Тахеометриялық түсіріс және оны өңдеу
Пән: Геология, Геофизика, Геодезия
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Геодезия (грекше - жерді бөлу) - жердің пішіні мен мөлшерін анықтауда, оның бетін планға, картаға түсіруде, жердің қималарын (профиль) жасауда, инженерлік жұмыстарды жобалауда, жүргізуде және пайдалануда қолданылатын әр түрлі өлшеу тәсілдері туралы ғылым. Геодезия ғылымы инженерлік, жоғары геодезия, космостық, су асты, аэрофототопография сынды бөлімдерден тұрады. Бұлардың мақсаты мен міндеті ұқсас болғанымен әрқайсысының өз объектісі, теориясы, есептеу тәсілдері бар.
Топографиялық түсіріс - жер беті бөлікшесінің жергілікті заттары мен бедерін шартты белгілермен қағазда белгіленген масштабта бейнелеу мақсатымен жүргізілетін далалық және камералық жұмыстар кешені. Топографиялық түсіріске қамтылатын шаралар: түсіру торабын құру, аэрофотосуреттерді далалық дайындау және оларды анықтау ісін жүргізу, геодезиялық пунктерден және түсіру желісі нүктелерінен жергілікті жердегі заттардың орындарын анықтау. Топографиялық түсіріс аэрофототопографиялық, мензулалық және фототеодолиттік түрлерге бөлінеді.
Тахеометриялық түсіріс - тахеометр аспаптарымен жасалынады. Ол аспаптармен горизонталь және вертикаль бұрыштар, өзара биіктіктер және горизонталь қашықтықтар өлшенеді. Топографиялық планды алу үшін инженерлік практикада тахеометрлік түсіріс жиі қолданылады.
Тахеометриялық түсіріс - жер бедері қимасы 0,5 -- 2,0 м кезінде, әдетте 1: 500 -- 1: 5000 масштабтарда тахеометр арқылы орындалатын топографиялық түсіріс.
Жұмыстың мақсаты:
Курстық жұмыстың мақсаты алынған тахеометрлік түсірісті камералды өңдеу және сол жердің топографиялық картасын жасап шығару. Барлық тахеометрлік түсірістер өлшенбелі суретке түсірілуінен мұқият тексерілді. Зерттеудің дұрыстығы аппараттық түрде тексеріледі. Өңдеу жұмыстары MapInfo бағдарламасы көмегімен жүргізіледі.
Курстық жұмысқа қойылатын талаптар:
- камералды өңдеу кезінде алынған нүктелер координаталарын өзгерпеу қажет;
- ғарыштық бейнені беттестірген кезде қателік 3 аспау керек;
- топографиялық карта құрған кезде карта масштабы 1: 2000 сәйкес болуы керек.
1 Геоақпараттық жүйе туралы жалпы мәлімет
1.1 Геоақпараттық жүйе туралы түсінік және оның құрылымы
Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) - кеңістік базасының құрастырушысы және әр келкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктірудің негізі ретінде аумақтық басқармалардағы шешімдерді қабылдаудың басты элементі болып саналады.
Әлемдік тәжірибе табиғи ресурстарды, инфрақұрылымдарды, қоршаған ортаның ахуалын, жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың ықпалына қатысты екенін көрсетіп отыр. ГАЖ өз бағытын дамыта отырып, ақпараттық технологиялармен шешілетін көптұрғыдағы мәселелерді шешуде қолданылуда.
Бұл технология негізгі үш рөлді атқарады - геоақпараттық қосымшалар үшін қолданбалы технологиялық тұғыр ретінде, геокеңістіктік мәліметтерді ақпараттық жүйеде басқару және кеңістіктік мәліметтер базасындаға әр түрлі ақпараттарды біріктіру ортасы ГАЖ-дың технологиялық ортасы басқару шешімдеріне ықпал ете отырып, жан-жақтан тоғысқан талдауларға қолдау көрсетеді. ГАЖ - бұл географиялық координацияланған мәліметтерді қолданатын ақпараттық жүйе [4].
Географиялық координацияланған мәліметтерге (geograрhically reference) жатады:
географиялық ендік пен бойлық;
Х пен Ү тікбұрыштық координаттары;
пошта адрестері;
пошталық индекстер және басқа да алдын ала шектелген территория учаскелерінің кодтары;
картада тіркеліп орналасқан орны.
ГАЖ - автоматтандырылған ақпараттық жүйе, уақытша - кеңістіктік мәліметтерді өңдеуге арналған, оның негізі географиялық ақпараты мен арнайы картографиялық интерфейсі. Сонымен ГАЖ - 5 ерекшелігі:
автоматтандырылған жүйе ( шотпен емес, компьютермен);
өңдеу жұмыстарын атқарады (талдау, үлгілеу, түрлі тәуелділікті есептеу);
уақытша - кеңістіктік мәліметтерді жылдамдатады ( көбейту кестесі);
мәліметтерді интеграциялау негізі - кеңістіктік (уақытша емес);
картографиялық интерфейс.
Қазіргі уақытта бағдарламалық құралдар нарығында ГАЖ түрлері де бағалары да әр деңгейлі болып кездеседі. Қарапайым түрлері - бұл интерактивті сурет - карта құратын құрал. Дамыған түрі - бұл бөлінген ресурстарды біріктіретін, көптеген қолданушылардың жұмысын бір мезгілде бақылайтын және ақпаратты жанжақты өңдеуге мүмкіндік беретін ГАЖ.
Ең көп тараған ГАЖ - бұл үстел үстілік, яғни ГАЖ бағдарламасы және өңдейтін мәліметтер бір компьютерде, немесе жергілікті жүйеде болуы.
Үстел үстілік ГАЖ белгілі түрлеріне AUTOCAD, CREDO DAT, MapInfo, ArcGIS атауға болады [4].
Геоақпараттық жүйелер - мәтіндік, картографиялық мәліметтер, демографиялық, статистикалық, жер, муниципиалдық, мекен - жайлық және басқа да ақпараттар қоймасын біріктіретін көп салалы құрал.
Геоақпараттық жүйелер қолданудың дәстүрлі саласында ғана емес, табиғат ресурстарын, ауылшаруашылығын, экология, кадастр, қалалық жоспарлауды басқару және саудалық құрылымдар, телекоммуникациядан бастап жеке сауда саласына дейін кеңінен таралуда. ГАЖ тұтынушыларға қызмет көрсетуді жақсартып, бәсекеге қабілеттілікті арттырады, саудалық мекемеде табыс көзін көбейтуге, сондай - ақ ГАЖ сауда нүктелерін анықтауға, таңдауға, сыртқы жарнама мен өндірістік нысандарды және жеткізу құралдарын маршруттау, риэлтерлік қызметті ақпараттандыруға ықпал етеді.
Геоақпараттық жүйе - қазіргі заманғы карта жасау және нақты әлем нысанына талдау жасайтын, болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға болжам жасайтын компьютерлік технология. ГАЖ - кеңістіктік мәліметтерді нақты бейнелейді.
Сурет 1. ГАЖ арқылы жасалған карта сұлбасы
ГАЖ деректер қоймасымен жұмыс істеудің әдеттік операцияларын біріктіреді - сұрама және статистикалық талдау. Бұл ерекшелік құбылыстар мен оқиғалардың талдануымен, стратегиялық шешімдерді жоспарлаумен байланысты мәселелерді шешуге ГАЖ - ң қолданылу аясын кеңейтеді.
Геоақпараттық жүйедегі мәліметтер географиялық жағдай негізінде біріктірілген тақырыптық топтамалық қабат түрінде сақталады [5].
Бұл тәсіл кеңістікке қатысты барлық есептерді шығаруға тиімді. Геоақпараттық жүйе басқа да ақпараттық жүйелермен тығыз байланысты және оның мәліметтері нысандарға талдау жасауға қолданылады. ГАЖ - ерекшелігі:
аналитикалық функцияны дамыту;
мәліметтердің үлкен көлемін басқаруға мүмкіндігі;
енгізу, өңдеу құралы және кеңістіктік мәліметтерді бейнелеу.
Операциялар, міндеттер мен мақсаттар, ақпараттық үлгілеу аймақтары көптігінің арқасында ГАЖ - де жүйеше немесе модуль деп аталатын, белгілі бір функцияны атқаратын бірнеше блоктарды көрсетуге болады. ГАЖ функциясы негізінен шығаратын есептің төрт типіне қарай пайда болады: жинау, өңдеу, үлгілеу және талдау.
ГАЖ жүйешелері:
мәліметтер жинау және енгізу жүйесшеі, түрлі дерек көздерінен мәліметтер жинап, алдын ала өңдейді (мысалы, топографиялық картаның изосызығынан ГАЖ жер бедері үлгісіне қарай);
сақтау және мәліметтерді іріктеу, алынған мәліметтерді редакциялауға дайындайды;
мәліметтер мен талдауды басқару, параметрлерін анықтап, шектейді, үлгілеу функциясын орындайды;
қорытынды барлық мәліметтер қоймасын көрсетеді немесе оның бір бөлігін кестеде, диаграмма немесе картографиялық формада көрсетеді.
Мәліметтерді жинау және енгізу жүйесі. Бұл ақпаратты алдын ала өңдеу, қабылдау және енгізу жүйешесі. Деректерді алдын ала өңдеу мен қабылдауды іске асыру үшін ГАЖ құралдар келесілерден деректерді енгізу мен қабылдауды қамтамасыз ету керек: координаталарды автоматты түрде алу және қолдық белгілеп алу дигитайзерінен; графикалық ақпаратты енгізу сканерінен және компьютерге ақпаратты енгізудің стандартты құраладарынан. Бұдан басқа электронды геодезиялық құралдар мен санды фотограмметриялық стансалардан деректерді қабылдау керек. Мәліметтерді алдын ала өңдеудің бағдарламалық құралы ең басты, графиктік мәліметтерді векторлауы, редакциялауы қажет.
Сақтау және редакциялау жүйесі. Мәліметтерді енгізу және сақтау блогы. Геометриялық мәліметтерді сақтау бағдарламалық құралдың маңызды сипаты болып табылады. Геометриялық мәліметтердің үлгісі ақпартты кеңістіктік өңдеу операциясын жүзеге асырады. Мәтіндік мәліметтерді сақтау үшін көптеген бағдарламалық құралдар қазіргі заманғы ДҚБЖ моделін қолданады, соның ішінде иерархиялық, жүйелік және реляциялық үлгілер ерекшеленеді. Аталғандардың ішінен жиі қолданылатыны бұл - реляциялық үлгі. Соңғы кездері ГАЖ - лер деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) - үлкен жобаларында қолданылатын нысанды - реляциялық үлгінің қолдауын тапты, мысалы, ORACLE және DВ 2. Графиктік және мәтіндік ақпаратты сақтаудан басқа ГАЖ сондай - ақ графиктік нысанның визуалды және дыбыстық ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікті қолданудың мысалы, нысан туралы дыбыстық әңгіме бола алады [5].
Талдау жүйесі. Ақпаратты өңдеу және үлгілеу блогы. Бұл блок ГАЖ басты модульі болып табылады. Негізінен мәліметтердің мақсатты бағытын анықтайды. Ол ГАЖ - қосымшаны құратын қолданбалы бағдарламалардан тұрады. Бұл блогтың негізгі функциясы кеңістіктік талдау функциясы.
Шығару жүйесі. Ақпаратты көрсету және беру блогы. ГАЖ - ң бағдарламалық құралдары кеңістік және басқа да графикалық пен бейнедеректердің көзбен шолушылығын қамтамасыз ету керек. Бұдан басқа осы құралдар әртүрлі кеңформатты жабдықтарға (плоттер, принтер және фотобаспа машиналары) Қатты көшірме құра алу керек.
1.2 Геоақпараттық жүйелердің жіктелуі
ГАЖ экологиялық жағдай мониторингі, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, сондай - ақ инфрақұрылымдық жобалау, қалалық және өңірлік жоспарлау, төтенше жағдайларға байланысты жедел шаралар қабылдау үшін қолданылатын ғылыми және қолданбалы есептерді шығаруға арналған жүйелер.
Өмірде болатын жағдайлар түрлі ГАЖ пайда болуына әкелді, олардың жіктелуі мынадай:
Кеңістіктік, немесе аймақтық қамту бойынша (геокеңістік көлеміне қарай, санды картографиялық материалдың масштабтық қатарына байланысты):
жаһандық немесе планетарлық ГАЖ (масштабы 1: 45 000 000 және одан аз);
субконтиненталды ГАЖ;
ұлттық (мемлекеттік) ГАЖ (масштабы 1: 2 500 000 - 1: 20 000 000);
өңірлік ГАЖ,(масштабы 1: 500 000 - 1: 1 000 000);
субөңірлік ГАЖ;
локалды немесе жергілікті ГАЖ (масштабы 1: 50 000 - 1: 1 000 000);
муниципалды ГАЖ (масштабы 1: 50 000 немесе ірі көлемді).
Ақпараттық үлгілеу немесе проблемалық - тақырыптық бағдарлаудың пәндік саласы бойынша (қолдану саласына байланысты):
қалалық немесе муниципиалдық ГАЖ, МГАЖ;
жалпыгеографиялық;
табиғи қорғау ГАЖ;
әлеуметтік - экономикалық;
геологиялық;
төтенше жағдайлар;
навигациялық;
транспорттық;
сауда - маркетингтік;
археологиялық;
жерлік ақпараттық жүйе (ЖАЖ).
Бағытына байланысты (қолдану мақсатына қарай):
көп мақсатты;
ақпараттық - анықтамалық;
мониторингтік және инвентаризациялық;
зерттеушілік;
шешім қабылдаушылық;
оқулық;
баспалық;
басқа да бағытты.
Функционалдық мүмкіндіктеріне байланысты:
жалпы бағыттағы жартылай функциялы ГАЖ;
арнайы ГАЖ (нақты есептерді шығаруға арналған);
ақпараттық - анықтамалық жүйелер (үйде және ақпараттық - анықтамалық қолдануға).
Функционалдық мүмкіндіктерінің арттуына байланысты:
жабық жүйелер - кеңеюге мүмкіндік жоқ, олар сатып алған сәтінде анықталған біржақты функцияны ғана атақарады;
ашық жүйелер - қолдану ерекшелігіне қарай, кеңею мүмкіндігі мол, оны қолданушылар өздері арнайы аппартат көмегімен құрастыра алады.
Географиялық мәліметтерін ұйымдастыру тәсіліне байланысты:
векторлық;
растрлық;
векторлық - растрлық;
үш сатылы ГАЖ [5].
2 Тахеометриялық түсіріс және оны өңдеу
Тахеометриялық түсіріс - тахеометр аспаптарымен жасалынатын түсіріс түрін жатқызамыз. Тахеометриялық түсіріс кезінде аспаптар көмегімен горизонталь және вертикаль бұрыштар, өзара биіктіктер және горизонталь қашықтықтар өлшенеді. Топографиялық планды алу үшін инженерлік практикада тахеометрлік түсіріс жиі қолданылады. Бұл түсірістің орындалу технологиясы теодолит түсіріс түріне ұқсас болып келеді.
Тахеометриялық түсіріс кезінде жергілікті жердегі сипаттамалау нүкте орындарын көбінесе полярлық тәсіл әдістерімен анықтайды. Тахеометриялық түсіріс тригонометрия әдісімен орындайды. Вертикаль және горизонталь бұрыштарды дүрбінің екі жағдайында өлшейді. Тахеометрлік түсірістерді теодолит көмегімен түсірген жағдайда нәтижелері крока деп аталатын қағаз бетінде орындалады, ал тахеометр арқылы түсірілген жағдайда түсіріс соңында арнайы бағдарламаларға импорттау арқылы өткізіп бағдарламамен өңделінеді. Тахеометриялық түсіру негіздері ретінде пайдаланатындар: құрылыс трассасы, тұйық полигон, аспалы жүрістер. Түсіру нүктелері әр қашанда көруге ыңғайлы биік жерлерде орналасқан дұрыс.Түсіру нүктелерінің арақашықтығы 350 м көп және 50 м аз болмау керек [1].
2.1 Тахеометрлік түсірістің мәні
Тахеометрлік түсіріс топографиялық түсірістің бір түрі. Бұл түсірістің нәтижесінде ситуация мен рельеф бейнеленген план алынады. Тахеометриялық түсірістің аспаптарына теодолиттермен қатар тахеометр деп аталатын аспаптар жатады. Тахеометриялық түсірістер кішігірім жердің ірі масштабты планын алу үшін қолданылады. Құрылыс салынған жерлерді, жол ізденісінде трасса бойын түсіргенде түсірісті қолдану тиімді. Тахеометриялық түсіріс өзара биіктікті анықтау үшін тригонометриялық нивелирлеу әдісі қолданылады. Тахеометриялық түсіріс орындау үшін теодолиттер: Т15,Т15К,Т30,2Т30 аспаптары қолданылады. Тахеометриялық түсіріс - жер бедері қимасы 0,5 -- 2,0 м кезінде, ал масштабы 1:500 -- 1:5000 аралығында түсіреді.
Тахеометрлік түсірістің пландық-биіктік негіздері. Пландық - биіктік негіздері немесе түсіру нүктелері арқылы жер бетінің рельефі мен ситуациясы толық түсіріледі, бұл негіздер екі әдіспен құралады:
1) Теодолиттік жүріс арқылы, мұнда лентамен немесе жарық қашықтық өлшеуішпен ұзындықтар, ал геометриялық нивелирлеумен биіктік анықталады.
2) Тахеометриялық жүріс арқылы - жіптік қашықтық өлшеуішпен ұзындықтар, тригонометриялық нивелирлеу әдісімен биіктік анықталады [1].
Анағұрлым үлкен территорияны алатын объектілерді жобалағанда түсіру негіздерін бірінші әдіспен, ал кішігірім территорияны жобалағанда түсіру негіздерін екінші әдіспен құрайды. Тахеометр түсірісінің түсіру негіздері ретінде пайдаланылатындар құрылыс трассасы, тұйық полигон, ықшам триангуляция торлары және аспалы жүрістер.
Түсіріс негіздерінің түрлерін таңдау жобалау кезеңіне, жердің рельефіне, көріну жағдайына, түсірістің аумағына және масштабына байланысты болады. Түсіру нүктелері әрқашанда көруге ыңғайлы биік жерлерде орналасқаны дұрыс. Түсіру нүктелерінің арақашықтығы 350 м-ден көп, 50м-ден аз болмауы керек.
Тахеометриялық түсірісте жергілікті жердің топографиялық, планы, вертикаль, горизонталь бұрыштарды және арақашықтықтарды өлшеу арқылы алынады. Тахеометрия сөзі гректің жылдам өлшеу деген сөзінен алынған. Оның жылдам өлшеу деп аталатын себебі, бұл түсірісте өлшенетін шамалардың барлығы нүктеде тұрған рейканы аспаптың дүрбісімен бір рет нысаналау, яғни бағытын, арақашықтығын және биіктік өсімшесін анықтау арқылы алынады. Демек, тахеометрлік түсірістің мәні аспаптың нысаналау осінің бір жағдайында горизонталь бұрыш, вертикаль бұрыш және оптикалық қашықтық өлшеуішпен арақашықтықты өлшеу арқылы нүктенің кеңістіктегі координаталарын анықтау. Тахеометрлік түсірісте жердің топографиялық планы түсірілетін нүктелердің үш координатасын есептеуге мүмкіндікберетін мәліметтерді жинайтын далалық жұмыстар мен өңдеулер, планды сызу жұмыстары нәтижесінде алынады. Тахеометрлік түсіріс пунктеріне 1, 2, 3, 4 кластық пландық және биіктік торларының пунктері жатады. Әдетте, түсіруге биіктіктері геометриялық не тригонометриялық нивелирлеу анықталған теодолитті жүрістердің пунктері негіз болады [2].
Жердің рельефі мен заттардың контурларына байланысты негізгі түсіру пунктері арасына тахеометриялық жүріс нүктелері бекітіледі. Тахеометриялық жүрістер түсіру торларын жиілету үшін қажет. Бұл жүрістерде бұрыштар толық есеп алу тәсілімен, ал арақашықтықтар салыстырмалы қателігі 1:400-ден аспайтын дәлдікте қашықтықтар өлшеуішпен тура және кері бағытта өлшенеді. Ал биіктік өсімшелері тригонометриялық нивелирлеу әдісімен анықталады. Түсіру пунктерінің жиілігі планның масштабы мен рельефтің күрделілігіне байланысты 1 км аймақты 1: 1000 масштабында түсіру үшін пункттер саны 1: 2000 - 1: 5000 4 пункттер саны рельефтің ерекшелігіне қарай алынады [2].
2.2 Тахеометриялық түсірістерді өңдеу жұмыстары және оның нәтежиелері
Камералды зерттеулерді орындау кезінде теодолит түсірістер нүктелерінің координаттары және айналу бұрыштары есептеледі. Өлшеу нәтижелерінің математикалық өңдеуі теодолиттің рұқсат етілген және алынған мәлеметтерді есептеу және теңестіру болып табылады. Нәтижелер: AUTOCAD, CREDO DAT, MapInfo, ArcGIS бағдарламаларында өңделеді. Бастапқы деректерге сүйенсек, бағдарлама есептелген бұрыштық және желілік қалдықтарды ескере отырып, түсірістің бұрылыс нүктелерінің координаттарын есептейді, сондай-ақ салыстырмалы сәйкессіздік ұзындығын есептейді, ол өлшеу дәлдігін бағалайды.
Камералдық өңдеу нәтижесінде әрбір сайтқа (ауданға) келесі материалдар ұсынылуы керек:
oo зерттелетін учаскенің (орынның) орны белгілі нүктелерге қатысты көрсетілетін шолу картасын;
oo жер учаскесінің контурын, автожолдың орналасуын көрсететін, профильдерді (5-10 профиль арқылы) нөмірлеуді және төтенше нүктелердің нөмірленуін көрсететін топографиялық негіздегі шағын масштабтағы геодезиялық карта жұмысының схемасы ;
oo егжей-тегжейлі масштабты зерттеу учаскелерінің графиктерінің карталары жасалынады;
Тахеометриялық түсіріс нәтижелерін өңдеу жұмысы:
1) Далалық журналдарды тексеруді;
2) Тахеометриялық жүріс нүктелерінің координаталарын, яғни Х, У, Н координаталарын өлшеуді;
3) Әр станциядағы рейкалық нүктелердің биіктіктерін есептеуді;
4) Жергілікті жердің топографиялық планын салу қамтиды [8].
3 MapInfo компьютерлік бағдарламасы
3.1 Геоақпараттық жүйе MapInfo ProfessionaI негізгі мүмкіндіктері мен түсініктері
MapInfo Professional - мемлекет, аймақ, аудан, қала және т. б. карта мен план ретінде қарастырыла алатын карталарды талдау мен құрастыру жайындағы геоақпараттық жүйе.
Бұл аталған электронды карта түрлі тәсілдер арқылы бейнеленеді, сондай - ақ жоғары сапалы картографиялық өнім түрінде. MapInfo Professional түрлі тақырыптық карталарды құру мен сұрамаларын жасау, географиялық нысандарды басқа бағдарламаларға экспорттау және т. б. негізінде географиялық талдаудың күрделі есептерін шешуге мүмкіндік береді. MapInfo Professional - бұл бірінші үстел үстілік картографиялық жүйе. MapInfo Professional бағдарламалық өнімін түрлі тақырыптық карта жасауға қолданылады және мәліметтер базасында сақталады.
Негізгі мүмкіншіліктері:
векторлық мәліметтермен және онымен байланысты тақырыптық ақпараттармен жұмыс істеу;
картографиялық ақпаратты редактрлеу мүмкіндігі;
үш түрлі терезе түрінде кез - келген көлем мен көрсетілімде мәліметтерді қарау: карта, тізім және график;
әртүрлі визуалды ақпараттың көмегімен тақырыптық карта құрастыру;
картаның проекциясын өзгерту;
әртүрлі қиындықтардағы сұраныс құру;
dBase немесе әртүрлі форматтағы файлдар құрылған файлдарға тура қолжетімділік.
MapInfo Professional бағдарламасында деректер қоймасында сақталатын материалдарды талдау мен өңдеу нәтижелері тіркелетін түрлі тақырыптық карталарды құруға болады.
Мәліметтер қоймасы ГАЖ негізгі бөлігі болып табылады. Бұл графиктік және тақырыптық деп бөлінеді.
Графиктік мәліметтер қоймасында картаның герографиялық негізі сақталады. Тақырыптық мәліметтер қоймасында картадағы қосымша мәліметтерді сақтайды.
MapInfo Professional деректер қоймасы реляциялық та емес, иерархиялық та емес; ол кеңістіктік деп атала алады егер ондағы географиялық нысандардың барлығында байланыстыру болса [6].
MapInfo Professional - да стандарттық 4 түрлі мәліметтер қоймасы бар:
Boundary file - шекара файлы. Шекара туралы мәліметтер береді. (мысалы, елдің территориясы, қала, аудан). Шекара - сыбайлас сызық сегменттерімен шектелген карта ауданы.
Мар file - сызық файлы. Сызық сегменттері туралы мәліметтер сақтайды. Көше, жол, өзен, кабелдік желі.
Роіnt file - нүкте файлы. Картадағы нүктелер туралы мәліметтер береді. Нүктелер үй, кеңсе, ғимарат, дүкен, қала т.б. білдіреді.
Imagе file - образдар файлы. Түрлі қосымша мәліметтерді білдіреді: жазулар, аңыздар, еңіс бұрыштары, нысандардың масштабы және т. б. Көбінде олар нысандарды анықтау және графиктерді тұрғызу үшін қолданылады.
MapInfo Professional - картаның әрбір стандарттық мәліметтер қоймасы DОS - файлдан тұрады. MapInfo Professional - карта кұрудын негізгі кезеңдері:
мәліметтер қоймасын генерациялау;
материалдарды мәліметтер қоймасына енгізу;
деректерді геокодтау;
тақырыптық карталарды жасау.
Осы аталған кезеңдер түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асады. MapInfo Professional картаның басты ерекшелігі барлық картографиялық материалдардың географиялық байланыстың қажеттілігі. MapInfo Professional - ның құрылымы мәліметтерді сақтау үшін қолданылуы мүмкін, бірақ оларды экранда көрсету және басқару үшін географиялық координаттарға байланыстыру (ендік пен бойлыққа) керек. Байланыстыру процессін геокодтау деп атайды. Геокодтаудағы негізгі ролді Point file dBase III (IV) Mbase атқарады, бағдарламада оны қолдану үшін деректер қоймасында XCOORD, YCOORD атты сандық координата жолдары болу керек. Геокодтау кезінде бұл жолдарды карта координаталарымен толтыру керек.
MapInfo картамен басқаруға мүкіндік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz