ӘЛЕМ ТАРИХЫНДАҒЫ АВАР ҚАҒАНАТЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ


ӘЛЕМ ТАРИХЫНДАҒЫ АВАР ҚАҒАНАТЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ерте орта ғасырда Ұлы даланың иесі түркілер Батыс пен Шығыс елдерін байланыстырушы, мәдениеттерді ұштастырушылар болды. Тарихымыздан белгілі түркі тайпалардың бастауы Алтай өңірінен басталады. Авар тайпасының шығуын тікелей Алтай тауы аймағымен жазба деректер байланыстырады. Дүние жүзі тарихында айырықша орны бар түркі тілдес тайпалардың бір тармағы - авар одағы.
Авар тарихының басталуы халқтардың Ұлы қоныс аударуы сияқты үлкен процесстермен байланысты. Профессор Қ. Т. Жұмағұлов халықтардың Ұлы қоныс аударуы антикалық дәуірдің құлауына әкеліп, жаңа қауымдық қатынастардың дамуына жол ашты деп тұжырымдайды [1. ] .
Ү-ҮІ ғғ. Халықтардың Ұлы қоныс аударуының шырқау шегі, аварлардың Шығыстан Еуропа далаларына көшуімен байланысты. Авар тарихы шым-шытырық оқиғаларға толы, түркі тарихында өзекті де, күрделі мәселе. Сондықтан мақаламызда авар тайпалық-бірлестігінің құрылыстар салу, архитиктуралық шеберліктерін барынша көрсету. Өмірдің тауқыметін кешіп Еуропаға қоныс аударған аварлар, археологиялық мәліметтер бойынша көптеген материалдық мәдениет ошақтарын қалдырды. Негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болғанына қарамастан, аварлар құрылыстар тұрғызып, орта ғасырлық Шығыс Еуропа мәдениетінде өзіндік із қалдырған. Аварлардың мәдениеті, құрылыстар салу сияқты мәліметтерді, жазба деректерден де қарастыруға болады. Біздің мақсатымыз жазба деректермен археологиялық мәліметтерді ұштастыра отырып, авар одғын құрушы түркі тайпаларының мәдениетінің жоғарғы деңгейде болғанын көрсету.
Бір топ Византия тарихшылары өз еңбектерінде авар тарихына байланысты құнды деректер келтіреді. Айталық, Батыс пен Армян хронистері бойынша V ғасырдың аяғында, ғұндар Шығысқа басқа атпен оралды делінеді. Ғұндар деп отырғаны аварлар. Прокопий Кесарийский және Моисей Хоренский шамалап “ақ ғұндар” деп атап, олар “Кушанавар” есімді қолбасшыларымен Перозаны талқандады деп келтіреді. Бұл жерде қолбасшының аты екі сөйлемнен тұрады; 1) Кушан - (термин), армян тарихында көшпелі деген мағынаны білдірген немесе Кушан атауы Орта Азияда бар. 2) Аваз - авар - бұл атау Шығыс Еуропадағы ғұндардың ұрпақтарының аты. 567 ж. Ирнах пен Денгизих атты деректер бойынша эфталит қоғамы түркілерден жеңілгеннен кейін, ақ ғұндар Византиядан бастап Орта Азияға дейін аралықта мекендеген. Олар көшпелі өмір сүретін ғұн тайпаларының қалдықтарымен араласты, ассимиляцияға ұшырады деп жазады. Бәлкім Кушанавар атауы екі тайпалардың бірігуінің аты негізінде пайда болса керек: Кушан + авар [2. -С. 63. ] .
Ежелгі авторлардың жобалаулары бойынша, Эфталан атты патша болған, оның аты халқына берілген. Яғни авар атауы да дәл солай көсемнің аты тайпа атына берілсе керек. Осы екі көсем аттарын - тайпа аттары деп және бұл екеуінің аты біріктірілген деп жобалауға болады [3 -Б. 147-154] .
Эфталиттердің аварлармен араласқанын қытай деректері де келтіреді. Мысалы: Еда (эфталит) мықты мемлекет деп есептеледі және олар жужандармен құдаласып туысқан болған (жужандар - яғни аварлармен деген сөз) дейді. Сонымен Византия және армян деректеріндегі Кушанавар терминіне анализімізді қытай деректері де дәлелдей түседі. Эфталиттік - кушан қоғамында, ғұн тайпасының ұрпақтары өздерінің өмір сүруін жалғастыра берді деп жобалауға болады. Бірақ ең алдымен аварлардың кушандармен бірігуі, олардың тайпа атауларына қол таңбаларын қалдырғанын, бірінші ескеріп айту керек.
А. Н. Бернштам эфталиттердің шығу тегіне сипаттама бере отырып, мына төмендегі сөздерді келтіреді: Эфталиттер кушан - (юечжи) тайпасының бір бөлігі дейді. С. П. Толстовтың көрсетуі бойынша олар Орта Азиядағы ғұн тайпалары мен массагет - алан одағымен байланысқа түскендер дейді. Эфталиттердің саяси дамуына бірден-бір әсер еткен, Каспийдің арғы бетіндегі Ирнахтың көшпелі ғұн тайпасы үлкен әсер еткен. Ғұн одағына жужан одағының шашырандыларының келіп қосылуы, көшпелілерге ғұн атының орнына жаңа этникалық - “авар” атауын береді. Ғұндық - аварлық тайпа одағының, кушандармен бірігіп Орта Азияда көшпелілердің саяси коалициясын құрады. Яғни бұл коалиция әлеуметтік-экономикалық өмірге үлкен өзгерістерге алып келді, ең алдымен ежелгі көшпелі өмірдің орнына отырықшылықты алмастырды. Бұл тұжырымды С. П. Толстовтың мәліметтері дәлел болады; Сырдария мен Арал өңіріндегі “саз қалашықтар” ғұн - эфталиттердің қоныстары, ізінше қалалары мен гуздары дейді. Археологиялық қазба материалдарына қарап С. П. Толстов оларда шығыстық элементтердің, соның ішінде монғолдық тіл қорларының болғандығын жоққа шығармайды [4] . Яғни, авар атауын Еуропада алмаған, және отырықшылықпен нақтылай айтқанда қалалар салуды осы өзіміздің Қазақстан территориясында -ақ білген.
А. Н. Бернштамның тұжырымдауы бойынша, жужан атының авар атауына ауысуы және олардың ежелгі аты - вархуни, кермхиондар сияқты өзгеруі дәл осы Сырдария мен Арал өңірінің даласында болуы мүмкін дейді. Осы жерде Шығыс жужандық этникалық элементтері “ғұн қоныстарына” - отырықшы ғұндар өздерінің жалған аттарын қабылдаса керек. Яғни жоғарыда келтірілген дәлелдерді тұжырымдап қорытатын болсақ, авар одағы сөзсіз жужандар мен эфталиттер сияқты этникалық массаларының араласуының нәтижесінде пайда болған.
Деректерді талдайтын болсақ, Иордан өз еңбегінде авар атауына байланысты, Днепр өзенін Ғұнновар (Hunnivar) деген термин мен атаған, яғни екі атау біріктірілген ғұн + авар. “Вар” деген термин авеста - эфталиттік термин бойынша “вар”- қала қоныс деген мағынаны білдіреді. Осыған байланысты; авархуни - “ғұн қонысы”, “қоныстанған ғұндар” деген этимология шығады. Авар мен ғұндардың қысқартылған түрі вархонит тайпа атауында сақталған, яғни сөйлем уар+хуни деп өзгертілген. Бұл атау жазба деректерде VІ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастаған (шамамен 557 ж. ) . Иорданның шығармаларында Хуннугуры (Hunnuguri) деген атау кездеседі [5. -С. 87. ] . Жалпы византиялық тарихшылар аварларды екіге бөледі: 1) Еуропалық авар “псевдоавар”; 2) Орта Азиялық аварлар деп. Менандр Протектор Еуропалық аварларды авар демей - “вархонит” деп атаған /6/. Феофилакт Симокатта VІІ кітабының сегізінші тарауында бұл атаудың аздап өзгерген түрі “obar nai Xouvvi” Еуропалық авар болып есептелетін “псевдоаварларды” келтірді. Археологиялық және жазба деректердің мәліметтерін тұжырымдайтын болсақ, аварлар ғұн державасының ұрпағы, олар тек көшіп-қонушы малшылар емес, сонымен бірге отырықшы мәдениетті қатар дамытушылар.
Авар қоғамының жартысынан көп бөлігі, жауынгерлерден тұрған. Оны археологиялық қазба жұмысы (Сентэндрде, Бочеде, Кунсентмиклош-Бабонда т. б. ) жерлердегі қабірлерден табылған құрал-саймандар әртүрлі заттар мен қарулардың табылуы дәлел бола алады. Кезінде қабірлерден көптеген, дәлел болады. Қабірлерде жауынгермен қоса қару жарағын бірге жерлеу, ертеден келе жатқан наным сенім. Яғни, о дүниеде де керек болады деген ұғым. Авар дәуірінің зираттарын қару жараққа бай деп те айтуға болады. Айталық, көсем жерленген Боче қабірінде садаққа толы қорамсақ табылған. Көбінесе садақтың саны оннан аспаған. Шамасы әр садақ еркін он жауынгердің билеушісін білдіретін нышаны болса керек - себебі, авар әскерінің ұйымы Азиялық бойынша ондық жүйемен құрылды.
Ерте және орта кезеңдерге қатысты қабірлердің көпшілігі Венгрияның орталық бөлігіне ұжымдастырылған. Бірақ кейінгі авар кезеңіне жататын мұндай қабірлер кездеспейді. Есесіне жұпыны құрал-саймандары бар мәйіттердің саны көбейеді. Яғни қоғам ішінде жікке бөлінгенін, тәуелді, жеке меншігінен айырылған адамдардың санының өскендігін байқауға болады, сонымен қатар христиан дінінің ықпалыда болса керек, шіркеу бұл дәуірде пұтқа табынушылыққа сонымен қатар жауынгерлерді қаруымен, атымен жерлеуге тиым салса керек. Бірақ соған қарамастан қабірлерден әшекей бұйымдары да табылған, (сырға, білезік, сақиналар, жүзіктер) және де киімдер, осыларға қарап жерленген адамның қауымдағы дәрежесін білуге болады.
Үлкен патриархалды семья өздерінің жеке жерлеу орындарын иемденген. Бірақ ақсүйек, атақ дәрежесі бар адамдарды, жанұя мүшелерінен жеке - ерекше қабірлерде: алтыннан жасалған заттармен, қару жарақтарымен жерленетін болған.
Кей кезде ақсүйектерді ағаш тақтайшалардан жасалған табытқа салып жерлеген. Ал кедейлерді шамасы, жай матаға орап көмсе керек. Зираттардың түрлері әр түрлі.
Сонымен әртүрлі қабірлерінің болуы, аварлардың біртіндеп басқа халықтармен араласқандығын байқатады, ескі дәстүрлерді сақтай отырып, сол рудың ішінде қай этникалық элементтердің артықшылығын байқауға мүмкіндік туғызтады. Жерлеу әдістеріне қарап, монғолоидтық элементтердің болғандығын байқатады. Тұрғызылып немесе отырғызылған жерлеу әдістер, қабірдің арғы аталары сарматтықтар немесе Орта Азиядан шыққандығын тағыда бір дәлелдейді.
Қазіргі таңда VІІ-ІХ ғғ. қатысты авар қоныстарының орындары, қалдықтары табылған. Ең ірі қазба жұмыстары Венгрияда, Дунайда Варош қаласының маңында отыз жеті қоныстың қалдықтары табылған. Бұл қазба жұмыстарына қарап, аварлардың ауылдар сияқты топтасып, жартылай жертөле үйде тұрған, оның қабырғасы ағаштан жасалған, ішінде пеші болған. Көптеген тұрғын үйлерден астық сақтайтын, шұңқырлар табылған, құрылыстарда балшықтан жасалған ошақтары болған. VІІ ғ. әр ауылдарда тұрғын үйлер шеңбер бойымен дөңгеленіп орналасқан. Дәл осындай тұрғын үйлердің орналасуы Эльба және Молдавияда байқалады. Бұл тұрғын үйлерге, жартылай көшпелі аварлар қыс кезінде малдарымен, жазғы жайылымдардан кейін келіп қыстап шығатын болған. Қазіргі тілмен айтқанда қыстақ болған. Көктемнен күзге дейін киіз үй іспеттес тез жиналатын, құрылыстарда тұрған. Дунай бойындағы тұрақ, аварлардың негізгі орны болды. Осы жерде авар одағының құрамындағы тайпалар әсіресе славяндар жер игеріп, егін егіп, отырықшы мәдениетті дамытқан. Яғни, Шығыс Еуропа даласы әртүрлі мәдениеттердің араласуының үлкен қазанына айналды. Жалпы аварлар жаулап алған тайпаларды құлға айналдырды, және де оларда патриархалды құлдық болды. Яғни отырықшы егін шаруашылығымен айналысқан одақ ішіндегі тайпалар, Авар қағанатын және оның әскерін азық түлікпен, бидаймен, тамақпен, етпен қамтамасыз етіп отырған. Сондықтан кейбір орыс тарихшылары, аварларды жартылай отырықшы тайпалық одақ дейді.
VІІІ ғасырлардың соңындағы Авар қағанатының тарихы франктердің жаугершілік соғыстары мен байланысты. Славян тайпаларының көмегімен Ұлы Карл аварларға шабуыл жасауға бел буады. Аварлардың шексіз жаугершілігін тоқтату үшін, Ұлы Карл қолбасшыларына бұйрық беріп, 790 жылы франк рыцарлары Дунайдағы авар лагерлеріне күйрете соққы береді [6. - 53 гл] . Әлем тарихында Ұлы Карлдың алатын орны ерекше. Ұлы Карл ірі саясаткер, мықты қолбасшы ретінде тарихта аты қалды. Дегенмен оның жемісті жаугершіл саясатының нәтижесінде Шығыс Еуропа даласында белгілі бір тәртіпті орнатты. Славян тайпаларын бағындыруының барысында, амалсыз аварлармен күресуге тап болады. ҮІІ ғасырдың аяғында Авар қағанатында ішкі жағдайдың шиеленісуіне байланысты, саяси дағдарысты басынан кешіріп жатқанда, франктер жорық жасап қырғынға ұшыратады. Екі жүз жылдан артық өмір сүріп, Еуропа тарихында өшпес із қалдырған Авар қағанатын кішкентай ғана франктер жаулап алады.
Айта келе VІІІ ғасырдың аяғында Авар қағанатына Ұлы Карл шабуыл жасайды. 791 жылы аварларға күйрете соққы беріп, қиратады: бес жылдан кейін Эрик Фриул олардың негізгі лагеріне шабуыл жасап, көп олжа түсіреді. Аварларға франк корольдігінің шабуылы жайында (Франк корольінің жылнамаларынан) құнды мәліметтер алуға болады. “Бұл аннал - Ұлы Карлдың ауласында құрастырылған ресми жылнама. Мұнда славяндар мен аварлардың соңғы күрестері және аварлардың күйреуі жайында құнды мәліметтер береді”.
796 жылы Фриульский Марк графы Эрик, өзінің адамдарын Паноннияға славян жеріне, авар хрингісін басып алу үшін жібереді. Хрингті басып алып, тонайды [7. - С. 90-98 ] . Эйнгард “Ұлы Карлдың өмірі” атты еңбегінде авар хрингісінің тоналуы жайында мәліметтер келтіреді: “Ғұндардың барлық ақсүйектері, осы соғыста қаза табады, барлық атақ даңқтан аварлар айырылады. Жылдар бойы жиналған барлық ақша, қымбат заттар, байлықтардың барлығынан айырылады. Тіпті адам ескерткіші де сақталмады, франктер бұрын соңды соғыстарда мұндай байлықты көрмеген еді. Осы уақытқа дейін франктер өте кедей болатын, бірақ енді олар хрингтен өте көп алтын мен күмісті және ұрыстар барысында көптеген бағалы, қымбат заттарды қолына түсіреді. Шындығын айтқанда аварлар басқа халықтардан әділетсіз жолмен тартып алғанын, франктер аварлардан әділетті жолмен тартып алды” [8. - 217 с] дейді. Сонымен Хринг қиратылып, бүкіл авар жері тонаушылыққа ұшырайды. Стефан Лебек зерттеу жұмысында былай дейді: “жаугершілік барысында Франктер өте үлкен он бес арбадан тұратын олжаны өз елдеріне алып кетті. Осы уақытқа дейін франктер кедей еді, енді олар байлыққа кемелденді дейді. Ұлы Карл Баварияның тәуелсіздігінен айырып, Германияға өзінің жасақтарын сайлайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz