СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
3

АНЫҚТАМАЛАР
4

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
5

КІРІСПЕ
6
1
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
13
1.1
Экологиялық білім беру мен экологиялық мәдениет мәселелерінің ғылыми әдебиеттерде зерттелу жайы
13
1.2
Студенттердің экологиялық білімдерін қалыптастырудың
психологиялық-педагогикалық алғышарттары
19
1.3
ЖОО студенттеріне экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы экологиялық білім беру мәселелері
24
1.4
Студенттердің экологиялық білімін қалыптастырудың
құрылымдық-мазмұндық моделі
31
2
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ
37
2.1
Студенттердің экологиялық білімдерін қалыптастыруды
жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жүзеге асыру
мүмкіндіктері
37
2.2
Студенттердің экологиялық білімін қалыптастыру негіздері элективті курсы арқылы экологиялық білім беруде педагогикалық әдіс- тәсілдерді қолдану шарттары
50
2.3
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері
59

ҚОРЫТЫНДЫ
67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
69

ҚОСЫМШАЛАР
75

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл диссертациялық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылған:
- Қазақстан Республикасының ресми материалдары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы;
- Қазақстан Республикасындағы білім беру стандарты, пәндік оку бағдарламалары, тақырыптық оку жоспарлары;
- ҚР Конституциясы;
- Қазақстан-2030 даму стратегиясы;
- Білім мемлекеттік бағдарламасы;
- ҚР Экологиялық білім бағдарламалары;
- ҚР Экологиялық қауіпсіздікті сақтау;
- ҚР 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік түжырымдамасы;
- ҚР жалпы білім беру жүйесіндегі экологиялық білім беру мен тәрбиелеу тұжырымдамасы;
- ҚР Үкіметінің қаулылары және т.б.

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:
Білім - білім алушының білім, білік, дағды және құзыреттілікті меңгеруге бағытталған мақсатты әрекеті. Дүниеге көзқарасты бейнелейтін адамзаттың тәжірибесі. Бұл үдеріс өмір бойы жүзеге асады. Дүниетаным дамуының үлкен тірегі.
Экологиялық білім дегеніміз - үздіксіз оқу үрдісі және ғылыми-тәжірбиелік білім мен іскерлік жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар ол тұлғаның дамуы мен тәрбиеленуінің, экологиялық өмір салтын қалыптастырудың, тұрақты табиғатты пайдалану мен тұтынудың, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі мен тәртібінің құндылық бағдарлары болып табылады.
Экологиялық білім жүйесі ұйымдық формалардың іс-әрекетін үйлестіретін үздіксіз экологиялық білім жиынтығының міндеті мен мақсатын жүзеге асыру үшін керек. Олар - экологиялық білім инфрақұрылымы, басқарудың нормативтік-құқықтық, ғылыми-әдістемелік және экономикалық реттеу.
Экологиялық білім стратегиясы - экологиялық білім аймағындағы мемлекеттік саясат негізін құрайтын, оны жүзеге асырудың негізгі бағыттарын анықтайтын экологиялық мәдениетті қалыптастыру, яғни адам- табиғат, қоғам-табиғат қарым-қатынас саласындағы қоғамдық ой-сана ғана емес, оның терең қажеттілігінің өзгерісін түсінетін ұстанымдар, мақсаттар, ойлар басымдығының жүйесі.
Экологиялық мәдениет - әрбір адамның және елдің экологиялық қауіпсіздігі, салауатты өмір салтын, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қалыптастыру, қоршаған табиғи орта мен адам қызметі қарым- қатынасының ежелден келе жатқан тәжірбиесі.
Экологиялық қауіпсіздік - мемлекет аймақтарының стратегиялық міндеттерінің бірі, ерекше атап айтқанда, халықтың тұрмыс жағдайының тұрақтылығы мен қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету. Экологиялық жағдайдың нашарлау себептерінің бірі халықтың экологиялық білім деңгейінің төмендігі немесе жеткіліксіздігін көрсетеді.
Экологиялық парасат - өркениетті адамдық қасиеттің көрінісі-экологиялық сабыр-салауаттылық, білімдарлық, үлгі-өнеге көрсететін адам бейнесіндегі қадірлі қасиет. Парасат тұлға дамуының негізі болып табылады. Экологиялық парасатсыз дүниеге адамгершілік көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экологиялық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің, табиғатты қорғау құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ЖОО
Жоғары оқу орны
ҚР
Қазақстан Республикасы
МЖБС
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары
т.б.
тағы басқалары

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі табиғат-қоғам-адам жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүниежүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда [1].
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-ші бабында, білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі болып, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігі айтылған. Қазақстан экономикасының алға басуына және халықтың әл-ауқатының өсуіне жасалып отырған үлкен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, нарық тұсында өмір сүріп, еңбек етуге, табиғатпен үйлесімді өмір сүруге өзін-өзі бейімдей алатын адам тәрбиелеу педагогика ғылымының басты мақсаты болып саналады [2].
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты кезекті Қазақстан халқына Жолдауында: Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар [3]; Қазақстан - 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан Халқына Жолдауында: Әлем ауыр дүниетанымдық және құндылықтық дағдарысты бастан кешіріп отыр [4] - деп ерекше мән беруі қоғамның дүниетанымы жоғары, белсенді азаматтық ұстанымы қалыптасқан, биік деңгейлі адамгершілік және көшбасшылық қасиеттері бар тұлғаға сұраныс тудырып отырғанын дәлелдей түспек. Еліміздегі қалыптасып отырған экономикалық дағдарыстар, жалпы білім беру салаларында экологиялық білім мен мәдениеттің, тәрбиенің қажет екенін көрсетеді. Қазіргі уақытта еліміз экологиялық қиын жағдайларды бастан өткеруде. Айта кетер болсақ, аналар мен балалар арасында әртүрлі аурулардың белең алуы, ауа,су, топырақ құрамының өзгеріске ұшырап, ластануы, шөлейттердің көбеюі, табиғи ресурстардың сарқылуы, өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жоғалып сиреуі, Қазақстанда табиғи ортаның жалпы экологиялық жағдайдың бұзыла бастағанын сипаттайды.
Жоғары оқу орындарының негізгі ұстанымы - бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу, тұлғаның мәдени және құндылықтық деңгейі мен ақыл-ойын арттыру, жоғары білімді мамандарды қоғам қажеттілігіне сай даярлау.
Жоғары оқу орындарының алдында тұрған міндеттердің бірі - жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын қалыптастыру, олардың табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасымен еңбек ететін жерінде жоғары, саналы, экологиялық білімді пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Әрбір адамның экологиялық білім дәрежесі мен тәрбиесі орта, арнаулы білім беру және жоғары оқу орындарында келешектегі өмірге деген көзқарасын қоғам алдында жауапкершілігін сезіне алатын тұлға тәрбиелеумен қалыптасады. Өзінің мазмұны жағынан қазіргі экологиялық тәрбие тұлғаның орасан зор біліктілігімен елеулі зияткерлікті, ізденісті, адамгершілікті эстетикалық көріністі талап ететін адамның белсенді қызметінің айрықша еңбегі болып табылады [5].
Қазіргі кезеңде ізгілендіру мен демократияландыруға бағытталған білім стандартын, оқытудың озық технологияларын, экологиялық білім негіздерін оқыту үрдісіне енгізу білім беру жүйесін дамытудың негізі болып саналады. Сол себепті, экономикалық сана және экологиялық мәдениеттілікті болашақ маман иелерінің бойына қалыптастыру үшін кәсіпкерлік және нарықтық шаруашылықтың заңдылықтарымен студенттерді міндетті түрде таныстыра отырып, экологиялық білім негіздерін оқыту кезінде жеке тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын қарастыру кезек күттірмес міндеттердің бірі. Экология пәнін оқыту экологиялық және әлеуметтік мәселелердің мәнін түсіндіруге, қоршаған орта мен адам арасындағы өзара байланыстың дамуына талдау жасауға үйретеді [6].
Орта ғасыр ғұламалары да табиғатты қорғауға байланысты өз көзқарастарын, пікірлерін келтіріп өткен. IX-XV ғғ. қазақ топырағынан шыққан ғұлама ғалымдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, М.Қашқари және т.б. табиғат, қоғам, адам дамуының заңдылығын, біртұтастығын, өзара байланыстылығын өздерінің ғылыми дүниетанымына арқау ете отырып, ұрпақ тәрбиесінің қайнар көздеріне үлкен мән берген.
Сонымен қатар, ағартушылар Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, қазақтың ұлы зиялылары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев шығармаларында табиғат құбылыстарын, оның әсем көріністерін табиғат-адам қарым-қатынасымен байланыстырып қарастырған [7-18].
Бүгінгі таңда бұл мәселеге философтар, психологтар, педагогтар ерекше мән беріп, әр қырынан зерттеуде. Мәселен, оның философиялық негізін ТМД ғалымдары (С.С.Аверинцев, Э.В.Гирусов, М.С.Каган, Р.С.Карпинская, Б.Т.Лихачев, Ф.Я.Палинчак, Н.Ф.Реймерс, И.П.Сафронов, К.О.Стошкус), республикамыздың ғалым философтары (Ақмамбетов Ғ.Ғ., Әбділдин Ж.М., Әбішев Қ.Ә., Нысанбаев Ә.Н., Шалабаева Г.К.), білім мазмұнын, оның ішінде жоғары мектептегі оқытудың дидактикалық негіздерін ғалым педагогтар М.Н.Сарыбеков еңбектерін атап өтуге болады [19-33].
Ғалымдардың зерттеу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесінде, атап айтқанда: Ресейде (Голубец М.А, Дерябо С.Д, Захлебный А.Н, Иоганзен Б.Г, Кучер Т.В, Миронов А.В, Соломина С.Н.) Қазақстанда (Бейсенова Ә.С, Аймағанбетова Қ, Бірмағанбетов Ә.Б, Жатқанбаев Ж.Ж, Жүнісова К.Ж, Қоянбаев Р.М, Тілеубергенов С.Т, Торманов Н.Т.) экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін қарастырғаны айқындалды [34-46].
Экологиялық білім беруде жоғары оқу орындары оқытушылары тарапынан инновациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселе болып табылады.
Инновациялық үдерістерді зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үдерісіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы К.Ангеловский, М.В.Кларин, Н.В.Горбунова, В.Я.Ляудис, М.М.Поташник, С.Д.Поляков, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова және т.б. көптеген зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған [47-48].
Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде кейбір ғалымдар инновациялық үдерістерді зерттеу барысында жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсына отырып (Н.И.Лапин), жаңалықты енгізуді әртүрлі деңгейде (жалпы ғылымилық, жалпы әдіснамалық) талдаудың қажеттілігіне ерекше көңіл аударады [49].
Инновациялық-педагогикалық іс-әрекеттің жалпы және өзіндік ерекшеліктерін В.И.Загвязинский, П.И.Пидкасистый, А.И.Пригожин, Ю.Н.Кулюткин, А.К.Маркова, Н.Д.Никандров, Я.А.Пономарев, В.А.Сластенин, Л.С.Подымова, Л.Н.Фридман секілді біршама ғалымдар зерттеген [50-51].
Соңғы жылдары Қазақстандық ғалымдар педагогикалық инновация мәселесіне ерекше мән беріп (Қ.Қ.Қабдықайыров, Ш.Т.Таубаева, С.Н.Лактионова, С.А.Көшімбетова және т.б.) әсіресе оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалану туралы қарастырған [52].
Зерттелген еңбектерге талдау жасай келе, экологиялық білім мен тәрбие беруге қатысты ғылыми еңбектерді бірнеше бағытқа бөліп қарастырдық.
Студенттердің білім мен тәрбие берудің әлеуметтік және психологиялық мәселелерін арнайы зерттеген ғалымдар: Ш.Ж.Арзымбетова, А.Қ.Егенисова, Ы.Б. Мұқанова, А.Б. Айтжанова, Ұ.Ә.Есім, К.М.Беркінбаев, З.Е.Сыдыкова, т.б, тұлғаны тәрбиелеудегі экологиялық білімнің рөліне тоқталған [53].
Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-әдістемелік жүйесін, оның ішінде жекелеген пәндерді оқыту процесінде жүзеге асырылуы жөнінде: Ә.С.Бейсенова, Қ.Ж.Аганина, Д.Жангелдина, Н.С.Сарыбеков, М.Сарыбеков, К.Жүнісова, К.Сарманова, Ж.Шілдебаев, Б.Тлебаева, Ө.Тлебаева, Ө.Танабаев, Р.Т. Төлегенова, Р.С. С.А.Ұзақбаева, К.О.Шайхеслямова, А.Е.Манкеш, З.С.Даутова, Ш.Ш.Карбаева, А.Х.Даменова т.б. өз еңбектерінде студенттердің экологиялық білім-біліктері мен дағдыларьн қалыптастыру жақтарына баса назар аударған [54-56].
Бүгінгі танда оқытудың озық технологиялары негізінде студенттердің экологиялық білімдерін қалыптастыруды оқыту үрдісіне енгізу - білім бсру жүйесін дамытудың негізгі көздерінің бірі болып табылады.
Қазіргі заманда студенттердің экологиялық білімдерін қалыптастыру барысында әр түрлі қарама-қайшылыктар кездеседі. Студенттердің табиғатты қорғауға, қоршаған ортадағы барлық заттарға ұқыпты қарауға тәрбиелеп, экологиялық идеяларды насихаттайды. Бірақ, барлық оқу бағдарламаларында экологиялық заңдылықгардың маңызын ашып көрсететін қажетті мәліметтер жеткілІкті түрде еңбеген, студенттердің экологиялық біліктілігін арттыру жүйесі казіргі талаптарға сәйкес жасалынбаған. Яғни, қазіргі өмір талабы мен студенттердің экологиялық дағдыларына қойылатын талаптарды жетілдірудін жаңа технологиялары мен педагогикалық шарттарын аныктау - бүгінгі күннін өзекті мәселесі.
Сондықтан бұл жұмыстың да алдына қойған мақсаты казіргі тандағы сұранысқа жауап беруде манызы жоғары.
Зерттеушілердің еңбектерінде студенттердің заман талабына сай, экологиялық білімдерін қалыптастыру мәселесін зерттеп, белгілі нәтижелер алуымызға мүмкіндік жасап, негізгі бағыт-бағдар берген құнды ізденістер жасалынды. Дегенмен, бұл еңбектерде студенттердің экологиялық білімдерін калыптастыруды ғылыми-теориялық тұрғыда зерттеп, педагогикалық шарттарын анықтау және ғылыми-әдістемелік жүйесін кұру мәселесі кажетті деңгейде заман талабына сай зерделенбеген. Қазіргі өмірге бейімделе алатын, табиғатпен үйлесімді өмір сүре білетін студенттің жеке тұлғасын қалыптастыруға жағдай жасайтын экологиялық біліктілігін калыптастыруға деген қажетіліктін орнын толтыратын экологиялық дағдыны қалыптастыру ғылыми-теориялық тұрғыда негізделіп, әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеуі арасында қайшылықтар бар екені анықталды.
Бұл кайшылықтар біздің зерттеуіміздің мәселесін нақтылауға, яғни, студенттердің экологиялық білімдерін қалыптастыру мазмұнын талдаудың педагогикалық шарттарын іріктеп, соның негізінде экологиялық біліктерін қалыптастыру жолдары мен әдіс-тәсілдерін анықтай отырып, студенттердің экологиялық дағдыларын арттырудың ғылыми-әдістемелік жүйесін құруға оң ықпал етеді.
Жоғарыда аталған мәселелердін өзектілігі Педагогикалық ЖОО-да экологиялық білімді қалыптастыру атты магистрлік диссертация такырыбында ізденістер жүргізуге негіз болды.
Зерттеу мақсаты - оку-тәрбие үрдісінде студенттердің экологиялық білімдерін қальштастырудың педагогикалық шарттарының жүйесін теориялық тұрғыда негіздеу және эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеу нысаны - жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесі.
Зерттеу пәні - жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық білімдерін қалыптастыру.
Зерттеу болжамы. Егер, студенттердің экологиялық білімдерін қалыптастыруды ғылыми-теориялық тұрғыда негіздеп, экологиялық білімдерін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік жүйесінін кұрылымы мен құрамы аньқталса; экологиялық білімдерін қалыптастырудың жолдары мен әдіс-тәсілдері нақтыланса, онда жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық білімдерін қалыптастыру тиімді болар еді, өйткені, бұл ретте, экологиялық білімдері қалыптасып, бүгінгі жоғары оқу орындарында әлеуметтік-экономикалық жағдайда табиғатпен үйлесімді өмір сүруге дайын жеке тұлға қалыптасады.
Зертеу міндеттері:
* Жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық білімдерін қалыптастырудьң ғылыми-теориялық негіздерін қарастырып, педагогикалық шарттарын анықтау;
* Жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық білімдерін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
* жаңа педгогикалық технологиялар негізінде жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық білімдерін қалыптастыру мүмкіндіктерін белгілеу;
* Өзіндік жұмыс орындау барысында студенттердің экологиялық білімдерін қалыптастыру жолдары мен тәсілдерін анықтау;
* Жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық білімдерін қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтап, тәжірибелік-эксперимент барысында сынақтан өткізу.
Зерттеудің жетекші идеясы: студенттер экологиялық білімдерін қалыптастырса, жоғары оқу орнынан бастау алған тұлғалар әлеуметтік-экономикалық жағдайда табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, еңбек етуге бейімделеді.
Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері: экологиялық мәдениет, табиғат пен адам, табиғат-қоғам, экологиялық сана, экологиялық ойлау, модульдік технология түсініктерінің мәні ашатын теориялық қағидалар; сондай-ақ әлеуметтік, философиялық, психологиялық және педагогикалык аспектілер бойынша экологиялық білімді қалыптастыру мәселелерін қарастыратын ғалымдардың ойларын, көзқарастарын, тұжырымдамаларын зерттеу, талдау және жалпылау (Б.Т.Лихачев, Ф.Я.Паменчак, Г.В.Платонов, В.И.Вернадский, Э.В.Гирусов), модульдік, педагогикалық технологиялар саласында психологиялық-педагогикалық зерттеулер (Ш.Таубаева, М.Жанпейсова) білім беруді экологияландыру, табиғат пен адам бірлігі, үздіксіз білім беру, экология ғылымынын негізгі кағидалары, түжырымдары мен теориялары, жеке түлғанын дамуы туралы еңбектері (Ә.С.Бейсенова, Д.Жангельдина, Н.С.Сарыбеков, М.Сарыбеков, Ж.Шілдебаев, С.А.Ұзақбаева) құрайды.
Зерттеу көздері:
Қазақстан Республикасының ресми материалдары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы;
- Қазақстан Республикасындағы білім беру стандарты, пәндік оку бағдарламалары, тақырыптық оку жоспарлары, ҚР Конституциясы, Қазақстан-2030 даму стратегиясы, Білім мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Экологиялық білім бағдарламалары, ҚР Экологиялық қауіпсіздікті сақтау, ҚР 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік түжырымдамасы, ҚР жалпы білім беру жүйесіндегі экологиялық білім беру мен тәрбиелеу тұжырымдамасы ҚР Үкіметінің қаулылары және т.б.
Зерттеу әдістері:
- зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми-теориялык әдебиеттерді талдау;
- экологиялық білім беруге байланысты, ресми және нормативтік кұжаттармен, мерзімді баспа материалдарымен танысу;
- студенттерге сауалнамалар жүргізу, әңгімелесу;
- эксперимент жұмысын ұйымдастыру және алынған қорытынды нәтижелерді өңдеу;
- экологиялық білімдерін қалыптастыруға қатысты материалдарды жүйелеу және оларды толықтыру;
- зерттеу мәселесі бойынша озық педагогикалық іс-тәжірибелерді оқып-үйрену, талдау, бақылау, қорыту, педагогикалық модель жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы:
- Жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық білімдерін қалыптастыру мәні мен мағынасы анықталып, ғылыми-теориялық тұрғыда негізделді;
- Жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық білімдерін қалыптастырудағы көрсеткіштері мен критерийлері, компоненттері айқындалды;
- Жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық білімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталып, жаңа технологияларды пайдалану аркылы іске асырылды;
- педагогикалық шарттар негізінде жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық білімін калыптастырудың тиімді жүйесі жасалынып эксперимент жолмен дәлелденді.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық білімдерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық тұрғыдан қарастылып жүйеленген сипаттамасы - оның педагогикалық шартгарын құрайды.
2. Жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық білімдерін калыптастыру кұрамы анықгалып, құрылымы түзілген әдістемелік жүйе негізінде жүзеге асырылады.
3. Педагогикалық технологияларды қолдануға сәйкес жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық білімдерін қалыптастырудың көрсеткіштері мен критерийлері, компоненттері нақтыланды.
4. Жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық білімдерін қалыптастыруда жаңа технологияларды қолданудың жолдары мен әдіс-тәсілдері студенттердің экологиялық білімдерін тиімді меңгеруіне мүмкіндік жасайды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Ғылыми зерттеу материалдары студенттердің экологиялық білімдерін қалыптастырудың жоғары оқу орындарына енгізуге арналған практикалық көмек ретінде төмендегі ғылыми-әдістемелік материалдар ұсынады;
- педагогикалық технологиялар негізінде студенттердің экологиялық білімдерін қалыптастыру жүйесі жасалынды;
- студенттердің экологиялық білімдерін қалыптастыру жолдарының педагогикалық және психологиялық механизмі;
- өзіндік жұмыс орындау барысында студенттердің экологиялық білімдерін қалыптастыруға арналған сабақ үлгілері, бағдарлама;
- жоғары курстарға арналған элективті пәндер қатарына енгізілетін экология курсының бағдарламасы.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі:
Зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер мен қорытындылар дәйектемелерінің ғылыми негізделуімен, теориялық түбегейлігімен, қойылған мәселердің шешілуінің біртұтас келісімен, зерттеу мақсатына, міндетіне, ізденіс логикасына сай, жалпы ғылыми және нақтылы әдістерінің бірлігімен, педагогикалық тәжірибеден алынған нәтижелермен дәлелдетіп, негізделді. Экологиялық білім мен тәрбие беру арнайы курсының жобасы жасалынып, ондағы білім мазмұны, бағдарламасы, модульдік технология негізінде студенттердің экологиялық білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар анықталып, бағдарлама дайындалды. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау жүйесінде көмек ретінде пайдалануға болады.
Зерттеудің базасы: 22222222222
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу: Жұмыстың қысқаша мазмұны халықаралық конференциялар материалдары мен республикалық басылымдарда жарияланды. Кафедра талқылауынан өткізілді.
Зерттеу кезеңдері: педагогикалық ЖОО-да экологиялық білімді қалыптастыруға арналған тәжірибелік-педагогикалық жұмыс қойылған мақсатқа сай екі кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде (2014-2015 жж.) зерттеу міндеттері мен бағыттарын айқындау мақсатында қарастырылып отырған мәселенің теория мен практикадағы жағдайы айқындалды, философиялык, психологиялық, педагогикалык, әдістемелік, арнаулы әдебиеттерге шолу жасалынды, зерттеудін ғылыми аппараты анықталды, ізденіс бағыттары бойынша нақты міндеттер белгіленді, экологиялық жұмыстардың бағыттары, мазмұны, тенденциялары, айқындалып, студенттерге экологиялық білім мен тәрбие қалыптастыруға дайындаудың бастапқы деңгейі белгіленді, зерттеу тақырыбы нақтыланды. Жоғары оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбиенің берілу жолдарын жетілдірудің педагогикалық шарттары анықталып, теориялық негіздемесі жасалынып, нақтыланды. Экологиялық білім мен тәрбие беру арнайы курсынын жобасы жасалынып, ондағы білім мазмұны, бағдарламасы, модульдік технология негізінде студенттердің экологиялық білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар анықталды, эксперимент жұмыстарының бағдарламасы дайындалды.
Екінші кезеңде (2015-2016 жж.) студенттерге экологиялық білім мен тәрбие берудің жаңа модульдік оқыту жүйесі бойынша тәжірибелік-эксперименттік сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілді; арнайы курс бағдарламасы сынақтан өткізілді.
Студенттердің экологиялық білім мен тәрбиесін қалыптастыруға арналған әдістемелік нұсқау әзірленді және эксперимент жұмысын қорытындыланып, сандық және сапалық жағынан өңделіп диплом алды практикада кеңінен қолданылып қорытындыланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі негізделді, ғылыми аппараты: нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, негізгі кезеңдері, ғылыми жаңалығы мен теориялық және практикалық маңыздылығы, ғылыми болжамы, қорғауға ұсынылатын қағидалары ашып көрсетілді.
Студенттердің экологиялық білімдерін қалыптастырудың ғылыми-практикалық алғышарттары және әдіснамалық негіздері тақырыбындағы бірінші тарауда студенттердің экологиялық білімдерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық алғы шарттары ғылыми тұрғыдан негізделіп, жоғары оқу орнының студенттерінің экологиялық білімін қалыптастыру негізінде жеке тұлғаның тұлғалық мүмкіндіктері зерделенді, студенттердің экологиялық білімін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделінің сипаттамасы, бейіндік білімнің құзіреттілігі ұсынылды.
Студенттердің экологиялық білімдерін жаңа педагогикалық технологиялар негізінде қалыптастыру мақсатындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны тақырыбындағы екінші тарауда студенттердің экологиялық білімдерін қалыптастырудың жаңа педагогикалық технологиялар негізіндегі жүзеге асыру мүмкіндіктері зерттеліп, өзіндік жұмыс орындау барысында студенттердің экологиялық білімін қалыптастырудың әдістемелік ерекшеліктерін анықтауда көмек беретін әдістемелік ұсынылды, тәжірибелік эксперимент барысы мен оның корытынды нәтижелері берілді.
Қорытынды бөлімде теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдан ұсыныстар берілді.
Қосымшада жалпы оқу іс-әрекетті анықтау мақсатында қолданылған диагностикалық материалдар, студенттерге арналған сауалнамалар берілді.

1 СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

.1 Экологиялық білім беру мен экологиялық мәдениет мәселелерінің ғылыми әдебиеттерде зерттелу жайы
Қазіргі уақытта әлемдік қоғам назары экологиялық білім беру мәселесіне аса назар аударылуда. Себебі, қазіргі таңда кез-келген адам баласы үшін кезек күттірмейтін екі мәселе туындап отыр. Біріншісі, адам қазіргі кезде табиғатпен тығыз қарым-қатынаста болуы, алайда мұның арты орны толмас экологиялық қиын жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін. Екіншісін таңдар болса, онда биосфераны сақтап қалуға тырысу керек, ол үшін адамдардың табиғатқа деген көзқарасын түбегейлі өзгерте отырып, жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру қажет. Бұны, БҰҰ мен бірқатар мемлекеттердің адам және оны қоршаған орта туралы жаңа бағыттағы білім жүйесін қалыптастыратын, биосфераны сақтап қалуға бағытталған, энергияны және ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізуді міндеттейтін тұрақты даму стратегиясын қабылдауына байланысты түсіндіруге болады [57].
Экологиялық білім беру мәселесіне қоғамның назар аударуының тағы бір себебіне, антропогендік түрдегі (табиғи ресурстардың азаюы, биоалуантүрліліктің төмендеуі, қоршаған орта жағдайының төмендеуі, зиянды қосылыстардың көбеюі және т.б.) экологиялық проблемалардың пайда болуы жатады. Қазіргі кезеңде экологияның ғаламдық мәселелері көптеген адамдардың қызығушылығын тудырып отыр. Біздің республикамызда табиғат қоршаған ортаны қорғау саяси, экономикалық және мемлекеттің әлеуметтік тапсырмасының маңыздылығына жатқызылған.
Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген: "Мемлекет өзінің мақсатын адам денсаулығын және өмірге қолайлы, қоршаған ортаны қорғау қойылған". Экологиялық мәдениет - әрбір қоғамдағы жалпы мәдениеттің ең мәнді элементтерінің бірі болып табылады, өйткені әлеуметтік іс-әрекет ұдайы қоршаған ортаның өмір сүру талаптарымен байланыста болады. Яғни экологиялық мәдениет әлеуметтік феномен ретінде қоғам мен табиғаттың өзара қарым - қатынасын реттеу қажеттілігінен туындайды. Б.Т.Лихачевтің пайымдауынша экологиялық мәдениеттің мәні экологиялық тұрғыда негізделген еркін қалыптастыруы мүмкін. Экологиялық мәдениет тұлғамен, оның түрлі қыр - сырымен және қасиеттерімен органикалық байланыста болады [58].
Ғылыми әдебиеттерде экологиялық мәдениет ұғымына көптеген түсінік, анықтамалар берілген. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру проблемасы бойынша алыс және жақын шет елдік ғалымдардың қырықтан астам еңбектерінде қарастырылуы оның күрделі де, сан қырлы екендігіне көз жеткізеді. Экологиялық мәдениет ұғымына берілген анықтамаларды пайымдауда олардың мазмұны мен басты идеяларына қарай бірнеше бағытта қарастырылғандығын көрсетеді: экологиялық мәдениет - жалпы мәдениеттің бір бөлігі; экологиялық мәдениет адамдардың табиғатпен қарым - қатынастары жөніндегі қалыптасқан дүниетанымы, сенімі, түсініктері, білімі, іскерлігі, құндылық бағдар жүйесі; экологиялық мәдениетке - адамның өмірлік белсенді тұғырнамасы; экологиялық мәдениет адамның табиғатты теориялық, материалдық - практикалық, рухани ізгілікті меңгеруі және жаңартудағы мәнді күш - қуатының өлшемі, іс - әрекетінің жиынтығы; экологиялық мәдениет - адамның табиғатпен ғана емес, әлеуметтік - тарихи ортамен, биосферамен өзара әрекеттестігі [59].
Студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін экологиялық білім мен тәрбие қоса берілуі керек. Себебі, экология негіздерін білу - білім алушылардың бойында қалыптасып, дамитын экологиялық мәдениеттің түп тамыры іспеттес. 1993 жылы Ф.Майром ЮНЕСКО басшылығымен талданған жүргізуші халықаралық жобаның "Әлем мәдениеті" бағдарламасы болды (UNESKO and a cuIture of peace Promoting a GiobaI Movement), мұнда негізгі буын болып "Экологиялық мәдениет" бағдарламасы табылады. Адамзатта ең өзекті мәселе болып жаңа қоғам өмірін ұйымдастыру және бір тұтас білім принциптері болып табылады. Әрбір қоғамның даму сатысында азамат баласының табиғат пен саналы қарым-қатынас жасауының, яғни өзі тіршілік еткен ортасын қорғау мақсатында, жас ұрпақты тәрбиелеуде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан өзіндік тарихы бар [60].
Ғұлама ойшылдар философ, математик, психолог, педагог, табиғат зерттеушісі Әл Фараби, Ж.Баласағұн, С.Бақырғани, М.Қашқари сонау ерте кезден -ақ табиғат -- қоғам -- адам арасындағы дамудың өзара байланстығын және оның біртұтастығын өздерінің ғылыми дүниетанымына арқау ете отырып табиғатты жеке адамның ақыл-ойы мен сана-сезім тәрбиелеудің негізі екендігін көре білді [7, 12 б.]. Халқымыздың ақын жыраулары Бұқар жырау Қалқаманұлы, Қорқыт ата, Асан қайғы және т.б. барлық уақытта өз жырларында табиғат олардың өзекті мәселесі болды. Қазіргі заманда жеке экология мәдениетін түсіну, бөлек адамның құндылығын мойындайтын, оның білімге құқығы, бақытқа және адамның бастапқы құқығы - таза табиғат ортасында мәнсіз (мағынасыз) өмірсүру мүмкүндігін көрсету [61]. Адам - табиғаттың бір бөлігі, барлық табиғатқа қарсы істелген істер адам табиғатына әсер етуіде мүмкүн және оның психикасына, ойлау қабілетіне, әлеуметтік белсенділігіне ықпал етуі мүмкін. Э.В.Гирусев былай деген "экологиялық мәдениет - бұл біздің ішіміздегі ноосфераның пайда болуы".[62]. Білімді экологияландыру барлық білім жүйесіндегі органикалық және басымдылық бөлімі ретінде қаралады, стартегиялық мақсатты анықтау және жүргізуші бағыттар, оған жаңа құндылық беру, тек қана табиғатта ғана жаңа қарым - қатынас құрастырмайды, сонымен қатар қоғамға, адамдарға. Қолайлы жағдайлардың пайда болуына әрбір адамның құқығын қамтамасыз ету және қоршаған табиғат ортасындағы дағдарысты жоюға мүмкіндігі бар, қоғамды құрастыру шешімдері. Экологиялық мәдениет, жалпыадамзат мәдениетіндегі құрамдас бөлігі болып келеді, адам арасындағы құнды қарым - қатынас көлемі және әлеуметті табиғат ортасындағы процесстің пайда болуы және материалдық және рухани құндылықты және мінезін анықтайды, бағалы бағыт жүйесі пайда болады және қоғамның жауаптылық сатысы және тұрақты биосферадағы жеке адамды сақтау, экологиялық іс -- әрекетті дәлелдеу және адамзат қызметінің шешімінде және барлық түрлерде игеріледі, табиғатты қорғау және танумен байланысты. Барлық танымдық қызмет кезеңдерінде экологиялық мәдениетті құрастыру келе - келе болады, басқа бөлек жалпы білімберу пәндерінде оқытылады.
Сонымен, экологиялық мәдениет барлық білім алушылардың ойларында құрастырылуы керек, оны құрастыруға білім беру ұйымдарына үлкен жауаптылық жатады. Экологиялық мәдениеттің негізгі саласына жаратылыстану білімі жатады, бұл студенттердің білім жүйесіне, қазіргі заманғы адекваттық ғылыми әлем суретін құрастыру; экологиялық ойлау, әлемдітану, бағалы жобалар, экология заңын түсүнуге көмек көрсету мүмкүндігі, тәжірбиелі қызметтер, табиғатты пайдалануды игеруге септігін тигізетіні анық [63].
XX ғасырдың орта шенінде педагогтар В. Ф. Натали, Н. М. Берзилин, В.М.Корсунский, т.б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып дамытуты ұсынды. Ал, 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру КСРО бойынша оқу жүйесіне енгізіле бастады. Мәселен, 1947 жылы Беларуссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт - Петербург, т.б.) Биосфера, Экология, Табиғат қорғау, т.б. экологиялық курстар оқу жоспарларына еніп оқытыла бастады. Осы тұрғыда көрнекті педагог - ғалымдар Н. Д. Зверев, С. Д. Дрябь, В. А. Левин, Н. Т. Суравегин, А. Н. Захлебный, т.б. халықтық оқу жүйесінде экологиялық білім берудің сан - қырлы теориялық практикалық негіздерін ұсынды [64].
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасында мектеп жасындағы балалардың экологиялық білім алуының мемлекеттік жүйесін жасау жолында, олардың: Жер планетасының үстіндегі өмірдің, көп түрлі себеп - салдары байланыстары мен құрылуының тұтастығы, табиғат пен қоғам жөніндегі ғылыми көзқарастары туралы, ... био-сферадағы тіршілік негіздерін қиратудың қауіптілігі туралы білімдерді қалып-тастыру және Қазақстан Республика-сының экологиялық кодексінде атап өтілгендей Табиғатты қорғау мен табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарауды, белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің басты міндеттерінің бірі, - болып саналады [65].
Білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру проблемасын И.Д.Зверев, А.Н.Захлебный, Б.И.Иоганзен, И.Т.Суравегина, Е.Н.Кудрявцева және т.б. ғылымдардың еңбектерінің теориялық - әдіснамалық мәні зор. Экологиялық білім мен тәрбие берудың теориясы мен практикасы мәселелері А.Я.Ясвин, С.Н.Глазычев, С.Д.Дерябо, С.В.Алекторов сияқты зерттеушілердің ізденістерінде шешімін тапқан. Л.П. Семеновтың бастауш мектептегілерге экологиялық білім беру, Л.П. Салееваның төменгі сынып оқушыларының табиғатқа қатысын түсіндіру, М.В. Лучичтің мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты тануы, оларға жануарлар мен өсімдіктер туралы білім беру, А.Тушинаның бала бақшада табиғатты қорғауды үйрету, С.И. Николаеваның жанды жаратылысты қорғау, сақтау жөніндегі зерттеулерін табуға болады. Аталған еңбектерде балалардың табиғатты құрмет тұтуды үйренуі экологиялық тәрбиенің негізгі екендігі баса көрсетіледі. Сонымен бірге аталмыш ғалымдар баланың қолынан келетін еңбекке баулумен қатар балаларға табиғат жөнінде де білім беру экологиялық сауаттылыққа бастайтынын дәлелді түрде баяндайды. Баланың табиғат жөнінде алған білімі бастапқы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға негіз бола алады. Экологиялық мәдениет баланың ішкі сезімінің дамуына қарай, таңқалу, қызығу, қайғыру, тірі жәндіктерге қамқорлық жасау, оларды әлсіз тіршілік иесі ретінде қабылдау, қоршаған ортаның сұлулығын байқай білуімен тығыз байланыста қалыптасады [66].
Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негіздері қазақстандық ғалымдардың назарынан тыс қалмай Н.С.Сарыбеков, А.С.Бейсенова, М.Н.Сарыбеков, М.А.Лигай, Г.К.Длимбетова, Ұ.Есназарова, Ж.Ж.Жатқанбаев, А.Г.Сармурзина, В.В.Егоров және т.б. еңбектерінде қарастырылған [67].
Экологиялық білім мен тәрбие беруге байланысты қазақстандық ғалымдармен бірқатар зерттеулер жүргізіліп, экологиялық білім мен тәрбие берудің қажеттілігі, мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен принциптері зерттелді, экологиялық ұғымдар жүйесі анықталды. Табиғатты қорғау және экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздерін - Г.Т.Хайруллин; жеке пәндерді оқыту процесінде экологиялық тәрбие беруді - У.Ә.Есназарова,
А.Д.Болтаев; білім беру мәселелерін - Ж.Чильдебаев, Д.Жангельдина, С.А. Орынбеков; биосфераны Ж.Ж.Жатқанбаев зерттеді [68].
Елімізде орта мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін теориялық негіздеп, оған ғылыми-әдістемелік жағынан талдау жасаған педагог-ғалымдар У.Маканов, Ж.Ә.Шоқыбаев, Н.С.Сарыбеков,Ә.С.Бейсенова, А.Г.Сармурзина, Қ.О.Шайхеслямова еңбектерінің маңызы зор [69].
Тұтастай алғанда, жоғарыда қарастырылған зерттеулердің бағыттары және білім беру жүйесінде білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша жинақталған практикалақ тәжірибеге қарамастан білім алушылардың экологиялық мәде-ниетін қалыптастыру мәселесінің әлі де болса шешімі табылмағандығына көз жеткіземіз.
Мәдениет - тарихи даму барысында адамзат жасаған материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы. Адамдардың қолымен жасалынып жатқан құндылықтар, осы құндылықтырмен адамдардың өзара байланысы, олардың оны игеруі мәде-ниеттің маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан қарағанда, мәде-ниет - адамдардың бірлесе ғылыми, мора-льдық - әлуметтік, көркем және техникалақ құндылықтар жасаудағы қарым - қаты-настар жиынтығы. Сөйтіп, мәдениеттің мәні адамның өзіндік адамдық еңбегімен байланысты туындайтын өнім деуге болады.
Мәдениет жалпыға ортақ ұғымда адамзаттың материалдық және рухани еңбек өнімдеріндегі, әлуметтік нормалар мен мекемелер жүйесіндегі, рухани құндылықтардағы, адамдардың табиғатпен, өзара және өзімен қарым - қатынастарында көрініс алған тіршілік әрекетін ұйым-дастыру мен дамытудың өзіндік әрекеті ретінде сипатталады [70].
Мәдениет жалпыға ортақ әлуметтік құбылыс ретінде қоғам мен адамның өмір сүру салты болып та анықтала алады. Қазіргі таңдағы қоғамның алдында экологиялық апатқа әкеп соқтыруы мүмкін табиғатпен өзара әрекеттің қазіргі тәсілін сақтап қалу, не болмаса адам өміріне пайдасы бар биосфераны сақсақтап қалу мәселелері тұр. Көлемді экологиялық дағдарыстың қатерлілігі адамзат ата-улының өмір сүру шарты болып табылатын субъектінің жаңа этикасын, құнды-лықтарының жаңа жүйесін қалыптас-тыруды талап етіп отыр. Осыған орай қалыптасқан кәсіби іс - әрекеттерді экологиялық этика нормаларына сәйкес өзгерту туындайды (А. Швейцер, Н. Моисеев және т.б.) [71].
Экологиялық мәдениет - әрбір қоғамдаға жалпы мәдениеттін ең мәнді элементтерінің бірі болып табылады, өйткені әлеуметтік іс-әрекет ұдайы қоршаған ортаның өмір сүру талаптарымен байланыста болады. Яғни экологиялық мәдениет әлеуметтік феномен ретінде қоғам мен табиғаттың өзара қарым - қатынасын реттеу қажеттілігінен туындайды. Б.Т. Лихачевтің пайым-дауынша экологиялық мәдениеттің мәні экологиялық тұрғыда негізделген еркін қалыптастыруы мүмкін. Экологиялық мәдениет тұлғамен, оның түрлі қыр - сырымен және қасиеттерімен органикалақ байланыста болады. Ғылыми әдебиеттерде экологиялық мәдениет ұғымына көп-теген түсінік, анықтамалар берілген. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру проблемасы бойынша алыс және жақын шет елдік ғалымдардың қырықтан астам еңбектерінде қарастырылуы оның күрделі де, сан қырлы екендігіне көз жеткізеді. Экологиялық мәдениет ұғымына берілген анықтамаларды пайымдауда олардың мазмұны мен басты идеяларына қарай бірнеше бағытта қарастырылғандығын көрсетеді: экологиялық мәдениет - жалпы мәдениеттің бір бөлігі; экологиялық мәдениет адамдардың табиғатпен қарым - қатынастары жөніндегі қалыптасқан дүниетанымы, сенімі, түсініктері, білімі, іскер-лігі, құндылық бағдар жүйесі; эколгиялық мәдениетке - адамның өмірлік белсенді тұғырнамасы; экологиялық мәдениет адамның табиғатты теориялық, мате-риалдық - практикалақ, рухани ізгілікті меңгеруі және жаңартудағы мәнді күш - қуатының өлшемі, іс - әрекетінің жиын-тығы; экологиялық мәдениет - адамның табиғатпен ғана емес, әлеуметтік - тарихи ортамен, биосферамен өзара әрекеттестігі [72].
Демек, экологиялық мәдениет экологияны танып-білу, мінез-құлық, жүріс-тұрыс сипаты негізінде табиғатқа сүйіспен-шілікпен қарап, сақтай білу дегенді түсіндіреді деуге болады. Экологиялық мәселелердің қатарына өсімдіктерді, жан-жануарларды күте білу және табиғат аясында өзін-өзі алып жүру ережелерін сақтау да қосылады. Табиғат - адам тәрбиешiсi. Адам болып туып, адам болып қалу үшiн табиғаттың атқарар ролi зор. Табиғат бөлшектерi: жан-жануарлар дүниесi, өсiмдiктер әлемi, өзен, сай, биiк таулар, сағым тербеген сары дала - бәрi адамдардың ақыл-ойына - сана , денесiне - қуат, бойына - күш, өнерiне - шабыт, көңiлiне - қанат бередi. Табиғат жайлы түсiнiктi оқушылар дүниетану сабағында алады. Ал В.А.Сухомлинскийдiң пiкiрiнше экологиялық мәдениет дегенiмiз - баланы гүлге су құюға немесе тазалыққа үйрету емес, ол баланың санасына табиғат дегенiмiз - бiртұтас жүйе, ол адам мен табиғаттың бiрлiгiнен құралатындығын жеткiзу [73].
Сонымен, ғылыми-зерттеулерге жасаған талдауларда авторлар өздерінің зерттеу нысанына қарай педагогика ғылымына айтарлықтай үлес қосқанын, олардың зерттеу нәтижелерінің практикада кең көлемде қолданылып жүргенін, сондай-ақ, олардың тұжырымдарын қолдай отырып, біздің зерттеу проблемамызға қатысты қажетті бағыттарды аңғаруға болады. Жастарға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін зерттеу барысында экологиялық білім берудің негізі ЖОО студенттерінің түсінігін парасатты іс-әрекетке бағдарлаудың табиғи жолы жеткілікті зерделенбегені байқалды. Біз парасатты дамытарлық экологиялық білімді жетігуге және оның даму барысына жете көңіл бөліне бермегені бүгінгі күннің проблемасын туғызды демекпіз. Тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен бастап табиғитты қорғау жолындағы жасандылықтан қорғаудан табиғилық, ұлттық мәртебеден туған экологиялық парасатты іс-әрекетке көшуге мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлар жасалып келеді, Бірақ бұл мәселе экологиялық білім беру үдерісінде уақыт талабына сай жетілдірілуге тиіс.
Келесі кезекте студенттердің экологиялық білімдерін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық алғы шарттарын қарастырғанды жөн деп санадық.

1.2 Студенттердің экологиялық білімдерін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық алғы шарттары
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, мұндай жағдай адамзаттан бұрыңғыдан да саналы, ақылды болуды талап етеді. Экологиялық біліктілікті жүзеге асырудың бірі экологиялық білімді, жете меңгеру болып табылады. Экологиялық жағдайдың әсері нәтижесінде жүргізілетін қазіргі адамзаттың рухани санасын қайта қарау оларда алдыңғы кезекте жауапкершілік, даналық, ақылға салып көрушілік, аяушылық, табиғи ортаның әрбір байлығын бағалау және түсіну кабілеттерін дамытуға негізделген [74].
XX ғасырдың соңғы жылдарында экономикалық жетіспеушілік және элеуметтік саяси екі ұлттылық әсерінен экологиялық проблемалар екінші жоспарға ығыстырылды. Біздің қоғамымыздың рухани құлдырау көрсеткіштерінің бірі, біртіндеп экологиялық қауіптілікке үйренуіміз, қоршаған орта жағдайына салыстырмалы жауапкерсіздігіміз бен немқұрайлығымыз болып табылады. Осындай жағдайдан арылуда экологиялық білімді насихаттау мен экологиялық ағарту жүмыстарының мәні зор.
Бүгінгі таңда жаппай экологиялық білім мен тәрбие беру мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Экономикалық және экологиялық білім мен тәрбие беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылданып жатыр. Экологиялық жағдайлардың бәріне талдау жасау, оның зардабынан сақтану, шаралар қолдану, қоғамдық пікір туғызу үшін, көпшіліктің білімі мен тәрбиесін, мәдениетін көтеру керек. Ол үшін Елбасының қолдау көрсетіп отырған экономикалық, экологиялық саясатын іске асыру, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беруді жүйелі түрде жүргізу қажеттігі туады. Осы орайда, экологиялық білім беру дегеніміз - адамзат қауымы мен табиғаттың қоғамның үйлестігі негізінде жүзеге асатын білім беру жүйесі мен оқыту үрдісінің ең тиімді жолдарын өміршең ету. Оның ішінде қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары маман тәрбиелеу ерекше орын алады. Елімізде ерекше экологиялық апатты жағдайлар өріс алуынан туындап отырған мәселелерді шешу, табиғатты тиімді пайдалану үшін, адам әрекетінен пайда болған экологиялық, дағдарыстың өзгерістерін мейлінше тежеу, оны қорғау тәсілдерін үйретудің мәселелерін экологиялық білім беру аркылы ғана іске асыруға болады [75].
Экологиялық білім берудің мақсаты - жеке адамның бойына табиғатқа деген ізгілік пен әдет-ғұрыптарды қалыптастыра отырып, адам-коғам-табиғат арасындағы толық үйлесімділікті қалыптастыру және дамыту деп түсінеміз.
Экологиялық білім беру әрқашанда жеке адамның тәрбиесін және экологиялық мәдениетін қалыптастырудан бастап, көпшілікке үздіксіз білім беру деңгейіне көтеріледі. Ол үшін адамзаттың санасына. ой-өрісіне, дүниеге деген көзқарасына қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіру қажет [76].
Жергілікті материалдар мен толықтырылған және өз мәнінде жеткілікті, анық түрде берілетін экологиялық мәліметтер табиғатқа кезек күттірмес көмектің қажеттігі сенімін тудырады. Көп жылдар бойы табиғаттан алғанымызды біртіндеп болса да кайтару керектігін түсіндіреді.
Өндірістік, әлеуметтік және рухани тәжірибенің ұрпақтан-ұрпаққа берілуі -адамзат қоғамы дамуының алға шарттарының және қызметтерінің бірі. Сондықтан да, тәрбие беру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді тұлғалық – кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялау
Орта оқу орындарында география пәні арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру
Мектеп оқушыларының фермер мамандығына қызығушылығын қалыптастыру
Мектептерде география мен өлкетануды байланыстыра оқыту негіздері
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың ғылыми - педагогикалық негіздері
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары
Пәндер