Диалектология ғылымының зерттелуі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Диалектология ғылымының зерттелуі

Тіл білімінің диалектілер мен говорларды зерттейтін саласы- диалектология (диалектос-сөйлеу, говор, логос-ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті-жергілікті тілдердің ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тінліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді. Диалектілік говорлар деп- халықтық я ұлттық тілдің өзіндік ерекшіліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Осы жалпытілге тән ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды.

Диалект деген термин тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдің ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады.

Академик В. Радлов қазақ тілі монолитті болғандықтан, онда диалектілер мүлде кездеспейді деген пікірді алғаш айтқан ғалым. Ал С. Малов, Н. Ильминский тәрізді ғалымдар да «Қырғыз (қазақ) сахарасының ұлан-байтақ кеңістігінде қырғыз-қайсақтардың тілі диалектілерге бөлінбейді» деген тоқтамға келген. Сондықтан ғалымдар тарапынан қазақ диалектологиясы тек Қазан төңкерісінен кейін ғана қолға алынған тіл білімінің саласы ретінде танылады. Алайда төңкеріске дейін диалектология саласына арналған ғылыми теориялық еңбектер болмаса да, диалектологиялық мағлұматтар фольклорлық материалдарды жинаумен шұғылданған зерттеушілер мұраларында молынан кездесіп отырғанын, яғни революцияға дейін басылып шыққан ауыз әдебиеті нұсқаларында диалектілік сипаты бар сөздер мен дыбыстық, грамматикалық тұлғалар белгілі мөлшерде қамтылып келгенін айта кеткеніміз орынды. Мәселен, Г. Потанин, О. Әлжанов, Дүйсембаев, Д. Ай­манов, Ғазин және т. б. солтүстік-шығыс облыстарының, А. Диваев, Н. Пантусов, М. Миропиев және Шайхул-Ислам Юсупбеков оңтүстік облысының фольклорын, ал Н. Ильминский, А. Алекторов, А. Васильев, И. Аничков және В. Радловтар батыс өңірінің фольклорын жинастырып, зерттегені мәлім. Сондықтан да қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді зерттеуге аса қажетті тілдік материалдар революциядан бұрынғы зерттеушілер А. Васильев, Ш. Уәлиханов, А. Диваев және т. б. бастырып шығарған ауыз әдебиеті нұсқаларында молынан ұшырасады.
Жалпы ғалымдардың тұжырымын­дауын­ша, қазақ диалектісі туралы тұңғыш пікір айтқан және «жергілікті ерек­шеліктер» деген терминді алғаш ендірген Жүсіпбек Аймауытұлы болды . Ж. Аймауытұлы 1926 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне жариялаған «Тіл туралы» деген мақаласында: «Қазақтың әр елінде, әр гүбірнесінде өздері ғана қолданатын, өзге елдер білмейтін тілдер бар. Мұны ғылым тілінде жергілікті тіл (провинциализм) деп атайды» деп анықтама береді. Автордың бұл мақалада көтерген басты мәселесі - бөтен тілден еніп жатқан сөздердің орнына өзіміздің жергілікті ерекшеліктерді қолдану қажеттілігі. Ж. Аймауытұлы: «Бөкейлікте татардың, арабтың, парсының, орыстың әсері, Жетісу мен Сырдарияда өзбектің, Қостанайда орыс, ноғайдың, Семей, Ақмолада да араб, орыс тілдерінің әсері бар» дей отырып: «Жетек» тұрғанда, «аглоблені» алып келсе, «қора, көң, там үй» тұрғанда «земенкені» қыстырса, «мая, шөмеле» тұрғанда «купенені», «ыңыршық, ершік» тұрғанда «седелкені» қолданса, міне, бұзылып бара жатқан деп осындай тілдерді айтуға болады» дей отырып, бөтен тілден енген сөздердің орнына жергілікті ерекшеліктерді жатырқамай қабылдау керектігін ұсынған еді. Сонымен бірге төңкеріске дейін Қ. Жұбанов пен Қ. Кемеңгерұлы да алғашқылардың бірі болып жергілікті тіл ерекшеліктерін сөз етіп, оларды жинастырып зерттеу әрі бастыру қажеттілігін атап көрсетті. ( Гүлфар Мамырбекова, «Н. Сауранбаев және қазақ диалектология ғылымы » , мақаласы)

Жергілікті ерекшелік­тер мәселесі 1926 жылдан бастап-ақ Алаш азаматтары тарапынан қолға алынғанымен, Кеңестік «аласапыран» уақыт оны дамытуға мүмкіндік бермеді. Қазақ ғалымдарының көпшілігі, жоғарыда айтып кеткеніміздей, орыс ғалымдарының пікірлеріне сүйеніп қазақ тілінде жергілікті ерекшеліктер жоқ деген байлам жасады. «Тіпті 1950 жылы «Правда» газеті ұйымдастырған тіл туралы айтыста да қазақ тілі басқа түркі тілдерінен диалектісіз тіл болуымен ерекшеленеді деген пікір айтады Осы мәселеге ерекше ден қойған ғалым Н. Сауранбаев қазақ тілінде диалект бар ма, жоқ па деген мәселеге 1952 жылы Алматыда өткен пікірталаста да ешқандай нүкте қойылмағанын атап көрсетті. Тек 1953 жылғы КСРО Ғылым Академиясының түркі тілдері секторының қорытындысында «қазақ тіліндегі диалектілерді жоққа шығару қате болып табылатындығы» ескертіліп, бұл талас-тартыс түбегейлі тоқтатылып, өз шешімін тапқан. Осылайша қазақ тілінде диалектінің бар екендігі туралы негізгі қорытынды шыққаннан кейін қазақ диалектологиясын зерттеуге үлкен бетбұрыс жасалып, диалектілік ерекшеліктерді жинап, зерттеудің жаңа кезеңі басталады, бұл саланы тереңінен зерттеуге түбегейлі жол ашылады. Қазақ диалектологиясын зерттейтін мамандар даярланып, диссертациялар қорғалып, ғылыми монография­лар жарық көре бастайды. Диалектілік деректерді толықтай зерттеу мен жинақтау жұмыстары жолға қойылып, 1958-1963 жылдары аралығында «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері» атты жинақты жүйелі түрде шығарып тұру қолға алынады. ( Гүлфар Мамырбекова, «Н. Сауранбаев және қазақ диалектология ғылымы » , мақаласы)

С. Аманжолов қазақ тіліндегі диалектілер туралы

Профессор С. Аманжолов қазақ тіліндегі диалектілердің пайда болуы мен қалыптасу тарихын қазақ жеріндегі бұрынғы тайпалық одақтармен, жүздермен байланыстырып қарайды. С. Аманжолов қазақ тілінде үш диалект бар деген қорытындыға келді. Олар мыналар:

Оңтүстік диалектісі - Алматы, Жамбыл, Оң. Қазақстан облыстарын және Талдықорған мен Қызылорданың кейбір оңтүстік аудандарын қамтиды;

Батыс диалектісі - Батыс Қазақстан, Гурьев, Ақтөбе облыстарын және Қызылорданың солтүстік аудандарын, Қостанайдың кейбір батыс аудандарын қамтиды;

Солтүстік-шығыс диалектісі - Ақмола, Павлодар, Семей, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарын және Қостанай мен Талдықорған облыстарының кейбір аудандарын қамтиды.

Мысалы, қазақ тілінің солтүстік-шығыс диалектісіне бұрынғы найман, керей, арғын, қоңырат және қыпшақ тайпаларының тілін жатқызады. С. Аманжолов солтүстік-шығыс диалектісін қазақтың әдеби тілінің негізіне жатқан диалект деп есептейді. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы мен Семей облысының оңтүстік - шығыс аудандарында фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктер кездеседі. Мысалы: шүберек-чүберек, ұрлық-ұрдық, гр. ерек. қордық-қорлық, олар-одар, лек. ерек. айылдап келу - ауылшылап келу, әскере-өте, жоян-зор т. б

Аманжолов қазақ диалектологиясының негізін салды. Тілдегі диалектілік ерекшеліктерді жинап-зерттеуді (1937-38) ұйымдастырып, диалектілердің даму сипаты, айырым белгілері, тайпалық тілдермен байланысы, үлттық әдеби тілдің диалектілік негізі сияқты аса күрделі мәселелерге тұжырым жасады. Диалектілерге халық, тіл тарихы тұрғысынан қарап, олардың қоғамдық сипатын ашты. Қазақтың халық тілі мен әдеби тілінің өзекті мәселелерін зерттеп, соны пікірлер айтты. Ұлттық жазба әдеби тіл тарихын ХӀХ-ғасырдың 2-жартысынан бастап, Абайдың халық тілін пайдаланудағы шеберлігін, сөз қолданудағы жаңа үлгісін талдап көрсетті. "Вопросы диалектологии и истории казахского языка" (1959) атты монографиясы түркология саласындагы елеулі табыстардың бірі ретінде бағаланды. ( Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. «Қазақ диалектологиясы» Алматы «Ана тілі» 1991ж., 142-154)

Ж. Досқараев қазақ тіліндегі говорлар туралы

Ж. Досқараев қазақ тілінде екі үлкен говорлар тобы бар деп көрсетеді. Оңтүстік-Шығыс говорлар тобы және солтүстік-батыс говорлар тобы. Осы говорлық топтардың өзара айырмасын білдіретін мынадай тілдік белгілерге тоқталады.

Фонетика саласында. Оңтүстік-Шығыс говорлардағы кейбір сөздерде дауысты дыбыстардың ауысып отыруы: мазмұн-мәзмұн, сонымен қатар бұл говорларда н, ң сонорлардың алмасып отыруы: қалың-қалын, көбен-көбең т. б

Ал солтүстік-батыс говорларда кейбір сөздерде ы, а дыбыстарының алмасып айтылуы: сайаз-сайыз, айқара-айқыра. Солтүстік-батыс говорларда кейбір сөздерде ж, ш дыбыстарның алмасып отыруы, бұл құбылыстың оңтүстік-шығыста байқалмауы: былшырақ-былжырақ т. б Солтүстік-батыс облыстарда кейбір сөздерде д, т алмасуы: теңіз-деңіз, дұз-тұз т. б

Лексика саласында. Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы мына төмендегі сияқты сөздер солтүстік аудандарда кездеспейді: кепе, тесе, ақа-аша, қыш-кірпіш, егер-ер т. б

Солтүстік говорда кездесетін кейбір сөздер: әке, тоңу, сақ-сау, сауығу т. б Кейбір сөздер солтүстік говорларда бір мағынаға ие болса, оңтүстік-шығыста екі мағынаға ие. Мысалы, оңт. қос, тіршілік, қызыл, суыру сөздерінің жалпыға түсінікті мағыналарынан басқа да мағыналары бар: қос-соқа, тіршілік-жұмыс…

Грамматика саласында. Солтүстік-батыс говорлар тобындағы мына сияқты грамматикалық ерекшеліктер оңт-шығыс говорларда кездеспейді. Етістіктің өткен шағының тұйық етістікке -улы, -улі қосымшасын қосу арқылы жасалған түрі кездеседі: барулы, жаюлы, бағулы. Есімше жақ, шақ тұлғасында да кездеседі: баражақ-барашақ, алажақ-алашақ.

Қазақ тіліндегі говорларды Ж, Досқараевтың екі топқа жіктеуін дыбыстық ерекшеліктер тұрғысынан қарап, пр. Н, Сауранбаев та қостайды. Бәрақ ол - лексикалық, грамматикалық ерекшеліктер жағынан мұндай классификацияны жасауға болмайтынын айтады.

Ж. Досқараев бұл негізгі екі говорлық топтан басқа да говорлар бар екенін көрсетеді. Мәселен, Сырдария говорының ауыспалы сипаты бар деп қарайды. Ал Шығыс Қазақстан облысы мен Семей облысының оңтүстік-шығыс аудандарындағы халық тілін шығыс говоры деп бөледі. (Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. «Қазақ диалектологиясы» Алматы «Ана тілі» 1991ж., 154-159)

Н. Сауранбаев қазақ тіліндегі диалектілер туралы

Қазақ диалектологиясының ғылыми тұрғыдан зерттелуі және қалыптасу тарихы, оның теориясы мен тәжірибесі профессор Н. Сауранбаевтың есімімен тығыз байланысты болатын себебі ғалым өз еңбектерінде қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктердің қалыптасуы, пайда болуы, олардың жалпы сипаты туралы біршама құнды пікірлер айтқан. Н. Сауранбаевтың диалектологияға қатысты жазған мақалалары мен ой-тұжырымдарында қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктердің басты әрі негізгі сипаттамаларын қысқаша түрде болса да түгелдей сипаттап бергендігін аңғарамыз. Сонымен академик Н. Сауранбаев диалектология саласына қатысты зерттеулерін 1948 жылдан бастап өмірінің соңғы кезеңі, яғни 1958 жылдарға дейін жарыққа шығарып, мынадай мақалалар жазған:
1. Көне қыпшақ тілінің кейбір сипаттамалары

2. Редакцияға хат (Письмо в редакцию) .
3. Қазақ тілінің жасалуы туралы мәселеге (К вопросу об образовании казахского языка) . Доклады советской делегации на ХХІІІ международном конгрессе востоковедов. Секция Ирана, Армении и Средней Азии. М., 1954.
4. Қазіргі қазақ тіліндегі диалектілер (Диалекты в современном казахском языке) . Вопросы языкознания. 1955, №5.
5. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін зерттеу. Ж. Болатовпен бірге жазған мақаласы. Социалистік Қазақстан. 1957 жыл, 14-наурыз.
6. Қазақ диалектілерін зерттеу жөнінде (К изучению казахских диалектов) . Ш. Сарыбаевпен бірге жазған мақаласы. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. І шығуы. Алматы, 1958 жыл.
Бұл аталған мақалаларында ол келесідей теориялық тұжырымдар жасаған:
- қазақ тілінде қолданылатын жергілікті ерекшеліктер - ескінің көзі, ескіден қалған тарихи мұра, тарихи құбылыстардың жемісі;
- қазақ тілінде, кейбір түркі тілдеріндегі сияқты жік-жік болып анық бөлініп тұратын диалектілер жоқ;
- кең атырапты жайлаған барша қазақтардың ауызекі сөйлеу тіліндегі бірлі-жарым айырмашылықтар фонетикалық, грамматикалық жүйе мен лексикалық қорда байқалады;
- қазақ тіліндегі қандай да бір жергілікті ерекшеліктердің тарихи сипатын ашу үшін оны жеке-дара талдамай, жалпы түркі тілдерінің шеңберінде қарастыру керек, сонда ғана оның тарихи тегі мен өзгеру себептері айқындалады;
- диалектілер ХV-ХІХ ғасырларда қалыптасқан жоқ, одан бұрын пайда болған, яғни диалектілер қазақ халық тілінен бұрын өмір сүрген тілдік элементтер болып табылады (бұл жерде ғалым жеке тілдерді қалыптастырушы диалектілер туралы айтып отыр) ;
- диалектілер ХV ғасырдан кейін пайда болды (бұл жерде ғалым қазіргі қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер туралы айтып отыр) ;
- үш жүздің қазақтары ортақ бір-ақ тілде сөйлегендіктен, үш жүзге байланысты өзгешеліктер тілімізде сақталмаған, сон­дықтан жергілікті ерекшеліктердің пайда болуына үш жүздің ешқандай қатысы жоқ;
- қазақ тіліндегі жергілікті ерекшелік­терді қазақ жүздері мен ру-тайпалық жікте­лі­мінен емес, белгілі аймақты жайлаған халықтың мәдени және шаруашылық өмірімен, көрші елдермен жасаған қарым-қатынасымен байланыстыра зерттеу керек.
- қазақ тіліндегі осы күнгі диалектілік ерекшеліктер әртүрлі аймақтардағы жергілікті халықтың қоғамдық-әлеуметтік, шаруашылық-мәдени өміріне байланысты кейіннен қалыптасқан;
- қоғамдық-экономикалық жағдай­ларға және басқа халықтармен қарым-қаты­настың сипатына байланысты тілдегі диалектілік белгілер өзгеріске ұшырап отырады.

Ғалым өзінің 1954 жылы жазылған «Қазақ тілінің жасалуы туралы мәселеге» атты зерттеуінде жергілікті ерекшеліктер құрамындағы өзара алмасып келетін дыбыстардың фонетикалық ауытқуларын талдайды:

1. c мен ш : тысқары - тышқары, ұқсас - ұқшаш.
2. т мен д : топ - доп, тым - дым, теңіз - деңіз, туадақ - дуадақ, тізгін - дізгін, тізе - дізе.
3. л мен д : тыңда - тыңла, таңла - таңда, маңлай - маңдай.
4. д мен й : адақта - айақта (аяқта) .
5. м мен б : мекіре - бекіре, шымшық - шыбшық, шымыш - шыбыш, матыру - батыру.
6. п мен б : пәле - бәле, полат - болат, пайда - байда, пиялай - биялай, палуан - балуан.

Ғалым бұл жердегі л мен д дыбыстары­ның алмасуын ертеден келе жатқан заңды­лықтардың қатарына жатқызады да оған дәлел ретінде Күлтегін ескерткішіндегі - тыңла, «Кодекс куманикустегі» - аңла сөздерін мысалға келтіреді. Осылайша ол диалектологияға қатысты жазылған зерттеулерін үнемі тың деректермен толықтырып отырғанын байқатады. Мысалы, «Көне қыпшақ тілінің кейбір сипаттамалары» деген мақаласында жергілікті ерекшеліктер ауызекі сөйлеу тілінің фонетикалық жүйесі мен сөздік қорын қамтиды десе, «Редакцияға хат» деген мақаласында грамматика саласын да қосады, ал «Қазақ тілінің жасалуы туралы мәселеге» деген мақаласында фонетикалық ерекшеліктерге берілген мысалдар санын әлдеқайда молайта түседі. Диалектологиялық зерттеу мәселелерінде ұстанған принциптің басты ерекшелігі - фонетикалық құбылыстар сырын тарихи тұрғыдан зерттеп, оларды ескі түркі тілдерімен байланыстыра қарастырады.
Диалект сөздердегі грамматикалық ерекшеліктердің мәнді себебін де тарихи тұрғыдан қарастырады:
-мыш (-міш) форманты әдеби тілімізде айтылатын -қан (-кен), -ған (-ген) қосымшасының орнына жүреді. Бұл Қостанай облысында тұратын қазақтардың ауызекі сөйлеу тілінде кездеседі: жазылмыш (жазылған), жетілміш (жетілген), айтылмыш (айтылған), таңданмыш (таңданған) . Н. Сауранбаев бұлай сөйлеуді халық «көне кітап тілінен үйренген» болу керек деген болжам жасайды. Осы болжамы арқылы ол көптен бері кітап басып шығару өнерін кәсіп еткен Қазан, Орынбор, Уфа, Троицк қалаларының ықпалына ертерек ұшырап, көне кітаптарды оқуды әдетке айналдырған Торғай даласының тұрғындары осындай формаларды қолданатын болғанын дәлелдейді.
-шақ (-шек) жұрнағы да осы аймақты ме­кендеген қазақтардың тілінде жұм­салады, әдеби тілдегі -сы (-сі) тұлғасының мағына­сын береді: алашақ (аласы), берешек (бересі) .
-жақ (-жек) тұлғасы көбінесе қарақалпақ туысқандармен іргелес отырған аймақтарда (Ақтөбе, Қызылорда облыстарында) жиі кездеседі: бережек (берешек), айтажақ (айтатын), алажақ (алашақ) .
-улы (-улі) формасы Қазақстанның батыс жақ өлкесінде айтылады: барулы (барыпты), көрулі (көріпті), келулі (келіпті) .
-лы (-лі) тұлғасы оңтүстік пен оңтүстік-шығыс алқапта бірінші жақтың қалау рай формасында айтылады: баралы (барайық), жүрелі (жүрейік) .
Кезінде пікірталас тудырған мәселе ол қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің сипаты мен таралу шегі диалектілік көлемде ме, әлде сөйленістік көлемде ме деген сауал болатын. Ғалым Н. Сауранбаев қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді диалект сипатында болған деп қарастырады. Мәселен, ол белгілі бір аймақ тіліндегі ерекшеліктер бірнеше сөйленіске ортақ болып келіп, диалектіге негіз етілгенін айтады. Өз мақаласында Шу, Жетісу, Шымкент, Сырдария сөйленістерінің әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен бірге бүкіл Оңтүстік өлкеге тән негізгі ерекшеліктерін де сақтап қалғандығын, сөйтіп, олардың тұтастай оңтүстік диалектіге кіретінін пайымдаған.

Қорыта айтқанда, академик ­Н. Сауран­баев­­­тың диалектологиялық еңбектерінде теориялық мәні бар өзекті мәселелер, атап айтқанда, қазақ тілінің өз ішінен диалект, говорларға бөлінетіндігі, диалект сөздердің жалпы сипаты, олардың тарихи дамуы мен пайда болуы, аймақтық жағынан жіктелуі, диалектілердің әдеби тіліміздің баюы мен толығуындағы маңызы сияқты мәселелер ғылыми тұрғыда талданып қана қоймай, сол кезеңдегі даулы мәселелерді шешуге жасалған батыл қадамдар болған еді. Академик Н. Сауранбаев іргетасын қалап кеткен қазақ тіл білімінің диалектология саласы бүгінгі таңда республика көлемінен шығып, алыс-жақын шетелдерде тұратын қазақ диаспора тілін де кеңінен зерттеп келе жатыр және сөйленістер тіліндегі ерекшеліктер тұтастай жинақталып, біршама қалыпқа түскен бүгінгі таңда қазақ ғалымдары оларды сол аймақ­тағы тілді тұтынушы халықтың танымы­мен (кәсібі, айналысатын шаруа­шы­лығы, шекаралас елі, т. б. ) сәйкес қалып­та­сатын тұтас тілдік құбылыс ретінде де қарас­тырып, жаңа бағыттағы зерттеулер жүргізуде. ( Гүлфар Мамырбекова , «Н. Сауранбаев және қазақ диалектология ғылымы » , мақаласы)

Ғ. Мұсабаев қазақ тіліндегі говорлар туралы

Ғ. Мұсабаев қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді говорлық сипатта деп қарап, оның екі түрін көрсетеді: ауыспалы говор және жергілікті говор.

Ауыспалы говор. Оған “басқа тілден жергілікті халықтың бір бөлегіне ауысып, басқаларына тарамаған тіл ерекшелігін” жатқызады. Мәселен, оңтүстікте өзбек, қырғыз тілдерінен, батыста татар, башқұрт тілдерінен, шығыста алтай, қытай тілдерінен сөз ауысып отырған. Осыдан барып сол тілдерден сөз ауысқан жерлерде ауыспалы говор пайда болған деп түсіндіреді. Мысал ретінде өзбектен енген пахта-мақта, кәттә - үлкен, қырғыздан енген тайған-тазы сөздеі келтіріледі. Автор қазақ тілінде ауыспалы говорлар бар екенігін дұрыс көрсеткенмен, олардың пайда болуын бір жақты түсіндірген. Біріншіден, тілдегі говорлардың, оның ішінде ауыспалы говорлардың пайда болуында басқа тіл элементтері бірден-бір басты белгі бола алмайды. Екіншіден ауыспалы говор басқа тілдің әсері тиген жерде ғана пайда болады деу дұрыс емес. Ауыспалы говор бір тілдің өз ішінде де пайда бола бастады. Мәселен, Арал маңында ауыспалы говордың сипаты бар, өйткені ондағы тұрғындардың тіл ерекшелігі негізінен батыс говорларға жақын болғанмен, оңтүстікке тән кейбір белгілерді де қамтыған. Мысалы: кәте-қате, әптен-әбден, пәкі-бәкі, өнепойы-өнебойы т. б

Жергілікті говор. Автор жергілікті говорды жасайтын арна ретінде бұрынғы ру, тайпа тілдерінің қалдығы мен белгілі территорияда ғана қолданылатын дублетті сөздер көрсетеді. Алғашқысы бұрынғы “тайпа диалектісінің қалдығымен”, кейінгісі “жергілікті экономикалық жағдаймен” байланыстырылады. Оған түрліше, географиялық, жан-жануар, өсімдік атаулары мен кәсіптік сөздердің әдеби тілге енбейтін дублеттері жататыны айтылған.

Бірақ жергілікті говордың жасалуында осындай екі арна бары көрсетілгенімен, олар фактілермен дәлелденбеген. Қазақ тіліндегі жергілікті говорларды танытарлықтай әдеби тілден өзгеше дыбыстық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктер берілмеген. Оның орнына автор диалектизм деуге болмайтын, оған қатысы жоқ тон, құз, тары, еркін, жұнт сөздерді талдап кеткен. Автордың қандай сөздерді диалектизм деп ұғатыны белгісіз. [Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. «Қазақ диалектологиясы» Алматы «Ана тілі» 1991ж., 163-165]

Ш. Сарыбаев «Қазақ тіл білімінің мәселелері».

Батыс Қазақстан экспедициясының материалдарынан

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диалектологияның зерттелуі
Тілімізде қазақ диалектологиясының тарихы
Орталық Қазақстан тұрғындарының жергілікті тіл ерекшеліктері
Қазақ диалектологиясының зерттелу тарихы
Қазақ диалектологиясының зерттелуі
Диалектілер мен қарапайым сөздердің қолданылу ерекшеліктері
М.Әуезовтің қазақ тілі туралы ойлары
БАТЫС ӨҢІРІНДЕГІ ДИАЛЕКТ СӨЗДЕР
Қазақ диалектологиясындағы лингогеография мәселесі туралы
Торғай диалектілерін топтастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz