Қазақстан Республикасының аумағын жер-бағалаулық аудандастыру



Кіріспе

Кадастр сөзі латынның саріtastrum деген сөзінен шыққан. Бұл сөз салық салынатын заттардың тізімі деген ұғым береді. Осыған байланысты әуелі кадастр деп салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты (реестр) айтатын. Есепке, бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және т.б. кадастрлері деп бөлінді.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің сәйкес Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды орталық уәкілетті орган жүзеге асырады - Ауыл шаруашылық Министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті. ҚР Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес жер қорларын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жер кадастры жүргізіледі. Мемлекеттік жер кадастры Казақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналаскан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардык сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық кұны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Жерді кадастрлық бағалаудың дамуы - заңдық-нормативтік және методологиялық негіздерінің жетілуімен көрінді:
Бірінші кезең (1992-1996 жж.) - жер учаскелері үшін базалық ставкалардың және түзету коэффиценттерінің анықталуы.
Екінші кезең (1996-2002 жж.) - түзетілген базалық ставкаларды және нарық конъюнктурасын ескеретін түзету коэффиценттерін пайдалану арқылы жерлерді нормативтік кадастрлық бағалау жүргізілді.
Үшінші кезең 2003 жылы Жер Кодексін қабылдаған уақыттан басталды. Бұл кезде жерлердің кадастрлық бағалануы нарықтық конъюнктураны ескеріле отырып жасалды.
Жер кадастры келесі құрамдас бөліктерден тұрады: жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларды мемлекеттік тіркеу, жер алқаптарын сандық және сапалық есепке алу, топырақты бонитеттеу және жерлерді экономикалық тұрғыдан бағалау.
Республикадағы аудан, облыстарды жер бағалаулық аудандарға бөлу белгілі бір климаттық жағдайларды есепке ала отырып жерді бағалауға мүмкіндік береді. Облыстағы табиғи-экономикалық жағдайлар бір типті болған жағдайда аумақ бағалау аудандарына бөлінбейді.
Табиғи-ауылшаруашылықтық аудандастыруды жетілдіруде топырақтың және жалпы қоршаған ортаның биологиялық өнімділігін анықтайтын табиғи жағдайлардың жиынтығы ескеріледі, аудандастыру сұлбасын құру негізіне кіргізілген маңызды көрсеткіштер таңдалынады.
Еліміздегі аумақтарды табиғи-ауылшаруашылық аудандастыру жүйесіне арнайы таксономиялық бірліктер кіреді: табиғи-ауылшаруашылық белдеулер, зоналар, провинциялар, округтер, аудан және таулы облыстар. Олар табиғи және шаруашылық жағдайлар мен белгілер бойынша айқындалатын жиынтықтық аумақтық-өндірістік құрылулар болып табылады.
Жерді бағалау нәтижелері іс жүзінде нақты мәселелерді шешуде, жерді тиімді пайдалану мен талдауды жоспарлауда; жер төлемдерін реттеуде, жер пайдаланымдардың оптимальды, оңтайлы мөлшерін анықтауда; жерді пайдалануды және қорғауды бақылауда, жерді алып қою кезінде шығындарды қайтаруда атқаратын міндеті зор.
Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттік жер кадастры туралы теориялық мәліметтерді білу, негізгі кадастр жұмыстарының әдістемесін үйрену, әсіресе топырақты бонитеттеу мен жерді бағалау, сонымен қатар жер кадастры материалдарын жер ресурстарын басқару және ауыл шаруашылық өндірісін жоспарлау саласында.

1. Жер кадастрының құрамдас бөліктері

Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес жер қорларын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жер кадастры жүргізіледі. Мемлекеттік жер кадастры Казақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналаскан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардык сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық кұны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты субъектілер туралы ақпарат та енгізіледі. Олай болса жер кадастры мемлекеттік шара ретінде қарастыралады және ол жер қорлары жайында қажетті деректерді алу, жинау және жүйелеуге бағытталған.
Жер кадастры келесі құрамдас бөліктерден тұрады: жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларды мемлекеттік тіркеу, жер алқаптарын сандық және сапалық есепке алу, топырақты бонитеттеу және жерлерді экономикалық тұрғыдан бағалау [1].
Қазақстан Республикасының Жер кодексі бойынша жер кадастрының кұрамдас бөлігі болып суармалы жердің мелиорациялык кадастры саналады, ол суармалы жер учаскелерінің мелиорациялык жай-күйі, олардык табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалык сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың ece6i туралы мәліметтер жүйесін құрайды.
Олай болса, жер кадастры - бұл жердің құқықтық, табиғи және шаруашылықтық жағдайын жан-жақты зерттейтін мемлекеттік шаралар жүйесі. Ол үшін жер пайдалануды тіркеу, оны саны мен сапасын есепке алу, топырақты бонитетеу және экономикалық тұрғыдан бағалау жұмыстары жүргізіледі және бұның бәрі халық шаруашылығында жерді тиімді пайдалануға бағытталған.
Жалпы тұтас жүйе ретінде жер кадастрының құрамдық бөліктер арасында белгілі бір байланысы және қисынды жалғасы бар. Неге десеңіз мемлекет бірыңғай мемлекеттік жер қоры мемлекет меншігі болып, ол жер учаскелерін пайдалану, иелену құқығын бергендіктен жерді қалай пайдалануы заңды түрде рәсімделіп, ал жер учаскелері белгілі аумақ, жылжымайтын мүлік ретінде белгілі тәртіпте тіркелуі керек. Бұл қызметті мемлекеттік жер тіркеуі өткізеді, оның мәліметтері жердің белгілі көлемін, нақты жеке немесе заңды тұлғалардың пайдалануы үшін негіз болып келеді. Осылардың негізінде жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға олардың құқығын дәлелдейтін құжаттар беріледі және мемлекеттік жер кадастры кітабында жазылады [1].
Жерді мемлекеттік есепке алуда оның мөлшері, кеңістікте орналасуы, сапалық жай-күйі пайдалануы бойынша сипатталады. Есепке алудағы тіркеу мәліметтері әр нақтылы пайдаланушының, иеленушінің жер учаскесінің мөлшерлерін жазу негізін қалайды және онда алқаптарды жіктеу тәртібі бойынша олардың құрамы, түршелеріне сипаттама беріледі.
Есепке алуда табиғи қор және өндіріс құралы ретінде жердің санымен қатар сапалық көрсеткіштері анықталады. Ол үшін жер қорын жіктеу кезінде оның аймақтық типін, жердің жарамдық категориясын, жерлердің әртүрлі класстарға, түрлерге, сонымен топырақ жамылғысына, топырақтың механикалық құрамы, жердің геоботаникалық және мелиоративтәк жай- күйіне қарай жіктелуі де сипатталады. Бірақ, топырақтың табиғи қасиеттері және олардың шаруашылықтық мәні, өнімділігіне әсерлері бірдей болмайды, сондықтан оларды салыстырмалы түрде бағалау қажеттілігі туындалады. Осыған орай топырақты бонитеттеу қажет болады.
Жер пайдалануды тіркеу және оны есепке алу деректері жер пайдаланудағы жекеленген жер учаскелерін бониттеуде бастапқы ақпарат болып келеді.
Әдетте топырақты бонитеттеуді оны табиғи құнарлылығына қарай салыстырмалы бағалау немесе топтастыру деп түсінеді. Көбінесе бонитеттеу негізіне нақтылы бір табиғи-климат жағдайында өсіп-өнетін ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігімен корреляциялық байланыста болатын топырақтың табиғи қасиеттері алынады.
Жердің сапасы тек табиғи факторларға ғана тәуелді емес, сонымен қатар экономикалық жағдайларға да байланысты келеді. Сондықтан жерді өндіріс құралы ретінде экономикалық тұрғыдан бағалау керектігі туындалады. Жерді экономикалық тұрғыдан бағалау жерді мемлекеттік тіркеу, есепке алу және бонитеттеу деректеріне сүйенеді. Жерді экономикалық бағалау - мемлекеттік жер кадастрының соңғы құрамдық бөлігі, ол егіншіліктің қалыптасқан қарқындылық деңгейінде жерді табиғи қор және ауылшаруашылығының негізгі құралы ретінде бағалауды алдын ала қарастырады.
Тұтас жүйе ретінде жер кадастрының байланысы және жүзеге асыру ізділігі осындай.
Сонымен бірге, кадастрдың әр құрамдық бөлігінің нақтылы мағынасы, мазмұны бар және белгілі әдістемелер, тәсілдер және жүргізу әдістеріне негізделеді.
Жер кадастрының тұтастылығы оның жүзеге асыру және құжаттарды жүргізуді ұйымдастырудың бірыңғайлығында [1].

2. Қазақстан Республикасының аумағын жер-бағалаулық аудандастыру

Қазақстан Республикасының аумақтарын ғылыми негізделген аудандастыру жер-бағалаулық жұмыстарының сәтті орындалуы үшін маңызы зор. Бұған себепші мемлекет аумағының үлкен қашықтықтарға созылып жатуы, сондықтан жер сапасына және олардың шаруашылықтық пайдаланылуына әсерін тигізетін табиғи факторлар (жер бедері, жылу, ылғал, топырақ және т.б.) әртүрлі болып келеді. Табиғи және экономикалық жағдайлар Республиканың аудан, облыс аумақтарының шегінде анықталады. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу орындарына және өнеркәсіптік орталықтарға байланысты жерлердің орналасуы ауылшаруашылық өндірістің мамандануына және топтауына, жерді пайдалану сипатына әсерін тигізеді. Ал бұл жағдай өз кезегінде жерлердің өнімділігіне ықпал етеді.
Жер бағалаулық аудандастыру жерлерді бағалау әдістемесімен қарастырылған.
Қазақстан Республиканың аудан, облысын аудандастыру егін шаруашылығының қарқындылық деңгейі мен мамандандыруына ықпалын тигізетін біркелкі агроклиматтық, геоморфологиялық және топырақтық-мелиоративтік жағдайлар бойынша аумақтарға бөлінуін қарастырады. Бұл еліміздің жер қорын табиғи-ауылшаруашылықтық аудандастыруының жалпы сұлбасы негізінде іске асырылады. Мұндай аудандастыру ауылшаруашылық өндірісінің сипаты мен табиғи жағдайлардың ерекшелігін есепке ала отырып аумақтардың ғылыми негізделген зоналауы болып табылады. Оның негізінде табиғи жағдайлардың және ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық факторларының талдауы мен олардың өзара тәуелділігі жатыр .
Республикадағы аудан, облыстарды жер бағалаулық аудандарға бөлу белгілі бір климаттық жағдайларды есепке ала отырып жерді бағалауға мүмкіндік береді. Облыстағы табиғи-экономикалық жағдайлар бір типті болған жағдайда аумақ бағалау аудандарына бөлінбейді [3].
Табиғи-ауылшаруашылықтық аудандастыруды жетілдіруде топырақтың және жалпы қоршаған ортаның биологиялық өнімділігін анықтайтын табиғи жағдайлардың жиынтығы ескеріледі, аудандастыру сұлбасын құру негізіне кіргізілген маңызды көрсеткіштер таңдалынады. Сондай-ақ, вегетациядық кезеңдерді сипаттайтын көрсеткіштер; ауылшаруашылық дақылдардың жылумен (агроклиматтың термиялық көрсеткіші, топырақтың термиялық режимі); ылғалмен (атмосфералық ылғалдану көрсеткіштері, топырақтың гидрологиялық режимі); қорекпен қамтамасыз етілуі (топырақтың қоректену режимі, тыңайтқыштар); биохимиялық ортада өсімдіктердің өсуінің қолайлылығы (қышқылдылық, тотығып-қайта қалпына келтіру потенциялы, топырақтың микробиологиялық режимі). Өсімдіктердің өсуінің осы факторлары ауылшаруашылық дақылдарының оптималды жиынтығын анықтайды. Агротехника және жерді мелиорациялау негізі жерді пайдалану сипаты мен ауылшаруашылық өндірістің мамандандырылуына ықпалын тигізеді.
Еліміздегі аумақтарды табиғи-ауылшаруашылық аудандастыру жүйесіне арнайы таксономиялық бірліктер кіреді: табиғи-ауылшаруашылық белдеулер, зоналар, провинциялар, округтер, аудан және таулы облыстар. Олар табиғи және шаруашылық жағдайлар мен белгілер бойынша айқындалатын жиынтықтық аумақтық-өндірістік құрылулар болып табылады
Табиғи-ауылшаруашылықтық белдеу - аудандастырудың ең жоғарғы жалпы бірлігі. Ол жерді пайдаланудың жалпы ерекшкліктерін және ауылшаруашылық өндірістегі белдеулік типті анықтайтын табиғи жағдайлар жиынтығымен сипатталады. Оның ең басты белгісі жылумен қамтамасыз ету, яғни +10ºС жоғары ауаның активті температурасы [3].
Белдеулер өз тарапынан белдеуліктерге бөлінеді. Белдеуліктер атмосфераның циркуляция ерекшеліктерімен айқындалады. Ал атмосфералық циркуляция жылдық атмосфералық ылғалдану типіне, климаттың континенталдылығына, сондай-ақ табиғи зональдылықтың сәйкестендіру қатарына байланысты.
Табиғи-ауылшаруашылық зонасы - бұл аудандастырудың негізгі бірлігі. Ол өсімдіктердің минералдық қоректену және топыраққұралу ерекшеліктерімен, жылу және ылғал балансымен байланысты топырақтық-климаттық жағдайлар жиынтығымен сипатталады. Әр зонаның белгілі бір топырақ типі және типшесі, сондай-ақ жер-сулардың қатынасы мен ауылшаруашылық өндірістердің типтері болады.
Жергілікті жерде өсімділікке сәйкес анықталатын топырақтың типі мен типшесі зоналарды көрсеткіштер ретінде бөлгенде пайдаланылады. Аумақтағы жеткілікті жылдық ылғалдануды сипаттайтын зоналар шекарасының температуралар қосындысының изосызықтары және аумақтағы жеткіліксіз ылғалдануды сипаттайтын зоналар шекарасының жылдық атмосфералық ылғалдану коэффициентінің изосызықтары бақылаушы белгілер болып қызмет етеді.
Табиғи-ауылшаруашылық провинция - жылдық айналымдағы режим мен микроклиматқа байланысты топырақ жамылғысының биологиялық маңызды ерекшеліктерімен сипатталатын зонаның бір бөлігі.
Провинциялар өз араларында бөлінеді:
- топырақтың гидротермиялық және қоректік режимінің көрсеткіштері бойынша;
-негізгі агроклиматтық көрсеткіштер бойынша (климаттың континенталдылығы, қыстың қаттылығы және қарлы болуы, вегетациялық кезеңнің жылу және ылғалмен қамтамасыз етілуі, биологиялық өнімділік);
-дақылдардың жиынтығы, агротехника сипаты, тыңайтқыштардың тиімділік деңгейі бойынша.
Жылдық айналымдағы климат элементінің режиміне қатысты бір немесе бірнеше агроклиматтық және топырақтық көрсеткіштер бойынша провинцияларды ерекшелеуге болады.
Кейбір жерлерде провинциялардың шекараларын табиғи аралықтарды есепке ала отырып жүргізеді (ірі өзендер, тау жүйелері) [3].
Табиғи-ауылшаруашылықтық округ - аумақтың белгілі бір геоморфологиялық ерекшеліктерімен (жер бедерінің жалпы құрылымы), топыраққұралу жыныстарының құрамымен, топырақ жамылғысының құрылуымен, әртүрлі механикалық құрамдағы топырақтың сәйкес келу заңдылығымен, тұздылығымен, сортаңдылығымен, батпақтануымен, сондай-ақ провинциялық нормалар шегінде микро-және мезоклиматтың өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын провинцияның бір бөлігі. Осылардың барлығы агротехниканың ерекшеліктерін, ауылшаруашылық дақылдар жиынтығын, ауылшаруашылық жер-суларының қатынасын, мелиорациялау түрлерін, егу айналымының жүйесін, табиғатты және топырақты қорғау шараларын айқындайды [3].
Округтер провинциялар шегінде ең бастысы жазық және таулы жер бедерінің жалпыланған типтері бойынша, аумақтың игерілгендігін және агроклиматтық көрсеткіштер, топырақ жамылғысы есепке алынған топыраққұралушы жыныстар сипаты бойынша ерекшеленеді.
Таулы табиғи - ауыл шаруашылықтық облыс жерлерді ауылшаруашылықта пайдаланудың қауымдылығымен және биік табиғи зональдылық құрылымының типтерінің ұқсастығымен сипатталады. Ол таулы табиғи-ауылшаруашылықтық аудандарға, округтерге, провинцияларға бөлінеді.
Табиғи ауылшаруашылықтық аудандастыруда оның телімдерін әкімшіліктік және жерді пайдалану шекараларымен байланыстыру керек.
Табиғи - ауыл шаруашылықтық округ шегінде жерді бағалау үшін жер бағалаулық (кадастрлық) аудандарға бөледі. Ауыл шаруашылығының қарқындылық деңгейі мен мамандандырылуына әсерін тигізетін нақты табиғи жағдайлармен белгіленген жер пайдаланудың аймақтық ерекшеліктері аудан үшін әдеттегі болып саналады.
Жер бағалаулық аудандарды бөлгенде шаруашылықтардың мамандандырылуы келесі берілгендер негізінде орнатылады: тауарлық және өндірілетін өнімнің қатынасы және құрамы, егілетін аудандардың құрылымы бойынша, ауылшаруашылық дақылдар және салалар бойынша шығындар. Егін шаруашылығының қарқындылық деңгейін анықтау негізіне шаруашылықтардағы бір гектар шабындыққа және шаруашылықтағы басқа да жер суларға шаққандағы тыңайтқыштар мен еңбек шығынының мөлшері және өдірістік қорлармен қамтамасыз етілуі қабылданады. Ауыл шаруашылығында жер пайдалану ерекшеліктерін орнатқан кезде аумақтың жыртылу кезеңін, ауылшаруашылық жер суларының қатынасын және олардың жер бедерінің белгілі бір элементіне және топырақтарға ұштастырылуын, әр түрлі сапалы жерлердегі ауылшаруашылық дақылдардың қатынасын және құрамын, егу айналымының түрлерін назарға алады. Егін шарушылығының қарқындылық деңгейі бағалаулық аудандағы шаруашылықтың экономикалық біркелкілігінің басты шарты болып табылады.
Шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету суарылатын егін шаруашылығы зоналарында жер-бағалаулық аудандарға бөлудің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Ол суару нормаларына қатысты келесі градацияда пайызбен өрнектеледі: 50% дейін, 50-75%, 75-100%. Бұл жағдайда бағалаулық аудандардың шекарасы бағаланатын аумақтағы сумен қамтамасыздандырылатын басым көрсеткіштерді есепке ала отырып орнатылады.
Бағалаулық аудандардың шекарасын әкімшілік шекараларға мүмкін болғанша байланыстырып бекітеді. Біраз сәйкессіздік болған жағдайда оларды ауылшаруашылық өнеркәсіптердегі жер пайдалану шекараларымен үйлестіреді.
Ауылшаруашылықтың мамандандырылуы біркелкі және оның табиғи жағдайлары ұқсас болып келгенде әкімшілік облыстың аумағы бір бағалаулық аудан болып қабылданады [3].
3. Мемлекеттік жер кадастры саласындағы мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің сәйкес Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды орталық уәкілетті орган жүзеге асырады - Ауыл шаруашылық Министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 14-1 бабына сәйкес кадастрының дұрыс жүргізілуін бақылау Республика бойынша уәкілетті орган - Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармалары, аумақтарда жер инспекторлары құзыретіне жатады.
Жер Кодексінің 152 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастры (республиканың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер кадастры) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі.
1.Қазақстан Республикасы Ұлттық министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №271 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
Мемлекеттік қызметті аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне және неғұрлым бағасы жоғары алқаптарға ауыстыру кезінде - аудандар мен қалалардың ауыл және су шаруашылығы уәкілетті келісуші органдарының ұсыныстары және қорытындылары бар түсіндірме жазба;
- суарылмайтын егiстiктi ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа неғұрлым бағасы төменiне ауыстыру кезінде - облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау уәкілетті келісуші органдарының ұсыныстары және қорытындылары бар түсіндірме жазба;
4) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға жоспарланған жерлердің экспликациясы;
5) бір түрден екінші түрге ауыстыруға жоспарланған ауыл шаруашылығы алқаптарының орналасқан жері, олардың алаңын, пайдаланылу түрі, ауыстыру себебі көрсетілген далалық зерттеу актiсi және түрлендіруге жататын анықталған жерлері көрсетілген, келісуші мемлекеттік органдар бөлімшелерінің және ауыл шаруашылығы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушыларының (жер иелерінің) өкілдері қол қойған далалық зерттеу сызбасы;
6) жер учаскелерінің сапалық сипаттамасы;
7) жалпы баланстық құны мен тозу сомасы көрсетілген негізгі мелиоративтік қорлардың одан әрі пайдалануға жарамсыздығы туралы актіні қоса берумен суару желісінің техникалық жағдайы туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап - 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы рұқсаты.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №270 бұйрығымен бекітілген Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
Мемлекеттік қызметті аудандардың, кенттердің, селолардың, селолық округтердің жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
1-кезең:
1) жер учаскесін орналастыру схемасы;
2) жеке басты куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) түпкілікті таңдау актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін ақы төлеуді өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш беруші келіспеген жер таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, Мемлекеттік корпорация келісілмеген жер таңдау актісін жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады.
2-кезең:
1) келісілген түпкілікті жер таңдау актісі;
2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
- Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап:
1-кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау - 28 жұмыс күні;
2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келісуі және жер-кадастрлық жұмысы қызметіне ақы төлеуі кезінде - жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару - 22 жұмыс күні;
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер-кадастр жоспарын уақытша жер пайдалану шартын қоса бере отырып жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы №151 бұйрығымен бекітілген "Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 30 (отыз) жұмыс күні, көрсетілген мерзімге жерге орналастыру жобасын әзірлеу кезеңі кірмейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім. жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №272 бұйрығымен бекітілген Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру мемлекеттік қызмет стандарты.
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, поселкенің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының акті;
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
- көрсетілетін қызметті берушіге ,ХҚКО немес порталға құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап - 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.
Мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерi мемлекеттiк ақпараттық pecуpc болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингі бойынша жұмыстарды, жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізумен, нақты жер учаскесіне жер-кадастр ісін жасаумен, жер-кадастр карталары мен жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты дайындаумен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттiк жер кадастрының деректерi жердi пайдалану мен қорғауды жоспарлау кезiнде, жерге орналастыруды жүргiзу, шаруашылық қызметтi бағалау және жердi пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ жердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргiзу, жер үшiн төлем мөлшерiн айқындау, жылжымайтын мүлiк құрамындағы жер учаскелерiнiң құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердiң құнын есепке алу үшiн негiз болып табылады.

4. Жерлерді кадастрлық бағалауды орындау үшін дайындық жұмыстары

Жерді бағалау нәтижелері іс жүзінде нақты мәселелерді шешуде, жерді тиімді пайдалану мен талдауды жоспарлауда; жер төлемдерін реттеуде, жер пайдаланымдардың оптимальды, оңтайлы мөлшерін анықтауда; жерді пайдалануды және қорғауды бақылауда, жерді алып қою кезінде шығындарды қайтаруда атқаратын міндеті зор.
Қазіргі кезде кез келген жағдайда пайдалануға болатын жерді бағалау тәсілі жоқ. Жер халық шаруашылығында әр түрлі рөл атқарады, мақсатына байланысты жерді әр тұрғыдан бағалауға болады. Соған орай бағалау әдістері де әр түрлі болады. Мемлекетіміздің әр даму сатысында жерді бағалаудың әр түрлі жүйелері болды. Мәселен кеңестік Қазақстанда жерді бағалауда топырақтарды бонитеттеу, Республика аумағын табиғи-ауыл шаруашылық және топырақ климаттық аймақтау, жерлерді экономикалық бағалау жұмыстары жүргізілген. Осы жұмыстар нәтижелері ауыл шаруашылық салаларын орналастыруда, жоспарлауда, ауыл шаруашылық өнімдерінің сату бағаларын жіктеуде, реттеуде, жердердің пайдалауын салыстырмалы талдауда пайдаланылды.
Жалпы жер учаскесін бағалауда екі жақ та (сатушы және сатып алушы) бағаға әсер етуші факторлар жиынтығын басшылыққа алады. Бұл нарық талабы. Ал әлемдік тәжірибеде қалыптасқан жылжымайтын мүлік объектісін бағалау екі сатыда жүргізіледі. Бірінші сатысында аймақтық және жергілікті жер нарығындағы экономикалық жағдай зерттеледі. Соның нәтижесінде, нақты уақыт ішінде тұтынушылардың жалпы қалауы бойынша, бағаланатын жылжымайтын мүлік объектісін пайдаланудың ең дұрыс, әрі тиімді түрі туралы қорытынды алынады. Жылжымайтын мүлікті пайдаланудың жақсы варианты таңдалғаннан кейін, бағалаудың екінші сатысы жүргізіледі. Нақтырақ айтқанда Батыс экономикасының тәжірибесінде жылжымайтын мүлік объектісін бағалауда үш негізгі әдіс пайдаланылады: салыстырмалы сату әдісі, шығындық әдіс және табыстық әдісі.
Қазақстанда жер реформасының өтуіне байланысты жерді бағалау маңызды рөл атқара бастады, әсіресе бағалау жұмыстары ауыл шаруашылық мекемелерінің өндірістік шаруашылықтарының, алқаптардың және ішкі шаруашылық жер учаскелерінің шекараларын белгілеуде, территориялық бірліктерін анықтауда маңызы зор. Себебі, бағалау нәтижелері іс жүзінде көптеген мәселелерді шешуде қолданылады, атап айтсақ:
- ауыл шаруашылық мекемелерінің әрекеттерін сараптауда және шаруашылық жоспарлауда, өнім өндіретін шаруашылықтардың жер өңдеудегі есептерін негіздеуде;
- жер пайдалануды ұтымды, әрі тиімді ұйымдастыруда: алқаптардың тиімді ауданын анықтау, шаруашылық бөлімшелердің материалдық және еңбектік қорларын оптимальды мөлшерін анықтау, сонымен қатар өндіріс көлемін анықтау;
- жердің өндірістік және технологиялық қасиеттерін жақсарту мақсатында, сондай-ақ жер пайдалануда шығындарды азайту мақсатында шараларды дайындап ұйымдастыру;
- жер қатынастарын реттеу: жалға алу барысында, жалға алу құнын негіздеуде; жер пайдаланымдарды қорғауда және бақылауда; жер иелері мен жер пайдаланушылар арасындағы, жалға алушылар мен берушілер арасындағы талас-тартысты шешуде, олардың арасында әр түрлі мәмілелер жасасуда;
-жерлерді қайта орналастырғанда, мемлекет қажеттілігіне алынғанда, табиғи апаттарда шыққан шығын мөлшерін қабылдап қоюда.
Жерді кадастрлық бағалаудың дамуы - заңдық-нормативтік және методологиялық негіздерінің жетілуімен көрінді:
Бірінші кезең (1992-1996 жж.) - жер учаскелері үшін базалық ставкалардың және түзету коэффиценттерінің анықталуы.
Екінші кезең (1996-2002 жж.) - түзетілген базалық ставкаларды және нарық конъюнктурасын ескеретін түзету коэффиценттерін пайдалану арқылы жерлерді нормативтік кадастрлық бағалау жүргізілді.
Үшінші кезең 2003 жылы Жер Кодексін қабылдаған уақыттан басталды. Бұл кезде жерлердің кадастрлық бағалануы нарықтық конъюнктураны ескеріле отырып жасалды.
Топырақты бонитировкалау мақсатында дайындық жұмыстарына кіреді:
1) Гумус қорын горизонт бойынша бір гектарға тоннамен және Қазақстандық әдістеме бойынша 50 см тереңдікке дейін %-бен есептеп шығару.
2) Топырақты бонитировкалау үшін кестелерді құру және бастапқы берілгендердің сенімділігін (нақтылығын) бағалау.
Гумустың шығыны тга формула бойынша есептеледі:

Z = P·V·h (1)

Z = 25x1,23x5,94=182,65

P - топырақтағы есептік горизонтта гумустың % мөлшері;
V - топырақтың көлемдік салмағы гсм³;
h - есептелетін қабаттың қалыңдығы см.
Топырақтың көлемдік салмағы:
oo 1.25 - 1.30 гсм³ - жеңіл құмбалшық;
oo 1,20 - 1,25 гсм³ - орташа құмбалшық;
oo 1,40 - 1,45 гсм³ - құм және құмайттар;
oo 1,50 - 1,55 гсм³- саз балшықтар.
Есептеулер топырақтың кескінінің әрбір қабаты бойынша (талдауларға келісті) жүргізіледі, гумус қоры әр қабатқа бөлек есептеледі және шыққан нәтижелер қосылады.
Нәтижелер 1 және 2 кестелер түрінде келтірілген.

Кесте 1
0-50см қабаттағы гумус құрамы, %-бен
Кескін №
Қабат А
Қабат В1
Гумус 0-50 см, %
__
X-Х'
_
(x-x')2

см
%
см
%

1
2
3
4
5
6
7
8
1
0-26
6,12
26-50
4,53
5,21
0,04
0,0016
2
0-27
6,08
27-50
4,57
5,38
0,21
0,0441
3
0-27
6,27
27-50
4,99
5,68
0,51
0,2601
4
0-26
6,01
26-50
4,67
5,36
0,19
0,0361
5
0-27
6,09
27-50
4,39
5,31
0,14
0,0196
6
0-27
5,91
27-50
4,00
5,03
0,14
0,0196
7
0-28
5,79
28-50
4,03
5,01
0,16
0,0256
8
0-26
5,97
26-50
4,09
5,06
0,11
0,0121
9
0-26
5,97
26-50
4,07
5,05
0,12
0,0144
10
0-25
6,03
25-50
4,12
5,07
0,1
0,01
11
0-26
6,05
26-50
4,01
5,07
0,1
0,01
12
0-26
6,00
25-50
3,83
5,03
0,14
0,196
13
0-26
6,00
26-50
4,05
5,06
0,11
0,0121

Кесте 2
Генетикалық қабаттар бойынша гумус құрамы, тга
Кескін №
Қабат А
Қабат В

А,
тга
В,
тга
В,
тга
Ʃ,
тга
__
X-Х'
_
(x-')2
_
X-Х'

(x-')2

см
%
см
%
см
%

1
0-26
6,12
26-51
4,53
51-76
3,11
195,72
139,29
95,63
430,64
25,66
658,4386
25,66
658,4386
2
0-27
6,08
27-54
4,57
54-73
3,01
201,92
151,77
57,19
410,88
5,9
34,81
5,9
34,81
3
0-27
6,27
27-52
4,99
52-72
2,98
208,23
153,44
73,31
434,98
30
900
30
900
4
0-26
6,01
26-53
4,67
53-73
3,05
192,19
155,09
75,03
422,31
17,33
300,3289
17,33
300,3289
5
0-27
6,09
27-53
4,39
53-72
3,12
202,25
140,39
72,91
415,55
10,57
111,7249
10,57
111,7249
6
0-27
5,91
27-58
4,00
58-75
2,96
196,27
152,52
61,89
410,68
5,7
32,49
5,7
32,49
7
0-28
5,79
28-52
4,03
52-71
2,99
199,41
118,96
69,88
388,25
-16,73
279,8929
-16,73
279,8929
8
0-26
5,97
26-51
4,09
51-72
3,16
190,92
125,77
81,62
398,31
-6,67
44,4889
-6,67
44,4889
9
0-26
5,97
26-53
4,07
53-72
3,03
190,92
135,16
70,81
396,89
-8,09
65,4481
-8,09
65,4481
10
0-25
6,03
26-54
4,12
54-71
3,07
185,42
146,96
64,19
396,57
-8,41
70,7281
-8,41
70,7281
11
0-26
6,05
26-55
4,01
55-71
3,02
193,48
143,03
59,43
395,94
9,04
81,7281
9,04
81,7281
12
0-26
6,00
25-52
3,83
52-71
2,98
191,88
127,19
56,62
375,69
-29,29
857,9041
-29,29
857,9041
13
0-26
6,00
26-50
4,05
50-71
2,97
191,88
119,55
76,72
388,15
-16,83
283,2489
-16,83
283,2489

Әр топырақ үшін гумус қорының орташа арифметикалық өлшемі тга есептеледі, сондай-ақ барлық төмендетуші коэффициенттер ескеріледі. Бонитировка үшін гумус қорының орташаланған көрсеткіштері қолданылады.
Әр топырақ үшін гумус қорының орташа өлшемдерінің сенімділігін бағалау келесі тәртіпте жүргізіледі:
а) Орташа квадраттық ауытқу (S) көрсеткіші формула бойынша есептеледі:

S = (2)
S1 =0,484913-1 =0,201 (3)
S2 = 14,22 (4)

мұндағы х - гумус қоры тга немесе әр топырақтық кескін бойынша %;
хˉ - берілген топырақтағы гумус қорының орташа өлшемі;
n - талдауға түсетін кескіндер саны.
б) орташа арифметикалық (абсолюттік) қателік көрсеткіші формула бойынша есептеледі:
Sх = (5)
Sх = (6)
Sх = (7)
мұндағы s - орташа квадраттық ауытқу;
n - талдауға түсетін нәтижелер саны.
в) сенімділік көрсеткіші есептеледі:

Т = (8)

T1 = (9)
T2 = (10)
мұндағы Т - дәлдік.
Абсолюттік қателік бойынша орташа өлшемнің дәлдігі туралы жуықтатып жоруға болады, сондықтан нормаланған ауытқу есептеледі. Жалпы алғанда, жерлерді кадастрлық бағалау үшін t=3 болса, онда орташа сенімді, өйткені орташа өз қатесін 3 немесе одан да көп ретке асырады.
Есептеулердің дәлдік көрсеткіші (Т) бұл нормаланған ауытқудың кері өлшемі, ол % өрнектелген.
Бұл көрсеткіш салыстырмалы ықтималдылықты немесе керісінше бастапқы берілгендердің ала-құлалық деңгейін сипаттайды. Ол 2-ден 10 % дейін өзгереді.
Гумус қорының орташа өлшемі сенімді деп құпталады, егер дәлдік өлшемі 5 % аспаса. Егер ол көп болса, онда есептеулерден үлкен ауытқулары бар кескіндер алынады.
г) вариация коэффициенті есептеледі:

V = (11)
V1= (12)
V2= (13)

Жерлерді кадастрлық бағалау үшін топырақтық зерттеулердің нәтижелері қолданылады; Бақылау (талдаулар) санының көп болуы улкен шығындармен байланысты, ал бақылаулар саны аз болғанда нәтижелер сенімді емес болуы мүмкін, сондықтан бақылаулар санын есептейді:

n = (14)
n1= (15)
n2= (16)

мұндағы n - қажетті бақылаулар саны.
Есептеулер үшін әбден қолайлы дәлдік - 3 стандарттық (номаланған) ауытқулар. Бастапқы берілгендердің сенімділігін тексергеннен кейін топырақты бонитировкалау бойынша жұмыстарға кіріседі. Бастапқы берілгендердің статистикалық өңдеу нәтижелерін кесте 3 келтіру керек.

Кесте 3
Бастапқы берілгендердің статистикалық өңдеуі
Көрсеткіштер
Рессейлік әдістеме
Қазақстандық әдістеме
S-орташа квадраттық ауытқу
17,6097
0.2010
Sx-орташа арифметикалық қателік
4,8834
0.05574
-гумус қорының орташа өлшемі
3.606
5.17
Т-дәлдік
1,205
1.078
V-вариация коэффициенті
4,3482
3,888
n-қажетті бақылаулар саны
23,8154
0.003106

5. Топырақты бонитировкасы

Жерді есепке алғанда оны табиғи қор және өндіріс құралы ретінде оның тек санды сипаттамасын ғана емес, сапалық көрсеткіштерін де анықтайды. Бірақ, топырақтың кейбір табиғи қасиеттерінің шаруашылық мәні әртүрлі және оның өнімділіне әртүрлі әсер етеді. Сондықтан топырақты салыстырмалы бағалау немесе бонитетттеу қажеттілігі туындалады.
Бонитет деген сөз латынның bonitas деген сөзінен шыққан, қазақшаға аударғанда "сапалылық" немесе топырақтың сапасын бағалау дегенді білдіреді. Топырақтың бонитеті - оның сапасының көрсеткішін береді. Әдетте бонитеттеуді бір белгілі мақсаттар және талаптар үшін топырақтарды топтастыру мен бағалау деп түсінеді. Көбінесе бонитеттеу негізіне топырақтардың табиғи нышандары және қасиеттері алынады.
Олай болса топырақты бонитеттеу онда өсіп-өнетін өсімдіктердің өнімі және оның сапасымен байланысты топырақтың қасиеттерімен қалыптасқан потенциалды құнарлылығына қарай арнаулы жіктелуі деп қарастыруға болады.
Топырақты бонитеттеудің негізгі мақсаты құнарлылығына қарай топырақты құндау немесе бір топырақ басқа бір топырақтан өзінің табиғи және иеленген қасиеттеріне қарай қанша есе жақсы немесе нашар екенін анықтау болып саналады.
Бал бонитетін есептеудің бірнеше әдістемесі бар. Гумус қоры бонитировкалау шкаласын құрудың негізі болып табылады.
Берілген әдістемелерде гумус қоры тга-мен есесптеледі. Гумус қорының құрамы ең максималды топырақ эталон ретінде қабылданады. Ол 100 бал деген бағаны иеленеді. Басқа топырақтар үшін балды қабылданған эталонға пропорционалды есептейді. Механикалық құрамға, тұздануына, тастануына, сортаңдығына және т.б. сәйкесінше алдын ала бағалаулық балдарға түзетулер енгізіледі. Әр топырақ түріне анықтап алынған бал бонитетін есептеу жүргізіледі.
Шыққан бонитировкалау шкаласы бөлек шаруашылықтардағы шабындықтың орташа салмақтанған балдарын есептеу үшін қолданылады. Орташа салмақтанған балды есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
Борт.сал= (17)

мұндағы S1 - жеке топырақтық түрлердің ауданы, га;
SР - ауданның жалпы ауданы.
Қазақстанда қолданылатын әдістеме бір топырақ эталонын енгізуді қарастырады, оған 100 деген балл беріледі. Топырақ қабатында гумус құрамы 0-50см - 7% болатын орта қалыңдықты орта құмбалшықты кәдімгі қара топырақ эталон ретінде қабылданды.
Кез-келген топырақтың алдын-ала балы (түзету коэффициентін есептемегенде) тең болады:

Балдын-ала= (18)

мұндағы 0-50см қабаттағы гумус % - қабаттардың қалыңдығы бойынша орта салмақты болып анықталады;
7 - эталон үшін 0-50 см қабатттағы гумус құрамы %.
Соңғы балл бонитетін есептеу үшін әр топырақ түрлері бойынша түзету коэффициенттері енгізіледі:

Бсоңғы = Балдын ала (19)

мұндағы К1 - механикалық құрамға төмендетуші коэффициент;
К2 - ұсақ тастануға төмендтеуші коэффициент;
К3 - тұздануға төмендетуші коэффициент,
К4 - сортаңдылыққа төмендетуші коэфффициент;
К5 - эрозияға төмендетуші коэффициент;
К6 - гидроморфтылыққа төмендетуші коэффициент.
Топырақтың соңғы балл бонитетін есептеу үшін қолданылатын төмендетуші коэффициенттер кесте 5 келтірілген. 0-50 см қабаттағы гумус құрамының %, орташа салмақтанған балды есептеудің нәтижелері кесте 6 көрсетілген.

Кесте 4
Түзетуші коэффициенттердің мәні
Механикалық құрамы:
саз балшық
0,8
орта құмбалшық және ауыр құмбалшық
1,0
жеңіл құмбалшық
0,9
құмайт
0,7
құм
0,5
Ұсақ тастануы:
әлсіз
0,9
орташа
0,85
қатты
0,8
Тұздануы:
әлсіз кебірлену
0,87
орташа кебірлену
0,8
қатты кебірлену
0,7

Кесте 4 жалғасы
Сортаңдануы:
әлсіз сортаңдану
0,95
орташа сортаңдану
0,85
қатты сортаңдану
0,7
Эрозия (су және жел):
әлсіз эрозия
0,9
орташа эрозия
0,75
қатты эрозия
0,50
қаГидроморфтылығы:
әлсіз (шалғынды топырақтар)
0,9
орташа (шалғынды-батпақты)
0,7
қатты (батпақты топырақтар)
0,4

Кесте 5
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жеке шаруашылықтардың 0-50 см қабаттағы шабындықтың орташа салмақтанған балдарын анықтау
Шаруаашылық №
Топырақ түрі

Қабат А

Қабат В1

Қабат В2

0-50 см қабаттағы гумус %
Б-алдын-ала

Түзетуші коэфициентер

Б-сон

Топырак түрлері ауданы

SxБсон

Б-орт.сал

см
гумус %
см
гумус %
см
гумус %

мех құрам
тастануы
туздануы
сотртандануы
эрозия
гидроморфтылығы

1

25
5,94
18
3,27

4,1472
59
1
-
-
-
-
-
60
1540
91238
50
1
2

21
4,97
17
3,41
12
2,03
3,734
53
1
0,9

48
1146
55018

3

20
4,01
15
2,97

2,495
36
1

0,9

32
1363
43723

4

24
5,13
24
3,12
2
1,91
4,0364
58
1

0,95

55
2600
142427

Қосындысы
6649
332406

1

22
2,46
21
1,62
7
1,03
1,907
27

0,75

20
4110
83976
40

2

27
5,63
20
3,17

4,3082
62
1
0,85

52
400
20926

2
3

24
6,12
15
3,24

3,9096
56
1
0,9

0,9
45
5127
231944

4

32
6,54
18
3,62
0
2,31
5,4888
78
1

0,9
71
560
39519

5

30
6,04
20
3,27
0
2,14
4,932
70
1

0,95

0,9
60
1430
86144

Қосындысы
11627
462509


25
28
6,19
18
4,18
4
2,31
5,156
774
1

0,9

66
398
26384
54


75
20
5,01
26
4,01
4
2
4,2492
61
1

61
1196
72601

3
2

22
5,34
21
3,51
7
1,98
4,101
59
1
0,85

50
4896
243810

3

24
5,81
23
3,46
3
1,81
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қ. Р әкімшілік-аумақтық құрылымы
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Алматы облысындағы шағын елді-мекенді жобалау
Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
Павлодар облысын геоэкологиялық аудандастыру негізі (Ақсу ауданының мысалында)
Аумақты аймақтарға бөлу
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
Алакөлдің рекреациялық зонасының табиғи туристік-рекреациялық ресурстарын, табиғи ландшафтарын зерттеу және бағалау
Тарбағатай
Алматы қаласының сейсмо-белсенділігін зерттеу жайлы
Пәндер