ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
: 1
КІРІСПЕ: ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3: 11
: 1. 1
КІРІСПЕ:
:
3: Жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық негіздері
11
:
: 1. 2
КІРІСПЕ: Ерлік дәстүрлерін пайдалану арқылы жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастырудың сипаттамасы
3: 31
: 2
КІРІСПЕ: ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
3: 40
: 2. 1
КІРІСПЕ:
:
3: Ерлік дәстүрлері арқылы жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жолдары
40
:
: 2. 2
КІРІСПЕ: Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс нәтижелері
3: 46
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 60
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 64
:
КІРІСПЕ: ҚОСЫМШАЛАР
3: 70

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Еліміздің жыл санап қарыштап дамып, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тобына қосылуы білім саласына көптеген міндеттер жүктейді. Экономикасы озық елдердің білім жүйесіне үңілетін болсақ ұлттық тарихының, салт-дәстүрінің іздерін анық байқауға болады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 31-наурыздағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы, «Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту» бөлімінде білім беру саласында ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек екенін ескертіп айтып өтті, ұрпақ тәрбиесіне басымдық берді. Президентөскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау қажеттігін ескертті [1] .

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тəлім-тəрбие мен адамгершілік құндылықтарға тəрбиелеуде білім берудің айқын жолдарын жетілдірудегі басым бағыттарын айқындауда, ұлттық санамен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру көкейкесті мəселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тəрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тəрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауында: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мəдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн», - деген талапты білдіреді [2] .

Олай болса, басты мақсат - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, тəрбиелеу керектігі күн өткен сайын маңызды болып отыр. Ұлттық құндылықтарымызды əлемдік деңгейге адамзат өркениетіне ұлттық тарихымызбен, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар негізінде қабілетті тұлға тəрбиелеу керек. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарымызды əлемдік деңгейге шығару үшін: ана тілі мен дінін, тарихын, салт-дəстүрін, жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тəрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру бағытында ғана басты мақсатқа жетеміз. Ұлттық тəрбие алған ұрпақ білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тəрбие -ел болашағы. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тəрбиелеудегі тəжірибелері бізге сол рухани мəдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық əдет-ғұрып, салт-дəстүрлер, əдеби, музыкалық, кəсіби, тұрмыстық фольклорлар, ерлік дәстүрлері мазмұны арқылы жетіп отыр [3] .

Сонымен бірге ұрпақ тəрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты тəлім-тəрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт Ата, əл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Асанқайғы, Шəкəрім жəне т. б., қазақ ақын-жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тəлімдік сөздерінен көреміз [4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11] .

Əр адам өзінің ұлттық тамырын, əдет-ғұрпын, мəдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне, өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жатуы керек. Халықтық əдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, азаматтық ұстаным, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Ендеше білім беру саласының басты міндеті - өскелең ұрпақты ерлік рухында ұлтжандылыққа тәрбиелеу екені айқын.

Патриотизм - туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның негізгі элементтері: туған жер, ана тілі, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, ерлік дәстүрлері және оларды құрмет тұту [12 ] .

Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі - Отан. Патриоттық тәрбиенің негізгі мазмұны: туған жердің табиғаты, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар болып табылады.

Патриоттық тәрбие - қоғамдық дамудың әрқилы кезеңдерін бастан өткізіп келе жатқан тарихи құбылыс. Ол қазақ халқымен бірге жасалып жатқан сезім болып табылады. Отаншылдық сезім - адамда жүре пайда болатын жеке тұлғаның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік құбылыс [13] .

Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі ең алдымен отбасы мен мектептегі білім мен тәрбиеге байланысты болса, екіншіден балаға жақын ұлттық ерлік дәстүрлердібілу арқылы қалыптасады. Яғни, патриоттық тәрбиені бастауыш сыныптан бастап, жоғары сыныпқа дейін жүзеге асырудың маңызы зор. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбиені ерлік дәстүрлері арқылы жүзеге асыруға болады. Ерлік дәстүрлері арқылы жеке тұлғаның рухани әлеміне мақсатты түрде әсер ету үшін ең алдымен жоғары сынып оқушыларының ерлік дәстүрлеріне деген қызығушылықтарын оятып, оны әсерлі оқи, тыңдай білуге баулу қажет [14] .

Ұрпақ тәрбиесінде ерлік дәстүрлері баланы елжандылыққа тәрбиелеу құралы екені сөзсіз. Ерлік дәстүрлерді оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану және ерлік дәстүрлері негізінде оқушыларды тәрбиелеу мәселесі бірнеше ғылыми-педагогикалық ебектерде көрсетілгені зерттеу барысында анықталды.

Патриоттық тәрбие мәселесін көптеген философ, психолог, педагог ғалымдар әрқырынан зерттеп, негіздегені айқындалды.

Ерлік дәстүрлердің тәрбиелік мәнін, білімдік маңызын орта ғасыр ойшылдары: Қорқыт [4], әл-Фараби [5], алдыңғы қатарлы ағартушылар Ш. Уәлиханов [15], А. Құнанбаев [16], Ы. Алтынсарин [17] жан-жақты қарастырып, өздерінің өмірден тоқыған пайымдауларынан ауқымды ой жүйесін құрған.

А. Құнанбаев шығармалары өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриоттыққа баулып, ар-намысын, адамгершілік үшін күресуге тәрбиелеп, қайрат, ақыл, жүректілік сияқты адам бойындағы қасиеттерді, азаматтық ұстанымды қалыптастырады [16] .

Белгілі қазақ ойшылдары А. Байтұрсынов [18], М. Дулатов [19], Ж. Аймауытов [20], М. Жұмабаев [21], Ш, Құдайбердиев [11] т. б. өз еңбектерінде ұлтымыздың салт-дәстүрлеріне, оның ішінде отансүйгіштік және ерлік дәстүріне ерекше мән беріп, ерлік дәстүрлері негізінде патриоттық тәрбие беру туралы құнды пікірлер айтып көрсеткен.

Этнопедагогиканың мазмұнын, құралдарын, формалары мен әдістерін шешуде, оларды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану жолдарын қарастыру мәселесі бойынша қазақстандық ғалымдар: Қ. Жарықбаев [22], С. Қалиев [23], С. Ұзақбаева [24], Ж. Наурызбай [25], К. Қожахметова [26] т. б. ерекше үлес қосты.

Қазіргі жағдайда философиялық тұрғыдан патриоттық тәрбиенің мән-мазмұнын зерттеген В. Г. Афанасьев [27], Л. П. Буева [28], В. В. Журавлев [29], В. А. Медведев [30], Г. Л. Смирнов [31], А. Г. Спиркин [32], Г. Н. Федосеев [33] т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде патриоттық тәрбиеге құнды пікірлер айтылған.

Сонымен бірге, қазақстандық философия ғылымының зерттеушілері Ж. Алтаев [36], Ж. Әбділдин [37], Ә. Нысанбаев [38], Қ. Шүленбаев [39], А. Қасабеков [40], Д. Кішібеков [41] және т. б. еңбектерінде халық мәдениеті мен өсіп келе жатқан жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде ерлік дәстүрлерінің рөлі, маңызы ерекше сипатталады.

Мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен олардың даму заңдылықтарын зерттеген ғалымдар А. А. Давыдов [34], Н. В. Занков [35], А. Н. Леонтьев [36], В. С. Мухина [37], С. Рубиенштейн [38], А. Люблинская [39] т. б., республикамызда белгілі психолог ғалымдарымыз Т. Тәжібаев [48], М. Мұқанов [40], Қ. Жарықбаев [22], Ә. Алдамұратов [41], Х. Шерьязданова [42] т. б. қарастырған.

Зерттеліп отырған мәселенің теориялық және практикалық тұрғдан зерттеген қазақстандық педагог-ғалымдар: Т. Сабыров [43], Қ. Бержанов [44], С. Мусин [45], А. Сембаев [46], Ж. Б. Қоянбаев [47], Р. М. Қоянбаев [47], Е. Сағындықов [48], М. Жанпейісова [49] т. б. Сондай-ақ Ресей педагог-психолог ғалымдары: В. Сухомлинский [50], И. С. Марьенко [51], Е. И. Моносзон [52], Ю. К. Бабанский [53], И. Ф. Харламов [54], И. П. Подласый [55], П. И. Пидкасистый [56], Б. Лихачев [57], В. Сластенин [58], А. М. Столяренко [59], Т. А. Ильина [60], Н. В. Савин [61] т. б. еңбектерінде осы мәселе жан-жақты қарастырылған.

Оқушыларға патриоттық тәрбие беру мәселесі Ж. Г. Кондзе (Ресей) , Н. А. Асипова және А. Э. Измайлов (Қырғызстан), А. Ф. Фаткуллина (Башқұртстан, Л. Я. Градулис (Латвия) және т. б. ғалымдардың зерттеу пәні болған. Олардың ішінде Ж. Г. Кондзе мен И. И. Насыров еңбектерінде халық және ерлік дәстүрлері негізінде тәрбиелеудің жолдары реінде қарастырады.

Қазақстан Республикасы көлемінде К. Құнантаева, К. Н. Меңлібаев, В. Г. Храпченков, Қ. К. Жампеисова, А. Р. Жұмаханов, А. Муким, С. Ешімханов, С. Т. Иманбаева, С. Б. Омарова, Н. И. Қойшыбаева, Ж. А. Макатова, Д. С. Құсайынова, А. К. Кеңесбаева, А. К. Қалимолдаева т. б. патриоттық тәрбиеге байланысты елеулі зерттеулер жүргізді.

Патриоттық тәрбие мәселесі саласында жарық көрген еңбектерде де көптеген құнды пікірлер айтылған. Мысалы, С. Иманбаеваның «Ерлік тағылымы» [62] оқу құралында ұлттық жауынгерлік дәстүрдің тәлімдік мүмкіндіктері мен оларды оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында пайдалану мәселесі көзделеді.

Сондай-ақ жас ұрпақты ерлікке тәрбиелеудегі ақын-жыраулар шығармасының тәлімдік маңызын: «Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жасаған асыл мұралары - шешендік өнері, мәдениеті, имандылық тұжырымдары халықтық педагогика негізінде жастарды тәрбиелеуде қайталанбас қазына болып табылады» - деп көрсетеді.

Егеменді елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени өзгерістер өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриоттық сезімге, елжанылыққа тәрбиелеуге жаңаша тұрғыда қарауға қажет етеді.

Жоғары сынып оқушыларының ерлік дәстүрлерді жетік білуі, оларға патриоттық тәрбие беретіні сөзсіз. Бірақ жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беріп, азаматты ұстанымдарын қалыптастыруды ерлік дәстүрлері арқылы жүзеге асырудың ғылыми-педагогикалық негізін айқындау - әлі де болса, өз шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі.

Солай бола тұра ерлік дәстүрлерінің педагогикалық мүмкіндіктері мен оларды жоағры сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың қазіргі жағдайы арасында; бүгінгі қоғам салабына сай ерлік дәстүрлері арқылы жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беріп, азаматтық ұстанымдарын қалыптастырудың өзектілігі мен оны пайдаланудың ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген әдістеменің жоқтығы арасында қайшылықтар туындап отыр.

Сол себептен, бұл қайшылықтардың шешімін табуда біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың мәселесі ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастырудың ғылыми-теориялық және әдістемелік жолдарын қарастыру болып табылады.

Аталған мәселенің бүгінгі күнге дейін ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда өз деңгейінде қарастырылмауы ғылыми зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастыру», - деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу мақсаты: Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын және әдістемелік негізін жасау.

Зерттеу нысаны: Жоғары сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастыру

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер

  • Ерлік дәстүрлеріжоғары сыныптардың әрбір пән мазмұнына енгізіліп, оқушылардың даму ерекшеліктеріне сәйкес сұрыпталса;
  • жоғары сынып оқушыларына ерлік дәстүрлерді меңгерту тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылса;
  • ерлік дәстүрлерді оқу үдерісінде пайдалану оқу-әдістемелік кешендермен оқу құралдарымен қамтамасыз етілсе, онда жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие мен азаматтық ұстанымды қалыптастыру жоғары деңгейде беруге негіз болар еді.

Зерттеудің міндеттері:

  • ерлік дәстүрлері негізіндежоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру мен азаматтық ұстанымды қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізін анықтау;
  • ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау;
  • ерлік дәстүрлері негізіндежоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастырудың моделі, өлшемдері мен деңгейлері және мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік шарттарын айқындау;
  • жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруді жетілдіру мақсатында оқу-тәрбие үдерісіндеерлік дәстүрлерді пайдаланудың әдістемесін құру, оның тиімділігін тәжірибеде айқындау, әдістемелік нұсқау беру.

Зерттеудің жетекші идеясы: жоғары сыныптардың оқу-тәрбие үдерісіндеерлік дәстүрлерді жүйелі түрде, ғылыми-әдістемелік тұрғыда пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беруге, азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерге талдау жасалды; тақырып бойынша ерлік дәстүрлері туралы материалдар жинақталды; жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жағдайы анықталды; зерттеудің ғылыми аппараты айқындалды.

Екіншікезеңде зерттеу тақырыбы бойынша жинақталған материалдарды талдау жұмысы жалғастырылды; жоғары сынып оқушыларыныңерлік дәстүрлері негізінде азаматтық ұстанымын қалыптастыру мәселесінің қазіргі жағдайы анықталды; тәжірибелік-эксперимент жұмысы жүргізілді; ерлік сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастырудың әдістемесі құрылды.

Үшінші кезеңде жүргізілген тәжірибе жұмысының қорытындылары шығарылып, нәтижелері анықталды, ғылыми-әдістемелік қорытынды жасалды. Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері айқындалып, нақты тұжырымдар мен ұсыныстар дайындалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастырудыңғылыми-теориялық негізі айқындалды;
  • Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықталды;
  • Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің моделі, өлшемдері мен деңгейлері және мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік шарттары айқындалды;
  • Жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруді жетілдіру мақсатында оқу-тәрбие үдерісіндеерлік дәстүрлерді пайдаланудың әдістемесі құрылды, оның тиімділігі тәжірибеде дәлелденіп, әдістемелік нұсқау берілді.

Зерттеудің базасы: Алматы қаласындағы №104 жалпы білім беретін мектеп.

Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейтестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттеррі, жетекші идеясы айтылады. Жұмыста пайдаланылған зерттеу әдістерінің ерекшеліктері ашылып, зертеудің әдіснамалық және теориялық негіздері, деректі көздері, зерттеу кезеңдері мен базасы, зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні сипатталып, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалары, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі, негізділігі, сынақтан өткізілуі мен дипломдық жұмыс құрылымы қамтылған.

«Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастыру теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші бөлімінде зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер мен көзқарастарға талдау жасалып, негізгі тұжырымдары басшылыққа алынып, теориялық негізі анықталды. Жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастырудың құралы ретінде ерлік дәстүрлердің мазмұны, мәні қаратырылды. Ерлік дәстүрлерге теориялық сипаттама беріліп, оның педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылды.

«Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастыру тәжірибесі» атты екінші бөлімінде ерлік дәстүрлерді оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері айқындалып, жолдары көрсетілді. Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастыру бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының қорытындысы көрсетілді.

Қорытындыда теориялық және тәжіриелік-педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар нақты түрде көрсетілді.

1 ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық негіздері

Кез келген педагогикалық проблеманың бүгінгі жайын сөз ету үшін оның бұрынғы зерттелу жағдайын көрсету қажет. Сондықтан патриоттық тәрбиеніңбүгінгі өзекті мәселелерін сөз етуде оның зерттелу тарихын анықтап алған дұрыс. Қазақстанда патриоттық тәрбиенің зерттелуін екі кезеңге байланысты қарастырылу керек деп ойлаймыз. Біріншісі - Кеңестік кезеңдегі патриоттық тәрбие, екіншісі - егемендік кезеңдегі патриоттық тәрбие. Кеңестік кезеңде патриоттық тәрбие жеке тұлғаның бойына советтік патриотизмді сіңіру мақсатында жүзеге асырылды.

Мектеп оқушыларына Кеңестік кезеңде патриоттық тәрбие беру бойынша Қазақстанда бірнеше еңбектер жарық көрген. Ол, К. Құнантаева оқушыларға патриоттық тәрбие революциялық күрес және еңбек дәстүрлеріне оқушыларды тәрбиелеуде 1917 жылдағы Қазан төңкерісі мен Отан соғысы жылдарындағы патриоттық тәрбиенінегізге алып тәрбиелеу, ол үшін сыныптан тыс тәрбие жұмыстары мен сағаттарында көркем әдебиеттегі батырлар бейнесі арқылы тәрбиелеудегі және әскери-даңқ музейлерінің тәрбиелік мәніне тоқталған [63] .

Ә. Р. Жұмаханов еңбектеріндеотбасында интернациональдық тәрбие беру, мектепте патриоттық және интернациональдық тәрбие берудің Кеңестік мектеп тарихында, оның міндеттері, оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық алғышарттары, оқу жұмысында социалистік патриотизм мен интернационализмді тәрбиелеу, оқудан тыс уақытта патриоттық және интернациональдық тәрбие беру, патриоттық-интернациональдық тәрбиені адамгершілік, саяси-идеялық тәрбиелермен кешенді жүргізу, ерлік және еңбек дәстүрлері арқылы жоғары сынып оқушыларының патриоттық сезімін жетілдіру, дамыту мәселелері қарастырылған [64] .

А. В. Щербаков еңбегінде мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруді пән сабақтары мен оқудан тыс жұмыстарда жүргізу бойынша Республика мектептеріндегі іс-тәжірибелерді жинақтау арқылы, оларды талдап көрсеткен [65], ал Ш. А. Әмірәлиев оқушыларға патриоттық тәрбие беру - болашақтың адамын тәрбиелеу деп, ол үшін оларды советтік птариотизм рухында тәрбелеу қажеттігіне тоқтатылған [66] .

Ә. Айтоқов еңбегінде қазақ халқының Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ерлік істерін негізге ала отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдіс-тәсілдерін қарастырған. Сол мақсатта қазақ ауыз әдебиетіндегі ерлік тағылымдарын, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлік дәстүрлерімен сабақтастырады. Ол үшін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын бірлікте ұстай отырып, жүргізу тәжірибесін ортаға салған [67] .

Б. М. Бекмұхамедов оқушыларға патриоттық және интернационалдық мақсаттағы тәрбиені қазақ мектептеріндегі музыка пәні сабақтарында жүргізу, ол үшін патриоттық және интернационалдық мазмұндағы музыкалық шығармаларды пайдалану қажеттігі туралы әдістемелік нұсқаулар ұсынған [68] .

Мектепте патриоттық тәрбие берудің бір түрі әскери-патриоттық тәрбие беру. Бұл мәселеде И. М. Куликовтың «Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру» және К. С. Серікбаевтың «Бүкіл халықтың ісі» атты еңбектерін атауға болады.

И. М. Куликовтың еңбегінде оқушыларға гуманитарлық және жаратылыстану пәндерін оқытуда, сондай-ақ сыныптан тыс уақытта әскери-патриоттық тәрбие беру іс-тәжәрибесі қысқаша баяндалған [69] . Ал К. С. Серікбаевтың кітапшасында әскери-патриоттық тәрбие - коммунистік тәрбиенің құрамдас бөлігі, оның сенімді тірегі - маркстік-лениндік ілім, әскери-патриоттық тәрбиенің ұйымдастырушы мен жетекшісі - Коммунистік партия, әскери - патриоттық жұмыстың негізгі түрлері және осы салада партия саясатын жүргізушілер, оқушы жастар арасында әскери-патриоттық тәрбие берудің кейбір ерекшеліктері республика мектептерінің іс-тәжірибесі арқылы көрсетілген [70] .

Сонымен, Қазақстанда шыққан патриоттық тәрбие бойынша еңбектерді талдау жасау арқылыКеңестік кезеңде патриоттық және интернационалдық тәрбиелер революциялық күрес және еңбек дәстүрлері, бейбітшілік кездегі патриоттық бастамалар негізінде адамгершілік, саяси-идеялық тәрбиелермен байланыстырылып кешенді жүргізілгені, ол үшін мектепте оқытылатын пәндердің мазмұны және түрлі сыныптан тыс жұмыс формаларының пайдаланылғаны көрініп тұр.

Қазақстандағы патриоттық тәрбиенің екінші кезеңі - еліміздің егемендік алуымен сипатталынады және ерекшеленеді. Тәуелсіз және егемен Қазақ еліне Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей «патриотизм - елімізді құрудың іргетасы» болатындай патриоттық тәрбие беру мәселесі бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік даму үрдісіне байланысты болғандықтан, қазақ ғалым-педагогтары соңғы 25 жылда іргелі зерттеулер жүргізіп, патриоттық тәрбие беру бойынша көптеген еңбектерін жарыққа шығарды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отан қорғаушының жеке басын дамыту
Әдеби туындыны бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негізін жасау
Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері
МҰРАЖАЙ АРҚЫЛЫ РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
М. Дулатов шығармаларындағы елдік рух
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру процесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz