ХИМИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ ОБЪЕКТІДЕГІ ЖӘНЕ КӨЛІКТЕГІ АВАРИЯ КЕЗІНДЕ ХИМИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛЖАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ


Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ХИМИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ ОБЪЕКТІДЕГІ ЖӘНЕ КӨЛІКТЕГІ АВАРИЯ КЕЗІНДЕ ХИМИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛЖАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Астана 2010
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2010 жылғы «8» желтоқсандағы
№427 бұйрығымен бекітілді
Химиялық қауіпті объектідегі және көліктегі авария кезінде химиялық жағдайды болжау және бағалау әдістемесі
Кіріспе
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1387 қаулысына сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның міндеттерді тиімді шешуі үшін технологиялық үрдістерінде химиялық қауіпті заттарды пайдаланатын күшті әсер етуші улы заттармен техногендік сипаттағы авариялар мен апаттар кезінде халықты қорғау бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу мен болжауға бағытталған мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны әзірлеу көзделген.
Химиялық, мұнай өндіруші, мұнайхимиялық, тағамдық, ет-сүт, тоқымашылық, қағаз және бір қатар өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарында күшті әсер етуші улы заттар бастапқы материал немесе түпкiлiктi нәтиже не жанама өнім болып табылады.
Қазіргі таңда өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында адам он мыңдаған түрлі химиялық қоспаларды пайдаланса да, жыл сайын бұл сан 200-1000 жаңа заттарға көбейеді.
Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және тұрмыста қолданылатын химиялық заттар ассортименті үздіксіз өсіп келеді. Бұның барлығы төтенше жағдайлардың өте жиі туындауына ықпал етеді. Бұл жарылыстар, өрттер, опырулар, теміржол, автомобиль және авиациялық оқиғалар, түрлі химиялық заттардың, оның ішінде авариялық химиялық қауіпті лақтырындылар мен төгілулер.
Олардың айтарлықтай қорлары тағамдық, ет-сүт өнеркәсібінің объектілерінде, сауда базасының тоңазытқыштарында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарында жұмылдырылған. Осылайша, мысалы көкөніс базаларында хладагент ретінде пайдаланылатын 100 т. аммиак, су құбырлары станцияларында - 10-нан 30 т. дейін хлор бар. Бұл объектілер тұрғын үйлер мен аудандарға тікелей жақын жерде орналасқан.
Көп келеңсіздікті темір жол әкеледі. Бұнда вагонның рельстен шығуы және аударылуы жиі болады. Жерге хлор, аммиак, бензол, бутадиен, формалин, түрлі қышқылдар, бензин, керосин, дизель отыны, мотор майы және тағы басқалары төгіледі. Жерлер, су тоғандары, ауа және барлық қоршаған орта зақымданады. Сол кәсіпорындарда да жағдай жақсы емес.
Біздің елімізде және шет елдерде улы заттардың төгілуімен (лақтырындыларымен) химиялық қауіпті кәсіпорындарда болған әр түрлі аварияларды талдау тек соғыс уақытында ғана емес, сондай-ақ бейбіт уақытта да өндірістік персоналдар мен халықты қорғауды ұйымдастыру қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаны зақымдауды бақылау радиациялық бақылау сияқты қоршаған ортаның жалпы жағдайын бақылаудың құрама бөлімі болып табылады. Ол оның мониторингін - химиялық жағдайды нақты болжау, анықтау және бағалау, бақылау деректерімен мониторингтің ауыспалы деректерін салыстыру негізінде - халықты қорғау және химиялық жағдайды қалпына келтіру жөніндегі шараларды әзірлеу қажеттілігін анықтау болып табылады.
Кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуі үшін әдеттегідей орта есеппен 3 тәулікке, ал өндіріс бойынша кәсіпорындарға минералды тыңайтқыштар - 10-15 тәулікке дейін есептелген химиялық заттардың азайтылмайтын запасы құрылады. Нәтижесінде ірі кәсіпорындарда, сондай-ақ қоймаларда және кейбір порттарда бір уақытта өндіріс ауқымына байланысты мың, сондай-ақ ондаған мың осындай заттар сақталады. Жеке көкөніс (сауда) базаларында хладагент ретінде қолданылатын 150 тоннаға дейінгі сұйылтылған аммиак, су дайындау станцияларында 100-ден 400 тоннаға дейін сұйылтылған хлор бар.
Күшті әсер ететін улы заттардың запасы базалық және шығындық қоймалар резервуарларында сақталады, технологиялық желілерде, көліктік құралдарда (өнім құбырында, темір жол цистерналарында, контейналарда, баллондарда, танкерларда) бар. Зымыран отыны компоненттері қоймалар резервуарларында сақталады, темір жол цистерналарында және жанар-жағар май құюшымен тасымалданады.
Темір жол цистерналарының жүк көтергіштігі: хлор үшін 47, 6 тоннаны, 55, 8 тоннаны немесе 57 тоннаны; аммиак үшін 30, 7 және 45, 3 тоннаны; тұз қышқылы үшін 52, 2 және 59, 4 тоннаны құрайды. Автомобиль цистерналарының жүк көтергіштігі 2-6 тонна. Контейнерлердің (бөшкелердің) сыйымдылығы 0, 4-2, 5 м3, баллондар 0, 005-тен 0, 08 м3 құрайды.
2. Терминдер мен анықтамалар
Химиялық қауіпті объектінің қирауы күштіәсер ететін улы заттары бар барлық сыйымдылығының толық ашылуына алып келетін дүлей зілзаладан кейінгі жағдайды түсіну екенін ұғыну керек.
Бастапқы тозаң - күштіәсер ететін улы зат қираған кезде, барлық көлемінің немесе сыйымдылықтағы бір бөлігі бір уақытта ауаға тарауы нәтижесінде қалыптасатын зақымдалған аудағы бұлт.
Туынды тозаң - төгілген улы сұйықтықтың жер үстіне ұшуы нәтижесінде қалыптасқан зақымдалған ауадағы бұлт.
Инверсия - төменгі ауа температурасы жоғары қабаттағы температурасынан төмен болған кездегі ауаның жерге жақын қабатының жағдайы (атмосфераның тұрақты жағдайы) .
Изотермия - төменгі ауа температурасы жоғары қабаттағы температурамен бірдей болған кездегі ауаның жерге жақын қабатының жағдайы (атмосфераның бейтарап жағдайы) .
Конвекция - төменгі ауа температурасы жоғары қабаттағы температурасынан төмен болған кездегі ауаның жерге жақын қабатының жағдайы (атмосфераның тұрақсыз жағдайы) .
Улы доза - алғашқы зақымдану белгілерін тудыратын жұтылатын доза.
Ықтимал зақымдану аймағының алаңы - адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті концентрациядағы улы заттардың буымен (аэрозольмен) зақымданған ауаның жерге жақын қабаты аумағының алаңы.
Зақымдану тереңдігі авария ауданының шегінен зақымданудың тиісті алаңының барынша ұзақтығы дегенді білдіреді, ал зақымдану тереңдігі - бастапқы және туынды бұлттың таралу аймағының барынша ұзақтығы.
Таралу аймағы күштіәсер ететін улы заттар бұлттарының желдің бағыты бойынша таралуы нәтижесінде қалыптасатын авария ауданы шегінен тыс ауаның химиялық зақымдану алаңы дегенді білдіреді.
3. Химиялық зақымдану ауқымын болжамдау үшін
бастапқы деректер
Технологиялық сыйымдылықтардағы және су қоймаларындағы авария кезінде, күшті әсер ететін улы заттарды темір жол, құбыр және басқа да көлік түрлерімен тасымалдау кезінде, сондай-ақ химиялық қауіпті объектілер қираған жағдайда нақты қорғау шараларын талап ететін зақымдану аймағын айқындау методологиясы «Химиялық қауіпті объектіде және көліктегі авария кезінде химиялық жағдайды болжамдау және бағалау әдістемесіне» негізделеді. Әдістеме күшті әсер ететін улы заттар атмосфераға газ, бу немесе аэрозоль түрінде лақтырылған жағдайда таралады.
Күшті әсер ететін улы заттардың зақымдану аумағы, олардың табиғи қасиеттері мен агрегатты жағдайына байланысты бастапқы және туынды тозаңбойынша есептеледі, мысалы:
сұйылтылған газ үшін -жекелей бастапқы және туынды бұл бойынша;
сығылған газ үшін - тек бастапқы тозаңбойынша;
қоршаған ортаның температурасында қайнайтын улы сұйықтық үшін бастапқы тозаңбойынша.
Күшті әсер ететін уыл заттармен зақымдану ауқымын болжамдау үшін бастапқы деректер:
объектідегі күшті әсер ететін улы заттардың жалпы саны және сыйымдылықтар мен технологиялық құбырларда олардың запастарының орналасуы бойынша деректер;
атмосфераға лақтырылған күшті әсер ететін улы заттардың саны және олардың жер қабаты бетіне төгілу сипаты («бос», «табандықтарға» немесе «төгуге») ;
қоймалық ыдыстардың тұғырықтары мен бөгеттер биіктігі;
метеорологиялық жағдайлар: ауа температурасы, 10 метр биіктіктегі желдің жылдамдығы (флюгер биіктігінде), ауаның тік тұрақтылық деңгейі.
Авария болған жағдайда жұқтыру ауқымын алдын ала болжау кезінде бастапқы мәліметтер үшін мыналарды қабылдау ұсынылады: күшті әсер етуші улы заттардың лақтырылу шамасына - оның барынша бірлік сыйымдылық көлемі бойынша құрамы (технологиялық, қоймалық, көліктік және т. б. ), метеорологиялық жағдайлар - инверсиясы, желдің жылдамдығы - 1 м/с.
Авариядан кейін тікелей жұқтыру ауқымын болжау үшін лақтырылған (төгілген) күшті әсер етуші улы заттардың саны туралы нақты деректер мен шынайы метеожағдайлар алынуы тиіс .
Күшті әсер етуші улы заттардың жұқтыру аймағының сыртқы шекаралары адамның ағзасына ингаляциялық ықпалы кезінде бастапқы улы доза есептеледі.
Қабылданған рұқсат берулер:
күшті әсер етуші улы заттардан тұратын ыдыстар толығымен бұзылады;
күшті әсер етуші заттар үшін сұйықтықтың қабатының қалыңдығы ( h ), үстінен төселгеннің бетіне еркін төгілгендер төгілген барлық аумақ бойынша 0, 05 м тең саналады;
тұғырықтар мен бөгеттерге төгілген қатты әсер етуші заттар үшін арақатынастарынан айқындалады:
а) өздігінен тұғырықтары бар ыдыстардан төгілген кезде (бөгеттер) :
h = H-0, 2
H бар жерде - тұғырықтарының биіктігі (бөгеттер), м;
б) жалпы тұғырықтары бар топпен орналасқан ыдыстардан төгілген кезде (бөгеттер) :
Q 0 бар жерде - авария кезінде лақтырылған заттардың саны (төгілгендердің), т;
d - заттың тығыздығы, т/м 3 ;
F -төгілудің шынайы аумағы.
Газ - және өнімдер құбырындағы авария кезінде лақтырылған күшті әсер етуші заттардың мөлшері оның автоматтандырылған бөлгіш арасындағы құбыр өткізгіштегінің барынша санына тең саналады, мысалы аммиак құбырларына - 275-500 т.
4. Күшті әсер етуші заттардың жұқтыру аймақтарының тереңдігін болжау.
Күшті әсер етуші улы заттарды (ары қарай - КӘУЗ) жұқтыру аймақтарының тереңдігін есептеу Қосымшаның 1 - 3 кестелерде және 2 кестеде келтірілген деректердің көмегімен жүргізіледі.
Күшті әсер етуші заттардың авариялық лақтырылуы (төгілуі) кезінде жұқтыру аймағының тереңдігінің шамасы Қосымшаның 1 кесте және 2-кесте бойынша лақтырындының сандық сипаттамасына және желдің жылдамдығына байланысты айқындалады.
4. 1. Алғашқы тозаң бойынша заттың эквивалентті санын анықтау
Алғашқы тозаң бойынша заттың эквивалентті санын анықтау (тоннамен) :
Q э1 =К 1 К 3 К 5 К 7 Q 0 формуласы бойынша айқындалады
К 1 бар жерде - КӘУЗ сақтау жағдайларына байланысты коэффициент - Қосымшаның 2 кестесі (сығымдалған газдар үшін - К 1 =1) ;
К 3 -басқа КӘУЗ бастапқы улы дозасына хлордың бастапқы улы дозасының қатынасы тең коэффициент (Қосымшаның 2 кесте) ;
К 5 - атмосфераның тік дәрежесін ескеретін коэффициент: инверсия кезінде - 1, изотермия кезінде - 0, 23, конвекция кезінде - 0, 08.
К 7 - ауа температурасының ықпалын ескеретін коэффициент, Қосымшаның 2 кесте (сығымдалған газдар үшін К 7 =1) ;
Q 0 - авария кезінде лақтырылған (төгілген) заттың саны, т;
Сақтау қоймаларындағы сығымдалған газдың авария кезіндегі көлемі Q 0 :
Q 0 =d V x формуласы бойынша есептеледі
d бар жерде - КӘУЗ тығыздығы, т\м (Қосымшаның 2 кестесі) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz