Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін бағалаудың эдістемелік негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін бағалаудың эдістемелік

негіздері

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі өнімнің бәсеке қабілеттілігімен тікелей байланысты. Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалау келесі жүйелілікпен асады:

1. нарықты талдау - потенциалды сатып алушылар мен бәсекелестердің қажеттіліктерін зерттеу;

2. тауарға нарыктық талаптарды қалыптастыру және оны бағалық көрсеткіштер құрылымында көрсету;

3. салыстыру көрсеткіштер базасын таңдау;

4. бағалық класс моделінің түрін таңдау;

5. тауарды бәсеке қабілеттіліктің жеке және интегралды көрсеткіштер бойынша бағалау;

6. бәсеке қабілеттілік туралы қорытынды жасау және оның өндіріс пен сатып алу мақсаттылығы туралы шешім қабылдау.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау тұрғысынан нарықты зерттеудің нәтижесі тауардағы қажеттілікттердің әрекеттестік динамикасы мен жағдайы туралы ақпаратты жинау болып табылады. Әрбір қажеттілік сатып алушы нарықта тауарға талаптар түрінде мәлімдеме жасайтын белгілі бір параметрлер жиынтығымен сипатталады.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдарын жобалау оның нақты және уақытылы бағалауына тікелей байланысты. Өнімнің бәсекеге түсу қабілеттілігі талданатын өнімнің параметрлерін салыстыру базасының параметрлерімен салыстыру арқылы бағаланады. Салыстыру базасының орнына әдетте нарықтағы ұқсас тауар немесе тұтынушының қажеттілігі алынады. Ал ұқсас тауар ретінде сатылу көлемі максималды және болашағы жарқын тауар алынады. Егер өнімнің параметрлерінің физикалық өлшемі боласа, онда оған балмен бағалау әдістері қолданылады.

Бәсекеге кабілеттілікті бағалаудың негізгі критерийлері:

• өнімнің жаңалық дәрежесі;

• өндірілу сапасы;

• өнім туралы ақпаратты тарату үшін материалдық базасының болуы;

• өткізуді ынталандыру бойынша шаралар; өткізу динамикасы;

• өнімнің нарықтық талаптарына ыңғайлану мүмкіндігі;

• қаржылық жағдайы.

Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілікті салыстырмалы құн мен салыстырмалы пайда бағалық көрсеткіштері бойынша карастыруға болады. Егер өнімнің бәсекеге қабілеттілігін баға бойынша бағалайтын болсақ, өнімнің бағасы, сапасы мен дизайны ұқсас тауардан кем түспесе, онда өнім бәсекеге қабілетті болып саналады. Ал егер өнімнің бәсекеге қабілеттілігін салыстырмалы қүн бойынша бағалайтын болсақ, онда салыстырылатын мемлекеттерде өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек бірлігінің салыстырмалы құны бір валютада есептелінеді. Бәсекеге қабілеттілікті пайдалылық бойынша бағалағанда, кәсіпорынның пайдалылығы жоғары болған сайын оның өнімінің бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болады.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістері келесідей:

Біз бәсекеге қабілеттілікті талданатын өнім мен салыстыру базасының техникалық, экономикалық және басқа параметрлер бойынша салыстыру арқылы бағаланатынын айтқанбыз.

Бағалау екі әдіспен жүргізіледі:

- дифференциалданған;

- комплексті.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың дифференциалданған әдісі талданатын өнім мен салыстыру базасының параметрлерін қолданып салыстыруына негізделген.

а) Егер бағалау базасы ретінде қажеттілік алынатын болса, онда бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші мына формула арқылы есептелінеді:

Q1 = Рi/Ріо* 100% (і= 1, 2, 3 . . . , n) (1)

Мұндағы, Qі - і-параметрі бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке параметрлік көрсеткіші;

Рі - талданатын өнім үшін і-параметрдің мөлшері;

Ріо - қажеттілік толығымен і-параметрдің мөлшері;

n - бағалау параметрлерінің саны,

Нормативті параметрлер бойынша бағалау кезінде жеке көрсеткіш 1 немесе 0 мәнін қабылдауы мүмкін. Егер талданатын өнім міндетті норма мен стандартка сай келсе, онда көрсеткіш 1-ге тең; егер сай келмесе, көрсеткіш 0-ге тең болады.

Техникалық және экономикалық параметрлер бойынша бағалау кезінде жеке көрсеткіш 1-ден үлкен немесе 1-ге тең болуы мүмкін.

б) Егер бағалау базасы ретінде үлгі алынатын болса, онда бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші мына формула арқылы есептелінеді:

QІ = РІ/Ріо* 100% (і= 1, 2, 3, . . . , n) (2)

QІ = Ріо/Ро* 100% (3)

Мүндағы, Qі - і-нші техникалық параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке параметрлік көрсеткіші;

Рі - талданатын өнім үшін і-параметрдің мөлшері;

Ріо - үлгі ретінде алынған өнім үшін і-параметрдің мөлшері;

n - бағалау параметрлердің саны.

Бағалау нәтижелерін талдау:

Бұл 2 формуладан жеке көрсеткіштің өсіміне бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауы сәйкес келетін формула алынады. (Мысалы, өнімділікті бағалау үшін - формула (1), ал отынның шекті шығынын бағалау үшін - формула (2)

Егер өнімнің техникалық параметрлерінің физикалық өлшемі болмаса (мысалы, ыңғайлылық, сыртқы келбет, модаға сәйкес келуі, т. б. ), онда балмен бағалау экспертті әдістер колданылады.

Дифференциалдық әдіс талданатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін немесе ұқсас өніммен салыстырғандағы кемшіліктерді аныктауға мүмкіндік береді. Ол өнімнің өмірлік циклдің барлық этаптарында, әсіресе оны болжамдық үлгімен салыстырғанда қолданылады. Бірақ та ол тауардың әрбір салмақтылық параметрлерін таңдаған кездегі тұтынушының қажеттілігіне әсерін ескермейді.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың комплексті әдісі. Бұл әдіс комплексті (топтық, жалпы және интегралды) көрсеткіштерді пайдалануына және талданатын өнім мен үлгінің шекті тиімді әсерлерді салыстыруына негізделген.

Нормативті параметрлер бойынша топтық көрсеткіш келесі формула арқылы есептелінеді:

Інп = Qһі n i=1 (4)

Мұндағы, Інп - нормативтік параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің топтық көрсеткіші;

Qһі - і-нші нормативтік параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке көрсеткіші;

n - бағалауға қатысатын нормативті параметрлердің саны.

Нәтижелерді талдау:

Егер де жеке көрсеткіштердің бірі 0-ге тең болса (яғни, өнім қандай да болмасын параметрлер бойынша керекті нормаларға сәйкес келмейді), онда топтық көрсеткіш те 0-ге тең болады. Бұл берілген тауар қарастырылып жатқан нарықта бәсекеге қабілетсіз екенін білдіреді.

Техникалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш мына формула арқылы есептелінеді:

Ітп = Qi* Аі n і=1, (5)

Мұндағы, Ітп - техникалық параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің топтық көрсеткіші;

Аі - қажеттілікті сипаттайтын n техникалық параметрлер ішінен і-нші параметрдің салмағы;

n - бағалауға қатысатын нормативті параметрлердің саны.

Нәтижелерді талдау:

а) Ітп топтық көрсеткіші берілген өнімнің техникалық параметрлер бойынша кажеттілікке сәйкес келетін дәрежені көрсетеді. Ол неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым тұтынушының қажеттілігі толығырак қанағаттандырылады.

б) Әрбір техникалык параметрдің салмақтығын анықтау үшін үлгі, семинар, тұтынушының сұранысы, нарықтық зерттеулерге негізделген эксперттік бағалау негіз болады.

в) Нарықтық зерттеулер өткізген кезде пайда болатын қиындық жағдайда, сонымен қатар техникалық параметрлерден бағдарлық бағалауды өткізу және есептеулерді оңайлату мақсатында салмақтық топ немесе комплексті параметрлер - одан әрі салыстыруда қолданатын тиімді әсер қолданылады.

Экономикалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш өнімді сатып алуға және тұтынуға (эксплуатация) тұтынушының толық шығындарын анықтау негізінде есептелінеді:

3 = Зс + Сі т і=і (6)

Мұндағы, 3 - өнім сатып алуға және тұтынуға (эксплуатация) кететін тұтынушының толык шығындары;

Зс - өнімді сатып алуға кеткен бір жолғы шығындар;

Сі - і-нші жүмыс істеген жылына қатысты өнімнің эксплуатациясына кеткен орташа жиынтық шығындары;

Т - жүмыс уақыты;

і - рет бойынша жыл.

Мұнда,

Сі = Scj n j=1 (7)

Сj - j -нші бап бойынша эксплуатациялық шығын;

n - эксплуатациялық шығындардың баптардың саны.

Егер өнім эксплуатациядан кейін сатылатын болса, онда толық шығындар ол үшін табыс шамасына азаюы керек (берілген бап үшін көрсеткіш формулаға минус таңбасымен еңгізіледі) .

Экономикалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш мына формула арқылы есептеледі:

Іип = 3/Зо (8)

Іип - экономикалық параметр бойынша топтық көрсеткіш; 3, Зо - бағаланатын сәйкесінше өнім мен үлгі үшін тұтынушының толық шығындары.

Бәсекеге қабілеттіліктің интегралды көрсеткішінің формуласы:

К = Інп * Ітп / Іэп (9)

К - үлгі өнімге қатысты талданатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші.

Нәтижелерді талдау:

К - өнімді сатып алу мен тұтынуға кеткен тұтынушының бірлік шығынына шакқандағы тұтынушылық тиімділігіндегі салыстырылатын өнімдер арасындағы айырмасын көрсетеді. Егер К<1 болса, онда қарастырылатын тауардың бәсекеге қабілеттілігі үлгі тауарға қарағанда төмен; ал егер К>1 болса, онда қарастырылатын тауардың бәсекеге қабілеттілігі үлгі тауарға қарағанда жоғары; егер екі тауардың бәсекеге қабілеттілігі бірдей болса, онда К=1.

Егер талдау бірнеше үлгі бойынша жүргізілсе, онда таңдалған аналогтар бойынша өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші әрбір бөлек үлгі бойынша орта салмақты көрсеткіш қосындысы ретінде есептелінеді:

Кср = Зкі * Rі n i=1 (10)

Мұндағы, Кср - үлгі топтарға қатысты бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;

Кі - і-нші үлгіге қатысты бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;

Rі - аналогтар тобындағы і-нші үлгінің салмақтығы;

n - аналогтар саны.

Бағалаудың аралас әдісі дифференциалдық әдіс пен комплексті әдістің қосындысы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың аралас әдісі кезінде жартысы дифференциалдық әдіспен есептелген параметрлер жартысы комплексті әдіспен есептелген параметрлер қолданылады.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің бағалануын көрсеткіштердің келесі топтарының негізінде іске асыру ұсынылған: өнімнің бәсекеге қабілеттілігі; кэсіпорын өндірісінің жетік ұйымдастырушылық-техникалығы өзіне екі жалпыландыру көрсеткіштерін косады:өндірістің техникалық деңгейін (Ктд) және өндірістің ұйымдастырушылык деңгейін (Кұд) .

Олар жекелік көрсеткіштердің функциясы ретінде анықталады

(x i . . . , x n

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі
Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері
Ақауларды жөндеуге шығындар
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын қарастыру
Шағын және орта кәсіпорын менеджменті пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz