Хронология пәні және оның міндеттері


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Хронология пәні және оның міндеттері.
Күнтізбе тарихы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Хронология пәні және оның міндеттері
- Хронология қосалқы тарихи пән ретінде және оның міндеттері
- Уақыт туралы ұғым және оның өлшемі.
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезистер) : Хронология қосалқы тарихи пән ретінде және оның міндеттері. Хронология- уақыт өлшемі туралы ғылым. Ол өзінің атауын гректің «хроyоs» - «уақыт» және «λoνos» - «ғылым» деген сөздерінен алған. Бұл ғылым екі бөлімнен: аспан денелерінщ қозғалысын есептеп шығару жолымен дәл астрономиялық уақытты табатын математикалык, (астрономиялық) хронология және тарихи хронологиядан тұрады.
Тарихи хронология өз алдына екі міндетті - теориялық және қолданбалы міндетті қояды. Біріншісі уақытты ссептеу жүйесін зерттегенде оларды тарихи дамуы үстінде қарастырады, олардың арасындағы өзара қатынасты анықтайды және даталарды бір хронологиялық жүйеден екіншісіне аудару принциптерін жасап шығарады. Екіншісі оқиғалардың датасын қазіргі эраға және жыл санаудын жалпы қабылданған жүйесіне аудару үшін, осыған байланысты тарихи оқиғалардын, датасын анықтау және нақтылау үшін жогарыда көрсетілген ережелерді жүзеге асыруды қамтиды.
Қосалқы тарихи пәндердің ішінде хронология ең мақыздыларының бірі болып саналады, өйткені тарихтың қандай да болсын кезеңін оқып үйренудің негізгі шарты оқиғалардың жүйелілігі мен датаны дүрыс қою болып табылады. Хронология тәсілдеріне сүйене отырып, тарихшы тарихи құжаттар мен фактілердің дәл датасын қалпына келтіреді. Бұл міндеттерді дүрыс шешу үшін белгілі бір тарихи кезеңдегі белгілі бір халықтың қолданған уақыт өлшемінің қалыптасуымен ерекшеліктерінің бүкіл тарихын жақсы білу қажет.
XVI - XVII ғасырларда хронология мәселеріне қызығушылық Ресейде кейбір практикалық қажеттіліктерге байланысты болды. Бірақ тарихи хронология дербес пән ретінде ХҮІІІ ғасырдың аяғында ХІХ ғасырдың басында ғана қалыптаса бастады.
Уақыт туралы ұғым және оның өлшемі. Уақыт туралы түсінік адамдарда белгілі бір табиғат құбылыстарымен байланысты қоғамдық дамудың алғашқы сатыларында-ақ пайда болды, ал шаруашылық тіршілігінің мұқтаждары уақыт өлшем бірлігін орнатып, оларды есепке алу қажеттігін тудырды. Адамдар әрқашан уақыт аралығындағыны қабылдады, күн мен түннің ауысуын біліп отырды, қоршаған ортаның әсерімен байланысты жыл мерзімдерін айырды. Бірақ уақыттың арнаулы есебі және оны іс жүзінде қолдану, бері келе дамыған қоғамда, егіншіліктің, мал шаруашылығының сауда мен теңізге жүзудің пайда болуымен байланысты шығады.
Адамзат тарихында уақыт өлшеудің алғашқы өлшем бірлігі күн тәуліктері, яғни белгілі бір нүктедегі Күннің екі дәйекті жағдайының арасындағы уақыт кесіндісі болды. Тәулікті сағатқа, минут пен секундқа қазіргі бөлу өзінің шығу тегін есептеудің ежелгі вавилондық он екілік жүйесінен алады.
Тәуліктер уақыттың біршама қысқа аралығы болып табылатындықтан, уақытты өлшеудің бірте - бірте ірі өлшемі ойластырылды. Алғашқы кездерде тәулік есебі саусақпен жүргізілді. Осының нәтижесінде уақытты өлшеудің он күндік және жиырма күндік өлшем бірліктері пайда болды. Уақытты өлшеуге Айдың екі біркелкі фазасының аралығы алынды. Айсыз түндерден кейін жіңішке ай орағының пайда болуын байқау барлығынан оңай болғандықтан, осы сәт жаңа айдың басы делініп қабылданды. Осы уақыттың аяғында Ай мен Күннің жақындасуы болады деп есептеді. Сондықтан жаңа айдан жаңа айға дейінгі мерзім синодистік ай деп саналды. Бұл ай шамамен 29 жарым тәулікке, тіпті нақты көрсетсек, 29 тәулік 12 сағат 44 минут 2, 9 секундқа тең болды.
Шаруашылық тіршіліктің, әсіресе егіншілік пен мал шаруашылығының одан әрі дамуы жазғы және қысқы күн тұрақтауы мен көктемгі және күзгі күн теңесуімен анықталатын маусым бойынша уақытты есептеу қажеттігін тудырды. Жыл мерзімінің тұрақты ауысып отыруы енді ежелгі дүние астрономдарына жұлдызды аспан бойынша Күн қозғалысымен, ал іс жүзінде Күн төңірегіндегі Жер қозғалысымен маусымдардың байланысын орнатуға мүмкіндік берді. Уақытты өлшеудің тағы да бір өлшем бірлігі - Жердің Күн айналасында толық айналуына сәйкес келетін жыл осылай келіп шықты. Астрономиялық жылдың ұзақтығы 365 1 /4 тәулік, ал кейінірек нақтылағанда - 365 тәулік 5 сағат 48 минут 46 секунд болып анықталды.
Күнтізбе тарихы.
- Алғашқы күнтізбелер. Күнтізбе түсінігі.
- Юлиан күнтізбесі.
- Григориан күнтізбесі. Тарихи түп деректермен жұмыс істеуде оқиғаларға дата қою мәселесі.
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезистер) : Алғашқы күнтізбелер. " Уақыт санаудың табиғат берген есептеу бірліктері - тәуліктср, ай және жыл - ең ежелгі күнтізбелердің негізіне алынды.
«Календарь» сөзі латынша саlеndae, яғни «әр айдың бірінші күні» деген сөзінен шыққан, бірақ табиғаттың кезеңді құбылыстарына негізделген уақыт санау жүйесінің өзі едәуір ертеде шыққан.
Күнтізбені алғашқы құрастырушылар үлкен қиыншылықтарға ұшырады, өйткені жоғарыда аталған уақытты есептеу бірліктері өлшем болып шықпады. Синодистік айдың тәулік саны бірдей болмады, ал астрономиялық жылды ай мен тәуліктің бірдей санына бөлуге болмайды. Бұл жағдай адамдарды берілген бірліктердің келісілген деректерін іздеуге мәжбүр етті, бұл бірнеше күнтізбелік жүйені тудырды. Бұлардың ең тараған түрі айлық жүйе, мұнда тәуліктер аймен үйлестіріледі, айлық-күндік, мұнда тәулік пен ай жылмен үйлестіріледі және күндік, мұнда жыл мен тәулік үйлестірілетін еді.
Айлық күнтізбелер біздің эрамызға дейінгі ІІІ мыңжылдықтың ортасында ежелгі Вавилонда пайда болды. Бұлар ертедегі еврейлер, қытайлар, гректер, римдіктер пайдаланды. Қазіргі уақытта ай календары Шығыс елдерінде - Түркияда, Ауғанстанда, Пакистанда т. б. таралған.
Айлық күнтізбе бойынша жаңа айдан бастап әрбір ай ауыспалы түрде 29 және 30 тәулікке созылады. 12 ай айлық жылды құрайды, бұл 354 тәулікке тең болады. Іс жүзіндегі тәуліктер күнтізбеліктен біраз көп болғандықтан, синодистік ай да күнтізбелік айдан біраз (44 минут 2, 9 секундқа) артық еді. Бұл қайсыбір жылдар саны өткеннен кейін күнтізбелік жылға бір жыл қосуды керек етті.
Айлық күнтізбе бойынша жыл 354 (кейде 355) күн болғандықтан, оның басталуы күндік календарь жылынан әр жолы 11 тәулікке озып отырды. Демек, жылдың басы мен оның бөліктері маусыммен үйлеспеді, бір маусымнан екіншісіне үнемі алмасып отырды. Мұндай календарь бойынша ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізудің болжауын жасау іс жүзіпде мүмкін емес еді. Сондықтан да айлық күнтізбе егіншілікке көшкен халықтар үшін қолайсыз болып шықты, сөйтіп олардың айлық-күндік кінтізбеге бірте-бірте көшуіне тегін емес еді.
Ай фазасының ауысуын Күннің жылдық қозғалысымен үйлестіруге ұмтылу айлық-күндік күнтізбенің пайда болуынан көрінді, осы мақсатпен қосымша ай оқтын-оқтын енгізіліп отырды. Қосымша айы бар осындай күнтізбе тұңғыш рет Қытайда біздің эрамызға дейінгі үш мың жыл ішінде жасалды, содан соң, бұған байланыссыз Хаммурапи патшаның бұйрығы бойынша біздің эрамызға дейінгі XVIII ғасырда Вавилонда енгізілді.
Айлық күнтізбе пайда болудан бұрын-ақ шамамен біздің эрамызға дейінгі төрт мың жыл бұрын ежелгі Египетте күн күнтізбесі пайда болды. Ол барлық календарьдан қолайлырақ болып шықты да, дүние жүзінің көп елдеріне бірте-бірте тарады. Күн календары Күннің көрінетін жылдық қозғалысына негізделген. Египетте жыл 365 күн тәулігінен тұрды, ал астрономиялық жылда 365 қүн 5 сағат 48 минут және 46 секунд болғандықтан, календарьлық жыл таза тропикалық жылдап шамамен '/4 тәулік озып отырды.
Ежслгі Египеттің өзінде-ақ жылды 30 күннен 12 айға тең бөлетін еді. Бұл 360 күн құрады. Мұндай жылды астрономиялық жылмен тсңестіру үшін біраз уақыттан кейін соңғы айға Египет құдайларына арнап тағы да 5 күннен қосып отырды. Мұндай күнтізбелік жыл тропикалық жылдың ұзақтығына өте жақын болып шықты. Бұларды АРЕ христиандары, коптылар мен эфиоптар әлі күнге дейін қолданады.
Ежелгі Египет тұрғындарына календарьлық және астрономиялық жылдардың арасындағы үйлеспеушілік мәлім сді. Мұны
жою үшін жеке дәуірлерде календарьға қосымша күн енгізудің
жобалары ұсынылды. Алайда, бұл календарьлық күннің тұрақты
болмауын маңызды деп санаған, демек, мерекелер жылдың барлық айларын «жарылқауын» қалаған абыздардың қарсылығына кезікті. Тек біздің эрамызға дейінгі 26 жылда Александрияда Эвергеттің реформасы бойынша 30 күндік 12 айдан және 5 қосымша күннен тұратын тұрақты жыл енгізілді, бұған 4 жылда бір рет тағы да бір күн қосылып отырды.Юлий Цезарь тұсындагы күнтізбе реформасы. Эвергет реформасынан бұрын-ақ біздің эрамызға дейінгі 46 жылы күндік күнтізбе ежелгі Римде жасалған болатын. Осының өзі қазіргі халықаралық календарь жүйесінің негізіне алынған.
Реформаның негізінде Юлий Цезарь Египет күнтізбе жүйесін алуға бел байлайды да, мұны даярлау үшін Созиген бастаған Александрия астрономдарының тобын шақырады.
Жаңа күнтізбеде 365 тәуліктен тұратын жылдың египеттік ұзақтығы қабылданды. Бірақ астрономиялық жыл 365 күн және 6 сағат болғандықтан, айырманы жою үшін әрбір тәрт жылға бір тәулік қосылатын болып шешілді. Қолайлы болу үшін бұл тәуліктер төрт жылда бір рет қысқа айға қосылды.
Тәулікті ең қысқа ай - ақпанға қоса бастайды. Бірақ, діни ой жорасы бойынша оларды ақпанның соңғы күні етіп жайдан-жай қоса қоюға болмады, осы айдың қатардағы күндерінің арасына апарып «жасыратын» болды. Ақпанда екі жиырма төртінші сан осылай шықты. Ал ішіндегі тәуліктердің есебін римдіктер кері тәртіпте жүргізді, яғни белгілі бір моментке дейін қанша күн қалғандығын есептеді. Мұндай моменттер: әр айдыц бірі (календы), 30 күндік айдың бесі немесе 31 күндік айдың жетісі (ноны), қысқа айдың он үші немесе ұзын айдың он бесі (иды) болып саналады. 24 ақпан март айының біріне дейінгі (календыға дейін) алтыншы күн болғандықтан, қосымша күн (екіінші 24), екінші алтыншы күн деп аталды («биссекстус»), осыдан барып орыстың «високосный» деген сөзі шығады.
Созиген реформасы бойынша жылдың басы 1 қаңтарға көшірілді, өйткені осы күннен бастап жаңадан сайланған Рим консулдары мен басқа да магистраттар өзінің міндеттеріне кіріседі. Осыған байланысты айлардың бұрынғы рет санының енді орны ауысты (мәселен, сегізінші қазан, оныншы болды) . Басқа айларға жаңа аттар берілді: төртеуі құдайлардің құрметіне Янус, Марс, Майи, Юнон деп аталды, Квинтилис Юлий Цезарьдың құрметіне июль болып аталды, ал біраз кейініректе секстилис император Августің құрметіне Август деп аталды. Сонымен қатар, жеке айлардың ұзақтығы біраз өзгсрді және календарь бізге жақсы мәлім түрге келді, өйткені оның сырттай қарағанда қазіргіден ешқандай айырмашылығы жоқ еді.
... жалғасыОсы уақыттан бастап Юлиан күнтізбесі деп атала бастаған күнтізбе Римде біздің эрамызға дейінгі 46 жылы 1 қаңтарда енгізілді. Бұл күндік жылмен сәйкес болуы үшін өткен жылға екі қосымша ай енгізілді. Тарихта бұл жыл шатасқан немесе конфузды жыл деп аталды.
Біздің эрамыздың 325 жылы Никей әлемдік соборы бүкіл - христиан дүниесі үшін Юлиан календарын қабылдады, бұдан кейін ол Еуропаның көп елдеріне бірте-бірте тарады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz