Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы туралы



Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы

Біз өмір сүріп отырған әлемде, тіпті он сегіз мың ғаламда табиғаттың тірі және өлі түрі, басқаша айтқанда, жаны бар және жансыз заттар кездеседі. Екеуі бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Мысалы, өлі табиғатқа жататын су мен топырақ тірі табиғаттың өкілдері үшін тіршілік ортасы бола алады. Тірі табиғатқа кіретін жаратылыстар - тірі организмдер немесе тіршілік иелері. Олар тіршілік ете алады, өседі, өледі, көбееді, дамиды, қоректенеді. Ал өлі табиғатқа кіретін жаратылыстар тірі организмдер сияқты болмайды. Оларды тек материал (жансыз зат) ретінде қарастырамыз. Тірі организмдер жасушадан турады. Алып піл де, кішкентай ғана маса да жасушалардан тұрады. Жасуша (клетка) - тірі табиғат өкілдеріне тән кішкентай ғана бөлшек. Тірі организмдерде зат алмасу процесі жүреді. Айналадағы ортадан енген зат (азық, көректік заттар) түрлі реакциялардың әсерінен организмнің денесін түзуші заттарға айналады, жай заттардан күрделі заттар түзіледі, немесе керсінше жағдайда, күрделі заттар жай заттарға ыдырайды. Тіршілік иелерінің қоректенуі арқылы энергия қоры пайда болады. Зат пен энергияның алмасуы нәтижесінде жасушаның және ұлпалардың саны мен көлемі артады, тіршілігі жалғасады. Тірі организмдерге тән қасиеттердің бірі - қозғалу. Қозғалыс - өмірдің негізгі себебі. Өйткені тіршілік етуге қажетті қоректік заттар мен жаулардан қорғану процестері қозғалыс арқылы іске асады. Қозғалмаған тіршілік иесі (әсіресе, жан-жануарлар) өледі немесе басқаларға жем болады. Өсімдіктердің өмірі қозғалыссыз көрінгенімен, олардың да өздеріне тән баяу қозғалыстары болады. Тірі организмдер көбею арқылы өздерінің тіршіліктерін келесі бір буын өкілдеріне табыстайды. Тірі табиғаттың өлі табиғаттан негізгі айырмашылығы ретінде көбеюді айтуымызға болады. Өлі табиғат ешқашан да тірі табиғатқа тән қасиеттерге ие болмайды. Жаны жоқ су, тас, топырақ пен ауа тірі табиғаттың негізгі тірегі болатын өмір сүру ортасын қалыптастырады. Тірі табиғаттың негізгі белгілері Зат алмасу, Қоректену, Тыныс алу, Бөлу, Тітіркенгіштік, Қозғалыс, Көбею, Өсу мен даму.
Кальций - күмісше жылтыраған ақ металл, ол сілтілік металдар тәрізді өте жеңіл (g = 1,55 гсм3 ), алайда анағұрым қатты болады және оның балқу температурасы да өте жоғары, 851 0 С-ге тең.
Са - ізбес. Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшық еттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді.
Калцийдің маңызды қосылыстары: кальций оксиды - СаО - сөндірімеген әк, кальций гидроксиді - Са(ОН)2 - сөндірілген әк, кальций карбонаты - СаСО3 - әкті су, ғаныш (гипс) - СаSO4 *2Н2О
Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций - сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам - ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді.
Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердің белсенділігі төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.
Йод - өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс материалы (қалқанша без - йод жинақтаушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АДАМ ЖӘНЕ БИОСФЕРА
Биосфера – ғаламдық жүйе
Өсімдік географиясы
Биосфера эволюциясы. Биосфера құрылымы. Тірі заттың қасиеті мен қызметі
Экология ғылымы туралы түсінік
Тірі ағзалардың химиялық құрамының біркелкі болуы
Экожүйе мен биогеоценоз - тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы
ТОПЫРАҚ БИОЛОГИЯСЫ
СИНЭКОЛОГИЯ (Қауымдастықтар экологиясы). ЭКОЖҮЙЕ КОМПОНЕНТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ
Биогеохимияның негізгі концепциялары (сұрақ-жауап түрінде)
Пәндер