ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуының алғышарттары



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуының алғышарттары
2. Қазақ зиялыларының қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастырудағы алатын орны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Белгілі бір қөзқарастар жүйесі ретінде ХХ ғасырдың басында пайда болған қоғамдық ғылымдардың элита теориясы бұрынан қалыптасқан дәстүрлі тарихи танымды тың соқпаққа жетелейді.Элита қоғамдық өмірді өзінің бастамшылдығмен,тұлғалық ерекшелігі, кәсіпқойлық сапасымен танылатын адамдар тобы дер болсақ, ол топтың саяси әрекеті ғылыми талдаудан өткізілгенде қоғамдық құбылыстар мен тарихи оқиғалардың даму заңдылығын жаңа қырынан танып, білуді жеңілдетеді.
Саяси элита әлеуметтік жағдайына байланысты қоғамды басқару процесіне тікелей немесе жанама түрде ықпал еттіп, қоғамның даму стратегиясын жасап, оны іске асыруға өз үлесін қосады. Әдетте,халықтың басым бөлігінің саяси белсенділігі төмен болғандықтан олар саясаттан бейтарап өмір сүреді. Осындай жағдайда қоғамдық өмірідің даму бағыттарын айқындайтын саяси элитаның рөлі арта түсері сөзсіз.
Элита сөзі француз тілінде қоғамның белгілі бір бөлігін құрайтын топтың ең көрнекті,таңдаулы өкілдері деген мағына береді.Бұл анықтама элита деген ұғымның қоғамдағы түрлі топтардың қандай бөлігіне байланысты қолданылатындығынан анық хабар берсе керек.Бүгінгі гуманитарлық ғылым элитаны саяси, басқарушы, ғылыми, ғылыми-техникалық деп түрлі жіктерге бөледі.
Ғылымда басқарушы топтың, яғни элитаның қызметін арнайы ғылыми талдауға алатын саланы Элиталогия деп атайды.
Ұлттық элита ұғымы осы кезге дейінгі ғылыми әдебиетте ұлттық интеллигенция ұғымының контекстінде қарасытырлып келеді. Ал кеңестік қоғамдық партиялық номенклатураның сипаты саяси элитаның жекелеген ерекшеліктерін ғана танытқан.
Ұлттық элита деп арнайы аталмағанымен оны қозғаушы, бағыттаушы қызметтін атқарған әлеуметтік топ тарихтың қай кезінде де болған. Осы құблыстың ХIХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың алғашқы ширегін қамтыған бөлігін бір тұтас бірлікте қарстыруға енгіз бар. Ол негіз ұлттық элитаның отаршылдыққа қарсы азаттық күресінің сипаттық ерекшеліктеріне байланысты. Бұл кезеңде ұлт-азаттық күресттің саяси тәсілдері пайда болды, қалыптасты, және қоғамдық идеялардың практикасына айналды. Жаңа замандағы қазақ тарихының ұлт-азаттық қозғалыстардан туындаған саяси және құқықтық тарихының ХIХ ғасырдың соңынан Алашорда қозғалысы таратылған 1919-1924 жылдарға дейінгі аралығын бес кезеңге бөліп қарастырылу ұсынылуда.
Ұлт-азаттық қозғалыс кезеңдерінің дәуірі базалық негізі бір текті болғандықтан оларды салыстырмалы тәсіл мен егжей-тегжейлі ой елегінен өткізуге болады. Осы тұрғыдан алғанда, ұлт-азаттық қозғалыс шеңберінде ұлттық саяси элитаның даму эволюциясы, қалыптасу ерекшеліктері және саяси іс-әрекетін жан-жақты қарастыруға мүмкіндік аламыз.

1. ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуының алғышарттары

Қазақ қоғамының экономикалық өміріңде XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басыңда болған өзгерістер қазақ халқының қоғамдық санасын едәуір қайта құруға жеткізді. Қарастырылып отырған кезеңде Ресейдің патша үкіметі Қазақстанды отарлауын толық аяқтады деуге болады, оның ең басты әлеуметтік-экономикалық зардаптары: қазақ халқын біртұтас ел ретінде бытырату мақсатымен қазақ жерлерінің аумақтық жағынан әскерилеңдірілген бірнеше облыстарға бөлінуі; байырғы турғыңдарды жақсы жерлер мен шурайлы жайылымдардан жаппай көшіру, шаруашылық жүргізу саясатын өзгерту; тұрмыс жағдайының күрт нашарлатылып, оған қоса рухани қысымның күшейтілуі. Қоғамдық тұрмыстағы мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана сезімді оятты, қазақ қоғамында жаңа идеялар, ойпікірлер, көзқарастар қалыптасуын бастап берді.
XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының озық ойшылдары қоғамды, адамдардың өздерін күш қолданылатын революция емес, қоғам мүшелерінің сезімін өзгерту мен адамдардың бүкіл қоғамды жаңарту практикасына тартылуы ғана өзгерте алады деп санап, қоғамдық сананы қалыптастыру процесін нақты жүзеге асырды. Адамдардың бүкіл бұқарасы мұндай өзгерістерге қатыса алмайды және оған қатысуға қабілетсіз, оны бірдей түсіне бермейді және оған бірдей дәрежеде мүдделі де емес. Қоғамдық тұрмыс пен қоғамдық сананың байланысын әдетте барша жұрт бірігіп немесе әрбір адам жекедара белгілемейді, қайта адамдардың ерекше топтары, сананы әзірлеумен кәсіби түрде айналысатын интеллигенттер анықтайды. XX ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамыңда Қазақ газеті мен Айқап журналы төңірегіне топтасқан жас қазақ интеллигенциясы осындай интеллектуалдар тобы болды.
XX ғасырдың басында Қазақстанда қоғамдық сана қалай қалыптасты, адамдардың санасын ояту үшін оларға қазақ интеллигенциясы қаңдай идеялар ұсынды, қазақ қоғамының болашағын олар қандай деп білді? Бұл сұрақтардың бәріне осы басылымдарға талдау жасау арқылы жауап беруге болады.
Ең алдымен, Түркістанның Ресейге қосылуы нәтижесінде дала өңірінде байырғы халық тілдерінде алғашқы газеттер пайда болғанын атап өтейік. Түркістан уәлаятының газеті 18701882 жылдарда өзбек және қазақ тілдерінде шығып тұрды. Газетті Ішкі істер министрлігі қатаң қадағалап отырды, мұның газет мазмұнына әсер еткені күмәнсіз. Түркістан уәлаятының газеті беттерінде орыс мемлекетінің өмірін, оның байырғы халықтар жөніндегі саясатын көрсететін материалдар, әр түрлі өкімдер мен үкімдер, орыс халқы мен басқа мемлекеттердің өміріндегі елеулі оқиғалар туралы хабарлар басылып тұрды. Патша үкіметі тарапынан қатаң цензура жасалғанына қарамастан, газет тарих, этнография, экономика, археология, орыс әдебиеті мен мәдениеті жөнінде де қазақ тілінде материалдар жариялады.
Дала уалаятының газеті шығуы қазақ халқының мәдени өмірінде елеулі оқиға болғаны өткен тарауда айтылды, шын мәнінде газет патша үкіметінің ресми органы еді. Газет екі бөліктен тұратын. Ресми бөлігіндеүкімет материалдары, ал ресми емес бөлігінде қазақ халқының тарихы жөніндегі материалдар, қазақтардың шаруашылық өмірі, билердің жұмысы туралы, байырғы халық арасындағы сауаттылықтың жайкүйі және дала өңіріндегі көптеген проблемалар туралы әртүрлі мәліметтер басылды. Газет қазақ халқын дүниежүзілік мәдениетке тарту, қазақ ғылымы мен мәдениетін дамыту ісінде теңдесі жоқ рөл атқарды. Дала уәлаятының газеті беттерінде орыс классиктері А. С. Пушкин, Л. Н. Толстой, И. С. Тургенев, Н. А. Добролюбовтың шығармалары, Қазақстанды зерттеген орыс ғалымдары Г. Н. Потанин, В. В. Радлов, И. И. Крафт, А. Е. Алекторов және басқаларының публицистикалық мақалалары мен хабарлары аударылып басылды. Аударма жасағандар Е. Абылайханов, Д. Сұжанғазин, Р. Дүйсенбаев және Абай Құнанбаевтың інісі Халиолла Өскенбаевтар болатын. Орыс оқырмандарын қазақ халқының рухани өмірімен таныстырғандардасолар.
Дала уәлаятының газетінде Абайдың Жаз, Болыс болдым, мінеки, Күлембайға деген өлеңдері, Ы. Алтынсариннің, М. Ж. Көпеевтің, А. Құрманбаевтың шығармалары жарық көрді, революцияға дейінгі Қазақстанның тарихы, әдебиеті мен мәдениеті жөніндегі материалдар да назар аударарлық. Біздің қырғыздардағы сенімнанымдар, Қырғыз тілінің транскрипциясы туралы, Саяхатшы француздар қырғыз даласында, Қырғыздардың лирикалық әндері, Қырғыз интеллигенциясының міндеттері, Қырғыздардың шыққан тегі туралы аңыз сияқты мақалалардың қазақ халқының тарихы, географиясы, экономикасы, мәдениеті мен тұрмысы үшін маңызының теңдесі жоқ.
Газет беттерінде қазақтың оқығандары мен ғалымдарының өмір деректері туралы құнды мақалалар жарияланды. Ш. Уәлихановтың туғанына 60 жыл толуына арналып берілген газеттің 1894 жылғы 18 санындағы мақалада: ... Шоқан Уәлиханов ғалым, өнер иесі, халықтың ғадет заңын біліп, даңғыл, биік жолға шықса да өзінің туған жайын жатырқамай һәм ұмытпады... Тағы дағалым өнерінің қымбат екенін біліп, құрмет тұтып өзінің халқын бек жақсы көрер еді. Ләйкін Россия халқының қорғап, қоршап болысқаныменен Азия халықтары ілгері басып һәм надандықтан құтылар ма деп ойлар еді деп жазылған. Сонымен қатар газетте оқуағарту, өнербілімге үндеген мақалалар көптеп басылды.
Газетте саяси тақырыптағы материалдар жарияланбады деуге болады. Біздің ойымызша, бұл патша үкіметінің қатаң цензурасына байланысты. Ал жалпы алғанда, газет қазақ халқының рухани өмірінде елеулі рөл атқарды.
Сонымен бірге қазақ халқының ұлттық санасезімін ояту және жаңа қоғамдық сананы қалыптастыру ісіне Қазақ газеті де зор үлес қосты. Алаш партиясы сияқты, оның органы болған Қазақ газеті (19131918 ж.) де ұзақ уақыт бойы буржуазияшылұлтшылдық газет саналып келді.
Қазақ даласындағы ұлттық қозғалысқа жас интеллигенция жаңа тыныс берді. Тарихи тәжірибенің дәлелдеп отырғанындай, әлеуметтік күрт өзгерістер кезеңдерінде әрқашанда интеллигенция едәуір белсенділігімен, дербес бастамасымен ерекшеленіп отырған. Әлеуметтік, интеллектуалдық және адамгершілік сезімі жоғары интеллегенция жеке адамның қоғамда алатын жағдайы туралы, оның санаға және санасезімге қатынасы туралы мәселе көтерді.
С. Асфендияровтың жазғанындай, Мемлекеттік аппаратты қалыптастыру қажеттігі патша өкіметін белгілі бір дәрежеде кадрлар даярлау мен айналысуға мәжбүр етті. Сөйтіп Ресейдің оқу орындарынан қазақтан шыққан болашақ дәрігерлер, инженерлер, мұғалімдер, чиновниктер, офицерлер, аудармашылар, жазушылар жоғары білім алды.
Белгілі марксист А. Грамши Ресей интеллигенциясының қалыптасу заңдылықтарын зерттей келіп былай деп жазған: ең белсенді, жігерлі, алғыр және білімді адамдардан тұратын беткеұстарлар шетелге барады, Батыстың неғұрлым алдыңғы қатарлы елдерінің мәдениеті мен тарихи тәжірибесін игеріп, бұл орайда өздерінің ұлттық мәдениетінің ең елеулі белгілерін жоғалтпайды, яғни өз халқынан рухани және тарихи байланыстарын үзбейді, сөйтіп интеллектуалдық даярлығын аяқтап, олар отанына оралады да, халықты күштеп оятып, ілгері қарай жедел қозғалуға, кезеңдерден аттап өтуге мәжбүр етеді.
Бұл заңдылықты біз XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының қызметінен көреміз. Қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы бөлігі XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялық күрес, 1905 жылғы бірінші орыс революциясы идеяларының және сол кездегі қазақ қоғамының тарихи нақтылықтарының ықпалымен қалыптасты.
Оның ең басты сіңірген еңбегі мынада: ол бүкіл ресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде байқап, қазақ қоғамын да қозғалысқа келтіру амалдарын іздестірумен айналысты, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланып, туған халқын феодалдықпатриархаттық мешеуліктен шығаруға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогресс, мемлекеттік тәуелсіздік алу жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі жанжалдар мен ізденістер жолы болғаны күмәнсіз. Ал бұл жолда жетістіктермен қатар, әрине, қателесулер де, адасулар да болды. Алайда оларды, кейіннен сталиндік идеологияның түсіндіргеніндей, өз халқына жаулық көзқарастар емес, халық тағдырын жеңілдету жолындағы күрестің табиғи қиындықтары туғызған еді. Қазақ интеллигенциясының ең басты ізгі мақсаты халқына қызмет ету болғанын Алаш басшыларының бірі М. Дулатов 1929 жылы Бутырск түрмесінен жазған хатында былай деп айқын баяндайды: ... Мен өзімнің құлдыққа түсіріліп, езгіге салынған бейшара халқымның осы құлдық жағдайдан шығуына көмектесуді өз борышым деп санадым... Саяси саладағы оқиғаларды дер кезінде болжай алмадым деп санаймын, ал қазір кеңес өкіметіне қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің қазақ ұлтын дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда көргім келген тілегім ғана.
1905 жылдан жас қазақ интеллигенциясы белсене қимылдай бастады. 1905 жылғы 17 қазандағы патша манифесінде азаматтық құқықтар арождан бостандығы, жеке адамға ешкімнің тиіспеуі, жиналыстар мен одақтар бостандығы жарияланғаны мәлім. Патша Мемлекеттік думаны заң жүзінде шақыруға және оған империяның бұратаналарын қоса, қоғамның барлық таптарын жіберуге уәде берді. Манифестің жариялануы қазақтардың саяси күресінің басы болды. Митингілер ұйымдастырылып, оларда экономикалық және саяси проблемалар кең талқылана бастады. Әлеуметтік өзгерістерді күту, халық тұрмысының жақсаруына деген үміт бұқараны қозғап, интеллигенцияның қызметін жандандыра түсті. Көптеген саяси партиялар пайда болды. 1905 жылдың аяғында қазақтардың алғашқы ресми съездері өтті: Орынборда оған Әлихан Бөкейханов, Верныйда Ахмет Байтұрсынов төрағалық етті.
Қоғамдықсаяси өмір аренасына орыстың азаттық қозғалысының ықпалын бастан кешірген қазақ интеллигенциясының демократиялық пиғылдағы жас ұрпағы көтеріле бастады. Ұлттық интеллигенцияның түрлі топтарының идеялықсаяси көзқарастары бірдей болмады.
Әлихан Бөкейханов XX ғасырдың басында қазақтар арасында ұйымдасуы мүмкін саяси партиялар жөнінде былай деп жазды: Таяу болашақта дала өңірінде қырғыздар арасында қалыптасып жатқан екі саяси бағытқа сәйкес екі саяси партия ұйымдастырылуы ықтимал. Олардың біреуі ұлттықдіни партия деп аталуы мүмкін, ал оның мұраты қазақтардың басқа мұсылмандармен діни бірлігі болады. Екіншісі батыс бағытында... Біріншісі мұсылмандық татар партияларын, екіншісі оппозициядағы орыстарды, атап айтқанда, халық бостандығы партиясын үлгі етіп алуы мүмкін.
Шынында да, кейіннен Әлихан Бөкейхан бастаған қазақ саясатшылары болашақтағы ұлттық партияны кадеттер үлгісінде құрмақ болды. Оның өкілдері кадет партиясының Бүкіл ресейлік съездерінің жұмысына қатысты, ал Ә. Бөкейханов осы партияның Орталық комитеті құрамына сайланып, Мемлекеттік думада кадеттерге қосылды. Қазақ интеллигенциясы алдыңғы қатарлы бөлігінің кадеттермен ынтымаққа келуіне кадеттердің көшпелілердің отырықшылық өмірге біртебірте өтуі қажет екендігін түсінгені және отарлық аймақтарда да орталық Ресейдегідей оқыту жүйесінің енгізілуін жақтауы әсер етті. Батысша пиғылға батыл бет бұрып, егер барлық, саяси орыс қозғалыстарының тұғырнамасында бұратаналарға құқықтардың теңдігі мен олардың қадірқасиетін құрметтеуге уәде берілсе, олардың бәрімен ынтымақтастық жасауды жақтаған бұл қазақ тобының басшылары панисламизмге оппозицияда болып, оны шығыс утопиясы деп санады. Екінші жағынан, патша үкіметіне адал болып, көшпелі халықтар арасында әскери міндеткерлік енгізілуімен де келісе отырып, олар тіл мен мәдениет жағынан орыстандыруға, сондайақ ауыртпалықты полициялық террор мен отарлауға қарсы күресті.

2. Қазақ зиялыларының қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастырудағы алатын орны

Қазақ қоғамын саяси жағынан оятудың басты факторы Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы, оның оң маңызы да, теріс мәні де болды. С. Асфендияровтың атап көрсеткеніндей, феодалдықрулық қанау, кедейлерді кіріптарлыққа салып, күйзелту, жерді басып алу суреттеліп отырған процестің негізгі факторлары, міне, осылар. Ресей капитализмі бұрынғы өндіріс әдісін нығайтып, қазақтар шаруашылығының заттайтұтынушылық сипатын сақтап қалды, сонымен бірге осы артта қалған экономикалық укладты дүние жүзілік капиталистік жүйеге тартып, миссионерделдалдар, байлар, қоныстанушылар және т. б. жүйесі арқылыоны рыноктыңтоварақша қатынастарына бейімделуге мәжбүр етеді. Сөйтіп феодалдықрулықжәне капиталистік екі жақты қанау болып шығады. Дүниежүзілік капиталдың артта қалған барлық отарларының ерекшелігі, бұрынғы патша отары ретіндегі Қазақстанның ерекшелігі де осында.
Ауылдық жердегі отарлау мал жаятын жайылымның тарылуына, мал саны азаюының үдей түсуіне және көшпелілердің тұрмыс деңгейінің үнемі төмендеуіне әкеп соқты. Қазақ бұқарасының жерсіз қалуының күшеюі салдарынан орыс помещиктері мен кулактарына, байлар ғажалданушы батырақтар саны көбейді. Кен рудниктеріндегі, тұз кәсіпшіліктеріндегі қазақ жұмысшылары аяусыз қаналды және адам төзгісіз тұрмыс жағдайында тұрды, деп жазады Т. Рысқұлов.
Ресейдегі 1905 жылғы революциялық оқиғалардың ықпалымен Қазақстанның мейлінше әр алуан түкпірлеріңде қазақ еңбекшілері тарапынан патша өкіметіне наразылық білдіру байқалды. Перовскіде, Оралда, Қарқаралыда, Семейде, Верныйда, Успен және Спасск рудниктерінде еңбекшілердің жаппай бас көтерулері өтіп, оларда саяси және экономикалық сипаттағы талаптар қойылған.
Қазақ халқының ұлттық ояну кезеңі туып, жаппай саяси мәселелерге бой ұру күшейді. Саяси жиындарда, стихиялы түрде ұйымдастырылған митингілерде патша өкіметінің аграрлық саясаты мәселелері талқыланды, қазақ жерлерін тартып алуға қарсы дәлелдер келтіріліп, қазақтардың өз жеріндегі құқықсыздығы туралы айтылды, қазақ халқының тілі мен мәдениетін сақтау талабы қойылып, патша үкіметінің орыстандыру саясатына қарсы наразылық білдірілді.
Қазақ халқының дағдылы деңгейдегі саяси санасы тіршіліктің, еңбек пентұрмыстың ауыр жағдайларының стихиялық көрінісі ретіңде қалыптасты. Қазақ еңбекшілерінің негізгі бұқарасын шаруалар құрағаны түсінікті, ал олар халықтың бұл бөлігінің қоғамның экономикалық өмірінде тарихи қалыптасқан орнына байланысты саясат саласынан алыс болатын. Бірақ, көріпотырғанымыздай, XX ғасырдың басына қарай қазақ шаруалары әлсіз болса да ең ауқымды қоғамдық проблемаларды қозғады, оларға тікелей тұрмыстық тәжірибе мен практикалық мүдделер тұрғысынан баға беріп, көзқарасын анықтады. XX ғасырдың басындағы, қазақ халқының идеологиялық өкілдері рөлін атқарған қазақ ұлттықдемократиялық интеллигенциясы өзінің алдына туған халқына дағдылы санадан бостандықтың, тәуелсіздіктің ең жоғары мұраттарына бастайтын нақты жолды міндет етіп қойды. Ол қазақхалқының объективті мүдделері бей жағдайын жүйеге түсірілген теориялық білім ретіңдегі идеологиялық деңгейде үғынып, білдіруге, оный, саяси күрес бағдарламасын тұжырымдауға ұмтылды. Жоғарыда атап көрсетілгеніңдей, демократиялықұлттық интеллигенция қоғамның таптарға бөлінуін мойындамай, бүкіл халық атынан әрекет етті. XX ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының мұндай көзқарасын Кеңестік идеологтар оларды саяси айыптаудың басты дәлелі ретінде қарастырып, олардың қоғамдық қызметін объективті бағалауға кедергі жасады. 1917 жылғы Казан революциясынан кейін көп ұзамайақ қоғамда таптық көзқарас басым болып, бірденбір дұрыс методологиялық нұсқау және фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды бағалаудың өлшемі мәртебёсін алғаны мәлім. Таптық апологетикасы жалпы азаматтық және жалпы тапсыздық атаулының бәрі мәні жөнінен космополиттік, тексіз немесе буржуазиялық, сондықтан да социализм мен марксизмге жау нәрсенің баламасына айналатындай деңгейгежетті. Таптық көзқарасты абсолюттендіру, таптық казқарасты ұлттық және жалпы адамзаттық дүниеден жоғары қою қазак. қоғамының рухани тарихын бұрмалады, Қазақстанның қарастырылып отырған кезеңдегі қоғамдық ойпікірінің тұтас қабаттарын тарихтың күлқоқыс төгетін орнына жіберді. Тұрпайы түсінілген таптық көзқарасты қайта қарау мен жалпы адамзаттық қазыналардыц басымдығын алға қрюды басшылыққа алып, біз XX ғасырдың басындағы алдыңғы қатарлы қаэақ интеллигенциясы өзінің саяси қызметінде ұлттық қазыналарды да, жалпы адамзаттық қазыналарды да қорғауды басты мақсат етіп санағанын енді ғана түсініп отырмыэ. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресте көмектесуге ұмтылды, әрбір адам мен әрбір халықтың жеке бостандыққа және бүкіл адамзат мәдөниетінің жөтістіктері мен табыстарына еркін қол жеткіауге құқығы сияқты жалпы азаматтық қазыналар жолында күрөсті. Осы мақсатпен қазақ интеллигенциясы 1905 жыпдан бастап саяси қызметті қызу өрістетті. Француз ғалымдары А. Беннигсен, Ш. ЛамарсьеКелькежей 1905 жылғы 18 ақпандағы манифест жарияланғаннан кейін қазак. ^оғамындағы саяси өмірді сипаттай келіп, бұл кезеңде ең басты үш саяси бағыт байқалды, біреуі діни, оны татар және түркістан молдалары жүргізді, екіншісі батыстық, оны жергілікті интеллигенция басқарды және ақырында, үшіншісі ең әлсізі, ол жастарды орыс социалистері қозғалысының арнасына бағыттауға тырысты деп атап өтті. Бұдан әрі ғалымдар орыс конституциялық демократтарына жақын екінші бағыт көп кешікпей қазақ даласыңда елеулі күші бар саяси құрылымға айналды деп бөліп көрсетеді. Оны бастағандар Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаевжәнебасқалар. Идеологиялық сананы жасауға идеология өкілдерінің жеке касиеттерінің құптай етпей қоймайтыны мәлім. Жоғары интеллектуалдылық, саяси принциптілік, ғылымитеориялық және моральдық жағынан өз заманының биігіне көтеріле білу қабілеті сияқты белгілер қазақ интеллигенциясына халық арасында танымал болуға мүмкіндік берді. Қазақ интеллигенциясының көшбасшылары халықты саяси ағарту үшін оның білімге құштарлығын арттыру, сауатсыздықты жою қажет екенін, өйткені саясат пен ағарту ісінің тығыз байланыстылығын түсіңді. Қазақ интеллигенциясының бүкіл өмірі осы мақсатқа арналды деуге болады. Ұлттық Қазақ, Қазақстан газеттері мен Айқап, Сарыарқа, Абай және басқалары сияқты журналдардың беттерінде олар қазақ халқын білім алуға шақырды, өйткені білім ғана өркениеггі дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі.
Қазақ интеллигенциясы саяси қызметінің қорытындысында Алаш партиясы құрылды.
Ақпан революциясы жеңіп, соның нәтижесінде өкімет басына уақытша үкіметтің келуі әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерді күрт жеделдетті. Мейлінше әртекті күштердің жаппай энтузиазмы мен бірлігі, самодержавиенің санаулы күңдерде құлауын қамтамасыз ету, уақытша үкімет жариялаған бостандык, пен теңдік принциптері осының бәрі Ресей өркениеттің шарықтау шыңына тез әрі оңай көтеріледі деген жалған үміт туғызды. Уақытша үкіметке үлкен үміт артқан қазақ ұлттық интеллигенциясы қазақтың ұлттық мемлекетін құру және халқын ескі патшалық режимнен, қиянат жасаушылық пен зорлықзомбылықтан құтқару жолдарын іздестірді. Осы мақсатпен 1917 жылғы 2126 шілдеде Орынбор қаласыңда қазақтардың съезі шақырылып, оңда ұлттық Алаш партиясының құрылғаны жариялаңды, ал сол 1917 жылғы желтоқсанда өткен екінші бүкіл қазақ съезі Алаш автономиясын құрып, оның үкіметі - Алашорданы сайлады. Алаштың негізгі идеялары мен көзқарастарын қарастырайық.
Алаш партиясының басты мақсаты Ресей құрамында автономиялы қазақ мемлекеттігін құру. Ресей демократиялық федерациялық республика болуға тиіс (демократия - халық билігі, федерацияұлы мемлекеттер одағы). Федерациялық республикадағы әрбір жеке мемлекет автономиялы болады және бірдей құқықтар мен мүдделерде өзінөзі басқарады, деп атап көрсетілді Қазақ газетінде жарияланған Алаш бағдарламасының жобасында. Жалпы алғаңда Алашқа мемлекеттің таптық табиғатын теріске шығаруы тән. Ал мемлекет ұғымы аумаққа ешкімнің тиіспеушілігі мен саяси дербестікке баланады. Әрбір халықтың жері мен суы бар, олар оның тұрғылықты жері. Егер жер мен су оның өз билігінде болса, билік пен басқару оның өз қолында болады және билеушілер халықтың өз ортасынан шығады. Бұл мемлекет деп аталады, деп жазған Алаш партиясының болашақ қайраткерлерінің бірі Р. Мәрсеков 1913 жылдың өзіндеақ. Алаш партиясының мемлекетке көзқарасы Ресей большевиктерінің көзқарастарымен сәйкес келмегенін атап өткен жөн. Мемлекеттің мәні туралы мәселе 1917 жылдың жазы мен күзінде большевиктер мен басқа да социалистік партиялар арасындағы шиеленіскен айтыс тақырыбына айналды. Социалистердің негізгі көпшілігі социалдемократ (меньшевиктер), эсерлер, т. б.) демократиялық қоғамда мемлекет мүдделердің белгілі бір өзара байланысын және сол арқылы қоғамдық прогресті қамтамасыз , ете алады дегенге сүйенгені мәлім. Большевиктер мемлекетті бір таптың басқа таптарға зорлық жургізу машинасы, ол үстем таптың еркін орындайды және іс жүзіңде қоғам өмірінде ерекше рөл атқара алмайды, тек өз мүдделерін өткізу керек деп, оның таптық табиғатын ғана мойындады. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірінде мемлекеттің билеуші таптың еркін білдіріп, енжар рөл атқарып қана қоймайтыны, сонымен қатар белгілі бір жағдайларда сол тапты жоғары көтеріп, оның мүдделерін тез өсетін бюрократиялық аппараттың мүдделеріне бағындырып, соңғысын бүкіл қоғамға таңатыны жете бағаланбады. Алаш өзі өмір сүре бастаған алғашқы кездерден бастапақ зорлық атаулыға қарсы шыққанын атап өту қажет. Алаш басшылары қазақ қоғамыныңтәуелсіздігінезаңды конституциялық жолмен, қазақ халқының ұлттық санасезімін оятуға бағытталған саяси күрес арқылы жетуге ұмтылды. Олар қантөгіс пен зорлықзомбылықты айыптады, олардың 1916 жылғы ұлтазаттық көтерілісі кезіндегі көзқарасын, яғни осы уақытқа дейін олардың қазақ халқының мүдделеріне сатқындық жасады деп қаралатын көзқарасын нақ сонымен түсіндіруге болады.
Зорлықзомбылықты және мемлекеттің таптық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей жоғары оқу орындарында оқыған қазақтар, олардың қоғамдық-саяси қызметі (хіх ғ. аяғы – хх ғ. 20-30жж.)
Наполеон Бонапарт- қолбасшы, саясатшы және мемлекет қайраткері
Қазақ жастары мерзімді баспасөзінің тарихы (ХХ ғасырдың басы – 1940 жж.)
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы: тарихы мен тарихнамасы
Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары
Ұлттық элитаның қалыптасуы
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық туралы
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы және тарихтағы ролі
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси және құқықтық көзқарастары
Пәндер