Үштілділік бағдарламасы бойынша орта мектептерде тілдерді салыстырмалы оқыту жолдары


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Үштілділік» бағдарламасы бойынша орта мектептерде тілдерді салыстырмалы оқыту жолдары

Жетекші: аға оқытушы Насимуллина А. Б.

Орындаған: ИЯ-25 топ студенті Амангельдиева А. И.

Орал қаласы 2018 жыл

Жоспар:

Кіріспе . . . 3

I. Үш тілді меңгеру - жарқын болашақтың кепілі.

1. 1. Үштілділік оқыту - заман талабы . . . 5

1. 2. Үштілідік білім беруді жүзеге асыру шарттары . . . 9

II. Үштілділік - орта мектептегі көптілді білім алушы тұлғаны қалыптастырудың негізі.

2. 1. Үштілділік аясында орта мектептерде ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы . . . 15

2. 2. Орта мектепте үштілді оқытудың жолдары және оқыту технологияларының тиімділігі . . . 20

2. 3. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологияларына салыстырмалы сипаттама . . . 24

Қорытынды . . . 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33

Кіріспе:

Зерттеудің көкейкестілігі: Көптілділік - кез келген қоғам үшін, кез келген формация үшін тұйықтықтан шығудың, интеграцияны негізгі ұстаным етіп алған бағытты айқындайтын жол деп танылған. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деді. Бұл, шынында да, қарқынды дамып келе жатқан ел үшін өзекті мәселе.

Ағылшын тілін білу қазіргі кезеңдегі байланыс шекарасының кеңеюіне, өркениет ағымына ілесуге, ақпараттар кеңістігінде еркін байланыс жасауға мүмкіндік береді. Ағылшын тілі қазақ тілінің құнарлылығын, халықтың салт-дәстүрін, мәдениеті мен жетістігін әлемдік кеңістікке жеткізуші көз болып табылады. Мұның бәрін обьективті, геосаяси және және әлеуметтік-экономикалық тенденция деп қарастырамыз. Мемлекетіміздің мектеп реформасына енгізген үш тілде оқыту бағдарламасы -жаһандану заманы туғызған қажеттілік. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен енгізіліп жатқан жаңаша іс-шаралар әр азаматтың жан-жақты құзіретті тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.

Көптілді білім-көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толлеранттілігін және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Бүгінгі технология және жаһандану заманында көптілді меңгеру жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік.

Зерттеудің мақсаты: жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан, көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.

Зерттеудің міндеттері:

  • орта мектепте үш тілді оқытудың негізін қалыптастыру;
  • әр түрлі оқыту технологияларын қолдану арқылы оқушының бойына тілге деген қызығушылығын, оны үйренуге деген құштарлығын арттыру;
  • жеке тұлғаның болашақта заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау және оның басқа елдің тілін, мәдениетін танып білуіне ықпал ету;
  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • ойлау дағдыларын қалыптастыру;
  • дүниежүзі халықтарының мәдени құндылықтарын сыйлайтын ұрпақ тәрбиелеу.

Зерттеудің құрылымы: курстық жұмыс мақсатқа сай кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Үш тілді меңгеру - жарқын болашақтың кепілі

1. 1. Үштілділік оқыту - заман талабы

Үштілділік - бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.

«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.

Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген мақсат. «Үш тұғырлы тіл» - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар қойып, жарыстыру емес. Керісінше, бұл әр тілді өзіне лайықты орнымен қажетіне қарай лайықты пайдалану деген сөз.

Президенттік «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасының басты мақсаты - оның бәсекеге қабілеттілігін орыс және ағылшын тілі дәрежесіне дейін көтеру. Оның үстіне қазақ тілінің бәсекеге қабілеті осындай міндеттерді қоюға толық мүмкіндік береді. Сондықтан, халықтың орыс тілін білу деңгейін жоғалтпауымыз керек, ал ағылшын тілін - болашаққа жаңа даму шыңдарына бағытталған жол, себебі ол әлем мойындаған халықаралық қатынастар тілдерінің бірі. Сол себепті Н. Назарбаевтың қазақ халқының өскелең ұрпағына үш тілді меңгеру: қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қатынас тіл ретінде және ағылшын тілін халықаралық қатынас тілі ретінде білу мүмкіндігін жасауға деген ұмтылысы өте дұрыс деп есептеймін.

Мемлекет басшысы: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Және оған қамқорлық та сондай дәрежеде болады» деп сендірді. «Орыс және ағылшын тілдерін оқып үйрену білімнің, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түсетін, экономикалық мүмкіншіліктерімізді арттыратын бірден-бір тетігі дей келе, жаһандануға бейімделуді, заман көшінен қалмай, осы үш тілдің үйлесіміне қол жеткізу арқылы тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, салт-ғұрпымызды сақтап қала аламыз» - деді. Қазіргі заманда ағылшын тілі « 21 ғасырдың », халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды. Ағылшын тілі - дүние жүзіне ең кең таралған халықаралық, әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ол бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады.

Ағылшын тілін оқып-үйренемін деушілердің саны күннен-күнге көбеюде. Осы орайда, шет тілінің еліміздің оқу жүйесінде айрықша мәртебеге ие болатыны айқындалғандай. Жалпы білім беретін орта мектепте шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға кездескен кезде, шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда.

Қазақстан халықтары тілдерін дамытудың стратегиясы үш негізгі мақсатта: мемлекеттік тілдің әлеуметтік - комуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту; орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; этностық топтардың тілдерін дамыту бағытында жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан Республикасының тілін жүзеге асыру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды тәрбиелеу. Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Халқына Жолдауында: “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуімен елбасымыз мектеп мұғалімдері мен оқушыларға үлкен сенім артып отыр. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан -2050 » стратегиясында мұғалімдерге сенім арта отырып, жастарымыздан үміттенеді. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр»-делінгендей, жастарды сауатты баулысақ болашағымыздың жарқын болатыны белгілі. «Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Мен сіздерге - жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер - болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер», -деген жолдарда жастарымызға деген үміт пен сенім жатыр. Яғни көптілді білім алушы тұлғаны қалыптастыру үшін біз қазақ және орыс тілін білуді тереңдетумен қатар ағылшын тілін игеруде де серпіліс жасауымыз керек.

Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол. «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады.

«Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы», -Б. Хасанұлы анықтама бергендей, бүгінде оны қолдануға жан-жақты күш салынуда.

Осы орайда құрылған «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаты:

  • қазақ тілінің мәртебесін көтеру;
  • мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу; ағылшын тілін меңгерту;
  • орыс тілін жетік білу;
  • әр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік жасау;
  • тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу.

Тілдерді қолдану мен дамыту бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр. Себебі, тіл саясаты оның ішінде мемлекеттік тілдің проблемалары еліміздің қауіпсіздігіне, оның мемлекеттілігінің нығаюына тікелей қатысты мәселелер болып табылады.

Көптілділік - заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқалармен салыстыру арқылы ғана әлем суретін әр алуан және әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады.

Тәуелсіз ел болған соң әлемнің барша жұртымен қарым-қатынас жасай бастадық. Енді біз тек орыс тілін ғана емес, қытай, түрік, ағылшын, француз және басқа ұлттардың тілін біліп, олармен қатынас жасауға тиістіміз. Алайда, әлемде ең басты тіл - ағылшын тілі екені дау туғызбайтын ақиқат.

Тілдік пәндерді біріктіру арқылы полилингвалды тұлғаны қалыптастыру заман талабы болғандықтан, ұлағатты ұстаз өз білімін, шеберлігін ортаға салып, оқушылар санасына сіңіру керек деп есептеймін.

1. 2. Үштілідік білім беруді жүзеге асыру шарттары

Қазіргі кезде заманауи талапқа сай бiлiм беру жүйесi жаңа арнаға бет бұрған шақта жан-жақты шығармашылдықпен, бастамашылдықпен жұмыс жасайтын жас ұрпақ қалыптастыру ұстаздар қауымы үшін аса маңызды. Елiмiздiң өркениеттi мемлекеттердiң қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгiнгi ұрпақ бейнесiмен көрiнедi. Еліміздің Президенті Н. Назарбаев отандық білім берудің алдына жоғары талап қойып отыр. Білім беру бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы болуының нәтижесінде қазақстандық мектептердің түлектері өз білімін шетелдік ЖОО-да жалғастыра алатындай болуы қажет. Сондықтан білім берудің маңызды стратегиялық міндеті, бір жағынан, үздік қазақстандық білім дәстүрлерін сақтау болса, екінші жағынан мектеп бітірушілердің халықаралық біліктілік сапасын, лингвистикалық білімін жетілдіру, ең негізгісі - мемлекеттік, ана және шетел тілдерін меңгеруді қамтамасыз ету болып табылады.

Әлемдік білім кеңістігіндегі озық тәжірибеге негізделген 12 жылдық білім беруге көшудегі негізгі нысана - адамзат тарихында уақыт озған сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті, тәжірибелі де текті ұрпақ қалыптастыру. Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы бізге, яғни болашақ ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұның жаңартып, тиісті әдіс - тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені, білім әр адамға өмір бойы қажет екенін күнделікті тәжірибе дәлелдеп отыр.

«Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ» дегендей, әр педогог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс еңгізе алатын ұстаз ғана бүгінгі қоғамның мүддесінен шыға алады. Ойы жүйрік, саналы, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педогог қалыптастыра алады. Өйткені, жақсы мұғалім ғана жақсы оқушыларды тәрбиелейді.

Еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруде көзделіп отырған мақсаттардын ең негізгісі - әрбір жеке тұлғаға білім алудың өмірлік жолын еркін таңдауына мүмкіндік туғызу.

Сындарлы ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді, әр түрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау үшін оқытудын сапасын жетілдіру - аса маңызды мәселе болып табылады. Осы мақсатта білім негіздерін өз еркімен үйренетін, іс - әрекет мақсатын, міндетін, түрін, тәсілін, жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға оқушыны жеткізуіміз керек. Оқытудың ұтымды технологиясын пайдалану арқылы шәкірттің тұлғалық болмысын дамытуға мүмкіндік туады.

Бүгінгі күні білім сапасы үлкен мәселе болып тұрғаны шыңдық. Білім сапасы - мұғалімдер жұмысының көрсеткіші және мұның бәрі пәндік олимпиададан, ғылыми жоба жарыстарынан көрініс табады. Осы жерде ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтын: «Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педогогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші, керек құралдар, құралсыз іс істелмейді» - деген сөзі ойға оралады. Бұл өткен ғасырдың басында айтылғанымен, жүз жыл өтсе де бағыт - бағдар болып тұр.

«Кез келген білім бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарын да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби дәрменсіздігі істі құлдыратады» - делінген ҚР - сы орта білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік тұжырымдамасында. Орынды айтылған пікір. Жеке тұлғаны тәрбиелейтін адам - мұғалім, мұғалімге сенім білдірмесе, оқу жеміс бере алмайды, сондықтан қоғамымыз мұғалімге үлкен сенім артып отыр.

Жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбір ұстаз шәкіртпен ынтымақтастықты орнатып, шығармашылық негізде әрекет етуі керек және мына мәселелерге назар аударғаны жөн:

  • тұлғаның қалыптасып, өз бейнесін табуы, даралық, руханилық болмысын танытуы;
  • оқушы тұлғасына қолдау көрсету және өзін - өзі қорғауға ұмтылдыру;
  • тұлғаны түсіну, салауатты өмір мен өзіндік қатынастың негізін қалау;
  • жаңа ақпаратты талдай отырып, терең меңгеруге, маңызын анықтай алуға мүмкіндік жасау;
  • өзіне қарама - қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылуды нұсқау.

Осы жайттарды ескере отырып, оқушыны жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне бойлату арқылы өзін - өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін таныттырып, оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіруге бағыттайтын әрбір ұстаз өз қызметін үлкен сеніммен атқарғаны жөн. Себебі, мұғалім ең жауапты міндетті орындайды, ол адамды қалыптастырады. Мұғалімі қандай болса, шәкіртіде сондай сенім жүгін көтереді.

Оқытудың жаңа инновациялық әдістері пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді. Инновация деген ұғым латын тілінде «жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу» деген мағынаны білдіреді. Оның мәні - өздігінен және білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы - ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, болашақ мұғалімдер, жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек» - деп Мағжан Жұмабаева айтқандай, оқыту үрдісіне жаңа көзқараспен қарау керек. Жазу, баспасөз, электрондық пошта, радио, теледидар мен комьютер күнделікті өмірде қарым-қатынасты жақсартуға және тілдік қарым-қатынастың төрт психологиялық әрекеттерін дамытуда көмекші құрал болып табылатыны аян.

ЮНЕСКО XXI ғасырды «полилингвизм ғасыры» деп атады. Болашақ ұрпағымыз тек ана тілін меңгеріп қана қоймай, бірнеше шетел тілін меңгеруі керек. Ал шетел тілін жан-жақты меңгертуде оқыту-тәрбие үрдісін қызықты, ыңғайлы және ұтымды қылу үшін бірнеше тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) әдіс - тәсілдерді қолдануымыз керек.

Бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз - ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағымына ілесу деген сөз. Оған қоса ағылшынша білсең, әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғарғы оқу орндарында білім алуға мүмкіндігің мол. Тіпті оқуыңды тәмамдаған соң біршама уақытқа шетелде қалып, еңбек ету үшін де бұл тамаша мүмкіндік. Ең бастысы, ағылшын тілін білу - бұл іскерлік қарым-қатынас және әлемнің кез келген нүктесінде бизнеспен айналысу үшін міндетті талап.

Елбасының үштұғырлы саясаты аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр. Алайда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», -деп ақын жырлағандай, өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземіз. Сондықтан да «Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс. Бұл - заман талабы», - деген елбасының қағидасына сүйене отырып, қазіргі таңда балабақшадан бастап мектеп табалдырығын аттаған сәттен ана тілін меңгертуге, сауаттылыққа күш салынуда. Осы орайда ауыр жүк артылып отырған мұғалімдер мен тәрбиеші-ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі еңбегі зор. К. Ушкинский: «Бала - балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де, мұғалімнің өз қолында», - деп айтқандай үштілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.

Бұрын шетел тілінен білім беруге баса көңіл бөлінбесе, қазіргі кезде алған білімін өмірде іс жүзінде қолдана алу, пайдалануға қажетті білік пен дағдыларсыз білім алып, білу ғана жеткіліксіз екендігіне баса назар аударылуда. Жеке тұлғаның мәнді іс-әрекеті процесін ескере отырып білім беру көзделуде.

Қазіргі уақытта, ағылшын тілін игерудің талабы жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге арналған арнайы мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда.

Мектепте қазақ тілін оқыту барысында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін бірлікте алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр. Бұл жерде өтіліп отырған бағдарламаға сай үш пәнді бірлікте ала отырып, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Алайда мұғалім дәстүрлі оқытуда тек аударма жасатумен ғана шектеліп отырса, қазіргі оқыту технологиясында түрлі шығармашылық бағыттағы тапсырмалар бере отырып, оқушы-субьектінің ізденісіне, яғни, жеке тұлғаның әрекетін дамытуды мақсат етуде.

Оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты қойылған бұл мақсат пен міндеттер білім беру парадигмасын өзгертіп, білім берудің мазмұнын жаңартты. Білім беру жүйесінде жаңаша қарым-қатынас пен көзқарастар пайда болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
−орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі
Тіл - үлкен саясат
Қазақстанның экономикалық саясаты
Жаһандану үдерісінің ықпалы
Көптілді білім - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі
Пәнді шет тілі арқылы зерделеу
Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
Ағылшын және орыс тілдерін оқыту әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың негізгі мақсаты тіл дамыту негізінде білім қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету
Үштілділік-заман талабы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz