Насролла Мубашшир ат-Таразидің өмірбаяны


Насролла ат-Таразидің жеке архив (мұрағат) құжаттарының құндылығы
реферат
Жоспары
1. Насролла Мубашшир ат-Таразидің өмірбаяны
2. Ғұлама ғалым шығармашылығы мен еңбегі
3. Таразда туған Мысырлық ғалым құжаттары отандық мұрағатта
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Насролла Мубашшир ат-Таразидің өмірбаяны
Тараз қаласының тумасы доктор професор ғалым Насролла ат-Тарази халқымыз тәуелсіздік тұғырына қол жеткізгеннен бастап есімі қазақ жұртышылығына кеңінен таныла бастаған еді. Ғалым Насролла ат-Таразидың әкесі Шейх Сеиди Мүбашшир ат-Тарази діни ғұлама, қазақ халқының тарихында рухани, діни, саяси жетекші ретінде орын алады. Ол исламның жаршысы ретінде қызыл Кеңеске қарсы күрескен. Шейх Сеиди Мүбашшир ат-Тарази тарихтың ақтаңдақ тұстары Қазақтың ұлттық мемлекетін «Батыс Түркістанды» құруға барынша ат салысып, небір зұлмат заманды басынан өткізген. Қуғын-сүргінді көп көрген шейх Сеиди Мүбашшир ат-Тарази 1930 жылы Тараздан Ауғанстанға қашуға мәжбүр болады. Ол кезде Насролла ат-Тарази небары 7 жаста болған. Зұлмат заманда сол жылы бір ауыл түгелімен қызыл жаналғыштар қолынан қырылады. Қызыл кеңес қуғыншылары қолынан 120 адам қаза болады. Әкесі шейх Сеиди Мүбашшир ат-Таразимен бірге жеті жасар Насролла елден жан сауғалап жыраққа кетеді. Бұғанағы қатпаған жеті жастағы сәби Насролла ат-Таразидың жүрегінен мәңгі өксік орын алып, жанарына қалың қайғы ілінеді. Туған жерден қайғы мен қасіретті арқалап әкесімен бірге шетелге қоныс аударады. Әуелі орта білімді, сонан соң жоғарғы білімді Насролла ат-Тарази Ауғанстаннан алады. Университетте француз тілінде білім алып, тамамдағаннан кейін Ауғанстанда баспасөз саласында қызмет етеді. Журналистика майданында үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Публицистика мен поэзияға қалам тартып туған жеріне деген ыстық ықыласынибілдіреді. Насролла ат-Таразидың әкесі жанұясымен бірге 1950 жылы Мысырдан саяси қорған сұрап, сонда барып тұрақтайды. Сөйтіп Мысырға келіп қоныстанады. Өйткені құрығы ұзын Қызыл Кеңес оларға Ауғанстанда да тыныштық бермейді. Сол кезден бастап өмірінің соңына дейін Насролла ат- ТаразиМысырда қызмет жасайды.
Ғалым Насролла Мүбашшир ат-Тарази жалпы шағатай тілінің білікті маманы болған. Ол қолжазбаларға жан- жақты ғылыми зерттеулер жүргізген. Оның ішінде ислам тарихы, оның Орта Азия мен Қазақстан жеріне таралуы, шығыс тілдері мен әдебиеті, ескі тарихи қолжазба-құжаттарды оқудың қыр-сыры мен аударма өнері туралы еңбектері бар. Тұран елі, Түркістанның тарихы туралы, оның өткені мен бүгініне тоқталған ой-толғамдары өз алдына бір төбе. Насролла Мүбашшир ат-Таразидің жеке мұрағат қорынан Қазақ халқының мәдени-рухани мұрасы үшін орны ерекше, тарихи маңызы зор құнды құжаттар мен қолжазбалар табылды. Әсіресе, әдеби, мәдени, тарихи, рухани салалардағы болашақ ғылыми зерттеулерге негіз боларлық құнды материалдар көптеп кездеседі». [1]
2. Ғұлама ғалым шығармашылығы мен еңбегі
Ғалым Насролла Мүбашшир ат-Таразидың жеке қорында сақталған қолжазбалар мен мұралардың тақырыбы сан алуан. Олар біздің қоғамымыздазерттелуі зәру мәселелерді қамтыған. Мұралар саны жағынан да қомақты. Олардың ішінде мынадай еңбектер де бар: Мәуәрәннахр (Мавреннахр) және Түркістан ғұламаларының ислам өркениетіне қосқан үлесі; Осман түріктері құжаттарының зерттелуі жайында; Түркі әдебиетін салыстыра зерттеу; Әдебиет, тіл, тарихтағы түркілік бастау-негіздер; Араб каллиграфияси мен мектептері; Қолжазбаларды оқи білудің қыр-сыры; Түркістан тарихының ақтаңдақтары: өткені мен бүгіні; Шағатай, түркі тілдеріндегі мұралардың таңбалануы, жазуы, қолжазбалар; Түркі халықтары мәдениеті мен өркениетінің әлем өркениетінде қалдырған іздері; Мұрағат материалдары; Түрік құжаттары; Сұлтандар арасындағы хат алмасу, түрлі құжаттар, қаулылар т. б.
Насролла ат-Тарази өзі іріктеп, дайындаған Орда елдерімен хат алмасудың стильдік ерекшеліктерін көрсететін хаттар өз алдына бір төбе. Сол замандағы хат алмасудың үлгілерін де дайындаған. Хаттардың басталуы мен аяқталу үлгілерінің топтамасы жеке папкіде сақталған. Осман түрік жазбалары бойынша зерттеулер, лекциялар курсы - 2 папка. Мысыр университеттерінде өтетін пәндердің лекциялық курсы: тіл, әдебиет, тарих және библиография салаларындағы түркілік дереккөздер; шағатай, парсы тілдері бойынша магистрлерге арналған курс және т. б. Кейбір мақала, баяндама, лекциялардың бірнеше нұсқасы қатар сақталған. Құнды мәліметтер қалып қоймауы үшін оларды текстологиялық салыстыра зерттеу зәру мәселе болып табылады.
Насролла ат-Таразидың әкесі шейх Сеиди Мүбашшир ат-Таразидың еңбектері, өз қолымен жазған және баспадан шыққан кітаптары мен мақалалары сақталған. Олардың ішінде арнайы зерттеуді қажет ететін тың тақырыптар бар. Тарихта орын алған Кенестік үкіметпен тайталаса Батыс Түркістан мемлекетін құру мақсатын көздеген көшбасшылардың бірі шейх Сеиди Мүбашшир ат-Тарази әл-Хусейни болған. Сол заманда Ұлттық мемлекет негізін қалауға ұмтылғандар Батыс Түркістан мемлекетінің көк байрағын белгі ретінде сақтап қалу үшін бөліп-бөліп кесіп алған. Сол бөлінген байрақтың бір бұрышы мұралар арасында тарихи дәйек болып сақталған.
Насролла ат-Таразидың естелік суреттері біраз жайттардан хабар береді. Оның ішінде ғалымның жеке суреттері, әкесімен, қызметтес ғалымдармен, әр түрлі мемлекеттерде өткен халықаралық конференцияларда т. б. жерлерде түскен бейнесуреттері сақталған. [1]
Насролла ат-Тарази Ауғанстанға кеңестік қуғыннан қашып барған Бұхараның соңғы әмірі Әлімханның қызы Бегім ханымға үйленеді. Тарихта орын алған хан Әлімхан әулетінің жанұясы мүшелерімен түскен суреттер де сақталған. Альбомдардың жалпы саны - 30. Ғалымның марапатталу рәсімі түсірілген, өмірі мен шығармашылығы туралы берген телесұбхаттары бейнеленген, теледидиар хабарламалары туралы бейнетаспалары саны - 25. Насролла ат-Таразидың жеке күнделік толғаулары жазылған дәптерлерде ерте кезден сақталған отбасының суреттері, әулет шежіресі сақталған. Радиоғаберген сұбхаттары, оқыған лекциялары аудиотаспаларға жазылған. Мысыр теледидарынан берілген кейбір бағдарламалар CD -ге түсірілген.
Ғалым Насролла ат-Таразидың араб, парсы, урду т. б. тілдердегі мұраларын егжей-тегжей зерттеп, халқымызға таныту - болашақтың үлесіндегі іс.
Мысыр Араб Еспубликасының кітапxана қорларында Насролла Мүбашшир ат-Таразидың жеке қорында сақталған мұрағаттарымен танысып, зерттеп, сараптауға 2006-2008 жылы зерттеп оның мол мұрасына қол жеткізу жүзеге асты. Насролла Мүбашшир ат-Тарази - Мысыр ұлттық кітапхана қоры мен архивіндегі шағатай, парсы, тарихи осман тілдеріндегі 23 мың қолжазбалар мен шығыс басылымдарының көрсеткішін жасаған библиограф, ориенталист, тегі қазақ, Мысырдың атақты ғалымы, профессор. Мысырдың Каир, Айн Шамс, әл-Азхар университеттерінде шығыс тілдері мен әдебиетінен, қолжазба, мұрағаттарды оқудың қыр-сырымен таныстыратын пәндерден сабақ берген профессор Насролла ат-Таразидың жеке кітапханасының, мұрағаттарының бір бөлігі қазір Каир университетінің ориенталистика орталығында сақталған. Тағы бір бөлігін 2004 жылы баласы Мүбәрак Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы елшілігінің және «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Мысыр мұрағаттарында зерттеу жұмыстарын жүргізген мамандардың өтінішімен Қазақстанның Ұлттық мұрағат қорына тарту еткен болатын. . Жеті тілді меңгерген соның ішінде: пушту, француз, парсы, араб, түрік, қазақ, өзбек ғұлама ғалым Насрулла Мүбашшир ат-Тарази ислам тарихы, оның Орта Азия мен Қазақстан жеріне тарауы, шығыс тілдері мен әдебиеті, ескі тарихи қолжазба-құжаттарды оқудың қыр-сыры мен аударма өнері туралы еңбектердің авторы. Тұран елі, Түркістанның тарихы туралы, оның өткені мен бүгініне тоқталған ой-толғамдары бар. [4] Насролла Мүбашширдің жеке мұрағатында қазақ халқының мәдени-рухани мұрасында алар орны, тарихи маңызы құнды құжаттар мен қолжазбалар сақталған. Әсіресе, әдеби, мәдени, тарихи, рухани салалардағы ғылыми-зерттеулерге негіз боларлық құнды материалдар көптеп кездеседі. Мысалы, тіл, әдебиет, тарих және библиография салаларындағы түркілік дереккөздер жөнінде, түркі халықтары мәдениеті мен өркениетінің әлем өркениетіндегі іздері туралы, тарихи Түркістан туралы зерттеулері, баяндамалары - бүкіл Орта Азия халықтарына ортақ мұра. Сондай-ақ 20-30 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай жөніндегі естелік-дыбыс жазбалар, белгілі шығыстанушылармен, түркітанушылармен, дінтанушылармен, Мысырдағы Түркістан ұйымының мүшелерімен түскен, т. б. фотосуреттер де қайталанбайтындығымен ерекшеленеді. Ғұлама ғалым кіндік қаны тамған жері Қазақстанға деген отансүйгіштік сезімнің биік үлгісі бола білді. Ол өзінің тегі де жаны да қазақ екендігін әр уақытта мақтан тұтқан. Тілші, әдебиетші, мұрағаттанушы, аудармашы, журналист болумен қатар, тарихи құжаттардың шындыққа қаншалықты сай екендігін анықтайтын «дипломатика» атты ғылыммен шұғылданған адам. Ол - Мысыр ұлттық кітапхана қоры мен мұрағатындағы шағатай, парсы, түркі тілдеріндегі 23 мың қолжазбаны зерделеп, сараптап 17 том каталогқа енгізген. Ал ол қолжазбалардың ішінде Қазақстанның өткен тарихына қатысты құнды мұралар молынан кездеседі. Сондай-ақ Каир университеті ориенталистика орталығында 19 мың қолжазба көрсеткішін жасаған библиограф ғылымның бірнеше саласымен қатар айналысқан.
Насролла Мүбашшир ат-Тарази - қолжазбалардың небір қиын оқылатын әрі сирек кездесетін асыл да құнды нұсқаларын танып, тауып, зерттеп отырған. Ол әлемнің мұрағаттарға қызығушылық танытып отырған ғылыми орталықтары мен ғалымдарына өте танымал болған. Мысырдан өзге де күллі араб елдеріне, сондай-ақ Франция, Англия, Түркия, Иран, Пәкістан, Ауғанстан, Татарстан, Өзбекстан, Қазанға аты шыққан ғалым. Мысыр Араб Республикасы ақпарат құралдары таратқан материалдарда, ғылыми-мәдени, рухани орталарда Насролла Мүбәшшир ат-Таразидың Қазақстан жерінен, Тараздан екендігі міндетті түрде көрсетіліп отырған. Туған топырақтан жырақта жүріп ардақты елі Қазақстанға деген сағынышы мен сүйіспеншілігін ғылым жолындағы ерен еңбегінің арқасында кез-келген ортада көрсете білгендігі айқын. Ол туралы бейнематериал дайындалса, алдымен оның туған жері Қазақстанның картасы Мысыр теледидарынан барлық араб елдеріне бой көрсеткені ғалымның жүрегін елжірететін сәт болған.
Қазақстанда болып жатқан жаңалықтарды зор ынта, айнымас ықыласпен бақылап отыратын ғалым кезінде қазақ тілінің тағдыры шешілер тұста Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа қазақ тілі міндетті түрде ресми тіл болып қабылданатынына сенімін білдіріп хат жолдаған. Насролла ат-Таразидың өскелең ұрпаққа үлгі боларлық отансүйгіштік сезімі туралы пайымдауымызға ғалымның жеке кітапханасында жұмыс істеп, араб тіліндегі мұраларын зерттеуіміздің нәтижелері себеп болды [2] .
3. Таразда туған Мысырлық ғалым құжаттары отандық мұрағатта
2010 жылы Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағатының директоры Л. С. Ақтаева, мұрағат қорларын жариялау және пайдалану қызметінің жетекшісі М. Ғ. Жылысбаева, Қазақ Египет елшілігінің xатшысы Б. Батыршаулының көмегімен Насролла Мубашширдің жеке қорларын алып, ұлттық құндылыққа қосқан еді. Оларды өңдеп 2011 жылдың қараша айында аталмыш құжаттар негізінде xалықаралық ғылыми-практикалық конференция және «Жауһар жәдігерлер - 2011ж» атты көрме өткізілді. Бұл көрмеге баласы Мубашшир ат- Таразиде қатысты [3] . Ғалымның архив қорындағы құжаттар тізімдемесіне ретке келтірілген 114 істі құрайтын құжаттар бар. Бұл құжаттар негізінен 1874-2004 жылдар аралығын қамтитын үлкен 6 бөлімге бөлініп жасалды:
1. Насролла Мубашшир ат-Таразидің шығармашылық құжаттары деп аталады. Олар ішін аралық тағы бөлімдерге бөлінді, олар:
1. 1. Насролла Мубашшир ат-Тарази құрастырған каталогтар
1. 2. тіл және әдебиетке қатысты жазба материалдар
1. 3. тарих, конференция, очерк материалдары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz