Сәбит Мұқанов Сұлушаш романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Курстық жұмыс
Сәбит Мұқанов Сұлушаш романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Қостанай
2015
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I.Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі
1.1. Антоним, синоним, омоним сөздердің қолданысы ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Фразеологизмдердің стильдік қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
II. Шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі
2.1. Мақал - мәтелдердің ұлттық - танымдық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты (теңеу, эпитет, метафора, метонимия, синекдоха) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісі ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе
Еліміз егемендік алып, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты қоғамда тарихи сана мен ұлттық таным көкжиегі кеңейе бастады. Осыған байланысты ұлттық рухани-мәдени мұраның тарихи маңызын саралап, қайта бағалау мүмкіндігі туып отыр. Кез келген этнос атаулының ежелгі дүниетанымдық жүйесі, халықтық рухы әуелі оның тілінде көрініс табады . Әр халықтың өзіндік салт-санасы, елдік рухы алдымен оның тілінде таңбаланады. Этностың өзіндік дүниетанымынан, тұрмыс-салт ерекшелігінен туындаған арнайы сөз қолданыстардың халықтың өткен өмірінде қандай мәні болса, бүгінгі өмір тіршілігіне тигізер пайдасы одан зор. Тілдің мемлекеттік мәртебесін нығайтудың қазіргі таңдағы маңызды бір мүмкіндігі - оның осы танымдық қызметін неғұрлым толық ашып көрсету, сол арқылы ежелгі елдік атрибуттарды, халықтық қалыпты, рухани тамырды тереңірек зерттеп, жете тану. Тіл мен танымды жіктеп қарамай, оны құбылыс ретінде сабақтастыра қарау академик Ә.Т.Қайдаров ұсынған "тіл мен ұлт біртұтас" немесе "адамды тіл әлемі арқылы тану" деген қағидаларға сүйенетін қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттың қалыптасуына әкелді. Этнолингвистиканың ғылыми-теориялық негізі Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов, Р.Сыздықова, Б.Қалиев, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Р.Шойбеков, А.Жылқыбаева т.б. ғалымдардың еңбектерінде қаланды. Соңғы уақытта қазақ тіл білімі лингвомәдениеттану, когнитивтік тіл білімі сияқты тілдік салалармен толығып, өз жемісін бере бастады [Амангелдіқызы А.А. І.Есенберлиннің "Көшпенділер" романындағы жылқы атауларының этнолингвистикалық мәні. 3 бет].
Тіл ─ адамзаттың баға жетпес құндылықтарының бірі. Ол ─ адамзат арасындағы қарым-қатынас пен болмысты танудың басты құралы ғана емес, қоғамдағы саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани, тарихи өзгерістердің куәсі және сол ақпараттарды бойында сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші құрал [Мұқәддәс Мирза Қазақ - ұйғыр мақал-мәтелдерінің паремиологиялық жүйесі.3 бет].
Жұмыстың нысаны Жазушы Сәбит Мұқановтың Сұлушаш романы
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - шығарма тілінің лексика - фразеологиялық ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатқа сай алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:
oo Шығарма тіліндегі антоним, омоним, синоним сөздердің қолданыс ерекшелігін анықтау;
oo Диалектизмдердің шығармадағы қолданысын, қай өңірдің жергілікті тіл ерекшеліктері көп пайдаланылғандығын анықтау;
oo Шығарма тіліндегі қос сөздердің стильдік қолданысын ашу;
oo Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметін, кейіпкер тіліндегі қолданылу аясын анықтау;
oo Мақал - мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық - танымдық қызметін, шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуын айқындау;
oo Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипатын (теңеу, эпитет, метафора, метонимия, синекдоха, қайталама сөз) көркем шығарма тіліндегі мысалдармен нақтылап, мәнін ашу;
oo Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісін анықтау;
oo Сөз - символдың шығарма тіліндегі қолданысы мен жазушы шеберлігінің сырын ашу. Анықтау барысында мәліметтерді жинақтау, саралау, ғылыми негіздеу.
.
Жұмыстың құрылымы - жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
I . Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі
0.1. Антоним сөздердің қолданысы
Белгілі лексиколог ғалымдар Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев антонимдерге мынадай анықтама берген: Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. Антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болып шығады. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіпті кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы.
Қазақ тіл білімі ғылымында Қ.Аханов, Ә.Болғанбаев, Ж.Мусин, Ғ.Мұсабаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Қалиев т.б. ғалымдардың еңбектерінде антонимдер әр түрлі зерттеу саласында көрініс тапқан.
Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шығармаларында көп қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал-мәтелдерден жиі кездестіруге болады.
Ж.Мусин Қазақ тілінің антонимдер сөздігі атты еңбегінде, антонимдерге әр түрлі бағыттағы анықтама берген.
1. Әдетте мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер - антоним деп аталады.
2. Антонимдік мағына сапалық ұғымдарға тән болады деген пікір жиі қолданады.
3. Антоним сөздердің қарама-қарсылықты мәні, олар бір сөйлем ішінде қатар қолданғанда айқын аңғарылады. Мұндайда антоним сөздердің мағыналық қарама-қарсылығы айрықша баса көрсетіліп, ерекше көзге түседі [Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. 117 бет].
Зерттеуші-ғалым Г.Сырлыбаеваның Лексикалық және фразеологиялық антонимдердің айырмашылықтары атты мақаласында да антонимдердің ерекшеліктері сөз болады.
Сөз лексикалық қабілетіне қарай өзге сөздермен тіркесу, лексикалық мәндес сөздер бірінің орнына бірі жұмсалу (синонимдер), сөздер бір-біріне мағыналық жағынан қарама-қарсы келу (антоним) сияқты қасиеттерге ие.
Антонимдік қасиет жеке сөздер арасында ғана емес, сонымен қатар, фразеологиялық бірліктерде де болады. Кей жағдайда сөз бен фразеологизм де бір-біріне антоним болуы тілде ұшырасады. Әрине, бұл ерекшелік үнемі контексте байқалады. Мысалы: Жұрттың жеті-сегіз баласы бірауыз, бұл екеуі сәби күнінде ит пен мысықтай ырылдаспағанын ата сақалдары аузына біткенде шығарды-ау (М.Сүндетов). Бұл сөйлемде сәби деген лексикалық бірлікке кәрі, қарт мағынасында жұмсалатын ата сақалы аузына біткен (түсу) фразеологизмі антоним болып тұр.
Фразеологиялық антонимдерде фразеологиялық бірліктердің негізінде туындайтын және оларды лексикалық антонимдерден ерекшелейтін айырмашылықтар кездеседі. Лексикалық және фразеологиялық антонимдердің айырмашылықтарын анықтау үшін ең алдымен олардың әрқайсысына тән өзіндік белгілерін ескеру керек.
Қазақ тіліндегі антонимдерді топтастыру жайында екі түрлі көзқарас бар: бірі - ұғымдардың белгілі бір логикалық қатарындағы қарама - қарсылығына негізделген тіл бірліктерінің қарама - қарсылығын білдіретін антонимдік жұптар тұрғысынан топтайтын Ж.Мусиннің пікірі. Екінші, антонимдерді логикалық, грамматикалық, психолингвистикалық қатынастарға негізделген универсалды құбылыс деп қарайтын А.Жұмабекованың пікірі. Оның пікірінше, осы күнге дейін тіл бірліктерінің қарама - қарсылығы ғана антонимдік жұп құрауға негіз болған, енді логикалық, психологиялық, тілдік ұғымдарды кең көлемде кешенді бағытта Н.С.Трубецкой ұсынған оппозиция әдісі бойынша топтастыру қажет. Антонимдерді топтастыруда дәстүрлі тәсілмен бірге, кешенді бағытта оппозиция әдісін қолдану антонимдердің табиғатын терең түсінуге мүмкіндік берері сөзсіз [Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. 120 - 121 бет].
Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер. Мысалы: кәрі-жас, дұрыс-бұрыс, түзу-қисық, адал-арам, оң-теріс, үлкен-кіші, ірі-ұсақ,т.б.
Зат есімдерден антоним болатындар бірен-саран ғана. Соның өзінде олардың мағынасынан сапалық белгінің нышаны аңғарылады. Мысалы: өтірік-шын, пайда-зиян, бай-кедей т.б
Сын есімге тән антонимдердің мынадай түрлері бар:
1.түбір күйінде кездесетіндері: ауыр - жеңіл, кең- тар, жас - кәрі, қалың - жұқа, терең - саяз, семіз- арық, кем- артық, т.б;
2.туынды түбір күйінде кездесетіндері: ашық- жабық, өзімшіл- көпшіл, орнықты - шалағай, бүтін- жыртық, оңқай- солақай, сүйкімді- жексұрын, т.б;
Қазақ тілінде сындық мағынадағы туынды антонимдер көбінесе - лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті, жұрнақтары арқылы антонимнің жағымжы сыңарларын ал - сыз, -сіз жұрнақтары жағымсыз мағынадағы сыңарларын жасайды.Мысалы:малды- малсыз, жалды - жалсыз, ақылды - ақылсыз, куәлі - куәсіз, арлы - арсыз, т.б.
Сол сияқты сын есімнің - ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы да туынды антонимдер жасала береді. Мысалы: бастапқы - соңғы, бұрынғы- қазіргі, үйдегі- түздегі, қысқы- жазғы, сыртқы- ішкі, т.б.
Етістікке тән мынадай антонимдер бар:
1. түбір күйінде кездесетіндері: озу-қалу, бару- қайту, көшу-қону, күлу-жылау, ұту- ұтылу, ысу- cуу, күлу-жылау, даму- тоқырау, т.б.
2.туынды түбір күйінде кездесетіндері: қартаю- жасару, татуластыру- араздастыру, сүйіну - күйіну, арықтау - семіру, баю- кедейлену, жаңару- ескіру, ақтау - қаралау, мақтау - даттау, т.б.
Зат есімге тән антонимдер де негізгі және туынды түбір күйінде кездеседі:
1. түбір күйінде кездесетіндері: өтірік- шын, алғыс- қарғыс, рақат- бейнет, бақ- сор, шарапат- кесапат, пайда- зиян, жаз-қыс, күн-түн, өмір-өлім, т.б.
2. туынды күйінде кездесетіндері: аласы - берісі, байлық- жоқтық, жеңіс-жеңіліс, ұтыс-ұтылыс, тарлық-кеңдік, кіріс- шығыс, алыс - берніс, сыпайыгершілік- арсыздық, т.б.
Туынды зат есімдерден жасалған антонимдердің де, туынды етістіктерден жасалған антонимдердің де, негізгі түбірі сапалық ұғымды білдіретін сөздер екені байқалады.Мысалы:
1. тарлық - кеңдік, аштық - тоқтық, жақсылық - жамандық, жастық- кәрілік, т.б.
2.ақтау - қаралау, алыстау - жақындау, арзандау-қымбаттау, жаңару- ескіру, қартаю- жасару, т.б.
Үстеу сөздерден жасалған санаулы ғана антонимдер бар.Мысалы, бері- әрі, ілгері - кейін, жоғары - төмен, ерте - кеш, т.б.
Антонимдер өте - мөте мақал - мәтелдерде жиі қолданылады. Антонимдерді қолданудың негізінен үш жолы бар:
1.Антонимдер бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып айтылады. Мысалы: қорлық өмірден ерлік өлім артық.Ер бақыттың қонғанын білмейді, ұшқанын біледі.Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ. Еріншек егіншіден елгезек масақшы озады. Өлі арыстаннан, тірі тышқан артық. Досыңның асын қасыңдай іш.
2.Антонимдер іргелес сөйлемде қарама-қарсы қойылып шендестіріледі. Мысалы: Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі. Тоқшылықта жеген тоқпан жілік, ашаршылықта көзіңнен бір-бір ұшар. Алтау ала болса ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса төбедегі келеді. Жаңаны күтіп, жалаңаш үйден шықпай қалғаннан, Ескіні жамап киіп, жаңаны іздеп тапқан артық. Көп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол. Жауластырмақ жаушыдан ,елдестірмек елшіден.
3.Антонимдер ыңғайлас кезектесіп қатар жұмсалады.Мысалы: Арғымақ, секірмек көңілден. Палуанға оң, терісі бірдей. Ылдисыз өр болмайды. Ит үрер жақсыға да, жаманға да. Ащы менен тұщыны татқан білер, алыс пенен жақынды жортқан білер [Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы 46 бет]
Қазақ тіліндегі антонимдерді топтастыру жайында екі түрлі көзқарас бар: бірі - ұғымдардың белгілі бір логикалық қатарындағы қарама - қарсылығына негізделген тіл бірліктерінің қарама - қарсылығын білдіретін антонимдік жұптар тұрғысынан топтайтын Ж.Мусиннің пікірі. Екінші, антонимдерді логикалық, грамматикалық, психолингвистикалық қатынастарға негізделген универсалды құбылыс деп қарайтын А.Жұмабекованың пікірі. Оның пікірінше, осы күнге дейін тіл бірліктерінің қарама - қарсылығы ғана антонимдік жұп құрауға негіз болған, енді логикалық, психологиялық, тілдік ұғымдарды кең көлемде кешенді бағытта Н.С.Трубецкой ұсынған оппозиция әдісі бойынша топтастыру қажет. Антонимдерді топтастыруда дәстүрлі тәсілмен бірге, кешенді бағытта оппозиция әдісін қолдану антонимдердің табиғатын терең түсінуге мүмкіндік берері сөзсіз [Ф.Оразбаева. Қазіргі қазақ тілі 120 - 121 бет].
Шығармада қолданыс тапқан антоним сөздер.
1.Жылы суға суық қол малғанменен. [С.Мұқанов Сұлушаш 6 бет]
2.Бүгін сырын ақтарып ағылғанмен,
Кешегі күн бит тескен жауырыным. [С.Мұқанов Сұлушаш 7 бет]
3.Тілеуберді қыз демей, деді ұлым... [С.Мұқанов Сұлушаш 11бет]
4.Жанды-жансыз, жаз тойын қарсы алып,
Рақатқа белшеден келе батты. [С.Мұқанов Сұлушаш 12 бет]
5.Жастау жағы қымыз бен қызды бағып,
Кәрілері кездік ап жа жонды. [С.Мұқанов Сұлушаш 13 бет]
6.Не керек, ұзын сөзді қысқартқанда,
Сол түнге куә қылмақ болды ақ үйді. [С.Мұқанов Сұлушаш 13 бет]
7.Ойынан жатса-тұрса шықпай сұлу,
Көңілсіз, қосылып жүр қарасынға. [С.Мұқанов Сұлушаш 16 бет]
8.Күндіз-түні ат үстін босатпастан,
Жүре берді қуанып, көңілденіп. [С.Мұқанов Сұлушаш 16 бет]
9.Бет алып күншығыстан күнбатысқа,
Бұлттар көшіп жатыр будақ-будақ. [С.Мұқанов Сұлушаш 19 бет]
10.Қайғысы,-алды-артына сенері жоқ. [С.Мұқанов Сұлушаш 21 бет]
11.Есіне түсіп барлық дос пен қасы,
Сұлудың мөлтілдеді көзден жасы. [С.Мұқанов Сұлушаш22 бет]
12.Не қайғы, не қуаныш көретіндей,
Аттының неге бойы шымырлады? [С.Мұқанов Сұлушаш 29 бет]
13.Ұнатса ол құдайдың оңдағаны,
Ұнатпай шықса егер кінә тағып. [С.Мұқанов Сұлушаш 34 бет]
14.Анық достық табылса айту қиын,
Достық көңіл айтуға ғана жеңіл. [С.Мұқанов Сұлушаш 36 бет]
15.-Алтайжан, ол ыстықтай суынғаның,
Соншама тығыз ойлап неғыласың?! [С.Мұқанов Сұлушаш 36 бет]
16.Сібірлеп келеді екен таң да атып,
Барады күлімсіреп шолпан батып. [С.Мұқанов Сұлушаш 37 бет]
17.Жер де, көк те сілкініп, буырқанып,
Жынды бура секілді шамданады. [С.Мұқанов Сұлушаш 39 бет]
18.Сия алмай қуанышы қойынына,
Бар-жоғы бүгінгі күн табылған жұрт. [С.Мұқанов Сұлушаш 40 бет]
19.Басқа жаннан дос көрер болмасыншы,
Анаң қастық айта ма сонда саған. [С.Мұқанов Сұлушаш 43 бет]
20.Күндіз-түні тұншықтырып үстін басып,
Қайғыны қара тұман көшті қалқып. [С.Мұқанов Сұлушаш 48 бет]
21. Мыңдаған жылқыларды солар баққан.
Дамыл жоқ, ерте тұрып, кешке жатқан. [С.Мұқанов Сұлушаш 52 бет]
22.Еңбексіздер рақатта, жалшы азапта,
Сол рақат көрсеткен малды баққан. [С.Мұқанов Сұлушаш 52 бет]
23.Құлыным-ау, өлгем жоқ, тірі жүрмін,
Білмеймін, аяды екен ажал несін! [С.Мұқанов Сұлушаш 57 бет]
24.Күндіз күлкі, түнде ұйқың қашқан әке. [С.Мұқанов Сұлушаш 59 бет]
25. Төрт сорлыны қамады екі жақтан,
Бірі жанды, біреуі жансыз тамық. [С.Мұқанов Сұлушаш 66 бет]
26. Егерде шығуға сен жүрексінсең,
Етекте қал, биікке мен шығайын. [С.Мұқанов Сұлушаш 68 бет]
27. Уайымда, уайымдама ажал біреу,
Керек жоқ бізге оны ойлап жүдеу. [С.Мұқанов Сұлушаш 69 бет]
28.Оқысты көздерінен жазуларды,
Өлер я тірілер жер осы деген. [С.Мұқанов Сұлушаш 71 бет]
29.-Жоқ, Алтай, сен бармайсың, мен барамын! [С.Мұқанов Сұлушаш 71 бет]
30. Мен мықтыны мұқатам, мені мықты
Мұқатпайды, алдына түсем деп пе ем. [С.Мұқанов Сұлушаш 78 бет]
Сын есімге тән антонимдер.

2. Жанды-жансыз, жаз тойын қарсы алып,

3.Не керек, ұзын сөзді қысқартқанда,

4. Анық достық табылса айту қиын,

5.-Алтайжан, ол ыстықтай суынғаның,

6. Төрт сорлыны қамады екі жақтан,

Зат есімге тән антонимдер.
1. Тілеуберді қыз демей, деді ұлым... [С.Мұқанов Сұлушаш 11бет]

3. Есіне түсіп барлық дос пен қасы,

4.Не қайғы, не қуаныш көретіндей,

5. Жер де, көк те сілкініп, буырқанып,

6. Еңбексіздер рақатта, жалшы азапта,

Етістікке тән антонимдер.
1. Ұнатса ол құдайдың оңдағаны,

2. Сібірлеп келеді екен таң да атып,

3. Уайымда, уайымдама ажал біреу,

4.Оқысты көздерінен жазуларды,

5.-Жоқ, Алтай, сен бармайсың, мен барамын! [С.Мұқанов Сұлушаш 71 бет]
6. Мен мықтыны мұқатам, мені мықты

Есімдікке тән антонимдер.
1. Бүгін сырын ақтарып ағылғанмен,

1. Қайғысы,-алды-артына сенері жоқ. [С.Мұқанов Сұлушаш 21 бет]
2. Мыңдаған жылқыларды солар баққан.

Қорытынды
Шығарманы талдау барысында 30 антоним сөз теріліп талдауға түсті. Оның алтауы сын есім арқылы, алтауы зат есім, жетеуі етістік арқылы жасалса үш антоним сөз есімдік сөздердің қатысымымен пайда болған.
Синоним
Қазақ тіл білімінде синонимдерді алғаш жүйелі түрде зерттеген лексиколог ғалым Ә.Болғанбаев синонимдерге мынадай анықтама берген: Синонимдер дегеніміз сөздердің жалпы мағыналық бірлестігіне қарай топтастырылып, бір ғана ақиқат шындықты көрсетіп, бір ғана ұғымды білдіріп, дыбысталуы әр басқа болғанымен, мағынасы жақын сөздер [Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикологиясы. 35 бет].
Жалпы синонимдердің білдіретін мағыналарына байланысты бірнеше топқа бөлуге болады.
1. Адамға қатысты айтылатын синонимдер:
А) адамның мінез-құлқына байланысты синонимдер: мейірімді - қайырымды - рақымды, ұшқалақ - күйгелек - жеңілтек, ашушаң - ашуланшақ, залым - қу - зымиян, сотқар - бұзақы - тентек т.б.
Ә) адамның жеке басындағы қасиеттеріне байланысты синонимдер: шешен - сөзшең - ділмәр, сөзуар - мылжың, сараң - қатты - қарау, зерек - алғыр - ұғымтал, дарынды - талантты - талапты, ақылды - есті, надан - топас, табанды - тұрақты - орнықты, үлгілі - өнегелі - тәлімді - тәрбиелі, опасыз - екіжүзді - сатқын.
Б) адамның қоғамдық ортадағы орнына байланысты синонимдер: беделді - абыройлы, атақты - даңқты - әйгілі - белгілі, епті - икемді, әлді - ауқатты - бай - дәулетті, көнтерлі - көнбіс, ардақты - қадірлі - құрметті - қымбатты.
В) адамның табиғатпен және қоғамдық-әлеуметтік өмірмен қарым-қатынасына байланысты синонимдер: азат - ерікті - еркін - тәуелсіз, діншіл - құдайшыл, тілектес - тілеулес, араз - қас, адал - ақа - пәк, борышты - қарыздар - берешек, жетім - панасыз, кірме - сіңбе - бұратана - келімсек, ескішіл - кертартпа - рекцияшыл, қаралы - қазалы - азалы, т.б.
Г) адамның денсаулығы мен мүшелік кемшіліктеріне байланысты синонимдер: науқас - аурушаң, кемтар - жарымжан - мүгедек - ғаріп, бұдыр - шұбар, ақсақ - шойнақ - сылтыма, саңырау - керең - мүкіс - тосаң, соқыр - әз - көрсоқыр, кекеш - тұтықпа, т.б.
2. Адам мен жан-жануарларға қатысты айтылатын синонимдер: арық - көтерем - көкбақа, мешкей - жалмауыз, тойымсыз - ашқарақ - қомағай, бұралқы- қаңғыбас, жүйрік - жүрдек - ұшқыр, жүзгіш - малтығыш, қыран - қырағы, бөтен - жат - бөгде - бейтаныс, жабайы - тағы, т.б.
3. Барлық жанды-жансыз заттарға қатысты айтылатын сындық синонимдер: бағалы - құнды - қымбат, қажет - керек - зәру - ділгір, терең - тұңғиық - шыңырау, ескі - көне - бағзы - баяғы - ежелгі - бұрынғы, дайын - әзір, жаман - нашар, аласа - тапал - кішкене - қысқа, ақ - боз - шаңқан, осал - бос, сүйір - үшкір, теріс - қате - бұрыс - жаңсақ, қалың - тығыз - жиі, бай - мал - көп, игілікті - жемісті, күмәнді - шүбәлі - дүдәмал, көлемді - аумақты - қомақты, маңызды - мәнді, тұнық - таза - мөлдір, таңдаулы - таңдамалы, ызғарлы - сұсты - суық - зәрлі - кәрлі, ұқсас - сәйкес - мәндес, әсерлі - тартымды, т.б
Синонимдердің мағыналық түрлерінің бәрін бірден қамту қиын. Біз солардың ішінен тілде жиі қолданылатын басты-бастыларын ғана алдық. Жалпы синонимдер - мағыналық сипаты жағынан, стильдік қасиеті тарапынан лексикада арнаулы орны бар сөздердің күрделі тобы.
Синонимдерге анықтама беруде әр автор әр түрлі белгілерге сүйенеді. Мәселен, Л.А.Булаховский, А.Д.Григорьева, Л.Н.Саркисова, В.К.Фаворин синонимдер мағынасы жағынан тең сөздер десе, К.Аханов, Р.А.Будагов, Ә.Болғанбаев, А.Н.Гвоздев синонимдер - мағыналары сәйкес келіп, бір ұғымды білдіреді дейді. Сол сияқты А.Реформатский синонимдер әр түрлі ұғымды білдіреді деп есептесе, Е.М.Галкина-Федорук, Н.М.Шанский, К.В.Горшкова синонимдер бір ғана объективтік шындықты бейнелей келіп, стилистикалық және мағыналық реңктер арқылы айқындалатын сөздер деп тұжырымдайды.
Тілдегі лексикалық синонимдердің пайда болу жолдарын анықтау - қиын да күрделі мәселелердің бірі. Синонимдес сөздердің қалыптасуы мен даму жолдары белгілі бір заңдылықтарға сүйенеді. Сондықтан лексикалық синонимдердің пайда болу, жасалу жолдарын танып білу, ерекшеліктерін ашу қаншалықты маңызды болса, оның даму және өзгеру ерекшеліктерін зерттеу де соншама қажет екенін ғалымдардың көпшілігі атап өтеді.
Тілдегі синонимдес сөздердің жасалу жолдарын қарастырмас бұрын, жалпы синонимдердің неліктен, қандай себептерге байланысты пайда болғандығын анықтап алған жөн.
Қоғам дамуының барысында өмірдегі әр түрлі заттар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін жан-жақты танып-білу қажеттігі туады. Осындай қажеттіліктен келіп тілде жаңа сөздер пайда болады, синонимдер қалыптасады. Бұл жөнінде К.Аханов: Заттар мен құбылыстардың бірден көзге түсіп байқала қоймайтын айрықша қасиеттерін бірте-бірте ашып, оларды атау үшін және мағыналардың нәзік реңкін ажыратып айту үшін, тілде жаңа сөздер жасалып отырады да, тілдің сөздік құрамы байып отырады.
Тілде жаңа сөздің жасалуы синонимдердің пайда болуының басты жолы болып табылады, - дейді.
Тілдегі синонимдердің қалыптасуы - заттар мен құбылыстардың жаңадан танылған қасиеттеріне байланысты пайда бола келіп, ең алдымен, тілдегі сөздердің мағыналық дамуымен тікелей ұштасып жатады. Сөздердің мағыналық жақтан дамуы синонимдердің қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Сондықтан да лексикалық синонимдердің жасалу жолын жалпы тілдегі сөздердің пайда болуымен, олардың мағыналық өзгеруімен, жетілуімен бірлікте қарастырған жөн.
Мысалы, қазақ тілінде әйелдердің әдемі, ұзын шашын бейнелейтін қолаң деген сын есім бар. Қолаң сөзінің бұл сындық мағынасы - кейіннен пайда болған мағына. Ертеректе қолаң сөзі (оның фонетикалық варианттары мынадай: қолаң, қолоң, холун, қулан, белдік, белбеулік қайыс, таспа дегенді білдіреді. Мысалы, М.Қашқари сөздігінде қолаң ұзын таспа, я таспалық қайыс деген мағынада қолданылған. Ал, қолаң аты деп әдемі әшекейленген, аттың төс айылынан бастап созылған таспаны атаған. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде бұл сөз түркі тілдерінде екі мағынада қолданылған деп көрсетілген: біреуі - белдік, белбеу, белбеулік қайыс дегенді білдірсе, екіншісі - айыл, қайысты тартпа деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз славян тілдерінде де (болгар, серб, румын) белдік, қайыс деген мағынада қолданылған.
Қазіргі қазақ тілінде адамның өзінше көп сөйлеп, сыр айтпайтын, мінезінің ауырлығын білдіру үшін тұйық, бұйығы сөздері қолданылады. Мұндағы тұйық сөзінің сыр шашпайтын, үндемейтін деген мағынасы бұл сөздің әрі қарай жүруге болмайтын бітеу деген тура мағынасының негізінде пайда болған. Белгілі бір тұйық жер, не тұйық заттың шегі, шеті болмағандықтан, басқа заттар мен құбылыстардан өз алдына оқшауланып тұрады. Сол сияқты мінезі ауыр адам да ешкіммен ашылып, шешіліп сөйлеспей, өзімен-өзі жүреді. Тұйық сөзінің осындай ұқсастыққа байланысты қалыптасқан мінезі ауыр, өзімен-өзі жүретін деген мағынасы бұйығы сөзінің мағынасымен ұқсас келу арқылы онымен синонимдес болады.
Лексикалық синонимдердің жасалуы сөздердің мағыналық өзгеру, даму заңдылықтарымен бірлікте бола отырып, сөз мағыналарының түрлерімен де байланысты болады. Өзара мәндес сөздер синонимдік қатарға біріккенде белгілі бір семантиканы негіз, тірек етіп бірігеді. Сондықтан да сөздердің мағыналық түрлерінің арақатынасы мен ерекшеліктерін айқындап алудың тілдегі синонимдік құбылысты қарастыруда айрықша мәні бар.
Лексикалық синонимдердің дамуына ерекше әсер ететін мағынаның бірі - сөздің тура мағынасы. Сөздің тура мағынасын соңғы кезде тіл білімінде номинативті мағына деп атау кең етек алды. Кейде бір сөз бірнеше номинативті мағынаға да ие болады. Мұндайда номинативті мағынаның біреуі негіз болады да, қалғандары туынды болып саналады.
Синонимдік құбылыста сөздердің номинативтік мағынасы да, номинативті туынды мағынасы да негізгі роль атқарып, активтілігімен көзге түседі. Номинативті мағына синонимдерге басты тірек болады. Мысалы, синонимдік қатардың құрамындағы ескі, көне сөздерін алып қарасақ, бұл сөздердің екеуі де номинативті мағыналарында өзара мәндес болып тұр. Ескі және көне сөздерінің сындық қасиеттері көптеген заттар мен құбылыстарға тән болғандықтан, бұл сын есімдер әр түрлі сөздермен тіркесе алады. Мысалы, ескі киім, тон, кітап, жүзік, көне киім, дәптер, кездік, жұрт т.б. сөздер.
Тілдегі синоним болатын кейбір компоненттердің (мәселен, стилистикалық синонимдердің) негізгі номинативті мағынасы болмауы да мүмкін. Мұндай жағдайда оларды синонимдік қатардың құрамындағы доминант сөз біріктіреді.
Тілдегі синонимдік қатардың кеңеюі сөздің ауыспалы мағынаға ие болуымен қатар жүреді. Сөздің әр түрлі мағынада жұмсалуы оның ауыспалы мағынада қолданылуы нәтижесінде жүзеге асады. Сондықтан сөз бірде тура мағынасында тұрып синонимдік қарым-қатынаста жұмсалса, кейде ауыспалы мағынада синонимдік байланысқа түседі.
Сол сияқты, дүниедегі құбылыстардың кейбір белгілерін адамның кейбір қасиеттерімен салыстырып, адамға ауыстырып айту арқылы да сөз ауыспалы мағынады жұмсалуы мүмкін. Мысалы, ешнәрсені көруге болмайтын жарықсыз мезгілді қараңғы деп айтамыз. Шам жанбаған кездегі қараңғылық пен оқымаған сауатсыз адамның көңіліндегі қараңғылық салыстырылып, екеуі де бір сөзбен аталынған. Қараңғы сөзі бірде тура, негізгі мағынада қолданылса, екіншіде ауыспалы мағынада жұмсалады. Ал, қараңғы сөзінің ауыспалы мағынасы сауатсыз, надан деген сөздермен синоним болады. Осы сияқты ерекшеліктерді, сөздің ауыспалы мағынада қолданылуын төмендегі сын есімдерден де байқауға болады: салмақты (тура мағына) - ауыр; салмақты (ауыспалы) - байыпты, байсалды, сабырлы.
Тілдегі жеке сөз табының синонимдік ерекшеліктерін қарастыру жалпы сөз табына қатысты лексикалық синонимдердің дамуымен тікелей байланысты.
Қазақ тілінде омонимдік қатарға енген сөздің саны не бары 4-5-тен аспайды. Ал синонимдік қатардағы сөздердің саны кейде 40-тан да асып жығылады. Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады:
1. Сөздің дыбысталуында аз да болса, тұлғалық өзгешелігі болуы қажет.
2. Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек.
3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуға тиіс.
Бұл 3 белгі - сөздерді синоним деп танудағы басты шарт, яғни дыбысталуы әр басқа болғанымен, мағынасы жақын сөздер синонимдер делінеді. Сөз мағынасының жақындығы деген де тым кең ұғым, мәселен, той - мейрам - мереке - думан - тамаша дегендер адам баласының қуанышты, қызықты күндерін білдіреді. Бұларды іштей "жалпы халықтық қуанышты күндер" (мейрам-мереке) және "жеке отбасының немесе бір ауылдың қуанышты күндері"(думан-тамаша) деп екі топқа бөлуге болады. Мұның ішіндегі той деген сөз қуанышты күндердің екі тобына да жалпылама айтылады. Өйткені бұл сөз кең мағынада да, тар ұғымда да жұмсала береді.
Сол сияқты семірту - шелдену - майлану - тойыну - жуандау - толу - қоңдану дегендер жан-жануарлардың арық күйден семіз күйге айналғандығын білдіретіндіктен синоним деп танимыз. Бұларды да мағыналық жақындығына қарай екі жікке бөліп қарауға келеді: а) Адамға қатысты синонимдер (жуандау-толу); ә) жан-жануарларға байланысты айтылатын синонимдер (шелдену-майлану-тойыну-қоңдану). Ал семіру сөзі екі топқа да ортақ болып айтыла береді.
Қазақ тіліндегі синонимдердің келіп шығуының мынадай жолдары бар:
1. Көп мағыналы сөздердің есебінен жасалған көз-жанар; көз-әйнек; көз-бұлақ-бастау-қайнар.
2. Синонимдер сөз тудыру тәсілдері арқылы пайда болған:
а) аффикстер арқылы, мысалы: басшы-жетекші, жемқор-парақор;
ә) қосарлау арқылы: жоқ-жітік-кедей-кепшік;
б) біріктіру арқылы: ақсақал-отағасы; еңбекақы-жалақы;
в) тіркесу арқылы: иіс су-иіс май; көк ет-бауыр ет; т.б.
3. Синонимдер кірме сөздер арқылы пайда болған:
а) араб сөздері арқылы: азамат (ғәзәмәт) - жігіт; тағдыр (тәғдир) - жазмыш; отан ( уәтан) - ел; туған жер; атамекен.
ә) парсы сөздері арқылы: батыр (бәһадор) - ер; дихан (деһан) - егінші; шәкірт (шагерд) - оқушы; мейман (меһман) - қонақ; сабақ (сәбәк) - оқу;
б) моңғол сөздері арқылы: аймақ (аймат) - өңір - атырап - төңірек - маңай - өлке; баянды (баян) - түпкілікті - тұрақты; шешен (соцен, сэцень) - ділмар - сөзшең т.б.
в) орыс сөздері арқылы: бөтелке (бутылка) - шыны, шөлмек; шен (чин) - атақ, дәреже, лауазым.
4. Синонимдер диалектизмдердің есебінен жасалған. Диалектілік синонимдер әдеби тілдегі сөздермен мағыналас, мәндес келуіне қарай екі топқа бөлінеді:
а) сыртқы тұлғасы бөтен (яғни әдеби тілде кездеспейтін), бірақ әйтеуір бір сөзбен мағынасы үйлес келетін сөздер, мысалы: аданас - аталас, ағайындас; атайман - өте, тым, аса; атымды - құнарлы, шығымды; башалау - салалау - жіктеу - жекелеу; дәйік - ұятсыз, арсыз т.б;
ә) сыртқы тұлғасы таныс (әдеби тілде кездесетін) бірақ білдіретін ұғымды басқа сөздер, мысалы: астана - табалдырық; жар - қабырға; жедел - ерегіс, жанжал; көң - қыстау; сым - шалбар; сұлулату - піштіру, кестіру; талап - жұмыс, іс; таға - нағашы;
5. Фразеологизмдердің есебінен көбейген синонимдер, мысалы: ат ұстар - ұл, еркек бала, ауыз бастырық - пара; қара халық - бұқара, еңбекші; еті тірі - пысық, ширақ; қолы ашық - береген, мырза; аяқ астынан - ғайыптан, кенеттен, тосыннан; бір төбе - ерекше, артықша; шыр біту - семірту, қоңдану т.б.
6. Табу мен эвфемизмдердің есесінен молайған синонимдер: ит-құс -қасқыр; қолды болу - ұрлану, жоғалу; күн байыды - күн батты, кешкірді т.б.
Тілдегі синонимдер үш түрге бөлінеді:
а) мағыналық синонимдер
ә) стильдік синонимдер
б) мағыналық-стильдік синонимдер
Мағыналық синонимдер - деп әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар, стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада талғаусыз жалпылама қолданыла беретін синонимдер, мысалы: абырой - бедел - қадір -құрмет, атақ, даңқ, мәртебе; азайту - алу - кеміту - шегеру т.б.
Стильдік синонимдер - деп мағына жағынан ұқсас (тең) бола отырып, бір-бірінен стильдік бояуы арқылы өзгешеленетін мәндес сөздердің түрлерін айтамыз, мысалы: ат - тегі - есім - ныспы; жылау - мөңіреу, еңіреу, өкіру, өкпелеу, бұртию; көлік - мінгіш; жуас - бұйығы, момын, тұйық т.б.
Мағыналық стильдік синонимдер - деп әрі мағыналық, әрі стильдік белгілері арқылы ерекшеленетін синонимдер, мысалы: іздену - тімтіну, мақтаншақ - бөспе, кеппе, лепірме, тақия - төбетей - кепеш; сасу - иістену, бықсу, борсу, мұңқу, аңқу т.б. [Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы 104 бет].
Қазақ тіліндегі синонимдерді жүйелі түрде зерттеу, оның сөздігін құрастыру өткен ғасырдың елуінші жылдарының ортасынан басталады. Содан кейінгі жарты ғасырлық кезеңде синонимдерге қатысты тақырыпта бірнеше кандидаттық, докторлық диссертация қорғалды. Ғылыми жұмысының негізгі бағыты қазақ тілі лексикологиясы мен лексикографиясын зерттеуге арналған филология ғылымының докторы Әсет Болғанбаевтың ‟Қазақ тіліндегі синонимдер" атты монографиясы (1970 ж.) қазақ тіл біліміндегі іргелі ғылыми еңбек ретінде бағаланды [Бизақов Сейдін Синонимдер сөздігі бет.
617-618 бет].
Қазақ тіл білімінде арнайы сын есім синонимдерді зерттеген ғалым Фаузия Оразбаеваның ‟Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер" еңбегін айрықша атауға болады. Бұл еңбекте ғалым сын есім синонимдерді мынадай түрлерге бөліп, қарастырады:
1. Мағыналық (семантикалық) сын есім синонимдер.
2. Экспрессивтік - стилистикалық сын есім синонимдер.
3. Мағыналық - стилистикалық сын есім синонимдер [Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер.78 бет].
Шығармада қолданыс тапқан синоним сөздер.
1.Домбырада зарланған күйі қалып,
Көкей өлген, суынған өмірі өшкен. [С.Мұқанов Сұлушаш 7 бет]
2.Тоқсан нарға жүк артып, безеп, жасап,
Алтынайға әкесі құл, күң берді. [С.Мұқанов Сұлушаш 9 бет]
3.Жүре берді қуанып, көңілденіп,
Қос сол көшкен бойымен жер қарая. [С.Мұқанов Сұлушаш16бет]
4.Серттесіп, сөз байласып болғаннан соң,
Шақырып жолдастарын алдырды ат. [С.Мұқанов Сұлушаш 25 бет]
5.Ізі бардай бетінде қайғы-мұңның. [С.Мұқанов Сұлушаш 39 бет]
6. Қайғы жоқ, уайым жоқ, өкініш жоқ,
Шаттыққа белшесінен малынған жұрт. [С.Мұқанов Сұлушаш 40 бет]
7.Қап-қара тұнжыраған қара түнде,
Сөнгенде желден басқа дауыс, үн де. [С.Мұқанов Сұлушаш 42 бет]
8.Құл-құтанға, жалшыға байлар жылан,
Денесіне қадалып тынбай шаққан. [С.Мұқанов Сұлушаш 52 бет]
9.Қайғы, мұңның құрдасы болған қара үй. [С.Мұқанов Сұлушаш 57 бет]
10.Не болғанын білген жоқ, сүйретіліп
Келді де ессіз, түссіз атқа мінді. [С.Мұқанов Сұлушаш 60 бет]
11.Қорықпай, үрікпей жерімді қалай бастың! [С.Мұқанов Сұлушаш 65 бет]
Қорытынды
Жазушы шығармасында синоним сөздерді антонимге қарағанда аз мөлшерде қолданған. Сонымен қатар, кейбір синонимдік қатарларды жиі қолданып отырған. Мәселен, қайғы, мұң, зар; Құл, күң, жалшы; Қорықпай, үрікпей, қаймықпай, сескенбей т.б
Омоним
Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің формалары жағынан ұқсас болады. Олардың айырмашылықтары - біріншіден, көп мағыналы сөздердің бірнеше мағыналы болып келетіндігі болса, екіншіден, олар әр сөз табына мағыналары жақын әрі ұқсас болатындығы. Ал омонимдердің табиғаты өзгешелеу болады. Олар (омонимдер) біркелкі дыбысталып айтылады да, ал ұғымы басқа-басқа сөздер тобын білдіреді.
Омоним деген термин гректің homos біркелкі, бірдей және onym яғни ат, атау деген сөздерінен алынып, біркелкі, бірдей атау дегенді білдіреді.
Омонимдерді қазақ тілінде қарастырған ғалымдардың ішінде К.Аханов Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер - омонимдер десе, Т.Р.Қордабаев материалдық ұқсастықтары, бірліктері ғана болмаса, мағыналық жағынан бір-біріне ешқандай ұқсастықтары жоқ сөздерді омоним сөздерге жатқызып, омонимдердің мағыналары бір сөздің әр түрлі мағыналары емес, оның әр мағынасы әр түрлі сөз болады - дейді.
Жалпы тіл біліміндегі бұл құбылысқа көптеген анықтамалар беріліп келеді. Тіл біліміндегі омонимия құбылысы - өте күрделі категория. С.Г.Гендлер омонимияны тарихи категорияға жатқызады. Э.Эманның Омонимия құбылысы - тіл дамуының көрсеткіші, фактісі деуі, В.Урбутистің Тілдегі омонимдердің пайда болуы тіл дамуының нәтижесі деп қарастыру керек, тілде омоним сөздердің пайда болуына, туындауына себеп болатын негізгі факторлар ол - тіліміздегі лексикалық қорды байыту қажеттігі мен оны дамыту деуі омонимия құбылысын тарихи категорияға жатқызуы болып табылады [Ф.Оразбаева. Қазіргі қазақ тілі. 42-43 бет].
Зерттеуші-ғалым Құрманалиева Ақмарал Мейірханқызы өзінің Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің табиғаты атты кандидаттық диссертациясында гомогенді омонимдердің түрлеріне, ерекшеліктеріне, жасалу жолдарына біршама тоқталып кетеді.
Бүкіл адамзаттың сана-сезімі мен ой-өрісінің дамуы мен өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстыру, ұқсастыру және олардың түрлі-түрлі ерекшеліктерін танып-білу арқылы жүзеге асқаны мәлім. Сондықтан, қоршаған ортаны терең тануымыз адамның ойын жеткізуші құрал болып табылатын - тілге де өзінің әсерін тигізіп, ондағы сөздердің мағыналық дамуына ықпал берген бірден-бір себеп деп айтуымызға негіз бар. Және бір-бірімен сабақтасып жатқан екі құбылыс тіліміздегі гомогенді омонимдерден көрініс алған деген пікірдеміз.
Өйткені тілімізде бұрыннан бар сөзді екінші рет басқа затқа не құбылысқа атау ретінде берілуі оңай шаруа емес. Ол тек белгілі бір заңдылықтарға, тілді қолданушы орта қалыптастырған ережелерге, тәртіпке сүйенетін процесс болып табылады. Бұл жайында ғалым Ғ.Мұсабаев та: Сөздің жаңа мағыналарының жасалуын негізгі мағынаның тірек болуынан деп санау керек. Тірек түбірдің не бір белгісін, не ұқсастығын бір затқа теңеп, түбірдің мағынасымен астасып, бара-бара жаңа мағынаға ие болып, омоним жаңа сөзге айналады - деп атап өтеді. Демек, жаңа омоним сөздің пайда болуына тірек болған белгі (заттар мен құбылыстардың түрлі ерекшеліктері) шығу тегі бір омонимдердің туындауына әсер берген мотив болып табылады.
Ассоциативті және визуальді әдіс бойынша жасалатын гомоомонимдердің туындауына әсер берген мотивтерді анықтап, оларды төмендегіше береді:
1.Заттар мен құбылыстардың орналасуындағы ерекшеліктеріне байланысты пайда болған гомогенді омонимдер.
2.Заттар мен құбылыстардың түр-түсіне негізделген гомогенді омонимдер.
3. Заттар мен құбылыстардың дыбыстары негізінде пайда болған гомогенді омонимдер.
4. Заттардың санына байланысты қалыптасқан гомогенді омонимдер.
5. Заттар мен құбылыстардың қимыл ұқсастығы негізінде пайда болған гомогенді омонимдер.
6.Қолданылған материалға байланысты пайда болған гомогенді омонимдер.
7. Себеп-салдар негізінде пайда болған гомогенді омонимдер.
8. Мерзім немесе уақыттың әсері тиген гомогенді омонимдер.
9. Заттар мен құбылыстардың адамға тигізетін әсерлері немесе олардың ішкі қасиеттеріне (дәмі, иісі, т.б.) негізделген гомогенді омонимдер.
10. Заттар мен құбылыстардың қызметі негізінде пайда болған гомогенді омонимдер.
11. Қазақ тіліндегі этимологиялық негізде мотивтері анықталған гомогенді омонимдер.
Тіліміздегі гомогенді омонимдердің пайда болуының өзі ішкі заңдылықтарға толы өзіндік семантикалық тәсілдер мен жолдарға ие құбылыс. Өйткені, әрбір гомоомонимнің астарында олардың пайда болуына әсер берген әр түрлі мотивтер жатыр. Міне, осы мотивтер бірінде заттар мен түр тұлғасына, пішініне негізделгенін нақты деректерден көрсек, келесі бірінде олардың түс-түсіне, дыбыстарына не қызметтеріне,т.б.сүйенгенін аңғардық. Және ол мотивтердің дәп басылып зерттелуінің өзі әрбір омонимдік қатарда жеке дара жағдайды қажет ететінін аңғару қиын емес [А.М.Құрманалиева Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің табиғаты 13-14 бет].
Омонимия процесі - тілді қолданып отырған халықтың өмірімен тікелей байланысты, оның салт-дәстүр, наным-түсінік секілді ұлттық менталитетке қатысты құбылыс.
Жаңа омоним сөздің пайда болуына тірек болған белгіні Р.А.Будагов пен Г.В.Колшанский Внутренняя форма десе, С.Д.Концельсон оны этимон деп көрсетеді. Сонымен, бір-бірімен сабақтасып байланысып жатқан екі құбылыс тіліміздегі гомогенді омонимдерден көрініс тапқан.
Омонимия құбылысы туралы жалпы тіл біліміндегі пікірдің өзін бірнеше топтарға қарастыруға болады:
1.Омонимия - тіл-тілдердің бәріне тән, ұқсас әрі ортақ құбылыс.
2.Омонимдер - тек әртекті (гетерогенді) сөздерден және күтпеген жерден (спотанно) пайда болатын құбылыс.
3. Омонимдер, сонымен қатар, біртекті (гомогенді) сөздерден де пайда болатын тосын құбылыс.
4. Омонимдер екі жолмен: гетерогенді (әртекті) сөздерден және гомогенді (біртекті) сөздердің іштей жіктеліп алшақтай түсуі арқылы пайда болатын құбылыс.
Қазақ тіліндегі омонимдерді өз ішінен үшке бөліп қарастырамыз: лексикалық омонимдер, лексика - грамматикалық омонимдер және аралас омонимдер [Ф.Оразбаева. Қазіргі қазақ тілі. 44-45 бет].
Тілші - ғалым Әдішева Айман Өмірзаққызы 2002 жылы қорғаған ‟Қазақ тіліндегі гомогенді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz