МИГРАНТ ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі : Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаннан кейін экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайдың түбегейлі өзгеруіне байланысты жаңа мәселелер туындады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдаяттар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, социалистік және дамушы елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің құрылысына жоғары білікті жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты.

Сонымен қатар Қазақстанға шетелдерден халықтың көп көлемде көшіп келуі тән болып отыр. Бұл мемлекеттік шекаралардың ашық болуына, республиканың геосаяси орналасуына, ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына, сондай-ақ көші-қон жөніндегі заңдардың жетіліспегендігіне, әрі көші-қон үдерістерін мемлекеттік реттеу тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты туындап отыр. Мемлекеттің саяси тұрақтылығы, оның нарықтық қатынастарға мақсатты түрде бағыт алуы Қазақстанды шетел капиталы мен жұмысшы күші үшін тартымды етіп отыр. Мұның өзі Қазақстандағы халық санының өзгерулеріне әсер етуде. Елге көшіп келушілерге байланысты жаңа мәселелер туындауда.

Экономикалық реформалардың тереңдей түскен кезінде елдің демографиялық жағдайында едәуір өзгерістер болуда, бүкіл елдегі және Қазақстан Республикасының аймақтарындағы көші-қон үдерістерінің сипатына, түрі мен бағытына маңызды түзетулер енгізілуде, республиканың еңбек ресурстарының едәуір бөлігі босап шығуда. Халықтың миграциялық жылжымалылығының қарқындылығы да сөзсіз өсіп келеді. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасы мен өңірге қатысты ХХІ ғасырдың он негізгі жаһандық сын-қатерін атап өтті [1] .

Әлемде күн өткен сайын жаһандық демографиялық дисбаланс өршіп келеді. Жалпыәлемдік тренд - адамзаттың қартаюы мен Жер халқы санының

артуы. 40 жылдан соң жасы алпыстан асқан адамдар саны 15 жасқа толмағандар санынан артық болады. Туудың төмен деңгейі мен адамзаттың қартаюы көптеген елдерде сөзсіз еңбек нарығындағы проблемаларды, ішінара алғанда еңбек ресурстарының жетіспеуін арандатады. Соңғы 60 жыл ішінде Жер халқының саны үш есе артты және 2050 жылы 9 миллиард адамға жетеді. Халық саны мен өсу қарқынының дисбалансы дамыған және дамушы елдерде шапшаң өсіп келеді. Өскелең демографиялық дисбаланс жаңа көші-қон толқынын қалыптастырып, бүкіл әлем бойынша әлеуметтік шиеленісті күшейтеді.

Еліміздің терең тамырлы тарихында Алматы қаласының орны ерекше. Өзінің пайда болып, қалыптасу тарихында қазақ елінің астанасы ретінде мәртебеге ие болған Алматы ірі мегаполис қана емес, қаржы орталығы түрінде бірнеше бағытта дамып келе жатқан республикадағы ең үлкен қала. Қазіргі кезеңде Алматы өз дамуының даңғылына түскен. Елбасының елдің ертеңі, мемлекеттің болашағы туралы сөз қозғағанда Алматыны айналып өтпейтіні де өзінен-өзі түсінікті. Өйткені Алматы елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірінде басты рөл атқарады.

Қала агломерациясы - (латын сөзінен aggqlomero - қосамын) - мәдени, транспорттық байланыстары және өндірісі жоғары дамыған күрделі көпқұрамды динамикалық жүйесіне біріктірілген, негізінен қалалық тұрғын орындарымен қалыптасқан халықтық тұрғын орындарының жиынтығы [2 ] .

Еліміздің әлеуметтік-демографиялық тарихында Алматы агломерациясының орны ерекше. Алматы агломерациясындағы халықтың санын, көші-қон мәселелерді, оралмандардың қоныстануы, қалаға мигранттардың келуімен байланысты.

Соның ішінде мигрант отбасының балалары ұзақ уақытқа (Қазақстан заңдары бойынша алты айдан көп мерзімге) немесе ата-аналарымен тұрақты тұруға қоныстанушы азаматтардың әлеуметтену үдерісіндегі мәселелер болып табылады. Олармен әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет - көпқырлы, көпқұрылымды және үздіксіз жүзеге асырылып отыратын күрделі үдеріс. Әлеуметтік педагог олардың бойындағы адами қасиеттерді, кәсіби қабілеттерді, өмірлік дағдылары мен шеберліктерін жетілдіріп, олардың этикалық және кәсіптік мүмкіндіктерін кеңейтудің білім беру мен қолданбалық салаларын жүзеге асырады.

ХХ ғасырдың басынан әлеуметтік педагогика мәселесі дербес зерттеу саласы ретінде батыстық педагогика ғылымында белсенді түрде қолға алынып, қалыптаса бастады. Әлеуметтік педагогиканың әлемдік саяси тәжірибедегі тұжырымдары Т. С. Кун [3], В. Лоренц [4], Р. Робертсон [5], П. Фрир [6], Д. Бодди [7] сынды зерттеушілердің еңбектерінде зерделенген.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап ресейлік педагогика ғылымында “Әлеуметтік педагогика”, “Әлеуметтік жұмыс” мәселелері арнайы зерттеу нысаны ретінде алына бастады. Оны жан-жақты дамыту мақсатымен көптеген педагогикалық және әлеуметтік зерттеу орталықтары құрылып, ғылыми еңбектер, материалдар жинақтары шығарылды. Ресейлік В. Г. Бочарова [8], Р. А. Литвак [9], М. А. Галагузова [10], А. В. Мудрик [11], Н. Ю. Л. В. Мардахаев [12] және т. б. сынды ғалымдар әлеуметтік педагогиканың түрлі мәселелерін қарастырса, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау мен әлеуметтік педагогтер қызметінің бағыттарын зерттеуге Г. Ж. Меңлібекова [13], Ш. Ж. Колумбаева [14], І. Р. Халитова [15] секілді зерттеушілер Қазақстандағы әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы мен тарихын, теориясы мен практикасын негіздеуге атсалысты.

Қазақстандағы әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс мәселелеріне қатысты зерттеулерге жасалған талдау бұл мәселені педагогика ғылымының тарапынан әлі де терең ізденістер жасаудың қажеттігін көрсетеді. Өйткені әлеуметтік педагогтың мигрант отбасының балаларымен жұмыс жасау жүйесін жетілдірудің маңыздылығы мен осы мәселелердің теориялық тұрғыда жүйелі түрде жүргізілмеуі арасында; уақыт талабына орай әлеуметтік педагогтарды даярлау қажеттілігінің арта түсуі мен әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау жүйесіндегі тәжірибенің жетімсіздігі арасында қарама-қайшылық туындап отыр. Бұл әлеуметтік педагогтың мигрант отбасының балаларымен жұмыс жасау ерекшеліктерін салыстырмалы-педагогикалық тұрғыда зерттеу әлеуметтік педагогика ғылымын дамытудағы өзекті мәселелерінің бірі екендігін нақтылай түседі. Аталған қайшылықтарды шешу міндеті диплом жұмысының тақырыбын «Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру) » деп таңдауға негіз болды.

Зерттеу нысаны Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік жұмыс әрекеті.

Зерттеу пәні Мигрант отбасы балаларын әлеуметтендіру үрдісі.

Зерттеудің мақсаты Әлеуметтік педагогтың мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік жұмысын салыстырмалы-педагогикалық тұрғыдан

негіздеу және ғылыми негізделген әдістеменің тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің міндеттері:

- «Мигрант отбасы» және «мигрант отбасы балалармен әлеуметтік жұмыс» ұғымын теориялық тұрғыдан талдау жасау;

- мигрант отбасылар және олардың балаларымен әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың мазмұнын айқындау;

- мигрант отбасының балаларымен әлеуметтік жұмыс жүргізуді ұйымдастыру және алынған мәліметтерді талдау, қолдану мүмкіндігін арттыратын ұсыныстар дайындау.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері Тақырыптың мазмұнын ғылыми тұрғыда ашып көрсетуде қалалық агломерацияның теориялық мәселелерін қарастырған еңбектер, әлеуметтану, философия, психология, педагогика қарастырған еңбектер басшылыққа алынды. Зерттеуде ғылыми айналымға түскен деректерді талдауда жүйелеу, салыстыру, қорыту, т. б. әдістері қолданылды. .

Зерттеудің әдістері зерттеу мәселесі бойынша философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, үлгілеу, эксперимент, тура және жанама бақылау, сауалнама, сұхбаттасу, педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және қорыту, зерттеу деректерін өңдеудің статистикалық математикалық әдістері қолданылды.

«Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру) »

Зерттеудің ғылыми болжамы егерде, мигрант отбасының балаларымен әлеуметтендіру жұмысын теориялық теориялық тұрғыдан негізделсе және олармен жұмыс жүргізу тәсілдері жасалып, оны әлеуметтендіру үдерісінде ендірсе, онда бүгінгі қоғам талаптарына сәйкес олармен әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың мазмұны ашылса, мигрант отбасы балаларының өзіндік құқығын қалыптастыруға нәтижелі қол жеткізіледі, өйткені, бұл жағдайда осы үдеріс субъектілерінің тұлғалық қасиеттерінің дамуының тұтастығы, жүйелілігі қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

- «Мигрант отбасы» және «мигрант отбасы балалармен әлеуметтік жұмыс» ұғымы теориялық тұрғыдан талдау жасалынды.

- мигрант отбасылар және олардың балаларымен әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың мазмұны айқындалды.

- мигрант отбасының балаларымен әлеуметтік жұмыс ұйымдастырылды және алынған мәліметтерді талданды. Жұмыс нәтижелерін қолдану мүмкіндігін арттыратын ұсыныстар дайындалды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы диплом жұмысының мазмұнындағы мәліметтерді әлеуметтік педагогтың мигрант оқушыларды әлеуметтендіру үрдісінде нұсқаулық ретінде пайдалануға болады.

Зерттеудің негізгі кезеңдері

Бірінші кезеңде Зерттеу мәселесі бойынша материалдар жиналып, теориялық негіздері жүйеге келтіріліп, зерттелу жәйі қарастырылды. Тарихи, педагогикалық, философиялық, психологиялық, әлеуметтану салаларындағы әдебиеттерге талдау жасалып, библиографиялық-материалдар жинақталды. Зерттеу жұмысының жүйесі, ғылыми аппараты жасалынды.

Екінші кезеңде Жинақталған деректер қазіргі әлеуметтік педагогика ғылымының теориялық негіздері тұрғысынан талдауға алынды. Әлеуметтік педагогтың мигрант отбасы балаларымен жұмыс жасау стратегиялары талқыланды.

Үшінші кезеңде Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері қорытындыланып жүйеге келтірілді. Дипломды рәсімдеу талабына сай өңделді.

Зерттеудің базасы: Алматы қаласы, Түрксиб ауданының миграциялық орталығының мәлімдемелері. Майборода көшесі, 29, Ақан сері көшесінің қиылысы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде: зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, обьектісі, пәні, ғылыми болжамы, зерттеу міндеттері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі қорғауға ұсынылған тұжырымдар, зерттеу кезеңдері қарастырылды.

«МИГРАНТ ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» - деп аталатын бірінші тарауда „мигрант отбасы“, „мигрант отбасы балалармен әлеуметтік жұмыс» ұғымының мазмұны ашылады. Қазақстандағы әлеуметтік көші-қонды реттеудегі әлеуметтік педагогтың кәмілетке толмаған иммигрант балалармен жұмысы беріледі.

« МИГРАНТ ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ » деп аталған екінші тарауда мигрант отбасылар және олардың балаларымен әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың әдістері беріледі. соынмен қатар, Алматы Қаласы, Түрксуб ауданының көші-қон полициясының мәлімдемелері негізінде жүргізілген жұмыс нәтижелері беріледі.

Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесінде негізделген нақты тұжырымдары мен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінен туындаған қорытындылар мен ұсыныстар беріледі, зерттеу мәселесінің болашағы көрсетіледі.

І МИГРАНТ ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 «Мигрант отбасы» және «мигрант отбасы балалармен әлеуметтік жұмыс» ұғымының әлеуметтік мәні

Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап көші-қон мәселесі заманауи қоғамның әлеуметтік, саяси, мәдени өмірінің ажырамас бөлігіне айнала бастады. Қазіргі кезде көші-қон айналымы 218 елді қамтиды, елден елге орын ауыстырып жүрген көшіп-қонушылардың саны жыл сайын 200 миллионға жуықтайды. БҰҰ КХҰ болжамы бойынша 2030 жылы тұрғындардың көші-қон белсенділігі дүние жүзінде 300 млн. адамға жуық. Көшіп-қонушылардың басым бөлігін еңбек көшіп-қонушылары құрайды. БҰҰ дамыған елдердегі әрбір оныншы тұрғын көшіп-қонушы болса, дамушы елдерде әрбір 70 адамның бірі көшіп-қонушы болатындығын атап көрсетеді [16] .

Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша 2007 жылы Қазақстан көші-қон деңгейі жоғары алғашқы он мемлекеттің ішінде тоғызыншы орынды иеленді. Қазақстанның табиғи ресурстары бірегей, бірақ тұрғындарының санын, әлеуметтік-экономикалық және геосаяси себептерді есепке алсақ, экономикалық дамудың қарқынын үдету (басқа да себептер мен көші-қонның факторын есепке алмағанда) үшін тек жекеменшік еңбек ресурстарын толықтыруға 1 млн. адам шамасында дайын тұру керек.

Болашақтағы көші-қонның даму үрдісі (масштабы, түрі, типі, салдары) негізгі екі факторлар тобымен анықталады:

1) экономикасы, өмір сүру сапасы, қауіпсіздік пен экология деңгейі төмен елдерден көшіп-қонушыларды «ығыстырып шығару»;

2) өмір сүрі сапасы, қауіпсіздік, еркіндік деңгейі жоғары, жұмыс күшіне қажеттілік бар, демографиялық жағдайын және басқа да мәселелері шешілген елдерге «тартылу».

Сыртқы көші-қонның артуы мен қарқынын келесі себептер анықтайды: демографиялық жағдай, экономикалық мәселелер, саяси, экономикалық, мәдени өзгешеліктер. Экономикасы өтпелі елдерде ішкі көші-қон ауқымды деңгейде жүреді, жақын болашақта осы жағдай төмендеуі екіталай, яғни бұл қазақстандық жағдайға да қатысты.

Миграциялық саясат дегеніміз - бұл тұрғын халықтың миграциялануына алып келетін әлеуметтік мінез-құлықтың, әрекеттің бір түрі немесе элементі болып табылатын миграциялық қозғалысқа деген ықпал ету. Миграциялық процестер ынталандырушы, шектеуші іс-шаралар арқылы реттелінеді. Сонымен қатар елдің экономикалық дамуына қарай ынталандырушы экономикалық іс-шаралар да кеңінен қолданылады. Ал Көші-қон саясатының басты міндеттеріне:

  1. елімізде ұлттық бірдейлікті сақтау және дамытуға ;
  2. сыртта жүрген қандастарды өз Отанына оралуын ынталандыру;
  3. дайындығы да инновациялық әлеуеті де жоғары шетел кадрларын тарту арқылы Қазақстанның бәсекелестік артықшылығын дамыту жатады [17] .

Қазақстан Республикасының миграциялық жағдайын алдымен үш миграциялық ағын бойынша: ішкі миграция, Қазақстан Республикасынан эмиграция, және шет елдерден Қазақстан Республикасына иммиграция тұрғысында қарастырсақ. Қазақстандағы 1990-жылдардағы саяси әлеуметтік және экономикалық реформалардың барысы мен нәтижесіндегі өзгерістер елдегі ішкі миграциялық құрылымның өзгеруіне себеп болды. Яғни, тұрғын үй құрылысының, өндірістің тоқтап қалуы, кәсіпорындардың жаппай жабылуы нәтижесінде жұмыссыздықтың өсуі, бір жағынан, шаруашылықтағы мигранттарды итеріп шығарушы факторларға айналса, екінші жағынан өмір жағдайындағы жаппай кедейлену аймақтық айырмашылықтарды теңестіріп, олардың тұратын жерлерін ауыстыру ұмтылысын шектеді. “1990-шы жылдардағы миграциялық процестердің дамуында екі кезеңді бөліп қарастыруға болады: бұл 1991-1997 және 1998-2000 жылдар. Бірінші кезеңде Қазақстан Республикасынан эмиграция өте күшті болды, әсіресе 1994-ші жылы. Екінші кезеңде керісінше миграциялық ағым тұрақтанып, келу және кету қысқарды. ” [18] Айта кететін жайт, басқа ұлт өкілдерінің көшіп келуінің азаюы болашақ Қазақстанның ұлттық құрамы жағынан қазақтануының кепілі.

Қазақстан қоғамының этникалық құрылымындағы өзгеріс этносаралық өзара қатынастардың өзгеруіне аз әсерін тигізбей отыра алмайды, ол тиісінше қоғамдағы өзара қатынасқа, әлеуметтік мінез-құлыққа әсер етеді. “Байырғы ұлт азаматтарының және бірқатар түркі тектес халықтар санының ұлғаюы этноәлеуметтік құрылымда еуропалық емес, азиялық компоненттің артуын түсіндіреді. ”

Қазақстан Республикасының көшіп-қонушылардың және ұлттық азшылықтар өкілдерінің құқықтарын қорғауы және қолдауын сара бағыт деп айтуға болады. Көші-қонның баламасын немесе көші-қон процестеріне қатысты шектеуші рөл атқаратын факторларды анықтау бұл мәселені ғылыми тұрғыда түсінуге мүмкіндік береді.

Аз ұлттар құқығының қорғалуы - мемлекет тұрақтылығының негізі. Зайырлы мемлекет әр ұлтты, әр түрлі діни-сенімді ұстанған қоғамның тұтастығын, тыныштығын, заңды құқықтарын бекітіп, өз мәдениеттерін дамытуға мүмкіндік береді. “Тағдыр себептерімен тарихи тамырынан қол үзіп, қазақ жерін қоныстанған 130 ұлт пен ұлыс бар. Қазақстанда 11 ұлттық газет, 44 тілде хабар жүргізетін 18 радиостудия бар. ” Аз ұлттардың мүддесін қорғайтын, өмірге келгеніне он жылдан асқан Қазақстан халықтары ассамблеясының азды-көпті атқарып жатқан істері тиімді нәтижелер беруде [19] .

Дүниежүзінде ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап аз ұлт өкілдерінің құқын қорғау өзекті мәселеге айналды. Әлемдік жаңа саяси жүйе қалыптаса бастаған қазіргі заманда аяққа басу, нәсілдік кемсітушілік, жаппай қырып-жою - адамзатқа қарсы жасалған қастандық деп есептеледі. Көшіп-қонушылар мен аз ұлттар өкілдері бүгінгі ғаламдасу жүріп жатқан тұста қайда жүрсе де қоғамның толыққанды мүшесі.

Қатынастар - бұл өзара байланыстар мен өзара әсер ету жүйесі, мүмкіндіктер мен жағдайлар жүйесі, іс-қимылды, ортақ мүдделерді іске асыруға бағыттауға мүмкіндік беретін қандай да бір психологиялық аура: қоғамның, оның ұжымдарының, нақтылы өкілдерінің мүдделері. Қатынастар - бұл әлеумет өмірінің нысаны, оны біріктіруші күш. “Этносаралық қатынастар - қазіргі полиэтникалық қоғамды анықтайтын құрамдас бөліктердің бірі. Этносаралық қатынастар - полиэтникалық қоғам өміріндегі процестер дамуының күтпегендік, ойда болмағандық пен біркелкі еместік деңгейі бар аса қозғалмалы әрі жылдам өзгеретін саласы. Қазақстан өзінің сипаты жағынан полиэтникалық мемлекет болып табылады. Халықтың жалпы санының - 55, 8 пайызын - қазақтар, 28, 3 -орыстар, 3, 3 - украиндар, 2, 6 - өзбектер, 1, 8 - немістер, 1, 6 - татарлар, 1, 5 - ұйғырлар құрайды. Сол себептен этносаралық өзара қатынастарды зерттеу мәселелері қазіргі уақытқа дейін өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. . ”[20]

Қазақстан жерінің транзиттік миграцияға қолайлылығы, сонымен қатар әлеуметтік шиеленіс пен потенциалды конфликтілерге қосымша серпін беретіні белгілі. “Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты 12 этникалық ареалды (кикілжің болуы мүмкін аймақ) бөліп шығарған. Қазақстан Республикасындағы соңғы он жылда бой көрсеткен алты этникалық кофликтіні талдау Қазақстанға тән этникалық конфликтілердің үш негізгі типін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

  1. этникалық-әлеуметтік, антииммигранттық (әлеуметтік, экономикалық себептерге байланысты) ;
  2. сепаратистік (этнотерриториялық саяси-құқықтық жағдайлар)
  3. ирреденттік - Оралдағы ( 1999 ж. қыркүйек) . ”

Саясаттанушы А. Бижанов, ұлтаралық бөтенсу мен ұлттық эгоизмді мынандай үш негізгі фактор туындатады дейді: экономикалық фактордағы қиындықтар; жұртшылықтың қорғалу дәрежесінің төмендігі; тұрмыстық ұлтшылдық пен шовинизм белгілерінің бой көрсетуі. Бұлардан шығатын түйін, миграциялық саясатты ойластырып, таразылап алып барып жүргізу керек, ұлтаралық бейбіт қарым-қатынас орнату үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, тұрақтандыру қажет. Қазақ елі үшін өркендеп өсу негізгі мақсат. “Қазақтың саны мен үлесін артттырудың бірнеше жолдары бар. Бірінші, табиғи өсім мен иммиграция. Екінші, әлеуметтік жаңғыру мен білім дәрежесінің өсуі. Үшінші, экономикалық және саяси белсенділікті өсіру болып табылады. ” Қазіргі біздегі көші-қон мәселесі заңды процесс. Еліміздің 2030-жылға дейінгі даму стратегиясы бойынша Қазақстанда 25 млн-ға жетерлік дені сау, тұрмысы ауқатты, әрі салауатты өмір салтын ұстанған, білімі терең азаматтар мен тұрғындар болуы керек делінген. Мұндай көрсеткіштерге жету тек табиғи өсімді арттыру арқылы мүмкін болмайтындықтан, әрбір мемлекет, оның ішінде Қазақстан Республикасы да иммиграцияны жүргізуде [21] .

Кәсіптік қатынас тұрғысында шетелдік жұмыс күшіне сұраныс ішкі еңбек рыногы есебінен қанағаттандырылмайтын жоғары кәсіби табиғи және инженерлік, қаржы-экономикалық және кәсіпкерлік қызмет салаларына бағытталған. Бірақ практикада олармен қатар кеңінен тараған кәсіптер бойынша орта білікті қызметкерлер де тартылып отыр. Еңбек миграциясы бөлімінде біліктілігі төмен жұмыс күшінің тартылуын тежей отыра, елге жоғары білікті мамандардың, сондай-ақ инвестициялауға мүдделі, ұлттық жұмыс күшінің сапасына тікелей немесе жанама түрде ықпал етуге қабілетті шетелдік инвесторлардың келуін қосымша ынталандыру көзделуде. Қазіргі кезде және болашақ уақытта азаматтардың лайықты еңбекке қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту; кәсіпкерлікті қолдау және түрлі нысандағы несиелендіру жүйелерін дамыту; әлеуметтік қамсыздандыру деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және арттыру; тұрғын үй құрылысын дамыту және тұрғын үйге жетерлікті қамтамасыз ету негізінде эмиграциялық үрдістерді тежеу жөніндегі шаралар қолданылмақ. Қазақстан бұрын кез келген себептер бойынша қоныс аударған азаматтардың реэмиграциясын ынталандыру және қолдау бойынша қосымша шаралар белгіледі [22] .

2007 жылғы 22 қарашада ТМД үкімет басшылары Ашхабадта мигранттар статусы жөнінде конвенцияны қарастырды. Кезекті отырыста “конвенция жобасының негізгі мақсаты - еңбек етіп жүрген мигрант отбасы мүшелерінің құқығын қамтамасыз ету, оларды қабылдаған мемлекет қоғамдық өмірге байланысты қағидаларды жергілікті азаматтармен тең дәрежеде пайдалану” - деп атап көрсетілді [23] .

Қазақстандағы көшіп-қонушылардың жағдайын зерделеу нәтижелері бойынша көшіп-қонушылардың құқықтарын реттеудегі мынадай проблемаларды атап көрсетуге болады:

  • көшіп-қонушыларды құжаттандыру мәселелерін қарау, сондай-ақ олардың, әсіресе оралмандардың азаматтыққа кіруін көші-қон қызметі ұзақ мерзімге созады, бұл көшіп-қонушыларға ұлттық заңнамада көзделген өз құқықтарын толық көлемді пайдалануға жол бермейді;
  • көшіп-қонушылар ұлттық заңнамадағы шектеулерге байланысты өз құқықтарын іске асыра алмайтын жағдайлар болады;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік - педагогикалық жұмысты ұйымдастыру
Мигрант отбасы балаларымен әлеуметтік - педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың алғышарттары
Отбасы және бала тәрбиесі
Мигрант отбасылар және олардың балаларымен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
Көші - қонның шарықтау шегі
Қолдау әрекетін әлеуметтік - педагогикалық және психологиялық жобалау
Көші - қон үрдісінің қауіпсіздікке ықпалы
Қайтымсыз көші - қон
Миграцияның жалпы теориялық мәселелерін қарастыру
Біріккен ұлттар ұйымының мигранттарға байланысты қабылдаған құжаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz