ҚАЗІРГІ ФИЛОСОФИЯДАҒЫ САНА ЖӘНЕ ДЕНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ АСПЕКТІЛЕРІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі жаһандану кезеңінде ақпараттың жаңаруы, білімнің ізгілікке бағытталып, мәдениеттен көрініс алуы тұлғаның рухани әлеуетінің дамуына, адами құндылықтары мен сана және дене мәдениетінің қалыптасуына әсер етеді.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар», [1, 2] - деп ерекше мән беруі қоғамның дүниетанымы жоғары, белсенді, азаматтық ұстанымы қалыптасқан, биік деңгейлі адамгершілік және көшбасшылық қасиеттері бар, сана мен дене қарым-қатынасы үйлескен тұлғаға сұраныс тудырып отырғанын дәлелдей түспек.
Осы міндеттер Қaзaқcтaн Pecпубликacының Пpeзидeнтi Н. Ә. Нaзapбaeвтың «Қaзaқcтaн-2050» Стpaтeгияcы мен Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасының 76 және 77 қадамында «адам капиталының сапасын көтеру» мәселелері де кеңінен талқыланған [3] .
Сонымен бірге бірқатар мемлекеттік нормативті құжаттарда [4-7] жеке тұлғаға мемлекеттік қолдау көрсету мен ынталандыруларды күшейту, білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес білім сапасының жоғары дәрежесіне жету, рухани кемелденген санасы биік, салауатты өмір салтын ұстанған тұлға тәрбиелеу мәселелері қамтылған.
Демек, сана мен дене үйлесімін қалыптастырған тұлға рухани кемелдену дәрежесіне жетпек. Ендеше, қазіргі философиядағы сана және дене мәселелерін зерттеп, зерделеу өзекті тың мәселелердің бірі болмақ. Диссертациялық жұмыста қазіргі философиядағы сана және дене мәселелері күрделі феномен ретінде қарастырылады және зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы айқындалады. Ендеше, нақтырақ айтқанда біз қарастырып отырған мәселенің өзектілігі:
Біріншіден, аталған ұғымдар ғылыми әдебиеттерде жан-жақты қарастырылғанымен, сана және дене ұғымдары біртұтас категория ретінде әлі де жетілдіруді қажет етеді;
Екіншіден, қазіргі философиядағы сана мен дене категориясының теориялық және әдіснамалық негіздерін құрастыру талап етілуде;
Үшіншіден, философиядағы сана мен дене мәселелеріне қатысты отандық және шетелдік тәжірибені сипаттаудың маңыздылығы болып келеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беру, олардың рухани күштерін жетілдіру арқылы өзін-өзі тану және тәрбиелеу, терең ой-сана мен дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері көрнекті ғұлама-ойшылдар Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қ. А. Ясауидің және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан [8-10] . Сонымен қатар қазақ ағартушылары Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың, Ш. Уәлихановтың еңбектерінде де бұл мәселеге үлкен мән беріледі. Сана және дене үйлесімділігін өзара сабақтастықта пайдалану туралы құнды пікірлер А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиевтің еңбектерінде де зерделенген [11-18] .
Жан мен тән, ақыл-сана, рух пен болмыс мәселелері ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ, Батыс Еуропа философиясының өкілдері Р. Декарт, Б. Спиноза, Г. Спенсер, Л. Фейербах, Г. В. Гегель еңбектерінде өз үлесін тапқан [19-26] . Жан мен тән мәселесі адам жаратылысынан келе жатқан ең өзекті де күрделі философиялық мәселелер. Адамға ғана тән сана мәселесі оның болмысы ғалымдар еңбектерінде әлі қызу талқыланып келеді.
Cана мен оның қоғамдық болмыспен байланысы, қазақ халқының өзіндік ұлттық сана туралы жекелеген философиялық мәселелер С. Ақатай, Қ. Ә. Әбішев, С. Б. Бөлекбаев, М. С. Бурабаев, Т. Х. Ғабитов, Ғ. Есім, Р. Б. Әбсаттаров, М. Сәбит, Д. Құсайынов, Ж. А. Қабаева, М. З. Изотов, А. Қасабек, А. Х. Қасымжанов, Қ. Ш. Нұрланова, С. Е. Нұрмұратов, Ә. Н. Нысанбаев, Ж. Ж. Молдабеков, Ж. Мүтәліпов, С. Мырзалы, М. С. Орынбеков, Д. С. Раев, А. А. Хамидов, Қ. Әлжан және т. б. елімізге кеңінен танымал философ-ғалымдардың жұмыстарында қарастырылды [27-49] .
Философиядағы жан мен тән, сана мен дене мәселелеріне қатысты зерттеулер орыс ғалымдары С. Франк, В. Соловьев, Н. Лосск, Е. Трубецков, А. Лосев, Н. Бердяев, Е. М. Иванов, В. В. Васильев, Г. Б. Гутнер т. б. еңбектерінде де толық зерттеліп, өз шешімін тапқан [50-58] .
Шетелдік ғалымдар Стивен Прист пен Томас Нагель, Джозеф Левиндер сана мен дене мәселелерінің шешімін зерттеп, өз тұжырымдарын ұсынды [59-61] . Сана денеден бөлек тіршілік ете алмайтынын, сана мен дене қарым-қатынасының дұрыс үйлесімділігі үшін бірнеше элементтердің де болатынын екшеп көрсетеді.
Д. Чалмерс еңбектерінде ақыл санасы кеңірек зерттеле келе, сана мен дене мәселелері де өз шешімін тапқан [62] . Д. Чалмерс сана-дене мәселелерін психофизиологиялық тұрғыдан кеңінен қарастырған.
Джон Сёрл өз зерттеулерінде сана мен дене қарым-қатынасын ментализм және физикализм тұрғысынан қарастырған [63] . Джон Сёрл биологиялық натурализмді қолдаушы ғалымдардың бірі.
Ғалымдар, Robert M., Karl Raimund Popper сана мен дене қарым-қатынасын зерттеп, сана-дене мәселелерінің философияда ең өзекті екенін түсіндіреді [64-65] . Зертеушшілердің еңбектерінде сана мен дене мәселелерінің батыс философиясында зерттелу жағдайы мен тарихы кеңінен зерделенген.
Bryan S. Turner дене тек физикалық нысан емес сана мен тәннің үйлесімі деп тұжырым жасайды [66] . Сана мен дене мәселесіне психологиялық тұрғыда сипаттама беріп, бұл мәселенің әлі де болса шешімін табатын тұстары көп екенін айтады. Сана мен дененің үйлесім табуы түптеп келгенде психологиялық үдеріс екенін өз зерттеулеріне арқау етеді.
Ғалым Henrik Lagerlund сана мен дене қарым-қатынасын медициналық тұрғыда зерттеген [67] . Өз еңбектерінде сана мен дененің медициналық мәселелерін кеңінен қозғаған.
Celia Green философиядағы сана мәселелерін зерттеп, сана мен дене қарым-қатынасына да бірнеше еңбектерін арнаған. «The Lost Cause: Causation and the Mind-body Problem», - атты еңбегінде сана мен дене мәселелерінің ерекшеліктерін, сан түрлі қырларын ашып, философиялық дәлелдер келтірген [68] .
Бірақ, қазіргі философиядағы сана және дене мәселелері әлі де болса жетілдірулерді қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда философиядағы сана- мен дене мәселелерін қарастыруда:
- Қазіргі философиядағы сана мен дене категориясының теориялық және әдіснамалық негіздерінің жасалмауы арасында;
- Философиядағы сана мен дене мәселелеріне қатысты отандық және шетелдік тәжірибені сипаттауда;
- Қазіргі философияда сана және дене мәселелерінің әлі де толық зерттелмеуі арасындақарама-қайшылықтартуындап отыр.
Осы бөліп көрсетілген қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру, зерттеу мәселесін айқындауға және зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Қазіргі философиядағы сана және дене мәселелері» деп таңдауға негіз болды.
Зерттеу жұмысының объектісі : Қазіргі философиядағы сана және дене мәселелері және оның негізгі ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының пәні : Сана және дене мәселелерінің философиялық негіздері.
Зерттеу жұмысының мақсаты : Философиядағы сана және дене мәселелерін кешенді талдау және оның ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Философиядағы сана және дене мәселелеріне қатысты отандық және шетелдік тәжірибені сипаттау;
2. Сана және дене категориясына сараптама жасап, салыстырмалы үлгіні ұсыну;
3. Сана және дене моделін құрастыру;
4. Қазіргі философиядағы сана және дене мәселелерін анықтау мақсатында ұсыныстар даярлау.
Зерттеудің ғылыми гипотезасы:
Егер, философиядағы сана және дене мәселелерінің теориялық моделі жасалып, ерекшеліктері анықталса, онда тұлғаның рухани кемелденуі, жан мен тән саулығы қалыптасады, өйткені қарастырылған жүйе философиялық теорияларға негізделген.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың және дене тәрбиесі бойынша мамандардың ғылыми еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Атазаңы, ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, ҚР білім беру ұйымдарында тәрбие берудің кешенді бағдарламасы, «Дене тәрбиесі» тұжырымдамасы және т. б. ), «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам», оқу-әдістемелік әдебиеттер, мерзімді баспа материалдары, бағдарламалар.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы төмендегілер болып табылады:
1. Философиядағы сана және дене мәселелеріне қатысты отандық және шетелдік тәжірибені талдау;
2. Философиядағы сана теорияларының ерекшеліктерін сипаттау;
3. Сана және дене моделінің жаңа аспектілерін көрсету;
4. Қазіргі философиядағы сана және дене мәселелерін анықтау мақсатында ұсыныстар даярлау;
5. Білім беру мен тәрбиеде дене мен сананың үйлесімді дамуына ұмтылу.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1. Философиядағы сана және дене мәселелеріне қатысты отандық және шетелдік тәжірибелер сипатталды;
2. Сана және дене категориясына сараптама жасалып, салыстырмалы үлгісі ұсынылды;
3. Сана және дене қарым-қатынасының теориялық моделі құрастырылды;
4. Қазіргі философиядағы сана және дене мәселелерін анықтау мақсатында жаңа ұсыныстар берілді.
Зертеудің практикалық маңыздылығы: жұмысты жазу нәтижесінде алынған теориялық қорытындыларды студенттерге философиядағы сана және дене мәселелерін оқытуда көмекші септігін тигізеді. Зерттеу жұмысында келтірілген мәліметтерді мектеп мұғалімдері, колледж және жоғары оқу орындарындарында білім алатын студенттеріне пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының апробациясы: зерттеу жұмысы теориялық және әдіснамалық ұстанымдарымен, зерттеу мәселесіне сай кешенді әдіс-тәсілдердің пайдаланылуымен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен қамтамасыз етілді. Зерттеу нәтижелері республикалық ғылыми басылымдар мен халықаралық ғылыми-теориялық конференциялардың материалдарында жарияланды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Магистрлік диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, гипотезасы, диссертацияның практикалық маңыздылығы ғылыми жаңалығы мен қорғауға ұсынылатын тұжырымдар берілген.
Зерттеу жұмысының «Философиядағы сана және дене мәселелерінің теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші тарауында ғылыми әдебиеттерде сана және дене мәселесі сараланды. Философиядағы сана теориясы сипатталды. Адам болмысының ерекшеліктері және жан мен тән мәселелері қарастырылды. Индивидтің жоғары рухани және физикалық дамуы арқылы- адам капиталына қол жеткізу мәселелері талқыланды. Дене тәрбиесі арқылы сана мен дене үйлесімділігін жетілдіру жолдары көрсетілді.
Зерттеу жұмысының «Қазіргі философиядағы сана және дене мәселелерінің аспектілері» деп аталатын екінші тарауында Жапон мәдениетіндегі сана мен дене қарым-қатынасы зерделенді. Сана және дене қарым-қатынасының теориялық моделі жасалынды. Салауатты өмір салты - сана мен дене үйлесімі талқыланды. Денсаулық және сана мен дене мәселелері қарастырылды. Медитация арқылы сана мен дененің үйлесімділігін тәрбиелеу жайы қозғалды.
Қорытындыда теориялык және практикалық жұмыстардың нәтижесіне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілген.
1 ФИЛОСОФИЯДАҒЫ САНА ЖӘНЕ ДЕНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Ғылыми әдебиеттерде сана және дене мәселесінің зерделену жайы
Сананың табиғатын дөп басып айту қиын, ол сезім арқылы қабылданатын объективті нақтылықты белгілеу және түсіну үшін біз қолданып жүрген өлшемдер мен сипаттамаларға сай келе бермейді. Физикалық объектілер сияқты болмағандықтан, оның не массасы, не энергиясы, не формасы жоқ, оны сандық сипаттамалармен мөлшерін табу мүмкін емес. Адамның тәнін, денесін басқаратын сана (бұл ұғым ойлау, сезіну, жан, рух түсініктерімен тығыз байланыста қарастырылды) туралы көзқарастар бағзы замандағы мифологиялық дүниетанымнан-ақ басталады [69] .
Бұл құпия бастау туралы анимистік түсінік кейінірек дүниетанымда Платонның идеалистік ілімінде жалғасын тапты: адамның денесі мәңгі өмір сүретін жанның абақтысы. Ортағасырларда әлем жаратылғанға дейін өмір сүрген және ештеңеден әлемді қалыптастырған немесе жоқтан бар қылған дүниеден тыс тәнсіз рухани бастаудың еркі мен ойы мәселесі алдыңғы орынға шықты. Тек сол ғана адам санасында орын алып ойлайды, қалайды, сезеді. Адамның санасы, оның ақыл-ойы - құдай ақыл-ойының бөлігі. Жаңа заманда сана туралы ілімдер кеңейе түсті [20, 90 б. ] .
Гераклит тұрмыс негіздерін қарастырғанда «Орталық философияны» ұстанған. Оның «Мәңгілік оты» тіршілік негізі, тән мен дене орталығы, оның «Мәңгілік оты» тіршіліктің субстанционалды негізі, ол материя мен рухтың бірлігін ұсынады. Ол материя мен сананы бір-біріне қарсы қоймайды. Керісінше гилозоизм барлық тіршіліктің жандылығын, олардың тұтастығын және бірге дамуын көрсетеді [70] .
Рене Декарт сананы ойлаумен теңгере отырып, оны «психикалықтың» жалпы ұғымынан бөліп алады және ойлаушы субстанция ретінде оны материалды субстанцияға қарсы қояды. Бұл дуализм сана табиғатын түсіндірудегі екі бағыттың қалыптасуына әкелді: біріншісі - психикалықты физикалыққа, идеалдылық пен руханилықты материалдылыққа теңгеретін материалистік бағыт (Гоббс, К. Маркс, Ф. Энгельс), екіншісі - материалдылық пен физикалықты идеалдылықтан, руханилықтан және психикалықтан тудыратын субъективті (Беркли, Юм, Фихте, Мах) және объективті (ертеректе Платон мен Ф. Аквинскийде, кейін Гегельдегі) идеализм [71] .
Философия дамуының кейінгі тарихында санаға анықтама берудің мүмкін еместігіне, ғылыми құралдармен оны танудың мүмкін еместігіне негізделген иррационалдық көзқарас басым болды. Бұл «бейсаналылық», «архетип», «ерік» ұғымдарын ашқан психоанализге (З. Фрейд, К. Г. Юнг), экзистенциализмге, неопозитивизмге тән болып келеді. Дегенмен жаратылыстық ғылымдардың дамуы мен оның нейрофизиология, биология, кибернетика мен эксперименталдық психология салаларындағы жетістіктері, компьютерлік төңкеріс пен ақпараттық жарылыс сана табиғатын аша түскендей болды. Бұл ғылымдардың түсіндіруіне сәйкес, табиғаттың барлығына тән бейнелену өз дамуы барысында бірнеше кезеңдерден өтіп, мәні жағынан жаңа құбылыс - санаға айналатын жаңа сатысына көтеріледі. Бейнеленудің биологиялық формасы сезіну, қабылдау және елестету тәрізді сезімдік таныммен сипатталса, ал оның анағұрлым жоғары әлеуметтік формасы ұғым, пікір және ойқорыту сияқты рационалды таныммен түсіндіріледі. Ойлана алатын адамның ерекшелігі, оның өзінің санасының арқасында өзіндік «Менін» қалыптастырып, өзін өзгелерден айрықшалай отырып, өзіндік сананы қалыптастыруымен сипатталады [72] .
Әл-Фараби, адамгершіліктің басты мақсаты - бақыт дейді. Оны танымсыз және еріксіз тану мүмкін емес. Ерік - сезіммен, еркіндік - логикалық ой-санамен байланысты. «Қайырымды қала тұрғындары» трактатында Платон мен Аристотельдің ізін жалғастырып, өзі құрған идеалды мемлекет моделін ұсынады. Бөлектенген қалада адамдардың жақсылық жасауы, бақытқа жетуі оңайырақ. Осындай мемлекеттің саяси құрылымын адамдардың дене мүшелері қалай берік орналасса, сол секілді мемлекетте де бірлік болатындығын аңғартады. Адамдардың осындай ой-санасы оны жақсылық жасауға, жақсы мен жаманды ажырата білуге мүмкіндік береді. Мемлекеттің барлық іс-әрекеті сол мемлекет тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Осы мәселелерді шешу үшін мемлекет басында адамгершілігі мол, ерік-жігері мықты адам отыруы керек. Ол рухани және зайырлы билік құрып, жақсы, рухани және дене жағынан сау, ақылды болуы тиіс. Осындай басшы халықтың ғылымға деген құштарлығын ашып, басқаларға жанашыр болуға, ғылымның дамуына ықпалын тигізеді. Фараби осындай қайырымды қала тұрғындары нағыз бақытқа біріге отырып жете алады дейді [8, 60 б. ] . Бұл тұстан сана мен дене үйлесімі қалыптасқан тұлғаның қай қоғамда да жоғары дәрежеде тұратынын айта кеткіміз келеді.
«Психология принциптері» атты еңбегінде Джемс неміс психологиясының атомизмін жоққа шығарып, санадағы мәліметтерді емес, сананың нақты деректері мен күйлерін зерттеу міндетін алға тартады. Оның пікірі бойынша, сана «басқа да биологиялық функциялар тәрізді пайдалы болғандықтан дамыған» функция болып табылады. Сананың осындай бейімделгіш сипатын негізге ала отырып, ол ерекше рөлді түйсік пен сезімдерге, сондай-ақ, адамның жеке физиологиялық ерекшеліктеріне берген. Джемс сананың бөлшектенуін жоққа шығарып, оның жеке тұлға қажеттіліктерін іске асыратын тұтастылығы мен динамикасы туралы қағиданы алға тартқан. Ол сананың белсенділігі мен таңдаулылығына, сондай-ақ, оның сезімдер мен түсініктер жиынтығына телінбейтін жүйе ретіндегі жеке тұлғаның тіршілік әрекетіндегі функциясына ерекше мән берген. Джемстің пікірі бойынша, сана тек дененің бейімделу әрекеттеріне ғана емес, «адамның өзімдікі деп санайтын нәрселерінің барлығы» ретінде ұғылатын тұлға табиғатына да қатыстырылады. Бұл жағдайда жеке тұлға бірнеше нышанды: материалдық, әлеуметтік, руханилыққа ие ерекше тұтастық ретінде қарастырылатын «Мен» ұғымымен теңестіріледі. Осылайша, «Мен» ұғымын таза гносеологиялық ұғынудан оның жүйелік-психологиялық түсіндірілуі мен сатылы талдауына ауысу белгіленді. Бұл орайда ол адам эгосының шынайылығын, оның субъективизм тұрғысынан алғандағы өмірлік көзқарастарын қарастырады. Адамның жеке шынайылығы адамның жеке өмірін сезінуі болып табылады. Ол сенім іргетасын қалайды [73] .
Эмоционалдық бояуды сіңіріп, құндылықтық бағдармен қаныққандықтан адамның өзіндік санасы белсенді бастау болып табылады. Ол өзін, өзінің болмысын игерген, өз қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын, өз ниеті мен ұмтылыстарын, мақсаты мен міндеттерін өзі анықтайтын субъект болып саналады. Әрбір индивид пен адамзаттың қандай дәрежеде субъект болғанына қарай, оның санасы да сол деңгейде кеңейеді немесе тереңдейді [74] .
Қазақ философы Қ. Әбішевтің пікірінше, «субъектінің даму дәрежесі неғұрлым биік болған сайын оның психикасында сананың қамтитын ауқымы да соғұрлым кең болуы тиіс. Субъектілік - адамның өзін өзі билей алатын деңгейі, ал бұл сананың даму деңгейіне байланысты, сана, ол - жанның жарығы» [28, 35 б. ] . Бұл тұрғыдан алғанда сана шындығында адамның тарихи дамуының бастауы және нәтижесі болып көрінеді. Индивидуалдық сана өзінің қалыптасуы барысында адам - индивид - тұлға кезеңдерінен өтеді деп есептелгенімен, жекелеген адамдардың бір-біріне ұқсамайтындығы мен шексіз алуан түрлілігін атап өту керек.
Сана мен дене мәселесі қай тарихи кезең болса да өзекті. Философияда сана мен дене мәселесінің тарихы мен дамуы тереңде жатыр. Ғалымдар адам санасы мен оның физикалық қалпын бірге қарастыруды жөн санайды.
С. Р. Аблеевтің пікірінше, адамның санасы үш маңызды фактордың көмегімен одан әрі дамыған:
- ғарыштық немесе рухани фактор (ғарыштың энергетикалық ықпалы)
- биологиялық (тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, табиғи сұрыптау)
- әлеуметтік (қоғамдық қатынастар, еңбек, оқыту, тәжірибе алмасу) [75] .
Сана - жоғары ұйымдастырылған материя - мидың жемісі. Ол эволюция процесінде қалыптасқан адамның психологиялық әлемінің ерекше қабілеті.
Көне заман философиясында сана деп - адамның өмірінде аса маңызды рөл атқаратын ішкі әлем - жан есептелінді. Тән (дене) өткінші, ал жан мәңгілік. Демокрит жанды ерекше сезімдік атомдардың жиынтығы деп ойлады [76] .
Орта ғасырларда сана мен ақыл құдайдың маңызды атрибуттары ретінде, ал Қайта өркендеу дәуірінде табиғаттың қасиеті деп қарастырылды.
XVIII ғасырдағы француз материализмі сананы - адам миының ерекше функциясы деп анықтап, оның көмегімен адам сыртқы дүниені бейнелейді деп есептеді [76, 61 б. ] .
Орыс философиясында сана мен психика теориясына И. И. Сеченов, В. М. Бехтерев, И. П. Павлов үлкен үлес қосты. Олар адамның психикалық іс - әрекетінің физиологиялық негіздерін зерттеді. Кейіннен осы бағытта С. Л. Рубинштейн, А. М. Леонтьев, Л. С. Выготский белсенді еңбек етті. Олар сананы адамның іс - әрекетінде қоғамдық қатынастарды айқын бейнелейтін әлеуметтік феномен деп анықтады [77-82] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz