Адам денесінің сыртқы көрінісінің сипаттамасы



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Адам денесінің сыртқы түріне жалпы мінездеме ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .5
1.1. Адам денесінің өлшемдік сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2.Өлшемдік антропологиялық стандарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2 Адам денесінің сыртқы көрінісінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1. Киімді конструкциялауға және модельдеуге арналған фигуралар классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2. Жас және жыныс ерекшелігіне қарай адамның өлшем стандарттары ... ..25
2.3. Ұлт ерекшеліктеріне байланысты адамның өлшем стандарттары ... ... ... 28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Кіріспе
Бүгін Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа Жолдауының толық мәтіні Ақорданың ресми сайтында және республикалық басылымдарда жарияланды. Биылғы Жолдау 4-ші өндірістік революция жағдайында елді дамыту мәселесіне бағытталған. Нұрсұлтан Назарбаев кеше қаңтардың 9-ы күні Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына байланысты республикалық телеарналардың эфирінен мәлімдеме жасады. Адамзат өндірістік революция кезеңіне қадам басты. Жаңа технологиялар әлемді күнде өзгертіп жатыр. Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып, дамыған 30 елдің қатарына кіру үрдісін тездетуі тиіс,- деді Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде.
Жолдауда Президент жүзеге асыруы тиіс 10 негізгі бағытты айқындаған. Бірінші кезекте Елбасы: Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы керектігіне тоқталған. Заманауи технологияларды құрылыс саласында да пайдалану аса маңызды. Бұл халықтың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Президент мәлімдемесінде қаржы секторын қайта жаңарту қажеттілігі айтылды. Бұл қадам еліміздегі банк секторын жандандырады. Нұрсұлтан Назарбаев адами капиталдың сапасын арттыруды да сөз етті. Халыққа сапалы білім алуы үшін, сапалы медициналық қызмет көрсетулі үшін барлық жағдай жасалуы керек, - деді Президент. Тиімді мемлекеттік басқару, Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі - Жолдаудағы негізгі басымдықтар. Сонымен, білім беру саласында қандай өзгерістер мен жаңашылдықтар күтіп тұр?
Оқушыларға берілетін тапсырма азаяды. Елбасы оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары, ЭЫДҰ елдеріне қарағанда орта есеппен 13 еседен көп екенін айтып, оны төмендетуді тапсырды.Өңірлердегі оқушылар сарайларының базасында компьютерлер, лабораториялар және 3D-принтерлер секілді барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісі құрылады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан мұғалім мәртебесін арттыру мақсатында білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысы 30%-ға көбейеді. 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізіледі. Мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты 30%-дан 50%-ға дейін өседі. Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттары енгізіледі.
2019 жылдан 10-11 сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндері ағылшын тілінде оқытылады. 2021 жылы орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға (мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар) көшу аяқталады. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесі әзірленеді.
Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізіледі. Білім беру мекемелері арасындағы бәсекелестік артып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізіледі. Орта мектеп пен колледждер және ЖОО үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекциялары Интернетте жарияланады. Елбасы бұл барлық қазақстандыққа, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашады деп отыр. Жасанды интеллектпен және үлкен деректермен жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер саны көбейеді.
Сонымен бірге, университеттердегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту; білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту; терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату; оқытудың мазмұндылығына заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы толықтыру; цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру; Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасын жүзеге асыруды жалғастыру; оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, ЖОО-ға шетелдік менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу; ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамыту Жолдауда айтылған.
Курстық жұмысының өзектілігі:
Курстық жұмысының мақсат: Антропология негіздері туралы түсінік қалыптастыру
Зерттеу пәні: Антропология
Зерттеудің міндеттері: Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:
- адамның шығу тегі мен тарихи дамуын, адам эволюциясының негізгі кезеңдері туралы толық түсінік беру;
- қазіргі заманғы теориялар негізінде адам денесінің өлшем стандарттарын ғылыми зерттеу;
- жеке тұлғаның қалыптасуы мен даму үдересі;
- жеке тұлғаның бірегей жеке тәжірибесі мен әлууметтік биімделуі.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Адам денесінің өлшемдік сипаттамасы
1.1 Адам денесінің сыртқы түріне жалпы мінездеме
Қазіргі таңда киім сапасының жоғары болуына, тұтынушылардың денесіне киімнің дұрыс қонуын жақсартуға үлкен мән берілуде. Тұрғындардың өлшем типологиясының тұтас және әртүрлі топтарын жасаудың халық шаруашылығында басты да маңызды мәселе екенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Типология стандартты типтік фигуралар тізімін және халық арасында кездесу жиілігін жоғарғы дәлдікпен береді. Осы берілгендерді пайдалана отырып тауар өндірушілер тұтынушылар үшін қажетті өлшемдегі тауарларды өндіре алады.
Типтік фигуралардың кездесу жиілігін анықтауда қателіктерді болдырмау үшін, топтарға жіктеп қарайды. Типтік фигуралардың кездесу жиілігін анықтауға ауытқу шамасы таңдау өлшеміне тәуелді, ары қарай осы шамаға байланысты есептер жүргізіледі.
Дене өлшемінің ауытқуы жоғары екені бәріне де белгілі. Алайда, типологияға үлкен шамадағы типтік фигураларды ендіретін болса (әйелдер үшін 500, ерлер үшін 300) тұрғындардың типтік өлшемдер жүйесін жасауға болады, мұны көп ұлтты елдерде, сонымен қатар бір мезетте бірнеше елдерде пайдалануға болады. Типтік фигуралардың оптимальды параметрлері жасына, ұлттық, аймақтық және кәсіби ерекшеліктеріне байланысты әр топтарда өзгеше болуы мүмкін.[6]
Тотальды морфологиялық белгілердің өзгеруі . Тотальды белгілерге дененің ірі антропометриялық белгілері жатады: дененің сыртқы пішінін сипаттайтын және дамудың маңызды белгілері болып саналатын-бой, кеуденің айналма өлшемі және салмақ. Дененің ұзындығы жасқа байланысты, жыныстық, топтық, топаралық және ғасырлық өзгерістерге ұшырайды.
Кәсібіне байланысты ерекшеліктер. Кәсіби топтардың дене құрылысындағы ерекшелік кәсіби таңдауға, мамандықтың әсеріне, топтың жастық құрамына байланысты. Мұнда мамандығына байланысты топтарға жіктеп қарайды. Мысалы, спортпен тұрақты және кәсіби түрде айналысатын адамдардың дене бітімі ірілеу болады. Әрине, мұнда спорттың түріне, саласына тәуелді. Ой жұмысымен айналысатын мамандарда бұл параметрлер төмені әрі еңкіштік басым болады. Ауыр өнеркәсіпте жұмыс атқаратын жұмысшыларда бойдың және жеке бөліктерінің ұзындығы көп жағдайда төмендеу болады.
Дене ұзындығының жыныстық өзгеру. Әйелдердің дене ұзындығы ерлермен салыстырғанда кіші. Бұл айырмашылық әр аймақтақ топқа байланысты 8-11 см-ді құрайды. Дене ұзындығы орташа есеппен ерлерде - 165 см, әйелдерде - 154 см. Дене ұзындығының топтық өзгеруі әр аймақта тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің дене ұзындығының орташа шамасының айырмашылығымен анықталады. Дене ұзындығының топаралық өзгеруі біртекті ұлттық топтар деңгейіндегі топішіндегі өзгерістері анықтайды.
Дене ұзындығының ғасырлық өзгеруі өмірдің ұдайы өзгерістерге байланысты өлшем белгілердің ауытқуға ұшыраумен сипатталады.[4]
Кеуденің айналма өлшемі. Антропологиялық кеуденің айналма өлшемі негізгі параметрлердің бірі болып саналады. Адамның жасына бай -
ланысты кеуденің айналма өлшемінің өзгеруі кеуденің айналма өлшемі жаңа туылған нәрестелерде төмендегіше: ер балаларда - 49 см., қыздарда - 48 см. Кеуденің айналма өлшемі қыздарда 18-20 жаста, ер балаларда 25-26 жаста тұрақталады. Бұл тұрақтылық 25 жастан 40 жасқа дейін созылады, 40 жастан кейін тері астындағы май қабаттарының ұлғаюына байланысты кеуденің айналма өлшемінің шамасы артады. Антропологтардың дәлелдегіндей үлкен жастағы адамдармен салыстырғанда (45-60 жас) кіші жастағы адамдардың (20-29 жас) кеуде айналма өлшемінің шамасы 6-7 см-ге кіші. Көкірек клеткасының периметрі 60 жастан кейін кәрілік инволюция кезеңінің басталуына байланысты кеми түседі.
Кеуде айналма өлшемінің жыныстық өзгеру. Ерлерде кеуде айналма өлшемінің орташа шамасы (88-89 см) әйелдермен салтыстырғанда (83-84 см) үлкен болады.
Дене салмағы. Ерлерде орташа салмақ - 64 кг, әйелдерде - 56 кг. Салмақ өзгеруінің жеке себептері, яғни біртекті адамдар тобында + 18 кг. шамасына дейін өзгеріс болуы мүмкін. Үлкен адамның салмағы 40 кг-нан аз және 90 кг-нан артық болса бұл патологиялық деп есептеледі.[8]

Сурет 1. Ер адамның дене бітімі

Салмақтың кенеттен өзгеруі, әсіресе артуы әртүрлі аурулар және ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы себептерінен болады. Мұндай жағдайларда дененің салмағы 150 кг. және одан да жоғары болуы мүмкін.
Салмақтың өзгеру динамикасы. Өсу кезінде салмақ ұдайы артып отырады.
Салмақтың өсуі нәрестенің алғашқы жылдарында байқалады. Салмақ қосудың баяулауы 17 жастан кейін байқалады, бұл өзгеріс әйелдерде 20 жасқа дейін, ерлерде 25 жасқа дейін созылады.
Салмақтың қалыпты болуы ерлер мен әйелдерде 25-40 жас болып есептеледі. Ал 40 пен 55 жас аралығында салмақ артады, 40жастан кейінгі салмақтың артуын май қабаттарының ұлғаюымен түсіндіреді. Бұл аралықтағы ауытқу ағзаның жағдайына, тамақтану деңгейіне тәуелді. Дененің салмағы 60 жастан кейін кемиді, бұл тіндердегі атрофикалық құбылыстарға байланысты, ондағы су құрамының азаю себебінен болады.
Дене салмағының басқа морфологиялық белгілермен байланысы . Ұзақ жылдар бойы белгілі бір ұзындыққа сай тұрақты салмақ болады деген қате пікір болды. Мұнда дененің ұзындығынан 100 см-ді кемітсе дене салмағының шамасы шығады деп түсіндірді. Алайда, мамандар-дәрігерлер мен антропологтар бұл пікірдің қате екенін дәлелдеді. Қорытындылай келе, жұмыстың бірінші бөлімінде антропологиялық стандартты қалыптастыру үшін келесі ұғымдарды қарастырады: жас жағынан біркелкі емес және аймаққа байланысты адамдар тобының морфологиялық құрамы уақытта тәуелді тұрақты болады; өмір сүру деңгейінің тұрақты болмауы адам денесінің пішіне және өлшеміне тікелей әсер етеді; топ ішіндегі және топаралық өзгерістер бір-біріне тәуелді, өмір сүру деңгейіне тәуелді өлшемдер қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты ауытқиды.

Сурет 2. Әйел адамның дене бітімі

Сурет 3. Ересектердің пропорцияларының түрлері

Бұйым сапасының жоғары болуы, оның дүние - жүзілік нарықта бәсекеге түсе алуы - бүгінгі таңда өндірістің ұйымдастырылу деңгейінің, еңбек тәртібі және мәдениетінің ғылыми - техникалық прогресстің объективті және жалпы көрсеткіші.
Қазіргі таңда киім сапасының жоғары болуына, тұтынушылардың денесіне киімнің дұрыс қонуын жақсартуға үлкен мән берілуде. Сондықтан әрбір маман, соның ішінде инженер - конструктор киім дайындалатын объект яғни адамдардың дене құрылымы туралы толық ақпаратты білуі тиіс. Бұл үшін адам денесінің сыртқы пішінінің ерекшеліктері және анатомиялық құрылымы туралы, дене өлшемдерінің өзгеру заңдылықтары туралы білуі қажет. Осы себептен, бұл бөлімінде адам денесінің сыртқы пішініне жалпы мінездеме, адам денесінің сыртқы пішінін анықтайтын негізгі морфологиялық белгілер туралы мәліметтер келтірілді.
Сонымен қатар бұл бөлімде эргономикалық көрсеткіштер туралы ақпарат кеңінен қарастырылды. Өйткені, өндірістік бұйымдардың жобалағанда негізгі мән берілетін көрсеткіш - антропометриялық көрсеткіш.
Адам денесінің сыртқы түрпішінін зерттегенде денені төмендегідей ірі бөліктерге бөледі: дененің жоғары бөлігі, мойын, бас және дененің жұпталған жоғарғы және төменгі соңғы бөлшектері. Дененің бұл бөлшектерінің сыртқы көрінісі бір-біріне ұқсамайды.
Дененің жоғарғы бөлігі өлшемі жағынан басқа бөліктерге қарағанда ең ірі бөлшек. Дененің жоғарғы бөлігінде мойын жасаушыдан иық буындарға дейінгі аралық иық деп аталады. Иық мойыннан бастап қиғаштау орналасады. Иықтың қиғаш бұрышы α, НИИА МГУ мәліметтері бойынша, ерлерде-240, әйелдерде - 21°.
Иықтың қиғаш бұрышы үлкен (α 1), орташа (α 2), кіші (α 3) болады. Осы себептерге байланысты иық түрін төмен, орташа және жоғары иық деп бөледі. (4 - сурет).

Сурет 4. Иық түрлері:
а - төмен; б - орташа; в - жоғары

Кеуденің түрпішіні ондағы сүйектердің түрпішініне байланысты болады - көкірек клеткаларына, бұлшықетке, үлкен көкірек бұлшықеттерінің дамуына, үшінші және жетінші қабырғалар арасында орналасқан көкірек бездерінің түрпішіне және дамуына байланысты болады. 12-ші қабырға мен бөксе арасы бел деп аталады.
Іштің түрпішіні адамның жасына, жынысына, май қатпарларына, көкірек клеткасы мен бөксе өлшемінің қатынасына байланысты.
Арқаның түрпішінігіне омыртқа жотасының пішіні үлкен әсерін тигізеді. Арқа түрпішіні омыртқа жотасының бүгілуіне байланысты: мойын, бел аумағы - ойыс, көкірек, жамбас - дөңес. Мойын түрпішіні де әртүрлі.
Мойынның ұзындығы иық қиғаш бұрышына тәуелді: иық төмен орналасқан денеде мойын ұзын, ал жоғары орналасқан денеде мойын қысқа болады.
Дененің жоғарғы соңғы бөлшектері туралы айтқанда, бірінші иық көлденең сызығы мен иық алды бұрышы шынтақ аумағында тік бұрыш болмайды, Бернштейн мәліметі бойынша, бұл бұрыш β, ерлерде 169-170°, әйелдер мен балаларда 164°. Ал иықтың денеге қатынасы бойынша, бұрыш α = 90°, тік (жиі кездеседі), алдыңғы (иық алдына қарай еңкіш, α ‹ 90°), артқы (иық артқа қарай еңкіш, α › 90°). (3 - сурет)

Сурет 5. Дененің жоғарғы бөлігінің пішіні

Дененің төменгі бөлшектері, яғни аяқтың формасы қалыпты, х - тәрізді, 0 - тәрізді болып бөлінеді.
Ассиметрияның пайда болуы.
Адам денесін ортасынан екіге бөлгенде: дененің оң және сол жағы шығады. Денесі жақсы қалыптасқан адамдардың өзінде оң және сол жақ денесінің бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқауға болады. Бұл ассиметрия деп аталады.
Пластикалық анатомия және антропологияның мәліметтері бойынша, 70% адамның оң көкірек клеткасы сол жағымен салыстырғанда 0,5-2,0 см-ге енді болады, 75% адамдардың оң қолы сол қолымен салыстырғанда ұзын.

Сурет 6. Дененің төменгі бөлігінің пішіні:
а - Х - тәрізді; б - О - тәрізді
Дене ассиметриясын өлшеу кезінде мынаны есепке алады:барлық біржақты өлшемдерді дененің дамыған, оң жағынан өлшейді.

1.2 Өлшемдік антропологиялық стандарттар
Берілген классификация бойынша қалыпты мүсін (осанка) омыртқа бағанасының барлық майысуларының бірқалыпты болуын сипаттайды. Тік орналасқан мүсін омыртқа жотасының барлық бөлімдерінің әлсіз майысуларын сипаттайды. Бүкірейген мүсін мойынның бірнеше рет алдыға қарай еңкеюіндегі мойын лордозының шапшаң күшеюімен және бел омыртқа лордозының бәсеңдеуімен (дөңгелек арқа) ерекшеленеді.(7-сурет)
Тігін саласында жұмыс жасайтын инженер үшін адам денесінің морфологиялық құрылысының ерекшеліктерін білу ғана маңызды емес, сонымен қатар киім конструкциясын жобалау үшін қажетті мәліметтерді алу үшін зерттеу жасай білуі қажет. Ол үшін адам денесін және жеке бөліктерін өлшеуден тұратын антропологиялық зерттеудің негізгі әдісін білу қажет. Оны антропометрия (грек тілінен anthropos - адам, metreo - өлшеймін) деп атайды. Антропометрия барлық тұрғылықты халық құрамына енетін нақты адамдар тобының (аймақтық, жас ерекшелік, әлеуметтік, кәсіби және т.б) морфологиялық белгілерінің түрлілігін зерттеймен айналысады.
Барлық өлшеулер вертикальды және горизонталды кеңістіктерде жасалады. Адам денсін ойша оң және сол бөліктерге бөлетін вертикальды кеңістікті саггитальды деп атайды. Сагитальды кеңістікке перпендикуляр өтетін вертикальды кеңістікті фронтальды кеңістік деп атайды, олар денеі алдыңғы және артқы бөліктерге бөледі. Горизонтальды кеңістіктер сагиттальды және фронтальды кеңістіктерге перпендикуляр бағытта өтіп трансверсальды деп аталады, олар денені жоғарғы және төменгі бөліктерге бөледі.

Сурет 7. Омыртқаның түрлері

Адам денесінің өлшемдік сипаттамасы бөлек өлшеулер түрінде беріледі, оларды өлшемдік белгілер деп атайды. адам денесінің өлшемдік сипаттамасын толығымен беретін адам денесінің бөлек өлшемдері өлшемдік белгілер деп аталады.
Киімнің жаппай өндірісінің әр тұтынушыны міндетті түрде өлшеуге мүмкіндігі жоқ. Алайда өнеркәсіптің мақсаты шығарылып жатқан киімдерге халықтың барлығы максимальды түрде қанағаттанарлықтай болуы қажет. Бұл мақсатқа тек фигуралардың түрлерінің өнеркәсіпке оңтайлы типтер санымен берілген жағдайда және көптеген адамдар өзіне лайықты киім өлшемдерін таңдап алуға жағдай жасалған кезде ғана жетуге болады. Бұл фигуралардың типтерінің жүйесі өлшемдік типология деп аталады.
Көптеген зерттеулер бойынша орта бойлы адамдар көптеп кездесетіні дәлелденді. Өте үлкен немесе өте қысқа бойлы адамдар болса сирек кездеседі екен. Орташадан ұзын немесе орташадан қысқа бойлы адамдардың бірдей санын да байқауға болады. мұндайды басқада өлшемдік белгілер туралы айтуға болады. Бұл адам денесінің өлшемдік белгілерінің ерекшеленуінде анықталған заңдылыққа бағынатынын дәлелдейді. Зерттелген заңдылықтар өлшемдік типологияны жасауда көмектеседі.
Өлшемдік антропологиялық стандарттар деп арнайы кестелерге енгізілген бір, екі немесе одан да көп жетекші белгілермен есептелген әр фигура типінің өлшемдік белгілерінің орташа мәнін айтады.
Жетекші өлшемдік белгілерге фигура типтерінің өлшемдерін ажыратқанын негізге алатын және өнімдерді нөмірлер мен нөміршелерге бөлетін белгілерді жатқызады. Таңдалған жетекші белгілермен сипатталған фигура типін типтікфигура деп атайды. Әр типтік фигураның детальды өлшемдік сипаттамасын анықтайтын қалған басқа өлшемдік белгілерді сабақтас белгілер деп атайды.
Жаппай тігін өнімдерін өндіру өнеркәсібі тек анықталған, шектелген типтік фигуралардың санын өндіруге байланысты. Халықтың киіммен жоғары дәрежеде қанағаттануына жету үшін типтік фигуралардың саны оңтайлы болуы қажет. Бұл тапсырманы шешу кезінде жаппай өндірісте даындалатын киімнің фигураларының типін ғана біліп қоймай, сонымен қатар олардың пайыздық қатынасын да білу қажет. Фигура типтерінің пайыздық қатынасы және соған қатысты киім нөмірлері өлшемдік-бойлық жиынтық деп аталады және өлшем-бойлық типті шкаламен өлшенеді.
Орнатылған типтік фигуралардың жүйесімен халық санын қанағаттандыру деп осы типтік фигураларға дайындалған салыстырмалы немесе абсолютті адамдар санына сәйкес келетін киімдермен қамтамасыз етуді атаймыз.
Екі жетекші өлшемдік белгілер ретінде тігін өнеркәсібінде дене ұзындығының (бойы) жалпы белгілері мен үшінші кеуде өлшемі пайдаланылады. Алайда екі жетекші белгілер халықтың қажетті қанағаттануын қамтамасыз етпейді, себебі тұрақты (бекітілген) кеуде өлшемінің мәнінен бел мен бөкселердің өлшемінің өзіндік өзгеруі жоғары, бұл кеуде өлшемінің корреляциясының жоғарғы дәрежесіне бағынбайды. Бел мен бөкселердін өлшемі іштің шығып тұруымен есептелмегенде ересек халықтың фигурасының жас ерекшелік өзгеруін көрсетеді, сондықтан олар да жетекші белгілер ретінде белгіленді және ересек адамның типінің толықтығын сипаттайды.
Адам денесінің өлшемдерінің белгілерінің кезекті жазылуы (Б - кӨІІІ - бӨ немесе белӨ) өнімнің сауда маркасына салынады (бойы - өлшемі - толықтығы).
Жаппай өндірістің маңызды шарттарының бірі ұқсасатық - аралық интервалының болуы, оның ішінде өнімдердің өлшемдерінің арасындағы айырмашылық тұтынушы үшін маңызды емес. Егер ұқсастық интервалы нөлге жақын болса , онда жеке қолданудағы заттардың жаппай өндірісі мүмкін емес болады (мысалы, тіс протездері).


8-сурет. Өлшем нышандарына сипаттама
Сондықтанда салыстырмалы түрде өте тез уақыт ішінде ЕМКО ЦНИИШП және ЕМКО СЭВ тәсілі пайда болды.Екі тәсілде де ерлер, әйелдер, балаларға арналған киім құрылысын констрициялауда бірдей жүйе қолданылады:
::Өлшем белгі жүйесі;
::Қосымшалар жіктеу жүйесі
::Есептеу формуласының құрылымы және киім құрылымын бірізді констрикциялау;
::Градияцалау принципі бойынша;
Сонымен қатар ЕМКО СЭВ тәсілі келесі мінездемеге ие:
::Киімді констрикциялау негізі және киімнің негізгі түрлерінің базалық конструкциясы.
::Киім конструкциясында техникалық сызба ережесі;
::Технология,конструктірленген нүктенің цифлық мәні және белгісі (символика);
::Безендірілу және көлемдік, регламенттеуші мазмұны, конструктырлық іс қағаз;
ЕМКО СЭВ бойынша киімді жобалау барысында барлық этапта ЭЕМ нің қолданылуының кеңінен қарастырылған.
ЕМКО СЭВ тың негігі бөлімдерін қарастырайық.
Өлшем белгілер жүйесі.
Өлшем белгі жүйесі ерлер, әйелдер, балалардың стандартты өлшемдері бойынша типті дене бітімдеріне негізделген (СТ СЭВ 432-77 және СТ СЭВ 1730-79). Бұл стандарттар ОСТ 17-325-74, ОСТ 17-326-74, ОСТ 17-66-77 және ОСТ 17-67-77 стандарттынан денебітіп типтік санының көптігімен ерекшеленеді (61-әйелдерге арналған, 57-ерлерге, 28- қыздарға, 31- ер балаларға арналған)

9-сурет. Өлшем белгілерінің белгіленуі

Өлшем белгілер өлшем белгісіне сәйкес келетін индексі бар Т әріпімен белгіленеді, яғни, егер, мысалы ЕМКО ЦНИИШП те ЦОТШЛ және басқа да көптеген тәсілдерде "ұзындық" өлшем белгісі (бірінші өлшем белгі) Р әрпімен,ал бел айналымы От белгіленген. ЕМКО СЭВ та ұзындық Т1ал бел айналымы Т18 болып белгіленген. Төменде өлшем белгілер және олардың мағынасы жазылған киім құрылымын конструкциялауға арнаолған өлшем белгілері және құралған конструкцияны бақылауға арналған өлшем белгілері бар.
Кесте 1. Өлшем белгілер және мағынасы:
Өлшем белгілер,белгіленуі
Өлшем белгінің атауы
Т1
Бой ұзындығы
Т4
Мойынның жетінші нүктесінің биіктігі
Т7
Бел сызығының биіктігі
Т8
Жамбас сүйек нүктесінің биіктігі
Т9
Тізе нүктесінің биіктігі
Т12
Қуйрық асты нүктесі
Т13
Мойын айналымы
Т14
Бірінші кеуде айналымы
Т15
Екінші кеуде айналымы
Т16
Үшінші кеуде айналымы
Т18
Бел айналымы
Т19
Іштің қатысуымен бөксе айналымы
Т21
Бөксе айналымы
Т22
Тізе айналымы
Т25
Белден жан сызығының еденге дейінгі ұзындығы
Т26
Белден алдыңғы сызығынан еденге дейінгі ұзындығы
Т27
Аяқтың ішкі ұзындығы
Т29
Білезік айналымы
Т32
Мойын негіз нүктесінен шынтақ нүктеге дейін ұзындығы
Т33
Мойын негіз нүктесінен білезік айналым сызығына дейінгі ұзындық
Т34
Мойын жетінші нүктесінен алдыңғы бірінші кеуде айналым сызығына дейінгі ұзындық
Т35
Кеуде ұзындығы
Т36
Бел ұзындығы
Т38
Иық сүйегінің жоғарғы нүктесінен доға
Т39
Мойын жетінші нүктесінің жауырын ұатысумен есептегенде бірінші кеуде айналым сызығына дейінгі ұзындығы
Т40
Арқадан белге дейінге жауырын есептегендегі ұзындық
Т44
Мойын негізгі нүктесінен дененің жоғарғы бөлігінің доғасы
Т45
Кеуде ені
Т46
Көкірек нүктесінің арақашықтығы
Т47
Арқа ені
Т48
Бас айналымы
Т51
Өкше айналымы
Т57
Қолдың алдыңғы артқы арақашықтығы
Б

Т10
Мойын нүктесінің биіктігі
Т20
Іштің қатысуынсыз бөксе айналымы
Т23
Балтыр айналымы
Т24
Иық айналымы
Т28
Алақан айналымы
Т31
Иық ені
Т37
Мойынның жетінші нүктесінен қиғаш
Т41
Иықтың қиғаш биіктігі
Т42
Тұлғаның жоғарғы жағының иық нүктесі арқылы доғасы
Т43
Бел сызығының артынан мойын түбіне дейінгі арақашықтық
Т49
Бел сызығынан отырғышқа дейінгі арақашықтық
Т50
Тізенің созылған айналымы
Т53
Иық ұзындығы

2 Адам денесінің сыртқы көрінісінің сипаттамасы

2.1 Киімді конструкциялауға және модельдеуге арналған фигуралар классификациясы
Конститутция - адамның жеке физиологиялық және анотомиялық ерекшеліктерінің күрделі сипаттамасы. Дене формасының,ағзаның және жоғарғы жүйке әрекеттерінің міндеттерімен байланысты. Адамның дене құрылысы ол конститутцияның бір ғана түсінігі. Дене құрылымының белгілері бірінші кезекте бұлшықеттер мен май басудың дамуымен анықталады. Бұл белгілердің дамуы ағзаның биохимиялық ерекшеліктеріне зат алмасуына метобализмге тұқым қуалаушылық факторларына сыртқы ортаның әсерлеріне байланысты. Ол белгілер: көкірек қуысы, көкірек аймағы, ңштің, арқаның факторлары жатады.
Бұлшықеттің даму дәрежесі антропология мен медицинада 5 бөлікпен анықталады: Иық, көкірек, арқа, қол, аяқ және 5 дәрежесіне бөлінеді: шамалы, орташа, күшті және екі аралық тип (шамалы, орташа және күшті орташа).
Май басудың дәрежесі. тері астындағы майлы кличатканың дамуы жеті май қабатының шамасымен сипатталады:иық пен білекті ішкі жағындағы,сандағы,сирақтғы,жауырынн ың астындағы,көкіректегі (10 қабырғаның дәрежесіндегі) және құрсақтағы. Май басудың дәрежесі үш түрге бөлінеді:
1.шамалы;
2.орташа;
3.мол;
Шамалы май басуиық сүйектің бедері және білектің,тізенің табанның бедері ,терінің астында анық көрінуі.
Орташа май басу сүйектің бедері анық көрінбейді.
Мол май басу сүйек бедері тегістелген дененің нұсқалары дөнгеленген болады. Май клеткаларынын қалыңдығы ерлерде - 12мл, әйелдерде-24мл. Май басудың дамуы мен таралу адамның жасына, жынысына, тұрмыс қалпына байланысты. Әйелдерде көбінесе май басу аумағында, санның үстінгі бөлігінде, бөксе иық аумағында болады. Ерлерде көбінесе құрсақ қуыстың үстінгі бөлігінде
Көкірек қуыстың формасы. Көкірек қуыс үшке бөлінеді:
1.Цилиндірлік-көкірек қуыстың формасы қабырғаның еңкіші орташа көкірек астындағы бұрыш тікке жақын.
2.Жазық көкірек қуыс - тік жаққа созылған болады да,бүйірімен жаншылған тәрізді,қабырғалар төмен тұрады,бұрышы сүйір болады.
3.Конустық-формасы кесілген конустың түрінде,қабырғаның еңкіші орташа көкірек бұрышы тіктен үлкен.
Іштің формасы 3түрлі болады:
1.Батыңқы;
2.Тік
3.Шығыңқы дөңгелек
Арқаның формасы 3- бөлінеді:
1.Формальді
2.Еңкіштеу
3.Тік
Ерлердің дене құрылысының типтері. Бунақтың зерттеуі бойынша 7-типке бөлінеді,үшеуі негізгі болады:кеуде,типі-шамалы май басумен шамалы бұлшық етпен жазық көкірек қуыспен,батыңқы ішпен,еңкіштеу арқамен сипатталады.
Бұлшықетті тип- орташа май басумен немесе күшті бұлшықетпен цилиндірлік көкірек қуыспен,батыңқы дөңес ішпен еңкіштеу немесе нормальды арқамен ситатталады.
Құрсақты тип- мол май басумен бұлшықеттің орташа немесе шамалы дамуымен конустық тәрәздес кеуде қуысымен домалақ дөңесті пішкен еңкішке немесе нормальды арқамен сипатталады.
Әйелдердің дене құрылысының типтері. Шкерлидің зерттеуі бойынша үш негізгі және бір қосымша типтермен көретеді:
1-топ-май басудың барлық кеудеде бір келкі таралуымен,май басудың дәрежесі шамалы орташа,мол болуы мүмкі н.Оны үш типпен атайды:L-лептозондық (жіңішке),B нормальды,R-рубенсовты анықталады.
2-топ май басудың тарауы біркелкі емес.Екі типтен тұрады:S-үстіңгі кеуденің мол май басумен сипатталады,I-астыңғы кеуденің үстіңгі жағында мол май басумен сипатталады.
3-топ май басудың тарауы біркелкі емес,екі типті болады tp-кеудеде май басу мол болғанда,ех-аяқ қолда май басу мол болғанда.
4-топ кеуденің кейбір бөліктерінде май басуы екі типті М-көкіректе,t-санда.
Әйелдердің дене құрылысын Галант зерттемесі бойынша үш топқа бөлген:
а)Лептозомдық (жіңішке) - тар кеуделі конституциялары астеникалық және стенопласстикалық
б)Мезазомдық-кең кеуделі конституциялары пикникалық және мезопласстикалық.
в)Мегалозомдық-атлетликалық дененің көлденең және бойлай үлкен өлшемдерімен ерекшелінеді. Конституциялар атлнтикалық, субатлетикалық, эурипласстикалық.
Астеникалық тип-май басумен, бұлшықеттің шамалы дамуымен, ұзын, тар және жазық кеуде қуыспен батыңқы ішпен, кішкентай бөксемен сипатталады .Бұл типте әйелдік қасиет жоқ.
Стенопластикалық-тар кеуделі дене бітімі,бірақ май дамуы жақсы дамыған әйелге тән қасиет анықталған.
Пикникалық тип - май басу мен бұлшықеттің орташа дамуымен, цилиндрлік кеуде қуыспен тік ішпен, кең бөксемен сипатталады.
Мезопластикалық - пипникалық жіпке жақын,бұлшықетке.
Меголозомдық топ - конституциялар үлкен бойлай және көлденең кең өлшемдермен мен сипатталады.
Атлетикалық топ - бұлшықеті күшті дамыған, шамалы май басқан.
Субатлетикалық топ - бұлшықетпен май басу орташа.
Эурипластикалық топ - күшті бұлшықет дамуымен мол май басумен сипатталады.
Балалардың дене құрылыстарының ерекшеліктерін 3 түрге бөлеміз:
1.Астеноидтылық бұлшықетпен май басудың шамалы дамуы мен жазылған және тарылған көкірек қуысы мен көкірек астындағы сүйңр бұрышпен еңкіштеу арқамен салыстырмалы ұзын аяқ қолмен сипатталады.
2.Торакальды май басу мен бұлшықеттің орташа дамыған кішкене тарылған және көкірек қуыспен тіккішпен нормальды арқамен.
3.Бұлшықетті май басу мен бұлшықеттің орташа, көкірек қуысы цилиндрлі, тіккішпен, нормальды арқамен сипатталады.
Антропометрия - адамның жеке емес типтік дене құрылысын зерттейді. Адам қаңқасы сүйек, шеміршектен тұрады. Адамның сыртқы формасының ерекшеліктерін маңызды деңгейде келбет анықтайды. Келбетте адам тыныш қалпындағы бейнесінің тепе-теңдік тік орналасуының және тік жүруінің негізгі сипатының біреуі деп қарастырады. Белсенді және сапалы бір белгілі қалыпқа дене мүшелерін келтіруіне байланысты кейбір ерксіз қалыпты биомеханикада дене ұстау қалпы деп атайды. Тік тұрған кезде дене ұстау қалыптың негізгісі болып тыныш қалпын есептейді. Ғылыми әдебиетте дене ұстау қалпы, табиғи қалпы, ыңғайлы, тік тұру, дағдылы қалпы деп бөледі. Денені тепе-теңдікте сақтау үшін, бұлшықеттің минимальді энергиясын крек қылатын орынды тік тұруындағы адам денесін кескін үйлесімінің дара ерекшеліктерін келбет деп түсінеміз.
Ауырлық ортасының қалпы және тепе-теңдік сақтау шарты. Тік тұрған кезде адам денесінің ауырлық ортасын, 3 жазықтықта, фронтальді, согитальді, көлденең және тірек жазықтыққа байланысты анықтайды. Дененің тік қалпын, тепе- теңдігін ауырлық ортасының тік проекциясы тірек ауданының ішінен өтуін атайды. Адам денесі динамикалық тепе-теңдіктегі күрделі көп түйінді жүйе.
Дене келбетінің типтері. Келбет әр түрлі омыртқа жотасының, тұлғаның формасымен, бас пен аяқтың қалпымен сипатталады. Келбетті анықтайтын негізгі фактор омыртқа жотасы. Саггитальді иілістің формасына қарай келбетті 5 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киімнің сапасы және экспертиза
Әртүрлі мәдениеттегі ишаралар
Құрастыру сызбасын тұрғызу
Үлгіні мата бетіне орналастыру
Адам денесінің пішінінің өлшемдері және сыртқы көрініске сипттама
HTML тілі. Гипермәтін және гипермедиа
АҒЗАНЫҢ ӘРТҮРЛІ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ БҰЗЫЛҒАН КЕЗДЕГІ МЕЙІРБИКЕЛІК ҮРДІС
Кеңістік пен уақыттың ғылым тарихындағы түсінігінің дамуы
Дене тәрбиесі жүйесінің міндеттері мен мақсаттары
Доғал заттармен салынатын жарақаттар және олардың жалпы сипаттамасы
Пәндер