Әкімшілік құқық негіздері туралы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Әкімшілік құқық негіздері

Әкімшілік құқық - қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру, олардың шенеуніктер тарапынан бұзылуынан не шектелуінен, озбырлықтан қорғау барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеу әкімшілік құқықтың мәні.

Әкімшілік құқықтық нормалардың көмегімен реттелетін, қоғамдық қатынастардың жүйесі әкімшілік құқықтың пәні болып табылады. Әкімшілік құқықтың пәні төмендегідей бес құрамдас бөлшектен тұрады. Әкімшілік құқықтың пәні:

Біріншіден, Республика Президентінен бастап, мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің әкімшіліктеріне дейінгі аралықта, атқару билігінің, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлеріңде іске асырылуының үрдісі барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар. Бұл жерде, ең алдымен эконо­миканы, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси жұмыстарды ұйымдастыру сияқты сыртқы іс-әрекеттерді орындау үшін құ-рылған атқару билігі органдары мен мемлекеттік басқару органдарының бүкіл жүйесіәрекетінің сыртқы көрінісін айтып отырмыз.

Екіншіден, ақпараттық-талдау, іс-жүргізу, жұмысқа қабылдау, қызметпен ауысу, жұмыстан шығару, тәртіптік жауаптылық, мадақтау, материалды-техникалық жабдықтау т. с. с, қай жерде істеліп жатқанына қарамастан, мейлі ол атқару, заң шығару немесе сот билігі органдарында болсын, бәрібір, өзара ұқсас, бір типтес болып келетін, барлық мемлекеттік органдардың ішкі ұйымдастырушылық қатынастары. Бұл аталған іс-әрекеттер, көмекшілік, қосымшалық сипатта болып, әкімшілік құқықтың нормаларымен реттеледі.

Үшіншіден, әкімшілік құқықтың пәніне, мемлекеттік-биліктік кұзыретке ие, мемлекеттің атынан, бүкіл Қазақстан Республикасының аумағында әрекет жасайтын жалпымемлекеттік бақылау қызметі кіреді. Бақылау барлык мемлекеттік органдардың қабылданған нормативтік актілерді орындауы мен іс-әрекеттерінің зандылығына ғана бағытталып қоймайды, олардың мақсаттылығын, қажеттілігін де қамтиды. Жалпымемлекеттік бақ-лау осынысымен прокурорлық бақылаудан ерекшеленеді.

Төртіншіден, әкімшілік құқығы пәні, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істі қарау кезіндегі судьялар мен соттардың іс-әрекеттерін де қамтиды. Бұл жерде соттар әділ сот органы болып отырғанымен, белгілі бір әкімшілік істі қараған кезде Әкімшілік кодекстің бабтарына сүйенетіндіктен олардың қызметі әкімшілік құқықтың пәніне кіреді.

Бесіншіден, әкімшілік құкық пәніне кейбір азаматтық қоғамның кейбір институтарына мемлекет өзінің жекелеген мемлекеттік-биліктік құзыретін беру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар да жатады. Себебі олардың көпшілігі әкімшілік құқықтың нормаларымен реттеледі. Мысалы, полиция көмекшілеріне, халық жасақсыларына қоғамдық тәртіпті сақтауға ат салыса отырып, құқық бұзушыларды ұстау, құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құкық беріледі.

Әкімшілік құқықтьң әдістері. Қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал жасаушы тәсілдік сипатта болатын әкімшілік құқықтың әдістері өзіндік бірнеше ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Біріншіден, әкімшілік құқық әдістерінің, яғни төменгі органдар мен лауазымды адамдар, жоғарғы органдардың бұйрығын, тапсырмасын, талаптарын, тыйым салуларын орындайтын сатылылығы. Мысалы, азаматтық-құқықтық қатынастар үшін тараптардың (жақтардың) еркінің тендігі болса, әкімшілік құкықтық әдісте бір жақтың екінші жақтың еркінен үстемдігі байқалады. Бұл әсіресе атқару билігі органдарымен, кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдар мен азаматтар арасындағы қарым-қатынаста көрінеді. Бұл жерде әкімшіліктер көп жағдайда мемлекеттік-биліктік құзыретке ие, сондықтан олардың қолында мәселені шешудің құқықтық сипаттағы міндетгі шешім қабылдайтындықтан, азаматтарға қарағанда еркі үстем, ал адамдар солардың еркіне бағынып, айтқанын істейді. Сонда аталған іс бір жақтың (тараптың) еркіне екінші жақтың бағынуын көрсетеді. Бұндай бағынушылыққа өз еркімен ғана емес, мәжбүрлеу арқылы да қол жеткізілуі мүмкін. Мысалы, бағдаршамның қызыл жарығына жүріп жол ережесін бұзған жүргізушіні жол полициясының қызметкері ешкімнің айтуынсыз өзі тәртіп бұзушыны жауапқа тарта алады. Егер жүргізуші қарсылық көрсетіп, бағынбаса оған күш қолданып, мәжбүрлеуге құқы бар.

Әкімшілік құқық әдістерінің келесі бір ерекшеліктері құқықтық нормативтік актілерде көрсетілген нормалардың, қалыптардың, талаптардың бұлжытпай орындалуы. Бұндай міндеттеу адамдардың барлығына бірдей не белгілі бір әлеуметтік топтарға ғана бағытталуы мүмкін. Мысалы, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, көшені арнайы көрсетілген жерден қиып өту немесе жеке топтарға арналған, жүргізушілерге автокөліктерімен жүруге, автокөліктерін қоюға тыйым салатын ережелерді айтуға болады.

Әкімшілік құқықтың дерек көздері дегеніміз мемлекеттік билік ресми мойындаған, басқару қатынастары субъектілерінің мінез-құлықтары ережесінің көріну мен бекітілуі. Олар дерек көздері болу үшін төмендегідей бірнеше белгілерге ие болуы керек: субъектілердің белгілі бір нысандары орындауға міндетті бір не бірнеше мінез-құлық ережелері (құқық нормалары) болуы керек; мемлекеттік мәжбүрлеу шарасымен орындалатындай мемлекеттік билікпен ресми мойындалуы қажет; әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің іс-әрекеттерінде белсенді қолданылатындай практикалық маңызға ие болуы керек; әкімшілік құкықтық қатынастар субъектілерінің қандай да бір құқықтық маңызды іс-әрекеттер жасауы үшін негізі болуы ке­рек; қоғамдағы өмір сүріп отырған құқықтық жүйе мен ғылыми-құқықтық доктринаға сәйкес келуі керек.

Әкімшілік құқықтың төмендегідей дерек көздері бар: Қазақстан Республикасы Конституциясы; халықаралық, мемлекетаралык шарттар; Қазақстан Республикасы конституциялық заңдары; Қазақстан Республикасы зандары; Қазақстан Республи­касы Президентінің, Парламентінің; Үкіметінің, жергілікті мемлекеттік баскару мен өзін-өзі басқару органдарының актілері; әкімшілік соттык прецеденттер; әкімшілік шарт; ғылыми құқықтық доктрина.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері - адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ак олардың жасалуының алдын алу. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы зандар әкімшілік жауаптылықтың негіздері мен қағидаттарын белгілейді, қандай әрекеттердің әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын және олар-дың жасалғаны үшін қолданылатын жазалардың түрлерін, сон­дай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға қай мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қандай әкімшілік жаза және қандай тәртіппен қолдануы мүмкін екенін айқындайды.

Әкімшілік құқықтық нормативтік актілердің жасалуы, тәртіп бұзушылықтың барысында туындайтын әкімшілік іс жүргізу немесе әкімшілік үрдіс мынандай қағидаттарға негізделіп іске асырылады:

1. 1. Зандылық қағидаты. Әкімшілік құқық бұзушылық, оларды жасағаны үшін қолданылатын ықпал ету шаралары тек Әкімшілік кодекспен белгіленеді. Әкімшілік кодексте көрсетілген әрі белгіленген негіздер мен тәртіптен басқа жағдайларда, ешкім де әкімшілік жазаға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылуға тиіс емес. Сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Әкімшілік кодексін, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға міндетгі. Қазақ-стан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Заңмен және Қазақстан Республикасы Конституциясымен белгіленген ережелер арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады.

Соттар адамның және азаматтың Конституциямен баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқылы емес. Егер сот, қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конститу­циямен баянды етілген құқықтары мен бостандығына нұқсан келтіреді деп тапса, ол іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституция-лық Кеңеске жүгінуге міндетгі. Сот Конституциялык Кеңестің шешімін алысымен іс жүргізуді қайта бастайды.

Соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу кезінде занды бұзуына жол берілмейді және заңмен белгіленген жауаптылыққа, қабылданған актілердің жарамсыз деп танылуына және олардың күшінің жойылуына әкеп соғады.

1. 2. Сот құзыретінің ерекшелігі. Соттың құзыреті, оның юрис-дикциясының шегі, оның әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібі заңмен белгіленеді және өз бетінше өзгертуге болмайды. Қандай атаумен болса да төтенше немесе арнайы соттарды құруға жол берілмейді. Төтенше соттардың, сондай-ақ заңсыз құрылған өзге де соттардың шешімдерінің заңды күші болмайды және орындалуға жатпайды. Кімнің болса да соттың биліктік өкілетгігін иемденуі заңмен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, өзінің қарауына жатпайтын іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырып, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе Әкімшілік кодексте көзделген әкімшілік құкық бұзушылық туралы қағидаттарды өзгеше түрде бұзған соттың шешімдері заңсыз және күші жойылуға тиіс. Соттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі шешімдері Әкімшілік кодексте көзделген тәртіппен тек тиісті соттарда ғана тексерілуі және қайта қаралуы мүмкін.

1. 3. Азаматтардың заң алдында теңдігі. Әкімшілік құқық бұзушыл ық жасаған адамдар заң алдыңца тең және тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, сеніміне, жынысына, тіліне, дінге көзқарасына және істейтін жұмысының сипатына, тұратын жеріне, қоғамдық бірлестіктерге қатысына, сондай-ақ кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс.

1. 4. Кінәсіздік презумпциясы. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке адам өз кінәсі Әкімшілік кодексте көзделген тәртіппен дәледденбейінше және өз өкілеттігі шегінде істі караған судьяның, органның (лауазымды адамның) занды күшіне енген каулысымен белгіленбейінше, кінәсіз деп есептеледі. Ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Кінәлілікке келтірілген кез келген күдіктер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның пай-дасына түсіндіріледі. Әкімшілік құкық бұзушылық туралы заңдарды қолдану кезінде туындайтын күдіктер де оның пайдасына шешілуге тиіс.

1. 5. Кінә қағидаты. Жеке адам тек кінәсі анықталған құқық бұзушылықтары үшін ғана әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс. Жеке адамның кінәсіздіктен келтірген залалы үшін объективті кінә тағуға, яғни әкімшілік жауаптылыққа тартуға жол берілмейді. Қасақана немесе абайсыз әрекет жасаған жеке адам әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылады.

1. 6. Қайтадан әкімшілік жауаптылыққа тартуға жол берілмеушілік. Бір құқық бұзушылык үшін ешкімді де екі рет әкімшілік жазаға тартуға болмайды.

1. 7. Ізгілік қағидаты. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы зандары адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Құқық бұзушылық жасаған адамға әкімшілік жаза қолданғанда адам жанын күйзелтуді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды жазалау мақсаты етіп қоюға болмайды.

1. 8. Жеке басқа қол сұқпаушылық. Ешкімді де Әкімшілік ко­дексте белгіленген негіздер мен тәртіптен өзгеше ретте әкімшілік ұстауға, ішкі істер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттік органдарға алып келуге, жеткізуге, жеке басын және жеке адамның заттарын тексеруге болмайды. Әкімшілік кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен тек судьяның қаулысы бойынша ғана әкімшілік жазалау шарасы ретіңде қамауға алу қолданылуы мүмкін. Әрбір ұсталған, ішкі істер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттік органға алып келінген, жеткізілген адамға ұстаудың, алып келудің, жеткізудің негіздері, сондай-ақ оған тағылып отырған әкімшілік құқық бұзушылықтың зандық сипаты дереу хабарланады. Мемлекеттік орган (лауазымды адам) заңсыз ұсталған, алып келінген, жеткізілген не­месе судьяның қаулысында көзделген мерзімнен артық қамауда отырған адамды дереу босатуға міндетті.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысушылардың ешқайсысын зорлык-зомбылык, қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын әрекетке ұшыратуға болмайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу процесінде адамның не оның занды өкілінің еркіне қарсы жеке басқа қол сұғылмаушылықты бұзатын іс-әрекеттер жасау тек Әкімшілік кодексте тікелей көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мүмкін болады. Өзіне қатысты әкімшілік жаза шарасы ретінде қамауға алу тандалған адамды, сондай-ақ әкімшілік ұстауға ұшыраған адамды ұстау оның өмірі мен денсаулығына қатер төнуін болдырмайтын жағдайда жүзеге асырылуға тиіс. Заңсыз қамауға алудың, өмірі мен денсаулығына қатерлі жағдайларда ұстаудың, оған қатыгездікпен қараудың салдарынан азаматқа келтірілген залал занда кезделген тәртіппен өтелуге тиіс.

1. 9. Жеке бастың ар-ожданы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Әкімшілік кұкық бұзушылык туралы іс жүргізу кезінде іске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-касиетін кемітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады, адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді, сол сияқты ол құпия сақтауды қажет деп есептейтін жеке сипаттағы мәліметтерді Әкімшілік кодексте көзделмеген мақсаттар үшін жинауға, пайдалануға және таратуға жол берілмейді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу барысында соттың, басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттерімен адамға келтірілген моральдық залал занда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.

1. 10. Жеке өмірге қол сұқпаушылық. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы және өзге де хабарламалар алысу кұпиясы. Азаматтардың жеке өмірі, жеке басының және отбасының құпиясы заңның қорғауында болады. Әркімнің жеке салымдар мен жинақ ақша, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы және өзге хабарламалар алысу кұпиясына құқығы бар. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу барысында осы құқықтарды шектеуге тек заңмен тікелей белгіленген жағдайларда және тәртіппен жол беріледі.

1. 11. Меншікке қол сұқпаушылық. Меншікке заңмен кепілдік беріледі. Ешкімді де сот шешімінсіз өз мүлкінен айыруға бол­майды. Мүлік пен құжаттарды алып қою; көлік құралын, шағын кемені басқарудан шеттету; көлік құралын, шағын кемені ұстау; көлік құралдарын, шағын кемелерді тексеру; аумақтарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, тауарларды, өзге де мүлікті, сондай-ақ тиісті құжаттарды тексеріп қарау тек Әкімшілік кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен жүргізілуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Әкімшілік құқық негіздері туралы ма5л9маттар
Жеке тұлғалардың әкімшілік құқықтық жауапкершілігі
Мамандықтың пәндер каталогы
Мемлекет және құқық теориясы пәнінен дәрістер
Әкімшілік жазалардың түрлері
Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Студенттерге арналған оқу құралы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz