Хулафа рашиди дәуірі Осман бин Аффан халифаты


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Халықаралық қазақ-түрік унивеситеті Тарих-педагогика факултеті Дінтану және Теология кафедрасы

Педагогикалық іс-тәжірбие бйынша дінтану мамандығының 1-ші курс студенттеріне Ислам тарихы пәнінен

Ашық сабақ

Тақырыбы: Хулафа рашиди дәуірі «Осман бин Аффан халифаты»

Ашық сабақ өткізуші 2-ші курс магистранты: Т. Назаров

Пән оқытушысы:Б. Сауфунов

Түркістан-2014

Хулафа Рашидин дәуірі

Османның халифалық кезеңіндегі оқиғалар

1. Осман бин Аффанның өмір баяны.

2. Осман бин Аффан кезеңдегі жорықтар.

3. Халифа Османның дәуірінде пайда болған бүлік

1. Осман (Оспан) Аффанұлы

(574 - 656) - мұсылман әлеміндегі әділетті төрт халифаның үшіншісі. Мекке арабтарының Омея әулетінде дәулетті отбасында дүниеге келген. Ол Пайғамбарымыздан (с. а. у. ) алты жас кіші. Әкесі Аффан саудамен айналысатын бай кісі болатын. Әкесінен Османға мирас ретінде көп байлық қалды. Осман да әкесі секілді саудамен айналысты.

Ол көп табыс тапты. Қолындағы мүмкіндіктерді пайдаланып, халқына үнемі жақсылық жасаған. Сондықтан халық Османды жақсы көріп сыйлайтын. Оның жәһилия дәуіріндегі өмірі жайлы жеткен мәліметтер осы ғана. Оның жәһилия кезіндегі өмірі де басқа сахабалардікіндей еді. Сахабалардың мұсылман болмастан бұрынғы өмірлері жайлы мәліметтер толық болмағанмен мұсылмандықты қабылдағаннан кейінгі үлгі-өнегеге толы өмірлері жайлы мәліметтер сақталып, біздің заманымызға дейін келіп жетті. Оларды өмірге қайта әкелген Ислам еді. Міне, осының нәтижесінде сахабалардың жарқын өмірлері тарихта алтын әріптермен нақышталды. Пайғамбарымыздың жәннатпен сүйіншіленген үшінші халифасы - Осман (р. а. ) әдептілік пен ар-ұяттың жарқын үлгісі. Оның табиғаты өте жұмсақ, көркем мінезді және турашылдықпен біртұтас болып кеткен. Ол 34 жасыңда мұсылман болды. Жас, ықпалды саудагердің өзі бойына жарасымды салмақты мінезі де бар Османның мұсылман болғанын естіғен немере ағасы Хакам ибн Әбул Ас ашудан жынданып кете жаздады. Оны бір діңгекке байлап: «Бұл дінді тастап, аталарыңның дініне қайта оралмайынша саған тамақ жоқ», - деді. Осман «Аллаһқа ант етемін, бұл діннен бет бұрып аталарымның дініне қайтпаймын» деп ажалдан да қаймықпайтынын айтты. Бұған көздері жеткен туыстары ара түсіп, оны құтқарып қалды. Ислам келмес бұрын Әбу Ләхәбтің ұлы Ұтба Пайғамбарымыздың (с. а. у. ) қызы Рұқяға үйленген еді. Пайғамбарымыздың (с. а. у. ) жаңа бір дінді уағыздағанын естігеннен кейін Ұтба Пайғамбарымызға (с. а. у. ) : «Сенің қызыңды да, уағыздаған дініңді де қаламаймын», - деп хазіреті Рұқиямен ажырасып кетті. Осман (р. а. ) Пайғамбарымыздан (с. а. у. ) Рұқияны өзіне некелеп қосуын өтініп, оған үйленеді.

Жорықтар

Әбу Бәкір заманында басталған Иракты, Иранды, Сирияны, Мысырды бағындыру одан ары жалғаса берді. Османның дәуірінде Куфа уәлилігіне қарасты Азірбайжан өлкесінде бас көтерген көтерілісті басып, мұсылман әскері Темір қақпаға дейін жақындаған. Сонымен қатар Табаристан, Хорасан, Тохаристан өлкелеріндегі жаңа аймақтар бағындырылды.

Осман дәуірінде Шығыс Анатолиядағы Ерзурум, Карс, Грузия мен Азірбайжан өлкелеріне де жорық жасалынған. Сонымен қатар осы дәуірде Хорасан, Кирман да түгелімен мұсылмандарға бағынды.

Шам уәлиі Муауия бин Әбу Суфиян Антакия, Тарсус өлкелері мен Кападокиядан өтіп, Амурияға дейін ілгеріледі. Чукуровадағы қамалдарға әскерлерін орнықтырды.

Солтүстік Африканы жаулау

Мысыр уәлиі Амр бин Асты 648 ж. орнынан алып тастап, Осман оның орынан Абдуллақ бин Саадты тағайындайды. Уәли болысымен Абдуллаһ халифаның рұқсатымен және Османның жіберген қосымша күшімен Солтүстік Африканы жаулай бастайды. Осы өлкедегі ең үлкен шайқастың бірі деп, Византия губернаторы Грегориуспен болған Субайтила қаласының түбінде болған шайқасты айтуға болады. Византия армиясы талқандалғаннан соң мұсылман жасағы алғаш Андалусияға дейін жақындады.

Кипрды жаулау

Сирия уәлиі Муауия бин Әбу Суфиян Омардыңі заманында теңіз флотын жасақтауға рұқсат ала алмады. Бұл жұмыс Османның уақытында ғана жүзеге асты. Муауия мен Мысыр уәлиі Абдуллаһ бин Саад кемелер жасатып, еріктілерден құралған мұсылмандарды Кипрге жөнелтті (649 ж. ) . Мұсылман әскерлері кипрден соң Родосты бағындырды.

Византияның Солтүстік Африка, Кипр және Анатолия жақтан қысымға алынуына байланысты Византия императоры мұсылмандарға теңіз жақтан соққы бере отырып, Сирия мен Мысыр жағалауларын қайтару мақсатында үлкен теңіз флотын дайындап, жерорта теңізіне жіберді. Осы теңіз флотындағы кеме саны 500-ден астам болғандықтан, теңіз бетінде желкен орманы пайда болғанына орай «ас-Сауари (желкендер шайқасы) » деп аталған. Византия флотының басында император Константиннің өзі болғаны сияқты, мұсылманд ар флотын Абдуллаһ бин Саад басқарды. Шайқастың нәтижесі - жеңіс мұсылмандар жағында болып, император жараланды.

2. Бүліктің шығу себептері

  1. Рушылдық: халифалық Құрайштан сайланатын. Бұл өзге тайпалардың наразылығын тудырды.
  2. Жеңілген халықтардың кек алуы: соғыс кезінде жеңіліс тапқан зороастраизм мен еврейлер құпия түрде ұйымдасып, мұсылмандарды іштей іріту жоспарын құрды.
  3. Османның жақындарын өзіне жақын тартуы және оның оларға деген кешірімшіл қатынас жасауы: Осман жаратылысынан мінезі жұмсақ, кешірімшіл жан болған. Қылмыскерлерді жазаға тартқанға қарағанда, кешіргенді дұрыс санайтын. Осы себепті бұл кейбір адамдар тарапынан жаңылыс түсінілді.

Куфа мен Басрадағы келіспеушіліктер

Османды айыптаушылар қолынан іс келмейтін адамдарды үлкен қызметтерге тағайындағандығын алға тартып, Уалид бин Ұқба мен Саид бин Асты істері мен сөздеріне ырза болмаған кейбір кувалықтар Османға айып таққан. Осы себепті Саид бин Астың шағымдануымен халифа тарапынан бүлікшілер Шамға жер аударылды. Әтсе де ол жақтағы уәлимен тартысты жалғастыра бергеннен соң, Муауияның шағымы бойынша оларды Хымыс уәлиі Абдуррахман бин Халидке жөнелтті. Ол жерде уалидің қысымшылығымен олар райынан қайтты.

Одан өзге Хурмузанды өлтірген Убайдуллаһты жазаламағаны үшін Османға айып тағылды. Нгеізінде Осман мен белді сахабалар Омардың өлімін Хурмузаннан көргеніне жазаламаған болатын. Мемлекет қазынасын туыстарына таратты және «бидғатшы» деген айып та оған тағылды.

Османға қарсы бүліктің басында тегі еврей, Осман заманында мұсылман болып көрінгісі келген Абдуллаһ ибн Саба келеді. Оның негізгі мақсаты - жаңа шыққан діннен өш алу, мұсылмандар арасында іріткі салу.

Һижри 35 жылы Мысырдан бірнеше жүз адам қажылық жасауға шыққаны сияқты Басра мен куфадан да бірнеше топтар жолға шықты. Мысырлықтар Алиді, басралықтар Тальханы, куфалықтар Зүбейрді «халифа бол !» - деп қолқа салғанмен, аталған үшейі де одан бас тартты., болған жайды Османға жеткізді. Кейіннен олар бір сылтаумен Османның үйін қоршауға алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам діні пайда болуының алғы шарттары
Ислам дінінің пайда болуы
Ислам діні негіздері мен тарихы - оқу-әдістемелік құралы
Ислам ойлау жүйесіндегі пайғамбарлық
Сопылық ілімі және оның ерекшеліктері
Араб халифаты мемлекеті
Араб халифатының құрылуы
Алғашқы төрт тақуа халифаттарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар
“Тафсир” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Хазреті Әлидің халифалығы заманында шыққан адасқан топ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz