінезінде, темпераментінде, әдеттерінде, басым болып келетін қызығушылықтарында көрінедi. Сонымен бiрге, ол әр түрлi тәжiрибе, бiлiм, икемділік пен сенiмдеріде байқалады. Бiз өз даралығымызды дәлелдеп, бекiтемiз.
Осыған сәйкес, тұлға және индивид түсініктері барабар емес, ал даралық және тұлға ұғымдары тең емес, бiрлiк құрады.
Демек, даралық - адамның тұлғасының тек бір жағы. Рубинштейн С.Л., зерделенуі адам әрекетінің психикалық мазмұнын талдаудан басталатын барлық психикалық процестер тұлғада өтеді, және олардың әрқайсысы өзінің шынайы өтуі барысында оған тәуелді деп тұжырымдады. Психикалық процестердiң даралық ретінде тұлғаға тәуелдiлiгі, ең бастысы, жеке - дифференциалды айырмашылықтарда байқалады. Даралықтың жалпы құрылуына байланысты адамдар, қабылдау және бақылау, есте сақтау, көңіл бөлу түрлерi, сонымен қатар қабылданатын заттың мазмұны бойынша бөлінеді. Өз кезегiнде есте сақтау және ұмыту таңдау сипатына ие.
2 Фрейд бойына тұлға құрылымы
Психоаналитикалық бағыттың негiзін Зигмунд Фрейд қалады. Ол адамның құлқында толығымен оның сексуалды және агрессивтi уәждемелері басым деп тұжырымдады. Тұлғаның ішкі дүниесі толығымен субъективті. Адам өзінің ішкі дүниесінің қамалында. Басқаша айтқанда, адам белсенділігі инстинкті түрткілерге, ең бастысы жыныстық инстинкт пен өз-өзін сақтау инстинктіне тәуелді. Алайда қоғамда инстинктер өзін еркін көрсете алмайды, мысалы, жануарлар әлемінде сияқты, себебі қоғам адамға көптеген шектеулер қояды, инстинктер цензураға ұшырайды және осы адамға оларды тоқтатып, тежеуге мәжбүр етеді. Осылайша, З.Фрейд ойынша, инстинкті құмарлықтар тұлғаның саналы өмірінде рұқсат етілмейді және ысырылып шығарылады, осылайша олар бейсана аясына өтеді, бірақ жоғалмайды. Олар өзінің энергетикалық потенциалын, өз белсенділігін сақтайды және адамзат мәдениетінің әртүрінде және адамзат қызметінің өміндерінде көрініс таба отырып, бейсана аясынан адам тәртібін басқарады. Бейсана аясында бола отырып, инстинктивті құмарлықтар, өзінің пайда болуына байланысты сәйкес кешендерге бірігеді, олар З.Фрейд ойынша тұлға белсенділігінің шынайы көзі болып табылады. Сондықтан ішкі дау-жанжалдан шығу үшін бейсана кешендерді анықтап, оларды саналы қабылдау өте маңызды.
З. Фрейдке сәйкес, психикалық өмiр үш деңгейде өтеді: саналы, астарсана, бейсана . Сана деңгейi уақыттың нақ осы сәтінде сезетін сезiмдер және уайымдардан тұрады. Сана мида сақталған барлық ақпараттың аз ғана пайызын қамтиды, және нақты бір ақпарат уақыттың қысқа мерзімінде ғана түсінікті болады, ал содан соң тез арада астарсана немесе бейсана деңгейіне түседі, ол адамның көңілі басқа дабылдарға ауысуына байланысты болады. Астарсана деңгейiн кейде қол жетімді ес деп атайды, нақ осы сәтте түсініксіз болып тұрған, алайда санаға кездейсоқ немесе аз ғана күш жұмсау нәтижесінде қайтып келуі мүмкін барлық тәжірибені қамтиды. Адамзат психикасының аса терең және мағыналы облысы - бұл бейсана. Ол басылады және бейсана облысына ығыстырылған, санаға өте қауіпті болып келетін инстинктер, эмоциялар мен естеліктер сақталатын орын, алайда дәл осы санаға салынбаған материал, адам түсінбесе де, оның күнделікті қозғалысын анықтайды. Бейсана уайымдар адам санасына толығымен қолжетімсіз, бірақ ауқымды дәрежеде адамдардың іс-әрекетін анықтайды. Клиникалық бақылаулар З. Фрейдке психологиялық тұжырымдаманы айқындауға мүмкіндік берді, ол бойынша психика, адамның тұлғасы үш құрылымдардан тұрады. ОЛ (ид) - биологиялық туа біткен инстиктивті құмарлықтардың бейсана, қайнап тұрған қазаны. Либидо сексуалды күш-қуатымен қаныққан. Ләззат алу қағидасына бағынады, яғни ләззат және бақыт адам өмiрінде басты мақсаттар болып табылады. МЕН (эго) - ОЛ-мен жанжал күйiнде болатын сана, сексуалды құмарлықты басады, шындық қағидасына бағынады. АСА-МЕН (жоғарғы сана) - моральдық стандарттар тасымалдаушысы, тұлғаның бұл бөлiгi сын, цензура, ар-ұят рөлiн орындайды. АСА МЕН" инстинкттердi МЕН-ге жiбермейді, сонда бұл инстинктттер қуаты қылықтың белгілі бір - түс көру, описки, тіл қату, сөз шалысу, әзіл, каламбурлар түрлерінде қоғам мен адамға тән) қызмет түрлеріне (шығармашылық пен өнер өзгереді (сублимацияланады). Егер либидо қуаты шығар жол таппаса, онда адамда әр түрлi психикалық аурулар, невроздар, есірік, жабырқау дами бастайды. МЕН және ОЛ арасында дау-жанжалдан құтқару үшін, психологиялық қорғау құралдары қолданылады: ығыстыру, жоққа шығару және т.б. Қорғаныш қылығы, адамға әзірге шеше алмайтын мәселелерден қорғауына мүмкіндік береді, қауіпті жағдайлар (жақын адамнан айырылу, өзін сүюден айырылу) үрейінен арылуға мүмкіндік береді, қауіпті шындықтан кетуге, кейде бұл қауіпті өзгертуге мүмкіндік береді.
Мысалы, қорғаушы тетiктердiң бiрi - ығыстыру. Ығыстыру бұл санадан бейсана психикасы облысына кез-келген жағдайда жағымсыз немесе рұқсат етiлмеген ниеттер, ойлар, сезiмдер, уайымдарды ерiксiз жою. Ойды ығыстыру өз белсенділігін жоғалтпайды және оның санаға өтіп кетуін алдын алу үшін психикалық қуат шығыны қажет, нәтижесінде іс-әрекет пен денсаулықты ұстап тұру үшін қуат жетіспейді, бұл өз кезегінде психогенді дене ауруларының көзі болып табылады (бас ауруы, артрит, ойық жара, астма, гипертония, жүрек аурулары және т.б.). Жоққа шығару - қиялға берілу, жалған ретінде кез-келген оқиғаны қабылдамау. Адам өз пікірлерінде қарама-қайшылықтарды байқамайды және логикаға немқұрайлықарайды, бұл жалған, мұндай болу мүмкін емес деп тұжырымдай бастайды. Барлық адамдар белгілі бір дәрежеде қорғаушы тетіктерді қолданады, және бұл, егер адам оларға қатты сенсе, қажеттіліктер, қорқыныш, ұмтылыстар бейнесін бұрмаласа, қажетсіз болады. Барлық қорғаушы тетіктер бейсана деңгейде жұмыс істейді және сондықтан өз-өзін алдау құралы болып келеді, адам үшін үрейді аса қауіпсіз ету үшін шындықты бұрмалайды, жоққа шығарады.
З. Фрейд тұлғаның негiзгi құрылымдарының қалыптастыруда балалық шақ шешушi рөл атқаратынын көрсеттi. Ол адам дамуының барлық сатыларын адам ағзасының әртүрлі аймақтарына сексуалды күш-қуаттың (либидо) түрлену және ауысу сатыларына әкеледі.
Ендеше, З. Фрейд пайымдауынша, адам белсенділігі бұл биологиялық табиғи күш. Ол жануар инстинкттеріне ұқсас, яғни бейсана. Қоғамның қызметі құмарлықты шектеу және цензуралау. Тұлға, негізінен, биологиялық тірі ағза болып табылады.
3 К. Юнг бойынша тұлға құрылымы
Классикалық психоанализ теориясына швейцария зерттеушiсi Карл Юнгтың тұлғаның аналитикалық теориясы жақын. К. Юнг тұлға дамуының басты көзі туа біткен психологиялық факторлар деп санады. Адам ата-аналарынан мұра бойынша дайын алғашқы идеялар - архетиптер алады. Мысалы, барлық халыққа тән құдайдың, жақсылықтың, зұлымдықтың идеялары бар. Архетиптер ми құрылымымен бірге мұра бойынша беріледі және олар психологиялық аспектілер болып табылады. Архетиптер бiр жағынан, белгілі бір түрдің мiнез-құлығына бейiмділігін, ал екінші жағынан - кез келген дәріде дәуiрдiң рухын бейнелей отырып, аңыздарда, ертегiлерде, өнерде көрінетін адамзаттың ұжымдық идеяларын, кейіптерін, теорияларын шарттайды. Юнг, архетиптер түстерде, қиалдарда бейнеледі, сонымен қатар, өнерде, әдебиетте, архитектура мен дінде қолданылатын символдар түрінде кездеседі деп ойлады. Юнг бойынша, әрбір адамның өмір сүру мәні - туа біткен архетиптерді нақты мазмұнмен толтыру.
К Юнг тұлға құрылымын үш компоненттерден тұрады деп қарастырды: сана - эго- МЕН; даралық бейсана - ОЛ; психикалық алғашқы бейнелер немесе архетиптерден тұратын ұжымдық бейсана. Даралық сана - өзін түсіну негізі болып келетін және өзіміздің сана қызметімізді реттей отырып, өзімізді түсінуге көмектесетін ойлар мен сезімдерді, естеліктер мен түйсіктерді қамтитын құрылым. Даралық бейсана - комплекстер немесе санадан ығыстырылған эмоционалды зарядталған ойлар мен сезімдер, сонымен қатар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz