ҚР-ның ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІГІ ЖӘНЕ ҮКІМЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Елдің тауары осы күштің іске қосылып, табысты еңбек етуіне байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, финанс, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет етеді.

Республикада Президенті Н. Ә. Назарбаев кәсіпкерлікке барынша қолдау көрсету мәселелеріне айрықша көңіл бөлуде. Оның "Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы осы мәселеге арналған. Мемлекет басшысы құқықтық және қаржы-материалдық базаны одан әрі жетілдіріп, жер-жерде азаматтарды шағын бизнеске тарту үшін қолайлы жағдай жасалуына жоғары талап қойып, бұл мәселені ұлттық экономиканың стратегиялық аса маңызды секторы ретінде қарастырып отыр. Алайда, қабылданған шаралардың іс жүзінде нақты жүзеге асуы жеткіліксіз болып отыр. Жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге бөлінетін қаржы мардымсыз болып тұр.

Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу- адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік- адамның еркін өмір сүру түрі.

Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

Кәсіпкерліктің субъектісі жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер, арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әр түрлі бірлестіктер.

Жеке кәсіпкердің мынадай құқықтары бар:

  • мемлекеттік кәсіпорындардың және басқадай меншік түрлеріне негізделген кәсіпорындардың мүліктерін толық немесе жартылай иемдену;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне өз мүлкімен қатысу;
  • келісімшарт негізінде жұмыскерлерді жалдау және жұмыстан босату;
  • еңбекақы нысандарын, жүйесін, мөлшерін өздерінше белгілеу;
  • шаруашылық қызметтің бағдарламасын қалыптастыру;
  • жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдау;
  • бағалар мен тарифтерді белгілеу;
  • таза пайданы пайдалану;
  • сыртқы экономикалық қатынастарда болу, т. б.

Біздің Республикада кәсіпкерлікгі дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық қаулылар қабылданған. Алғашқы құжаттардың бірі болып, «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны, басты мақсаттары мен бағыттары айқындалады. Кәсіпкерлік мемлекеттік қоргау және қолдау дегеніміз - аталған қызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық, жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады.

Жеке кәсіпкерліктің басты міндеттерін қарастырғанда, алдымен біз: мемлекет тарапынан барлық шаруашылық салаларына олардың меншігінің талан-таражға түспей, сақталуына кепілдік және нарықтық қарым-қатынастардың барлық өкілдеріне занда ескертілген жәйттерден тыс жағдайларда тең құқық пен экономикалық еркіндік беру; шаруашылықты жүргізудің нарықтық бәсеке тәртібіне көшу; нарықтың қажетті инфрақұрылымның қалыптасуы; қолда бар пайда көзі, несие, ақпарат құралының еркін де ашық болуы; бұрынғы заңдардың кәсіпкерлікке қарсы баптарын алып тастау, сондай-ақ, қажетті баптар мен жаңа заңдарды қабылдау тәрізді шарттардан тұруын қарастыру.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Жеке кәсіпкерліктің өзектілігі, ол егер де мемлекетте жеке кәсіпкерлік немесе кәсіпкерліктің басқада түрі қарқынды дамитын болса, онда ол мемлекетке экономика жағынан өте жағымды болады. Сонымен қатар халықтың әлауқатымен жұмыспен қамтылуына жақсы әсер етеді. Сондықтан қазіргі кезде жеке кәсіпкерлік өзекті сұрақ болып табылады.

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

  • Дербестік және тәуелсіздік;
  • Экономикалық ынталылық;
  • Шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
  • Жаңашылдық.

Кәсіпкерліктік істің қозғаушы күші- мол пайда табу.

Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматар болуы керек. Аш жалаңаш елде кәсіпкер де, халық та байымайды.

Курстық жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің дамуына талдау жасау.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай төмендегі курстық жұмыстың міндеттері қарастырылады:

  • жеке кәсіпкерлік ұғымының мәнін толық ашу, яғни тарихи даму сатылары, қызметтері және мазмұндары.
  • кәсіпкерліктің түрлерін көрсету; Берілген бөлімде ұжымдық- құықтық түрлерінің мағынасын аша отырып, қазіргі Қазақстандағы кәсіпкерлік істің түрлерін көрсету.
  • Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының нәтижелері, яғни экономикалық тұрақтандырылуы, табысты орнықтырылуы және экономикалық жағдайларының жасалуы.

1 ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1. 1 Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны

Кәсіпкерлік феномені байырғы кезден бастап, әлеуметтік- экономикалық ғылымдарының назарында болды.

Кәсіпкерлікті негізінен XVIII- XIX ғ. ғ. Ф. Кенэ, Ж. Б. Сэй, кейін И. Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чаянов және т. б. салған болатын. Кәсіпкерді өзіндік статусы, қызметтін мақсаты және өнерлік, ресурстық, ұйымдық функциялары сипаттайды.

«Кәсіпкер» және «антрепкер» терминінің аударғанда, «делдал» деген ұғымға тең болады.

Негізінен, сол уақытқа сай толық кәсіпкерлік концепциясын өндеген авторлардың бірі болып француз экономисті Р. Кантильон болған. «Сауда табиғатының очеркі» (1755ж) атты жұмысында ол кәсіпкерлерді «Қымбат сатып, арзанға ал» деген формуланы ұстанатын адамдар деп атаған.

Кәсіпкерлердің рөлі туралы А. Смит былай деп жазған : «… ол тек өзінің қызушылығын ғана ескереді, өзіндік табыс іздейтін және көрінбейтін қолмен мақсатына бағытталады. Өзінің қызушылықтарын аңдый отырып, қоғамның қызушылығына жиі қызмет етеді». Кәсіпкерлік қызметтің активке бейімделген адамдар қызметтің түрі. Алайда кез- келген бизнесмен кәсіпкер деп атала бермейді. Мысалға, жылдан жылға бір тауар өнімін және бір ұсыныс көрсететін кәсіпорын иесі деп аталмайды. Ол кәсіпкерлік емес, репродуктивтік функцияларды іске асырады.

Тұрғылықты өмірде, кәсіпкерге барлық бизнеспен айналасатындарды жатқызылады. Алайда осы сөздің мәнінің ең қатал түрінде, бұл нарықта іздеушілік мақсатпен ерекшеленетін адамдарды атайды. Кәсіпкердің өзі жаңа нарықты зерттеп, қабылдауы қажет емес.

Сонымен, кәсіпкерлікті шаруашылық тәртіптің типі деп түсінуге болады. Оған сәйкес келетін:

  1. Үлкен табысқа ұмтылу;
  2. Тәуекелге бару;
  3. Жаңашылдыққа ұмтылу.

Кәсіпкер әр түрлі шаруашылық қызметтерін заңмен тыйым салынбаған тауарды сатып алушылық, консультанттық және басқа қызметтерді орындай алады.

Кәсіпорын - бұл мүліктік негізді шаруашылық бірлік, бұл өндіру- шаруашылық мәселелерді шешуге бейімделген және өздігінен өндіруге негізделген.

Кәсіпкерліктің мәнін және мазмұның ұзақ эволюция жолдарын өткен мемлекеттерде қолданған практикаларды талдаусыз ашуға болмайды. Осыған байланысты, «кәсіпкер» терминінің эволюциясын қарастырайық.

1725 жыл. Р. Кантильон. Кәсіпкер- тәуекел шарттарында қызмет ететін адам.

1797 жыл. А. Бодо. Кәсіпкер- іске асыратын қызметін жауапты болатын тұлға; жоспарлайтын, басқаратын және кәсіпорынды құрып, оны басқарады.

1876 жыл. Ф. Уокер. Капиталды ұсынып, сол үшін белгілі пайыз алатындардан ұйымшылдық қабілеттің арқасында табыс алатындарды айыра білу қажет.

1934 жыл. И. Шумпетер. Кәсіпкер- ол жаңа технологияларды өндейтін, жаңашыл адам.

1961 жыл. Д. Маклелланд. Кәсіпкер- біркелкі тәуекел шарттарында жұмыс істейтін жігерлі адам.

1964 жыл. П. Друкер. Кәсіпкер-кез келген мүмкіндікті максималдық табыспен қолданылатын адам.

1975 жыл. А. Шапиро. Кәсіпкер- ынтасын көрсететін адам. Тәуекелділік шарттарында жұмыс істеп, пайда болған сәтсіздік үшін толық жауапты болады.

1985 жыл. Р. Хизрич. Кәсіпкерлік- жаңа құны бар нәрсенің құруының процесі, ал кәсіпкер- осыған қажетті уақыт пен күшті жұмсайтын, өзіне толық финанстық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді алуға және де осы үшін белгілі бір дәрежесін алуымен қанағаттануы.

Сонымен, кәсіпкерлік қоғамдық табыспен өзінің жеке табысымен байланыстыру негізінде табыс алу мақсатына қаржының салуымен байланысты қызмет болып табылады.

Кәсіпкерлік субъектері жеке тұлғалар және серіктердің қосылулары болып табылады.

Кәсіпкерлік мақсат- белгілі бір уақыт мезетінде қажетті жағдайына жету. Мақсаттты құрастыру кезінде келесі үш элементтерді нақты анықтау керек:

Мақсат мазмұны. Қай жағдайға жетуге және мақсатқа жету дәрежесін құрау керек.

Мақсаттың қажетті көлемі. Мақсаттың шектеулі ме, әлде шектеусіз екенін анықтау керек.

Мақсаттың уақытша факторы. Мақсатқа қай кезге дейін және қандай уақыт мерзімінде жетуге болатын сұрақтарды анықтау керек.

Кәсіпкеліктің маңызды белгілері:

  • Шаруашылық субъектілерінің тәуелсіздігі және дербестігі. Әр кәсіпкер заң шегінде, сұрақтарды шешуге құқылы.
  • Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкерліктің басты мақсаты- мүмкін болатын табыстың максимумын алу.
  • Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Әр келкі ең бұрамалы есептеулерде тәуекелділік анықталмайды.

Көрсетілген кәсіпкерлердің белгілері бір- бірімен байланысқан және бір уақыт мезетінде іске асырылады. Кәсіпкерлік әрқашан жаңашылдықпен байланысты. Осындай экономикалық іске И. Шумпетер мен А. Маршал назарларын аударған. Егер де, И. Шумпетер кәсіпкерлік пен жаңашылдықтың тепе- теңдігін көрсетсе, А. Маршал кәсіпкерлердің қоғамдық өмірдегі нақты рөлі қоғамдағы жетілген процестерін тездетеді деп бекіткен. Кәсіпкерге дұрыс баға И. Шумпетермен берілген, кәсіпкер үнемі «күйзелісті жасаушы» және қоғамның экономикалық дамуындағы басты кейіпкер деген.

Сонымен, мынадай шешімге келуге болады, кәсіпкерлік пен жаңашылдық қоғамда бір бүтінді анықтайды.

Кәсіпкерліктің қалыптасуы үшін нақты шарттар қажет: экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және т. б.

Экономикалық шарттар- бұл тауарлардың ұсынуы мен оларға деген сұраным, тұтынушылар ие бола алатын тауар түрлері, ақша қаржысының көлемі, жұмыс орындарының жетіспеушілігі немесе көп болуы;

1. 2. Жеке кәсіпкерлікті құру, артықшылықтары мен кемшіліктері

Жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға ретінде тіркелмей немесе заңды тұлға ретінде тіркелу арқылы бастаса, онда осы екі жағдайдың екеуінде де тиісті үлгіде тіркеуден өтуге тура келеді. Жеке кәсіпкерлікті іске асыру үшін тіркеуді жүзеге асыратын аймақтық салық басқармасы болып табылады.

Жеке кәсіпкерлік жеке және бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады:

1. Жеке кәсіпкерлік өзінің құқықтық иелігіне жататын мүлік базасында өз бетінше қызмет ететін бір ғана жеке тұлғадан құрылады. Некеде тұратын жеке тұлғаның жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы үшін жұбайынан келісім алуының қажеті жоқ. Тек жеке кәсіпкерлікті іске асыру үшін жеке тұлға жұбайы екеуінің ортақ мүлкін пайдаланар болса ғана, екіншісінің келісімін алуы қажет болады.

2. Бірлескен кәсіпкерлік өздеріне тиесілі ортақ меншік құқығына жататын мүлік базасында жұмыс істейтін бірнеше жеке тұлғалардан (жеке кәсіпкерлер) тұрады. Бірлескен кәсіпкерлік барысында жеке кәсіпкерлікке байланысты барлық мәмілелер жасалады, құқықтар мен міндеттер белгіленіп, ол бірлескен кәсіпорынның барлық қатысушылары арқылы іске асырылады.

Бірлескен кәсіпкерлік формалары:

1) Жұбайлардың ортақ бірлескен меншіктері базасында жүзеге асырылатын жұбайлар кәсіпкерлігі;

2) Ортақ бірлескен шаруа (фермер) қожалығы меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік базасында жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік.

Жеке кәсіпкерлікті аумақтық салық басқармасында тіркеу үшін келесі құжаттарды өткізу керек:

1) белгіленген формадағы өтініш;

2) 2 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік тіркеу жинағын төлегендігін растайтын құжат.

Мемлекеттік тіркеу кезінде салықтан босатылатындар:

  • Шаруа және фермерлік шаруашылықтар;
  • I, II және III топтағы мүгедектер;

- Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі репатрианттар (оралмандар) .

3) жеке куәлік көшірмесі, тұпнұсқасы (салыстыру үшін) ;

4) фотосурет (3, 5 х 4, 5) ;

5) жеке кәсіпкердің тұрғылықты жерін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат) .

Сонымен қатар, тіркеу кезінде жеке кәсіпкерліктің фирмалық атауын көрсетуге болады.

Салық басқармасы барлық құжаттар тапсырылғаннан соң, 2 жұмыс күні ішінде «жеке кәсіпкер» куәлігін береді.

Осыдан кейін қажеттілігіңізге қарай сіз мыналарды жасай аласыз:

  • мөр дайындау;
  • банктен шот ашу;
  • кассалық аппаратты тіркеу.

Шаруа қожалығын ұйымдастыру. Шаруа (фермерлік) қожалығын жер үлесіне құқығы бар адамдармен қатар кез-келген Қазақстан Республикасының азаматтары ұйымдастыра алады. Ол үшін шаруа (фермерлік) қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін бөлу туралы өтініш жазу қажет. Өтінішке мыналар қоса беріледі:

1) ауылшаруашылық өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарламасы;

2) шаруашылық басшысының ауылшаруашылық өндірісіндегі еңбек қызметін растайтын немесе тиісті мамандық немесе арнаулы дайындықтан өткенін (шартты жер үлесі құқығына ие емес азаматтар үшін) растайтын құжат;

3) шаруа (фермерлік) қожалығы басшысының салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;

4) шаруа (фермерлік) қожалығы басшысының мекен-жайы.

Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары туралы:

  • адамның еңбекпен қамтамасыз етілу және ақша табу проблемаларын шешеді;
  • қымбат емес әрі тез арада тіркеуге болады;
  • мемлекеттік реттеуге аз ұшырайды;
  • тым көп құжаттар жүргізуді қажет етпейді.

Жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері:

  • мұраға қалмайды;
  • алғашқы капитал жинау қиындығы;
  • кәсіпкер жеке мүлкін тәуекелге тігеді:

«Жеке кәсіпкерлер өз міндеттемелері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, өндіріп алуға жатпайтын мүліктерін қоспағанда, өзінің бар мүлкімен жауапкершілікте болады».

Жеке кәсіпкерлік субъектісін тіркеу жұмыстарын әділет департаменті, статистика басқармасы және аумақтық салық басқармасы жүзеге асырады. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өтпей, қызмет етуге рұқсат етілмейді. Одан бөлек бұл заңмен қудаланады, мұндай жолмен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жатқызылады.

Заңды тұлға ретінде тіркелу үшін құрылтай құжаттарын әзірлеу: жарғы (егер тіркеу кезінде типтік үлгідегі жарғы ұсынылмаған болса) және де заңды тұлға бір тұлғадан көп адамнан құрылатын болса, құрылтай келісімшарты қажет болады.

Тіркеу реті келесі тізбекті әрекеттерден тұрады:

1) қажетті құжаттар тізімін дайындау;

2) мемлекеттік баж салығын төлеу;

3) тіркеу органына құжаттарды өткізу;

4) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу;

5) салық режимін таңдау;

6) қажет болған жағдайда ҚҚС куәлігін алу;

7) мөр дайындау;

8) банктан шот ашу;

9) кассалық аппаратты тіркеу.

Қазақстан Республикасы заңнамаларындағы кіші кәсіпкерлік субъектілер үшін, оның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында тіркелетін заңды тұлғалар үшін жасалған айтарлықтай мәні бар, жақында ғана күшіне енген өзгерістердің бірі бастапқы жарғылық капиталдың айтарлықтай төмендетілуі болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғалар ғана іске асыруы керек, ал ұйымдар мемлекеттік тіркеу көмегімен шаруашылық субъектісі ретінде заңдастырылады. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тіркеуден өткізбей іске асыру құқық бұзушылық болып табылады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 357-1-бабында:

«Тиісті тіркеусіз әрекеттер (операциялар) жасау, сондай-ақ, кәсіпкерлік немесе басқа да қызметтермен айналысу жеке тұлғаларға жиырмаға дейінгі, шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға отыздан қырыққа дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге апарып соғады…» делінген.

1. 3 Жеке кәсіпкерлiк субъектiлерi және олардың жұмыс iстеу жағдайлары

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi:

1. Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады.

2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мынадай санаттарға жатқызылады:

1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, оның ішінде микрокәсiпкерлiк субъектiлерi;

2) орта кәсiпкерлiк субъектiлерi;

3) iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi.

3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін санаттарға жатқызу критерийлері:

жұмыскерлердің жылдық орташа саны;

жылдық орташа табысы.

4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн санаттарға жатқызу:

  • мемлекеттік статистика;
  • мемлекеттік қолдау көрсету;

Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін пайдаланылады.

Мемлекеттік статистика мақсаттары үшін жұмыскерлердің жылдық орташа саны бойынша критерийлер ғана пайдаланылады.

Мемлекеттік қолдау көрсету және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін: жылдық орташа саны және жылдық орташа табысы бойынша екі критерийі пайдаланылады.

Бұл ретте, жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау бағдарламаларында оны көрсету үшін өзге де критерийлер көзделуі мүмкін.

Заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

Жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің отыз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi микрокәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

Мемлекеттік қолдау және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін:

1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтi;

2) акцизделетiн өнiмдi өндiрудi және (немесе) көтерме саудада өткізуді;

3) астық қабылдау пункттерiнде астық сақтау жөнiндегi қызметтi;

4) лотереялар өткiзудi;

5) ойын бизнесі саласындағы қызметтi;

6) мұнай, мұнай өнiмдерiн, газ өндiру, өңдеу және өткізу, электр және жылу энергиясын өткізу жөнiндегi қызметтi;

7) радиоактивтi материалдардың айналымымен байланысты қызметтi;

8) банк қызметiн (не банк операцияларының жекелеген түрлерiн) және сақтандыру нарығындағы қызметтi (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқа) ;

9) аудиторлық қызметтi;

10) бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi;

11) кредиттiк бюролардың қызметін;

12) күзет қызметiн;

13) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері болып танылмайды.

Осы тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар - орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ал осы баптың 9-тармағында белгіленген критерийлерге сай келген жағдайда ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатады.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты және бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жұмыскерлердің саны бойынша критерий пайдаланылады.

Кәсiпкерлiк субъектiлерi жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны аталған субъект филиалдарының, өкiлдiктерi мен басқа да оқшауланған бөлiмшелерiнiң жұмыскерлерiн, сондай-ақ дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, барлық жұмыскерлер ескерiле отырып, айқындалады.

Осы баптың 5 және 9-тармақтарына сәйкес шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

Мынадай критерийлердің біреуіне немесе екеуіне сай келетін: жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны екi жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш миллион еселенген мөлшерінен асатын және заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi

1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi:

1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке кәсiпкерлiктiң кез келген түрiн жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбектi пайдалана отырып, жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен филиалдар мен өкiлдiктер құруға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, өндiрiлген тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) бағасын дербес белгiлеуге;

5) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өтеулi негiзде қаражат (қарыз) беруге;

6) өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнде сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға;

7) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн құруға;

8) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сарапшылық кеңестердiң жұмысына қатысуға;

9) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау органдарына және мемлекеттiк органдарға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын бұзуға кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту мәселелерi бойынша жүгiнуге;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикадағы кәсіпкерліктің рөлі мен теориялық негіздері
Қазақстанда кәсіпкерліктің даму жағдайы
«Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің дамуы және тиімділігін арттыру» (ЖШС «АРЫС» мысалында )
ҚР және АҚШ мемлекетінің жеке кәсіпкерлігі
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы
Франциядағы шағын бизнес
Ветеринариялық кәсіпкерлік құқық
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті басқару
Банктік реформа және теңге жүйесі
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz