Бейімбет Майлин шығармалары тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Бейімбет Майлин шығармалары тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері

Қостанай 2015

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..

I.Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі

1.1. Антоним, синоним, омоним сөздердің қолданысы
... ... ... ... ... ... ... ...

1.2. Фразеологизмдердің стильдік қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

II. Шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі

2.1. Мақал – мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық – танымдық қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...

2.2. Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты (теңеу, эпитет,
метафора, метонимия, синекдоха) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.3. Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісі
... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Аса көрнекті жазушы Бейімбет Майлин – поэзия, проза, драма
саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Оның қаламынан туған жүздеген
өлең, ондаған поэма, көптеген әңгімелер тақырыбы жөнінен халық өмірінің сан
қилы саласын барлайды, қоғамдық құрылыстағы жаналық пен ескілік арасындағы
бітімсіз тартыстың ішкі сыртын терең ашып көрсетеді, шебер бейнелейді.
Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап
көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары
арқылы кемелдене түсті. Мысалы: Шұғаның белгісі, Күлпаш, Шариғат
бұйрығы, Заман, Әдет құшағында және т.б. Оның әңгімелері өмір шындығын
дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен,
тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол – көркем әңгімелері арқылы өзі
өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен
сомдай алған ұлы суреткер.
Көркем тәсілдердің қолданылуына байланысты жазушы әңгімелерінің
көркемдік, стильдік өзгешелігі келіп шығады. Жазушы кейіпкерлердің,
оқиғалардың тереңдігін қайшылықтарын ашқанда оны жадағай қалпында бермей,
перделеп қызым, саған айтам, келінім сен тыңда деген нақтылау жобасымен
суреттеуге бейім. Б.Майлиннің әңгімелерінде әзіл-қалжың, юмор мен улы сықақ
сабақтасып отырады. Ескерте кететін жағдай жазушы әңгімелерінде әзіл-қалжың
мен сықақтарды сырттан әкеп телімдемейді, олар оқиғаның барысында өзінен-
өзі туып өрбиді. Бірсыпыра әңгімелерін түгелдей сатиралық стильде Қадір
түнгі керемет, Айт күндері т.б. жазған. Сөз қорын түрлі тәсілдермен
мағынасын ауыстыра, әсерлілігін арттыра суреттеудің де көп мәні бар. Осы
жағдайды ескерген жазушы синоним, омонимдерді шебер тәсілмен қолданады.

Курстық жұмыс тақырыбы - Бейімбет Майлин әңгімелері тілінің лексика-
фразеологиялық ерекшеліктері.
Жұмыстың мақсаты – Бейімбет Майлин әңгімелері тіліндегі фразеологизмдердің
стильдік қолданысын, сөз, синоним,омоним, антонимдердің қолданылуын,
диалект сөздердің қолданылу аясын және көркемдегіш – бейнелеуіш
тәсілдердің, оның ішінде теңеу, эпитет, портрет, метонимия, синекдоханың
шығармадағы қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер қойылады:
1) Шығарма тіліндегі лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін таба білу;
2) Шығармадан синоним, антонимдерді, омоним сөздердің стильдік
ерекшеліктерін табу;
3) Шығармадан эпитет, теңеу, синекдоха, метонимия тағы басқа көркемдік
тәсілдерді тауып, олардың стильдік қызметіне тоқталып, талдау,
ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың нысаны – Бейімбет Майлин әңгімелері ( Шұғаның белгісі,
Күлпаш, Айт күндері, Қырмызы, Талақ, Құла ат, Көшпелі махаббат,
Шариғат бұйрығы, Жол кеңесі, Заман, Сахарда, Зейнештің серті,
Түйебай, Әдет құшағында, Кәдір түнгі керемет)
Зерттеу жұмыстың жаңалығы:
• Шығармада мақал-мәтелдердің аз қолданылуы.
• Шығармада фразеологизмдердің көп қолданылуы.
Жұмыстың құрылымы – кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

I.Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі

1.1. Антоним, синоним, омоним сөздердің қолданысы

Антонимдер

Қазақ тіл білімі ғылымында Қ.Аханов, Ә.Болғанбаев, Ж.Мусин, Ғ.Мұсабаев,
І.Кеңесбаев, Ғ.Қалиев т.б. ғалымдардың еңбектерінде антонимдер әр түрлі
зерттеу саласында көрініс тапқан.
Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да
болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын,
жазушы шығармаларында көп қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден,
мақал-мәтелдерден жиі кездестіруге болады.
Ж.Мусин Қазақ тілінің антонимдер сөздігі атты еңбегінде, антонимдерге
әр түрлі бағыттағы анықтама берген.
1. Әдетте мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер - антоним деп
аталады.
2. Антонимдік мағына сапалық ұғымдарға тән болады деген пікір жиі
қолданады.
3. Антоним сөздердің қарама-қарсылықты мәні, олар бір сөйлем ішінде
қатар қолданғанда айқын аңғарылады. Мұндайда антоним сөздердің мағыналық
қарама-қарсылығы айрықша баса көрсетіліп, ерекше көзге түседі [Қанапина
С.Ғ. Қазақ тіліндегі мақал мәтелдердің танымдық бейнелілігі ; 27б].
Антонимдер әр түрлі түбірден де, түбірлес сөздерден де жасалуы
мүмкін. Түбірлес сөздерден жасалған антонимдердің сөздегі мағынасы еш
уақытта қарсы мағынаны аңғартпайтыны белгілі. Сондықтан түбірлес сөздердің
антонимдес сөзге айналуы жұрнақтың қызметімен тікелей байланысты. Мысалы:
әлді – әлсіз, көрікті – көріксіз.
Бірақ бұл топқа етістіктің болымды және болымсыз формаларын жатқызуға
болмайды. Мысалы, барды – бармады, сенді – сенбеді. Себебі бұл болымды және
болымсыз етістіктер ұғымның біріне – бірі қарсы мәнін білдірмейді, анықтап
айтсақ жоққа шығарады.
Кейде бір затпен екінші затты қарсы қойып салыстыру үшін мағыналарында
қарсы мән жоқ сөздер де қолданылады. Ондай сөздер сол контексте ғана қарсы
мағынада қолданылатындықтан контекстік антонимдер деп аталады. Мысалы:
Мен – ашу да, сен ақылсың нәрі аққан
Сен – адамсың, мен аждәһа зәр атқан.
(М.Мақатаев)
Осы екі мысалдағы мал мен адам, ашу мен ақыл, адам мен аждәһаны контекстен
тыс оқысақ, антонимдес сөздерге жатқыза алмаймыз. Ал, авторлар өз
сөйлемінде оларды қайшы мәнде қолданған [Айғабылов А. Қазақ тілінің
лексикологиясы; 25,27б].
Зерттеуші ғалым К.Қ.Есіркепова өзінің “1960 – 1980 жылдардағы әйел –
ақындар поэзиясының тілі (Ф.Оңғарсынова, М.Айтқожина, А.Бақтыгереева,
К.Ахметова шығармалары негізінде)” атты монографиясында антонимдерге
тоқталып өтеді. “Антонимдердің көркем әдебиеттегі қызметі де айрықша.
қарама – қарсы қойып, шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі” деп
айтылған. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың сапасын, қасиетін, мөлшерін
салыстырып және қарама – қарсы қою, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық,
білім мен білімсіздік сияқты кереғар ұғымдарды көрсету арқылы философиялық
ой түйінін, өмірге көзқарасын ақындар өз өлеңдерінде антонимдерді қолдану
арқылы, яғни контраст суреттер беруде жиі пайдаланады.[ К.Қ.Есіркепова
1960 – 1980 жылдардағы әйел – ақындар поэзиясының тілі;26б]
Белгілі лексиколог ғалымдар Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев Антонимдер
дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-
көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. Антоним
дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болып шығады. Антонимдер
өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына
қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы соншама бай да,
енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіпті кездеспеуі де ғажап емес.
Қазақ тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң
етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз
таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы деп, антонимдерге анықтама беріп,
антонимдерді сын есімге тән антонимдер, етістікке тән антонимдер, зат
есімдерге тән антонимдер, үстеуге тән антонимдер деп жікке бөліп,
қарастырады [Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы; 117б].

Шығармадағы зат есімге тән антонимдер:
1.Ойдың болуы да мүмкін емес-Есімбек бай, мен кедей, келінін тартып алсам,
ертеңгі күні шаңымды аспаннан шығарады. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 12 бет]
2.Бұрынды-соң аш болсын, тоқ болсын тамақ үшін біреуге ар көретін Күлпашқа
бұл оңай болсын ба, көрші үйлерге қтынауды сиретіп еді... [Б.Майлин
Күлпаш 25 бет]
3.Дос бар, дұшпан бар, күні ертең большевик деп өлтіреді ғо; елде жүрп
текке өлгенше ілгергі жақтағы жолдастарға қосылып теңдігімді ала өлгім
келеді...ренжіме, Қырмызыжан, күнім туса келер жылы нақ осыжерде, осы құм
меже болсын, бүгінгідей ойнап қосылармыз,..мен сені сүйем, дүниенің қай
бұрышында жүрсем де, сен ойымнан шықпайсың... мен де ұмытпайын, сен де
ұмытпа...деп сүйіп-сүйіп алған... сол құмы осы. [Б.Майлин Қырмызы 35 бет]
4.Бұл Кәріекеңнің жалғыз баласы, қазақша айтқанда көзінің ағы мен қарасы.
[Б.Майлин Шариғат бұйрығы 57 бет]
5.Сол Алшаң кісі болғанда алты алашта одан асар бенде болмады: ханы да,
қарасы да Алшаңмен ақыл салып іс істепті деуші еді әкем. [Б.Майлин Жол
кеңесі 62 бет]
6.Өңі екенін, түсі екенін айырып біле алмайтын секілденді... [Б.Майлин
Әдет құшағында 91 бет]
Сын есімге тән антонимдер:
1....Қаладан алып келген боз белбеуім,
Болса да жаман, жақсы өз белбеуім. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 8 бет]
2.Бірақ ол сөздің өзіне пайдалы, я зиянды екенін бұл уақытқа шейін айырып
білген емес. [Б.Майлин Күлпаш 25 бет],
3.Сырлыбай өлген соң қырық үйлі қырықболдың ішінде Сырлыбайдың аруағын
аттаған бенде жоқ: кемпір-шал намаз артынан бата қылғанда Сырлыекеме тие
берсін дейді; үлкен-кіші сапарға шыққанда Сырлыекесінің аруағына сиынады.
[Б.Майлин Заман 62 бет]
4.Жанында үлкендеу бір ақ үй мен қара үй тұр. [Б.Майлин Әдет құшағында 91
бет]

Үстеуге тән антонимдер:
1.Қыс қыстаулары босқа болғанмен, жаз көбіне бірігіп отырады. [Б.Майлин
Шұғаның белгісі 6 бет]
2.Сол баланың арқасында ерте барам, кеш қайтам. [Б.Майлин Шұғаның белгісі
7 бет]
3. Ала дорбаны мойнына іліп алып таңмен тамақ іздеп кетсе, тапсын-таппасын
кешке бір оралып соқпай қоймайды. [Б.Майлин Күлпаш 29 бет]
4.Нағима мен Рақиланың арасындағы қатындарды туралық жоқ: Рақиланың жазғы
қымызына, қысқы етіне сатылады. [Б.Майлин Сахарда 66 бет]
5.Ахмет, Мұстапа дүрілдеп тұрғанда, жиырма жігітті күндіз-түні үйіне
сақтап, ұрлық қылдырып тұрған. [Б.Майлин Әдет құшағында 92 бет]

Етістікке тән антонимдер:
1.Көзімді ашып-жұма мен де жөнелдім. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 9 бет]
2.Қайтейін, билік менің қолымда болса, бұл күйге я түсер ең, я түспес ең...
[Б.Майлин Шұғаның белгісі 22 бет]
3.Бар сенетіні бай Мақтым ел қыдырып, тілек тілеп, ерте кетіп, кеш келеді.
[Б.Майлин Күлпаш 24 бет]
4.Ала дорбаны мойнына іліп алыптаңмен тамақ іздеп кетсе, тапсын-таппасын
кешке бір оралып соқпай қоймайды. [Б.Майлин Күлпаш 29 бет]
5.Күлпаш қалтыранып кетті, үйге кірерін де, кірмесін де білмеді. [Б.Майлин
Күлпаш 30 бет]
6.Жыл он екі айда бір келген жарықтық айт қой, бұл күнді көрген де бар
шығар, көрмеген де бар шығар... [Б.Майлин Айт күндері 31 бет]
7.Барар-бармасын білмей даң болды... [Б.Майлин Талақ 39 бет]
8.-Байы түссін, қатыны түспесін дейді. [Б.Майлин Құла ат 45 бет]
9.Ағайынның татулығын сүйетіндер де, сүймейтіндер де бар. [Б.Майлин
Шариғат бұйрығы 52 бет]
10.Екі аразды табыстыратын да, айыратын да арадағы кісі. [Б.Майлин
Сахарда 66 бет]
11.Зейнештің ғашық болғаны, болмағаны мәлімсіз. [Б.Майлин Зейнештің серті
68 бет]
12. Даусы естілер-естілмес болып шықты. [Б.Майлин Сахарда 72 бет]
13.Сақып бұл уақытқа дейін бақытсыз болып келіп, бүгін ғана бақытты
болмақшы ма?! [Б.Майлин Әдет құшағында 82 бет]
14.Жалғыз ғана Кәрім даурығып айқайлап, жұрт тыңдасын, тыңдамасын өзінің
ойын айтпай қалған емес. [Б.Майлин Әдет құшағында 87 бет]
15.Бірақ білмесін деп жүрген Қапан емес қой, жұрттың сезгеніне қуанбаса,
күйінбейді ғой, әсіресе Жамақтың қатынының қызғанған кісі тәрізденіп араға
келіп қызғанына ашуы келді. [Б.Майлин Әдет құшағында 94 бет]
16.Көзді ашып-жұмғанша сезіз қабат аспанды өтіп, бір әдемі бақшаға кез
болды. [Б.Майлин Кәдір түнгі керемет 109 бет]

Бейімбет Майлин әңгімелерін талдау барысында 31 антоним табылып,
талдауға түсті. Талдау барысында етістікке тән антоним сөздер-16; зат
есімге тән-6; үстеуге тән-5; сын есімге тән-4 екені анықталды.

Синонимдер

Қай тілде болса да, белгілі затты не құбылысты әр түрлі сөздермен атау
кездеседі. Тіл – тілдегі бұл құбылыс омоним туралы түсінніке қайшы келеді.
Мысалы, өнді, реңді, көркем, сұлу, әдемі деген бес сөз бір ғана ұғымды
береді. Ал үлкен, ұлы, дәу, көлемді, аумақты, ірі сөздер де мағыналас.
Синоним дегеніміз кемінде екі не одан да көп сөздердің бір ұғымды
аңғартуы. Бірақ бірнеше сөз бір ұғымды аңғартқан – да, бәрі бірдей болып
келе бермейді. Олар айтатын заты, қимыл – процесін әр жағынан аңғартып, мән-
мағынасы жағынан толықтырып тұрады. Сондықтан синоним сөздер бір – бірінен
мағыналық реңктерімен, эмоционалды – экспрессивті бояуымен, белгілі жанрға
тән стильдік белгісімен, қолдану өзгешеліктермен, басқа сөздермен мағыналық
байланысымен өзгешеленеді. [А.Айғабылұлы Қазақ тілінің лексикологиясы
19б].
Жалпы сын есім синонимдерді білдіретін мағыналарына байланысты бірнеше
топқа бөлуге болады.
1. Адамға қатысты айтылатын сын есім синонимдер:
а) Адамның мінез – құлқына байланысты синонимдер: мейірімді – қайырымды –
рақымды, ұшқалақ – күйгелек – жеңілтек, ашушаң – ашуланшақ, сотқар – бұзақы
– тентек, т.б.
ә) Адамның жеке басындағы қасиеттеріне байланысты синонимдер: шешен –
сөзшең – ділмәр, сөзуар – мылжың, дарынды – талантты – талапты, табанды –
тұрақты – орнықты, т.б.
б) Адамның қоғамдық ортадағы орнына байланысты синонимдер: беделді –
абыройлы, атақты – даңқты – әйгілі – белгілі, епті – икемді, әлді – ауқатты
– бай – дәулетті, көнтерлі – көнбіс, т.б.
в) Адамның табиғатпен және қоғамдық – әлеуметтік өмірмен қарым – қатынасына
байланысты синонимдер: азат – ерікті – еркін – тәуелсіз, діншіл – құдайшыл,
тілектес – тілеулес, адал – ақ – пәк, жетім – панасыз, т.б.
г) Адамның денсаулығы мен мүшелік кемшіліктеріне байланысты синонимдер:
науқас – аурушаң, кемтар – жарымжан – мүгедек – ғаріп, ақсақ – шойнақ –
сылтыма, соқыр – әз – көрсоқыр, т.б.
2. Адам мен жан – жануарларға қатысты айтылатын сын есім синонимдер: арық –
көтерем – көкбақа, мешкей – жалмауыз, тойымсыз – ашқарақ – қомағай, бұралқы
– қаңғыбас, жабайы – тағы, т.б.
3. Барлық жанды – жансыз заттарға қатысты айтылатын сын есім синонимдер:
бағалы – құнды – қымбат, қажет – керек – зәру – ділгір, терең – тұңғиық –
шыңырау, ескі – көне – бағзы – баяғы – ежелгі – бұрынғы, дайын – әзір,
аласа – тапал – кішкене – қысқа, т.б [Ф. Оразбаева Қазіргі қазақ
тіліндегі сын есім синонимдер; 12 – 13б].
Синонимдердің мағыналарын ажыратқанда мынадай мәселелерге көңіл
аударылады:
1. Синонимдер градация жолымен (бірден – бірге басқыштап) өзгеріп отырады.
Мәселен, аяз сөзіне қарағанда оның синонимдік сыңары үскірік сөзінің
мағыналық салмағы күштірек екендігін сезуге болады. Сол сияқты атқыш –
мерген, апат – қырғын, белсену – құлшыну және т.б.
2. Синонимдердің біреуінің мағынасы екіншісінен кеңірек болады.
Мәселен, соғыс деген сөздің мағынасы ұрыс деген сөзден кең, ұстаз дегеннің
мағынасы мұғалімнен кең.
3. Синонимдер бір – бірінен мағыналарының аз – көбіне қарай ажыратылуы
мүмкін. Мәселен, ат деген көп мағыналы да, ал оның сыңары ныспы деген сөз
бір мағыналы.
4. Синонимдер мағыналары деректі және дерексіз болып келуіне қарай
ажыратылады. Мәселен, маңдай – пешне, іш – құрсақ, бала – перзент
дегендердің алдыңғыларының деректілігі нақты.
5. Синонимдер бір – бірінен ауыспалы мағынада қолдану – қолданылмауына
қарай ерекшеленеді. Мәселен, көмей мен көмекей дегендердің алғашқысы пештің
көмейі, тоғанның көмейі деп ауыстырылып айтуға келгенімен, соңғысы
(көмекей) адамға ғана арнайы жұмсалады да, өзге заттарға бұрып айтуға
келмейді.
6. Синонимдер сөз туғызуға қабілетті я қабілетсіз болып келуіне қарай
өзгешеленеді. Мәселен, сапар мен жол тәрізді синонимнің алғашқысынан бір
сапар, ұзақ сапар, сапар шегу деген бірлі – жарым тіркесті сөздер ғана
кездеседі. Ал оның жол деген сыңары тіліміздегі сөзжасамның барлық амалдары
арқылы жаңа сөз жасауға соншалықты қабілетті екендігін байқатады. Мысалы,
жолай, жолаушы, жолдама, жолдас т.б. [Ғ. Қалиев, Ә. Болғанбаев Қазіргі
қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы 106-107 б. ].

Фаузия Оразбаева сын есім синонимдерді зерттеп, оларды үш түрге
бөледі.
1. Мағаналық (семантикалық) сын есім синонимдер.
2. Экспрессивтік – стилистикалық сын есім синонимдер.
3. Мағыналық – стилистикалық сын есім синонимдер. [Ф. Оразбаева Қазіргі
қазақ тіліндегі сые есім синонимдер 78б].

Мағыналық (семантикалық) сын есім синонимдер – бір-бірімен мағыналық
реңктері арқылы ажыратыла келіп, стильдік жағынан шектелмей қолданылатын
өзара мәндес сын есімдер. Мысалы: сабырлы – байсалды – байыпты – салмақты –
ұстамды.

Экспрессивтік – стилистикалық сын есім синонимдер – бір ұғымға қатысты
сәйкес мағынаны білдіре келіп, бір – бірінен экспрессивтік бояма реңкі мен
стильдік қолданысы жағынан ажыратылатын сөздер. Мысалы: залым – сайқал –
мыстан – қу.

Мағыналық – стилистикалық сын есім синонимдер – стильдік жағынан
шектелмей қолданылатын сын есімдер мен экспрессивтік – стилистикалық мәні
арқылы ерекшеленетін сын есімдерден тұратын өзара мәндес сөздер. Мысалы:
тәкаппар – асқақ – менмен – паң. [Ф. Оразбаева Қазіргі қазақ тіліндегі сын
есім синонимдер; 79, 89, 104б.].

Шығарма тілінде синоним сөздердің қолданысы
1.Айтылған сөз, уәде, сертім үшін-
Ат сабылтып, Шұғажан, келіп едім. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 18 бет]
УӘДЕ, СЕРТ – белгілі бір іс жөнінде берілген келісім сөз, тоқтам,
шешім.[ҚТСС -551бет]
2. ..Әуре боп неге біткен ажар-көрік,
Ішіңе от түсірдің қалқам көріп. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 23 бет]
АЖАР, КӨРІК – оң түс, түр – тұрпат. [ҚТСС -25бет]
3.Гүлдену жас өмірде мақсұт боп ед,
Серттесіп, қол алысып, уәде беріп. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 23 бет]
4.Бұл күрсіну-күн батардың алдында қатындардың от жағып, тамақ асатынын
еске түсіретіндіктен шығып отырған емес, бұл жүректі қаптап топтанып, іші-
бауырын елжіретіп, тұла бойын удай жайлаған қалың қасіреттің, ауыр дерттің
ұшқыны еді. [Б.Майлин Күлпаш 27 бет]
ҚАСІРЕТ - Адам басына түскен қиыншылық пен тауқыметтің зардабы, күйініш
[ҚТТС -492бет]
ДЕРТ — кесел, сырқат, ауру, науқас [ҚТТС -199бет]
5.Ұзыннан созылған ауылдан оқшау, жеке, маңайында бұдыр жоқ, қалың
күртіктен моржасы зорға көрініп тұрған шеткергі үйге ауыл сыртындағы
жіңішке жолмен жастау әйел аңдай басып келе жатыр. [Б.Майлин Күлпаш 29
бет]
ОҚШАУ, ЖЕКЕ - өз алдына ала бөтен, жападан – жалғыз өзі.
[ҚТСС -236бет]
6.О да ренжулі, о да ашулы. [Б.Майлин Күлпаш 29 бет]
АШУЛЫ - ыза кернеу, ашуға булығу, бұлқан – талқан болу, қаны қайнау. [ҚТСС
-88б]
РЕНЖУ - қапа болу, қынжылу, қамығу, налу.[ҚТСС -448бет]
7.Өзінің шеберлігіне, ептілігіне қуанып, қуыршаққа кішкене қарап отырды да:-
әже, әже!...-деп Зейнептің ұршық жүгіртіп отырған қолына жабысты. [Б.Майлин
Талақ 37 бет]
ШЕБЕР - қолынан іс келетін, бармағынан бал тамған. [ҚТСС-588бет]
ЕПТІ - шаруаға, еңбекке икемі бар, жұғымды, бейімді.[ҚТСС -199бет]
8.Көптенгі ашу, кек-бәрі келіп қабаттасып, еріксіз сөйлейтін болды.
[Б.Майлин Талақ38 бет]
АШУ, КЕК - наразылықтан, зығырданы қайнағандықтан пайда болатын сезім.
[ҚТСС-87бет]
9.Қатындардың болмашы нәрсені сылтау қылып ұрысулары, балалардың екі жік
болып төбелесуі ескі араздық, ескі кектің әлде болса да тазарып
бітпегендігіне айқын дәлел ісі. [Б.Майлин Шариғат бұйрығы 51 бет]
АРАЗДЫҚ - араз болушылық, ренжіскендік. [ҚТСС -64бет]
10.Жалпы аруақ, әулиелер, әнбиелер, ата-бабамның ұрықтары қолдайтын болсаң
бүгін қолда!... [Б.Майлин Шариғат бұйрығы 59 бет]
АРУАҚ діни – Өлген адамның рухы; [ҚТТС - 58 бет]
ӘУЛИЕ – Құдай жолын қуып, дін уағыздаушы адам. [ҚТТС - 94бет]
ӘНБИЕ – Аруағы күшті дін иелері [ҚТТС-89 бет]
11.Ескі атақ, ескі даңқ, ескі абырой көзінен бір-бір ұшты. [Б.Майлин
Шариғат бұйрығы 60 бет]
АТАҚ, ДАҢҚ, АБЫРОЙ - еңбегімен, ерлігімен қол жеткен жетістік. [ҚТСС-
78бет]
12.Желіккен кедей бетің бар-жүзің бар дей ме. [Б.Майлин Заман 63 бет]
БЕТ, ЖҮЗ – адамның өзіндік түрі, түс – келбеті. [ҚТТС-128бет]
13.Мырза сескеніп қорқып кетті. [Б.Майлин Әдет құшағында 100 бет]
ҚОРҚУ – жүрексіздену, сужүректену [ҚТТС-522бет]
СЕСКЕН – көңілге күдік алу, қауіптену. [ҚТТС-728бет]

Бейімбет Майлиннің әңгімелерін талдау барысында 13синоним сөз
теріліп, талданды. Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдалана отырып
әрбір синоним сөздердің мағынасы ашылды.

Омонимдер

Бір сөздің түрлі мағынаға ие болуы тек көп мағыналы сөздер ғана
болмайды. Тілімізде дыбысталуы да, жазылуы да бірдей бола тұра бір –
бірімен мағыналық қатынасы жоқ басқа-басқа сөздер де кездеседі. Бұндай
сөздер тіл – тілде омонимдер деп аталады. [А. Айғабылов Қазақ тілінің
лексикологиясы; 15б]

З. Қабдолов омонимдерге осындай анықтама берді: Омоним – айтылуы,
естілуі бір болғанмен, мән – мағынасы әр тарап сөздер. Бір сөзде бірнеше
мағына болуы, әрине, байлық. Бірақ бұл байлықты аса сақтықпен, абайлап
пайдаланған дұрыс. Ойткені омоним сөз орынды жерде тұрмаса, сол арадағы
ұғымды бұлдыратып, көмескі, түсініксіз, кейде, тіпті, екі жақты мағына
беруі мүмкін. [З. Қабдолов Сөз өнері; 195б]

Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің сыртқы формасы жағынан бір-біріне
ұқсастығы бар. Сөздердің дыбыстық құрылымы жағынан бұларды бірдей деуге
болады. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің бір-бірінен өзгешелігі
формасында емес, мағынасында жатыр. Көп мағыналы сөздердің екі я одан да
көп мағынасы болады. Бірақ бұлар әр сөз табына емес, бір ғана сөз табына
қатысты. Мәселен, майда тас, майда шөп дегендерден ұсақ, уақ дегенді ұқсақ,
майда ұн, майда сөз дегендерден жұмсақ, биязы дегенді тісінеміз. Ал мінезі
майда дегеннен сыпайы, жайдары дегенді аңғарамыз. [Ғ. Қалиев, Ә. Болғанбаев
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы; 96б].

Омоним өз ішінде толық (лексикалық), жартылай (лексика –
грамматикалық), аралас омонимдер болып үш топқа бөлінеді.

1. Толық (лексикалық) омонимдер деп бір сөз табына тән және бірдей
түрленетін, дыбысталуы бірдей сөздер айтылады.

Мысалы: 1. Оба (белгі) — оба (ауру аты)

2. Нар (түйе түрі) – нар (сәкі, сөре)

2. Жартылай (лексика - грамматикалық) омонимдер деп дыбысталуы бірдей
болғанымен, әр түрлі сөз табына қатысты болып, түрленгенде әрқайсысы өзгеше
формаға ие болатын сөздер айтылады.

Мысалы: 1. Бас (з.е.) - бас (ет.)

2. Қара (с.е.) - қара (ет.)

3. Аралас омонимдер деп кемінде үш сөздің дыбысталуы бірдей болып, өзара
толық және жартылай омонимдер түрінде келетін сөздерді айтады. Мысалы,
күннің бір мезгілін білдіретін түс деген сөз бен ұйқы үстінде көретін түс
толық омоним, ойткені екеуі де зат есімге жатады, бірдей түрленеді. [А.
Айғабылов Қазақ тілінің лексикологиясы; 17-18б].

Омонимдер қалай пайда болған деген сұрақ туады. Олардың пайда болуының
бірнеше жолы бар.

1. Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика-семантикалық тәсілі
арқылы пайда болған. Тілдің даму барысында көп мағыналы сөздің
мағыналарының арасындағы семантикалық байланыс үзіліп, осының нәтижесінде
әр басқа екі сөз – омонимдес сөздер жасалуы мүмкін. Мысалы: жабағы І. Алты
айдан асып, бір жылға толмаған құлын; жабағы ІІ. Қыстан қалған ескі жүн.

2. Тіл – тілдегі бірсыпыра омонимдер сөздердің әр түрлі
фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі
нәтижесінде пайда болған. Демек, омонимдердің пайда болу жолын айқындауда
ерте замандағы жазба нұсқалар мен туыстас тілдердегі көне формалар бағалы
материалдар бере алады. Мысалы, ер деген сөздің (атқа салатын ер
мағынасында) ертерек кездегі дыбысталуы, көне түрі егер екендігін байқауға
болады. В.В. Радлов ер деген сөздің шағатай тіліндегі түбір қалпы – егер,
туынды түрі – егерле (қазақша ертте дегенмен бірдей) екенін көрсетеді.

3. Омонимдер сөздердің түбіріне омонимдес аффикстердің жалғануы
арқылы жасалады. Қазақ тілінде омонимдер тудыратын аффикстер мыналар:

а) есімдердің – с (-ыс, -іс) аффиксі мен етістіктердің (ортақ
етістің) – с (-ыс, -іс ) аффиксі. Мысалы: айт – ыс І. (зат есім); айт
– ыс ІІ. (етістік).

ә) есімдердің – қ (-к, -ық, -ік) аффиксі мен етістіктердің - қ (-
к, -ық, -ік) аффиксі. Мысалы: жабық І. (зат есім. Киіз үйдің жабығы,
жабықтан қарау), жабық ІІ. (сын есім. Жабық шахтаға кетіп бара жатқан орыс
жұмыскерлері де сол жаққа қарап, бөгеліп тұр. Ғ. Мүсірепов), жабық ІІІ.
(етістік. Кішкентай қыз жабығу, қамығу яки жатырқау, тосырқау дегендерді
білмейді. М. Иманжолов).

4. Кейбір омонимдер кірме создер мен төл сөздердің дыбысталуы
жағынан сәйкес келуі нәтижесінде жасалады. Мұндайда, әдетте, кірме сөз
дыбыстық өзгерістерге ұшырап, қабылдаушы тілдегі төл сөзбен дыбысталуы
жағынан бірдей келеді. Мысалы, орыс тілінен енген гиря деген сөз қазақша
айтылуында кір болып өзгеріп, лас деген мағнаны білдіретін кір деген төл
сөзбен бір омонимдік қатар құрайды.[К. Аханов Тіл білімінің негіздері;
150-157 бет]

Лексикалық омонимдерге ұқсас басқа тілдік құбылыстардың бірі –
омофондар.

Омофон дегеніміз – айтылуы бірдей, бірақ жазылуы әр түрлі сөздер.
Тіл білімінде омофондардың шын мәнінде омонимдер еместігі ескеріліп, олар
кейде жалған омонимдер, кейде сөздердің айтылуындағы ұқсастығына қарап
фонетикалық омонимдер деп аталады. Мысалы: болады деген сөз ауызекі тілде
болат болып, тұзшы, асшы сөздері ащы, тұщы болып айтылып, болат (қатты,
асыл метал), дәмді білдіретін ащы, тұщы сөздерімен омофон жасап тұр.

Омонимдерге ұқсас құбылыстардың енді бір түрі – омографтар.

Омограф дегеніміз – жазылуы бірдей болғанымен, айтылуы бірдей емес
сөздер. Олардың айтылуындағы айырмашылық негізінде екпінге байланысты.
Мысалы: зат есім алма мен болымсыз етістік алма – ның жазылуы бірдей
болғанмен, алғашқысын айтқанда екпін екінші буынға түсіп, олардың айтылуы
бірдей болмай тұр. Сол сияқты зат есімдер салма, көрме, көрші сөздері мен
етістіктер салма, көрме, көрші сөздерінің арақатынасы да осындай. [Ғ.
Қалиев, Ә. Болғанбаев Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы; 102-103бет].

Шығарма тілінде кездесетін омоним сөздер.
1.Жұрттың астын үстіне келтірді, сұрапыл лайсаңда аяқ-бас, бас-аяқ болуға
айналды. [Б.Майлин Заман 63 бет]

Түнгі астан аяққа салып қойған орта тостаған суынған бөртпе мен бір аяқ
қара көжені әкеп сахар ішуге кірісті. [Б.Майлин Сахарда 65 бет]

Аяқ 1) зат. Адамның, жан – жануарлардың тұру, жүру қабілетін атқаратын дене
мүшесі.
Аяқ 2) зат. Ағаштан ойып істелген тамақ ішетін шағын ыдыс [ҚТТС, 58 бет].

2. Жұрттың астын үстіне келтрді, сұрапыл лайсаңда аяқ-бас, бас-аяқ болуға
айналды. [Б.Майлин Заман 63 бет]

Бай болмаса да, байдың салтанатын құрып елге бас болуға тырысып жүрген
Ерқожа мен... деп шығып сөйлей беріп еді:
-Ерқожа ұры ұстайды, ұрының серігі,-деп жұрт шу ете қалды. [Б.Майлин
Заман 64 бет]

Бас 1) зат. анат.ом. Адамның, жан – жануарлардың дене мүшесі.
Бас 2) ет. Жүру, адымдау.
Бас 3) зат. муз. Адамның ең төменгі даусы [ҚТОС, 47 бет].

3.Айдай әлем қуанып жатқан айт оған азап секілді.
Бар айтатыны:
-Сорлады-ау, сорладық-ау... [Б.Майлин Айт күндері 32 бет]
Айт 1) ет. Сөйлеу, айту
Айт 2) діни мерек

Бейімбет Майлин шығармаларынан омонимдік қатар құрайтын үш сөз
теріліп талдауға түсті. Қазақ тілінің омонимдер сөздігін пайдалана
отырып әрбір омоним сөздердің мағынасы ашылды.

1.2. Фразеологизм

Қазақ тіл білімінде, түркологияда, фразеологияның жалпы проблемалары
бұл күнге дейін түбегейлі зерттеліп, өзінің тиянақты шешімін тапқан жоқ.
Басқаша айтқанда сан алуан фразеологиялық тізбектер дербес зерттеу
объектісі болудан гөрі, ілгері-кейінді жазылған сөздіктерде, мақалаларда
иллюстрация материалы дәрежесінде ғана қолданылып келеді. Тіпті жалпы
түркологияда елеулі орын алатын бұрынғы сөздіктерде де идиомдық және басқа
тұрақты сөз тіркестері тым сирек кездеседі. [І. Кеңесбаев Қазақ тіл
білімінің мәселелері; 299б]
Фразеология тіл білімінің жеке саласы ретінде 20 ғ.-дың 40-жылдары
Кеңес тіл білімінде қалыптаса бастаған. Оның теориялық негіздері 19 ғ. Мен
20 ғ. басында орыс ғылымдары А.А. Потебня, И.И. Серезневский, А.А.
Шахматов, Ф.Ф. Фортунатов т.б. Еңбектерінде салынған.
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдердің арнайы зерттелуі 20 ғ.-дың 40-
жылдарында І. Кеңесбаев еңбектерінен басталды. І. Кеңесбаев қазақ тіл
білімінде фразеологияның негізін салды. 1977 ж. оның көпжылдық
зерттеулерінің нәтижесі ретінде Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі атты
көлемді еңбек жарық көрді, онда 10 мыңнан аса фразеологизм қамтылған.
1988 ж. Х. Қожахметова, Р. Е. Жайсақова, Ш. О. Қожахметова 2300-ден
артық фразеологизмдерді қамтитын орысша-қазақша сөздік шығарды.
Фразеология термині (грек.phrasis сойлемше және logos сөз, ілім
сөздерінен шыққан) қазіргі тіл білімінде екі мағынада қолданылады. Бірінші,
тілдің фразеологиялық құрамын зерттейтін саласы, екінші, белгілі бір
тілдегі фразеологизмдердің жиынтығы дегенді білдіреді.
Осы күнгі тіл білімінде фразеологизм деген ұғым кең мағынада
қолданылады. 1990 ж. шыққан Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте
фразеологизмге мынадай анықтама берілген: Фразеологизм дегеніміз формасы
жағынан синтаксистік құрылымдармен ұқсас, бірақ олардай жалпы заңдылыққа
сай сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қайталап қолданылатын,
семантикалық және лексика – грамматикалық құрамы тұрақты сөз тіркестері мен
сөйлемшелер [Ғ. Қалиев, Ә. Болғанбаев Қазіргі қазақ тілінің
лексикологиясы мен фразеологиясы; 184б].
Фразеология деп, екі одан да көп сөздің тұтас бір меншікті мағынаға
ие болып, бір бүтін единицаға айналуын айтамыз. Фразеологиялық тіркес
құрамындағы сөздердің тұрақтылығы, мағыналық бірлігі басты белгі болып
есептеледі. Мысалы: тайға таңба басқандай, ескі жараның аузын ашу деген
фразеологиялық тіркестерді сиырға таңба басқандай, көне жараның аузын ашу
деп айтуға болмайды.
Фразеологиялық тіркестер мағына жағынан жеке сөзге, құрамы жағынан
синтаксистік (еркін) сөз тіркесіне жақын болып келеді. Сондықтан
фразеологиялық тіркестердің басты белгілерін ажырату үшін сөз және еркін
сөз тіркесімен салыстыру керек. Фразеологиялық тіркестер не одан көп сөздің
еденица ретінде даяр күйінде қолданылады. Мысалы: қалаға бару, тапсырманы
орындау, кітап алу сияқты еркін тіркестер сөйлеу, жазу кезінде сөздердің
ойға лайық таңдалуынан барып тіркеседі. Ал, жүрегі елжіреді (аяды), жүрек
жұтқан (батыл), жүрегіне ас батпады (сабырсызданды) сияқты тіркестер тұтас
алынып, жеке сөз мағынасында даяр қолданылады. Бұл құбылыс фразеологизмдер
де мағыналық бірліктің күштілігін көрсетеді. [А. Айғабылұлы Қазақ тілінің
лексикологиясы; 45б]
Ғалым Гүлдархан Смағұлова өзінің Фразеологизмдердің варианттылығы
еңбегінде фразеологизмдерді үш түрге болді:
1. Фразеологиялық тұтастық
2. Фразеологиялық бірлік
3. Фразеологиялық тізбек

Фразеологиялық тұтастық. Фразеологиялық тұлғалардың білдіретін жалпы
ұғымымен беретін мағынасына ой жіберсек, оларды құрастырушы сөздердің бірде
– бірінің лексика – семантикалық мән-мағынасына ешбір қатысы болмай, мүлде
басқаша мағынаны білдіреді. Құрамындағы сөздердің мағыналық жігін ажыратуға
болмайды. Мысалы: қас пен көздің арасында – лезде, тез, мұрнынан шаншылу –
қолы тимеу дегенді түсінеміз.
Идиом термині қазіргі қазақ тілінде фразеологиялық түйдектер (І.
Кеңесбаев), фразеологиялық тұтастықтар (К. Аханов, Ә. Болғанбаев т.б.) деп
те аталынып жүр.

Фразеологиялық бірлік. Мұнда да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын
тәртібі жағына өте тиянақты болып келеді. Алайда құрамындағы сөздердің бірі
екіншісімен қалайда бір байланыста болатыны аңғарылады. Бұлар ең алғашқы
еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан шығады. Мәселен, басын тауға
да, тасқа да соғу дегеннен әлекке түсу, дағдару дегенді түсінеміз.

Фразеологиялық тізбекке еркін мағынадағы сөз фразеологиялық қалпында,
екі сөздің тіркесуінен жасалып, өзгеріссіз тізбек күйінде қолданылады.
Мысалы: жанды сөз, көк етікті, қалың сор, тас бауыр, жау жүрек, суық қол,
су мұрын т.б.

Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді қай сөз табына топтастыру туралы
пікірлерді Ә. Қайдаров, Р. Жайсақова, мен Ә. Болғанбаевтың еңбектерінен
ұшыратамыз. Ә. Қайдаров, Р. Жайсақова фразеологиялық тұлғаларды сөз табына:
1. Есімді фразеологизмдер
2. Етістікті фразеологизмдер
3. Одағай түрі
4. Адвербиальді түрі
5. Сөйлеу штампы түріндегі фразеологизмдер.

Ә. Болғанбаев – қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына
қатыстылығы жағынан төрт топқа бөледі.
1. Етістікті мағыналы фразеологизмдер.
2. Сындық мағыналы фразеологизмдер.
3. Заттық мағыналы фразеологизмдер.
4. Үстеу мағыналы фразеологизмдер.

Г. Смағұлова фразеологизмдерді семантикалық құрылымына қарай алты
топқа бөледі.
1. Етістік мағыналы фразеологизмдер.
2. Есім мағыналы фразеологизмдер.
3. Үстеу мағыналы фразеологизмдер.
4. Одағай тұлғалы фразеологизмдер.
5. Әр тарапты (модаль) сөздерден жасалған фразеологизмдер.
6. Сөйлеу дағдысында (речевой штамп) қолданылатын фразеологизмдер.

1. Қазақ тілінде де, басқа түркі тілдердегі сияқты фразеологизмдердің
сөз табына қатыстығы жағынан ең көбі етістік фразеологизмдер. Тұрақты
етістікті сөз тіркестері озінің семантика грамматикалық табиғатында жалаң
және күрделі деп бөленеді.
Жалаң етістікті: жан сауғалаубас сауғалау, кесір болу, кесір
қылукесір тию; т.б.
Күрделі етістікті: шаңына ілесе алмаушаңына ере алмау; сөзінің соңын
жеп қоюсөзінің соңын жұтып қою;т.б.

2. Есімді фразеологизмдер негізінен екі салаға бөлінеді:
1. Заттық мағыналы (субстантивтенген) фразеологизмдер.
2. Сындық мағыналы (адьективтенген) фразеологизмдер.

Заттық мағынада жұмсалатын фразеологизмдер – зат есімдердің ішінде
затты немесе заттық ұғымды әдеттегіше атаумен қатар, сол аталған заттың сын
сипат жағынан қандай екендігін қоса – қабат білдіре атайтын, олардың кейбір
өзіндік сипатын нақтылай түсіп әсерлеу не бейнелеу жолмен сезім түрде
эмоциалы – экспрессивті рең беретін тіркестер.
Мысалы: ата қоныс (ата мекен) ата жұрт; өн бойытұла бойы; ата
жолыата салты.
Фразеологизмдер табиғатын құбылысқа, затқа ат қойып, айдар тағу
қызметі жағынан бағаласақ, онда есім мағыналы фразеологизмдердің ішінен
сындық мағыналы фразеологизмдер түрлері көп. Себебі мұнда айтушының
(субъект) айналасына (объект) деген көз қарасында үнемі өзіндік бағалау мен
сипаттау жағы басым.
Сындық фразеологизмдер екі қатарлы, үш қатарлы және төрт қатарлы
болып бөлінеді.
Екі қатарлы сындық фразеологизмдер: тасбақа аяңтасбақа жүріс; ақ
батаоң бата;
Үш қатарлы сындық фразеологизмдер: киімнің ішкі бауындайтонның ішкі
бауындайішіктің ішкі бауындай;
Төрт қатарлы сындық фразеологизмдер: ай далажапан далаесіз далақу
дала; көктен жасыл түскендейтөбеден жасыл түскендейкөктен жай
түскендейтөбеден жай түскендей;

3. Үстеу мағыналы фразеологизмдер – заттың әр қилы қимылы мен ісінің
(етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық,
мөлшерлік күй жайларын және сындық белгісін білдіреді.
Мысалы: қас қағым сәттеқас қағым уақыттақас қағым арасында; елден
ерекшетоптан ерекше;

4. Тіліміздегі басқа сөз тараптарына қатысты фразеологиялық еденицалар
ішінде жиі болмаса да, ауызекі тілде үнемі ұшырасатын фразеологиялық
тіркестер бар. Олардың бір тобы одағайлы сөздермен қатар келіп, эмоциялы
мағынаны үстеп тұратын тұрақты сөздер.
Мысалы: Апырай десеңші! Дариға қайран заман – ай! Қарай гөр!

5. Тілімізде субъективті – модальдық мағынада айтылатын фразеологизмдер
де кездеседі. Мұндай мағынадағы фразеологиялық еденицалар интонация арқылы
жасалады. Интонация тәсілі сұраулық, демеуліктермен ұштасып келіп,
риторикалық сұрақпен айтылады, олар әр түрлі эмоцияларды білдіреді.
Субъективті – модальдық мағынадағы фразеологизмдер эмоциялы – экспрессивті
мәнді күшейтеді. Бұлардың қатарына:
1. Демеулік шылаулар арқылы жасалған фразеологизмдер. Мысалы: қай
жарасына тұрады (не қажетін өтейді деген мағынада); қай атаңда көріп едің?
(ел салтында болмаған оқиға туралы айтады);
2. Бар, Жоқ сөздері арқылы жасалған тіркестер. Мысалы: а) бар
сөзімен: қолының жымысқысы барқолының сұғанақтығы бар; жоқ сөзімен: ине
тастар жер жоқине шаншар орын жоқ.
3. Болымсыздықты білдіретін емес көмекші етістігімен жасалған
фразеологизмдер. Мысалы: қол емес (лайықсыз), бұйым емес (сөз емес), бір
емес, екі емес (қайта – қайта).

6. Дағдылы фразеологиялық тіркестер (речевые штампы) сөйлемде қыстырма
сөздердің орнына жұмсалады, әрі ауыз екі сөйлеу тілінде, диалог үлгісінде
жиі қолданылады. Мысалы: ұзын сөздің қысқасы, атап айтқанда, аузыңа май,
бәрін айт та бірін айт, т.б. [Г. Смағұлова Фразеологизмдердің
варианттылығы; 13 — 32 бет].

Шығарма тілінде қолданыс тапқан фразеологизмдер
1.Беркімбайға арқа сүйеп , Есімбек сол Өгіз сойғанның ең шұрайлы жеріне
қонушы еді. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 7 бет]
АРҚА СҮЙЕДІ [ТІРЕДІ; ТҰТТЫ] Сүйеніш қылды, тірек етті. (ҚТФС 29 бет)

2.Мал мен басы бірдей, құдай тілегін берген бір адам: ортан қолдай төрт ұлы
болды-шетінен қасқыр. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 7 бет]
ОРТАН ҚОЛДАЙ. Мықты, жарамды. (ҚТФС 233 бет)

3.Кәрім ашып оқығанда төбесі көкке жеткендей болды. [Б.Майлин Шұғаның
белгісі 8 бет]
ТӨБЕСІ КӨККЕ ЖЕТТІ. Қатты қуанды, шаттанды, қуанышын тасытты. (ҚТФС 282
бет)

4.Уақытында талай мырзалар айттырды, бәріне де нәсіп болмады. [Б.Майлин
Шұғаның белгісі 8 бет]
НӘСІП ҚЫЛДЫ [БОЛДЫ; ЕТТІ] Бұйыртты. (ҚТФС 224 бет)

5.Бұрын әзілдесіп сөйлесе беруші едім, бұл жерде тілім байланды. [Б.Майлин
Шұғаның белгісі 9 бет]
ТІЛ БАЙЛАЙДЫ. 1. Қатты тебірену, таңғажайып сүйсіну мағынасында
2. Үндемей қалды. (ҚТФС 293 бет)

6.Төр алдында Қажыбай әңгімені көсілтіп отыр екен, бізді көрген соң жым
болды. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 10 бет]
ЖЫМ [ЖЫМДАЙ]БОЛДЫ. Үні өшті, сөйлеп отырған сөзін қоя қойды. (ҚТФС 124
бет)

7.Ойдың болуы да мүмкін емес-Есімбек бай, мен кедей, келінін тартып алсам,
ертеңгі күні шаңымды аспанға шығарады. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 12 бет]
ШАҢЫН ШЫҒАРДЫ. Жазасын берді, өшін алды. (ҚТФС 310 бет)

8.Орысша оқыған дінсіз неме, көптің сөзін аяқ асты қылды,- деп шалдар
Есімбектің жағында болды. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 18 бет]
АЯҚ [ТАБАН]АСТЫ БОЛДЫ [ҚЫЛДЫ;ЕТТІ] 1.Қалай болса солай, берекесіз шашылып
жатқан, керексіз болған нәрсе туралы айтылады. 2. Менсінбеу, қорлау
мағынасында айтылады. (ҚТФС 45 бет)

9.Біреуі орыс секілді, менің жүрегім тас төбеме шықты. [Б.Майлин Шұғаның
белгісі 19 бет]
ЖҮРЕГІ ТАС ТӨБЕСІНЕ ШЫҚТЫ. Қатты үрейленді, шошып кетті, қорықты. (ҚТФС 121
бет)

10.Менің әжем Әбдірахман үшін ботадай боздап жылап жүргенде , айызы қанған
адамша табалап насаттанып тұрғандары болды. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 20
бет]
АЙЫЗЫ ҚАНДЫ. 1.Көңілі жай тапты, құмары тарқады; құлақ құршы қанды,
рақаттанды. 2.Ұнамсыз мағынада бәлем сол керек еді деп, кектене көңіл
тұшытты. (ҚТФС 16 бет)

11.Төбем көкке тигендей болып қуандым. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 22 бет]
ТӨБЕСІ КӨККЕ ЖЕТТІ. Қатты қуанды, шаттанды, қуанышын тасытты. (ҚТФС 282
бет)

12.Ойбай, апа, баланың басы құрысын, әуелі өз қамыңды же, артынан алдыра
жатарсың, -деді. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 26 бет]
ҚАМ ЖЕДІ [ЖАСАДЫ; ҚЫЛДЫ; ЕТТІ ] Әзірлік қылды, қамданды; бітуін ойлады.
(ҚТФС 172 бет)

13.-Қарағым-ау, әкеңнің қарасы батсын! [Б.Майлин Шұғаның белгісі 26 бет]
ҚАРАСЫ БАТТЫ [ҮЗІЛДІ]. Көз жазды, жоғалды. (ҚТФС 182 бет)

14.-Қой, мені әуре қылма... [Б.Майлин Шұғаның белгісі 31 бет]
ӘУРЕ ҚЫЛДЫ [ЖАСАДЫ] Әлекке салды, әлек қылды. (ҚТФС 50 бет)

15.Зейнеп оны сезсе де, сүйекке біткен қарыспалық еркін алып, бір табанға
шейін бас имейтін. [Б.Майлин Талақ 36 бет]
БАС ИМЕДІ. Берілмеді, бой бермеді, бағынбады, тізе бүкпеді. (ҚТФС 56 бет)
16.Тентек болып жеңгелерімен ойнағанда: Қой, байыңа айтып ұрғызармын
деген сөз жас күнінен-ақ жүрегіне әліпбидей сақталып, өзінің ұрылатындығына
күн бұрын мойын ұсынып қойған. [Б.Майлин Талақ 41 бет]
МОЙЫН ҚОЙДЫ [ҰСЫНДЫ; СҰНДЫ] Ырқына жүрді, айтқанына көнді, бағынды. (ҚТФС
217 бет)

17.Біреуге қосу түгіл өзі жоқта үйіне қалжақпас бозбалалар келіп, солармен
бірдеме деп ойнап-күлді ме, Айдарбек жарылып кете жаздайды. [Б.Майлин
Талақ 43 бет]
ЖАРЫЛА ЖАЗДАДЫ. Ызаға булықты, ашуланды, қызғанды. (ҚТФС 107 бет)

18.Менің жанымдағы да әңгімеден құр алақан кісі емес, бірақ мынаған төтеп
бере алмады. [Б.Майлин Құла ат 47 бет]
ҚҰР АЛАҚАН [ҚОЛ] Дәнеңесіз, ештеңесі жоқ деген мағынада. (ҚТФС 201 бет)

19.-Адыра қалғыр! Қараң қалғыр!.. –деп қатын құманшаны ұстап алды.
[Б.Майлин Талақ 48 бет]
АДЫРА ҚАЛ! АДЫРА ҚАЛҒЫР! Қарғыс мағынада. (ҚТФС 11 бет)

20.Салқамбай малын өріске беттетіп, талтаңдап томарға бет алды. [Б.Майлин
Шариғат бұйрығы 51 бет]
БЕТ АЛДЫ. Бағыт алды, кірісті, ыңғайланды. (ҚТФС 65 бет)

21.Ендігі қысылатыны-ауыл көршілерінің біліп қоюы Салқамбай жағының
құлағына тисе, дереу барып сүйінші сұрауы мүмкін, Кәріекең Салқамбаймен
кездескенде оның ажарынан, сөйлеген сөзінен ыңғайын танимын деп тұр.
[Б.Майлин Шариғат бұйрығы 51 бет]
ҚҰЛАҒЫНА ТИДІ. Естіді, құлағдар болды. (ҚТФС 198 бет)

22. Бірен-саран біледі деген адамдар шариғатты аяғына басады, сонысы-ақ
жәбір,- деді. [Б.Майлин Шариғат бұйрығы 52 бет]
АЯҚҚА БАСТЫ. Қорлады. (ҚТФС 45 бет)

23.Салқамбай екі ұшты жауап берді. [Б.Майлин Шариғат бұйрығы 52 бет]
ЕКІ ҰШТЫ БОЛДЫ [СӨЙЛЕДІ] Екі жақты: өтірік, шыны белгісіз, күмәнді деген
мағынада. (ҚТФС 90 бет)

24.Бірақ Салқамбайдың ағайыншылыққа көніп, әңгімені бүркейтіндігіне көзі
жетпеді. [Б.Майлин Шариғат бұйрығы 53 бет]
КӨЗ ЖЕТПЕЙДІ. Сенімді оймен қарама йды, ақылы иланбайды. (ҚТФС 143 бет)

25.Байының көңілденгеніне мұның да іші жылыды. [Б.Майлин Шариғат бұйрығы
55 бет]
ІШІ ЖЫЛЫДЫ. Жақын тартты, ұнатты. (ҚТФС 325 бет)

26.Кәріеке дұшпанының тісін батырмауға кіріспек болды. [Б.Майлин Шариғат
бұйрығы 55 бет]
ТІСІ БАТТЫ. Күш көрсетті, зорлық-зомблық танытты. (ҚТФС 296 бет)

27.Қатыны аң-таң, себебін сұрауға бата алмайды, дереу су әкелді. [Б.Майлин
Шариғат бұйрығы 55 бет]
БАТА АЛМАДЫ. Тайсалды, батылы бармады, жүрексінді, жүрегі дауаламады,
қорықты. (ҚТФС 60 бет)

28.Кәріекең де, қатыны да, келіні де, тарғыл мысық та селк еткенді, жүрек
те біліп ауызға тығылғандай, барлық дене қалтыраған секілді боп кетті.
[Б.Майлин Шариғат бұйрығы 56 бет]
ЖҮРЕГІ АУЗЫНА ТЫҒЫЛДЫ. Қатты толқыды. (ҚТФС 120 бет)

29.Ескі атақ, ескі даңқ, ескі абырой көзінен бір-бір ұшты. [Б.Майлин
Шариғат бұйрығы 59 бет]
КӨЗІНЕН БІР-БІР [БҰЛБҰЛ] ҰШТЫ. Қолдан кетті, айырылып қалды. (ҚТФС 146 бет)

30.Шешеміз Күнетай деген кісі Алшаңды көтергенде бойыма көріктік пайда
болды, бейілім кеңіді, ерімнің кеңесіне құлақ салғыш болдым, сірә осы бала
ел билеп, жұртты аузына қаратар, жеті атасына шейін көже тоғы үзілмес
деген екен. [Б.Майлин Жол кеңесі 61 бет]
БЕЙІЛІ КЕҢ. Жомарт, мырза. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сындық мағыналы фразеологизмдер
Нар түйеге байланысты тілімізде мадақтау сипатындағы фразеологизмдер баршылық
Үш санының киелі семантикасы
Ғабит Мүсірепов әңгімелерінің лексикалық ерешеліктері
Даулы мәтіндердің авторизациясы: ХХ ғасырдың I ширегі
Бейімбет Майлин мұрасы
Мөлшер үстеулері
Алғашқы қойылымдардың көркемдігі мен дәстүрі
Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері. Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер
Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері;.Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер;.Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы
Пәндер