ПАТРОНАТ ОТБАСЫЛАРЫНА ӘЛЕУМЕТТІК - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ТӘЖІРИБЕСІ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Еліміздің жыл санап қарыштап дамып, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тобына қосылуы білім саласына көптеген міндеттер жүктейді.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 31-наурыздағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы, «Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту» бөлімінде ұрпақ тәрбиесіне басымдық берді. Президент өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау қажеттігін ескертті [1] .

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тəлім-тəрбие мен адамгершілік құндылықтарға тəрбиелеуде білім берудің айқын жолдарын жетілдірудегі басым бағыттарын айқындауда, ұлттық санамен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру көкейкесті мəселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тəрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тəрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауында: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мəдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн», - деген талапты білдіреді [2] .

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Осынау тыныш кезде бізде мыңдаған жетімдер бар - біздің балалар үйі мен жетім балалар үйі нық толы. Бұл, өкінішке орай, жалпы әлемдік беталыс және жаһандануға қарсы шығушылық. Бірақ біз осы беталысқа қарсы тұруымыз керек. Біздің мемлекетіміз және қоғамымыз жетімдерді асырап алуды және отбасылық типтегі балалар үйінің құрылысын салуды көтермелеу керек», - деген идеясы да қазіргі кезде елімізде мықтап қолға алынуда [3] .

Қазақстан өзін 1994 жылы Балалардың құқығы туралы конвенцияға қосылған және 25 жылдық тәуелсіздігі аралығында Конвенция ережелерімен және баланың отбасында тұрып, тәрбиелену құқығына сәйкес балалардың мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету көзқарасынан ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жасаған әлеуметтік дамыған және құқықтық мемлекет ретінде көрсетеді. ҚР Заңдары қабылданды: «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Мемлекеттік жастар тәжірибесі туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заң және т. б [4-8] .

2006 жылы баланың құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитеті құрылды, оның негізгі мақсаты балалардың құқығын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. 2007 жылы Қазақстан Үкіметімен «Қазақстан Балалары» Бағдарламасы қабылданды, онда балалар үйінің тәрбиеленушілерін отбасыларына жайғастыру немесе отбасылыққа жақындатылған жағдай жасау маңыздылығы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалардың жемісті әлеуметтік бейімделуінің маңызды механизмдерінің бірі ретінде белгіленген [9-10] .

Бірақ, барлық жасалған жұмыстарға қарамастан Қазақстан әлі күнге дейін барлық балаларға олардың отбасында тұрып және тәрбиеленудегі заңды құқықтарын қамтамасыз етуден алыс, ал статистиканың көрсетуінше, жыл сайын республикада ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 8 мыңдай бала анықталуда, оның 3 мыңнан астамы балалар үйіне түседі. Соңғы жылдары толық мемлекеттік қамтамасыз етілуге берілген балалар санының бірізді (жылдан жылға) өсуінің негативті тенденциясы айырықша қобалжу туғызуда. Егер 2012 жылы балалар үйіне 2231 бала жайғастырылса, 2014 жылы 2839 бала, сонымен қатар 212 бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық және патронат күшін жойғаннан кейін балалар үйіне түскен [11] .

Қазақстан Республиксы Білім және ғылым министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мағлұматы бойынша республикада 2015 ж. басына жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған (бұдан әрі-жетім балалар) балалар саны 32 362 жетті. Оның ішінде 21 350 бала қазақстандық азаматтардың отбасыларында қорғаншылық пен қамқоршылықта және 1 820 - патронаттық тәрбиеленуде, 9 192 бала 188 балалар үйінде тәрбиеленуде. Балалар үйіндегі 7395 (80, 4%) балаларды 7-ден 18 дейінгі жастағы балалар, сәйкесінше балалардың тек 19, 6% ғана (1797 адам) - 6 жастағы балалар құрайды [11] .

Бүгінгі күнде интернаттық мекемелердің жүйесі 58 балалар үйі мен интернат мектептер, 25 бала үйі, 18 ақыл-есі кем балаларға арналған балалар үйі-интернаттар, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму жүйесінің 13 жетімхана, 28 жастар үйі, 29 балалар үйі мен отбасылық типтегі ауылдар және 17 жеке меншік балалар үйі құрайды [12] .

Зерттеу тақырыбының зерттелуі. Ұрпақ тəрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына, отбасының рөліне байланысты тəлім-тəрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт Ата, əл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Асанқайғы, Шəкəрім жəне т. б., қазақ ақын-жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тəлімдік сөздерінен көреміз [12-19] .

Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде, Жүсіп Баласағұн, Сайф Сараи шығармаларында, хандық дәуірдегі ақын-жыраулар мұраларында, Ы. Алтынсарин еңбектерінде, Абай Құнанбаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев мұраларынан да елеулі орын алғанымен әлі толық зерттеле қойған жоқ. Кейінгі кездерде отбасы тәрбиесіне қатысты Х. Арғынбаев, Г. Уманов, К. Оразбекова, Р. Қоянбаев, З. Әбілова т. б. еңбектері бар [20-28] .

Ата-ана - алғашқы тәрбиеші балаға ең үлкен әсер етушілер. Ж. Ж. Руссо: “Балаға соңғы тәрбиешінің әсерінен гөрі алдыңғысынікі көбірек”, - деп тұжырымдаған [29] .

Отбасылық қатынастың ерекшеліктерін А. И. Захаров, А. С. Спиваковская, А. Я. Варга, Э. Г. Эйдемиллер, Ю. Гиппенрейтер, М. Буянов, З. Матейчик, Г. Хаментаускас, А. Фромм, Р. Снайдер, т. б. ғалымдар зерттеген [30-39] .

А. Е. Личко отбасылық қарым-қатынас мәселесін зерттей келе отбасындағы жайсыз жағдайларды көрсетті. (гиперопека, қараусыздық, “отбасы пірі”, жетім қыз” жағдайы) [40] .

Бүгінгі таңда отбасылық дағдарыстардың шиеленісуі, оның ішінде әке мен баланың, анасы мен қызының тіл табыса алмау мәселелері, нәтижелерінде қақтығыстардың, үйден кету жағдайлардың мысалдарына жиі кезігіп жүрміз. Оның зардаптары, жалпы жас қоғамымыз үшін, айқын көрінуде. Оған себеп, отбасылық жылулыққа, татулыққа деген саналы көзқарастың жетіспеушілігі, мәдениеттің төмендігі. Мұның өзі уақыт талабына сай ізгіліктік негізінде отбасылық жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру қажеттілігі мен әлеуметтік педагогика мен психология практикасында бұл мәселенің жеткілікті зерттелмеуі арасында қарама-қайшылықты тудырады.

Отбасы - неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э. Г. Юстицкий В. В. ) . Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. «Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді» деп көрсетті Шужебева А. И өз зерттеу жұмысында [40] .

А. Г. Харчев берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып табылады: «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено болып табылады» [41] .

Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г. М. Свердлов және В. Л. Ресенцев отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады [42] .

Э. К. Васильева өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын қарастырады: шаруашылық-экономикалық, генеративті тәрбиелік, мәдени, репродукциялық. С. Д. Лаптеноктың пікірінше, отбасының маңызды қызметтеріне шаруашылық-тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады [43] .

70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б. П. Парыгин, А. Г. Харчев. Ол әйел адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді», - деген тақырыптарда С. Голод, З. Янкова т. б. зерттеді [41] .

70-шы жылдардың аяғына қарай отбасы мен неке психологиясында неке жұптарындағы әлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған Ю. Е. Алешина, «қалалық отбасыларда некелік рөлдерді бөліп беруді», З. И. Янкова және т. б. қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың даму заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды, зерттегендер мысалға А. А. Бодалев, Н. Н. Обозов және т. б. [44] .

Қазіргі зерттеулерде отбасына байланысты оның әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген ғалымдар Фельдштейн, Д. Л. Кондратьев және т. б. тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан И. С. Кон Р. Дубровина зерттеді, ал жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Гаврилова Г. П., Драгунова Т. В. және т. б, ал танымдық эмоциялық - еріктік және мінез-құлықтың ерекшеліктерін Кучинский, жеке тұлғаның өзіндік сананың құрылымы мен қызметі туралы Баруалкина В. В. тұлғаның анамальды даму механизмдері туралы Дозорцева Е. Г сияқты ғалымдар зерттеді [45-47] .

Н. Я. Соловьевтің анықтамасына сәйкес: «Отбасы - ерлі-зайыптылардың одағы мен туыстық қатынастарына негізделген қоғамның кішкентай әлеуметтік тобы, жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы, яғни бірге тұратын және жалпы шаруашылықты бірге жүргізетін еркек пен әйелдің, ата-аналар мен балалардың, аға мен қарындастың немесе басқа туысқандардың арасындағы қарым-қатынас» [48] .

Отбасы қатынасының категорияларына құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А. Г. Харчев берген анықтама ерекшеленеді: «Отбасы - бұл кішкентай топ ретінде ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастың нақты тарихи жүйесі, оның мүшелері некелік немесе туысқандық қатынаспен, тұрмысының ортақтығымен және өзара моральдық жауапкершілікпен байланысқан және халықтың рухани туындыларымен қоғам сұранысына негізделген әлеуметтік қажеттілік» [41] .

А. И. Антонов отбасын «адамдардың біріккен жалпы отбасылық ортақ әрекетіне негізделіп, ата-ана - туысқандық желілермен байланысқан және балалардың өсіп-жетілуі мен отбасы мүшелерінің өмір сүруін қолдау», - деп түсіндіреді [49] .

Отбасы қарым-қатынасын зерттеудің тарихи негізін қалаған швед тарихшысы И. Я. Бахофеннің 1861 жылы жарық көрген «Материнское право. Исследования гинекократии старого времени и её религиозной и правовой природы», - атты кітабы көп үлес қосты. Екі автор да неке формасының өзгеруі туралы идеяны талдайды [50] .

Отбасылық қатынас жеке тұлға мен қоғамның өзара байланысында қарастырылады. Бұл бағыттың негізін салушылар мен жақтаушыларына У. Джемс, Ч. Кули, У. Томос, Ф. Знанецкий, Ж. Пиаже, З. Фрейд және т. б. жатады [51] .

Әйгілі шетел ғалымдары А. Адлер, А. Фрейд, Дж. Баулби, С. Порванс, Р. Липтон, М. Айнсворс, Р. Шпиц, Э. Пиклер, М. Винце және т. б. және ресей ғалымдары Г. М. Землянухина, М. И. Лисина, С. Ю. Мещерякова, Н. М. Щелванов, И. В. Дуровина, А. М. Прихожан, Н. Н. Толстых ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды тіпті өмірінің алғашқы жылында-ақ, отбасында тәрбиеленіп жатқан, өзімен жасты балалардан ерекшеленіп тұрады. Ата-аналардың өз балаларын қабылдамауы және түрлі себептермен ата-анасынан айырылып қалуы олардың тұлғалық дамуына ауыр зардап әкелетіндігін айтады [52] .

Г. Б. Сүгірәлімова Қазақстандағы панасыз балалардың мәселесін шешу тарихын зерттесе, З. А. Зубайраева жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттарын айқындады, А. Ж. Сқақова отбасы жас ұрпақты әлеуметтендіру институты ретінде қарастырды [53-55] .

Алайда бұл зерттеулердегі уақыт өзгерістеріне байланысты, баланы отбасы типтік балалар үйі ұйымдарына орналастырудағы келеңсіз жағдайлардың көп болуы, бұл мәселеге жеткіліксіз дәрежеде көңіл бөлінбейтіндігін белгілеп өту керек.

Әйгілі А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, Е. А. Аркин сынды педагогтар тұлға қалыптасуының табиғи негізі ретінде отбасылық тәрбиені қарастырған [56-58] .

Әдебиеттерге жасаған талдаудан, шетел, кеңес, отандық ғалымдар мен педагог, психологтардың жетім балалар мен ата-анасынан айырылған балалар жайында зерттеген зерттеулеріне тоқталып, қазіргі таңда өзекті болып отырған патронаттық отбасында бала тәрбилеу, паторнаттық тәрбиеге алу.

Қазіргі таңда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды отбасына беру, оларды отбасында тәрбиелеудің қазіргі таңдағы жаңаша атауы - патронаттық отбасына беру, патронаттық тәрбиеге алу, баланың жаңа отбасына бейімделуі жайында зерттеулердің аздығы бұл мәселе зерттеуді қажет ететіндігі көкейкесті мәселе болып отыр.

Патронат отбасы - жетім балаларды қоршаған ортаға әлеуметтендіру мен тәрбиелеудің бірден бір қолайлы жолы [59] .

Патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсетудің ғылыми-педагогикалық негізін айқындау - әлі де болса, өз шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі.

Солай бола тұра, әлеуметтік педагогтың патронат отбасына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсетудің теориялық және әлеуметтік-педагогикалық технологиялардың жоқтығы арасында қайшылықтар туындап отыр.

Сол себептен, бұл қайшылықтардың шешімін табуда біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың мәселесі патронат обасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсетудің ғылыми-теориялық және әдістемелік жолдарын қарастыру болып табылады.

Аталған мәселенің бүгінгі күнге дейін ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда өз деңгейінде қарастырылмауы ғылыми зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Патронат отбасына әлеуметтік педагогикалық қолдау көрсету жолдары», - деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу мақсаты: патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсетудің теориялық және әлеуметтік-педагогикалық технологияларын анықтау.

Зерттеу нысаны: Патронат отбасылары.

Зерттеу пәні: Патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету жолдары.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсетудің теориялық және әлеуметтік-педагогикалық технологиялары анықталса, онда, қоғамдағы жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың азаюына мүмкіндік болады, өйткені, патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсетудің жолдары мен әдістемесі анықталады.

Зерттеудің міндеттері:

1 . Патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсеу жолдарының әдістерін айқындау.

2. Патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсетудің педагогикалық-психологиялық мәселелерін анықтау.

3. Патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету жолдарының әдістемесін жасау.

4 . Патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету жағдайы туралы ұсыныстар беру.

Зерттеу әдістері. Зерттеу міндеттерін жүзеге асыруда теориялық (философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау, қорытындылау, салыстыру, озық іс-тәжірибелерді жинақтау, модельдеу) ; эмпирикалық (сауалнама, әңгімелесу, педагогикалық байқау, нормативті құжаттарды талдау, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу) ; статистикалық (зерттеу бойынша алынған нәтижелерді математикалық-статистикалық тұрғыдан өңдеу) әдістер қолданылды.

Зерттеудің жетекші идеясы: патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету арқылы қоғамдағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санының азаюына мүмкіндік туады.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: педагогикалық тәжірибе бойынша В. И. Загвязинский, В. В. Краевский, А. М. Новиков т. б. ; педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық жобалау бойынша Г. М. Бирженюк, Ю. К. Бабанский, Б. С. Гершунский, С. М. Маркова, В. З. Юсупов, Н. О. Яковлева, т. б. ; педагогикалық қолдау идеялары бойынша О. С. Газман, Р. А. Литвак, Н. Б. Крылова, С. М. Юсфин, т. б. ; әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету теориялары бойынша В. Г. Бочарова, Л. Я. Олиференко, А. Ш. Шахманова, т. б. ; балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған зерттеулер Л. В. Байбородова, А. А. Лиханов, В. Б. Новиков, М. И. Рожков, Б. М. Рыбинский, Т. И. Шульга, т. б. ; жетім балалардың даму теориясы туралы Л. И. Божович, Н. Ф. Басов, М. И. Лисина, В. С. Мухина, Л. М. Щипицына, т. б. ; әлеуметтік-педагогикалық технологиялар бойынша Я. Корчак, А. С. Макаренко, В. М. Миниярова және т. б. Зерттеу келесідей тұғырларға сүйенеді: жүйелі (В. Г. Афанасьев, В. П. Беспалько, В. В. Сериков, В. А. Штофф) ; кешенді (Л. И. Новикова, Ю. П. Сокавшеков, Г. Н. Филонов) және аксиологиялық (А. И. Арнольдов, Ю. И. Ефимов, И. И. Громов, А. В. Кирьякова, В. П. Тугаринов, Н. З. Чавчавадзе) .

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерге талдау жасалды; тақырып бойынша материалдар жинақталды; патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету жолдарының жағдайы анықталды; зерттеудің ғылыми аппараты айқындалды.

Екінші кезеңде зерттеу тақырыбы бойынша жинақталған материалдарды талдау жұмысы жалғастырылды; патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету мәселесінің қазіргі жағдайы анықталды; тәжірибелік-эксперимент жұмысы жүргізілді; патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету жолдарының әдістемесі құрылды.

Үшінші кезеңде жүргізілген тәжірибе жұмысының қорытындылары шығарылып, нәтижелері анықталды, ғылыми-әдістемелік қорытынды жасалды. Патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету жолдарының тиімді әдіс-тәсілдері айқындалып, нақты тұжырымдар мен ұсыныстар дайындалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

1 . Патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсеу жолдарының әдістерін айқындалды.

2. Патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсетудің педагогикалық-психологиялық мәселелерін анықталды.

3. Патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету жолдарының әдістемесі жасалды.

4 . Патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету жағдайы туралы ұсыныстар берілді.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету жолдарының әдістемесі құрастырылды және тәжірибе жүзінде оның тиімділігі тексерілді.

Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарының және колледж студенттерінің қолдануына болады.

Зерттеудің базасы: Алматы қаласындағы №104 жалпы білім беретін мектеп бойынша 5 патронаттық отбасыға тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары жүргізілді (мәліметтерін жасырын беруді өтінді) .

Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейтестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттеррі, жетекші идеясы айтылады. Жұмыста пайдаланылған зерттеу әдістерінің ерекшеліктері ашылып, зертеудің әдіснамалық және теориялық негіздері, деректі көздері, зерттеу кезеңдері мен базасы, зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні сипатталып, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалары, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі, негізділігі, дипломдық жұмыс құрылымы қамтылған.

«Патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету жолдарының теориялық сипаты» атты бірінші бөлімінде зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер мен көзқарастарға талдау жасалып, негізгі тұжырымдары басшылыққа алынып, теориялық негізі анықталды. Әлеуметтік педагогтың патронат отбасыларына педагогикалық қолдау көрсету мәселелері, патронаттық отбасымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық технологиялардың мазмұны және сүйемелдеу жұмыстары қарастырылды.

«Патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету тәжірибесі» атты екінші бөлімінде патронат отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсетудің жолдары, №104 жалпы орта білім беретін мектептегі патронат отбасы және балаларымен жүргізілген жұмыс нәтижелері талданды.

Қорытындыда теориялық және тәжіриелік-педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар нақты түрде көрсетілді.

Қосымшада диагностикалық материалдар, патронат отбастарына арналған сауалнамалар берілді.

1 ПАТРОНАТ ОТБАСЫЛАРЫНА ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ

1. 1 Әлеуметтік педагогтың патронат отбасыларына педагогикалық қолдау мәселелері

ХХ ғасырдың басынан әлеуметтік педагогика мәселесі дербес зерттеу саласы ретінде батыстық педагогика ғылымында белсенді түрде қолға алынып, қалыптаса бастады. Әлеуметтік педагогиканың әлемдік саяси тәжірибедегі тұжырымдары Т. С. Кун [60], В. Лоренц [61], Р. Робертсон [62], П. Фрир [63], Д. Бодди [64] сынды зерттеушілердің еңбектерінде зерделенген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ЖЕТІМ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІCТEМECІ
Балалар үйіндегі балаларды азайтуға бағытталған шаралар
Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселелері
Девиантты тәртіпті балалар мен ата ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қызмет көрсету
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Әлеуметтік педагог қызметінің мазмұны
Жетім балаларды әлеуметтік қорғау
Білім саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
Тәрбиеленушілердің зияткерлік дамуының мәселелері
“Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау аясындағы заңнамалардың орындалуы туралы”
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz