Хз. Пайғамбардың тәпсірлеуге себеп болған жағдайлар мен оның тәпсірінен мысалдар


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Хз. Пайғамбардың тәпсірде алатын орны
- Хз. Пайғамбардың тәпсірлеуге себеп болған жағдайлар мен оның тәпсірінен мысалдар
- Хз. Пайғамбардың тәпсірінен мысалдар
- Хз. Пайғамбар тәпсірлеген аяттардың мөлшері
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Құран Кәрім Аллаһ Тағаланың адамзатқа тура жолды көрсету үшін түсірген соңғы кітабы. Діннің негізін құрағандықтан оны үйреніп, түсіну қажет. Себебі, дін өмірде қолданылу арқылы ғана жүзеге асады. Өмірде қолданылмаған діннің мән-мағынасы жоқ. Сол сияқты Құранның алып келген нәрселері мен оның талап еткендерін жүзеге асыру қажет. Өмірде қолданылмаған Құранның да өзге кітаптардан ешбір айырмашылығы жоқ. Бір жағынан ол, Аллаһ пен адам арасындағы байланысты баяндаушы әрі соның нақтылай көрінісі. Бұл байланыс мәңгі бақи жалғасатындықтан Құранның маңызы одан сайын артып келеді. Оны үйреніп, түсінуге деген талпыныс оның түскен күнінен басталған. Уақыт өте келе үйрену мен түсіну ісі өте жүйелі әрі қолайлы қалыпқа келтірілді. Осы мақсатта тәлім-тәрбие беретін мекемелер құрылып, онда ғалымдар дәріс беріп, құнды еңбектер жазу арқылы үйрету мен түсіндіру ісіне өз үлестерін қосқан. Ислам мәдениеті тарихындағы ұшан-теңіз көзқарас, тәлім-тәрбие мен жазу ісінің бірқатарына «тәпсір» делінген.
Адам баласының мағлұмат көздері түрлі-түрлі, уахи да осылардың бірі. Ислами көзқарас бойынша Құран мағлұмат көздерінің ең басында келеді. Сондықтан мұсылмандар, Құранға байланысты жасалған барлық ғылыми жұмыстарға үлкен мән берген. «Тәпсір» деген атпен жасалған бұл ғылыми жұмыс Ислам тарихының классикалық дәуірінің негізгі төрт саласының бірін құраған. Түрлі ғылыми салалардың күн өткен сайын артқан қазіргі таңда да діни зерттеу мен білім беру салаларының бірін құрайды. Сонымен қатар тәпсір ғылымы әу бастан бүгінге дейін өз ішінде тәпсір методикасы, тәпсірлеу, Құранның әртүрлі тұрғыдан қарастырылып зерттелуі сияқты тармақтары бойынша да жалғасын тауып келеді. Қысқаша біз осы тақырыптардың барлығын тәпсір тарихы дейміз.
Жоғарыда айтылғандардан түйетініміз, тәпсір тарихы Құранды түсіну талпыныстарының тарихы. Басқашалай айтсақ тәпсір, өмірдің әрі дүниенің діни тұрғыдан түсіндірілуі, ол сонымен қатар Ислами көзқарастар тарихы. Тәпсірдің пайда болуы мен Құранның тәпсірленуі де осы себепке байланысты туындаған. Қолыңыздағы бұл кітап тәпсір ғылымының түрлі салаларының ішінде тек қана Құранның тәпсірленуін қарастырады. Қысқаша осы салада әу бастан бүгінге дейін жасалған жұмыстар, тәпсірдің кезеңдері, қаламға алынған тәпсірлер, тәпсіршілер, тәпсір мектептері мен тәпсірлеудің әдістері қысқа әрі нұсқа түрде түсіндіріледі.
Хз. Пайғамбардың тәпсірде алатын орны
Еш күмәнсіз Хз. Пайғамбарымыз Аллаһтың кітабын ең жақсы түсінген әрі түсіндірген адам. Ол, Аллаһтан түскен уахиды адамдарға жеткізумен қатар, сол жеткізген Аллаһтың сөзін баяндауға яғни, оны түсіндіруге де міндетті еді. Бұл жайт Құранда былайша баяндалады: «Мұғжизалармен, кітаптармен (пайғамбарлар жібердік. ) Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине олар түсінер» (16 Нахл, 44) . Міне, ол өзіне жүктелген міндет ретінде Құранда тәпсірлеуді қажет еткен тұстарды түрлі себептермен түсіндірген.
Сахабалардың қайсібірі қандай да бір аятты түсіне алмаған жағдайда, оның тәпсірін үйрену үшін Расулуллаһқа жүгінетін. Пайғамбарымыз сұралған мәселеге түсіндірме жасайтын. Бірақ, Хз. Пайғамбардың аяттарды тәпсірлеуі жүйелі түсіндірме түрінде болмай, түрлі себептерге байланысты түсіндірме жасайтын. Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, Хз. Пайғамбардың тәпсірі кейін жазылған «тәпсір» еңбектерінен мүлдем өзгеше.
Хз. Пайғамбардың тәпсірі Құранның мүжмәл (мағынасы беймәлім) аяттарын тафсил (егжей-тегжейлі түсіндіру), умуми (жалпы) үкімдерін тахсис (жалқылау), мүшкил (күрделі) мен мүбһәмды (белгісіз) түсіндіру, ғариб (жат, кірме) сөздерді баяндау, таусиф (сипаттау) әрі тасуир (баяндау) ету арқылы мұшаххас (белгілі, нақты) халге келтіру, әдеби ерекшелігі бар аяттардың мақсатын түсіндіру сияқты басты тарауларға бөлінеді. Әсіресе, құлшылықтар (ғибадат) мен адамдар арасындағы қарым-қатынасқа (муамәләт) қатысты барлық ахкам (үкімдер) аяттарды Хз. Пайғамбар жеткілікті деңгейде тәпсірлеп, тіпті бүге-шігесіне дейін түсіндірген. Бұл тақырыпқа байланысты ең маңызды қайнар көз кітап ретінде сахих хадистерді, тарихи кітаптар мен алғашқы дәуірде жазылған тәпсірлерді айта аламыз. Себебі, тақырыптарға қарай сыныпқа бөлінген хадис жинақтары осы аяттарды кеңінен тәпсірлейді. Хадис кітаптардың ең бастылары мыналар: Һәммәм бин Мүнәббиһ (қ. 131/749 ж) «Сахифәту Һәммәм бин Мүнәббиһ»; Мәлик бин Әнәс (қ. 179/795 ж) «әл-Муатта»; Абдуллаһ бин Уәһб (қ. 197/812 ж) «әл-Жәми»; Ахмәд бин Хәнбәл (қ. 241/855 ж) «әл-Мүснәд»; Бұхари (қ. 256/870 ж) «әл-Жәмиус-Сахих»; Мүслим (қ. 261/874 ж) «әс-Сахих»; Ибн Мәжә (қ. 273/886 ж) «әс-Сүнән»; Әбу Дәуід (қ. 275/888 ж) «әс-Сүнән»; Тирмизи (қ. 285/898 ж) «әс-Сүнән»; Нәсәй (қ. 303/915 ж) «әс-Сүнән».
Хз. Пайғамбардың хадистері мен сүннеттері оның тәпсірі ретінде саналады. Сондықтан сүннеттің Құранды түсінуде өте маңызды қайнар көз екендігі мына хадисте былай баяндалған: «Мына нәрсені ұмытпаңыздар! Маған Құран және оның ұқсасы берілді. Келешекте қарны тоқ, еш уайымсыз орнында отырып, былай дейтін кейбір адамдар шығады: «Мына Құранды мықтап ұстаныңдар; онда халал деп айтылғандарды халал, ал нені харам десе, оны да харам деп біліңдер. » (Әбу Дәуід, әс-Сүнән, Китәбус-Сүннә, 5-ші бап, хадис ном. 4604) .
Хз. Пайғамбардың тәпсірлеуге себеп болған жағдайлар мен оның тәпсірінен мысалдар
Хз. Пайғамбар Құрандағы мәселелерді сахабаларына түсіндірген кезде, жоспар бойынша сабақ беретін мұғалім тәрізді үйретпейтін. Оның қандай да бір аятты тәпсірлеуіне себеп болған жағдайларды былайша тізбектеуімізге болады:
1. Аятты оқи отырып, оны тәпсірлеуі
2. Аят жайлы тыңдаушылардың назарын аудартатын сұрақ сұрағаннан кейін, оның мағынасын түсіндіруі
3. Мұсылмандардың яки мұсылман болмағандардың сұрақ сұраулары
4. Хадистердің соңында аят оқу арқылы түсіндіруі
5. Бір тақырып жайлы сөз қозғағанда, сол тақырыпқа қатысты бір аятпен байланыстыруы
6. Аятты тәпсірлейтін қысқа әрі қосымша мағлұматтармен түсіндіруі
7. Аятқа тікелей сілтеме жасамай, тек мағынаны қуаттаушы түрде түсіндіруі
8. Аяттарда бұйырылған нәрселерді іс жүзінде көрсетіп тәпсірлеуі
9. Қандай да бір аяттың өзінің жанында тәпсірленуіне үнсіздік танытып, тақрири (үнсіздік жолымен) түрде тәпсірлеуі
10. Айтқан сөзіне яки берген үкіміне аятты дәлел ретінде келтіруі
11. Құрандағы ашық үкімдерді уахиға сүйене отырып, түсіндірме жасауы. Әпкелі-сіңілілердің бір некеде болуына тыйым салуы мен қолға үйретілген ешектің етін жеуді харам етуі осыған дәлел.
Хз. Пайғамбардың тәпсірінен мысалдар
1. «Олар, (яһуди, христиандар) раввиндері мен поптарын және Мәриям ұлы Исаны Аллаһтан өзге тәңір қылып алды. Негізінде олар, бір тәңірге ғана құлшылық қылуға бұйырылған болатын. » (9 Тәубә, 31) аятындағы «раввиндер мен поптардың тәңір етілуін» Хз. Пайғамбар былай түсіндірген: «Аллаһ Тағаланың халал еткендерін харам, ал харам еткендерін де халал деп адамдарға үйреткен раввиндер мен поптарға адамдардың мойынсұнуы» (Табари, Жамиул-Бәян, VI, 114; Тирмизи, Тәфсирул-Қуран, Тәубе сүресі, 10) .
2. Қажылықтың парыз екендігін білдіретін аятта « . . . Оның жолына (сәбиил) шамасы келген кісілер, Аллаһ үшін Қағбаны зират ету (қажылыққа бару) керек . . . » (3 Әли-Имран, 97) деп бұйырылған. Бір адам бұл жердегі «сәбиил» сөзінің мағынасын сұрағанда, Расулуллаһ «азық және мінуге жарайтын көлік» екендігін айтқан (Иылдырым. Пейгамберимизин Кураны Тефсири. 164)
3. Муаз, «Әй мүміндер! Аллаһқа шынайы (насух) тәубе қылыңдар . . . » аятында бұйырылған «насух тәубенің» қалай болатындығын сұрағанда, Расулуллаһ былай деген: «Құл жасаған күнәсына қатты өкініп, Аллаһтан кешірім тілейді. Кейін сауылған сүт емшекке қалай кірмейтін болса, олда солай күнәні қайта жасамайды. » (Иылдырым, Пейгамберимизин Кураны Тефсири, 170-171) .
4. Хз. Әбубәкірдің жеткізуі бойынша Хз. Пайғамбар, «Кім бір жаман іс қылса, сол себепті жазаланады. Ол үшін Аллаһтан өзге ие де жәрдемші де таба алмайды. » (4 Ниса, 123) аятына қысқаша мәлімет беріп, «Кім бір жаман іс қылса, дүниеде жазасын тартады» -деп жазалауды «дүние» мен шектеу арқылы тәпсірлеген (Ахмәд бин Хәнбәл, I, 6, Хадис ном. 10522; Табари, IX, 241) .
5. «Сондай иман келтіріп, сенімдерін зұлымдықпен былғамағандар, міне соларда сенімділік бар. Және олар тура жолға түсірілгендер. » (6 Әнғам, 82) аяты түскенде, онда айтылған мәселе сахабаларға ауыр тиіп, олар былай деген болатын: «Арамызда өзіне зұлымдық жасамаған бар ма екен?» Мұны естіген Расулаллаһ былай деді: «Сіздер ойлағандай емес, бұл жерде айтылған зұлымдықтан мақсат Лұқманның ұлына айтқаны сияқты: «Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық. » (31 Лұқман, 13), (Бұхари, Китәбут-Тәфсиир, VI, 20; Табари, XI, 495; Ибн Кәсир, Тәфсиру Қуранил-азим, III, 59)
6. Ұрлық жасаушыларға берілетін жаза жайында Құранда «Ер және әйел ұрының, қылмыстарына жаза әрі Аллаһтан бір өнеге ретінде қолдарын кесіңдер. » (5 Майда, 38) - деп бұйырылған. Аятта қолды кесу бұйрығы жалпылама (умуми) айтылған. Яғни, ұрлықтың қай түрі және қаншалықты көлемде ұрланса жазаға тартылатындығы нақты айтылмаған. Жазаға тартылудың көлемін Аллаһ елшісі мына хадисімен белгілеп, былай баяндаған: «Ширек (төртте бір) динар яки одан да көп мөлшерде ұрлық жасағанның қолы кесіледі. » (Әбу Дәуід, хадис ном: 4384, 4385; Тирмизи, 16. Бап, хадис ном: 1445; Табари, X, 295) .
Мына бір нәрсені тағы да ескерте кетсек, Хз. Пайғамбардың сөз, іс-әрекет және іштей мақұлдаудан (тақрир) құралған барлық адамгершілік ұстанымдары Құранның жанды тәпсірін құрайды. Басқаша айтқанда ол, Құран аңсаған адамның ең көркем мысалын жандандырып, Аллаһтың кітабын іс жүзінде амалға асырып, осылайша оны тәпсірлеген.
Хз. Пайғамбар тәпсірлеген аяттардың мөлшері
Хз. Пайғамбардың Құранның қаншалықты мөлшерін тәпсірлегендігі жайлы екі түрлі көзқарас бар. Бірінші көзқарас Хз. Пайғамбардың Құрандағы барлық аяттардың мағыналарын сахабаларына түсіндіргендігін жақтайды. Бұл көзқарасты жақтаушылардың басында Ибн Тәймия (қ. 728/1328) келеді. Олардың дәлелдері мынадай:
1. Аллаһ Тағала елшісі Мұхаммедке (с. а. у) былайша бұйырған: «Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине олар түсінер. » (16 Нахыл, 44) . Расулуллаһтың «баяндау» міндетінің ішінде Құранның барлық сөздері мен мағыналарын түсіндіру де қамтылған. Егер де бұлардың барлығын түсіндірмегенде, «баяндау» міндетін толық орындамаған болар еді.
2. Осман бин Аффан және Абдуллаһ бин Мәсъуд сияқты сахабалар Расулуллаһтан он аят үйренгенде, оларда қамтылған ілім мен амалды үйренбейінше басқасына өтпегендігі айтылады. Бұл риуаят Хз. Пайғамбардың оларға барлық аяттардың мағыналарын үйреткендігін көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz