Есірткі заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікті 24 жүзеге асыру барысында ұлттық және халықаралық–құқықтық нормалардың ара-қатынасы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
: 1
Кіріспе: Мемлекеттердің есірткі заттардың заңсыз айналымымен күрес саласын халықаралық-құқықтық реттеу
3: 6
: 1. 1
Кіріспе: Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық-құқықтық сипаты
3: 6
: 1. 2
Кіріспе: Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты әрекеттер үшін жауапқа тарту және халықаралық-құқықтық нормалардың қалыптасуы мен дамуы
3: 15
: 1. 3
Кіріспе: Наркобизнeспен күресу саласындағы мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың қызметі
3: 17
: 1. 4
Кіріспе: Қазақстан Республикасының есірткі қылмыстарымен күресу саласындағы ТМД және т. б. аумақтық ұйымдар шеңберінде мемлекетаралық ынтымақтастық қатынастарға қатысуы
3: 20
: 2
Кіріспе: Есірткі заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асыру барысында ұлттық және халықаралық-құқықтық нормалардың ара-қатынасы
3: 24
: 2. 1
Кіріспе: Наркобизнеспен күресу саласындағы ұлттық саясат және халықаралық-құқықтық нормалар
3: 24
: 2. 2
Кіріспе: Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды алдын алу және қадағаланып отыратын тасымалдаулардың ресми ережелері, Қазақстан Республикасында және шет мемлекеттердегі қылмыскерлерді ұстап беру
3: 27
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 33
:
Кіріспе: Пайдаланылған дереккөздер тізімі
3: 35

Кіріспе

Біздің сыртқы қауіпсіздігіміз, лаңкестікке және есірткіге қарсы күрес, Қазақстан шекарасының ұзына бойында тату көршілік пен тұрақтылық белдеуін орнықтыру жөніндегі өзіміздің халықаралық міндеттелерімізді парықты пайымдауымызға негізделеді. Қазіргі әлемнің қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырған құбылыстың ауқымына Орталық Азия өңірі де тартылып отырғаны жасырын емес. Есірткі өндірісі мен есірткі тасымалы адамзат қауымының жанын сыздатқан бітеу жараға айналып отыр. Өкінішке орай, үлкен көлемдегі есірткі заттарының едәуір бөлігі Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан аумағы арқылы да тасылады. Мысалы, Ауғанстанның негізгі экономикасының базасы ретінде наркобизнес үлкен рөл атқарады. Ол өз ретінде діни экстремизмнің және терроризмнің өсуіне ықпалын тигізеді. Қазіргі кезеңде наркобизнес халықаралық терроризмнің қаржылық негізін құрайтыны ешкімге құпия еместігін білеміз. Біз бұл зұлымдыққа қарсы күрес жүргізе отырып, бұл құбылыстың пайда болу алғы шарттарына көңіл бөлместен, оның тек көріністерімен ғана күресудеміз. Есірткі бизнесімен күресте жетістікке жетудің басты шарты - заң билігін нығайту, апиын шикізатынан ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге ауысуда халыққа тиімді көмек көрсету, Орталық Азия аумағы арқылы өтетін есірткі трафигін жою іс-қимылдарын үйлестіру болып табылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының меморандумына қатысушы елдердің көпшілігінің қолдауымен есірткі құралдарының және психотропты заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азиялық аймақтық ақпараттық үйлестіруші орталықтың Алматы қаласында құрылуының Қазақстан үшін мәні зор. Осының бәрі дүниежүзілік қоғамдастықтың есірткі тасымалын ауыздықтауға бағытталған ісінде Қазақстанның атқарып отырған істеріне лайықты баға беру болды.

Тақырыптың өзектілігі. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау, ашу және тергеу мәселелері қазіргі заман үшін маңызды әлеуметтік және құқықтық проблемалардың бірі.

Есірткі заттарының заңсыз айналымы мәселесі қоғамдық маңыздылығының өсуі және өзектілігі адамдардың көрсетілген проблемаға деген қатынасын анықтады, ғылыми білімін құрастыруының әр түрлі жақтарын қамтитін дисциплинарлық негізінде нашақорлықпен күресу ғылыми түрде негізделген стратегиясын құру қажеттілігін анықтайды.

Нашақорлық әлеуметтік негативті көрініс болып табылады. Соның ішінде, әлеуметтік, құқықтық, криминологиялық, экономикалық, биологиялық және экологиялық элементтерді сәйкесінше әлеуметтік, құқықтық, криминологиялық, экономикалық, биологиялық және экологиялық қоғамның өмір сүру аяларын қамтитін; наркомания ауруында және есірткі заттарымен байланысты материалдық құндылықтарды иелену немесе есірткі заттарын сатып алу мақсатымен не есірткі заттарын шегу нәтижесінде жүзеге асырылған құқықсыз әрекеттердің жиынтығы. [1, Б. 5]

Нашақорлық және есірткі айналымы өзінің ерекше латенттілігіне ие. Сонымен қатар Қазақстанда соңғы бес жылда есірткіге байланысты қылмыстардың тұрақты өсу тенденциясы байқалуда. Есірткі не психотроптық заттарды пайдаланушылардың 2/3 бөлігінен көбісі жас өспірімдер болып табылады. Осы айғақ біздің мемлекетіміздің болашағы үшін белгілі бір деңгейде мазалап отырады. Нашақорлар тізімі тек орта жас өспірімдер және студенттерді ғана емес, бірақ сонымен қатар мектеп, лицей, колледж оқушыларын қамтиды.

Тағы бір ерекше маңызды жаңа мәселе бар. Әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруіне, жаңа хылықаралық қатынастардың дамуына және жалпы коммуникацияның дамуына байланысты біздің Республикамыз тіпті ерекше «коридор» арқылы Шығыстан Батысқа және Оңтүстіктен Солтүстікке қарай есірткі заттары тасымалданады.

Осы қылмыс түрінің қоғамға қауіпті болуы «тұрғылықты халық денсаулығының қауіпсіздігі» деген түсініктемесімен біріктірілетін маңызды және жалпы адамгершілік, әлеуметтік құндылықтарды қорғануын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың бұзу нысаны арқылы жүзеге асатын құбылыс.

Қазақстан Республикасы - іс жүзінде шын демократиялық қоғамды құрастыруға ұмытылатын жас тәуелсіз мемлекет. Сондай-ақ, біздің мемлекетіміздің алдында бірнеше маңызды экономикалық және саяси сипатындағы мәселелерін қойған. Көрсетілген мәселелер ауқымы Республиканың әлеуметтік өмірге негативті әсерін тигізеді.

Нарықтық экономикаға ауысу кезінде міндетті түрде орын алатын экономикалық жағдайының бұзылуы көптеген өндірістік кәсіпорындардың жабылуына, колхоздар мен совхоздардың ыдыруына, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламаларға бюджеттік ақша бөлуінің үнемі қысқартылуына да әкеліп соқты.

Нәтижесінде, Республикада бұрын болмаған әлеуметтік-тұрақсыз құбылыстар пайда болады. Мәселен, жұмыссыздық, ертеңгі күнге деген сенімсіздік, нақты көрініс тауып отырған әлеуметтік тұрақсыздық, ауылдан қалаға тұрғылықты халқының көшіп қонуы, ұлт аралық қарама-қайшылықтардың орын алуы, қоғамның бай және кедей адамдардға бөлінуі және т. б.

Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттердің есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы мен оның теріс пайдалануына қарсы күрестегі мемлекеттердің халықаралық-құқықытық ынтымақтастығының келешектегі даму бағыттарын анықтауда жатыр. Осы мақсатқа сәйкес, төмендегідей негізгі міндеттері айқындалмақ:

1. Есірткі және психотропиялық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша халықаралық құқық нормаларының қалыптасуына сараптама жасау;

2. Есірткі және психотропиялық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы қолданатын халықаралық және ұлттық шараларына сараптама жасап, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;

3. Есірткі және психотропиялық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы мемлекеттердің ынтымақтастықтың халықаралық нысандарына сараптама жасап, осы аясындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімді даму жолдарын анықтау;

4. Халықаралық тәжірбиені ескере отырып, осы мәселені шешудің кешенді жолын анықтау қажеттілігі;

Есірткі және психотропиялық заттардың заңсыз айналымының пайда болу факторлары мен шарттары, сонымен қатар есірткі және психотропиялық заттардың заңсыз айналымен күрес бойынша мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастық саласында хылықаралық-құқықтық құралдарының жүйесі жұмыстың объектісі болып табылады. Ал зерттеу жұмысының пәні болып есірткі және психотропиялық заттардың заңсыз айналымы мен оның теріс пайдалануына қарсы күрестегі мемлекеттердің халықаралық-құқықытық ынтымақтастығы.

Зерттеудің әдістемесі халықаралық көпшілік құқық теориясы мен тарихына, халықаралық қатынастар мен есірткінің заңсыз айналымы мен оның теріс пайдалануына қарсы күрес тарихына, қылмыстық және қылмыстық-іс жүргізу құқығының теориясына негізделген. Зерттеудің әдістемелік негізін халықаралық ұйымдардың шегінде қабылданған халықаралық құжаттар, мемлекеттердің есірткіге қарсы күрес саласындағы аймақтық келісім-шарттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын құрайды. Курстық жұмыстың зерттеу әдістері ретінде жалпы диалетикалық әдіс, құқықтық және жүйелік талдау әдісі, арнайы әдістер: тарихи салыстырмалы, логикалық дәлелдеу және теріске шығару, тарихи және статистикалық әдістер алынады.

Осы курстық жұмысының тәжірбие маңыздылығы Қазақстан Республикасының есірткі заттардың заңсыз айналымы туралы заңдарына жалпы сипаттама берілуде, Қазақстан Республикасының есірткі заттармен байланысты заңсыз операциялар үшін жауапкершілікті белгілейтін Қылмыстық Құқық нормаларына күрделі не детальді талдау беріледі, құқық қорғау органдарының көрсетілген қылмыстарын тергеу әдістері қарастырылады, тәжірбиеде қолдануға қажет Республикамыздың ерекшеліктерін отырып осы саладағы жаңа тәсілдер жиынтығы ұсынылады.

Ұйымдастырылған қылмыскерліктің жоғары орталықтандырылуы және жоғары концентрациялану контурға айналатын, Қазақстанда наркобизнестің ең пайдалы қылмыс түріне айналуына жағдай жасаушы факторлардың тек жүелі және комплексті зерттеулері аталған проблеманы шеше алады. Ол нашақорлықпен күресу деген түсінік біріншіден көрсетілген құбылыстың өзі туралы терең білімін және екіншіден, заң жүзінде сәйкесінше көрініс табуында, және үшіншіден, оны локализациялау шараларының ойластырылған жүйесін зерттеуін анықтайды.

Сонымен, көрсетілген проблематика көп жақты және көп аспектілі болып табылады. Көрсетілген жағдайлардың барлығы ұсынылып отырған зерттеу жұмысының басты мақсатын өзекті екенін дәлелдейді.

1. Мемлекеттердің есірткі заттардың заңсыз айналымымен күрес саласын халықаралық-құқықтық реттеу

1. 1 Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық-құқықтық сипаты

Наркотизм қоғам тіршілігінің әлеуметтік, құқықтық, криминологиялық, экономикалық, экологиялық салаларын қозғайтын әлеуметтік құбылыс болып табылады. Нашақорлықпен күресу мәселелері әлеуметтік мәселелердің тізіміндегі ең өткір бірінші қатардағы мәселелердің санына жақындап келеді. Сондықтан, мұндай құбылыстармен сәтті күресуді іске асыру үшін, «наркотизм» түсінігін анықтау қажет.

Наркотизм түсінігі бір мәнді тұрақты маңызы бар мәнге ие бола қойған жоқ, оны «нашақорлық» түсінігінен бөліп алу қиын. Сонымен, наркотизм түсінігін талдай келе, оның бағасын нашақорлықпен салыстырмай өту мүмкін емес.

Біз көріп отырғанымыздай, медицина заңсыз есірткі саласындағы қоғамдға қауіпті көріністермен күресудің мәселелерін жетілдіру кезіндегі заңгерлердің сәтті пайдаланатын нашақорлық туралы айтарлықтай сыйымдылықты және түсінікті білімін өңдеп шығарады. Бұл біреулер үшін нашақорды, яғни нашақорлықпен ауыратын адамды қылмыскер деп санауға болмайды деген ұғым болды. Ал кейбіреулері нашақорлық туралы түсінікті кеңейте түсті. Сонымен, К. А. Карповичтің ұстанымымен сәйкестендірсек, «нашақорлық - бұл адамдар үшін зиян және қоғамға қауіпті, мерзімдік немесе созылмалы улануға әкелетін және халықаралық - құқықтық немесе ішкі мемлекеттік бақылау шаралары тарататын есірткі заттарын заңсыз әдейі жүйелі қолданудың нәтижесінде болатын әдейі жүйелі қолданудың нәтижесінде болатын қоғамға қауіпті құбылыс». К. Ш. Курмановтың пікірінше, «нашақорлық - бұл адам денсаулығына зиян келтіруге бағытталған өзінің заңға қайшы, қоғамға қарсы, пайдакүнемдік ниетін қанағаттандыру мақсатындағы, есірткі құралдарымен байланысты қоғамға қауіпті қылмыстық әрекеттер заңында көрсетілгендердің орындалуы». Бұл ұстанымдармен қатар теорияларда басқа желі дамыды, оның жолын ұстанушылар «наркотизмнің» мүлдем басқа түсінігін пайдаланады.

Сонымен, наркотизм - қоғам тіршілігінің әлеуметтік, құқықтық, криминологиялық, экономикалық, экологиялық салаларын қозғайтын әлеуметтік құбылыс. Наркотизм құқықтың, әлеуметтанудың, психологияның, медицина мен басқа да ғылымдардың қиылысқан категориясы, бұлардың әрқайсысы зерттеудің өзіндік әдістері мен құралдарымен сәйкестендіріп ізденеді.

Мысалы, медицина ұрпақтың физикалық жағдайына есірткіні пайдаланудың әсерін, ал психология есірткі құштарлық дәрежесімен жеке адамның құлдырау дәрежесі арасындағы байланысты зерттейді.

Жоғарыда айтылғандарды қарай келе, наркотизмді нашақорлықпен теңестіруге болмайтыны туралы қорытынды шығаруға болады. Нашақорлық барлығына түсінікті және есірткіні пайдаланумен байланысты аурудың жалғыз сипаттамасы болып қалу қажет. Наркотизм және әртүрлі сипаттағы категория болып қалу керек, мүның біріншісі теріс әлеуметтік құбылысты, ал екіншісі тек ауруды білдіреді.

Криминологияда қылмыстың себептері мен шарттар пайда болулары сияқты, өздерінің маңыздары бойынша да әлеуметтік деп жалпылай қабылданған. Олар қылмыстық өзінің ізі сияқты детерминдейтін теріс құбылыстардың жиынтығын құрайды.

Осы анықтамалардан кейін, наркотизмнің себептері мен шарттарын талдауға көшуге болады. Екі жеке құбылыстық өзара әрекеттесуінен туындаған әлеуметтік құбылыс сияқты, наркотизмнің жалпы сипатын есептей келе, есірткіні пайдалану мен олармен заңсыз айналысудың қалай болатынын наркотизмнің объективті және субъективті себептері мен шарттары ретінде факторлардың қатарына мүшелеуге болады.

Есірткілік құралдарға синтетикалық сипаттағы немесе өсіп өнетін заттармен қатар олардан жасалатын дәрілік препараттар, сол стияқты, дәл осылардың өатарына халықаралық конвенциялар бойынша жатөызылатын өсімдіктер, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында бақылауға алынуы тиіс есірткілік заттар тізіміндегі адам денсаулығы мен психикасының (жүйкесінің) тәуелділігін тудыратын өсімдіктер жатады.

Есірткі заттарға қатысты қылмыстардың затына жататын есірткілік заттар мен жүйкеге әсер ететін заттардың қатары «Қазақстан Республикасында бақылауға алынуы тиіс есірткілік заттар, жүйкеге әсер ететән заттар мен прекурсорлар тізімінде» белгіленген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 10 наурызында қабылдаған «Бақылауға алынуы тиіс есірткілік құралдар, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлар туралы» №186-шы қаулысымен бекітілген. Осы тізімде бақылауға алынуы тиіс прекурсорлар қатары да белгіленген:

1) есірткі құралдар мен жүйкеге ісер ететін заттардың аналогтары (теңдестері) - Үкімет қаулылары және БҰҰ-ның халықаралық конвенциялары арқылы есірткілік құралдар немесе жүйкеге ісер ететін заттар ретінде бекітілмеген, шектен тыс пайдалануы халықтың денсаулығына қауіпті болатын, қоздырушы, депрессивті немес галлюцинациялық күй кештіретін, синтетикалық немесе табиғи текті заттар;

2) есірткілер «Қазақстан Республикасында бақылауға алынуы тиіс есірткілік құралдар, жүйкеге ісер ететін заттар және прекурсорлардың тізіміне» енгізілген, қиянатты түрде қолданылуының салдары халық денсаулығына нақты қауіп төндіруші, есірткілік құралдар немесе жүйкеге ісер ететін деп ажыратылатын өсімдіктер, заттар немесе препараттар;

3) Қазақстан Республикасында бақылауға алынуға тиіс есірткілік құралдар, жүйкеге әсер ететін заттар жіне прекурсорлардың тізімі (бұдан кейінгі жерде - Тізім) - халықаралық конвенйиялар негізінде Қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен, әр қайсысы нөмірге тізіліп, тиісті таблик\цаларға біріктірілген, Қазақстан Республикасында бақылауға алынуы тиіс есірткілік құралдар, жүйкеге ісер ететін заттар және прекурсорлар тізімі;

4) есірткілік құралдарын, жүйкеге ісер ететін затардың және прекурсорлардың айналымы - есірткілік құралдары, жүйкеге ісер ететін заттар мен прекурсорларды зерттеу, өндіру, өндеу, жеткізіп алу, сыртқа шығару, өткізу, тасымалдау, жөнелту, ие болу, сақтау, бөлу, ұқсату, пайдалану немес жойыа жіберуге, құрамда есірткілік заттар бар өсімдіктерді өсіріп, жинап, дайындауға байланысты қызметтердің Қазақстан Республикасының заңына сәйкес рұқсат етілген және бақылауға алынған түрлері;

5) есірткілік құралдардың, жүйкеге ісер ететін заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы - есірткі құралдары, жүйкеге ісер ететін заттар прекурсорлардың Қазақстан Республикасының заңын бұза отыра жүргізілетін айналымы;

6) есірткі құралдарын немесе жүйкеге ісер ететін заттарды қиянатпен қолдану (есіртк құралдарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз қолдану) есірткі құралдарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дәрігердің белгілеуінсіз қасақана заңсыз тұтыну;

7) есірткі құралдарын, жүйкеге ісер ететін заттарды және прекурсорларды жеткізіп алу жіне сыртқа шығару - есірткі құралдырының, жүйкеге ісер ететін заттардың және прекурсорладың бір мемлекеттен басқа мемлекетке немесе бір мемлекеттің бір аймағынан басқа аймағына ауысуы;

11) есірткі құралдарының, жүйкеге ісер ететін заттар мен прекурсорлардың өткізілуі есірткі құралдарының, жүйкеге ісер ететін заттар мен прекурсорлардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке үшінші мемлекеттің жері арқылы ауысуы;

8) есірткі құралдарын, жүйкеге ісер ететін заттар мен прекурсорларды тасымалдау жіне жөнелту - есірткі құралдары мен жүйкеге ісер ететін заттар мен прекурсорлардың тасымалдау әдісі мен сақталу орнына қарамастан, Қазақстан Республикасының көлемінде заңсыз орын ауыстыруына қатысты кез келген қасақана әрекеттер;

9) халықаралық конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылауға алынуы тиіс есірткі құралдары, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген, құрамында есірткілік заттар бар өсімдіктерді егу және апиынды, көкнар мен сора (каннабис) немесе басқа да есірткі құрамдас өсімдіктерді өсіру;

10) есірткі немесе жүйкеге ісер ететін заттардан құрамдас өсімдіктерді жинау - халыөаралыө конвенцияға сәйкес Тізімге енгізілген, құрамында есірткілік заттар бар егілген немесе жабайы заттарды жинау;

11) нашақорлық - есірткі құралдарына немесе жүйкеге ісер ететін заттарға, не осылардың теңдестеріне (аналогтарына) тәуелді болу салдарынан организмнің жүйке қызметі мен денсаулығының қатты зардап шегуінен туындаған ауру ;

12) дәріден улану - халықаралық конвенциялар мен республикалық заң актілеріне сәйкес тізімдерге енбеген, жүйке белсенділіген тигізетін әсері есірткі құралдары мен жүйкеге ісер ететін заттардың әсерімен ұқсас келетін, түрлі текті дәрілік емес заттар мен дәрілік препараттарды қиянатпен қолдану;

13) нашақор - денсаулығы мен жүйкесі кез келген есірткілік, жүйкеге ісер ететін заттарға немесе олардың аналогтарына (теңдестеріне) тәуелді, денсаулық сақтау мекемесі белгіленген тәртіп бойынша «нашақорлық» диагнозын өойған тұлға;

14) арнайы емдеу - сауықтандыру мекемлері (орталықтар, ауруханалар, диспансерлер, бөлімдер немесе кабинеттер) заңмен белгіленген тәртіп бойынша нашаға қарсы көмек көрсетеді;

15) дәрігелік куәләндіру - нашаға мас болған күйін анықтау мақсатымен тұлғаны емханада тексеру;

16) дәрігерлік зерттеу «нашақорлық» диагнозын қою немесе жоққа шығару мақсатымен тұлғаның емханада жатып зерттелуі;

17) ерікті түрде емделу - нашақорлықтан, дәріге құмарлықтан немесе есірткіні қиянатпен қолданушылықтан науқас адамның не оның заңды өкілінің келісімі бойынша жүргізілетін ем;

18) еркінен тыс (мәжбүрлеп) емдеу - есірткілік немесе жүйкеге ісер ететін заттарды заңсыз тұтынуды одан әрі жалғастыру немес өз еркінен емделуден бас тарту кезінде нашақорлыққа ұшыраған тұлғаны соттың шешімі негізінде емхана жатқызып емдеу;

19) дәрігерлік куәләндырудан, дәрігерлік зерттеуден, немесе емдеуден бас тарту - есірткі құралдарын жүйкеге ісер ететін заттарды тұтынушы тұлғаның дәрігердің белгіленген емі мен ұсыныстарын орындалумен қатар, құқық қорғау орны қызметкерінің дәрігерлік куәләндырудан немесе зерттеуден өтуге байланысты нұсқауын қасақана орындамау;

20) бөлшек сауда - есірткі құралдарын, жүйкеге әсер ететін заттарды және прекурсорларды жеке тұтыну үшін дәргердің жазып берген рецепті бойынша бір бірлеп немесе азғантай мөлшерде сату;

21) көтерме сауда -есірткі құралдарын, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорларды ірі мөлшерде сату.

Есірткеге қатысты қылмыстардың қатерлігінің сипаты мен деңгейі ең алдымен, бұл қылмыстардың заты болып табылатын есірткілік құралдар мен жүйкеге ісер ететін заттардың қаншалықты қауіпті екендігімен анықталады. Оларды қиянаттықпен тұтыну адамды оның бойында да, жүйкесінде де есірткіге тәуелділіктің пайда болуымен сипатталатын ауруға - нашақорлыққа әкеліп соқтырады.

Н. М. Абдировтың пікірінше есірткі заттардың әсерлері адамдардың санасы мен ерігіне байланысты емес объективті себептердің санасы мен ерігіне байланысты емес объективті себептердің қатары төмендегідей көрсетілген:

- қоршаған ортаның адамға, сәтсіз отбасы «түріндегі» өзіне жақын әлеуметтік ортаның, дұрыс қалыптаспаған байланыстардың (достары, жақындары және т. б. ) теріс әсерлері;

- өтім көздерінің таралуымен және арзаншылыққа қатысты ешқандай бөгеуліксіз оларды пайдаланудың мүмкіндігімен өрнектелетін есірткілердің өтімділігі.

Жақын әлеуметтік ортаның теріс әсері есірткіні бірінші рет пайдалану жағдайы үшін нақты фактор болып саналады. Мұндай ортаның әсері отбасының төмен мінездік - психологиялық параметрмен, тәрбиенің болмауымен, дұрыс қалыптаспаған жақын ортамен: мысалы, бұрын сотталған немесе есірткіні, ішімдікті пайдаланатын адаммен; қоғамға қарсы өмір сүру мәні бар, әлеуметтік зиянды жеке қондырғылары, салттары, дәстурлері бар адамдарымен алдын-ала анықталады. Осындай ортада адамда кәдімгі жағдайда қалыпты адамға өтімі жоқ есірткінің ашылмаған құпияларына қызығушылық қалыптасады.

Есірткілердің өтімділігін кез-келген қалаушыға медициналық емес жолмен оларды пайдалану да наркотизмнің объективті себебі болып табылады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің ойынша есірткіні пайдалану мен дайындаудағы жеңілдік пен өтімділік итермелейді.

Көрсетілген объективті себептер субъективті қасиеттер себепсіз есірткіні адамның бірінші пайдалану фактісіне оңай алып келе алмайды. Н. М. Абдиров келесі субъективті себептерді көрсетеді.

Оларға жататындар:

- өмірге қанағаттанбауы және осымен байланысты шындықтан кеткісі келетін;

- эйфория (рахат) сезімін көргісі келетіні;

- қызуғышылық, сонымен қатар айналадағыларға електеушілік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды тергеу
Кедендік қылмыстардың құқықтық сипаттамасы
Халықаралық қылмыстық құқық және қылмыстылықпен күресетін ұйымдар
Қылмыстық заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар
Есірткі заттарды заңсыз сақтау
Экономикалық контрабанда қылмыстарының объектісі
Қазақстан Республикасындағы криминология ғылымының негізгі даму бағыттары
Экономикалық қылмыстармен күресудің құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы
Кеден ісі және оның кеден құқығындағы орны
Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz