ХХ ғасыр мәдениеті туралы



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ХХ ғасыр мәдениеті

ХХ ғасыр өнер, ғылым, мифология мен философияның әлем бейнесін құрайтын жаңаша көзқарастарын әкелді. Бұл кезеңнің ерекшелігі ретінде көркемдік, ғылым және философиялық тұрғыдан әлемді тануда олардың жақындасуын, бірлесуін айтуға болады. Философияны ең жалпы түрде алғанда әлемді рухани игеру теориясы, оны адами пайымдау теориясы ретінде, яғни, адам мен әлемді өзін-өзі тану теориялық формасы - тек әлем жайындағы ілімді ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, адами мағына, мәндер мен құндылықтарды да қалыптастырушы. Өйткені, бүгін постклассикалық философия болмыс статикалы емес, тұрақты да емес, ол ұдайы қалыптасуда дейтін болса, онда әлем жаратылысында бастапқы мәндердің жоқ екенін мойындайды. Демек, мәндердің туындау үдерісінде (мұндай әлем жаратылысын онтологиялық негіздердің бірі ретінде) мойындауға тура келеді. Бұл байланыста кеңейтілген рационалдылық міндеті саналы түрде өзін объектіге "көндігуді", сезінуді" қосатындығы түсінікті болады. Дискурс термині постстуктурализм мен деконструкциядағы танымал ұғым - философияда, социологияда, когнитивтік талдауларда, семиотикада қолданылады. Кең мағынада дискурс ерекше әрекетті білдіруші ретінде философиялық тұрғыда онтологиялық релятивизммен байланысты. Бұл ұғым М.Фуконың (1926-1984) философиялық тұжырымдамасында негізделген - тілде бекітілетін қандай да бір мәндегі әртүрлі көзқарастардың бірігуін білдіреді [1,140].
ХХ ғасырдың эстетикалық мәселелері арнайы ғылымдар зерттеулерінде ғана емес, психология, социология, семиотика, лингвистика тәрізді басқа ғылымдардың контексінде жасалғаны белгілі. Олардың ішінде едәуір ықпалды эстетикалық тұжырымдамалардың бірі Эдмунд Гуссерльдің философиялық іліміне сүйенетін феноменологиялық эстетика ерекше. Феноменологиялық эстетиканың негізін қалаушы поляк философы Роман Ингарденді (1893-1970) атауға болады. Феноменологияның түйін ұғымы болып интенционалдылық (латынның intentio ұмтылу, ниеттілік, бағыттылық) таным объектісін санамен құру ретінде түсініледі. Феноменология жалпы өнер шығармасын өзіндік жеткілікті интенционалды түйсінуге болатын феномен ретінде қарастырады. Шығарма туралы айқындауға болатынның барлығы оның өзінен табылады, ол өзіндік құндылықтыққа, автономды өмір сүруге ие және өзінің заңдылықтарына құрылған. Феноменологиялық тұрғыдан Николай Гартман (1882-1950) эстетиканың басты категориясы - әсемдікті - экстаз күйі мен армандауда танылатындығын, ал ақыл, керісінше, әсемдік аймағына жақын қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бермейді, сондықтан, танымдық акт эстетикалық аңдаумен сиымды емес деп табады.
Мишель Дюфрен (1910-1995) адамды табиғаттан, болмыстық өзіндік мәні мен жоғарғы құндылықтардан жаттандыратын қазіргі заманғы батыс өркениетін сынайды. Ол адам мен әлем арасындағы үйлесімді байланысты қалыптастыратын мәдениеттің іргелі негіздерін айқындауға ұмтылады. Болмыс ақиқаты атты хайдеггерлік өнер тұжырымдамасын пафос ретінде қабылдап, Дюфрен феноменологиялық онтология тұрғысынан қарастырылатын оның негіздерін эстетикалық тәжірибе байлығынан іздеген. Зерттеудің феноменологиялық тәсілі орыс формализмі, француз структурализмі мен позитивизмге оппозиция ретінде шыққан ағылшын-американдық жаңаша сынау негізінде жатыр. Дж.К.Рэнсом (Жаңаша сынау,1914), А.Тейт (Реакциялық очерктер, 1936), К.Брукс пен Р.П. Уоррен (Поэзияны түсіну, 1938; Прозаны түсіну, 1943) атты еңбектерінде неокритикалық теорияның басты принциптері салынған: зерттеу негізіне суретші-жасаушыдан тәуелсіз объект ретінде өмір сүретін оқшауланған мәтін алынады. Бұл мәтін образдар мен рәміздердің, мифтердің ерекше ұйымдастырылуы ретінде өмір сүре алатын органикалық және біртұтас структураға ие. Мұндай органикалық форманың көмегімен шындықты тану іске асырылады (білім ретіндегі поэзия неокритикалық тұжырымдама).
ХХ ғасырдың басқа да маңызды эстетикалық бағыттарына З.Фрейд пен Г.Юнгтің психоаналитикалық тұжырымдамалары, экзистенциализм эстетикасы (Ж..-П.Сартр, А.Камью, М.Хайдеггер), персонализм эстетикасы (Ш.Пеги, Э.Мунье, П.Рикер), структурализм мен постструктурализм эстетикасы (К.Леви Стросс, Р.Барт, Ж.Деррида), социологиялық эстетикалық тұжырымдамаларға Т.Адорно мен Г.Маркузе жатады.
Қазіргі заманғы эстетикалық ой постмодернизм арнасымен де (И.Хассан, Ж.Ф.Лиотар) дамыды. Постмодернизм эстетикасына алдыңғы мәдени дәстүрде жасалған қандай болмасын ережелер мен шектеулерді саналы түрде жоққа шығару, осы тәрізді мұндай дәстүрге әжуалық қатынас сипаты тән. Көркем шығармашылық феномені белгілі объективті әлемді түйсінуді ұсынады. Ал, суретшінің әлемді түйсінуі нені білдіреді? Әдеттегі "орта" индивидумның әлемді жай түйсінуі бола ма? Егер әңгіме әдебиетке немесе өнерге белгілі бір үлес қосқан нағызғы суретші жөнінде болатын болса, онда бұл мәселе басқаша көрініс табады; оның өмір құбылыстарын көруі жоғары деңгейдегі айқындылықпен, жаңалығымен, айтарлықтай тереңдігімен және күрделілігімен сипатталады. Бұл сипаттамалардың кейбіреуі тек ерекше дарындылықтың нәтижесінде ғана емес, сондай-ақ, бай өмірлік тәжірибе арқылы пайда болуы мүмкін; ал басқалары сәйкес философиялық идеялардың әсерінен талпыныс алады. Көрнекі суретшілердің шығармашылығының нағызғы философиялық түсіндірмесі, мысалы, фрейдтік, неліктен бұрыннан келе жатқан психологиялық коллизиялар барлық даралық ерекшелігі бар көркем шығармалардың құрылуына түрткі болғанын түсіндіре алмайды. Әрине, егер оған қазіргі болып табылатын суретшінің тек тікелей ғана қабылдауын ескеретін болса, әлемді түйсінудің байлығын төтенше түсіндіру қиын.
Философия тек ғылыми таным мен қоғамдық практикаға ғана емес, сонымен бірге, көркем шығармашылық таным мен қабылдауда дүниетанымдық және методологиялық бағдар беруге бағытталады. Егер философияның ғылыми шығармашылықтағы ролі жалпы танылған және оның ғылымға әсер ету механизмі салыстырмалы түрде жақсы зерттелген болса, ал көркемдік шығармашылық процестерінің өзін зерттеудегі философияның ролі туралы айту әлі ерте. Алғашқы философиялық болжамдардың жалғандығы барлық уақытта қате ұғымдармен мұндай зерттеудегі сәтсіздікке әкелді. Мысалы, шығармашылық әрекеттің идеалистік түсіндірілуі мистикалық ашылыс ретінде таза иррационалдылық, ал суретшінің тұлғалылылғы уақыт пен ортаның әсерінен азат етілген, "жердегі тіршіліктен" босатылған болып қарастырылады. Суретшінің "шығармашылық лабораториясының" эмпирикалық сипаттамасы жайлы айтарлықтай құнды талқылаулар жасалғанымен терең шығармашылық процестерді зерттеуде табыс әкеле қойған жоқ.
Техникалық даму дәуірі (Ясперс хронологиясы бойынша төртінші адамзат тарихы) философты бүкіл планетарлық болмысты адамның бір сәттік қажеттілігін өтеу қызметіне қоюға ұмтылған ойсыздық екені мазасыздандырады. Бұл бір жағынан, осындай міндетімен анықтап, әлемді көшірме қалып бойынша өзгертуге ұмтылыс; екінші жағынан, әлем осындай тар мағыналы прагматикалық оны өзгерту тәсілін қаламайтын шарасыздық сезімі. Ясперс: Қазіргі әмбебапты танымның мақтанышы мен адам әлемнің қожайыны ретінде өз еркімен оның құрылымын шындығында едәуір жақсартады деген өр көкіректік сенім барлық санада ашылатын шекараларының басым көпшілігінде дәрменсіздік танытады - деп жазады [2,5-6].
ХХ ғасыр көркемдік санасы, біріншіден, шексіздік пен қазіргі шындықты (реалдылық) көрсетуге мүмкін емесітігін, оны қамтитын бұрыннан бар поэтикалық формулалардың жарамсыз екенін сезінеді. Екіншіден, суретшінің хаосты реттілікке айналдыруға ұмтылысының шектеулілігі, тың терең де ауқымды көркем шығармашылық формалары мен жолсызда жол таба білуі, дәуірінен асып түсуі, бәсекеде жоғары көрінуі, ақырзамандық психологияны жеңе білуі мұның бәрі қамтылуы мүмкін еместігі. Бұл дилемма көркем шығармашылықта модернизм мен постмодернизм ауқымында көрініс тапқан тенденциялар.
Ғылымда мұндай құбылыстардың түсіндірілуі әртекті: жалпы түрде түсіндіруге ұмтылсақ модернизм көркем практика (кубизм, футуризм, абстракционизм, сюрреализм және т.с.) ретінде ХХ ғасырдың басынан Екінші дүние жүзілік соғысқа дейінгі уақытты қамтиды. Постмодернизм өнері Екінші дүние жүзілік соғыстан бүгінгі күнге дейінгі барлық көркем бағыттардың жиынтығын қамтиды. Модернизм мен постмодернизм көркем шығармашылығының мәні принципті айырмашылықты. Олардың ортақ тұстары модернизмнің жасампаздық табиғатын постмодернизмның өлі формалармен ойынына қарама-қарсы қойылуы.
Модернизмге бұрынғы өнерді қатты терістеу пафосы тән болғанмен, ол өзінше шығармашылық жұмыспен айналысты. Модильяни, Пикассо, Шенберг, Джойс, Шагал және т.с. авторлар қуаты классикалық өнер формаларын мирас етіп қабылдағанмен, дәуірдің өзіндік көркем бара-бар келбетін қалыптастыруға ұмтылды, ол болашаққа секіріс болды. Модернизм өзінің көркем рәмізін шындыққа қатынас жасап емес, ішкі көркемдік қорларын жинақтай отырып, тікелей құрады; қыруар, бірақ бұл түсініп жасалған талпыныстар нәтижесінде адам мен әлем арасындағы қатынастарға әкелді. Постмодернизм мұндай мақсат қоймайды. Постмодернизмнің көркем практикасы жаңа әлемді жасау емес, қазіргі заманғы жүйкесі тозған жүрек айны қайталау, ауру күйді жұрын-жұрқа, сынған, жұлынды формаларда көрсетеді. Модернизм тың және белгілі мөлшерде эпотажды жолдармен қандай да бір аяқталған және тұтас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа заман мәдениетіндегі ағартушылық
Адамзат тарихында ХХ ғасыр мәдениеті
Көркем мәдениет
Мәдениет ұғымы және оның мәні
ХІХ ҒАСЫР МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиет көрінісі
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея - жанның мәңгілігі
ХХ ғасыр мәдениеті дамуының негізгі тенденциялары
Әлемдік мәдениет тарихы
Ресейде жарық көретін Наука Сибири мерзімді басылымының 1990 жылғы
Пәндер