Коммерциялық кәсіпкерлік



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Коммерциялық кәсіпкерлік
2. Тауар мен қызметті сату, сатып алу бойынша операциялар
3. Кәсіпкерлік іс-әрекет түсінігі
4. Кәсіпкерлік тәуекелдің мақсаты
5. Кәсіпкерлік түрлері
6. Шағын бизнес
7. Шаруашылықтардың кәсіпкерлігі
8. Кәсіпкерлік формалары
9. Мемлекеттік кәсіпкерлік
10. Қолданылған әдебиеттер

Коммерциялық кәсіпкерлік

Бүгінгі Қазақстандағы кәсіпкерлік елеулі қиындықтарды бастан өткерді.
Кәсіпкерлік ҚР – ның заңымен қорғалады және даму үстінде. Таңдалған
тақырыптың өзектілігі анық, өйткені кәсіпкерлік жоқ жерде нарықтық
экономиканың болуы екі талай. Кәсіпкерлік өзінің бастапқы стадиядасында
болса да, бизнес, әлеуметтік өндірістің жетекші саласы болатынында ешқандай
күмән жоқ. Біздің көз алдымызда қоғамның жаңа экономикалық іргетасы
қалыптасып жатыр,бұрынғы жағдайларға бейімделуді қаламайтын, өздерінің
бизнесін ұйымдастыруға тырысатын адамдар пайда болып келеді. Бұған қоғамды
демократияландыру және экономикалық белсенділік ықпал етеді Коммерциялық
кәсіпкерлікте, кәсіпкер комерсант, саудагер,басқа да кәсіпкерліктен алынған
дайын тауарларды сатушы ретінде бола алады. Мұндай кәсіпорынның пайдасы
тауарларды сатып алу бағасынан, жоғары бағаға сату арқылы жасалады.
Егер тауарлар заңды түрде сатып алынатын болса,
онда коммерциялық кәсіпкерлікті спекуляция деп атауға болмайды. Тек заңсыз
болған кезде, сауда - саттық ережелерін бұзған жағдайда, қылмыстық
айыптаулар тағылады. Осы кезде бұл спекуляция болып саналады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпкерлік
қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары анықталды. Қазақстанда
кәсіпкерліктің 3 негізгі түрі бар. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері
1-кестеде көрсетілген:
Кәсіпкерліктің негізгі нысандарының артықшылықтары мен кемшіліктері

Формалары Артықшылықтары Кемшіліктері
Жеке Оңай құрылады, Толық мүліктік жауапкершілік,
тұлғалық айтарлықтай әрекет шектеулі қаржылық ресурстар,
кәсіпкерлікету екріндігі, өз шектеулі несие құралдары, тар
қаражатыңды толықтай мамандандыру.
қадағалау

Іскерлік Қызметтің ұйымдастырылуының Әрбір қатысушының
серіктестік қарапайымдылығы, қаржы іс-әрекеттердің нәтижесі
мүмкіндіктерінің кең болуы, үшін мүліктік
мамандандырудың жоғары деңгейі,жауапкершілігі,
өндірісті кеңейту үшін қосымша басқарудағы
инвестициялар тарту және оның серіктестердің
технологиялық базасын жетілдірумүдделеріне сәйкес
келмеу мүмкіндігі,
компанияның меншік
иелерінің біреуі шығып
кету салдарынан фирманың
тарап кету қаупі бар
Акционерлік Капиталды өзіне тарту Оларды ұйымдастырудың
қоғам мүмкіндіктері кең. Шектеулі күрделілігі, мемлекеттік
жауапкершілікті тіркеу және қайта
құрылымдау, қосарланған
салық салу, жиналыстарда
басқару мәселелерін шешу
үшін уақыт пен
ресурстарды жұмсау

Бизнестің осы түрінің мәні тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша
операциялар мен қызметтер.
Коммерциялық кәсіпкерлік өнеркәсіптік кәсіпкерліктен ерекшелігі өнім
өндіруге байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігін
қамтамасыз етпейді, өйткені коммерциялық кәсіпкер кейіннен тұтынушыға
сатумен дайын өнім түрінде материалдық ресурстарды алады. Өндірістік бизнес
айналым саласындағы бизнеспен тығыз байланысы. Өйткені өнімді сатуға немесе
басқа тауарларға ауыстыруға болады. ҚР – да коммерциялық кәсіпкерлік
қарқынды түрде дамып келеді. Коммерциялық кәсіпкерлік бизнетің барлық
түрлерін қамтып келеді, яғни тауарды ақшаға айырбастау,ақшаны тауарға
айырбастау және де тауарды тауарға айырбастау. Коммерциялық кәсіпорын
тауарларды сатылғаннан әлдеқайда жоғары баға бойынша сатуға мүмкіндіктер
береді және үстінен ақша көреді. Бұл мүмкіндіктер шынында да бар бірақ оны
іске асыру әлдеқайда қиын. Ресми коммерциялық кәсіпкерлік саласы -
дүкендер, базарлар, биржалар, көрме-сатылымдар, аукциондар, сауда үйлері,
сауда базалары және басқа сауда мекемелері. Мемлекеттік сауда
кәсіпорындарын жекешелендіруге байланысты жеке және коммерциялық
кәсіпкерліктің материалдық базасы едәуір өсті. Өз коммерцияық кәсібіңді
ашуға мүмкіндіктер пайда болды.

Жалпы түрде коммерциялық келісімнің бағдарламасында мыналар болуы
керек:
1. Саудалық делдалдық қызметті орындауға қажетті жұмыскерлерді жалдау
(тауарды сатып алу, тасымалдау, сату, жарнамалық жұмыстарды жүргізу,
керекті құжаттарды толтыру).
2. Тауарды сақтауға және өткізуде қажетті қоймаларды, базаларды, сауда
нүктелерін сатып алу немесе жалға алу.
3.  Әрі қарай сату мақсатымен тауарды сатып алу.
4. Келісімді қаржыландыруға қажетті ақша құралдарын кредитке алу және
кредитті қайтару, пайыз төлеу.
5. Делдалдық қызметті орындайтын ұйымдар мен жеке тұлғалардың қызметін алу
және бақылау.
6. Келісімді жоспарлау, қалыптастыру және реттеуге керекті ақпаратты алу
немесе сатып алу.
7.  Тауарды сатып алушыға өткізу және түсімді жинау.
8.  Келісімді саық төлеуді тіркеу.
Коммерциялық келісімнің барлық маңызды салалары уақыт бойынша бір-бірімен
байланысады, реттеледі, ал кейбір жерлерде операциялар қатар жүргізіледі.
Қорытындыда бизнес жоспар жасалады және үйлестірілген жалпы жоспар
бекітіледі.

Тауар мен қызметті сату, сатып алу бойынша операциялар
Коммерциялық кәсіпкерлік істің негізгі мазмұны сату, сатып алу
операцияларының келісімінен тұрады, басқа сөзбен айтқанда тауар мен
қызметті қайта сату болып табылады. Коммерциялық істің сызбасы кәсіпкерлік
істің сызбасымен бірдей десе болады. Бірақ одан айырмашылығы, бұл жерде
материалды ресурстың орнына дайын тауар сатып алынып, тұтынушыға сатылады.
Бұл жерде өндірістің орнына дайын өнімді сатып алу болады. Коммерциялық
келісімді жүзеге асырмас бұрын нарықтық маркетингтік талдау жасау керек.
Жалпы түрде маркетинг коммерциялық кәсіпорынның (фирманың) шаруашылық
ісінің барлық жағын ұйымдастыру мен басқару жүйесін көрсетеді. Маркетингтік
сауда кәсіпорын ісін басқаруды кешенді түрде жүзеге асыруға есептелген.
Маркетинг арқылы сауда кәсіпорынның өмірлік циклінің барлық түрлері жүзеге
асырылады: нарықты зерттеу, қарым-қатынас арналары бойынша тауарды түпкі
тұтынушыға дейін жеткізу, қаржымен қамтамасыз ету және пайда табу. Бұл
жерде сауда кәсіпорнына екі өзара байланысқан талап қойылады:
тұтынушылардың тез өзгеретін мінезіне бейімделу және бәсекелестік
жағдайында аман қалу. Сауда ісіндегі маркетингті жүзеге асырудың маңызды
шарты – оны жоспарлау болып табылады. Маркетинг жоспары натуралды және
бағалық түрдегі сату көлемін анықтауды қоюда негіз болады. Бұл жерде
тауарлар сұранысқа қарай бөлінеді: бірінші топқа нарыққа енді енген,
сондықтан жоғары ықыласты талап ететін тауарлар; екінші топта ұдайы
сұраныстағы дәстүрлі тауарлар. Маркетингтік құрылымда оперативті басқару
жұмысымен қатар нарықты зерттеуде жағдайды бағалау, алдын ала болжау,
жоспарлау, (жоғары айтылған) алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру және
жоғарыда көрсетілген

Кәсіпкерлік іс-әрекет түсінігі
Кәсіпкерлік дегеніміз меншік түрлерне қарамастан, азаматтар мен заңды
тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы
таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не
мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік
кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің
атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге
асырылады. Кәсіпкерлік іс - мүліктік құқықтарды қоса алғандағы мүліктің
жиынтығы, жеке кәсіпкер өз қызметін солардың негізінде және солар арқылы
жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік қызмет үздіксіз және қосарлана, ілеспелі түрде жүргізілетін
келісім-шартты әр текті және жан-жақты кешенді жұмыстардың, іс-қимылдың
жиынтығы. Осылардың әрқайсысы салыстырмалы түрде әрі қысқа, әрі мәмілелі
келісілген мерзім уақытымен және нақтылы кезеңдер шеңберінде шектеулі
жағдайда болады. Демен, әр жұмыстың шегі, тиімді және оңтайлы әдістері бар.
Мақсат – дұрыс іс-қимыл жасау, жаңалықты іздеп табу, оны кәсіпкерлік
жұмысында пайдалану.
Сұраныс дегеніміз сатып алушылардың өздеріне қажетті бұйымдармен қызмет
түрлеріне ақша төлеу дайындығы.
Ұсыныс дегеніміз өндірушілердің белгілі бір бағалар бойынша сатура
дайындаған тауарларының жиынтығы.
Тауардың бәсекелік нарығында сұраныс пен ұсыныстың әрекет ету механизмі
қалай жұмыс істейтінін және сұраныс пен ұсыныс тең болған деңгейде нарықтық
баға қалай орнайтынын байқайық.
Сұраныс көлеміне бағадан басқа табыстар деңгейі, нарық мөлшері, басқа
тауарлардың бағасы мен пайдалылығы өз әсерін тигізеді.
Ұсынысқа әсер ететін басты фактор - өндіріс шығындары. Сондықтан, егер
техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану нәтижесінде немесе ауыл
шаруашылығына қатысты болса, қолайлы ауа рай жағдайында өндіріс шығындарын
азайту ұсыныс қисығы оңға төмен ауысады.
Ұсыныс пен өндіріс шығындарының өзара байланысының негізгі қағидаларын
кеңінен қарайық. Алдымен фирма шығындарының негізгі түрлерін анықтайық.
Шығындар екі үлкен категорияға бөлінеді: тұрақты және өзгермелі. Тұрақты
шығындар дегеніміз өндірілген өнімдердің саны қандай болса да өзгермейтін
шығындар. Оған үй-жайды жалдаудың төлемі, саймандарға жұмсалған шығындар
басқару және әкімшілік қызметкерлерінің ақысы кіреді.
Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне тікелей байланысты өзгереді. Олар
жұмыс күші мен шикізаттар сатып алуға жұмсалған шығындарға байланысты.
Өзгермелі шығындардың өсуі біркелкі емес, нөлден бастап өндіріс өскен сайын
олар алдымен тез өседі, сосын өндіріс көлемі ұлғайған сайын жаппай
өндірісте үнемдеу факторы білінеді де, өзгермелі шығындардың өсуі өнімнің
ұлғаюына қарағанда баяулай түседі. Ары қарай өнімділіктің азаю заңының
әрекеті басталғанда, өзгермелі шығындар қайтадан өндірістің өсуін басып
озады.
Пайда дегеніміз жалпы табыс пен жалпы шығындардың айырмашылығы. Айталық
монополист бағаны біртіндеп төмендетіп 35 доллар қояды. Онда ол 1 тауардан
артық 4 тауар өткізе алады, бірақ бұл да аз ғана сату көлемі. Бұл жағдайда
оның жалпы табысы 140 доллар (35х4), ал таза пайдасы (140 – 72) – 68
доллар.

Кәсіпкерлік тәуекелдің мақсаты

Коммерциялық тәуекел – кәсіпорын өндірген немесе сатып алған тауарлар
немесе көрсетілген қызметтерді іске асыру процес інде пайда болады. Осы
жағдайлар өндірістік немесе коммерциялық кәсіпкерлікке тән. Коммерциялық
тәуекелдің негізгі түрлері мыналар:
- сатылатын немесе сатып алынатын тауарлар бағасының өзгеруіне
(төмендеуі немесе жоғарылауына) байланысты тәуекел;
- айналыс процесі кезіндегі тауарлардың жоғалу тәуекелі;
- айналыс шығындары деңгейінің жоғарылау тәуекелі;
- нарықтағы тауарлардың өткізілуімен және сапасымен байланысты
тәуекел;
- тауарларды алумен тәуекел;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің баяулауы немесе тоқтауымен
байланысты тәуекел;
- құнсыздану салдарынан болатын тәуекел;
- сатып алушының төлем қабілеттілігімен байланысты тәуекел;
- келісім-міндеттерінің орындамауы аясындағы тәуекел;
- валюталық бағаның өзгеру тәуекелі;
- қызметкерлердің мүмкін болатын жетілмеген шынайылығынан туындайтын
тәуекел;
- бәсекелестер қызметінде болатын тәуекел;
- кәсіпорын жұмысшыларының жауапсыздығынан тауарларды жоғалту
тәуекелі.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық тәуекелі көбінесе меншік құралдарына
қатынасымен өлшенеді.
Тәуекел факторлары – субъективті, яғни, кәсіпорынға тікелей байланысты.
Субъективті факторларға жататындар – техникалық жабдықтау мен техниканың
қауіпсіздік жағдайы және кәсіпорындарының өзіне байланыссыз құнсыздану,
бәсекелестік, саяси жағдайлар.
1725 жылы Ричард Кантильон кәсіпкерді – нар тәуекел жағдайында қызмет
етуші адам деді. 1961 жылы “кәсіпкер – ұстамды тәуекел жағдайында қызмет
ететін пысық адам” деп пайымдаған Давид Маклелланд да осы пікірді қолдаған.
Кәсіпкерлік ұғымына анықтама беруші келесі ағым – кәсіпкерлікке тән
тәуекелділікпен қатар, одан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қатаң құпия ақпарат
Коммерциялық емес акционерлік қоғамдағы кәсіпкерлікті дамытудың ерекшеліктері
Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері
Кәсіпкерліктің формалары мен түрлері
ҚР-ғы кәсіпкерліктің түрлері
Кәсіпкерлік қызметтің негізі
Кәсіпкерлік құқық негіздері
Комерциялық кәсіпкерлік, оның атқаратын қызметтері
Кәсіпкерлік құқық негіздері туралы
Кәсіпкерлік - құқықтық заң бойынша
Пәндер