Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы тұрғысынан элемент және оның қосылыстарының сипаттамасы



Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы тұрғысынан элемент және оның қосылыстарының сипаттамасы.
Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы тұрғысынан элемент және оның қосылыстарының сипаттамасы.
Периодтық жүйедегі орнына байланысты химиялық элемент және оның қосылыстары жайлы болжам айта білуді қалыптастыру, элемент қасиеттерінің өзгеруіндегі заңдылықтар туралы білімді бекіту. Периодтық жүйедегі барлық элементтер арасында қандай өзара байланыстылық болатындығын көрсету.
Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруі жасалған кесте. Тірек білім мен біліктер:
Атомның құрылысы туралы және периодтық жүйені оқыту барысында алған білімдері.
Сабақ барысы: Оқушылардың білімін тексеру. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:
1. Элементтер периодтық жүйеде қандай белгілеріне қарай орналасқан?
2. Периодтық жүйе қалай құрылған?
3. Периодтық жүйеде атом ядросы зарядының артуына байланысты элементтердің қасиеті қалай өзгереді?
4. 4-ші периодтағы нағыз металдар мен нағыз бейметалдарды атаңдар.
5. Периодтық жүйеде неше топ бар?
6. Топтар қалай бөлінеді?
7. Атомның ядро зарядына байланысты топшаларда элементтердің қасиеті қалай өзгереді?
8. І топтағы ең белсенді металды және VII топтағы ең белсенді бейметалды атаңдар?
Жаңа тақырып бойынша түсіндіру:Оқушылар назарын химиялық элементтің периодтық жүйедегі орнына аударамыз. Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орнына қарап элемент туралы көп мәлімет алуға болады. Барий элементін мысалға алып, периодтық жүйедегі орнына сай оған сипаттама беру. Жоспар бойынша. Барий тұздарының формуласын құрастырамыз, олардың судағы ерігіштігіне назар аударамыз. Периодтық жүйе дегі орнына сай элемент туралы қанша көп нәрсе айтуға болатындығын атап өтеміз. Осы тақырып бойынша оқушылардың білімдерін бекіту үшін,кез келген элементке сипаттама берудің үлгі жоспарын ұсынамыз:
1. Элементтің периодты жүйедегі орны.
а) реттік нөмірі;
ә) периоды, қатары;
б) тобы, топшасы;
в) атомдық массасы;
2. Элементтің атомдық құрылысы.
а) атом ядросының заряды;
ә) атом құрамының формуласы (р,п,е сандары);
б) энергиялық деңгейлер саны және онда электрондардың орналасуы (е);
в) электрондық формуласы(1s2,2s ... );
г) кванттық ұяшықтар;
д) сыртқы қабаттағы электрон саны=металл немесе бейметалл;
3. Элементтің жоғары валенттілік көрсететін қосылыстарының формуласы.
а) оксидтері;
ә) гидроксидтері;
б) ұшқыш сутекті қосылыстары;
4. Химиялық қасиеті.
а) оксидінің (негіздік,екідайлы, қышқылдық);
ә) гидроксидтері (негіз, екідайлы,қышқыл);
5. Элементті көрші элементпен салыстыру.
а) период бойынша;
ә) топ бойынша; (металды бейметалмен салыстыруға болмайды).
Оқушылардың білімін бекіту. Оқушыларға төмендегі кестенің оң жағын толтырту арқылы бүгінгі өтілген сабақты қорытындылаймыз.
Периодтық жүйенің атом құрылысы теориясымен байланысы
Түсініктер мен заңдылықты атом құрылысы теориясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің ашылу тарихы
Периодтық заң
Қышқылдардың химиялық қасиеттерін зерттеу
МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДА БЕЙМЕТАЛДАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Орта мектеп химия курсындағы металдардың жалпы қасиеттерін оқып үйретудің әдістемесі
Периодтық жүйедегі орнына қарай элементті және оның қосылыстарын сипаттау
Периодтық жүйесінің құрылымы
ХХ ғасыр химиясына тән сипаттар
Химияның теориялық негіздері. Химияның негізгі түсініктері
Атом ядроларының байланыс энергиясы
Пәндер