Қаратөбе ауданының ауылшаруашылығының даму ерекшелігі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Сайнов М.

«Қаратөбе ауданының ауылшаруашылығының даму ерекшелігі»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011600 «География» мамандығы

Орал 2017 ж

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі

М. А. Галимов

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қаратөбе ауданының ауылшаруашылығының даму ерекшелігі»

5В011600-«География» мамандығы

Орындаған: Сайнов М.

Ғылыми жетекшісі: Тургумбаев А. А.

Орал 2017 ж

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универсиеті

Факультет: Жаратылыстану-география

Мамандық: 5В011600 География

Бекітемін

География кафедрасының

меңгерушісі

М. А. Галимов

«__»2017 ж

Дипломдық жұмысына тапсырма

Студент Сайынов Мұнайтпас

«___» №___ бұйрықпен бекітілген жұмыс тақырыбы:

«Қаратөбе ауданының ауылшаруашылығының даму ерекшелігі»

Дерек көздері

  1. Қаратөбе ауданы. Тарихи-танымдық анықтамалық - Орал: «Дастан», 2006 ж
  2. Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени және табиғат мұралары. Қаратөбе ауданы. - Орал: 2008 ж
  3. Қаратөбе ауданы. Тарихи-танымдық анықтамалық. 2 том - Орал: «Полиграф», 2009 ж
  4. Облыстың статистикалық жылнамалығы, 2010 - 2016 ж - Орал:2016
  5. Қаратөбе ауданының статистикалық жылнамалығы - Аудандық статистика басқармасы, 2015 ж

Сұрақтар тізімі немесе диплом жұмысының мазмұны

Ayдaнның физикaлық-экoнoмикaлық жaғдaйынa нapықтық қaтынacтapғa бaйлaныcты шapyaшылықты жүpгiзyдe көп әcep eтyдe, мiнe ocы жaғдaйлapды aшып көpceтy жұмыcтың бip мaқcaты бoлca, Қаратөбе ayдaнының тaбиғaт, xaлық, шapyaшылық epeкшeлiктepiн жaлпы түpдe қapacтыpып, тapиx көшiнiң бip yaқытындaғы, тyғaн жepдiң тaбиғaтын, xaлқын, шapyaшылығын түгeл жинaқтaп, бoлaшaқтa ocы caлaлap үшiн кәдeгe acaтын бipтұтac eңбeк жaзy.

Диплом жұмысының күнтізбелік кестесі

Бөлім, тақырып

атауы

Қызмет сипаты
Есеп беру уақыты
Ғылыми жетекші
Бөлім, тақырыпатауы:
Қызмет сипаты:
Есеп беру уақыты:
Ғылыми жетекші:
Бөлім, тақырыпатауы:
Қызмет сипаты:
Есеп беру уақыты:
Ғылыми жетекші:
Бөлім, тақырыпатауы:
Қызмет сипаты:
Есеп беру уақыты:
Ғылыми жетекші:
Бөлім, тақырыпатауы:
Қызмет сипаты:
Есеп беру уақыты:
Ғылыми жетекші:
Бөлім, тақырыпатауы:
Қызмет сипаты:
Есеп беру уақыты:
Ғылыми жетекші:
Бөлім, тақырыпатауы:
Қызмет сипаты:
Есеп беру уақыты:
Ғылыми жетекші:

Жұмысты тапсыру мерзімі «___» 201__ жыл

Жетекшісі Тургумбаев А. А.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 6

Бөлім 1. Ауыл шаруашылығы географиясын оқудағы әдістер.

1. 1. Ауыл шаруашылығы географиясы дамуына қосқан ғалымдар . . . 8

1. 2. Агрогеографияның қазіргі концепциялары . . . 9

1. 3. Ауыл шаруашылығы мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынас . . . 11

1. 4. Мал шаруашылығы мен өсімдік байланысын анықтайтын

жағдайлар . . . 16

1. 5 Қазақстанның өсімдік шаруашылығы» тақырыбы

бойынша сабақ жоспары . . . 21

Бөлім 2. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының агротабиғи жағдайлары мен ресурстары

2. 1. Қаратөбе ауданының агроклиматтың ресурстары . . . 24

2. 2. Ішкі сулары . . . 26

2. 3. Топырақ, өсімдік жамылғысы . . . 29

2. 4 Қаратөбе ауданының әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштері . . . 34

Бөлім 3. Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығының даму деңгейі

3. 1. Ауданның мал шаруашылығының даму деңгейі мен

орналасу факторлері . . . 40

3. 2. Өсімдік шаруашылығы ерекшелігі . . . 47

3. 3. Мал шаруашылығының тауарлы салалары . . . 54

3. 3. 1. Мүйізді ірі қара . . . 57

3. 3. 2. Қой шаруашылығы . . . 59

3. 3. 3. Жылқы шаруашылығы . . . 61

3. 3. 4. Түйе шаруашылығы . . . 63

3. 3. 6. Құс шаруашылығы . . . 64

Қорытынды . . . . 67

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 69

Кіріспе

Батыс Қазақстан облысы халық шаруашылығының құрамына кіретін агроөнеркәсіп кешенінің маңызы өте зор. Облыс бойынша агроөнеркәсіп кешені күрделі салааралық байланыстардан тұрады. Оның негізгі құрамы ауыл шаруашылығы, сонымен бірге тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы машиналарын жасайтын өндіріс, құрылыс индустриясы, көлік, т. б. арнайы кәсіпорындар кіреді.

Басқа өндіріс салаларынан айрықшаланатын ауыл шаруашылығының басты ерекшелігі, күннің кинетикалық энергиясының органикалық заттардың потенциалды энергиясына айналуынан болды. Бұл процесс жасыл өсімдіктерде жүреді және ауыл шаруашылық өсімдіктердің барлығы органикалық емес заттардың органикалық заттарға синтезделуі осында жүреді. Жасыл өсімдіктер ғарыштық энергия көзін жер беті тіршілік үрдістерімен байланыстырады. Өсімдіктер күн энергиясын өзгертілген формада жұтушы және сақтаушы. Мәдени өсімдіктер және ауыл шаруашылығы малдары адамзат еңбегінің өнімі ғана емес, сонымен қатар энергияның бір түрін екінші түрге айналдыратын ауыл шаруашылығы өндірісі, тірі машина болып саналады. Күн энергиясы жер бетіне бір күн ішінде немесе жылда тегіс таралмайды. Осыдан ауыл шаруашылығының маусымдық еңбегі қалыптасады.

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының агротабиғи ресурстары ауыл шаруашылығы өндірісінің және оның бөлек маманданған бөлшектерінің нақты схемасын құрады. Қазіргі кездегі ауыл шаруашылығы облыстың 15, 0 млн га жер ресурсының 91% -ын алып жатыр. Оның құрылымында жыртылған жер - 4, 1%, жарамсыз жерлер - 7, 3%, шабындық жерлер - 8, 8, % және жайылым жерлер - 79, 6 % құрайды. Олар облыс территориясында тегіс таралмаған [1, б 74] .

Зерттеу мақсаты: Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы ауыл шаруашылығының халық шаруашылығындағы маңызы даму өзгерісінің деңгейін зерттеу.

Зерттеу объектісі: Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы.

Зерттеу пәні: Қаратөбе ауданыныңауыл шаруашылығының мал шаруашылығына мамандануы мен тиімділігінің табиғи ресурстар мен табиғи жағдайларға тәуелділік деңгейі.

Зерттеу әдісі: математико-статистикалық және картографиялық әдіспен қоса ғылыми әдіс қолданылды. Бұл жұмыста Қаратөбе аудананың ауыл шаруашылық округтарына қатысты материалдар қолданылды. Бұл ауданның ауыл шаруашылығының табиғи жағдайы мен кеңістіктік ерекшеліктерін тануға нақты мүмкіндік берді.

Жұмыстың практикалық маңызы: дипломдық жұмыстың қорытындысы жергілік жердегі, аудандық ауыл шаруашылық өндірісіндегі жергілікті мамандарға көмек болады және жергілікті жердің географиясын оқытуда мұғалімдерге және студенттер мен оқушыларға көмек болады.

Жұмыстың тапсырмасы:

1. Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығының құрылымы мен дамуына әсер ететін табиғат ресурстары мен жағдайларын қалыптастыру;

2. Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығының дамуы мен таралуына әсер ететін табиғат жағдайларын оқу;

3. Ауданның агроклиматтық жағдайларын ескере отырып, мал шаруашылығына мамандануы мен динамикасы көрсету мен қазіргі ерекшеліктерін оқу және оның таралуы мен дамуына табиғат жағдайларының әсері.

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қортындыдан, 23 әдебиет тізімінен, сонымен қатар 19 кестелермен, 8 суреттермен, картосхемалармен көрсетілген.

Бөлім 1. Ауыл шаруашылығы географиясын оқудағы әдістер.

1. 1. Ауыл шаруашылығы географиясы дамуына қосқан ғалымдар

Аты әлемге әйгілі ғалым, А. Н. Ракитников ауыл шаруашылық географиясындағы ірі мамандардың бірі. Ол Орта Азия, Қазақстан, Украина және Ресейдің көптеген аудандарына, сонымен қатар Каспий маңы ойпаты, төменгі Волга және Дон, Батыс Сібір және Орталық Ресейге жасалған көпжылдық экспедициялық зерттеулерінің арқасында және өңдеуді пайдалану әдісіне, территоряны ұйымдастыруға және ауыл шаруашылық типологиясын аудандастыруға көп үлес қосты. А. Н. Ракитников ХХ ғасырда, яғни 1903-1994 жылдары өмір сүрген. Оның өмір жолы елде болған әлеуметтік өзгерістермен байланысты болды. Ол Саратов губерниясында дүниеге келген [2] .

Әкесі - агроном, қоғамдық жұмыстармен айналысып, 1905 жылы болған төңкерісте шаруалардың құқықтарын қорғауға өз үлесін қосқан. Осының әсерінен оның отбасы қуғыншылыққа ұшырап, Якутияға жер аударылған. Бірақ 1907 жылы әкесі отбасымен Петербургқа келіп, Францияға көшіп кеткен. Парижде Андрей Николаевич француз орта мектебін бітірген, сондықтан ол француз тілін жетік меңгерген. 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін Ракитниковтар отбасы қайта Ресейге оралған. ХХ ғасырдың басында Ракитников Саратов ауылшаруашылық институтында оқып, Н. А. Вавилов, И. М. Тулайков сияқты атақты ғалымдардан дәріс алған. Бұл ғалымдардың ауыл шаруашылық пен табиғи ортаға деген көзқарасы А. Н. Ракитниковтың әлемдік көзқарастың және шаруашылық аумақтың географиялық шиеленісіне деген қызығушылығына үлес қосты. 1924 жылы институтты бітіргеннен кейінгі А. Н. Ракитниковтың еңбек жолы Ғылым Академиясының Қазақстан, Орта Азияның табиғи ресурсы мен аумақты игеру шаруашылығы экспедицияларынан басталды. Маршруттық жорықтары Қырғызстан және Оңтүстік Қазақстан Қызылорда мен Орал облысына дейін жалғасты. Көшпелі жайылымдық шаруашылықтан отарлық жайылымдық мал шаруашылығына көшу үрдісі «Тянь-Шань и Иссыккульская котловина» монографиясында көрсетілген. Бұл жұмысы үшін А. Н. Ракитниковқа география ғылымы кандидаты атағы берілді [3] .

30-жылдардың ортасында Н. Н. Баранскийдың шақыртуымен Мәскеу университетінің география факультетіне тұрақты жұмысқа қабылданып, бүкіл еңбек жолы осында өтті. Мұнда ол халық шаруашылығы тарихы, техника-экономикалық негіздері және ауыл шаруашылық географиясы курстарынан дәріс жазып, көптеген жылдар бойы оқып жүрді. Соғыстан кейінгі жылдары А. Н. Ракитников Мәскеу университетінің география факультетінің экспедицияларына қатысты. Көп жылдық зерттеулердің нәтижесі 1962 жылы М. А. Глазовский мен А. Н. Ракитниковтың жетекшілігімен «Природа и сельское хозяйство Волго Ахтубенской долины и дельты Волги» деген монография жарық көрді. Экономикалық-география жұмыстарына жетекшілік еткен А. Н. Ракитниковке Мәскеу университетінің Ломоносов жүлдесі ұсынылды. 50-жылдардың екінші жартысында А. Н. Ракитников Өзбекстанның Самарқанд және Бұхар облысының ауылшаруашылық аумақтарына зерттеу жорықтарын ұйымдастырды [4] .

1. 2. Агрогеографияның қазіргі концепциялары

Ауыл шаруашылығы ерте заманғы географиялық ғылымдардың қатарына жатады, бірақ қазіргі түрі соңғы 2 ғасырда қалыптасқан. XIXғ, сонымен қатар XXғ саясы, әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа қарамастан, Ресей XIXғ-дың басында-ақ бұл ғылымның маңызды дүниежүзілік орталығына аналды. Біздің еліміздің ауыл шаруашылық географиясын зерттеумен жаратылыстану және қоғамдық ғылымның атақты ғалымдары айналысты [4] .

XX ғ. ірі географиялық қатарына советтік агрогеографиялық өкілі Н. И. Ракитников жатады. Ол Ресей және шетел зерттеушілері Н. И. Вавилов, Н. Д. Кондратьев, Н. М. Тулайков, А. В. Чаянов, А. А. Рыбниковтың жазбаларын қолдана отырып, XXғ IIжартысында агрогеографиялық ғылыми мектептің негізін қалады. Жарты ғасырдан астам ол еңбек еткен М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің География факультеті 1934 жылдан бастап тек қана агрогеограф кадр мамандарын дайындау орталығы ғана емес, сонымен қатар дүниежүзілік деңгейдегі ауыл шаруашылық географиясын оқытудың ғылыми-зерттеу орталығы болды [5] .

Н. Н. Баранский А. Н. Ракитниковты МГУ-ға шақырып қана қоймай, оған сабақ беріп және географияның кешенділігінің басты принциптерін үйретті. Сонымен қатар ол экономикалық-географиялық және табиғи ауыл шаруашылық зерттеулердің функцияларын нақты айыра білді. Оның ойынша ауыл шаруашылық географиясы нақты тапсырмалардың экономикалық-географиялық пәні болды. А. Н. Ракитников дүниежүзілік агрогеографияны жалпы теориялық және қосымша, локальды және ғаламдық деңгейде зерттеп, өзінің бағаланбас еңбегін қалдырды. Өкінішке орай оның көптеген еңбектері тек қана журнал, жинақ кітапшалар беттерінде ғана жарық көрген. Бірақ әрбір еңбегі материалдық өндірістің күрделі бір саласы - ауыл шаруашылық географиясы және оның заңдылықтарын зерттеуде классикалық үлгі болып қалады. А. Н. Ракитниковтың ғылыми еңбектерінің бастысы және аз зерттелгені болып шетелдің ауыл шаруашылық географиясы және дүниежүзілік агросфера табылады. Орыс интеллегентінің жоғары мәдениеті, кең эрудициясы, шет тілдерін білуі, шетел және советтің ауыл шаруашылық географиясына деген қызығушылығы оған: 1. Шетел ғалымдарының жетістіктерін салыстыра отырып Совет үкіметін жоғары ғылыми деңгейде зерттеуге; 2. СССР-дің түрлі аудандарының ауыл шаруашылығын шетелдермен салыстыру; 3. Географиялық қоғамның дүниежүзілік агрогеографиялық әдебиетке деген қызығушылығын қолдап, дүниежүзінің ауыл шаруашылық географиясы мен эволюциясының заңдылықтарын ашуға мүмкіндік алды [5] .

А. Н. Ракитников көрсеткендей дүниежүзілік ауыл шаруашылықтың классификация түрлеріне бірдей сипатталатын қажетті көрсеткіштер:

1. шаруашылықтың әлеуметтік типтері;

2. қоғамдық еңбек бөлінісінің жүйелі шаруашылықта алатын орны;

3. шаруашылықты жүргізу әдістері [5] .

1980 жылдары А. Н. Ракитников басшылық жасаған ММУ мен КСРО АН-ң географтар тобы «ауыл шаруашылық өндірісінің қоршаған ортаға әсері» тақырыбында КСРО-ЮНЕП (ББҰ-ң қоршаған орта бойынша бағдарламасы) халықаралық жобасы аясында дүниежүзілік ауыл шаруашылығы типтеріне экономикалық-географиялық зерттеу жүргізді. Шыққан қорытынды кітабының алғы сөзінде ол еңбек өнімділігінің, қолданылатын жерлердің ауыл шаруашылық өнімділігінің өсуімен сипатталатын ауыл шаруашылық өндірістік формалардың төменгі табиғи шаруашылық типтерінен жоғары өнімді түрлеріне дейінгі өзінің тиімді эволяция теориясын баяндады. А. Н. Ракитников ауыл шаруашылығы өндірістік типінің дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық және материалдық-техникалық критерийлерін (талаптарын) көрсетті: экономикадағы ауыл шаруашылығының орны, тауарлығы, өндірістік құралдарымен қамтылуы, экономиканың басқа салаларымен байланысы, энергетикалық негіз [6] .

Ол саланың негізгі тарихи даму этаптарына сәйкес келетін 6 өндірістік тип топтарын бөлді: ауыл шаруашылығының меңгеруші салалары этапынан аграрлы-өндірістік интеграция этапына дейін. Әрбір этапқа ол өндірістік типтің басты белгілерін бекітті (зат айналымындағы мал шаруашылығы мен жер өңдеудің өзара байланысы, өндірістік интенсификациялану деңгейі) . Осы кітапта ол КСРО ауыл шаруашылық типтеріне арналған бөлім мен 80-жылдардың соңындағы жағдайды көрсететін картаны берді. Сол жылдары ол өзінің Орта Азия мен Қазақстан, Еділ бойы мен еліміздің өзге құрғақшылық аудандарының ауыл шаруашылығын зерттеу тәжірибесін қолдана отырып ЮНЕП-тің басқа халықаралық «Құрғақ жерлерді дамыту және шөлденумен күрес: интеграциялық шешім» жобасын жүзеге асыруға қатысты. Жалпы ауыл шаруашылығының табиғи ортамен байланысын зерттеу оның бүкіл ғылыми жұмысында лейт-мотив болып өтеді. Географияның бұл күрделі тақырыбы біздің заманымызда даралар ғана білетін энциклапедиялық білімдер мен кешенді ойлауды қажет етеді. Осындай ерекше дара зерттеушілердің бірі А. Н. Ракитников болды [7] .

А. Н. Ракитниковтың өмірінің соңғы жылдары әлемнің агрогеографиясымен байланысты, соның ішінде азық-түлік пен экологиялық тұрғыдағы ғаламдық мәселелерге көп қызығушылық танытты. Әдеттегідей ол дәстүрлі зерттеулер елемейтін, аштық географиясына себеп болған, алуан түрлі факторларды есепке алуға тырысты. Жекелеген түрде ол өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерінің әлемдік бағалары арасындағы байланысты, тұтыну географиясы мен ауыл шаруашылық саудасы арасындағы қарым-қатынасты зерттеді [8] .

Қазіргі заманғы дүниежүзінде белең алған нарықтық қатыныстың ғаламдық таралуы, әлеуметтік қатынастың шиеленісуі, кең байтақ территориядағы кедейлік пен аштықтың сақталуы бүгінгі күні де басты мәселелер болып қалуда.

1. 3. Ауыл шаруашылығы мен табиғи орта арасындағы өзара қарым-қатынас

Ауыл шаруашылығының территориалдық дифференцияциясы табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторлармен, техникалық қамсыздандырылу деңгейімен, еңбек ресурсы қорымен, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымның даму ерекшеліктерімен, ауылдық елді мекен халқының өмір сүру жағдайларымен анықталады. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының әрбір этапында шаруашылықты жүргізу жүйелері ауыл шаруашылығы өндірісінің интенсивтілік деңгейін сипаттайды. Жақсартылған егін және мал шаруашылығы жүйелеріне алмасу территорияның табиғи потенциалын толық пайдалану есебінен ауыл шаруашылық өнімділігі мен тиімділігін арттыруға түрткі болады. Сондықтан белгілі бір ландшафттар территорияның табиғи потенциалын пайдалану деңгейінен көрініс береді. Бірақ бұл жағдайда әрбір әлеуметтік-экономикалық периодта өндірістің техникалық қамтылу деңгейін, тіркелген экономикалық ресурстарды есепке ала отырып түрлі типтегі табиғи орта ауыл шаруашылығының оптималды интенсивтілік деңгейін бекіту қажет[7] .

Табиғи орта мен ауыл шаруашылығы арасындағы өзара қарым-қатынасқа өз еңбектерінде географтар, ал соңғы кездері экологтар да көңіл бөліп жүр. Ауыл шаруашылығы орналасуы заңдылықтарын алғаш болып XIXғ И. Г. Тюнен көрсетті. Оның пікірінше түрлі шаруашылық жүйелерінің өнімді тұтыну нарықтарына қатысты орналасуы жер ренталарының дифференциалды көрсеткіштерімен анықталады. Қолданбалы жаратылыстану-ғылыми дисциплинаның, физикалық географияның, ландшафттанудың дамуы алуан түрлі табиғи ортаның жерлерді қолдану сипатына және ауыл шаруашылығының әсерін одан әрі тереңірек түсінуге мүмкіндік берді [9] .

Сөйтіп, агроклиматологтардың еңбектеріндегі белгілі бір мәдени өсімдіктерді өсіруге жағдай жасайтын түрлі табиғи зоналар мен провинциялардағы ылғалдану жағдайлары мен жылу қорын сипаттаушы көрсеткіштер жүйесі негіз тапқан. Соған байланысты П. И. Колосов ауыл шаруашылық мәдениетінің биоклиматологиялық классификацияларын, топырақтың климат туралы ілімін, биолкиматтық потенциал (қор) формуласын жасады. А. Н. Ракитников жұмыстарында табиғи ортаның түрлі типіндегі территорияның ұйымдастырылуы мен жерлерді пайдалану сұрақтарына көп көңіл бөледі [8] .

Экологтардың қолданбалы зерттеулерінде ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен табиғи экожүйелердің өзара қарым-қатынасын эерттеу арқылы модельдеу мен жүйелік анализ әдістерін жасау маңызды орын алады. Көптеген әдістемелік және ұйымдастырушылық сұрақтардың шешілуіне байланысты табиғи экожүйелер мен ауыл шаруашылық кәсіпорындары қарым-қатынасына қатысты ірі халық шаруашылығы мәселелері де жеңілдейді. Ю. Одум ұзақ мерзімді мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми дисциплиналарды (пәндерді) біріктіруге ұсыныс жасайды. Ғылыми дисциплиналардың бірде-біреуі, мысалы агрономия, жеке бір өзі дүниежүзінің азық-түлік мәселесін шеше алмайды. Кейбір авторлардың пікірінше, табиғи экожүйелермен салыстырғанда ауыл шаруашылық жүйелерінің құрылымы әлдеқайда күрделірек. Яғни ауыл шаруашылық жүйелерінің қызмет етуі ішкі байланыстың қарапайым қарым-қатынасы мен тұрақтылық нәтижесінде емес, одан күрделірек жағдайда жүзеге асады. Жиі модельдер математикалық сипаттауға келмейді, мысалы, анықталған ауыл шаруашылығын жүргізу жүйелері [10] .

Кейбір экологтар қолданбалы ғылымдармен айналыса отырып, адам мақсаттарына бейімделген, түрлермен жұмыс істейтіндерді, яғни ауыл шаруашылық қызметкерлерін табиғат пен жаратылыс жүйелерін зерттеушілерден, яғни биологтар мен экологтардан бөліп алу ұсынысын жасайды. Ауыл шаруашылығы мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынасты оптимизациялау жолдарын іздеу актуалдылығы, кейбір экологтардың ойынша, мынадан бастау алады: егер табиғатпен шиеленіс ауыл шаруашылығынан басталса, тепе-теңдікке деген жақындасу да сәйкесінше ауыл шаруашылығынан басталсын [11] .

Табиғи экожүйелер мен ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өзара қарым-қатынасын кешенді түрде қарастыру мақсатында қарастырылып отырған кітапқа «агроэкожүйе» түсінігі енгізілген, бірақ бұл терминді түрлі авторлар түрліше түсіндіреді. Ю. Одум пікірінше, «агроэкожүйелер - бұл шалғындар, ормандар сияқты жасанды экожүйелер арасындағы орын алатын «үй кейпіндегі экожүйелер». Бірақ «аралық орын» мен экожүйелердің «үй кейпіне енуі» ұғымдары әлі де түсініксіз болып қалып отыр. К. Спеддинг сияқты басқа экологтардың ойынша «өз табиғаты бойынша ауыл шаруашылық жүйелері негізінен экономикалық болып табылады». Бірақ әрмен қарай көрсетілгендей: «қоршаған ортада әрекет етуіне қарамастан, олардың құрылымы эколог мамандардың ауыл шаруашылық өндірісінің мақсаттарын айқынырақ көрсетеді». Мұндай пікір шиеленіске әкеп соғады, себебі бір жүйелер бір уақытта экономикалық та, табиғи да бола алмайды, оған себеп - біреуі де, екіншісі де түрлі даму заңдары бойынша қызмет етеді. «Агроэкожүйе» түсінігі мазмұнына тағы бір көзқарас бар. Ауыл шаруашылығында біздер көбінесе экологиялық, экономикалық, әлеуметтік жүйелерді интеграциялайтын «супер жүйелермен» жұмыс істейміз. Бірақ бұл кезде аталған «супержүйелер» қандай жүйелер категориясына жатады, қандай заңдар негізінде қалыптасып, қызмет етеді деген сұрақтар туады. Бұл сұрақтарға жауапты біз қарастырылып отырған жұмастан таба алмаймыз [9] .

Географиялық ғылымның маңызды ғылыми дисциплинасы (пәні) экономикалық-географиялық айналым ретінде ауыл шаруашылық географиясы тұрғысынан біз табиғи орта мен ауыл шаруашылық территориалдық жүйенің қарым-қатынас мәселесіне өзгеше көзқарастамыз. Жүйелер теориясында өз табиғаты бойынша түрлі жүйе типтерінің әсерлесуіне арналған бөлім орын тебеді. Бұл тұрғыдан табиғи экожүйелер мен ауыл шаруашылық өндірісінің өзара әсерлесуін қарастыруға болады. Күрделі басқарылатын өндірістік-территориалдық жүйелер ретінде қызмет ететін ауыл шаруашылық өнеркәсібінің түрлі типтері күрделі табиғи-экологиялық өзін-өзі басқаратын жүйелермен тұрақты байланыста болады. Қызмет ету заңдылықтары бойынша бұл жүйенің күрделі сипатының мәні - оның әрқайсысының екінші және үшінші реттегі жүйелер болып табылатын жүйе тармақтарынан тұрады, ал олардың жиынтығы нақты территориалды құрылымдарда көрініс табады [11] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаратөбе ауданы ұлы отан соғысы жылдарында
Қаракөл шаруашылығы
Қаратөбе ауданындағы шағын және орта бизнестің дамуын талдау жұмысы
Геологиялық бөлім
Қаратау би
Сайрам ауданына тарихи-өлкетанулық шолу
Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы
Жаздық бидай дақылы
ГЕРЕФОРД БҰҚАЛАРЫ, АҚБАС СИЫРЛАР
Сыр бойының жыраулық мектебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz