М.Монтессори педагогикасының жүйесі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 М.Монтессори педагогикасының жүйесі

Итальяндық дәрігер және педагог Мария Монтессоридің (1870-1952) педагогикалық жүйесі - әлемнің көптеген елдерінде ең танымал жүйелердің бірі. Бұл жүйемен көптеген балабақшалар, дамыту орталықтары, тіпті мектептер жұмыс атқарады. Қазір Қазақстан Республикасының көптеген аймақтарында М.Монтессоридің педагогикалық жүйесінің элементтерін еңгізіп жатқан мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді. Анаммен бірге, мен өзім, ақылдылар секілді орталықтар білікті, тәжірибелі педагогтар мен қызметкерлермен, дәрігер педиатрлармен, психологпен, логопедпен қамтамасыз етілген. Монтессори педагогикасында жұмыстың негізгі бағыты - мектепке дейін балалардың еркін дамуымен тәрбиесін қамтамсыз ету [1].
Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагок, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен бала - ата-ананың көз қуанышы, көңіл жұбанышы. Кез келген ата-ана баласы үшін өмір сүреді деп ойлаймын. Халқымыз Балалы үй базар деп тегін айтпаса керек, отбасылық өмірдің мәні мен сәні сәбимен бірге кіреді. Үлкен адамдардың өміріне соншама қуаныш пен шаттық сыйлайтын сәбилер кейде, керісінше, ата-анасының көңіліне уайым мен алаңдаушылық ұялатып жататыны да қоғамымыздағы белгілі жәйт [2].
Мария Монтессори италиялық дәрігер әйел. Бұл жүйені осыдан 100 жыл бұрын сол ойлап тапқандықтан, соның атымен аталады. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Оның негізгі қағидаты - оқы, оқы деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі - баланың жеке қабілетін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл Монтессори ортасы деп аталады. Бұл ортада психологиялық жайлылық, таңдау еріктілігі және педагогтің сабырлы адамгершілігі салтанат құрады. Бұл күндері жүйені баяғыдан бері пайдаланып келе жатқан Жапония, Қытай, Сингапур, Германия секілді мемлекеттерде интеллектуалды дамыған адамдардың көптігі осыған байланысты екеніне біртіндеп көз жеткізіп келеміз. Тіпті сол дамыған мемлекеттерде тек жалпылама адамдар емес, ұлттың өзі интеллектуалды ұлт ретінде қалыптасып отырғаны белгілі. Бала жас кезінде жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай қарай иіледі. Жақсыға үйретсең, жақсылап үйретсең тез қабылдайды. Осы тұрғыдан келгенде Монтессори әдістемесінің біздің орталыққа енуі жақсы бастама деп ойлаймын.
Мария Монтессори 1870 жылы 31 тамыз айында дүниеге келген.
Итальяндық педагок, әрі ғалым.Ол балаларды еркін тәрбилеу идеясын жасап, өмірге енгізді. 1896 жылы Рим Университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылады. Университеттің емханасында ақыл-ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді. 1900жылы Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен, ол саусақтардың ұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардың өзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп, Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады.
Бірқатар уақыт өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу, жазу және есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.
1909 жылы бастап М.Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады.Түрлі елдердің педагогтары үшін курстар ашылды. 1910 жылы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған Монтессори әдісі атты кітап жарық көрді.
1929 жылы Мария Монтессори қазіргі кезде де жұмыс істеп жатқан халықаралық Монтессори Ассоциациясының (АМІ) негізін салды. Италиядағы фашистік тәртіп кезеңінде Марияның елден кетуіне тура келді. Ол Еуропаға 76 жасында қайтып келді. Көптеген еңбектерін шығарды, оқу курстарын жүргізді, психологиялық еңбектер жазды. 1950жылы оған Амстердам университетінің профессоры атағы, докторлық құрметті дәрежесі берілді [3].
Монтессори бөлмесінде Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама деген ереже үнемі сақталады. Бүгінде осы әдіспен жұмыс істейтін балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді. Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ, мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды. Монтессори әдісі үш негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз.
Монтессори әдісінің мақсаты:
oo балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;
oo өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;
oo балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.
Монтессори ұстазының міндеті:
oo балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу;
oo негізгі түстерді айыра білуге үйрету;
oo ұсақ моториканы дамыту;
oo алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру;
oo зейінін тұрақтандыру;
oo тәртіпке үйрету;
Монтессори бөлмесі 5 аймаққа бөлінген:
1.Сенсорлық аймақ.
2.Математика-лық аймақ.
3.Күнделікті өмір жаттығулары аймағы.
4.Тілдік аймақ.
5.Ғарыштық аймақ.
Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы
тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен
бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын
әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағыммен ырғақта дамиды.
Балалардың табиғи қажеттіліктері мен үрдістері үшін даярланған Білім беру дәстүріне деген көзқарасты елестетіңіз. Педагогтарды білім көзі ретінде емес, оқушылар сынамалар мен қателіктер арқылы проблемаларды шешетін, жаңалықтар ашатын және тәжірибелер арқылы үйренетін динамикалық, даяр орта ұйымдастырушы ретінде елестетіңіз [4].
Мария Монтессори осы әдістің негізін 100 жылдан астам уақыт бұрын салған. Бүгінгі әлемде, білім сағат сайын өзгеріп, деректер құм шамасындай чиптерде сақталатын заманда ақпарат емес, ой алдыңғы орынға шығады. Білім емес, әрекет маңызға ие болады. Біз ойланып әрекет жасайтын, жаңалықтар ашатын, ойлап шығаратын, құрастыратын және алдағы ғасыр алдына қоятын проблемаларды шешетін келесі ұрпақты қалайша тәрбиелей аламыз? Шынайы, іс жүзіндегі жұмысқана сұрақтың жауабы болып табылады. Білім беру білім тарату және деректерді жалаң түрде жаттатудан оқушының қолымен миын жұмыс істететін, сын тұрғысынан және креативті ойлауды өмір жолына айналдыратын оқыту түріне көшуі тиіс. Балалық шақтан бастап, жеткіншек шақ арқылы ересек өмірге дейін адамзат дамуының бәріне ортақ үрдістері бар. Егер бұл үрдістер білім беру базасын қалыптастыру үшін пайдаланылса, бізоқытубарысындатабиғатпенүйлесімд ежұмысістей аламыз. Дұрыс орта қалыптасқан жағдайда үйрену,жұмыспен тапсырма орындау барысында ләззат алу адамзат табиғатына тән. Туғаннан бастап жеткіншек шағы арқылы даму деңгейлері адамзат табиғатымен үйлесімде үйрену әдісіне сценарий бола алады. Өзін-өзі қалыптастыру әрбір баланың міндеті екендігін түсініп, Біз өзіміздің педагогтар ретіндегі роліміздің сәулет Инженері кәсібіне ұқсастығын байқаймыз. Біз оқушылардың шығармашылығын, қиялымен дербестігін ынталандыру барысында дағдылары мен білімдерін қалыптастыратынжоспарлар,материалда р, құралдармен тәжірибелердің әрбір кезеңде әр бала үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз керек.
Монтессори бағдарламаның айырмашылығы сынып - сабақты
жүйесінің жоқтығы: Бала өзінің қызығушылық саласын өзі таңдайды.
Ата - аналар мен педагогтар бұл үрдісте қараушы рөлін ойнайды, сезгіш және ықыласты болады,неге десе олар жас зерттеушінің түсіну үшін
Лайықты шарттар жасау керек. Біздің балабақшада Баланың әртүрл іәрекет
Салалары тек қана балаларда емес, олардың ата - аналар алдында үлкен
танымалдығын білдіреді. Санау оқу, бөлу жәнет.б. сабақтарда тақырыптың презентациясы өтеді. Бұдан кейін бала өзі онымен жұмыс істеуге үйренеді, онымен қатар материалдың түсін, пішінін өзгерте алады. Жасалған материалды қолыңа алғың келе береді, өйткені ол өзі әрекет жасауға магнит сияқты тартады. Одан қалды ол қауіпсіз және онда зор потенциалы бар.
Әрине, балабақшада балалар тек қана күнде жаңа материалмен таныса бермейді. Балалардың қатысуларымен өте қызықты мерекелер болады.
Сөйтіп маңызды мәдени оқиғалар балардың жанынан өтіп кетпейді.
Бірақ, еңбекпен сабақты сауықтан айыра алады: іске уақыт-сауыққа бір сағат. Монтессори формасымен оқи отыра,балалар өз ойын білдірусаласында барынша көп еркіндік алады, мектепке дайындық мерзімді жеңіл өтеді. Олар онда үйлеріне барған сияқты. Ең бастысы, олар өздік түрде білім алады, және олардың құмарлықтарын тоқтата алмайсың! Әрине, бұнда ең маңызды рөлді мұғалімдермен ата - аналар ойнайды, олар баланың ерекшілігін қабылдау үшін тілектестік атмосфера жасаулары қажет. Баланыңер екшілік қасиеттерін бастапқылыққа қойып нақты адамды тәрбиелеуге болады [5].
М.Монтессори педагогикасының негізгі ерекшеліктерінің бірі оқу үдерісінде белсенділік орталығының педагогтан балаға қарай ауысуы. Бала педагогтің түсіндіргенін енжар қабылдап отыратын тыңдаушы болмайды, керісінше, өз бетімен эксперименталды іс-әрекеті барысында жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес оқып үйренеді [7].
Бірінші қарағанда, оқу үдерісінде педагогтің рөлі төмендеген секілді көрінеді. Бірақ іс жүзінде отандық педагогика ұғымдарына қайшы, мұғалім көрсететін көмек - балаға материалмен қалай жұмыс істеуге болатынын, қалай қолданатынын көрсету болып табылады. Педагог әрқашан балаға материалмен жұмыс істеудің рационалды әдісін көрсетеді, іс-әректтің үлгісін береді, осылайша материалда жасырынған қасиеттер мен қатынастарды ашып береді.
Монтессори тәрбие мен оқыту үдерісін балаға өмірге келгеннен бастап психикалық дамуына берілетін көмек деп түсінді, ал кейін бұл көмек өміріне беріледі. Көмек деген ұғым бұл жерде негізгі болып саналады. Дәл осы нәрсе көбіне балаға деген педагог ұстанымының рөлін анықтап береді. Педагог әрқашан мейірімді, балаға басшылық ете отырып, бала мен дайындалған дидактикалық орта арасындағы елші болады. Сондықтан, педагог үнемі баланың жанынан табылады,оған кедергі жасамай, мұқият бақылап отырады, бір қадам алға жылжып көмек пен басшылығын ұсынса, енді бір мезет, бір қадам артқа шегініп, балаға өз бетімен жұмыс істеп, рахаттануына мүмкіндік береді.
Монтессори педагогикасында балабақшадағы балалар еңбегінің негізгі төрт түрі бар: өзіне - өзі қызмет көрсету, шаруашылық-тұрмыстық еңбек, табиғаттағы еңбек және қол еңбегі. Еңбектің жекелеген түрлерінің үлес салмағы түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес. Олардың әрқайсысының тәрбие міндеттерін шешуде белгілі өз мүмкіндіктері бар. Кішкентай балаларда өзі-өзіне де қызмет көрсете алу дағдыларын тәрбиелеу - бүлдіршіндерді білу және тәрбиешіден үлкен шыдамдылықты қажет ететін ұзақ процесс.
Мектепке дейінгі шақта балалар өзіне - өзі қызмет көрсетуде әжептәуір дербестікке ие болады, еңбектің бұл түрі олардың тұрақты міндетіне айналады. Тәрбиелік міндеттердің қиындатыла түсуі қимыл - әрекеттердің сапасына, өзін күту процесіндегі ұйымдасқан тәртіпке, оған жұмсалатын уақытқа қойылатын талаптың арттырылуынан көрінеді. Тәрбиеші балаларда өзара көмектесу тәсілдерін қалыптастырады, оларға жолдастарынан қалай көмек сұрауды, қалай көмек көрсетуді, көмектескені үшін алғыс айтуды үйретеді [6].
Мектепке дейінгі балалардың шаруашылық - тұрмыстық еңбегінің нәтижелері олардың еңбек қызметінің басқа түрлерімен салыстырғанда оншалық елеулі болмағанымен, ол балалар бақшасының күнделікті өмірінде қажет. Бұл еңбек үйдің ішінде және аулада тазалық пен тәртіп сақтауға, режимдік процестер ұйымдастыруда ересектерге қолқабыс тигізуге үйретеді. Шаруашылық - тұрмыстық еңбек ұжымға қызмет көрсетуге бағытталған, сондықтан онда балаларды өз қатарына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу үшін мол мүмкіндіктер бар. Мектепке дейінгі шақта тәрбиеші балаларда қарапайым шаруашылық - тұрмыстық дағдыларды: үй сыпыру, жинау, үстел жасауға көмектесу, ойнап болғаннан кейін ойыншықтарды тәртіпке келтіру және жуу, ауладағы жапырақтарды жинау, бақтағы орындықтардағы қарды сыпыру және тағы да басқа дағдыларды қалыптастырады.

1.2. Педагогикалық жүйесінің негізгі қағидалары

Монтессори әдісінің мәні баланы өзін - өзі тәрбиелеу, өзін - өзі оқыту, өзін - өзі дамытуға бағытталған. Бұл педагогикалық жүйеде адамның еркіндігі мен қадір қасиетіне деген көзқарас бала кезінен маңызды болып келеді. Тәрбие үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі - баланың рухани еркіндігіне құрметпен қарау [8].
М.Монтессори үшін адамның рухани дамуы оның психикалық және физикалық дамуымен тығыз байланысты. Монтессори саналылық пен ойлаушылық қабілетінің дамуы үшін сезім мүшелері қабылдауының, қозғалыс дамуының маңыздылығынын үнемі көрсетіп отырды. Монтессори педагогикалық жүйесінің негізгі қағидалары құрылған:
1. Антропологиялық қағидасы
Монтессоридің педагогикасы баладан басталады, оның ортасында білімі антропология мен психология тұрғысынан құралатын бала тұрады. Бұл педагогикалық жүйеде адамның еркіндігі мен қадір қасиетіне деген көзқарас бала кезінен маңызды болып келеді. Тәрбие үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі - баланың рухани еркіндігіне құрметпен қарау.
Монтессори үшін адамның рухани дамуы оның психикалық және физикалық дамуымен тығыз байланысты. Монтессори саналылық пен ойлаушылық қа-білетінің дамуы үшін сезім мүшелері қабылдауының, қозғалыс дамуының маңыздылығынын үнемі көрсетіп отырды.
2. Бала дамуы еркіндігінің қағидасы
Тәрбие құрылымы өзгеруінің астарында Монтессори тәрбиелеу үдерісінде еркіндік жағдайларын жасауды түсінді . Дәл осыған байланысты жұмыс түрі мен құралдарды өз еркімен таңдау монтессори - топтардағы оқу үдерісін ұйымдастыруды дәстүрлі сынып сабақ жүйесі мен кәдімгі балабақшалардағы топтық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін өткізу жүйесінен ерекшелендіреді. Басты мақсаты еркін, өздігінен ойлай алатын, өзін басқара алатын, жауапты жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Осыдан Монтессори бойынша білім берудің дефизі пайда болды: Өзіме істеуіме көмектес. Мен өзім! - педагог үшін баланың бұл тілегі орындалуға міндетті. Монтессоридің ойынша, кішкентай баланың өзімен өзі болуға тауелсіздікке ұмтылысын ересектер құрметтеуі керек, жауапты адам өссін десе, тәрбиелеу үдеріснде одан әрі бекітіліп қолдауға ие болуы керек [10].
Монтессори педагогикасына үстіртін көзқарас балаларға олардың дереу орындалуға тиіс тілектері мен анықталатын шектелмеген еркіндік берілген, яғни олар не қаласа, соны істейді деген жалған ұғымға әкелуі мүмкін. Іс жүзінде олай емес. Монтессори педагогикасында біріншіден, басқа балалардың және ұжымның сұранысында (басқаларға кедергі жасамайтын нәрсенің бәрі болады, Әрбір затты орнына қою керек), екіншіден жұмыстың қажеттілігінде (ешнәрсе істемеуге болмайды, бастаған істі аяғына жеткізу керек) еркіндіктің өзінің шекарасы бар. Монтессори тек осылай ғана өз ісінің шебері болуға үйренуге болады деп санады. Оны жүйесіндегі еркіндік баланың дидактикалық түрде әзірленген ортада еркін қозғалысын, өзінің іспен айналысуына орынды еркін таңдауын, танымдық қызығушылығына керекті заттар мен дидактикалық материалды еркін таңдауын, өз ісімен айналысуға қажеттті уақытты еркін белгілеуін, білім деңгейін таңдау еркіндігін, коммуникациямен іс кезінде балармен бірігу еркіндігін білдіреді. Еркін тірлігінің арқасында бала өзінің мүмкіндіктерін бағалай алады және материалды, орынды, серіктесін, тағы басқа таңдағанда дұрыс шешім қабылдай алады, сол қабылданған шешімге өзінің жауапкершілігін түсінеді, үдерістен және ісінің нәтижесініен қуаныш алады.
3. Назарды шоғырландыру қағидасы
Ұзақ уақыт алаңдамай бір нәрсеге назарын аударып жұмыс істеу, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, материалымен қалай жұмыс істеуді көрсетіп беретін педагогтың қимылын мұқият бақылау, егер қажет болғанда түсініктемелерді тыңдау, өздігінен жұмыс істеу және өзінің қателерін бақылауда басқаларға бөгет болмау орындалғанда ғана еркін және өздігінен бір іспен айналысуға болады. Монтессори мұны назардың поляризациясы деп атады [12]. Бұл феноменді ол кішкентай балалармен жұмыс істегенде ашты.
Монтессори назарды шоғырландырудың жоғары деңгейі ақыл - ойдың басшылығымен қолдардың белсенділігін тудырады деген тұжырымға келді. Балалық эксперменттеу өз еркімен алынған затқа белсенді зерттеушілікпен қараудың салдары болып табылады, бұл өз кезегінде баланың назарын, ойлау қабілетін белсендіреді және оларды ұзақ уақыт нәтижелі бірігуге әкеледі - бұл құбылыс поляризация деп аталады.
Белгілі бір затқа іштей шоғырланудың арқасында баланың ақыл- ойының өздігінен даму үдерісі мүмкін болады. Мұнан басқа ақылмен жұмыс істеуге қажетті шыдамдылық, табандылық сияқты қасиеттер пайда болады. Ішкі шоғырлану қасиеті қаншалықты дамыса, соншалықты жұмысқа бір қалыпты тереңдей түсу жүре бастайды, бала тәртібі феномені осылай анықтыла түседі, - деп жазды М. Монтессори. Тәртіпте баланың өзінің қалауына қарай істеу қабілетінің жақсаруы байқалады, ішкі тәртіп еркіндіктің келесі беті бола бастайды.
4. Арнайы дайындалған оқыту орта қағидасы
Қоршаған оқыту ортасын жасағанда баланың физикалық мүмкіндіктері міндетті түрде ескеріледі. Оңай қол жететін сөрелерде оқып үйрену үшін жан - жақты дамытатын керемет мүмкіндігі егжей - тегжейлі ойластырылған көптеген дидактикалық материал қойылады. Монтессори - материалдың қасиеттері мен сапасы жаттығу үдерісі кезінде назардың поляризациясына септігін тигізеді. Өз еркімен таңдап алынған істің мәнін ақылға салу пайда болады.
Монтессори - материал жалпыланған білімнің нақты, заттық бейнесін, адам жаратылысының кейбір элементін, барынша деперсоникацияланған, субъектіліктен ажыратылған, адамдардың ол жайлы ұрпақтан ұрпаққа жалпыланып келген білімін көрсетеді (Монтессоридің айтуынша - материаланған абстракциялар).
Монтессори педагогикасында дидактикалық материалы бар жаттығуларды берілген бұрын белгілі элементтерден бала үшін жаңа істерді жинақтау үдерісін белсенділендіруге ерекше көңіл бөлінеді. Монтессори сондықтан, жазуға- жазумен, оқуға - оқумен, сурет салуға - сурет салу мен үйретпейді, керісінше балаға осы қиын іс - әрекеттерді элементтерден құрастыру мүмкіндігін береді, оның үстіне арқайсының өз уақыты келгенде, яғни сенситивті кезең басталғанша күтеді. Баланы жазу мен оқуға қосымша дайындау үш жасында басталады, дидактикалық материал баланың дамуына сәйкес ақыл-ой тәртібін хабарлау үшін пайдаланылады. Монтессори материалы баланың қоршаған ортада сіңірілуіне қажетті көмек болып табылады.
Педагог бала мен дамытушы заттық-кеңістіктік ортаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН М. МОНТЕССОРИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПАРАДИГМАСЫ
Монтессори тобындағы шеңбер
Мария Монтессори технологиясы туралы мәлімет
МОНТЕССОРИ МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ЖҰМЫСЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бастауыш сыныпта М.Монтессори әдісін жүзеге асырудың педагогикалық шарттары (1 сынып оқушылары үшін)
М.Монтесоридің технологиясын балабақшада қолданудың педагогикалық маңыздылығы
Ресейде М.Монтессори жүйесінің даму және қалыптасу тарихына зерттеу
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ МАРИИ МОНТЕССОРИ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
М.Монтессоридің өмірі мен педагогикалық жүйесі
Психикалық дамуы тежелген балаларды түзету әдістерін қарастыру
Пәндер