Жеңіл атлеттердің оқу-жаттығу үрдісін құру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Қолданбалы математика және информатика кафедрасы
Реферат
Жеңіл атлеттердің оқу-жаттығу үрдісін құру
Орындаған: ИС-211 тобының студенті
Сырым С.
Қарағанды 2017
Жоспар:
Үйретудің әдістемелік принциптері.
Спорттық жүріс техникасын үйрету әдістемесі.
Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру техникасының әдістемесі.
Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету әдістемесі.
Эстафеталық жүгіру техникасын үйрету әдістемесі.
Қолданылған әдебиеттер.
Үйретудің әдістемелік принциптері.
Қозғалысқа үйрету барысында келесі әдістемелік принциптерді қолданады: зерделілік пен белсенділік; көрнекілік; жүйелілік; реттілігі; біртіндеп; даралану.
Зерделілік пен белсенділік принципі. Қимыл-қозғалысты жетік меңгеру үшін, үйренуші өзінің жақсы қасиеттерін алға тартып, мақсатқа жету жолында еңбек ету қажет. Үйрену барысында үйренуші белсенділік танытпаса оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Оқуға құлқы жоқ немесе жалқау адамды үйрету мүмкін емес. Белсенділік - үйретілетін материалды саналы түрде түсіну яғни әрбір қозғалыс элементін тиянақты үйрену, қозғалысты бақылау, қателіктерге жол бермеу жағын қарастыру. Үйрену кезіндегі зерделілік пен белсенділік үйренушінің жинақылығына және тәртібіне тікелей байланысты.Педагог үйренушіге белсенділік ерігін бере отырып, үйрету үдерісін бақылауға, үйлестіруге және реттеуге міндетті.
Көрнекі қралдарды пайдалану принципі - белгілі бір қимыл-қозғалыс жасау, қозғалысты сырттай қарау және қозғалыстың қарапайым механизмін анықтау. Үйретіліп жатқан қозғалыс қимылын тек көріп қана қабылдамайды, сондай-ақ есту және вестибулярлық талдау арқылы да меңгеруге болады. Есте сақтау қажет, бір адам көз алдындағы нәрсені жақсы қабылдаса, екіншісі, есту арқылы жақсы қабылдайды. Біреуге заттай түрде оңай түсінсе, біреуге есту немесе логика арқылы түсіну жеңіл тиеді. Көрнекі құралдарды пайдаланупринципі үшін ең маңыздысы кері байланыс: айна алдында үйреніп жатқан қимылдарды жасау, видеотүсірілімдерді қолдану. Сонымен қатар жастық шақта сезім арқылы қабылдау басты рөл атқарады. Өсе келе адам білімді ғана емес, абстракты ойлауды дамытады. Онда көркем сөйлеу мәнері артады. Кез-келген жас мөлшерінде көрініс принципі ерекше рөл атқаратынын есте ұстау керек..
Жүйелілік принципі немесе қимыл-қозғалыстың қайталануы. Қозғалыс қимылы, әсіресе, техника жағынан күрделіс бірнеше рет қайталаудың арқасында ғана үйреніп, бекітіледі.Үйрену барысында жіберген қателікті түзеткеннен кейін ғана қимылды қайта жасау керек екенін есте сақтау қажет. Қозғалыс қимылдарын үйренудің ең оңай жолдарын төмендегідей: - үйреніпжатқан қимыл тек оны қайталаған жағдайда ғана іске асырылып, бекітіледі; қимыл-қозғалысты іске асырғанда бұлшық еттердің шаршауына әкеліп соғады, ол үшін уақыт пен күш қажет; - қимыл-қозғалысты орындау кезінде және одан кейінгі уақытта ағза түскен салмаққа бірте-бірте үйрене бастайды, ағзада өзгеріс пайда болады. Осы жағдайда мыналарды еске сақтау керек: салмақ түсетін қозғалыс қимылдарын үйрену, көбіне, бұлшық еттің жұмыс істеу қабілетіне әсер етеді. Ал күрделі техникалық қимылдар және қимыл қозғалыстар психикалық жұмыс істеу қабілетіне әсер етеді.
Реттілік принципі бойынша меңгерілгеннен - меңгерілмегенге, қарапайымнан күрделіге ережесіне сүйенеді. Қозғалысқимылының техникасы, әрқашан үйреншікті, жаттанды қимылға жүгінеді. Сондықтан қарапайым қимыл- қозғалыстардың қатарын көбейту қажет. Техниканың жаңа түрлерін үйренгенде сол қимылдарға жүгіну керек. Қарапайымдылық пен күрделілік координациялық күрделілікке ғана байланысты емес, сонымен қатар қозғалыс қимылдарын орындау үшін физикалық күш жұмсауға да байланысты. Сондай-ақ, қозғалыс қимылының психологиялық факторын, әсіресе, қорқыныш, үрей сияқты сезімдерді жеңу кезінде ескеру керек. Біртіндеп принципіүйрену барысында физикалық салмақ қа және орындалатын қозғалыс қимылы техникасының күрделенуіне тікелей байланысты. Үнемі есте сақтау керек: шамадан тыс салмақ түсіру жаңадан үйреніп жүргендердің ағзаларына теріс әсер етеді. Сондықтан олар үшін оңтайлы жүктеме іріктеу керек. Біркелкі, үнемі қолданатын жаттығуларға ағза бейімделіп алады да оларды жасаудың тиімділігі төмендейді. Қозғалыс диапазонын кеңейту үшін әртүрлі, бірақ құрылысы жағынан ұқсас жаттығуларды жасау керек.
Біртіндеп принципін үйрену процесінде секірмелі қимылдар болмау керек. Бұл принциптің негізгі постулаты - меңгерілген қимылдан келесі қимылға біртіндеп көшу, кейде өткендерді қайталап, үйретілмеген немесе нашар үйретілген қимылдарды жіберіп алмау керек. Өйткені мұндай қимылдар келесі қимылдарды өткенде теріс әсер етпей қоймайды.
Даралану принципі бойыншаүйренушінің жеке ерекшеліктері ескеріледі, яғни дайын болу дәрежесі, жынысы мен жас ерекшеліктері, жеке тұлғаның анатомиялық- физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері және педагогтың жеке үйрету стилі. Үйретудің алғашқы кезеңінде, үйренушілер әлі де өз қабілеттерін көрсетпеген кезде топтық жұмыстар тиімдірек болады. Қозғалыс қимылдары қарапайым және топ меңгеріп алып жүргенде ешкім ерекшеленбейді.Әріқарай қимылдарды тез және жақсырақ орындай бастағанда біртіндеп жеке жаттығуларға көше бастайды. Қозғалыс қимылдарын үйренгенде жыныс ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөлу керек.

Спорттық жүріс жеңіл атлетиканың бір түрі болып саналады және кәдімгі жүрістен техникасымен ерекшеленеді. Бірақ, алдымен бұл әдістемеге көшпей тұрып, кәдімгі жүрістің кемшіліктерін (жүрісі, келбеті) түзеткеніміз дұрыс. Жеңіл атлетикадағы бұл түрінің бағалау критерийі - табиғилық және үнемділік болады. Спорттық жүріс техникасын үйрету жайындағы сұраққа шешім табу үшін, міндеттері мен мақсаттары бар әдістер ұсынылады.
1 - міндет.Спорттық жүріс техникасымен таныстыру. Спорттық жүріс техникасын оқытушы көрсетеді.Оқытушы қимылды асықпай, баяу жылдамдықпен көрсетіп түсіндіреді. Үйренушілердіспорттық жүріс техникасын түсіндіретін оқытушыны алдынан, жанынан және артынан көре алатындай орналасулары керек. Үйренушілерге спорттық жүріс техникасын үйрету барысында оқытушы кинопленкада түсірілген қимыл- қозғалыстарды көрсеткені жөн. Жүріс техникасының көрінісінен кейін, жаттығушылар өздері 2-3 рет 50-80м. өтулері керек. Оқытушы үйренішілердің жіберген қателіктерін көрсетіп, кемшіліктерді қалай жоюдың нұсқаларын айтуы керек.
2-міндет. Спорттық жүріс кезіндегі аяқ және жамбас қозғалыстарын үйрету. Бұл жердегі негізгі әдіс- баяу жүріс. Түзу қойылған аяқ дене бұрылысымен және қол қозғалыстармен бір уақытта жерге қойылады. Одан ары қозғалыс жылдамдығы, ең алдымен, қадам жиілігі арқылы біртіндеп артады. Аяқты жылдам сілтеп басуды үйреткр алдында --ұсақ-ұсақ аттау‖ жүрісі орындалады (60-80 см қадам), шеңбер бойымен жүру(диаметр 5-6 м) және --иреңделген жүріс‖(2-4 метр оңға, содан солға). Бұл жаттығулар жүгіретін жолдың ақ сызықтары бойынша немесе сызылғын сызық бойынша кезектеседі (50- 60м). Жамбаспен бұрылуды үйрету үшін иық және жамбастың қарама-қарсы бұрылу қимылдары қолданылады (иық оңға, жамбас солға және керісінше), бұралаңдаған жүрісте оң аяқтың қозғалысы алға емес, солға және керісінше жасалады Барлық аталған жаттығулар техникның жеке элементтерін меңгеруіне байланысты оқыту барысында бірнеше рет қайталанады.
3-міндет.Спорттық жүріс кезіндегі қол және иық қозғалыстарын үйрету. Спорттық жүріс уақытында қол тік немесе доғал бұрыштабүгіліп тұрып, тура қозғалу керек. Иықтың түсіп тұруын, ал қолдың емін-еркін қозғалысын қадағалаған жөн. Бұл мәселені шешу үшін келесі жаттығулар ұсынылады: қол иықтың немесе бастың артына қойып жүру; қоларын алдына қойып жүру; таяқпен жүріс, таяқ шынтақ буынында,иықта немесе арқаның артында орналасады. Егер қолдың жұмыс амплитудасын көбейту мақсаты тұрса, онда қолды түсіріп жүру ұсынылады. Көрсетілген жаттығуларда жүрістің қашықтығы 100-150 м. Жаттығулардың қайталау саны, оның дұрыс орындалуынан және қозғалыс жылдамдығын меңгеруіне байланысты.
4 - міндет. Жалпы спорттық жүріс техникасын үйрету. Спорттық жүрісті меңгеру барысында, жалпы, жеке алынған элементтерді игеруге бағытталған, әр түрлі жаттығуларды қайта-қайта мың мәрте қайталаған жөн. Осы мақсатта ерекше көңіл аударатын жағдайлар: кеуде және бастың қалпы; кеуде және аяқ-қол қозғалыстарының жұмсақтығы; жеткілікті ұзындықтағы қадам; аяқты еркін ауыстыру; өкшені дер кезінде жерден алу; барлық қимылдардың үйлесімділігі. Жалпы спорттық жүріс техникасының негізгі оқыту әдісі: әр түрлі жылдамдықта және әр түрлі қашықтықта(400-800 м) жасалатын жүріс, аяқ-қол, жамбас, кеуде қозғалыстарындағы қателіктерді көрсету; қадамның ұзындығы мен жиілігінің ара қатынасын табатын жүріс.
5 - міндет.Спорттық жүріс техникасын жетілдіру. Спорттық жүріс техникасын жетілдіру уақытында, үйренуші өзіне ыңғайлы жүріс қарқынын табуы қажет. Жасайтын қадамның жиілігі және тыныс алу мен дем шығару саны мен қадам санының арақатынасы, аяқ-қолдың, кеуде қозғалыстарының жалпы бүкіл қозғалыстрадың реттелгендігін байқаған жөн. Бұл оқыту кезеңінде әртүрлі тік құлама жерлерге көтеріліп түсу жүрісікезіндегі жалпы және арнайы физикалық дайындығының бірте-бірте арту деңгейі маңызды болып табылады(400 Ре -2000 м).

1-міндет. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру техникасымен таныстыру. Бұл мәселенің шешімі жаттығушылардың жеке ерекшеліктерінен басталады. Осы мақсатпен жаттығушыларға бірнеше рет орташа жылдамдықпен 80-100 метрге жүгіріп өтуді ұсынады. Содан кейін әрқайсысының жіберген дөрекі қателіктерін көрсету қажет. Әрі қарай жүгіру техникасының, жарыс ережелерінің ерекшеліктері түсіндіріледі. Білікті жүгіруші жүгіру техникасын көрсетеді. Содан кейін жаттығушылар 5-100 метрге тағы бірнеше рет жүгіріп өтеді.
2 - міндет. Тура жүгіру техникасын үйрету. Бұл әдіс алдымен жүгіруді көрсетуден, содан кейін техниканың жекелеген элементтерінің дұрыс орындалуына жағдай жасалады. Алдымен ақырын темпте, содан кейін үйрене келе жылдамдықты арттыра жүгіру - оқытудың ең басты тәсілі болып саналады. Жүгірудің техникасын үйрету барысында жаттықтырушы мынадай басты талаптарды есте сақтауы тиіс: - тура бағыт; - сермелетін аяқ санының алға қарай қозғалуымен бірге итерілетін аяқтың толық түзелуі; - вертикаль кезінде жіліншіктің сермейтін аяқты орауы; - қолдың бос және батыл жұмысы; - кеуде мен бастың тура қалпы; - табанды алдыңғы бөліктен жерге жылдам және жұмсақ қою қалпы.
3 - міндет. Бұрылыс арқылы жүгіру техникасы. Бұл техниканы меңгеру кезінде стадионның жүгіру жолында радиусы 20-10 м шеңбер бойынша әртүрлі жылдамдықтағы жүгірістер қолданылады. Оқыту барысында вираж арқылы дененің бұрылысқа қарай еңкеюін және бұрылыс жақтағы емес қолдың кеңірек және көбірек, яғни денеге көлденең жұмыс істегенін қадағалау қажет. Кеуденің шеңбердің ішіне еңкеюі жүгірістің жылдамдығына және бұрылыстың тіктігіне байланысты. Аяқ табанын бұрылысқа қарай ұшымен бұрған жөн. Әрі ішке қарай бұрылыс жақтағы аяқ емес, екінші аяқ көбірек бұрылады. Бұрылыстан кейін тура жүгіру кезінде жылдамдықты сақтап, еркін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz