БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ


КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі : Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру мәселелерінің ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, басты қажеттілік ретінде қабылданған.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың» мақсаты төмендегідей анықталған: «Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеудің және оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету» [1] .
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалауды ұйымдастырып, педагогикалық кадрларға қойылатын талаптармен, олардың біліктілігін арттырып және қайта даярлап, бала дамуының деңгейін жүйелі бағалауды қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің негізгі нәтижесі ретінде баланың құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған [2] .
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің жетім балалардың жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалы бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Себібі қазіргі кезеңде тәрбие мен білім беру жүйесінің халықаралық тәжірибеге сәйкес жаңаруына толық әлеуметтенген, саналы әлеуметтік-психологиялық ғылым мен практика жетістіктерінен хабары бар ертеңгі азаматты тәрбиелеу - балалар үйінің және мектептің үздіксіз жүзеге асыратын міндеттері екені баршаға аян.
Бұл жөнінде «Балалар үйінің жарғысының» 21-ші тармағында: «Мектеп жасына дейінгі балалар үшін балалар үйі тәрбиеленушілері өмірінің және денсаулығының сақталуын, балалар денесінің дұрыс жетілуін, оларда мәдени-гигиеналық дағдылардың болуын, сөйлеу тілінің дұрыс дамуын, балалардың мектепке оқуына әзірлігін қамтамасыз етеді» - деп атап көрсетілген [3]
Баланың алғашқы бес-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады.
Бұл мәселелердің оңтайлы бір шешімі жетім балаларды дамытуға, тәрбиелеуге, оқытуға қатысты теориялық және практикалық педагогикалық, психологиялық негіздерді айқындаумен байланысты. Жетім балалар мәселесі ғылым мен практиканың: медицина, педагогика, психология, философия, әлеуметтану салаларындағы зерттеушілердің назарын аударып келді.
Қазақстан Республикасының «Мектепке дейінгі білім беру» стандартының осы кезеңге дейінгі қалыптасқан отандық және халықаралық тәжірибені сәйкестендіре отырып, мектепке дейінгі балалардың тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін жобасы талқыланды. Стандарттың негізгі мақсаттардың бірі - бала дамуындағы күтілетін нәтижелер, яғни өмір дағдылары және балалардың сенсорлық даму құзыреттілігінің жиынтығын реттеу. Аталған кемшіліктерге сай мектепке дейінгі баланың өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін дамыту ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейінде әрекеттің өзіндік түрлерін, баланың даму бағытын, оның мектеп жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуі тиіс екендігі көрсетілген. Бұл аталған күрделі міндеттер сәби шақтағы балалардың сенсорлық тәрбиенің қалыптасу деңгейіне тікелей байланысты.
Бүгінгі таңда педагогика, психология, философия ғылымында балалардың сенсорлық даму әрекетін қалыптастыру мәселесіне арналған зерттеулердің маңызды қоры жинақталған.
Ежелгі дүние философиясы ертедегі шығыс елдерінің қорытып жинақтаған білім мұрасын дамытқан Платон, Аристотельден бастау алса. әл-Фараби [4], А. Құнанбаев [5], Ы. Алтынсарин [6], Ж. Аймауытов [7], А Байтұрсынов [8], М. Жұмабаев [9], және т. б. еңбектерінде адам танымының негізі сенсорлық мәдениет екендігі аталып кеткен.
Мектепке дейінгі балалардың сенсорлық тәрбиесінің психологиялық құрылымы, қалыптасу сатылары мен заңдылықтары Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, С. Л. Рубинштейн, М. Мұқанов, т. б. еңбектерінде анықталған. Педагогика ғылымындағы Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Гербарт, А. С. Макаренко, және т. б. ғылыми еңбектерінде қарастырылса, мектепке дейінгі педагогика ғылымында Ф. Фребель, М. Монтессори, С. Ветлугина және т. б. зерттеген. Қазақстанда мектепке дейінгі педагогика ғылымында Н. Қ. Құлжанова, А. К. Меңжанова, Б. Баймұратова, М. С. Сәтімбекова, Қ. А. Аймағамбетова, Г. Меңлібекова, С. Н. Жиенбаева, Ә. С. Әмірова, Ф. Н. Жұмабекова, Г. З. Таубаева, Г. М. Метербаева, А. И. Искакова, Н. С. Сайлауова және т. б. мектепке дейінгі тәрбие салаларының түрлі бағыттарын зерттеуге өз үлестерін қосқан.
Сонымен жоғарыдағы аталған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттер мектепке дейінгі білім беру теориясы және әдістемесі тұрғысынан түрлі бағытта қарастырылғанмен, балалар үйіндегі мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің зерттеу нысаны болмағанын байқадық.
Демек, жетім балалардың сенсорлық мәдениетін қалыптастырудың бірқатар қарама-қайшылықтар кездеседі: балалар үйі жағдайында білім беру жүйесінде бүгінгі ғаламдану жағдайында мектепке дейінгі кезеңнен танымдық құзыретті тұлғаны даярлау қажеттілігі мен бұл деңгейге жетуге сенсорлық мәдениетін қалыптастырудың теориясы мен әдістемесінің жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қарамашылық бар екендігі анықталды.
Бұл қарама-қайшылық балалар үйіндегі тәрбиеленуші мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық мәдениетін қалыптастыру туралы педагогикалық зерттеулерді жетілдіру арқылы оның жүйелілігін, тұтастығын қамтамасыз ету мәселесі бар екенін айқындайды. Аталған мәселе зерттеудің өзектілігін айқындап диплом жұмысының тақырыбын «Балалар үйіндегі мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық мәдениетін қалыптастыру» деп таңдауға себеп болды.
Зерттеу нысаны : Алматы облыстық №1 балалар үйі. Мектеп жасына дейінгі жетім балалар
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық мәдениеті.
Зерттеу мақсаты : Балалар үйіндегі мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық мәдениетін қалыптастыру теориясын нақтылау және әдістемесін ұсыну.
Зерттеудің ғылыми болжамы : Егер балалар үйіндегі мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік, психоэмоционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, М. Монтессори талдап жасаған сенсорлық тәрбие жүйесіндегі дидактикалық материалдар қолданылатын болса, онда балалардың сенсорлық этолондар түрлерін ажырату дәрежесі жоғары түйсік пен қабылдау таным қызметінің дұрыс бағытта дамуына қол жеткізіп, мектеп жасына дейінгі жетім балалардың сенсорлық мәдениеті қалыптасар еді.
Зерттеу міндеттері:
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық дамытудың теориялық негіздерін нақтылау.
2. Балалар үйінде мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін айқындау.
3. Балалар үйінде мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық мәдениетін қалыптастыру әдістемесін ұсыну және тәжірибеде тексеру.
Зерттеудің әдістері: монографикалық (психологиялық, педагогикалық және философиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау) ; болжау (зерттеу мәселесіне баға беру) ; диагностикалық (талдау, сауалнама анкета, бақылау, тестілеу әдісі) .
Зерттеу базасы : Алматы облыстық №1 балалар үйі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде зерттеу жұмысының жетім балалардың сенсорлық мәдениетін қалыптастыруға негізделген әдістемені жүзеге асыру жүйесінің білім саласындағы өзектілігі, зерттеу мәселесі, қарама-қайшылығы, мақсаты, міндеттері және зерттеу әдістері таңдалды.
Екінші кезеңде зерттеу тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі дайындалып сенсорлық мәдениет туралы ғылыми-зерттеу еңбектерге талдау, салыстыру жүргізілді, сенсорлық мәдениетін қалыптастыруға негізделген әдістемелерді жүзеге асыру жүйесінің негізгі тұжырымдары дайындалды.
Үшінші кезеңде зерттеу мәселесінің тиімділігін көрсететін әдістемелерге тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізіліп, жүзеге асыру жүйесінің тиімділігі дәлелденді. Зерттеу міндеттері бойынша қорытынды дайындалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық дамытудың теориялық негіздерін нақтыланды.
2. Балалар үйінде мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері айқындалды.
3. Балалар үйінде мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі ұсынылды және тәжірибеде тексерілді.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері Сократ, Платон, Аристотель, әл-Фараби, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, Я. А. Коменский, И. Г. Пестолоций, Януш Корчак, Ж. Пиаже, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Ш. А. Амонашвили, Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин тұлға теориясы, философиялық, педагогикалық, психологиялық тұжырымдамалар, Ф. Фребель, М. Монтессории, Л. А. Венгер, А. В. Запорожец, т. б.
Зерттеудің практикалық мәні . Мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық мәдениетін қалыптастырудың оңтайлы әдістемесі жасалып практикаға ендірілді. Зерттеу нәтижелерін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда, балалар үйінің сабақтан тыс тәрбие үдерісінде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеу жұмысының мазмұнын, кіріспе бөлімін, екі бөлім және бөлімшелерін, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімін және қосымшаларын қамтиды.
Кіріспеде зерттеу жұмысының өзекті мәселелері, практикалық маңыздылығы, қазіргі ғылыми мәселелерді шешудің теориялық және әдіснамалық негіздері ашып көрсетілген. Ғылыми аппаратта: зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, тәжірибелік маңызы, туралы мәліметтер баяндалды.
«Балалар үйінде мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері» - деп аталатын бөлімде жетім балалардың сенсорлық мәдениетін қалыптастыру тарихи теориясы қарастырылап, негізгі тұжырымдары дайындалды, білім саласындағы өзектілігі, зерттеу мәселесі, қарама-қайшылығы, мақсаты, міндеттері және зерттеу әдістері таңдалды. Жетім балалардың сенсорлық тәрбиесі, танымы және мәдениет туралы философиялық, пихологиялық, педагогикалық теориялар талданып, теориялық негізі айқындалған.
«Балалар үйінде мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық мәдениетін қалыптастыру тәжірибесі» - деп аталатын бөлімде жетім балалардың сенсорлық тәрбие берудің тиімділігін анықтаудағы эксперименттік-тәжірибелік жұмыстың мазмұны бойынша тәжірибелік, әдістемелік жұмыстар ұйымдастырылып, нәтижесі қорытындыланды.
Қорытындыда дипломдық зерттеу жұмысының нәтижелері қысқаша тұжырымдалып, зерттеуге қойылған міндеттердің толық шешілуі бағаланған, зерттеу нысаны бойынша нәтижелер тұжырымдалған, нақты ұсыныстар берілген.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген әдебиеттер тізімі берілген.
Қосымшада дипломның зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізілген.
1 БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық мәдениетін қалыптастырудың тарихи теориясы
Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу туралы педагогикалық ой-пікірлер алғашқы қауымдық құрылыс тұсынан бастау алып, ертедегі шығыс елдерінің Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып қалыптаса бастады.
Ежелгі дүние философиясы ертедегі шығыс елдерінің қорытып жинақтаған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит, т. б. философтар саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және әрекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуында Ежелгі Грецияның аса көрнекті философтары Платон мен Аристотель кезқарастарында сенсорлық тәрбиенің ерекше маңызы болды. Платон (б. э. дейінгі 427-347 жылдар) мектепке дейінгі балалардың сенсорлық қабілетін дамытуда тәрбие мен оқыту мәні, қоғамдық құрылым мен тәрбиенің қатынасы сияқты аса маңызды педагогикалық ұғымдардың анықтамасын берген ғалым. Ол сәби шақтан балаларды ерте бастан тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесі туралы идеяны ұсынды. Платон сенсорлық мәдениетін қалыптастырудың ойынды маңызды құралы деп қарады, балаларға сенсорлық мәдениетін қалыптастырумен шұғылданатын адамдарға қойылатын негізгі талаптарды айқындап берді.
Аристотель (б. э. дейінгі 384-322 жылдар) жеке адамның дене, ақыл-ой, сенсорлық және адамгершілік тәрбиесін қамтитын үйлесімді даму идеясын тұжырымдады. Ол тәрбиенің табиғи дарындылығына үлкен мән берді. Аристотель сәби шақты жеке адамның қалыптасуындағы ерекше және маңызды шақ деп бөліп қарады. Бұл кезеңде, оның пікірі бойынша, алуан түрлі ойындармен қатар ақыл-ойды, сенсорлық қабілетін дамытатын әңгімелер пайдаланылуға тиіс деп тұжырымдаған.
Ян Амос Коменский мектепке дейінгі жастағы балаларға тәрбие беруге үлкен мән берілуі керектігін баса айтқан. Я. А. Коменский тәрбие арқасында «қай баланы болса да адам етіп шығаруға болады. Осы кезең баланың сенсорлық тәрбиесінің дамуы кең кезең», - деп атап көрсетті. Балалардың сенсорлығын дамытуда табиғи дарындылық принциптерін негізге ала отырып, оны табиғат пен адам даму заңдарының жан-жақтылығы, жалпыға бірдей ортақтығы деп түсінген Я. А. Коменский жас кезеңдерін талдауда, адам дамуы кезеңдері ішіндегі 6 жылға созылатын біріншісіне ерекше көңіл бөлді. Я. А. Коменскийдің ойынша дене шапшаң өсіп, сезім органдары жедел дамыған сенсорлық қабілетін жоғары дамыған бұл кезеңде кішкентай балалар педагогикалық қабілеті бар, өз тәрбиеленушілерін сүйетін дана аналар басқаратын ана мектептерінде, отбасыда тәрбиеленуге тиіс. «Ана мектебі» деген арнаулы еңбегі мектепке дейінгі тәрбие жөнінен дүние жүзінде бірінші құрал болды. Я. А. Коменский балалардың денсаулығына және дене, сенсорлық дамуына мұқият қамқорлық жасауға шақырды. Я. А. Коменский сенсорлық тәрбиені еңбек тәрбиесімен тығыз байланыстырды, сенсорлық тәрбиесі белгілі бір жасқа лайықты еңбек дағдыларының қалыптасуын ғана емес, сонымен бірге енбекті сүюге және еңбекке әдеттенуге тәрбиелеуді көздейді. Я. А. Коменский мектепке дейінгі балалық шақты мектепте онан әрі жүйелі оқытудың даярлық кезеңі ретінде қарады. Я. А. Коменскийдің бұдан үш жарым ғасыр бұрын жазылған «Ана мектебі» атты көрнекті еңбегі мектепке дейінгі сенсорлық тәрбиеге аяқ басудағы бірінші және тамаша талаптанушылық болды, ол кішкентай балалардың жас ерекшеліктеріне қарай олармен ойластырылған және ұйымдастырылған жұмыс жүргізуге негіз қалады [10] .
И. Г. Пестолоций әрбір балаға әуел бастан оның, бойына дамуға бейім келетін қасиеттердің нышаны тән деп есептеді. Табиғи дарындылық принципін басшылыққа ала отырып, ол педагогтан балалардың жас мүмкіндіктерімен және ерекшеліктерімен санасуды талап етті. И. Г. Песталоций бала үшін неғұрлым тән табиғи қозғалыстарға негізделген «элементарлық гимнастика» жүйесін ұсынды, «іскерлік әліппесі» деген қызықты идеяны алға тартты, одан әрі ол, «индустриялық гимнастика» болып дамуы тиіс еді. Бұл гимнастика, оның пікірі бойынша, балаларды сенсорлық тәрбиелеуге даярлайды. Песталоций жүйесінде адамгершілік тәрбиесі, айналадағы адамдарға сүйіспеншілікпен қарау сезімін дамыту жетекші орын алады. Песталоций танымның басталар сәті сезімдік қабылдау деп есептеді және балалардың бойында бақылау мәдениетін қалыптастыру қажеттігін талап етті. Сан, форма, сөз (аты) барлық заттар үшін тән және ең қарапайым элементтер болып табылады, сондықтан баланы ең әуелі санауға, өлшеуге және сөйлеуге үйрету керек болады. Песталоций балаларға ана тілін, есепті және елшемді ен алғаш оқыту методикасын талдап жасады, кез келген шаруа әйел оны өз балаларымен сабақ өткізуде пайдалана алатындай етіп оңайлатты. Оның ұсынған дидактикалық материалдары кейіннен кең таралды [11] .
Роберт Оуэн жұмысшы балаларын мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиелеуде тұңғыш талпынысты ойдағыдай жүзеге асырды. Ол балаларды қоршаған ортаның жаман ықпалынан мүмкіндігінше ертерек сақтауға тырысты. Балалардың бойына адалдық, шыншылдық, сипайылық сезімін, коллективизм рухын тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлінді. Әңгіме мен сабақ өткізу кезінде көрнекілік кең қолданылды. Бастауыш мектепке барғанша балаларға кітап оқу үйретілмеді, ейткені Оуэн балалардың кітапты ерте оқуына қарсы болды. Еркін әңгіме өткізу, табиғатты бақылау, нақты өмірдің құбылыстарымен және заттарымен танысу оларды дамытудың неғұрлым тиімді құралдары болып табылады деп есептеді. Оуэннің мектепке дейінгі тәрбие саласындағы қызметі алдыңғы қатарлы жұртшылықтан жоғары баға алды.
ХХ ғасырдың басында мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық тәрбиесінің принциптері, талаптары зерттеліп, міндеттері белгіленді; сенсорлық тәрбиенің балаға қоршаған әлемді және іс-әрекеттің әртүрлі түрін игеруге қажетті заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен сапалары, қарым-қатынасының жиынтығынан құралатын мазмұны анықталды.
Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты шетелдік ғалымдар (Ф. Фребель, М. Монтессори, т. б. ) толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы болып саналатынын айтқан.
Ф. Фребель табиғаттағы үздіксіз даму туралы және адамның өмір бойы дамуы туралы бағалы да маңызды ой-пікірді насихаттады. Мектепке дейінгі тәрбиеге орасан маңыз бере отырып, оны ойынды дамытудың негізгі құралы деп санады, баланың дене мен психика жағынан қалыптасуында оның үлкен рөл атқаратындығын көрсетті. Балалардың табиғи ерекшеліктеріне сүйеніп баланың іс-әрекетіндегі және басқа балалармен араласуындағы қажетсінулерін қанағаттандыру үшін оны құрдастарынын, қоғамда тәрбиелеу керек деп санады. Ол бұл идеяны педагогикалық жағынан терең негіздеді және оны көпшілікке әйгілеу, кеңінен тарату жөнінде көп іс тындырды. Фребель «балалар бақшасы» деген терминді енгізді, мұның өзі бүкіл дүние жүзінде жаппай қабылданды.
Ол дидактикалық ойындар мен алуан түрлі сабақтардың жүйесін құруды бастады, оларды жүргізу жөніндегі методикалық нүскауларға талдау жасады. Ол балалармен олардың жасына сәйкес жұмыс жүргізудің алуан тәсілдеріне талдау жасай отырып, мектепке дейінгі тәрбие практикасын едәуір байытты. Фребель сәби және мектепке дейінгі жастағы балалардың тілі қалыптасу кезеңдерін егжей-тегжейлі көрсетті және затпен таныстырудан бұрын оның атын білу қажеттігін талап етті. Балалардың түрлі материалдармен (таяқшалар, мозаика, моншақ, сабан, қағаз) істейтін жұмысы жөнінде Фребельдің ұсыныстарында көп құндылық болды. Фребельдің идеялары кен таралды, әйтсе де балалардың іс-әрекеттеріне тым көп шек қойғаны, жаттығулармен сабақтардың күрделілігі, баланың табиғатын мистикалық тұрғыдан түсіндіргені үшін бұл идеяларды прогресшіл педагогтар сынға алды.
XX ғасырдың басында империализм дәуірінде мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие саласында көрнекті итальян психиатор-дәрігері және педагог Мария Монтессори ерекше дараланып көзге түсті. Монтессори талдап жасаған сенсорлық тәрбие жүйесі балалардың түстер мен реңктерді, формалар мен келемдерді ажырату дәрежесі жоғары болуына қол жеткізуді өз алдына мақсат етіп қояды. Ол пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, мұның өзі балаларға педагогтың қатысуынсыз, өз бетімен шұғылдануына мүмкіндік береді [12] .
ХХ ғасырдың екінші жартысында алғаш рет мектепке дейінгі жастағы балалардың даму саласын зерттеумен сипатталатын мектепке дейінгі педагогиканың дамуы кезеңі толықтай қарастырылды. Бұл кезең - психологиялық және педагогикалық зерттеулердің «Алтын ғасыры». Бұнда алдыңғы кезектетегі ғылымның мәліметтері, атап айтқанда балаларды сенсорлық тәрбие мәселелері сәйкес келеді.
Осыған орай мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық қабілеттерін дамыту үшін дидактикалық материалдар мен әдістемелік құралдар, өз бетіндік іс-әрекетіне жетекшілік ету бойынша алғашқы әдістемелік нұсқаулар жасалды (В. М. Бехтеров, П. Ф. Каптерев, П. А. Литвинский, И. А. Сикорский, Е. И. Тихеева, және т. б. ) . Солардың ішінде мәселен, Е. И. Тихеева сезім органдарын жетілдіру жұмысын бала тілінің дамуымен, қоршаған заттар дүниесімен таныстырумен байланыстырды. Ол жасаған дидактикалық материалдар, ойындар (әсіресе табиғи материалдармен ойындар) да түсті, көлемді, форманы ажырата білуге бағытталған, бірақ балаларды заттардың қасиетімен, сапасышен таныстыру ойын әрекеті үстінде жүргізіледі, оның өзі білім мен ұғымды жақсы игеруге кемектеседі [13] .
ХХ ғасырдың 50-80 жылдары сенсорлық тәрбиенің әдіснамалық мәселесі мен теориялық мәселесін талқылау келесідей бағыттағы зерттеулер негізінде жүргізілді: оқыту жүйесн ғылыми негіздерін жетілдіру және мектепке дейінгі жастағы балаларды сенсорлық мәдениетін қалыптастыру (Л. А. Венгер, А. В. Запорожец, А. П. Усова) ; мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық қабілетін бала іс-әрекетінің әртүрлі үдерісінде қалыптастыру (Н. А. Ветлугина, В. И. Логинова, т. б. ) ; мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық тәрбиесінің әдіснамалық негізін құру (Л. А. Венгер, Э. Л. Фрухт т. б. ) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz