Қаржылық есеп беру - компанияның қаржы-шаруашылық қызметі талдаудың көзі



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қаржылық есеп беру - компанияның қаржы-шаруашылық қызметі талдаудың көзі

ЖОСПАР

1. Қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың мазмұны
2. Ішкі және сыртқы қаржылық талдаудың ерекшеліктері
3. Талдау процедуралары: қаржы-шаруашылық қызметін жедел талдау және терең талдау
4. Компанияның мүліктік және қаржылық жағдайы көрсеткіштерінің жүйесі
5. Негізгі қаржылық коэффициенттері: өтімділік коэффициенті, іскер белсенділік коэффициенттері, төлем қабілеттілігі (несие қабілеттілігі) коэффициенттері, нарықтық белсенділік коэффициенттері.

1.Бұл тақырыптың негізгі мақсаты - компанияның қаржылық жағдайын диагностикалауға осы заманғы техниканы зерттеп білу, бар ресурстардың басқару сапасын байқап білу.
Қаржылық талдауда жаңа әдістер қолдану өткен мерзімдегі жетістіктер мен
сәтсіздіктерге себепші болған факторларды уақытылы анықтауға, резервтерді айқындауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, талдау жаңа әдістерін меңгеру қаражаттар қатыстыруға, несие алуға қажет. Нарық жағдайында қаржы салу үшін потенциалды инвестор белгілі параметрлер бойынша сіздің кәсіптің тәуекелін және табыстылығын зерттейді.
Талдаудың міндеттеріне сәйкес, оның шешетін проблемаларын екі түрге бөлуге болады: ішкі және сыртқы. Талдаудың мазмұны және бағыттары оны жүргізушілердің ерекше тілектеріне байланысты болып келеді.
Ішкі талдау бірнеше түр тармағына бөлінуі мүмкін және әртүрлі мақсатта компания менеджерлері, немесе арнайы осы үшін қатыстырылатын фирмаларда жүргізіледі.
Сыртқы талдауды бар және потенциалды кредиторлар; іс байланыстардың сенімін анықтаушылар, өнім және қызмет сатып алушылар мен жабдықтаушылар; салық және басқада мемлекеттік бақылау үйымдары, компанияның потенциалды меншік иелері жүргізеді.
2.Потенциалды кредиторлардың талдау мақсаты - компанияның жалпы қаржылық жағдайын және қаржылық тұрақтылығын, ақшалық ағындардың сенімділігі және қаржылық тұрақтылығын, ақшалық ағындардың сеімділігі және
тұрақтылығын, салынған қаржыларды қайтару мүмкіндігін, қаражаттардың нақты қайтару мерзімдерін, жобаға салынған қаржылардың табыстылығын және активтердің ликвидтілігін, компанияның банкроттыққа ұшырау мүмкіндіктерін бағалау.
Потенциалды меншік иелері (акционерлер) үшін алдымен компанияның құны және оның табыстылығы маңызды. Олар компанияның қызмет қорытындысын басқа компаниялардың қорытындыларымен салыстыру, тәуекел көлемін, даму келешегін.
Инвесторларды ағым және келешектегі табыс пен тәуекелдің деңгейі қызықтырады. Инвесторлар жалпы қаржылық жағдайды, экономикалық және саясаттық шарттарды, өндірістік факторларды және компанияның келешегін ескере акцияларды бағалайды, акцияларды нарық құны мен салыстырып баға деңгейін анықтайды.
Ішкі және сыртқы қаржылық талдаудың мәліметтік негізінде кейбір айырмашылықтар бар. Талдаудың жалпы үлгісі ең бастысын белгілеу үшін жалпы көрсеткіштерден жекелері көшуді көздейді. Бірақ, сыртқы аналитикалық ресми мәліметтермен шектелуге мәжбұр болса, ішкі аналитиктер бұлардан басқа компанияда қойылған басқару есепке сәйкес және қол жетерлік қайсыбір алғашқы мәліметтерді қолданыла алады. Бірақ, компанияның қаржы-экономикалық жағдайын анықтау үшін қандай мәліметтерді талап ететіні әдетте есептіктердің стандарттық түрі бойынша экспресс-талдау жүргізгеннен кейін түсінікті болады.
3.Жедел - талдау (экспресс) - ішкі және сыртқы талдаудың ажыратылмайтын бөлігі. Айырмашылығы сыртқы талдаушылар көбінесе жедел талдау мен шектелуге мәжбүр, ал ішкі талдаушылар үшін бұл терең талдау процессінің бірінші кезеңі.
Кейде жедел талдауды - талдаудың ең жіңішке түрі деп те түсінеді: есептіктердің нысандарымен түсіндірме хатымен және аудиторлық қорытындымен танысу.
Жедел талдау әдетте компанияның мүліктік жағдайын бағалаудан басталады. Мүліктік жағдайдың ең қолайлы индикаторлары (өлшем аспаптары):
1. Компанияның қарауындағы мүліктің жалпы сомасы (яғни баланс валютасы). Баланс валютасын зерттеу компанияның қызмет көлемін бәсекелес компаниялар мен салыстыруға, есеп мерзімінде болған өзгерістерге баға беруге мүмкіндік береді. Бұл жерде айта кету керек, өздігінен активтердің көбеюін әлде азайуын бір мағыналы түсінуге болмайды.
Сонымен, баланстың валютасын бағалау келешекте талдау жүргізгенде неге көңіл аудару керек екенін көрсетеді.
2. Баланстың пассив құрылымын зерттеп компанияның қаржылық тұрақсыздығы себептерінің бірін белгілеуге мүмкіндік береді
3. Ұзақ мерзімді қаржылық салымдардың бар болуы компанияның инвестициялық бағыты бар екенін көрсетеді.
4. Компанияның активтер құрылымындағы материалдық емес активтердің бар болуы компанияның таңдаған стратегиясын инновациялық ретінде жанама түрде сипаттайды, себебі ол өз қаржыларын, патенттерге (белгілі бір кәсіп қылуға құқық беретін куәлік), технологияларға басқа да интелектуалды меншікке салғаны.
Жалпы түрде баланстың жақсы деген белгілері ол:
1) баланстың валютасы есеп жылының аяғында, мерзімінің басымен салыстырғанда көбеюге тиіс;
2) айналым активтерінің өсім қарқыны (%) ұзақ мерзімді активтердің өсім қарқынынан жоғары болуға тиіс (%);
3) компанияның меншік капиталы абсолюттік түрде зайым капиталынан асуы керек және оның өсім қарқыны(%) зайым капиталының өсім қарқынынан жоғары болуға тиіс;
4) дебиторлық және кредиторлық берешектердің өсім қарқындары шамамен бірдей әлде кредиторлық берешек сәл жоғары болуға тиіс;
5) баланста Жабылмаған шығын (054) бап болмауға тиіс, яғни (054) жол бойынша сан жақшасыз болуға тиіс;

4.Мүліктік жағдай туралы белгілі мәліметтерді негізгі қызметте іс әрекеттегі және іс әрекеттегі емес активтердің ара қатынасын зерттеп алыға болады.
Жалпы түрде, тіпті алаңдауға ешқандай белгі болмаса да, мүліктің ұтымсыз құрылымы, оның сапасыз құрамы компания жағдайын нашарлауына әкелуі мүмкін.
Мүліктік жағдайды талдау коэффициенттерді қолданумен толықтырылуы мүмкін: Олар келесі коэффициенттер: мүліктің тозуы, жарамдылығы, жаңартуы, іске аспай қалуы.
а) Мүліктік жағдайын және тозық деңгейін талдау үшін екі негізгі коэффициент қолданылады:
жиналған амортизация сомасы
1. Тозу коэффициентті = ----------------------------------- ------
негізгі қорлардың алғашқы құны

негізгі қорлардың қалдық құны
2. Жарамдылық коэффициентті = ----------------------------------- ------
негізгі қорлардың алғашқы құны

б) Негізгі қорлардың қимылын сипаттауға келесі коэффициенттер қолданылалы:
түскен негізгі қорлардың құны
1. Түсу коэффициентті = ----------------------------------- ------------------
негізгі қорлардың мерзімі аяғындағы құны

2.Іске аспай қалу іске аспай шығып қалған негізгі қорлардың құны
коэффициентті = ----------------------------------- ----------------------------
негізгі қорлардың мерзім басына құны

3. Ауыстыру шығып қалған негізгі қорлардың құны
коэффициентті = ----------------------------------- ----------------------------
түскен негізгі қорлардың құны

Айта кететін жағдай, барлық жоғарыда аталып өткен көрсеткіштер жыл басына, жыл аяғына және орташа бір жылға проценттік әлде үлес бірлігінде есептелінуі мүмкін.
Сонымен қатар, өндірістік кәсіпорындардың негізгі қорларын талдау үшін олардың тиімділігі мен қолдануын сипаттайтын келесі көрсеткіштер есептелінеді:

түсім
- қор қайтарылымы = ----------------------------------- -----------
негізгі қорлардың орта жылдық құны

негізгі қорлардың орта жылдық құны
- қор сыйымдылығы = ----------------------------------- ------------
түсім

негізгі қорлардың орта жылдық құны
- қор құралғандылығы = ----------------------------------- ------------
қызметкерлердің саны

пайда
- қор рентабельділігі = ----------------------------------- -----------
негізгі қорлардың орта жылдық құны

Негізгі қаржылық коэффициенттері: өтімділік коэффициенті, іскер белсенділік коэффициенттері, төлем қабілеттілігі (несие қабілеттілігі) коэффициенттері, нарықтық белсенділік коэффициенттері.

5.Талдаудың ең кеңінен тараған және түсінікті әдісі болып қаржылық коэффициенттерді қолдану саналынады.
Қаржылық коэффициенттер - бұлар қатысты көрсеткіштер. Олар қаржылық есептіктердің бөлек баптарының қатынасы әлде олардың қисындасуы түрде есептелінеді.
Бұндай коэффициенттердің мағынасы алынған қорытындыларды орташаланған салалық коэффициенттер стандартымен, сонымен қатар елде әлде нақты компанияда қаржылық есептіктерін талдау арқылы салыстыру мүмкіндігімен анықталынады. Шешімдер қабылдау үшін олардың талдаудағы пайдалылығы коэффициенттерді мағынасын ашып, байымдауға байланысты.
Қаржылық жағдайды талдауда қатыстық көрсеткіштерді қолдану өте қажет, себебі олар болып жатқан процесстерді түсінуге және оларды тек күнделікті, қазіргі кезеңде емес келешектеде бағалау үшін маңызы зор.

Қаржылық есептіктер көрсеткіштерін жіктеуде әртүрлі бағыттар бар.
Ең маңыздылары болып қаржылық көрсеткіштердің келесі топтары мойындалған:
a. ликвидтілік коэффициенттері;
b. іскер белсенділік коэффициенттері;
c. рентабельділік коэффициенттері;
d. төлемқабілеттілік коэффициенттері;
e. нарықтық белсенділік коэффициенттері.
.
Баланстың ликвидтілігі компанияның өз активтері мен міндеттемелерін жабу деңгейінен анықталынады, олардың ақшаға айналу мерзімі міндеттемелерді өтеу мерзіміне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
Қаржылық жағдайды басқару
Қаржылық тұрақтылықтың талдауы
Компанияны басқарудағы қаржылық есептілік
Қаржы- шаруашылық талдаудың әдісі мен түрлері
Компанияның төлем қабілеттілігін талдау
Компанияның қаржылық активтерінің жіктелуі
«Қаржылық жағдайы» категориясын талдау объектісі ретінде теориялық зерттеу; қаржылық жағдайын талдау көрсеткіштерін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар. «Kazakhstan Trading Company» ЖШС мысалында
Компанияның рыноктық құнын анықтау және қаржылық жағдайын талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы (ҚазМұнайГаз)
Пәндер