Абай - лирик ақын



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

І КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Махаббат философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Абай - лирик ақын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Махаббатсыз дүние бос ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Лирикалық шығармаларына талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Гете мен Абай үндестігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Абайдағы қазақ қызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.5 Тоғжан бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Абай Құнанбаев шығармаларындағы махаббат лирикасы тақырыбындағы өлеңдеріне әдеби-теориялық талдаулардың жасалуы мен ақын шығармаларының жан-жақты талдануы тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларын жан - жақты зерттеп, тақырыптық - идеялық мазмұнын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
oo Абай Құнанбаевтың махаббат лирикасы тақырыбындағы өлеңдердің өміршілдік таным тұлғасын ашу;
oo А. Құнанбаев шығармаларын зерттеп, философиялық ой - толғамдарын талдау;
oo А. Құнанбаев шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін анықтау;
Зерттеу нысаны: А. Құнанбаевтың махаббат лирикасы;
Зерттеу әдістері: талдау, баяндау, түсіндіру, зерттеу.
Курстық жұмыстың ғылымилығы: Абай махаббат лирикасын жан-жақты қамтып, толық жырлаған ақын. Ол өз шығармаларында махаббат, табиғат, саяси, философиялық, көңіл-күй тақырыптарын қамтыған. Абай өлеңдері - өмір тәжірбиесінің қорытындысы, адамгершіліктің ережелері дерлік, терең ойдың, психологиялық толғаныстың жемістері.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Сонымен қатар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, тұтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс.

Абай лирикалары - өмірдің шынайы жылына толы, күн нұрындай әсерлі шығармалар. Онда жан сергітер самал лебі есіп тұр. Ақын өлеңдері оқушысын күн нұрына бөлеп, көк майсаға орағандай керемет ләззат береді.
Ұлттың рухани көсемі А.Байтұрсынұлы: "Абайды қазақ баласы тегіс танып білуі керек. ...Абай сөздері дүнияда қалғаны - қазаққа зор бақ" дегенде абайтануды белгілі бір уақытпен, бір ұрпақ ауысуымен шектемегені белгілі. [1,15]
Себебі "Абай жалғыз ғана ақын болды деуге болмайды. Әдебиетімізге негіз салған да - Абай, адамшылық, тәрбие, ғылым, өнер, кәсіп деген сөздерді ойлап, тексерген де - Абай. Қазақтың тұрмысын, өнерін, мінезін айқын суреттеп, кемшілігін көрсеткен де Абай" (М.Әуезов). [2, 5том, 189]
Даналық өлшеміне айналған ойшыл Абайдың ой дүниесі ұлттың негізгі рухани арқауын құрап, қазіргі заманғы сана жүйесіне де өтіп, кешенді сипаттағы зерде мен таным таразысына түсуі - қазіргі қоғамдық-әлеуметтік даму талабына сай қажеттілік.

1.1 МАХАББАТ ФИЛОСОФИЯСЫ

Әлемдегі ешбір философия махаббат мәселесіне соқпай өтпеген. Христиан дінінде құдай дегеніміз - махаббат деген қағида бар. Махаббат туралы ілімдердің негізгі түптамырлары тоғысатынында еш таңғалуға болмайды. Себебі махаббат - адамдық өлшемнің белгісі. Абайдың Махаббатсыз дүние бос дейтіні де сондықтан. Махаббат туралы ой міндетті түрде өмір мәні, болмысына бастап апарады.
Абай махаббаттың адамның кеселді қылықтарынан тазартатын күш екеніне кәміл сенген. Бірақ қазақ даласына махаббат философиясы, махаббат поэзиясы болып сіңген болатын. Алла мен адам арасындағы махаббат түрленіп, әйел мен еркек арасындағы ғашықтыққа ауысқан. Солай болғанмен, мәселенің түп қазығы сол қалпында, яғни адам бойындағы қасиеттерді саудаға салмау. Адамдардың (қыз бен жігіттің) бір - біріне қалтқысыз берілуі, ғашық болуы - бұл құдай жолы.
Ғашықтық тақырыбы қиссалар түрінде Шығыстан да келіп жатты. Өз ақындарымыз да жырлап, оны ел жаттап алып айтатын болды. Сөйтіп махаббат философиясы поэзия арқылы қазақ санасына толық сіңісті. Бірақ Шығыстың одан бергіде қазақтың ғашықтық жырларында Рабиғаның жападан - жалғыз отырып Аллаға ғашық болып бәйіт айтуы өзге күйге түсті. Ғашықтық сезімін қыз жігітке, жігіт қызға арнады. Махаббат адамдар сезіміне ауысты. Алайда, тақуалық, яғни махаббат үшін өзін құрбан ету, өмірін арнау қалды. Ғашықтық жырларда екі жастың бақытқа жетуі өте сирек. Көбіне ғашық болғандар мерт болады. Мысалы, Қозы Көрпеш пен Баян, Төлеген мен Жібек. Демек, махаббат үшін құрбан болу - махаббат философиясынан қалған дәстүр.[3,104-105]
Дүниетаным, халықтық сана дегендер - тарихи ұғымдар. Абайдың махаббатпен жаратқан адамзатты деген дана сөзі барлық қазаққа түсінікті. Қазақ санасында қалыптасқан аңыз желісі бойынша Алла адамзаттың барлығын махаббатпен, сүйіспеншілікпен жаратқан.
Ғарифолла Есім өз еңбегінде махаббатты былайша сипаттайды: Махаббат - Алланың қасиеті, сипаты ретінде шексіз, өлшеусіз шындық. Демек, ол туралы таным да шексіз. Махббат - мәңгі таусылмайтын тақырып. Өмірдің мәні махаббатта. Келе - келе адамның Аллаға махаббаты рух махаббаты және тән махаббаты болып бөлінген. Ол туралы Абай: Ғашықтық, құмарлықмен - ол екі жол, - деп нақыт айтқан, себебі құмарлық негізінде нәпсі бар. [3,107]


2.1 АБАЙ - ЛИРИК АҚЫН

Дала кемеңгері Абай - қазақ елінің мақтанышы. Абай дегенде толғанбаған қазақ, ойланбайтын адамзат болмайтын шығар сірә?! Ойлы өлеңдерімен, асыл қара сөздерімен өскелең ұрпаққа қанат бітіріп, тәрбие мен адами қасиеттерді әрдайым бойға сіңірткен данышпан ақынның өсиеті - мәңгілік мұра. Абай өлеңдерін бағаламау, болашаққа дәріптемеу үлкен күнә болар.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 170 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Абай лирикалары - алуан сырлы, мазмұнға бай, адам жанын тебірентерлік нәзік. Ақын лирикасы - нәзік сезімді толғанысымен ғана емес, сонымен бірге, өзінің гуманистік рухымен терең ойлылығымен де, асқан суреттілігімен де жаңа мәнді реалистік шығармалар. Абай өлеңдерінің реализмі өзінің шынайылығымен, озық идеялылығымен Еуропа классиктері реализміне сабақтас.[4,854]
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай - лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Лирика - адамның көңіл - күйін, қуаныш - реніш сезімін білдіретін поэзия. Лирика бес түрге бөлінеді.

1.Табиғат лирикасы
2. Махаббат лирикасы
3. Философиялық лирика
4. Саяси лирика
5. Көңіл - күй лирикасы

2.2 МАХАББАТСЫЗ ДҮНИЕ БОС...

1989 - жылғы тақырыптардың бірі - махаббат жайы. Сол қатарға кіретін осы жылы жазылған бірнеше өлең бар. Бұлар: Хор болды жаным, Сен мені не етесің?, Жігіт сөзі, Қыз сөзі, Білектей арқасына өрген бұрым.
Осы бес өлеңнің тұсында Абай әр түрлі стиль іздеп, махаббат, ғашықтық жөнін әр алуан үлгіде жырлап көреді. Сонда, Хор болды жаным, осы тексерудің бас кезінде шығыс ақындарының Абайға еткен әсерін көрсетеді. Махаббатты тағдырдан келген зұлым - дейді. Жаным хор болды, бек бітті халім, - дейді. Сол ауыр дертпен тең мүшкілдікті алланың жіберген тағдыры, оны бенденің көрмеске шамасы қане? - дейді. Әрине, оқушыға ап-айқын, махаббат жйын бұлай жырлап көрген қазақ ақыны болған емес. [5,179]
Орыс, Еуропа классик поэзиясы да ғашықтықты құдайдың тағдыры екен, кеудеге әкеп салды дей қоймайды. Ал кейде сопылық лирикасы көбірек әсер еткен шығыстың классик поэзиясындағы көп диуандар толы сансыз көп ғазелдер қандай ұлы ақын айтса да, осы жаңағы Хор болды жанымның наным, сезім сарынымен жырланатын. Абай осы үлгі дәстүрмен бір кезек ойлағандай болады. Жасы ұлғайып, басқаша стиль, дәстүрдің ақыны болып алып - ақ өзі жақсы білген шығыс классиктерінің үлгісінше, бір сәтке осындай құлақ - күй шертеді. Ұлы Пушкиннің кейде Парниге, кейде Құранға, кейде Песня песнейге еліктеу ретінде ойнай жазған қысқа өлеңдері тәрізді бір мысал. [4,849]
Шығармалық еңбегінің қайсысында болса да ерекше ықылас, ұқыптылықпен қарайтын ақын, бұл өлеңге бұрын айтпаған, таппаған жаңа түр береді. Сол жаңа түрін оқушыларға тосаңдық етеді деген оймен ұғымдырақ, қонымдырақ ету үшін әдемі ән де шығарып таратады.
Ғашықтық тақырыбына жазылған осы жылдың тағы бір өлеңі Сен мені не етесің?. Онда опасыз жардан наз-нала шеккен шерін шертеді. Бұнда да Абай барынша шебер түр табады. Жеті жолдан қайырылатын ұқсастық көбінше он төрт жолды шумақ боп келісе үйлескенін көреміз. Абай осы өлеңде ең алғаш рет әр жолдың ырғақ, буын өлшеуін де қатты өзгертеді. Кей жол төрт - бес сөзден құралса, белгілі санаулы қатарда, мысалы: төртінші, алтыншы жолдарда бір-бір-ақ сөз бір жол болып отырады. Осындай өлең уезінен (Абайдың өзі айтуынша) тауып, ақын және де арнаулы ән шығарады. Әні де қазақ айтып, естіп жүрген ән - күй ырғақатарынан мүлде бөлек. Бұндайлық өлең түрін құрып, ән өзгешелігін іздегенде абай қазақ музыкасы үшін әдейілеп речитатив өрнегін тапқан тәрізді. Тегінде, речитатив музыкасында драмалық - уақиғалық мазмұн молырақ болады. Мынау өлеңнің мазмұнында бастан - аяқ жүріп отырған үй ішілік драмалық бір хал баян етілген. Өлеңнің он төрт жолдан қайырылған шумағының өзінде де, ақлыпты өлшеулі қатармен түсіп отырған өлең сөзден гөрі ауызша айтылып отырған сөздің интонациясы бар. [5,180]
Бұл өзгешелік тек Абайдың осы шығармасында мазмұн, түр (әрі өлеңдік, әрі музыкалық түрлері) өте үйлесіп табысқандықты танытады. Тұтас бітімімен төгіліп шыққан әсем бір келісім аңғартылады. Бұл өлеңде орыс классик поэзиясының, соның ішінде, әсіресе, Лермонтов лирикасының зор әсері бар тәрізді. Осыдан соңғы екі өлең: Жігіт сөзі мен Қыз сөзіне тоқаталар болсақ, Абайдың ғашықтық жайын жырлауда және де бір жолата басқаша стиль - дәстүрді іздегенін көреміз. Бұл өлеңдерде ішкі сырларын сәлем хатпен делдал арқылы айтысып отырған жастар көрінеді. Жаңағы ғазелмен айтылған шер - мұңнан мынау өлеңдері мүлде бөлек. Бұл өлеңдегі асықтар қазақтың анық Абай тұсындағы ауыл жастары. Солардың ішінде құда менен құдаша, бозбала мен бикег сәлемдемесі. Екеуі де жалын жеңістерін анықтық, ынтықтық сезіммен айтпақ болады. Сол көңіл талаптарына арналған нелер шебер теңеулерді ақын табады және тапқанда қазақ халқының өз тірлігіндегі, өз табиғатындағы болмыстар, натурадан мысалдар алады.
Осылайша бейнелеу арқасында жігіт те, қыз да өздерінің тілектерін натуралистік шындықпен бадырайтып, ашық айтысады. Төр төсекте, Құмар қану деген сияқты жігіт пен қыздың нақтылып айтылған, әсерлеп аталған мақсаттары бұл өлеңдердің шешендік теңеуіндегі көркемдігіне қарамай, негізінде натуралистік қалыптағы, тұрпайылау болмысты баяндайтын өлеңдер боп шыққанын байқатады. [5,164]
Абайдың ақындық шеберлігі ғашықтық лирикада ерекше көзге түседі. Сүйіспеншілік адамзатпен бірге жасап келеді, сондықтан оны қазақ ақындары Абайдан әлдеқашан бұрын жырлаған болатын. Бірақ сүйіспеншілік, сүйіскен жастардың игі сезімін үдетіп, бойына лепті жігер, қасиетті қайрат дарытатынын ашып, махаббатты жанды образ түрінде көзбен көріп, көңілмен сезгендей етіп Абайдай ешкім суреттей алған жоқ.
Махаббатты өте жоғары бағалай білген ақын ғашық болу тек жай сезіммен сүйгендік қана емес, адамшылық пен шын көңілдің тоғысқандығы деп пайымдайды. Ол жастардың сүйген жарына деген нағыз адал көңілдерін ашып, жыр ете білді. Жүрекпен сырласқан екі жастың кездесуі, олардың арасындағы іштей бірін - бірі ұғынулары шебер бейнеленеді.
Ыйығы тиісіп,
Тұмандап көздері
Үндемей сүйісіп,
Мас болып өздері
Сүйіскен екі жастың ыйықтары тегін тиісіп отырған жоқ, оларды қосылып бір жан болып кету құмарлығы билеп отыр, сөз де, әрекет те жоқ, көз тұманды, дене мас. Шын сүйісу, жастық сүйісу, ештемені қымтамай түгел беріле сүйісу деген осы. Осы дегдар қасиетті ақын жастың жанын тебіренерліктей, кәріні де жарамсыз ісіне өкініп, жақсысын ойына алып жадырап, бір селт етіп қаларлықтай әсерлі леппен суреттейді.
Ыйығы тиісіп - мейлінше қарапайым сөз; бірақ ақынның әмірімен сөз сапына қиысқан соң, әсіресе өмір шындығын елестеткен соң, бойына сиқырлық көркемдік ұялап тұр.
Қарапайым сөзді қалаулы қатарға енгізіп, көркемдік күш ұялату - Абайдың ақындық шеберлігінің дербес өзгешелігі.
Өзге ойдан тыйылып,
Бірімен бірі әуре,
Жүрекке құйылып
Жан рахат бір сәуле, - дегенде ақын бойды кернеген қасиетті, дана сүйіспеншілік сананы аршып, айбындандырып сәуле де бітіретінін аша кетеді. [6.171]
Бір - біріне шынайы ынтық екі ғашықтың кездесу суреттері, жүректерімен алысқан сырлары, үнсіз ұғыну, құмарлық - құштарлық лебіздері, сезімге берілген адамға тән жағдай, айтар сөзін аузынан шығара алмай демі құрып алас ұрулары шебер бейнеленіп, күрделі психологиялық көрініс, келісті сәттері терең ашылады, абзал жанға тән адал махаббат суреттеледі.
Сүйіскен жастардың алар ләззаты, жан рақаты түгел айнағы түскендей бейнелі.
...Жүрекке құйылып,
Жан рақат бір сәуле...
Сенсің - жан ләззаты,
Сенсің - тән шәрбаты.
Махаббат лирикасына жататын өлеңдері тақырыбы жағынан, көркемдік сипат-өзгешелігі жағынан да сан алуан. Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Ғашықтық, құмарлық пен -- ол екі жол таза махаббат сезімдерін қастерлейтін өлеңдер болса, Мен сәлем жазамын -- ғашығына деген сағыныш сезіміне толы мұңды елең. Ал Қор болды жаным тіпті сағынышты, зарлы өлең деуге де лайық, бірақ қайғы мен үміт аралас келеді. Мұны өлеңнің соңғы шумағынан әсіресе айқын байқаймыз:

Бұл қылған зарым
Барса жардың маңына,
Ол -- қылған дәрім
Ғашығымның жанына,
Оңалдырып ойды,
Түзетпей ме бойды?

Мұңды сарынды мазмұн-мағынасы да, құрылыс-қалпы да айрықша күрделі өлең -- Сен мені не етесің?. Ол ғашық жарға арналып айтылған, сезім иірімдері мол, нағыз психологиялық монолог түрінде құрылған. Өлеңде ғашығын сарғая күткен жігіттің (лирикалық кейіпкердің) аласұрған жүрегінің толқыны, сүйгеніне жалынып-жалбарынған, күдіктенген, күдер үзген сезім күйі -- әр сөздің айтылуынан да, өлең тармақтарының құбылмалы өрнекті ырғағынан да сезіліп түрғандай:

Шын ғашық мен саған!
Кейіп жүрсем,
Сені көрсем,
Ләм-мим деп
Бір сөз айтар
Хал жоқ,
Еріп кетер бой сол заман.
Ойыңды сен маған
Бір бөлмедің,
Тез келмедің
Мені іздеп,
Ішінде ыстық
Қан жоқ,
Тас бауыр жар, бол қош-аман!

Абай Ғашықтық, қүштарлық пен -- ол екі жол деген өлеңінде:

Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол, --
десе, Сен мені не етесің өлеңінде:
Серт бузғанның, біл, орны -- шоқ, --
дейді.

Алдыңғы өлеңінде мейірімділік, кешірімділік сарыны басым келсе, екінші өлеңінде сөзінде тұрмаған жар жазалы болады, о дүниеде қасірет шегеді дейді. Мұны ақынның екі өлеңіндегі екі түрлі көркемдік шешім тапқаны деуге лайық. Біріншісінде ақын (айтушы) адал сезімін білдіргендей болса, екінші өлеңінде ғашық жігіттің (өлеңдегі жинакталған лирикалық кейіпкердің) ғашығына, сүйгеніне мені тастап басқамен мүлде кетер болсаң, кейін осындайға душар боласың деп қимастықпен айтқаны байқалады.
Сен мені не етесің өлеңіндегі әр шумағы ұзынды-кысқалы он төрт тармақтан құралатын бұл өлшемді Абай өзі де басқа өлендерінде қолданбайды.
Жастардың, көпшіліктің айтуына лайықтап жазған өлеңдерін ақын кең тараған жеті-сегіз буынды, немесе, алты буынды өлшеммен шығарған. Олар -- әнге салып айтылатын Айттым сәлем, қаламқас (Жігіт сөзі деп те айтылады), Көзімнің карасы секілді өлеңдер.
Жігіт сөзі (Айттым сәлем, қаламқас) мен Кыз сөзі (Қиыстырып мақтайсыз) бір-біріне жалғас жазылғаны, бұларды қатарынан бір-біріне қоса алып карастыру лайық екені осы өлеңдердің мазмұнынан да аңғарылады. Жігіт сөзі ғашық қызға арнап айтылған сәлем хат түріндегі елең болса, Қыз сөзі соған жауап өлең екені анық. Олай болса, Қыз сөзі өлеңінің соңында келетін мына шумақтар:

Мұны жаздым ойланып,
Ойда бардан толғанып.
Кірсе ішіңе оқи бер,
Бозбалалар, қолға алып.
Мұны оңыса кім танып,
Жүрегіне от жанып.
Сөзді ұғарлык, жан тапса,
Айтса жарар ән салып.
Өлең жиған тырбанып,
Ән үйренген ырғалып,
Сорлы Көкбай қор болды-ау,
Осыншадан құр қалып, --
Осы екі өлеңнің екеуіне де қатысты дей аламыз. Сонда Абайдың бозбалалар қолға алып оқысын дегенін ғашығыңа хат жазсаңдар, осындай қылып жазсын дегені.
Абайдың лирикалық, эстетикалық тақырыптарының махаббатқа арналған өлеңдерінің қатарына Қызарып, сұрланып, Көзімнің қарасы жатады.
Қызарып, сұрланып өлеңі Пушкин, Лермонтов шығармалары сияқты бір шындықпен, ыстық жалынмен жырланған махаббаты табиғаттың көркем бесігіне бөлеп көрсетеді. Жасырын кеште алғаш кездесіп, сөз таба алмай, тек қана лүпіл қаққан жүрекпен, қабақпен сыр танытқан жастар көрінеді. Өрепкіген қуаныш арасында алабұртқан дағдарыс та бар. Сәт сайын ауысқан сәл құбылыстар ол жастардың ақыл, сезімдерін билеген. Бар тынысы бусанып, көрініп тұрған жанды махаббат жырланады.
Бұл өлең махаббат психологиясын аса нәзік сезінген шеберлікті танытады. Ақын осындай тең күйде, жалындағын шындықпен табысқан жүректерді құптап қостайды. Шын махаббат сөзсіз, үнсіз - ақ танылсын, ыстық жалынды кеуденің тынысымен - ақ білінсін, айтылып болмастай ым мен емеуріннен танылатын болсын дейді. Сондай ғашықтықты жастарға үлгі еткенде, бір жағынан, интимная лирика арқылы нәзік сырды тереңдетеді. Екіншіден, өзінің реалистігіне берік ақын аса конкретті жайларды суреттейді. Түстей тұманға белгісіз батқан қиял жоқ. Абайдың махаббат жайындағы ең нәзік, ең көркем терең сөздері осы өлеңде көрінген.
Анығында, Пушкин, Лермонтов шығармаларынан танылатын махаббат лирикасын бар үлгі дәстүрімен меңгеріп алып, өзі де сол классиктермен бастаса, теңесе отырып, жазған сыршыл өлеңі осы тәрізді. [4.169]
Ал Көзімнің қарасы қазақтың шешен тілімен шеберлеп айтқан сезімдерді көрсетеді. Сонымен қатар шығыс поэзиясында Навои, Физули лирикасында көп орын алған үлгілердің әсері де жоқ емес. Бұл өлеңде тәңір, ие көп кездеседі. Бұнда жастар махаббатының нақтылы шындығынан гөрі сұлудың көркін мадақтау көп.
Жалын мен оттан жаралып, Жүрегім, нені сезесің?, Жапырағы қуарған ескі үмітпен, Ішім өлген сыртым сау, Ем таба алмай, Ауру жүрек ақырын соғады жай, Жүрегім менің қырық жамау өлеңдерінен де ақын романтизмі айқын көрінеді. Сәнсіз жастық шақ, сәтсіз махаббат, отсыз сезім, зары мен шері көп ел, дел - сал дала, сұрғылт аспан, мұнартқан өлке, құнарынан айырылып, қураған дала, құлазыған сүреңсіз өңір ақын өлеңдерінде кеңінен қамтылып, адам жанын жігерлі романтикаға бөлейді.

Көзімнің қарасы...
Көзімнің қарасы... - 1891 ж. жазған өлеңі.
Әрқайсысы 4 тармақты 22 шумақтан тұрады. Ақын шығармаларының өзекті тақырыбы - махаббат мәселесі бұл өлеңінде ерекше ыстық сезіммен, Абайға тән шеберлікпен өрнектеледі. Өлеңде ақын аз сөзге көп мағына сыйғызу ниетін көздеген. Ғашығына деген ішкі сезімін де ірікпей айтқан, жігіт сөзінен үзіккен жүрек лүпілі, тағат таптырмай тынышын қашырған, бір ысып, бір суыған іңкәр ниет, алабұртқан көңіл кұйі сезілгендей. Ғашықтық сезім жүрек жарасына айналған, оңайлықпен жазылар емес. Қыз - айтулы сұлу;
Кең маңдай, қалың шаш, Ақ тамақ, қызыл жүз, Қара көз, имек қас, Қыр мұрын, қыпша бел. Ақын өзі бой тасалап, кейіпкерін алға ұстап сөйлетеді. Жігіт сүйгенін кінәламайды, әдептен озбай наз айтады. Имене сөйлеп Өзі де білмей ме, көп сөйлеп созбайын? деп, сабырмен шыдайды. Туынды жігіттің нәумез күйінде аяқталады. Сөйтіп оның тағдыры не болды дегізіп, оқушысын ойға қалдырады. Көзімнің қарасында шығыс поэзиясында (Науаи, Физули) көп орын алған үлгілердің әсері де жоқ емес. Бұл өлеңде тәңір, ие көп кездеседі. Бұнда жастар махаббатының нақтылы шындығынан гөрі сұлудың көркін мадақтау көп, - деп жазады Мұхтар Омарханұлы Әуезов [2, 20 том, 171]

Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді ішімде
Ғашықтың жарасы...
Абай бірінші жолда көзінің қарасын айтты, екінші жолда көңілдің санасын айтты делік. Сонда көздің қарасы мен көңілдің санасының қандай ішкі үйлесімі бар?
Осы тұрғыдан келгенде қарасы, санасы және жарасы деген сөздер ұйқастыру қызметінде ғана емес, олар ұғымдық, түсністік міндет атқарады.
Ақын сезімі туралы өлең жазған, демек, әңгіме көздің қарауында, орысша айтқанда взгляд деген мәнде. Ғашықтық көздің қарауынан туып отыр. Абай айтқандай, көзқарас болмағанда сезімдер де тұтанбас еді. Сезімнің тұтануы осы көзқараста.
Екі жол бірін - бірі анықтап, толықтырып, тұтастырып тұр. Ақынның көзінің қарасы, оның көңілінің санасы, демек, көзқарастан сана пайда болған. Ол - ғашықтық сана. Ол сана ашылып, айқындалып өз жолын, жөнін таппаған. Ол сананың мүмкіндігі болғанмен әлі тұмшаланған күйде. Сана сіулеге айналып шықпаған соң, ол дертке айналған. Сондықтан ақын: Бітпейді ішімде ғашықтың жарасы, - дейді.
Төртінші жолдағы жара деген де рухани түсінік. Ол да сана, бірақ ғашық жанның санасы. Жан деген - тән болмысынан тыс түсінік. Жаны жараланып, ғашықтық дертке әркім түсе бермейді. Ғашықтық деген көңіліміздің биік санасын қажет етеді. Сана дүниеге көзқарастан туады. Ал ғашықтық деген тек адам болмысымен шектелетін жай емес, ол - орындалмайтын арманды, іске аспайтын мүмкіндікті, бір сөзбен айтқанда, адамның жаратушысын аңсаудан, сонымен әуел бастағы тұтастық - бірлікті табиғи қажет етуден пайда болған сана. Сонда ғашықтық - дүниетаным. Ғашықтық қол жетпес құмарлық боп, ол дертке айналып, жан - жарасы болғанда ғана өз мәніне келмек. Ғашықтық тұрмыстан, тәннен тыс болмағы ақиқат. Егер оны тұрмыстан, тән құмарлығынан тапса, ғашықтықтың өзін - өзі жойғаны.
Адам дүниеге қандай қажеттілікпен жаратылса, адамның оны аңсап, оған ынтық болуы міндетті іс. Осы қажеттілікке ынтықтық - ғашықтықты туғызады. Адам болмысындағы ғашықтық - адамдардың бір - біріне қажеттіліктерінен өмір қызығынан жоғары қоюы. Бірақ осы табиғи істің, яғни құмарлықтың екі қыры бар: тән құмарлғы және жан құмарлығы.
Ғашықтық - жан құмарлығы. Сондықтан ғашықтық жарасы ешқашан да жазылмақ емес. Егер жарасына ем табылған ғашықтық болса, ол әншейін тән құмарлығының әлегі, ол ғашықтық емес.
Ғашықтық - арман, ол арман ешқашан шындыққа айналмақ емес. Орындалған арман - арман емес. Абайдың: Бітпейді ішімде ғашықтық жарасы, - дегенін де осы мәнде түсінген дұрыс. [3.199]

Ғашықтық, құмарлықпен - ол екі жол

Ғашықтық құмарлықпен - ол екі жол, - 11 а
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. - 12 а
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, - 11 б
Мен не болсам болайын, сен аман бол. - 11 а

Көңілімнің рақаты сен болған соң, - 10 а
Жасырынба, нұрыңа жан қуансын. - 11 а
Бірге жаққан біреуге жақпаушы еді, - 12 б
Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?! - 11 а

Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып, - 12 а
Жүдетер безгек ауру сықылданып. - 11 а
Тұла бой тоңар, суыр, үміт үзсе, - 11 б
Дәмеленсе өртенер күйіп-жанып. - 11 а

Ғашықтық, құмарлықпен - ол екі жол... - Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. 4 тармақты 3 шумақтан тұрады, қара өлең ұйқасына құралған (а-а-б-а) Көлемі - 12 жол. Ақынның шабыттана көп жазған махаббат лирикасына жатады. Абай бұл өлеңде екі жастың сүйіспеншілігі мәселесіне үңіліп, философиялық салмақты тұжырым жасайды. Ақынның ұғымынша, ғашықтық пен құмарлық - екеуі екі нәрсе, екі жол. Туынды 11 буыңды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі атты жинақта жарияланды. Туынды басылымдарында аздаған текстол. өзгерістер кездеседі. 1939, 1945 жылғы басылымдарда 3-шумақтың 3-жолы Тұла бойды тоңғызар үміт үзсе делінсе, 1954, 1957, 1977 жылғы жинақтарда Мүрсейіт қолжазбалары мен 1909 жылғы басылымға сәйкес бұл жол Тұла бой тоңар, суыр үміт үзсе болып алынған. Өлеңдегі Ғашық, Ғашықтық сөздері Мүрсейіт қолжазбаларында асық асықтық деп жазылған. 1939, 1945 жылғы басылымдарда туынды ақынның Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек өлеңінің жалғасы ретінде берілген. Өлең ағылшын, араб, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, түрікмен, тәжік, ұйғыр тілдеріне аударылған. Абайдың бұл өлеңіне комп. М. Қойшыбаев, Н. Меңдіғалиев ән жазған.
Тәрбиелілігі: Жақсы көргеннің бәрі ғашықтық емес. Құмарлық пен ғашықтықтың арасы жер мен көктей. Ақын құмарлықты - нәпсі құмарлық деп түсінеді: Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. Ал, ғашықтық - ерекше, жоғары сезім. Ғашықтық пен көрсе қызар құмарлықты ажырата білу керек. Абай ғашықтықты ауруға, ғашық адамды ауру адамға теңейді. Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып, Жүдетер безгек ауру сықылданып деп жырлайды. Ғашығыңнан үміт үзсең, тұла бой тоңар, суыр, ал Дәмеленсе, өртенер күйіп-жанып дейді. Абайдың лирикалық кейіпкері ғашығына Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, мен не болсам болайын, сен аман бол дейді. Бұл - шын ғашықтың ғана айтатын сөзі. Ғашығына сүйкімді тірі жанға неткен жансың?!, Жасырынба, нұрыңа жан қуансын деп тіл қатады. Өлеңнен Абайдың ғашықтықты аса жоғары бағалағанын аңғаруға болады.
Адамның тылсым сезімдерін бейнелейтін тілімізде қадау - қадау ұғымдар бар. Олар - махаббат, ғашықтық, құмарлық және нәпсі. Олардың бәрі адамға қатысты болғанымен, бір - бірінен айта қаларлықтай айырмашылықтары бар. Біз көбінесе оларды синоним ұғымдар ретінде қолдана береміз.
Адам иманда тобыр болып өмір сүрмейді, оның болмысы даралығында. Әрбір адам - жеке бір әлем, оның өз пікірі, өз өмірі, өз түсінігі бар. Сол сияқты жеке адамның тек өзіне ғана қатысты сезімдері бар. Соның ішіндегі адамның аса қуатты сезімі - оның дүниеге деген құмарлығы.
Құмарлық - адамзаттың қорғаныс қуаты. Себебі ол адам болмысының қажеттілігінен айқындалмақ. Мұндай қуат табиғи, оның негізі биологиялық заңдылықтармен анықталған. Адамның құмарлығы болмағанда, ол жер бетінен әлдеқашан құрып кеткен болар еді. Құмарлық адамдарға да, жануарларға да ортақ сезім болғанмен, екеуінің сапалық көріністері өзгеше.
Адамдарға тән құмарлықты нәпсі деп атаймыз. Ақынның: Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол, - деуі де сондықтан. Нәпсі деген өте күрделі мәселе.
Нәпсі - адамның мүмкіндігінің кеңістігі. Ол, бір жағынан, адам болмысының тұмшаланған көрінісі. Нәпсі мүмкін іске асады, мүмкін іске аспайды. Оны тежеу адамның еркінде. Екінші жағынан, нәпсі - адамның тағдыры. Мысалы, нәпсіні тыймақ болып, оны теріске шығарғандарды әулие, сопы, монах, архат т.б. деп атаған. Олар - нәпсіні тәркілегендер, сөйтіп тағдырға мойын ұсынып, әрбір қас қағым сәт сайын күресушілер.
Нәпсіні меңгеру - адам болмысындағы аса қиын іс. Нәпсінің ұялаған жері сана емес, тіптен сезім де емес, ол адамның тарихи - табиғи болмысының ең төменгі қабатында. Нәпсі туралы Қазақстан ғалымдарының терең зерттеулері болмағанымен, Мұхтар Әуезовтің осы проблемаға арналған Қаралы сұлу әңгімесі бар. Қаралы сұлуда махаббат, ғашықтық туралы сөз жоқ, әңгіме тек нәпсі туралы ғана болған.
Абайдың айтып отырғаны - осы ғашықтықтан өзге құмарлық жолы.
Ғашықтық нәпсіні меңгертуден туады. Ғашық жандарда жалғандық, сатқындық болмайды. Ғашықтық - адамдардың, яғни әйел мен ер адамның бірін - бірі шексіз бағалауы. Ғашықтық, бір жағынан, сезім еркіндігі, яғни сүйгенін әр адамның өзінің таңдауы. Екінші жағынан, ғашықтық - әр адамның еркінің шектелуі. Ғашық адамға өзінің сүйгені - бүкіл дүниенің жиынтық бейнесі, символы. Ғашықтардың бірі үшін бірінің құрбандыққа ойланбай баратындары сондықтан. Ғашық болу әрбір адамның қолынан келе бермейді, ол үшін тән әрі жан сұлулығы қажет. Сондықтан Абай:
Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып,
Жүдетер безгек ауру сықылданып.
Тұла бой тоңар, суыр, үміт үзсе,
Дәмеленсе, өртенер күйіп - жанып, - дейді.
Ғашықтық адамдардан рухани пәктікті талап етеді. Пәк адам ғана ғашықтық отына түсе алады, себебі ғашық болу - тәуекелге бару, қажет болса дүние қызығынан безініп, басты бәйгеге тігу. Ғашықтық жолы өте ауыр. Абайдың құмарлық пен ғашықтықты екі жол дейтінінде терең мән бар.
Ғашықтық - адамшылықтың өлшемі. Ғашықтық - сезім, оны саналылыққа жатқызуға болмайды. Бірақ ғашықтық адам болмысында екі арнада өрбігген: бірі - адамның Аллаға ғашықтығы, екіншісі адам мен адам арасындағы сезім, ынтықтық
Ғашықтық - еркек пен әйел арасындағы сезім. Еркек әйелге не, керісінше әйел еркекке ғашық болады. Одан өзге адамдар арасында , айталық, әке мен бала, туыс пен туыс арасында ғашықтық болмайды. Ондай жайларды білідіретін өзге де түсініктер бар. абайдың Ғашықтың тілі - тілсіз тіл дегенде айтып отырған осы жайлар.
Абай өлеңдерін мұқият оқыған адам оның ғашықтық пен махаббаттың өздеріне ғана тән ерекшеліктерін білгеніне шүбә келтірмейді. Ақын махаббат туралы айтқанда оған өзгеше мән берген. Махаббат - адамның жыныстық ерекшеліктеріне қарамастан бола беретін сезім. Махаббатта да саналылық жоқ. Абай махаббатты көбінесе гносеологиялық, яғни танымдық мәнде қолданған. Махаббат хаққа емес, адамның адамға бағытталған сезімі. [3.184]

Есіңде барма жас күнің?

Есіңде бар ма жас күнің, - 8 а
Кімді көрсең -- бәрі дос. - 7 а
Махаббат, қызық, мал мен бақ, - 8 б
Көрінуші еді досқа ортақ. - 9 б

Үміт жақын, көңіл ақ, - 7 а
Болар ма сондай қызық шақ? - 8 а
Құдай-ау, қайда сол жылдар, - 8 б
Махаббат, қызық мол жылдар?! - 8 б

Ақырын, ақырын шегініп, - 9 а
Алыстап кетті-ау құрғырлар. - 9 в
Жалынасың, боқтайсың, - 7 в
Сағынасың, жоқтайсың - 7 в

Махаббат кетті, дос кетті, -- - 7 а
Жете алмайсың, тоқтайсың. - 8 в
Көзіме жас бер, жылайын, - 8 в
Шыдам бер, сабыр қылайын - 8 в
Жаралы болған жүрекке - 8 а
Дауа бер, жамап сынайын. - 8 в
Есіңде бар ма жас күнің..? - 1899 ж. жазылған өлеңі. 4 тармақты, 5 шумақтан тұрады, аралас ұйқасқа құрылған. Ақын есік пен төрдей ғұмырдың қас қағымда өте шығатын мейірімсіз ақиқатын тілге тиек ете отырып, табиғаттың осынау бір құбылысына философиялық түйін жасайды. Тіршілік атаулының үш мезгілі - көктемі, жазы, күзі - адам баласына жастық, есею, тоқтау болып оралатыны; әр мезгілдің өзіне лайық сыйы бар екені өлең арқауын құраған. Үміт жақын, көңіл ақ, адам атаулының бәрі дос көрінетін жастық шақтың махаббат, қызық мол жылдары сағынсаң қайтып бұрылмай өтіп кететіні, махаббат кетсе, дос кетіп, жөңкіле көшкен керуенге ілесе алмай тоқтайтының, өмірдің өз заңдылығын амалсыз мойындайтының поэзия тілімен әсем өрнектеледі. Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат қызық, мол жылдар... Ақырын, ақырын шегініп, Алыстап кетті-ау құрғырлар деп өкси өкінген ақын Көзіме жас бер, жылайын, Шыдам бер, сабыр қылайын, Жаралы болған жүрекке, Дауа бер, жамап сынайын деген тоқтамға келеді, сөйте отырып жамаулы, жаралы жүректің өмірмен қоштасуды қимай, шаршай соққан сабырлы дүрсілін аңғартады.

Сүйсіне алмадым сүймедім
Сүйсіне алмадым, сүймедім... - Абайдың 1899 ж. жазған өлеңі. Көлемі 4 жол. Махаббат деген көшпелі алтынның сынаптай сырғып, аңғартпай өтіп кеткен соң аһ ұрғызатын киелі қасиетін елеңге арқау етіп алған. Махаббаттың зары, өкініші, оның біреуде ерте, біреуде кеш оянуы, жүректе іңкәрлік, ынтықтық сезімін қалдыруы. [9.112]
Сүйсіне алмадым, сүймедім, - 9 а
сүйегім жасып, сор қалың, - 8 б
Сүйісіп саған тимедім, -8 а
Бола алмадым сенің жарың - 9 б
деп махаббатсыз бақыт, мұнардан жол таба алмаған мұңын шертеді. Өлең 7-8 буынды шалыс ұйқас үлгісімен жазылған. Алғаш ақын шығармаларының 1933 жылғы толық жинағында жарияланған. Басылымдарында ешқан- дай текстол. өзгерістер кездеспейді. Өлең қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, турік- мен, үйғыр т. б. тілдерге аударылған.

Ғашықтың тілі - тілсіз тіл
Ғашықтың тілі -- тілсіз -тіл, - 8 а
Көзбен көр де, ішпен біл. - 7 а
Сүйісер жастар қате етпес, - 9 б
Мейлің илан, мейлің күл. - 7 а

Ол тілге едік ондайлы, - 8 а
Қарыпсыз біліп сондайды, - 8 а
Біліп-ақ, ұғып қоюшы ек, - 8 б
Енді ішіме қонбайды - 8 а
Ғашықтық тілі - тілсіз тіл... - Абайдың 1894 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 2 тармақты 2 шумақтан тұрады, көлемі 8 жол. Өлең сүйіспеншілік тақырыбын қозғайды. Ақын махаббатты кез келген пенде түсіне бермейтін, жұмбақ, тылсым дүние ретінде сипаттап, ғашықтық сезімінің терең сырына ой жүгіртеді. Жастардың бірін-бірі сүйіп, ұнатуы - олардың өз ісі, оған илансаң да, күлсең де - мейлің дейді. Автор одан әрі ғашықтық дертінің өз басында да болғанын, оны шын жүректен ұға білгенін, енді оның алыстап, жырақтап кеткенін, қайта оралмайтынын айта келіп, махаббат енді ішіме қонбайды деп түйеді. Өлең 8 буынды қара өлең ұйқасына құрылған. Алғаш рет Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі деген атпен 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген жинақта жарияланды.

Жүрегім нені сезесің?

Жүрегім, нені сезесің, -8 а
Сенен басқа жан жоқ па? -7 б
Дүниені, көңілім, кезесің, -9 а
Тиянақ жоқ па, қой, тоқта! -8 б

Сезгеніңді сездіріп, -7 а
Жете алмадың ортаққа. -8 б
Тірі жаннан бездіріп, -7 а
Апарасың қай жаққа? -7 б

Ортақтық, тыныштықдостық қой, - 9 а
Оның қадірін кім білер? -8 б
Әркімге-ақ тілеу қостық қой, -9 а
Бәрі -- алдамшы саудагер. - 8 б

Халықтың аты керек қой -8 а
Я мақтауға, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай өлеңдеріндегі антонимдік жұптар
Құдайбердіұлы Шәкерім (1858-1931) - ақын, жазушы, философ
Сұлтанмахмұт Торайғырұлы өмірі мен шығармашылығы
Қазақ өлеңдерінің құрылысы. Әдебиеттің тегі мен түрі. Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Фариза Оңғарсынованың лирикасы
Қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани мұрасы
Қазақ халқының ұлы ақыны
Абзал Бөкеннің лирикасы
Әдебиеттің тегі мен түрі. Эпос, лирика, драма
Әдеби тек.драма.эпос.лирика
Пәндер