ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ЖЕТІМ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІCТEМECІ


КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің қоғамдық-әлеуметтік дамуында, халқымыздың ата-баба дәстүрінде жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы, өмірге бейімделуі ешқашан назардан тыс қалмаған. Жетім балалар үйіндегі тәрбиеленіп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуына мемлекет тарапынан айрықша қамқорлық жасалатыны Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2050» даму стартегиясында «Осынау тыныш кезде бізде мыңдаған жетімдер бар - біздің балалар үйі мен жетім балалар үйі нық толы . Бұл, өкінішке орай, жалпы әлемдік беталыс және жаһандануға қарсы шығушылық Бірақ біз осы беталысқа қарсы тұруымыз керек. Біздің мемлекетіміз және қоғамымыз жетімдерді асырап алуды және отбасылық типтегі балалар үйінің құрылысын салуды көтермелеу керек» деген Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә.
Назарбаевтың Қазақстан халқына «2050 стратегиясы» Жолдауы» нақты көрсетіледі. [1] . Қазақстан Республикасының әрбір азаматының толыққанды өмір сүруге құқығы бар және бала мемлекеттің ең басты қазынасы екендігі түрлі мемлекеттік заңнамаларда көрсетілген. Осындай қағидаларға сүйене отырып, мемлекет әрбір баланы әлеуметтік саясаты бойынша қорғауға, қолдауға қатысты жобалар мен бағдарламаларды іске асыруда. Қазақстан Республикасының «Бала құқығы туралы» заңнамалық құжатында барлық балалардың теңдігі, олардың тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие екендігі ерекше аталып өткен [2] .
Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар санының жыл санап арта түсуіне орай жетімдер балаларға білім беру мен тәрбиелеу оларды әлеуметтік педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету өзекті мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы адами капиталды дамыту туралы тапсырмасында жетімдік мәселесін шешу жолдары айтылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының құқықтық - нормативтік құжаттарында аталған мәселе әлеуметтік, психологиялық, әлеуметтік - педагогикалық қолдау тұрғысынан да толық қарастырылады.
Әлеуметтік педагогиканың әлемдік саяси тәжірибедегі тұжырымдары Т. С. Кун [3], В. Лоренц [4], сынды зерттеушілердің еңбектерінде зерделенсе, әлеуметтік жұмыстың қазіргі кездегі теориялық тұжырымдамалары М. Пейннің [5] зерттеулеріне өзек болған.
Қазіргі уақытта әлеуметтік педагогика біршама жаңа ғылым саласы ретінде дамып келеді. Кеңестік дәуірде әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік педагогиканың түрлі мәселелері В. Г. Бочарова [6], М. А. Галагузова [7], А. В. Мудрик [8], Л. В. Мардахаев [9] және т. б. зерттеушілердің еңбектерінде зерттелген.
Қазақстанда әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау және әлеуметтік педагогтардың қызметінің бағыттарын зерттеу мәселесі Г. Ж. Меңлібекова [10], Ш. Ж. Колумбаева [11], М. Т. Баймұқанова [12], , К. А. Жукенова [13], Л. Т. Кожамқұлова [14], зерттеулеріне арқау болды. Әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы мен тарихы, теориясы мен практикасын Қ. У. Биекенов [15], З. Ж. Жаназарова [16], І. Р. Халитова [17], Ғ. У. Қабекенов [18] сынды ғалымдар зерттеді.
Әлеуметтік педагогтің жұмысындағы аса маңызды бір бағыт балалар үйінде тәрбиеленушілер, яғни жетім балалар мәселесі, олардың тұлғалық даму ерекшеліктерінің кейбір жақтары шетелдік ғалымдар (А. Адлер, М. Винце, А. Фрейд т. б. [19] . ), кеңестік (Т. М. Землянухина, М. И. Лисина, А. М. Прихожан, Н. Н. Толстых, т. б. [20-23] . ) және отандық (Х. Т. Шерьязданова, С. М. Жақыпов сынды ғалымдардың [24-25] . ) еңбектерінде қарастырылды.
Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі реформалар көптеген мәселелерді шешуді қажет етеді. Қазіргі кезде елімізде әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында бір қатар нормативтік-құқықтық актілер, маңызды мемлекеттік бағдарламалар қабылдануда. Соның ішінде жетім бала - бұл, ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала деп көрсетілген [26] .
Жетім балалардың халықтың «әлсіз топтарына» жататындығына орай, оларға ерекше мемлекет тарапынан көмектер көрсетілуі тиіс екендігі айтылған. Елімізде жетім балаларды қолдау мен қорғау арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету арқылы іске асырылуда. Осы ретте мұндай балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың мәні арта түседі, өйткені жетім балалардың әлеуметтік қорғалмаған топқа жататынын анықтау; олардың құқығын қорғау; жетім балаларды оқыту және тәрбиелеу; әлеуметтік жағдайларын үнемі қадағалап бақылау; әлеуметтік реабилитациялау мен бейімдеу; оларды оқуға, еңбекке орналастыруға және тұрғын үймен қамтамасыз етуге көмектесу сияқты әлеуметтік мәселеллерді жүзеге асыруда әлеуметтік педагогтің жұмысы маңызды деп танылады.
Жетім балаларды отбасында тәрбиелеуге (асырап алуға немесе отбасына қабылдауға) болады, ал мұндай жағдай болмағанда - жетім немесе ата-анасынан қараусыз қалған балалар лайықты мекемелерде тәрбиеленеді. Мұндай мекемелерге жалпы білім беру мекемелері (жетім балалар және ата-анасынан қараусыз қалған балалар ғана оқытып тәрбиеленеді) ; тұрғындарды әлеуметтік жағынан қамту орталықтары (балалар үйі-интернаттар, мүгедек балаларға, ақыл-ойы баяу дамыған балаларға және физикалық жетіспеушілігі бар балаларға арналған интернаттар, балаларға көмек етуге арналған әлеуметтік-реабилитациялық орталықтар, әлеуметтік приюттер) ; денсаулық сақтау мекемелеріне (балалар үйі) және заңға сәйкес басқа да мекемелер қызмет етеді.
Ресми құжаттарға сәйкес жетім балалар дүниеге келгеннен бастап үш жасқа дейін балалар үйлерінде тәрбиеленеді. Үш жасқа толғаннан кейін жетім балалар мектепке дейінгі мен мектеп жасындағы балалар үйіне, физикалық және ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларға арналған арнайы интернаттарға, жасөспірімдер мен деликвентті балаларға арналған жабық түрдегі интернаттарға ауыстырылады. Бұл мекемелердегі әлеуметтік педагогтің жетім балалармен жұмысын ұйымдастырудың өзіндік талаптары бар. Ол балаларға арнап картотека жүргізеді, олардың даму ерекшеліктерін талдап саралайды, құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, әр баланың қалыпты дамуына жағдай жасау бағытында жұмыс жасайды.
Әлеуметтік педагог тәрбиеленушілерге кәсіби бағдар беру жөнінде (мамандықтар туралы таныстыру), олардың өз құқықтары жөнінде сауатты білуіне, түлектердің үй жағдайынан сыртқы ортаға, өзіндік дербестік өмірге бейімделе алуға көмектеседі. Әлеуметтік педагогтің аталған жұмыстарды ұйымдастыруы үлкен жауапкершілікті талап ететіндігі және қазіргі уақытта оның жұмысында кездесетін қиындықтар арасындағы қарама-қайшылықтар, біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын « Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмыс ұйымдастыру ерекшеліктері» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу нысаны : әлеуметтік педагогтің жетім балалармен жүргізетін жұмыстары
Зерттеудің пәні: жетім балалар үйіндегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің мақсаты :Әлеуметтік педагогтің жетім балалармен ата-ана қамқорлығынан айырылған жетім балалармен жұмыс ұйымдастыру ерекшеліктерін теориялық негіздеу
Зерттеудің міндеттері:
- жетім балалармен жүргізілетін жұмыстардың әлеуметтік мәнін теориялық тұрғыда негіздеу.
- Қазақстан Республикасында жетім балалараға педагогикалық қолдау көрсетудің әлеуметтік тұрғыларын саралау;
- әлеуметтік педагогтің ата-ана қамқорлығынан айырылған балалармен жүргізетін жұмысын ұйымдастырудың практикалық іс-әрекет ретіндегі мәнін ашып көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы егер, әлеуметтік педагогтің жетім балалармен әлеуметтік - педагогикалық жұмыс жүргізуді ұйымдастыруы теориялық тұрғыдан негізделсе, онда олармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың практикалық мәнділігі арта түседі, өйткені мұндай іс-әрекет үдеріс субъектілерінің тұлғалық қасиеттерінің дамуының тұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етеді.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық, социологиялық, әдістемелік еңбектерге, сонымен қатар жетім балалар мәселесіне қатысты ресми-нормативтік құжаттарға талдау жасау; «Балалардың құқығы туралы» ҚР Заңы, . «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі, . «Отбасылық типтегі балалар ауылдары мен жасөспірімдер үйлері туралы» ҚР Заңы, «Қазақстан Республикасының Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңы.
Зерттеудің әдістері: ,
- теориялық (зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, қорытындылау, салыстыру, нәтижені жобалау) ;
- эмпирикалық (әңгімелесу, бақылау, оқу-әдістемелік құжаттарды (мемлекеттік стандарт, бағдарламалар, оқулықтар) саралау, әлеуметтік педагогика саласындағы іс-тәжірибелерді жинақтау, талдау.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы, Біріккен Ұлттар Ұйымы «Балалар құқығы» туралы конвенциясы, Қазақстан Республикасының «Отбасы типті балалар ауылы (деревня) және жастар үйі» туралы Заңы, Үкіметтің білім беру саласына арналған қаулы қарарлары мен бағдарламалары, ресми материалдар, оқу әдістемелік құралдар.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі анықталып, оның мақсаты мен міндеттері айқындалды, зерттеудің ғылыми аппараттары дайындалды, зерттеудің теориялық негізі анықталды.
Екінші кезеңде з ерттеу тақырыбына байланысты философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттер көздері зерделенді.
Үшінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша эксперименттік-тәжірибелік материалдар жүйеге келтірілді. Диплом жұмысы талапқа сай рәсімделді.
Зерттеу базасы: Алматы қаласындағы № 126 лицей оқушылары.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
- жетім балалармен жүргізілетін жұмыстардың әлеуметтік мәні теориялық тұрғыдан негізделді.
- Қазақстан Республикасында жетім балалараға педагогикалық қолдау көрсетудің әлеуметтік тұрғылары сараланды.
- әлеуметтік педагогтің ата-ана қамқорлығынан айырылған балалармен жүргізетін жұмысын ұйымдастырудың практикалық іс-әрекет ретіндегі мәні ашылып, тиімділігі дәлелденді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Зерттеу нәтижелерін балалар үйіндегі оқу-тәрбие үдерісінде, жетім балалармен жүргізілетін әлеуметтік іс-шараларды ұйымдастыруда пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдардан тұрады.
Кіріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестілігі негізделеді, ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңызы, мәселенің қазіргі жағдайы бағаланады, сонымен қатар дипломдық зерттеудің мақсаты мен міндеттері және нысаны, пәні қарастырылып, дипломдық жұмыстың теориялық негіздеріне талдау жасалады.
«Қазақстан республикасында жетім балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстардың ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде зерттеу мәселесінің теориялық негіздерін анықтау мақсатында әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмыс жасауды ұйымдастыруының психологиялық - педагогикалық әдебиеттерде зерттелуін, Қазақстан Республикасында жетім балалараға педагогикалық қолдау көрсетудің әлеуметтік тұрғыларын және әлеуметтік педагогтің жетім балалармен жүргізетін жұмыстарының құрылымдық жүйесі мен мазмұны қарастырылады.
І ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕТІМ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмыс жасауды ұйымдастыруының психологиялық - педагогикалық әдебиеттерде зерттелуі
Қазіргі заманауи жаңартулар мен өзгерістер, қоғам өмірінде болып жатқан әртүрлі әлеуметтік мәселелер мен қайшылықтар білім беру ісіне үлкен міндет жүктеп отыр. Жаһандану жағдайына және әлемдік интеграцияға байланысты экономика, саясаттану, мәдениет сынды салалардың дамуында ғылым мен білімнің үлес салмағы арта түсті. Осы орайда мемлекеттің, қоғамның, әрбір адам мен отбасының тапсырысына орай әлеуметтік тәжірибеге белсенді ықпал ететін і әлеуметтік педагогиканың мәні, қызмет ету аймағы, міндеті кеңейді әрі сапалық тұрғыдан жаңа белеске көтерілді.
А. И. Арнольдов әлеуметтік педагогика пәнін «қоғамның маңызды бөлігі ретінде адамның алатын орнынан, соны талдаудан тұрады», - деп қарастырады. Автор әлеуметтік педагогика адамның ең алдымен, рухани байлық, адамгершілік, гуманизм сынды әлеуметтік сапалар жүйесін қарастырады және бұл сапалар өмірлік іс-әрекеттердің түрлі салаларында көрініс береді, сондықтан адамның рухани дүниесінің құрамдас бөлігі білімділік, мәдениеттілік, сенімділік, гуманистік қасиеттерге негізделеді», - дейді. Ғалымның бұл пікірі дүниежүзі бойынша әлеуметтік педагогика тек әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топ өкілдеріне ғана емес, барлық халыққа тән деген ортақ тұжырыммен сәйкес келеді.
Елімізде тәуелсіздік алған кезеңнен бастап әлеуметтік педагогика, әлеуметтік жұмыс мәселелері туындауы осы саладағы қызметкерлерді дайындаудың қажеттілігін арттыра түсті. Қазақстанда бұрын әлеуметтік педагог мамандарын даярлау мәселесі жүйелі түрде жүзеге асырылмады. 1999 жылы жалпы білім беретін орта мектептерде әлеуметтік педагог қызметін ендіру жағдайы қолға алына бастады. Сол уақытта әлеуметтік педагогтар орта мектеп жағдайына аса қажетті болғанмен, елдегі барлық оқу-тәрбие мекемелерін әлеуметтік педагогтермен қамтамасыз ету мүмкін болмады. Сондықтан да әлеуметтік педагогтің қызметін мектеп мұғалімдері атқарды. Осы орайда зерттеуші Г. Ж. Меңлібекова ғылыми жұмысын болашақ мұғалімдерді әлеуметтік педагогикалық жұмысқа даярлаудың жүйесін негіздеуге арнады. Зерттеуде болашақ мұғалімдерді әлеуметтік педагогикалық қызметке даярлаудың ғылыми-әдіснамалық негіздері, әлеуметтік педагогикалық жұмыстың мәні мен құрылымы қарастырылған. Болашақ мұғалімдерді әлеуметтік педагогикалық қызметке даярлаудың дигностикасы мен үлгісі айқындалып, оны педагогикалық эксперимент бойынша дәйектеген.
Әлеуметтік педагогиканың мәні мен әлеуметтік сала маманының әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетінің ерекшелігін ашып көрсету осы саланың болашақ мамандарын даярлауда маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік жұмыс - көп пәнді мамандық. Себебі әлеуметтік қызметкер өз тұтынушысына көмек көрсету мақсатында социологтар, дәрігерлер, педагог, психолог, полиция қызметкерлері сынды басқа мамандық иелерімен ынтымақтастық орнатады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік қызметкер кәсіби базалық даярлығына байланысты өзі де жоғарыда аталған мамандықтар бойынша қажетті білім мен дағдыларды меңгерген жан-жақты маман болып табылады.
Бұл әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің көп бағыттылығын көрсетеді және бүгінгі таңдағы әлеуметтік қызметкерлерді даярлау мәселесін байыпты әрі терең зерттеуді керек етеді. Бұл өз кезегінде еліміздегі әлеуметтік қызметкерлерді даярлауды жүзеге асырудың теориялық- әдіснамалық негізін, мәнін, құрылымы мен мазмұнын терең талдаудың қажет ететіндігін көрсетті.
Әлеуметтік сала маманы - әртүрлі әлеуметтік-мәдени орталардағы балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыратын маман; жеке тұлға мен оны қоршаған шағын ортаның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді. Ол оқушылар мен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен мұқтаждықтарын, мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды, шиеленісті жағдайларды анықтайды және уақытылы көмек әрі қолдау көрсетеді; жеке тұлға мен білім беру мекемесінің, отбасының, ортаның, билік органдарының арасында делдал ретінде әрекет етеді; оқушылардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуына, ыңғайлы және қауіпсіз жағдайды құруға, олардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге, жалпыға білім берудің орындалуына, салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі; балалардың таланттарын дамыту үшін жағдайлар жасайды.
Қазақстандағы әлеуметтік педагогиканы зерттеуші І. Р. Халитова: «Жалпы оқыту және тәрбиелеу ісімен шұғылданатын арнайы білімі бар адамдарды «педагог маман» десек, соның ішінде күйзеліске ұшыраған балалар ісімен шұғылдануды кәсіп қылған тұлғаны «әлеуметтік педагог» деп атайды», -деп анықтай отыра, оның жұмыс мазмұнын, қызметтері мен міндеттерін де саралап көрсетеді [29] . Ал әлеуметтік-заңдық сөздіктерде: «Әлеуметтік педагог - делдал, жеке тұлға, отбасы және қоршаған орта арасындағы, осы ортаның педагогикалық тұрғыдан мақсатқа сай қайта құрылуына ықпал ететін байланыстырушы буын» екендігі тиянақталып берілген [30] .
Әлеуметтік педагогтің кәсіби әрекеттері: мәселелер мен олардың себептерін анықтау; пайда болуының алдын алу; қызметкерлерге білім беріп тәрбиелеу, қиыншылықтармен, соның ішінде жеке және әлеуметтік себептері бар қиыншылықтармен күрес; жағымды қоғамдық ортаны құру, жағымды қоғамдық жағдайларды құруға қатысу; жеке, материалдық көмекті ұйымдастыру; білімге деген қабілеттерді зерттеу және қоғамдық өмірге қатысуға және әлеуметтік құқықтарды дұрыс қабылдауға дайындау, басқалармен араласуға, бағыт бағдар алуға, жауапкершілікке, өзін-өзі сыйлауға және сабырлыққа дайындау; шығармашылық пен өнімділікті дамыту сияқты мақсаттарды көздейді.
Әлеуметтік педагогтің жұмысының нысаны тәрбие үрдісі, тұлғаның әлеуметтенуі болып табылады. Ал әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби қызметінің басты мақсаты - адамның, жеке тұлғаның, отбасының әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғауға негізделеді. Әлеуметтік сала мамандары бірнеше саланы қатар игереді: қызметтің саласы бойынша балалардың бірлестіктері мен ұйымдарының әлеуметтік педагог - басшысы; әлеуметтік педагог - эколог; әлеуметтік педагог -валеолог; әлеуметтік педагог - тәрбиеші; жұмыс пен отбасы жөніндегі әлеуметтік педагог және т. б. Бұл орайда маманданудың негізі ретінде тұрғындардың жекелеген категориясы (мүгедектер, жетімдер, босқындар) болуы мүмкін. Мамандану, сондай -ақ оның жұмыс орнына байланысты (түрлі оқу орындары, балалар үйі, аурухана, шіркеу, кәсіпорын, ықшам аудан, еңбекпен түзету мекемелері, демалыс орталықтары, әлеуметтік- психологиялық қызметтер) да қаралады.
Л. Т. Қожамқұлованың пікірінше, әлеуметтік жұмыс мәселесі -әлеуметтік жұмыс теориясының зерттеу нысанымен байланысты іс-әрекеттің бір түрі. Оларға әлеуметтену, әлеуметтік көмек, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік реабилитация, әлеуметтік түзету, әлеуметтік бейімделу, әлеуметтік қорғау сияқты бір топ кешенді әлеуметтік байланыстарды жатқызуға болатындығын әлеуметтану тұрғысынан негіздеп, әрқайсысына жеке-жеке талдаулар жүргізді. Адамның өмірлік күшін нығайту позициясы тұрғысынан Қазақстан халқын әлеуметтік қорғаудың жаңа модельін, әлеуметтік жұмысқа филантроптық тұрғынының негізгі қағидаларын дайындап шығарды [31]
Қазақстандағы әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық, теориялық және практикалық негіздері ғалым І. Р. Халитованың «Әлеуметтік педагогика» оқулығында қарастырылған. Бұл оқулықта әлеуметтік педагогтің дарынды, жетім балалармен жұмысының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері көрсетіледі. Сонымен қатар ересек адамдарға көмектесудің мазмұны, әдістері, формалары қарастырылған.
Ал, Н. М. Таланчук әлеуметтік жұмысты жеке, әлеуметтік, белгілі бір жағдайдағы қиыншылықтардан шығу және олармен күресу (жеңу) үшін көмектесу, қорғау, түзету, реабилитация арқылы адамдарға, мекемелерге көмек беретін кәсіби іс-әрекет ретінде қарастырады [32] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz