Заңсыз кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауаптылық



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға құқықтық
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түсінігі және оның түрлері
  ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..5
1.2 Кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызмет 
саласындағы қылмыстар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 7
1.3 Ақша-несие саласындағы кейбір
қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .11

2 Заңсыз кәсіпкерлік үшін қылмыстық
жауаптылық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 14
2.1 Заңсыз кәсіпкерліктің тарихы мен бүгінгі
күні  ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .14
2.2 Кәсіпкерлік туралы түсінік және оның құқықтық
реттелуі  ... ... ... ... ... ... .. .15
2.3 Заңсыз кәсіпкерліктің қылмыстық-құқықтық
сипаттамасы  ... ... ... ... ... ... ... 17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Кіріспе

Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға
азаматтарға аса зор материялдық нұқсан келтіретін экономикалық
қылмыстардың қауіптілігі ерекше. Кең мағынасында экономикалық қылмыстарға
контрабанда жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату
волюта операцияларының ережелерін бұзу , мемлекеттік және қоғамдық
мүліктерді ұрлау, парақорлық және т.б. жатады.
Алайда нарықтық экономикалық жағдайында тікелей экономика аясында
жасалатын , сауда ережесін бұзу , сапасыз өнімдерді і сату, жалған
кәсіпкерлік , монополияға қарсы заңдарды бұзу және т. б қылмыстардың
қоғамдық қауіпі зор.
Экономика аясындағы қылмыстардың обьектісіне нарықтық экономика
жағдайларында, Қазақстан Республикасы саудасының қоғам мен азаматтардың
мүдделері жағдайларында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
Экономика аясындағы қылмыстардың обьективтік жағы қасақана , заңға
қайшы белсенді әрекеттер мен сиппаталады .Экономика аясында қылмыстардың
субьектісі мемлекеттік кәсіп орындарда , мекемелерде және ұйымдарда
экономикалық , шаруашылық міндеттерді атқаратын , сондай- жеке
кәсіпорындарда істейтін 16 жасқа толған азаматтар болып
табылады.Экономикалық қылмыстардың субьективтік жағы қасақана сипатта
жасалады.Олардың қылмыстарының себебі- материялдық мүделілік. Олар өз
игіліктерін қоғамның, азаматтардың мүдделеріне зия келтіру есебінене
пайда тауып , жасайды.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар дың қазіргі кезеңде көп
орын алған олардың түрлері де қылмыс саласында алып отырған орны ауқымды
десек қателеспеймі себеббі бұл қылмыстар басқа қалмыстарға қарағанда яғни
адам мен азаматтарға қарсы қылмыстардан кейі келтірер зардабы жоғары және
түрлері де көп бұл қылмыстар тікелей қасақаналық пен жасалады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ғасырлар тоғысында тәуелсіздік туын
берік қадап, өз алдына егемен ел атанған Қазақстан мемлекетінің даму
бағытын басқаша саралап, жаңаша жолға түскеніне де он жылдан асты.
Еліміздің мызғымас ірге тасы қаланып, Қазақстан Республикасы Біріккен
Ұлттар Ұйымына мүше болып енді, тәуелсіз мемлекет ретінде 120-дан астам
елдер мойындады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты
жиналысында сөйлеген сөзінде біз осы жылдар ішінде, сөз жоқ талай ондаған
жылдарға татырлық жылдан өттік, біз Конституция қабылдадақ, онда билік
құрудың жаңа қағидаттарын бекітіп, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға
алдық. Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында
көрсетілгеніндей қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары
құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен
ажырамастығын тану негізге алынуға тиіс. Бұл тұжырымдамада көзделген
шараларды орындау Қазақстанда демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық
мемлекет құруға ықпал етеді.
Жұмыстың мақсаты: Кәсiпкерлiк қызметті, банктік қызметтi банк
операцияларын немесе коллекторлық қызметті тiркеусіз қалдыру сл сияқты
қылмыстық жауаптыықтарды 214-бабы бойынша анықтау болып табылады.
Жұмыстың міндеттері. Берілген зерттеу жұсысының алға қойған міндеттері
– елімізде жиі кездесіп отыратын экономикалық қызмет саласындағы
қылмыстарды болдырмау, оның болуына жол бермеу болып табылады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті
қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін
де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. ҚҚ-тің қарастырылып
отырған тарауының маңыздылығы осында.

1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға құқықтық сипаттама 

1.1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түсінігі және оның
түрлері

Кәсiпкерлiк қызметті, банктік қызметтi (банк операцияларын) немесе
коллекторлық қызметті тiркеусіз, сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті
лицензиясыз не Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы
заңнамасын бұза отырып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым
салынған түрлерімен айналысу, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе
мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде кіріс алумен немесе
акцизделетін тауарларды айтарлықтай мөлшерде өндірумен, сақтаумен,
тасымалдаумен не өткізумен ұштасса, –  мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі
мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол
мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын
шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  214-баптың
тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 06.05.2017 № 63-VI Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
Мысалы:  
1) қылмыстық топ жасаған;  
2) аса ірі мөлшерде табыс алумен ұштасқан;  
3) бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер –   мүлкi тәркiленiп, бес
мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол
мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын
шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  
Экономикалық қызмет саласындығы қылмыстар материалдық және басқа да
құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті бөлуге, айырбастауға және
тұтынуға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін,
қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық
қатынасты қорғауға, ел  экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын
қамтамасыз етуге бағытталған. ҚК-тің қарастырылып отырған тарауының
маңыздылығы осында.
Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде
қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.
Осы тарау жататын бірқатар қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны ондағы
қылмыс заты болып табылады.
Қарастырылатын қылмыстардың көбісінің обьективтік жағы қылмыстың
жасауымен сипатталады. Кейбіреулері әрекетсіздік арқылы да жасалынады.
Мысалы, несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару, шетел валютасындағы
қаражатты шетелден қайтармау, салықтарды төлеуден жалтару.
Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың міндетті түрдегі
нышаны ол-заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы. Оларды
материалдық құрам болады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы, субьективтік
жағынан, қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы, субьективтік жағынан,
өздерінің әдейі, қасақана жасалғандығымен сипатталады. Олардың
кейбіреулерінің субьективтік жағының міндетті түрдегі нышаны, оларды себеп
пен мақсаттың болуы.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың субектісі қылмыс жасаған
кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады. Ал, мұндай қылмыстардың
кейбіреулерінің субьектісі тек лаузымды адамдар, банк қызметкерлері ғана
болады.
Тікелей субьектісі бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды
шартты түрде мынадай түрлерге бөлуге болады:
1) Кәсіпкерлік саладағы және экономикалық қызметтің басқа да саласында
қылмыстар: заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау, заңсыз кәсіпкерлік,
заңсыз банктік қызмет, жалған кәсіпкерлік, заңсыз жолмен алынған ақша
қаражатыннемесе өзге мүлікті заңдастыру, монополистік іс-әрекеттер және
бәсекені шектеу, көріну жалған жарнама беру, тауарлық белгіні заңсыз
пайдалану, коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз
алу мен жария ету, кәсіптік спорт жарыстарының және ойынсауықтық
комерциялық конкурстардыңқатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу,
банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер, әдейі банкроттық, бухгалтерлік
есеп ережелерін бұзу, табиғат жөніндегі заңсыз мәліметтерді тіркеу, мәміле
жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету;
2) Ақша-несие саласындағы қылмыстар: несиені заңсыз алу және мақсатсыз
пайдалану,  несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару, бағалы қағаздарды
ұстаушылары тізіміне көріну жалған мәліметтер енгізу, бағалы қағаздармен
жүргізілетін операциялар туралы көріну жалған мәліметтер беру, бағалы
қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу, жалған төлем карточкалары
мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату;
3)Қаржылық қызмет саласындағы қылмыстар: акциздік алым маркаларын
қолдан жасау және пайдалану, экономикалық контрабанда, шетел валютасындағы
қаражатты шетелден қайтармау, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден
жалтару (214-бап), банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру,
банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану, азаматтың салық төлеуден жалтаруы,
ұжымдарға салынатын салықт ытөлеуден жалтару;
4)Сауда және халыққа көрсету чаласындағы қылмыстар: көпшілік сауда-
саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу,
тұтынушыларды алдау, заңсыз сыйақы алу;
5)Экономикалық қызмет саласындағы басқа да қылмыстар: компьютерлік
ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зияндыбағдарламаларды жасау, пайдалану және
тарату.

1.2 Кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызмет 
саласындағы қылмыстар

Азаматтардың, оралмандардың, мемлекеттік емес коммерциялық заңды
тұлғалардың (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің), мемлекеттік кәсіпорындардың
(мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілерінің) Қазақстан
Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік
кодексіне және кәсіпкерлік қызметті реттейтін өзге де заңнамалық актілерге
сәйкес жүзеге асырылатын таза кіріс алуға бағытталған қызметін заңды
кәсіпкерлік қызмет деп ұғынған жөн.
Кәсіпкерлік қызмет субъектісін мемлекеттік тіркеу, қажет болған
жағдайларда қызмет түрімен айналысуға арналған арнайы рұқсаттың
(лицензияның) болуы және рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнаманың
сақталуы заңды кәсіпкерлік қызметтің міндетті белгілері деп танылады.
Заңмен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі анықталған
жағдайда кінәлі адам Қылмыстық кодекстің қызметтің белгілі бір түрін жүзеге
асыруға тыйым салатын тиісті бабы бойынша, ал арнайы норма болмаған
жағдайда - ҚК-нің 214-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көтереді.
ауарларды сатып алу, сақтау, үй-жайларды, көлік қызметін ұсыну және заңсыз
кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуына өзгедей жәрдемдесу осы әрекеттерді
кәсіпкерлік қызметтің заңсыздығы туралы білетін адам тікелей қасақана
жасаған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Осындай адамның
әрекетін оның көрсеткен қызмет үшін сыйақы алған-алмағанына қарамастан
заңсыз кәсіпкерлік қызметке көмектесу деп саралаған жөн.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар материалдық және басқа да
құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті бөлуге, айырбастауға және
тұтынуға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін,
қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық
қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын
қамтамасыз етуге бағытталған. ҚҚ-тің қарастырылып отырған тарауының
маңыздылығы осында.
Контрабанда, ең алдымен, мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан
келтіреді, себебі, біріншіден — әкелінетін және шығарылатын тауарларға
белгіленген алымдар мемлекеттік бюджетке түспейді.
Екіншіден, елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа
шығаруға тыйым салынған тауарлар (стратегиялық мақсаттағы шикізат)
әкетіледі.
Контрабанданың затына және субъектісіне байланысты оның факультативтік
объектілеріне қоғамдық қауіпсіздік, мемлекеттік органдардың қызметі,
Қазақстан Республикасының саяси мүддесі, Қазақстан халкының денсаулығы,
тарихи-мәдени мұралары, қоғамның моральдық бастауы жатады.
Бұл қылмыстың Заттары — тауарлар мен басқадай заттар.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өтуге шектеу
салынған заттар тізбесі сол қаулының №6 тіркемесінде берілген, оған ғылыми,
көркемдік, тарихи немесе мәдени құндылығы бар заттар, есірткі затына
жатпайтын дәрі-дәрмектер, радиоэлектрондық құралдар, байланыс құралдары
және жоғары жиілікті құрылғылар, жарқырауық тастардың (құнды тастардан
басқа), коллекциялық және сирек минералдардың, палеонтологиялық
қалдықтардың үлгілері, авто-мото көлік құралдары және басқалар кірген.
Республикасының кедендік аумағына алып кірумен немесе сол аймақтан алып
шығумен байланысты әрекет жасау, оған халықаралық жіберулер мен өткізу,
құбырмен тасымалдау көлігін және электр жүйесін пайдалану да кіреді.
Көрсетілген әрекеттерге мыналар жатады: Қазақстан Республикасының кедендік
аумағына тауарларды және көлік құралдарын алып кіру, оның ішінде, еркін
кедендік қоймалардың аумағына Қазақстан Республикасының кедендік аумағының
қалған бөлігіне алып кіру — Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын іс
жүзінде кесіп өту; басқа жағдайларда — Қазақстан Республикасының кедендік
аумағынан тыс жаққа, не еркін кедендік зоналар аумағына, немесе еркін
тауарлар мен көлік кұралдарын алып шығу ниетін жүзеге асыруға тікелей
бағытталған әрекеттер жасау, атап айтқанда — кедендік декларация беру.
Сонымен, тауарларды немесе басқа заттарды алып кіргенде Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы іс жүзінде кесіп өтіледі, ал алып
шыққанда — кедендік декларация беріледі. Сондықтанда, Қазақстан
Республикасының кедендік аумағына алып кіргенде, оның ішінде еркін кедендік
зоналар аумағы мен еркін қоймалардан кедендік аумақтың басқа бөлігіне алып
кіргенде тауарлар мен басқа заттардың кедендік шекараны іс жүзінде кесіп
өткен кезінен бастап, ал тауарларды кедендік аймақтан алып шыққанда,сондай-
ақ оларды Қазақстан Республикасы кедендік аумағының қалған бөлігінен еркін
кедендік зоналар аумағына және еркін қоймаларға
алып кіргенде — кедендік декларация берген кезден бастап контрабанда
аяқталған қылмыс болып саналады.
Алып өту мына тәсілдердің біреуі арқылы жасалуы мүмкін:
1) кедендік бақылауды айналып өту;
2) кедендік бақылаудан жасыру;
3) кедендік ұқсастыру құжаттарын немесе құралдарын алдап пайдалану;
4) декларация жасамау;
5) кедендік шекара арқылы алып етуге тыйым салынған немесе шектеу
салынған заттар мен құндылықтарды жалған декларациялау.
Басқа жерлерден және Қазақстан Республикасы кеден органдарының
жұмысынан тыс уақытта тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасын тек Қазақстан Республикасы кеден
органдарының рұқсатымен ғана кесіп өте алады.
Контрабанда жасаудың екінші тәсілі — тауарларды немесе өзге құндылықтар
мен заттарды жасыру, оларды құпия жерге тығу немесе табуды қиындататын
басқа әдістер қолдану немесе затқа басқа заттың түрін беру.
Заттарды кеден бақылауынан жасырып қалу үшін қолданылатын айланың түрі
көп. Заттарды, мысалы, киімге, аяқ киімге, бас киімге, қобдиша түбіне,
таяқ, шатыр саптарына, тағам ішіне тығады.
Контрабанданың үшінші тәсілде кеден органдарына, сондай-ақ шекара
бақылауын жүзеге асыратын адамдарға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған,
жалған, сондай-ақ жалған мәліметтер кірген құжаттар ұсынады, жасанды
мөрлер, мөртабандар, пломбалар, кедендік ұқсастырудың басқа да сондай
құралдарын пайдаланады немесе басқа объектілерге жататын шын ұқсастыру
құралдарын ұсынады.
Бұл тәсіл контрабанданың ең көп таралған және қауіпті түрлерінің. бірі,
себебі — құжаттарды алдамшы жолмен қолдану арқылы шетелге әртүрлі құнды
шикізат пен материалдарды, қуат көздерін (мұнай, бензин. мазут), т.б.
көптеп алып кетуге мүмкіндік туады. Мұндай ірі масштабты операциялардан
мемлекет оңдаған, жүздеген мың доллар зиян шегеді.
Контрабанданы осы тәсілмен жасағанда айыптының әрекетін құжаттарды
бұрмалағандығы немесе қолдан жасағандығы үшін қосымша саралаудың
қажеттілігі жоқ, себебі бұл әрекеттер контрабанда жасаудың осы тәсілінің
міндетті нышандары болып табылады.
Контрабанда жасаудың төртінші және бесінші тәсілдерінде алып өтуге
тыйым салынған немесе шек қойылған не айналымнан алынған немесе басқа
құндылықтар мен заттарға қатысты, заңда белгіленген ережелерге сай кедендік
декларация беру міндетін орындамайды немесе дұрыс орындамайды.
Айыптының әрекетін осы бап бойынша саралау үшін тауарлар немесе басқа
заттар ірі мөлшерде өтуі тиіс. Осы бапқа берілген ескертуге сәйкес, егер
тауарлардың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса, контрабанда ірі
мөлшерде жасалған деп танылады.
Бұл қылмыстың субъективтік жағы — тіке ниет түріндегі кінә. Айыпты адам
тиісті тауарларды немесе басқа заттарды кедендік шекара арқылы ірі мөлшерде
өткізіп отырғанын түйсінеді, осы іс-әрекетті жасағанды қақпайды. Тауарлар
мен басқа заттарды алып өтудің балама тәсілдерінің кемінде біреуін адам
ойластыруы қажет.
Қылмыс субъектісі — жасы І6- ға толған, есі дұрыс адам.
Контрабанда бірнеше рет жасалынды деп саналады, егер ол екі немесе одан
көп рет жасалынса. Бұл жағдайда контрабанда үшін бұрынғы соттылығының
алынбағаны немесе жойылмағаны, не бұрын жасаған контрабандасы үшін адамның
қылмыстық жауаптылықтан босатылмағаны анықталуға тиіс.
Өз қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған лауазымды адамға
қызметтік борышы бойынша кеден немесе шекара бакылауын, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік немесе кедендік шекарасы аркылы өтетін
тауарларды немесе басқа құндылықтар мен заттарды қарауды жүзеге асыратын
және шекараны кесіп өтуге рұқсат беретін адам жатады. Аз қызмет бабын
пайдаланып осындай адамдар жасаған контрабанда лауазымдық қылмыстар туралы
қылмыстық заңның баптары бойынша қосымша саралауды талап етпейді.
Қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған өзге лауазымды адамдар
жалпы негізде жауапқа тартылады, яғни лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық
заң нормаларын қолдану көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша және осы
саралаушы нысанға сілтемесіз ҚК-тің контрабанда туралы бабының тиісті
бөлігімен жауапқа тартылады (ҚР Жоғарғы Сот Пленумы қаулысының 9 тармағы).
Контрабанданы кеден бақылауын жүргізуші адамға күш қолдану арқылы жасау
дегеніміз — күш қолдану немесе психикалық қысым жасау. Күш қолдануға ұрып-
соғу, денсаулығына әр дәрежеде (жеңіл, орташа немесе ауыр) залал келтіру,
т.б. жатады.

1.3 Ақша-несие саласындағы кейбір қылмыстар

Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану. Бұл қылмыстың негізгі
тікелей объектісі – банктердің және басқа несиелік мекемелердің
несиелік қызметі саласындағы қоғамдық қатынастар. Қылмыстың қосымша
объектісі – несие берушілердің мүліктік мүдделері. Қылмыстың заты –
несие, демеуқаржы не несиелеудің жеңілдікті шарттары. Несие дегеніміз –
ақша қаражаты немесе тауар түрінде берілген қарыз, оны қарыз алушы несие
берушіге қайтаруға тиіс.
Бұл қылмыстың объективтік жағы әрекет арқылы да, яғни несие, демеу
қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы,
қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не өзге де мән-жайлар туралы кепе-
көрінеу жалған мәліметтерді беру арқылы несие, демеуқаржы не жеңілдікті
шарттар алу жолымен, сонымен қатар әрекетсіздікпен де, яғни несиелеуді,
демеуқаржы беруді тоқтатуға, жеңілдікті алып тастауға не бөлінген несиенің
немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғуы мүмкін, кейін туындаған
мән-жайларды банкке немесе басқа несие берушіге хабарламау арқылы да жүзеге
асырылады. Бұл қылмысты жасаудың тәсілі — несие, демеуқаржы не жеңілдікті
шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі
немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар туралы көпе-көрінеу жалған
мәлімет беру.
Бұл қылмысты алаяқтық түріндегі ұрлықтан бөлектеп алу қажет, себебі,
бұл жағдайда айыпкер несие берушіден мүлікті тегін алуды мақсат тұтпайды,
келешекте оны қайтарамын деп ойлайды.
Қылмыстың субъективтік жағы — тікелей ниет түріндегі кінә. Жеке
кәсіпкер немесе ұйымның бастығы несие, демеу-қаржы не жеңілдікті шарттар
алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе
кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар жөніндегі ақпаратты көпе-көрінеу
жалған беріп, не несиелерді, демеуқаржы бөлуді тоқтатуға, жеңілдіктерді
жоюға, не бөлінген несиенің немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп
соғатын мән-жайлар туралы ақпаратты банкке немесе басқа несие берушіге
хабарламай несие, демеуқаржы нежеңілдікті шарттар алып отырғанын біледі
және соны қалайды.
Бұл қылмыстың негізгі тікелей объектісі — банктердің және басқа
несиелік мекемелердің несиелік қызметі саласында қалыптасқан қоғамдық
қатынастар.
Қылмыстың қосымша объектісі — несие берушілердің мүліктік мүдделері.
Қылмыс заты — несиелік берешек.
Несиелік берешек дегеніміз — несие берушіге белгілі бір мерзімде
қайтарылуға тиісті, қарызға алынған ақша қаражаты.
Қылмыстық, объективтік жағы ірі мөлшердегі несиелік берешекті өтеуден
әдейі жалтару болып табылады.
Несиелік берешекті өтеуден жалтару дегеніміз несиені шартта көрсетілген
мерзімде қайтармау. Егер, соттың тиісті шешімі күшіне кіргеннен кейін несие
қайтарылмаса, ал несие алушының оны қайтаруға мүмкіндігі болса, онда бұл
несиелік берешекті етеуден әдейі жалтару деп танылады.
Айыпкердің іс-әрекетін осы бап бойынша саралау үшін несиелік берешек,
осы бапқа берілген ескертуге сай, азамат-қарызгер үшін жүз айлық есептік
көрсеткіштен асатын сома немесе ұйым-қарызгер үшін екі мың бес жүз айлық
есептік көрсеткіштен асатын сома болуға тиіс.
Қылмыс құрамы — формальды. Бұл қылмысты аяқталды деп санау үшін тиісті
сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, өтеуге мүмкіндік бола тұрып
ірі мөлшердегі несиені қайтармау фактісі анықталса жеткілікті.Бұл
қарастырылып отырған қылмыстың субъективтік жағы — тікелей ниет түріндегі
кінә. Кінәлі адам ірі мөлшерден несиелік берешекті өтеу жөніндегі заңды
күшіне енген сот шешімін орындамай отырғанын біледі және өзінің несиелік
міндеттемелерін орындаудан жалтаруды қалайды.
Қылмыс субъектісі —16-ға толған азамат немесе ұйым басшысы.
Қылмыстың құрамы тіркеу, есептерді бекіту, бағалы қағаздармен мәміле
және сол мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздарды листингке қосу қор биржасы
немесе басқадай бағалы қағаздар рыногында мәміле жасау заты болып табылатын
бағалы қағаздарға рұқсат және оларды есепке алу сияқты бағалы қағаздарға
байланысты әрекеттерді қамтиды. Бұл әрекеттердің барлығын қор биржасы
орындалды, ол акционерлік қоғам нысанында жұмыс істейтін заңды тұлға болып
табылады. Оның міндеті бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздар саудасын
ұйымдастыру, олармен жасалған мәмілелерге кепілдік беру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар жайында
Экономикалық қылмыстың жалпы түсінігі
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі, құрамы және түрлері, тергеу ерекшеліктері
Құрылысы жағынан қылмыс құрамы материалдық
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаты
Зерттеудің объектісі - банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану қылмысы
Заңды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері туралы қазақша реферат
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері мен нысандарды қолдана отырып кәсіпкерлік қызмет субъектілерін жауапкершілікке тарту
Пәндер