Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық
параметрлерін жақсарту. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
0.1 Өнімнің бәсекеге қабілетілігін жоғарылату міндетін
шешуін таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2 Бәсекеге қабілеттілік арттыру механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .8
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...13

КІРІСПЕ

Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалык субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту максатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау; жоғары құнды кызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің экспортты деңгейін диверсификациялау инновациялык үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау.
Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.
Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде колда бар жетістіктерге канағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен әлемдік нарык өндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік кауқарын нығайтуды, кәсіпорындардың бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды кажет етеді. Бұл жағдай Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу - негізгі міндетіміз болып қала береді.
Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелік қабілетін арттыру арқылы, ...қол жеткіземіз.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулыктары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық кұжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері жылдық есептемелік кұжаттары құрайды.

1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін
жақсарту

Бәсекелік саясатта тауарға қатысты, ең алдымен, оның функционалдық тағайындалуын, сенімділік, қолдануындағы ыңғайлылық, сыртқы келбетің эстетикалығы және басқа сипаттамалары, яғни берілген тауардың үлгі тауарларға қарағандағы тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері назарға алынады. Берілген тауардың жиынтық қасиеттерін қосатын тауардың мұндай тұтынушылық құндылықтарын қалыптастыру нарықта өмір сүріп қалудың маңызды шарты болып табылады. өндіруші бәсекеге қабілетті тауарды өндіргенде әртүрлі стратегияны қолданылады:
* Бәсекелестер тауарынан айырмашылығы бар кәсіпорын тауарына тұтынушының назарын аудару;
* Өндіріске айқындалған тауарлардан барлық тұтынушылар үшін тартымды бір тауарды таңдап, соның негізінде нарықты жаулап алу;
* Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасынан экономикалық тиімсіз тауарды уақытылы алып тастау;
* Ескі және жаңа тауарлармен жаңа нарыққа шығудың амалын табу;
* Сатып алушының жаңа қажеттіліктері мен талғамдарына сәйкес өндірілетін тауардың модификациясын жасау;
* Сатылатын тауарлардың сервистік қызмет жүйесі және жалпы өткізуді ынталандыру жүйесін жетілдіріп дамыту.
Халықаралық еңбек бөлінісі мен ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен бәсекеге қабілеттіліктің кең таралуы өндірушілерді жаңа бәсекеге қабілетті тауарларды мен оны өткізудің жаңа нарықтарын көбірек іздеуге мәжбүр етеді. Халықаралық тәжірибе бір ғана өнім емес, ассортименттік наборды құрастыратын кең параметрлік қатарды өндіру тиімді екенін көрсетеді. Параметрлік қатар мен ассортименттік набор кең болған сайын, тұтынушы өзі үшін сатып алудың оптималды нұсқасын табатынына ықтималдылығы жоғары болады. Мысалы, бір-бірінен жүккөтерімділігі, жылдамдығы, айналу радиусы және басқа айырмашылығы бар бір типті автотиеуіштерді шығару. Әрбір сатып алушыға оның жұмыс жағдайы есебінен сатып алынатын автотиеуіштердің кейбір анықталған эксплуатациялық параметрлері қажет болады. Егер сатушы ол қажеттіліктерді қанағаттандырса, тұтынушы оны сатып алады; егер қанағаттандырмаса, тұтынушы басқа сатушыны іздейді.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін, ең алдымен, бәсекелестері өнімді сатып жатқан немесе өткізуге мақсат қойған нарықтар туралы объективті ақпаратты алуы керек. Нарықтарды талдауға ерекше назар аударылады. Әсіресе берілген тауар қанағаттандырмайтын қажеттіліктер және тұтынушылар атап өткен тауардың жақсы қасиеттері бағалану керек. Ең соңында техникалық деңгейі және сапасы бойынша өндірілетін өнімнің ақырғы тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетіні туралы мәселе шешіліп, нарықты комплексті зерттеуі нәтижесінде оның бәсекегқабілеттіліг бағаланады.
Тауардың қазіргі және болашақтағы бәсекеге қабілеттілігін бағалаудан кейін одан әрі өндірістік-өткізу саясаты туралы шешім қабылданады:
* Берілген тауардың өндірісі мен өткізуін жалғастыру керек пе;
* Өндірістің модернизациясын жасау керек пе;
* Оны өндірістен алып тастап, жаңа тауарды шығаруға кірісу керек пе;
* Тауарды нарықтық жаңалық тауарға айналдыруындағы модернизацияны өткізу керек пе;
* Қаржылық ресурстар, тауарды өткізу торы, сатылған тауардың сервисін қамтамасыз ету мүмкіндігінің жеткіліктік есебінен жаңа өткізу нарығын іздеуге кірісу керек пе.
Өнеркәсіптік кәсіпорын жағынан өндіріс рентабельділігі мен өткізуін қамтамасыз ету мақсатында нарықтың жоспарланған үлеске ие болуға мүмкіндік беретін тауарлардың өндіріс көлемін туралы мәселе шешілуі тиіс.
Сонымен бірге, кәсіпорынды ресурстық қамтамасыз ету ─ қажетті материалдар, жинақтайтын бұйымдар, жартылай фабрикаттар сатып алу мүмкіндігі, қажетті қаржылық ресурстар мен квалификациялық деңгейі жоғары кадрларды тарту да өте маңызды мәселе болып табылады. Көптеген бәсекелестерге қатысты нарықта ұстанымды жаулап алудың негізгі сәті - өндірілетін өнімдердің уақытылы жаңаруы, өнімнің жаңа түрлерінің өндірісін ұйымдастыру мен даярлау. Қазіргі жағдайдағы нарықта кәсіпорынның гүлденуі үшін жаңа өнімдердің өндірісі мен қалыптастыру шешуші мағынаға ие. Статистикалық мәліметтер бойыншаөндірістің негізін қалайтын жаңа өнімді игергеннен кейін оның өткізуінің өсу темпі бәсекелестерге қарағанда 2 есе артық. Жаңа өнімді шығарғанда және тауарлардың ассортиментін кеңейткенде кәсіпорын нарықтың болжанбайтын өзгерістер есебінен банкротқа әкеле алатын бір өнімнің тәуелділігін азайтуға тырысады. Нарыққа шығарылған жаңа тауарлардың бірталайы коммерциялық сәтсіздікке ұшырайтыны белгілі: шамалас 10 өнімнен 8 өнім өндірушілер оларға артқан сенімділігін ақтамайды. Негізгі себептері: берілген тауарларға сұраныскөлемінің жеткіліксіздігі, тауардың техникалық және эксплуатациялық кемшіліктері, тиімсіз жарнма, жоғары баға, бәсекелестердің болжанбайтын жауапты қимылдары, нарыққа шығу үшін таңдалған дұрыс емес уақыт, өндірістің шешілмеген мәселелері, жалпы алғанда бәсекелес саясаттың дұрыс емес болжануы.
Жаңа тауарларды шығару тұжырымдамасының негізінде тек жаңа техникалық және техникалық-экономикалық параметрлерге жетудегі дәстүрлі ұмтылысты сақтау ғана емес, сонымен бірге басқа аналог тауарларға қарағанда бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейлі нарықтық жаңалық тауарды құруға талпыныс болып табылады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату жолдарын таңдаған кезде жаңа өнім шығару емес, өндірістен моральдық ескірген өнімді шығару емес, тауардың модификациясы туралы уақытылы шешім қабылдау жиі жақсы нәтижеге әкеледі. Өнімнің модификациясы туралы шешім үлкен пайда алу үшін тұтынушының ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қабылданады. Сонымен қатар, машина, құрал-жабдық және басқа өнеркәсіптік өнімді қолдану мен өткізумен байланысты комплексті қызметті көрсету, олардың жоғары тиімділікті эксплуатацияға әрқашан дайын болуы, яғни сервистік немесе сатудан кейінгі қызмет көрсету өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға дұрыс бағыт болып табылады. Білікті ұйымда өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатудың шешуші факторы сервис болып табылады, өйткені қосалқы бөлшектерге баға өндірісте қолданылатын жинақтаушы бөлшектерге қарағанда 1,5-2,0 есе төмен.

1.1 Өнімнің бәсекеге қабілетілігін жоғарылату міндетін шешуін таңдау

Өнімнің бәсекеге қабілетілігін жоғарылату міндетін шешуінде таңдау мәселесі мен жаңа өткізу нарықтарын игеру мағынасы жылдан жылға артып келеді. Осыған байланысты әрбір кәсіпорында бұл салады талдау-іздеу жігері өте маңызды. Жаңа өткізу нарықтары тауардың бәсекеге қабілеттілігі мен өткізу қызметінің рентабельділігін күрт өзгерте алады. Жаңа нарыққа тауарды еңгізіп, оның өмірлік циклін ұзартуға болатыны түсінікті. Әлемнің әрбір түкпірінде сұраныстағы маусымдық ауытқулар тауардың сәтті өтуіне себеп бола алады. Ал жаңа нарықтарда сату көлемінің өсуі бірлік өнім өндірісіне кеткен шығынды азайта алады, бұл ең алдымен арзан жұмыс күші, салықтың төмен деңгейі және кеден баждары мен өткізу жаңа нарықтардағы басқа факторлар есебінен болуы мүмкін. Осыған байланысты, егер ішкі нарықта тауардың бәсекеге қабілеттілігі күрт төмендесе, тауардың бәсекеге қабілеттілігі әрі қарай дамуы үшін (оның модификациясын жасамас бұрын, жаңа өнім немесе ескі өнімді өндірістен шығармас бұрын) онымен өткізу жаңа нарығына шығуға әрекет жасау керек.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау нәтижесінде бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудың келесі жолдары қабылдануы мүмкін:
* Қолданылатын материалдардың, комплект бұйымдардың немесе өнім конструкциясының құрамы мен құрылымының өзгеруі;
* өнімді жобалау тәртібінің өзгеруі;
* өнімді дайындау технологиясының; дайындау сапасы, сақтау, орама, транспорттау мен монтаждауды бақылау жүйесінің өзгеруі;
* өнім бағасының, қызмет көрсету мен жөндеу бағасының, қосалқы бөлшектерге бағаның өзгеруі;
* нарықта өнімді өткізу тәртібінің өзгеруі;
* өнімді өткізу, өндіріс, жетілдіруге арналған инвестиция көлемі мен құрылымының өзгеруі;
* жабдықтаушыларды ынталандыру жүйесінің өзгеруі;
* импорт құрылымы мен импортталатын өнім түрлерінің өзгеруі.
Қорытындылай келіп, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылатудың 3 негізгі жолдарын көрсетуге болады:
1. тауардың сапасын жоғарылату;
2. тауардың бағасын арзандату;
3. тауардың өткізуін өрістету.
Соңғысына біз ашып қарастырайық.
Бәсекеге қабілеттіліктің өсуі, евро курсының жоғарылауы мен доллардың төмен түсуі өндірушілерді өз өнімін өткізуінде тұтынушылар мен делдалдарға жол беруге тура келеді. Одан басқа, жарнама тиімділігі өсіп жатқан шығындар есебінен төмендейді. Сондықтан, соңғы кездері көптеген кәсіпорындар жарнама ЖШС-гіна тиімді сүйеу болатын өткізуді ынталандыруға сүйенеді.
Сатуды ынталандыру көп мақсатты бағытқа ие. Мақсат алдағы ықпал объектісіне байланысты таңдалады. Мақсаттық аудиториялардың бірнеше типтері бар:
1. Тұтынушы: оның мағынасы өте үлкен және барлық маркетингтік саясат сол тұтынушыға бағытталады. Сатуды ынталандырудың кең спектр тәсілдері бір ғана мақсатпен жасалған ─ тұтынушыны ең тиімді әдіспен тарту және оның сұранысын қанағаттандыру. Тұтынушыға арналған ынталандыру жолдары келесідей:
* сатып алушылардың санын көбейту;
* бір сатып алушымен сатып алынған тауарлар көлемін ұлғайту.
2. Сатушы: сатушының тауарды сату қабілеттілігі мен шеберлігі өндіруші назарынан тыс қалмауы керек. Фирманың мақсаты сол қасиеттерді ынталандырып көтермелеу. Сатушыға арналған ынталандыру мақсаттары:
* тауарға қызығушылығы жоқ тұтынушыны қызықтыру.
3. Сауда делдалы: өндіруші мен тұтынушының арасында негізгі буын болып, реттейтін қызметін атқаратын өзіндік объектісі болып табылады. Ынталандыру мақсаттары келесідей болуы мүмкін:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі
Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары
КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН жоғарылату
Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Тауардың бәсекеге қабілеттігін бағалау
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жайлы мәлімет
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Пәндер