Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар


МАЗМҰНЫ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар . . . 4
1. 1 Өнім сапасы . . . 4
2. Сапа қасиеттерінің көрсеткіштері . . . 8
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 11
КІРІСПЕ
Бәсекеге қабілеттілік арттыру механизмі - кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттері арқылы сипатталады. Дұрыс таңдап алынған механизм осы кәсіпорынның нарықтық бәсекелестерімен салыстырғанда ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз болады.
Өнімнің сапасы - өндіріс тиімділігінің жогарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді.
Өнімнің сапасы - бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны - бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы - бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну кұнының деңгейінің көрінуі.
Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау; жоғары құнды кызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің экспортты деңгейін диверсификациялау инновациялык үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау.
1. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар
1. 1 Өнім сапасы
Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын барлық факторларды мына топтарға бөліп көрсетуге болады:
• Өнім және қызмет сапасы;
• Өнім және қызмет бағасы;
• Персоналдың квалификациялық деңгейі;
• Өндірістің технологиялық деңгейі;
• Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;
• Нарықтың қаныққандығы, сұраныс және ұсыныс. Енді бұл факторларды ашып талдайық.
Өнім сапасы. Сапа - өнімнің ең маңызды сипаттамасы. өнім белгілі бір сапаға ие болғаннан кейін ғана аналогтар қатарында лайықты оры алуы мүмкін. Сапаның түсінігіне мыналар кіреді: ұзак уақыт бойы қолдану, сенімділік, нақтылық, қолданудағы қарапайымдылығы, сонымен қатар ақаулардың болмауы. Бірақ әрбір өнімге сапаның аталған қасиеттер сай келе бермеуі мүмкін. Мысалы, бір рет қолда-натын стақаннан ұзақ уақыт қолдануын талап ете алмаймыз. Сондықтан, сапаның стандарттарға сәйкес келу деген маңызды көрсеткіші бар. Бұдан басқа өнім тұтынушылардың мына қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс:
• Физикалық;
• Техникалық;
• Сенімділік;
• Эксплуатациялық;
• Эстетикалық;
• Қауіпсіздік;
• Экологиялык;
• Шығынды (эксплуатациямен байланысты шығындар), т. б.
Өнімнің бөсекеге қабілеттіліктің бұл факторлардың маңыздылығын түсініп, біз оны кейінрек толығырақ қарастырамыз.
Өнімнің бағасы. Баға - өнімнің құндық ақшалай сипаттамасы болып табылатын экономикалык категория. Ол өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытының жанама өлшемі. Өнім бағасын анықтайтын факторлар:
1. өндіріс жалпы шығыны;
2. қоғамдық еңбек шығыны;
3. өнім саны;
4. өнім қызметі мен қасиеті;
5. персоналдың квалификациясы;
6. өндірістің технологиялық деңгейі;
7. Мемлекеттің салық туралы заңы;
8. Өнімді тасымалдау және сақтаумен байланысты шығындар;
9. Өнімді өткізу үшін ғимараттар арендасымен байланысты шығындар;
10. Өнімнің орамы;
11. Фирманың танымалдылығы;
12. Сервистік және кепілдік қызмет көрсетуінің деңгейі;
13. Фирманың маркетингтік қызметі;
14. Өнімге сұраныс пен ұсыныс;
15. Фирманың сФеникс нанық баға стратегиясы.
Кәсіпорынның баға саясатын жетілдіру бағыты нақты өндіріс орындарының тиімділігі нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Оның себебі де бар, өйткені нарықтық баға бәсекесі кезінде қандай да бір өнімнің құнын төмендету (ең төмен мөлшерде табыс таба отырып) үшін кәсіпорын өзі шығаратын басқа да өнім түрлерінен немесе қызметтерден тұрақты табыс алуы қажет. Онсыз баға бәсекесінде нәтижелі күресу мүмкін емес. Жалпы баға саясатының қалыптасу реті мен оған әсер ететін факторлардың сипатын сурет-3 көруге болады.
Баға саясатының қағидалары
Бәсекелестердің ықпалы
Тұтынушылар
Нарықтық жағдай
Мемлекет
Шикізат ресурстары, шығындар
Әрбір өнім бойынша баға стратегиясы және маркетинг тактикасы
Өндірістік өнімнің бағасы
Бағаны қалыптастыру факторлары
Баға саясаты
Сурет 3. Кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру
Баға қалыптасу стратегиясын таңдағанда белгілі бір өнім үшін қандай мақсат қойылатынын анықтау керек. Негізінде келесі мақсаттар қойылады:
• Фирманың өміршеңдігін қамтамасыз ету, мысалы, қатал бәсекелестік кезінде;
• Ағымдағы пайданы максимилизациялау;
• Көрсеткіштік үлесі бойынша нарықты жаулап алу;
• Өнім сапасының көрсеткіштері бойынша жаулап алу, яғни белгілі бір өнімнің имиджін қалыптастыру. Бұл жағдайда баға жоғары болады.
Бағаның өзгеруі факторлар эсер ететін уақыттың ұзақтығына қарай үш кезеңге бөлінеді:
• Баға қозғалысының ұзак мерзімдік тенденциясы ғылыми-техникалық жетістіктердің, мемлекеттік және монополиялык саясаттың, табиғи құбылыстардың әсері нәтижесінде тауардың және ақша құнының өзгеруін көрсетеді;
• Орта мерзімдік циклдік бағаның ауытқуы сұраныс пен ұсыныстың салыстырмалы қалпының түрлі кезең циклдары бойынша өзгеруі нәтижесінде пайда болады;
• Қыска мерзімдік бағаның өзгеруі әр түрлі маусымдық және кездейсоқ факторлардың әсерінен туындайды.
Ішкі нарықтағы бағаларға ақшаның сатып алу қабілетінің өзгеруі, ал сыртқы сауда бағаларына ұлттық ақшаның валюталық курсының өзгеруі әсер етеді.
Бағаның түрлері:
1. Көтерме баға - кәсіпорын үлкен мөлшерде басқа кәсіпорындарға, сауда ұйымдарына өткізеді;
2. Контракты баға сатушылар мен сатып алушылар арасында келіссөздер барысында тағайындалатын баға;
3. Дайындау бағасы - ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу;
4. Бөлшек сауда бағасы - тұрғындарға сату бағасы;
5. Өзгермелі баға дайындалатын бұымдарға сауда мәмілесінде ұзақ уақыт белгіленетін баға, осы бұйымдарды дайындау үшін қажетті уақыт ішінде өндіріс шығынының өзгеруін есепке алуға мүмкіндік беретін өзгермелі принципке негізделген.
Практикада қолданылатын баға стратегиялары:
1. Жоғары баға стратегиясы. Алғашқы өндіріс шығындары жоғары болады, одан кейін ол төмендейді. Бұған жаңа тауарлар жатады. Сапасы жоғары тауарлардың бағасы да жоғары болады.
2. Төменгі баға стратегиясы немесе нарыққа өту стратегиясы. Бұл сұранысты ынталандыру мақсатында жүзеге асады.
3. Сараланған баға стратегиясы сатып алушылармен жұмыс істеу, яғни кәсіпорынға деген ынтасынарттыру үшін оларға тауар жеңілдетілген бағамен сатылады.
4. Икемді баға стратегиясы. Бағалар сатып алушылардың мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді.
5. Тұрақты, стандартты, өзгермейтін баға стратегиясы.
6. Дөңгелексіз баға стратегиясы, яғни сатып алушы 100 теңгенің тауарын 99 теңгеге сатып алады.
7. Жаппай көтере сатып алу стратегиясы, яғни көтерме баға.
Баға бәсекесінің пайда болуы және оның әрекет етуі мынадан байқалады:
1. Бір түрлі немесе ұқсас тауарды ең төменгі бағада сату мен басқа да тауар сатушыларды нарықтан ығыстырып шығаруға және соның есебінен өзіне бул салада ыңғайлы жағдай туғызуға бағытталға бәсеке.
2. Тауар алушының ұсынылған тауарға деген қажеті қанағаттандырмау салдарынан тартатын шығынын салыстыр арқылы тауар бағасын көтеру бәсекесі.
3. Тауар алушы мен сатушының, бірінің арзан алуға, екіншісінің қымбат сатуға ынталылығы аралығындағы бәсеке. Нәтиже екеуінің қайсысының жеңіп шығатынына байланысты болады.
4. Тауар алушылардың бірыңғай қажеттерін қанағаттандыратын субститут - тауар өндіретін бәсекелес салалардың үлгісі ретінде пайда болатын салааралық бәсеке.
Нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіпорынның тиімді қызметінің негізгі мәселелердің бірі - сұраныс пен ұсыныстың қатынасы. оны толығырақ қарастырайык.
Тұтынушының қажеттілігі көптеген факторларға тәуелді. Тұтынушының қажеттілігін біліп тану білікті маркетологтардың жұмысы екенін ескертіп кетейік. Басқаша айтқанда, тұтынушының қажеттілігі - бұл белгілі бір тауар үшін төлейтін ақшаның даярлығы. Нарықтағы сұраныс берілген тауарды сатып алушылардың саны, сонымен бірге кажеттілік пен табысқа байланысты. Кәсіпорын бірінші факторға әсер ете алады, ал өнімді өткізу бойынша шаралар (мысалы, жарнама) арқылы ол тұтынушының қажеттілігін ауыстыруы мүмкін. Мысалы, қазір көптеген видеомагнитофондар ОУО ойнатқыштарына ауыстырылып жатыр. Бұл қажеттіліктердің дамуының ғана емес, сонымен бірге тауарды прогресс стандартына, мәртебеге байланысты жарнамалық шаралардың нәтижесі. Сонымен, сұраныс жоғарыда аталған үш факторларға тәуелді.
«Бәсекеге қабілеттілік - Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Және мұның қажетті шарты -Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы», деп айтқан Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халқына жолдауында осы жылы.
Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.
2. Сапа қасиеттерінің көрсеткіштері
Өнімнің сапасы - өндіріс тиімділігінің жогарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді.
Сапа қасиеттерінің бірнеше көрсеткіштері бар:
Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасының талғамы мыналар есебімен негізделеді:
• өнімнің тағайындауы және қолдану шарттары;
• тұтынушылардың талаптарын талдау;
• сапа көрсеткіштерінің негізгі талаптары;
• сипатталатын қасиеттердің құрамы мен кұрылымы;
• өнім сапасын басқару мәселелері.
Сипатталатын қасиеттердің құрылымы мен құрамын анықтаудың негізгі бағыттары өнімнің сапа деңгейін бағалауда қолданылатын көрсеткіштер классификациясын көрсетеді. Сипатталатын қасиеттер бойынша олар:
• жеке ;
• комплексті (топтық, жалпы, интегралды) .
Өлшем бірліктері:
• натуралды (килограмм, метр, литр)
• құндық бірлікте.
Сапа деңгейін бағалау бойынша:
• базалық;
• қатысты көрсеткіштер.
Анықтау сатысы бойынша:
• болжанатын;
• жобаланатын
• өндірістік;
• эксплуатациялық көрсеткіштер.
Сипатталатын қасиеттер бойынша келесі көрсеткіштер топтары қолданылады:
• тағайындау;
• сенімділік;
• технологиялық;
• стандарттау және сәйкестендіру;
• экономикалық
• эргономикалық;
• эстетикалық;
• тасымалдау;
• патенттік-құқықтық;
• экологиялық; қауіпсіздік.
Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет.
Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz