Техникалық ғылымдардың даму ерекшеліктері



Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Техникалық ғылымдардың даму ерекшеліктері

Техникалық ғылымдардың генезисі және қалыптасуы өндірістік-әлеумет-тік шаруашылық қызметінің тарихи жағынан дамыған үш технологиялық тәсілдерінің пайда болуы және дамуымен байланысты: 1) қарулық (қолмен басқару); 2) машиналық (механикаландырған) және 3) автоматтық (автоматтан-дырылған).
Осыған сәйкес техникалық ғылымдардың қалыптасуының үш кезеңі атап көрсетіледі: ғылымға дейінгі, ғылыми-классикалық және постклассикалық (қазіргі замандағы).
Бірінші кезең - XIX ғ. басына дейінгі көне шығыс және антикалық зерттеулерден - эмпирикалық материалдың жинақталуымен сипатталады, соның негізінде техникалық ғылымды қалыптастырудың алғышарты жасалды.
Екінші кезең -XIX ғ. басы мен XX ғ. бірінші жартысы арасында. Оның шеңберінде жаратылыстану заңдылықтары техникалық объектілерде пайдала-нылады, жекелеген ғылыми-техникалық пәндер қалыптасты және технология-лық және энергетикалық циклді техникалық ғылымдар жүйесі жасалады.
Үшінші кезең XX ғ. екінші жартысынан басталады және ақпараттық-кибернетикалық циклді техникалық ғылымдардың қалыптасуымен, техникалық ғылымдар шеңберінде интеграциялық үрдістерді жандандырумен, сондай-ақ жаратылыстану, техникалық білімдер мен адам туралы ғылымдар арасындағы өзара байланысты күшейтумен сипатталады.
Ғылым алды техникалық білім - нақты пәндік-практикалық қызмет процесінде жинақталған техникалық объектілер және олардың жүйесі туралы түсінік. Бұл білім - шын мәнінде нақты бекітілген уақыт шекаралары жоқ әлеуметтік тәжірибені қабылдаудың нәтижесі.
Факторлардың екі тобы техникалық білімді дамытудың динамикасын анықтайды:
- техникалық ғылымды имманентті дамуына сүйенетін ішкі факторлар;
- техникалық білім генезисі және дамуының жағдайына сүйенген сыртқы факторлар.
Бұл факторлар жаратылыстану ғылымдарының динамизмін де анықтайды. Техникалық ғылымның өзгешілігі әлеуметтің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерінен және әлеуметтік мәдени бағдарлардан, іргелі жаратылыс-танумен салыстыру бойынша олардың үлкен тәуелділігінде білдіріледі, яғни олардың үлкен тарихи тәуелділігі сыртқы жағдайлардан және факторлардан анықталады.
Егер адамды "қару жасайтын жануар" ретінде қарастырса, онда техниканың бірінші элементтері (нышандары) антропогенезмен байланысты. Техникалық білім элементтері кейінірек пайда болды, яғни техникалық білімде эмпирикалық тәсіл теориялық-генетикалық жағынан басымырақ болды, бұл дихотомия жаратылыстануда соншалықты байқалады.
Техникалық білімнің генезисі және қалыптасуы адамның пәндік-практикалық қызметіне байланысты туындаған және дамыған. Антропогенез процесінде алғашқы адам табиғат құралдарын кездейсоқ пайдалану сатысы-нан өзінің қызметінің тиімділігін арттыру үшін біртіндеп оларды бейімдеуге және жетілдіруге өтті, бұл ретте адамның табиғи табиғаттың құралдары және процестерін неғұрлым белсенді пайдалану үрдісі байқалады.
Ғылым алды техникалық білімнің элементтері антропогенездің алғашқы кезеңдерінде табылды, техникалық білім элементтерінің генезисі әлеуметтің алғашқы нысандарын қалыптастырумен және дамытумен байланысты деп саналады.
Абсолютті тұтынушылықтан қызметтің салыстырмалы өндіруші элементеріне өтудің алғышарттарын құрайтын археологиялық табулар (тас ұрғыштар, пышақ тектес пластиналар және т.б.) ғылымға дейінгі техникалық блімнің білім элементтерін санау нүктелерін палеолит және неолит арасындағы уақыт аралығында іздеу қажет деп нақты айтуға мүмкіндік береді. Тек осы кезеңге кездейсоқ нысандағы әр түрлі еңбек қаруларын емес, айқын (мамандан-дырылған) шаруашылық мақсатты бағыты бар заттардың жиынтығы жатады. Бұдан басқа, еңбек құралдарының алғашқы нысандары-ақ адамдардың өсіп отырған қажеттіліктерінің тұтынушылық шаруашылық жүргізудің дәстүрлі мүмкіндіктеріне сәйкес келмеуіне байланысты шикізаттық және экологиялық дағдарыстарды жеңудің техникалық алғышарттарын құрады деп саналады.
Әлеуметте антропогенез процесінде жинақталған практикалық тәжірибе "прағылым" негізіне қаланған, яғни пәндік-құралдық қызметтің нәтижесі ретін-де эмпирикалық білімнің жиынтығы ретінде қаланған. "Прағылымның" алғашқы нысандары (сондай-ақ "пратехниканы" да) көне шығыс өркениетіне жатқызады.
Көне Египетте саздан жасалған бұйымдарды алу тиісті химиялық технологияны білумен байланысты; кейінірек мыс, темірден жасалған қарулар пайда болды. Техникалық конструкция өнер табыстары (дөңгелек, су көтергіші және т.б.) көне египеттік өркениетті тиімді пайдаланудың техника-технологиялық алғышарттарын жасады.
Көне египеттік жазбашылар өңделетін жердің ауданын есептеді, құрылыс жұмыстарының көлемін санады, пирамида, храмдар, сарайларды тұрғызу кезінде сызбалар мен сұлбалар пайдаланылды. Көне қытайлық "бюрократиялық феодализм" гидротехникалық құрылыстар, храм құрылысы және т.б. тұрғызу процесінде техникалық білімнің элементтерін пайдаланды.
Техникада техникалық білім заттандырылған (материалданған) әлеуметтік-гуманитарлық біліммен тығыз өзара байланыста болады және егер техникалық білімнің әлеуметтік мәдени маңызы ғылыми динамизмімен, әлеуметтегі оның жоғары мәртебесіне берілсе, онда ХХ ғ. екінші жартысынан бастап техникалық ғылымдарды және соның ішінде техниканы "адами өлшеу" анық пайда болды.
Техникалық білімді үлкен дәрежеде тарихи жағынан дамуы жаратылыс-тану динамизміне қарағанда, әлеуметтің қажеттіліктерімен байланысты, сол немесе басқа техникалық қажеттілік тарихи жағдайлардан, экономикалық даму деңгейінен байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет пен құқық теориясы пәні және функциясы мен әдісі
Криминалистиканың жүйесі
Мәдениет мәселесі
Ғылым жетістіктерің философиялық тұрғыда тұжырымдау
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның философиялық мәселелері
Қоғамдық сана ұғымы
Ғылым тарихы мен философиясының дамуының әлеуметтік мәні
Жалпы теорияньің пәні және әдісі
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
Ғылымның тарихи-әлеуметтік жағдайлары
Пәндер